Өндірістік негізгі қорлар,оны тиімді пайдаланудың жолдары

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІАЛМАТЫ  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Өндірістік негізгі қорлар,оны тиімді пайдаланудың жолдары

 

 

 

Орындаған: Арда Аяулы

Топ: 5B050700-МН 2 год ТиПО

Тексерген: Төлегенов

 

 

 

 

Алматы 2013

 

ЖОСПАР:

 

 

          НЕГІЗГІ БӨЛІМ :

          

           1.Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы

           2.Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы

            3.Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау

           4.Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын есептеу

           5.Негізгі құралдарды  тиімді пайдалану  шаралары

 

        ҚОРЫТЫНДЫ

 

        ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

 

 

 

 

Кәсіпорынның  бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай  құралдардың  көзі ретінде  негізгі  қорларды жатқызуға  болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге  асырылуы  тек  қана  негізгі  қорлардың  іс  жүзінде ықпалыменен болады.

 Негізгі  қорлар – өндіріс процесіне  бірнеше рет қатысатын, өзінің   бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын  өндірістік қорлардың бір бөлігі 

 Экономикалық  әдебиеттерде негізгі өндірістік  қорлардың  анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған  нұсқаларын ұсынуға болады:

 Кәсіпорынның  негізгі өндірістік қорлары –  еңбек құралдарының құндылық  белгісі. Негізгі қорларды басты  белгісі сыртқы нысанын өзгертпейді  және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың  қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады.

 Кәсіпорынның  негізгі өндірістік қорлары –  бұл еңбек құралдары болып  табылады, олар  көптеген  өндірістік  циклдарда қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады[3, 142б].

 Негізгі  қорлар – еңбек құралдарының  құндылық сипаты болып табылады.  Негізгі  құралдардың  басты   белгісі  оның  өз  құнын  дайын  өнімге  біртіндеп   көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен тозу көлеміне  байланысты[4, 66б].

 Негізгі  қорлар – кәсіпорынның өндірістік  материалдық-техникалық базасы   болып  табылады.  Олардың   көлемі  кәсіпорынның   өндірістік   қуаты   мен   еңбектік  техникамен  қарулану  деңгейіне байланысты болады[5, 100б].

 Өндірістік  үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып  жүрген  топтастыруына  қарай   негізгі қорлардың құрамына өндірістік  және өндірістік  емес объектілер  кіреді.

 Өндірістік  бағыттағы негізгі қорларға:

 −    Өнеркәсіп,

 −    Құрылыс,

 −    Ауыл  шаруашылығы,

 −    Автомобиль көлігі,

 −    Байланыс,

 −    Сауда,

 −    Ғимараттар,

 −    Құрылыстар,

 −    Машиналар,

 −    Жабдықтар  мен  басқа   да еңбек құралдары жатады.

 Олар  өндіріс   процесіне  ұзақ  уақыт  қатысады.

 Өндірістік  емес қорларға:

 −    Тұрғын-үй,

 −    Коммуналдық шаруашылық,

 −    Денсаулық сақтау,

 −    Білім беру,

 −    Мәдениет,

 −    Спорт  салаларына  бөлінеді.

 Олар  өндірістік  процеске  тікелей  қатыспайды,  бірақ  олар  жұмысшы  күшін  ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама  әсер етеді[6, 43б].

 Өндіріс  процесіне қатысу дәрежесінде  негізгі қорлар активтік және  пассивтік болып бөлінеді.

 Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей  өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) мөлшері мен сапасына  ықпал етеді.

 Пассив  бөлігі  негізгі қордың ғимарат, құрылыс  және өндірістік процеске қажетті  жақтарын құрап, жағдай  жасайды

 Негізгі  қорлар алдына қойған мақсаты  мен атқаратын қызметіне қарай  мына топтардан  тұрады:

 −   Үйлер;

 −    Ғимараттар;

 −    Өткізбелік тетіктер;

 −    Күш машиналары;

 −    Жұмыс машиналары мен жабдықтар;

 −    Есептеуіш техникалары және олардың  бағдарламалық құралдары;

 −    Тасымалдау құралдары;

 −    Құрал-саймандар мен жабдықтар;

 −    Өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары;

 −    Өнім және жұмыс малдары;

 −    Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;

 −    Кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі  жер телімдері және басқа да  негізгі қорлар деп бөлінеді. [7, 25б]

 Басқа негізгі  қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт сөндіретін  шаруашылық құралдары  және т.б. кіреді[8, 64б].

 Негізгі  қорлар топтарының аталғандардың  барлығы өндірістегі және тиімділігін   көтеру маңызы әрқалай болады.  Негізгі қорлардың белсенді  бөлігі  өндірістегі  еңбектің  техникалық  қарулану  деңгейіне  тікелей байланысы бар, яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар және құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің сапасы  және көлеміне үлкен  әсерін тигізеді.

 Өндірістік  қорлардың басқа бөліктері өндіріс үрдісінде жанама қатысады (өткізбелік тетіктер), олар машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдалануда қажетті жағдайлар ұйымдастырады, себебі, машиналар өндіріс процесінің тірегі болып табылады. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базаның деңгейі негізгі қорлардың белсенді бөліктерінің саны мен сапасына қарай анықталынады.

 Меншіктік  қатынасына қарай қорлар өзіндік  және уақытша жалға алынған  болып бөлінеді. Өзіндік қорлар  кәсіпорынның меншігіндегі қорлары  болып табылады, ал жалға алынған  қорлар басқа кәсіпорындардың меншігіндегі қорлар болып есептелінеді және нақты кәсіпорын келісімшартқа сәйкес пайдаланады[9, 4б].

 Кәсіпорын   негізгі  өндірістік  қорлар  бойынша  шаруашылық айналымын   жүргізу үшін  мынадай  сатылардан  тұрады:

 −    Негізгі қордың тозуы;

 −    Амортизация;

 −    Негізгі қорды  толық  қалпына   келтіру  үшін  жинақталған  қаражаттар;

 −    Капитал салымдарын жүзеге асыру  жолдары.

 Кәсіпорынның  және басқа да  әр түрлі салалардың  негізгі қор құрылымы  мынадай  факторлармен  анықталады:

 −    Өндірілген өнімнің көлемі мен  сипаты,

 −    Өндірістің техникалық деңгейі,

 −    Мамандыру және т.б.

 Амортизация  – негізгі қорлардың  құнын   олардың көмегімен өндірілетін   тауарлар мен көрсетілетін қызметтер  есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі  қорлар  өндірістік  процесте:

 −    Натуралды;

 −    Ақшалай нысанда зерделенеді.

 Натуралды   нысандағы  құралдардың  есебі:

 −    Негізгі  қорлардың  техникалық  құрамын;

 −    Кәсіпорынның  өндірістік  қуаттылығын;

 −    Құрал-жабдықтарды  пайдалану  дәрежесін;

 −    Басқа  да мақсаттарды анықтау  үшін қажеттілік.

 Негізгі   қордың  ақшалай  нысандағы   есебі:

 −    Негізгі  қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;

 −    Амортизациялық  аударымдардың есебін;

 −    Дайын  өнімді  тасымалдау құнын;

 −    Капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтайтын  қажеттілік

 Негізгі  қорларға  жататын  негізгі   құралдар  пайдалану  дәрежесіне  қарай  келесі  негіздемелерге  бөлінеді:

 −    Пайдалану түріне;

 −    Запасты (резервті) құру түріне;

 −    Құрастыру, құрылу  кезеңдеріне,  қайта құрастыру, модернизация  және  бөлшекті  ликвидация  кезеңдеріне   қарай  бөлінеді.

 Объектілерге  құқықтық иемдену тәуелділігіне  қарай негізгі құралдар былайша  жіктеледі:

 −    Меншіктік құқығы негізінде ұйымға жататын негізгі құралдар объектілері (соның ішінде жалға өткізілгендер);

 −    Шаруашылық  жүргізу немесе басқарудың  меншіктік құқығы негізінде ұйымның  қарамағындағы негізгі құралдар  объектілері;

 −    Ұйымнан жалға алынған негізгі  құралдар объектілері

 Кәсіпорынның  өндірістік тиімділігі нарықтық  экономиканың негізгі категорияларының  бірі болып табылады. Өндірістің  экономикалық тиімділігі – бұл  екі өлшемнің жалпы түрдегі  өндірістің сандық көрсеткіштердің  қарым-қатынасы, яғни шаруашылық  өндіріс нәтижелері және өндіріс шығындары.

 Өндіріс  тиімділігін есептеп шығару үшін  кәсіпорын экономикасында келесі  формулалады қолданады:

 Негізгі   капитал рентабелділігі:

 П

 Р нк =                  х 100%                                                                           (1)

 К н

 Мұнда:

 П  –  таза пайда;

 К  н  –  негізгі капитал.

 Рентабелділікті  реттеудің экономикалық әдісмтемелерге  капитал рентабелділігі, өнімі рентабелділігі, активтердің рентабелділігі (қор  қайтарымы) жатады.

 Өзіндік   капитал рентабелділігі:

 П

 Р өк =                  х 100%                                                                           (2)

 К ө

 Мұнда:

 К  ө  –  өзіндік  капитал.

 Жалпы рентабелділік  пайданың негізгі өндірістік  және айналым қорларының орта  жылдық құнына қатынасын есептеледі:

 Жалпы рентабелділік:

 П б

 Р ж =                                                                                                           (3)

 НӨҚ +АӨҚ

 Мұнда:

 П б   − баланстық пайда, яғни қызмет  түрлері бойынша кәсіпорын байлансындағы  пайданың  жалпы сомасы;

 НӨҚ және  АӨҚ − негізгі өндірістік және  айналым қорларының орта жылдық  құны[12, 149б.].

 Кәсіпорынның  негізгі қорларының тиімділігін  көтеру барысында қорлардың қорқайтарымы  көрсеткіштерін есептейді.

 Қор қайтарымы:

Q

 Ф қ = –––––––                                                                                         (4)

 Ф орт

 Мұнда:

Q – өндірілген  өнім көлемі (ақшалай түрінде);

 Ф орт.  – негізгі өндірістік қордың  орташа жылдық құны.

 Бұл  формула  негізгі өндірістік қорларды  пайдалану деңгейін  талдау үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақтанғандығының  арасындағы өзара  байланысты  көрсетеді. Егер де еңбек қор  жарақтағанға  қарағанда  өндірімнің   қарқыны  өте  жоғары    өсетін  болса,  онда   бұл  өте  оңды   нұсқа   болып  есептеледі.  Өйткені,  осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымның  қарсы  көрсеткіші – өнімнің қор сыйымдылығы (Ф с). Бұл өнімнің өлшеміне  шаққандағы  негізгі   қордың  құнын  сипаттайды  (теңге).

 Қор сыйымдылығы:

 Ф орт.

 Ф с = ––––––                                                                                          (5)

Q

 Қор қайтарымы  көрсеткішінің артуы және өнімнің  қор сыйымдылығының төмендеуі  негізгі қорларды пайдалануды  жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді пайдалану қажет. Сонымен бірге, негізгі қорлардың қандай деңгейде пайдаланатынын, жалпы  және жеке көрсеткіштер арқылы  есептеп шығаруға, өзгерістердің  пайда болу себептерін зерделеуге, өнім өндірісінің көлеміне, басқа көрсеткіштерге негізгі қорлардың қаншалықты ықпал ететінін есептеуге, кәсіпорынның  және  құрал-жабдықтардың  өндірістік  қуаттылығының пайдалану дәрежесін зерттеуге, негізгі құралдардың тиімді пайдалану резервтерін  шығаруға  экономикалық  талдаулардың   тиімділігі  зор.

 Талдау  жасау   әдетте  негізгі  қорлардың  көлемін,  олардың  динамикасы мен құрылымын зерттеуден басталады. Біз айтып кеткендей, қорлар  өндірістік  және  өндірістік  емес  болып  бөлінеді.

 Кәсіпорындардағы  өндіріс тиімділігін жоғарылатудың  маңызды факторларының  бірі  – негізгі  қорлармен  қамтамасыз  етілуі,  олардың  керекті мөлшерде,  ассортиментте  және  толықтай пайдалануы күтіледі.

 Кәсіпорынның  өндірістік  қуатын  өндірістік   қорлар  анықтайды, әсіресе, белсенді  бөлігін (жұмыс машиналары мен  құрал-жабдықтар) және енжар бөлігін  де ерекшелеу керек. Сонымен бірге, бөлек топтарды өзіндік қызметі бойынша (өндірістік бағыттағы ғимарат, қоймалар, жұмыс машиналары мен күш машиналары, жабдықтар, өлшеуіш приборлар мен құралдар, көлік құралдары және т.б.) бөліп көрсетеді. Мұндай детализация құрылымды оптимизациялау негізінде пайдалану тиімділігін жоғарылату резервтерін шығарып көрсетуге қажет болады.

 Келесі талдау  жасаудың қадамы – кәсіпорынның  негізгі өндірістік қорлармен  қамтамасыз етілуі зерттеледі. Машиналардың  кейбір түрлерімен, механизмдерімен,  құрал-жабдықтармен,  ғимараттармен қамтамасыз  етілуі өнім  өндірісінің нақты көрсеткішінің және  жоспарлы  көрсеткішінің салыстыру қажеттілігімен орындалады.

 Келесі формуларда  кәсіпорынның қормен қамтылуын  есептеуге болады.

 Қормен қамтылу:

 Ф орт

 Ф қамт  = —————                                                                            (6)

S өнд

 Мұнда:

S өнд – өндірістік  алаң ауданы, га

 Қормен қарулануы  және техникалық қарулануы кәсіпорынның  негізгі өндірістік  қорларының  деңгейін, жалпы өнімі көрсеткіштерін қамтамасыз етілуі  еңбектің  қормен қарулануы мен техникалық қарулануы болып табылады. Жалпы еңбектің қормен қарулануы орташа жылдық өндірістік қорлардың құндылығының ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санына  қатынасы  болып  есептелінеді.

 Еңбектің  техникалық  қарулану деңгейі  өндірістік жабдықтардың ең көп  ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар  санының қатынасымен анықталынады. Оның өсу қадамы еңбектің өнімділігінің   жоғарылауымен сәйкес болады. Еңбек   өнімділігінің өсімі еңбектің  техникалық  қаруланумен салыстырғанда ілгерілеу қозғалуы кәсіпорын  үшін  тиімді болып есептелінеді.

 Қормен қарулануы:

 Ф орт.

 Ф қ.қ. = –––––––                                                                                     (7)

 Ж өөп

 Мұнда:

 Ж өөп  – өнеркәсіптік-өндірістік персоналдардың саны.

 Негізгі  өндірістік қорларды пайдалану  тиімділігін жоғарылатуға бағытталған  нақты жобаларды жасап шығаруды  ұйымдастыру үшін соңғы жылдарда   қандай   деңгейде   пайдаланғаны  туралы  толық  талдаулар жасалуы  қажеттілігін туғызады. Осы үрдіс кезеңінде өндірістік қорларды пайдаланудағы кемшіліктерді тауып, оларды шешу жолдарын анықтау қажеттілігі пайда болады.  Келесі формулада кәсіпорындардың негізгі қорларды тиімді пайдалану барысында инстенсивті коэффициентін есептеп шығарады.

 Интенсивті  коэффициент:

 Ө ф

 К инт. = ––––––                                                                                      (8)

 Ө м

 Мұнда:

 Ө ф   және Ө м – құрал-жабдықтың  фактілі және мөлшерлі өнімділігі.

 Келесі формуламызға  қарап, кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалануда өндірілетін өнімнің санына, көлеміне байланысты экстенсивті коэффициентті қолданады.

 Экстенсивті  коэффициент:

 Т ф

 К экс  = ––––––;                                                                                 (9)

 Т к

 Т ф

 К экст = ––––––.                                                                                 (10)

 Т п

 Мұнда:

 Т ф –  құрал-жабдықтың фактілі жұмыс  істеу уақытының қоры;

 Т к және  Т п – құрал-жабдықтың календарлы  және жоспарлы (тиімді) жұмыс істеу уақытының қоры.

 Кәсіпорынның  интенсивті және экстенсивті  коэффициенттерімен есептелген  нәтижелерін келесі формуланы  пайдаланып, интегралды коэффициентті  шығара аламыз.

 Интегралды  коэффициент:

 

К и = К экст.  х К инт.                                                                             (11)

 

Талдау жасау  барысында негізгі қорлардың  құрамы мен құрылымы анықталып, олардың  тозу деңгейін, пайдалану тиімділігін  ашып көрсетіледі.

 Негізгі  өндірістік қорлардың нәтижелілігін  арттырудың аса маңызды факторларының  бірі – жабдықтардың  пайдалануын  жақсарту. Ол үшін олардың  жұмыссыз  тұрып  қалуын  азайту,  ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен  қол жетеді[12, 197б].

 Негізгі  қорларды пайдалану мерзімі (қызмет  ету мерзімі) өндірістік процесс  барысында  техникалық  прогресс  жағынан  да, негізгі қорлардың жаңа түрлерін жасауға кететін тиімділігі жоғары капитал салымдарын пайдалану жағынан да маңызы зор болады.

 Негізгі  қорларды және айналым қорларды  үнемді, әрі рационалды пайдалану   әрбір  кәсіпорынның  басты  міндеттердің  біріне  жатады. Әрине,  кез  келген  кәсіпорынның  қалыпты  жағдайда  қызметі  үшін негізгі құралдармен бірге айналым құралдары қажет болады, олар ақша құралдары  ретінде  қолданылып,  негізгі  қорларды  және  айналым  қорларды сатып алуға кетеді. Кез келген кәсіпорынның басты міндеттердің бірі – жалпы қоғамдық өндірістің сапасы мен тиімділігін жоғарылату және капитал алымдары мен негізгі  қорларды  қайтарымын  үлкен  көлемде  ұлғайту,  себебі,  олар  елдің өндірістік  күштердің  құрама  бөлігі,  материалдық  базасы  болып  табылады.

 Негізгі  құралдарының сандық өсімі мен  сапалық жақсару ғылыми-техникалық  прогрестің негізінде құралған  болса, онда ол еңбек өнімділігінің  жоғары қарай өсуінің шешуші  қадамы ретінде есептеуге болады.

 Негізгі   құралдардың  құрылымы  бойынша   барлық  негізгі  қорлардың  жалпы  құндылығының  үлес  салмағы  ретінде  анықталынады.

 Негізгі қорлардың сыныптамасы, құрамы мен құрылымы бойынша талдап, олардың жұмыс істеуге жарайтын қалыпта сақтау және тиімді пайдалануын қарастырамыз.

 

Негізгі құралдарды  тиімді пайдалану  шаралары

Өнеркәсіптің  дамуының маңызды мақсаттарының  бірі  ең алдымен оның тиімділігін  көтеру  және шаруашылықтың ішкі резервтерін толығымен пайдалану есебінен өндірісті қамтамасыз ету. Ол үшін негізгі өндірістік қорлар  тиімдірірек пайдалану керек.

Өнеркәсіп  өнімінің өндірісінің көлемін ұлғайту  келесілер есебінен жеткізіледі:

1. негізгі қорларды  іске қосу;

2. пайдаланылып  жатқан негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсарту.

Өнеркәсіптің, олардың салаларының және кәсіпорындардың  негізгі қорлардың өсуі  жаңадан  құрылыстар арқылы қол жеткізіледі, және сонымен бірге қайта құрастыру  және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды кеңейту  арқылы жүзеге асады. Жалпы өнеркәсіпте  өнім өндірісінің  өсімін  жыл сайын жаңадан іске қосылатын  қорлардан артық болатын жұмыс істеп жатқан негізгі өндірістік қорлар арқылы алуға болады.

Негізгі өндірістік қорларды  пайдалану  деңгейін анықтау  үшін  өндірілген өнімнің натуралды және құндылық (ақшалай) бірліктерде    және уақыт бірліктерінде қолданылады.  Өндірістік күш-құатты  пайдалануын есептеу үшін   өнім өндірісінің  көлемінің  тек натуарлды көрсеткіштері пайдаланылады.  Негізгі қорларды пайдаланудың натуралды бірліктері  ең алдымен  салыстырмалы бір типтік  өнім  өндірілетін өнеркәсіп өндірісінің салаларының кәсіпорындарында пайдаланылады.  Өндірістік  күш-құаттарды жоспарлау және қазіргі жағдайларын талдау барысында  қолданылатын, жабдықтардың балансын құрастыру барысында және т.с.с . негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың  натуралдық  көрсеткіштері    дегенмен  кәсіпорынның, саланың, жалпы өнеркәсіптің негізгі  өндірістік қорлардың жалпы жиынтығын тиімді пайдаланудың жалпы сипаттамасын көрсетпейді.

 Шаруашылық  қызметті жалпы талдау үшін , күрделі  салымдарды жоспарлау үшін, өнеркәсіптің  барлық звеноларының негізгі  қорларын   және өндірістік  күш-құатты іске қосу үшін өндірістің  тиімділігі көрсеткіші, негізгі  қорлардың бірлігіне  есептегенде  өнім өндірісі  -  қорқайтарымы көрсеткіші деп аталатын  маңыздылығын алуда. Сонымен бірге қорқайтарымының кері көрсеткіші – қорсыйымдылығы көрсеткіші пайдаланылады.  Қорқайтарымның  көрсеткішін анықтау барысында құндылық   және натуралдық өлшемдер бірліктері қолданылады.

Негізгі қорлардың  неғұрлым толық пайдалануы  өндіріс  көлемінің өзгеруі барысында  өндірістік күш-құаттардың жаңасын  іске қосу қажеттіліктерді төмендетуге  әкеледі,  сәйкесті  кәсіпорынның пайдасын тиімді пайдалануына жеткізеді(тұтыну қорына пайдадан салымдардың үйлесін көбейтуге, тұтыну қордың жоғары  бөлігін технологиялық  үрдісті механикаландыруға және автоматтандыруға бағыттауға және т.с.с. ).

Негізгі қорларды  пайдалануды жақсарту сонымен бірге  олардың айналымдарын жеделдету  деп саналады.  Бұл  физикалық және моралдық тозу мерзімдерінде айырмашылықты қысқарту мәселелрді шешуге ықпалдасады, негізгі қорлардың қарқынын жеделдетуге мүмкіндікті  туғызады.  Негізгі қорларды тиімді пайдалану  қазіргі уақыттың экономикалық реформалардың тағыда басқа басты мақсатпенен тығыз байланысты - өндірілетін өнімнің сапасын жоғарлату, өйткені нарықтық бәсеке жағдайында  жоғары сапалы өнім жедел өткізіледі және жоғары сұранысқа иеленеді.

Жұмыс істеп  жатқан негізгі қорларды және өнеркәсіп  кәсіпорындардың өндірістік құаттарын және соның ішінде  жаңадан іске қосылғандардың пайдалануын  жақсарту келесі есебінен жеткізілу мүмкін:

-өндірістік  күш-құаттарды және негізгі қорларды  пайдалану интенсивтілігін жоғарлату;

-оларды толтыру  экстенсивтілігін жоғарлату. Өндірістік  күш-құаттарды және негізгі қорларды анағұрлым интенсивті пайдалану ең алдымен  соңғыларды техникалық  жетілдіру есебінен жеткізіледі.

 Өнеркәсіп  кәсіпорындардың тәжірибесі жабдықтардың  бірлігінің күш-құатын көбейту  үрдісі қалыптасқанын көрсетеді:

 -станоктарда, машиналарда және агрегаттарда ең жауапты  бөлшектер мен тораптар нығайтылады;

-өндірістік  үрдістердің негізігі көрсеткіштері  жоғартылады(жылдамдық, қысым, температура).

-тек  негізгі  өндірістік үрдістер мен операциялар  механикаландырылып және автоматтандырылып қана қоймайды, сонымен бірге  көп жағдайда өндіріс барысын және жабдықтарды пайдалануды баяулататын қосалқы және көліктік операциялар да осындай үрдістерге ұшырайды.  Ескірген машиналар модернизацияланады және анғұрлым жетік жаңаларменен ауыстырылады.

Негізгі қорларды қарқынды пайдалану  технологиялық  үрдісті жетілдіру жолымен жоғарлайды;  бір текті өнімнің өндірісінің  оптималды шоғырлану базасында  өндірістің үздіксіз ағынын ұйымдастыру, оны  өндірілетін өнімнің сапасы және берілген технологияның талаптарына сәйкес дайындау;  кәсіпорындардың, цехтардың және өндірістік учаскелерідің, басқа да біраз шараларды жұргізу  жұмысының  бірқалыпты, жұмысының ырғақтығын қамтамасыз ету.  Өз кезегінде бұл  еңбек заттарын  өңдей қарқынын, жылдамдағын көбейтуге және уақыттың бірлігіне, жабдықтардың  бірлігіне немесе өндірістік алаңның 1 шаршы метіріне  өнім өндірісін көбейтуді қамтамасыз етеді.

Жұмыс жасайтын кәсіпорындардың  негізгі қорларын  қарқынды пайдалану жолы олардың  техникалық қайта жарақтануды, негізігі қорларды жаңарту қарқынын көбейтуді еңгізеді.  Өнеркәсіптің біраз салаларының  жұмыс жасау тәжірибесі  жұмыс істеп жатқан фабрикалар мен зауаттардың  техникалық қайта жабдықтауды көрсетеді.  Әсіресе бұл негізігі  қорлардың   анағұрлым тозу жағдайында кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Негізгі қорларды пайдалану экстенсивтіілігін жақсарту  бір жағынан  күнтізбелік кезеңде (ауысым, тәүлік, ай, тоқсан жыл барысында) жұмыс істеп жатқан жабдықтардың жұмыс уақытын ұлғайтуды көздейді, ал екінші жағынан  кәсіпорында және оның өндірістік звеносында бар жалпы жабдықтардың құрамында  жұмыс істеп жатқан жабдықтардың  санын және үлес салмағын  көбейтуді көздейді.

Жабдықтардың  жұмыс уақытын көбейту  келесі есебінен қол жеткізіледі:

Әр бір өндірістік бөлімінде   жабдықтардың  белгілі бір топтарының өндірістік күш-құаттар арасындағы пропорцияларды  қолдау , кәсіпорынның  цехтары арасында,  өнеркәсіптің әр бір саласының ішінде белгілі бір өндірістердің арасында, өнеркәсіптің салаларының дамуының қарқындары мен пропорциялары арасында және жалпы халық шаруашылық бойынша пропорцияларды  қолдау;

Негізгі қорларды күтіп пайдалануды жақсарту, пайдаланылатын  өндіріс технологиясын ұстану,  жабдықтарды дұрыс пайдалануға  ықпалдасатын өндірісті және еңбекті  ұйымдастыруды жетілдіру,  тұрып  қалғанды  және бұзылғанды болдыртпай алдын алу, жабдықтардың жөндеумен байланысқан тұрып қалғандарын  қысқартатын  және жендеу арасындағы кезеңді ұлғайтатын  өз уақытында және сапалы жөндеуді жүзеге асыру;

Жұмыс уақыттың шығындарында  негізгі өндірістік операциялардың үлес салмағын  көбейтетін шараларды  жүзеге асыру, өнеркәсіптің біраз  салаларының  кәсіпорындардың жұмысында  мауысымдылықты  қысқарту, кәсіпорынның жұмысынынң ауысымдылығын көтеру;

Жабдықтарды жөндеу  қызметінің сапасын көтеру жолмен жабдықтардың  ауысым ішіндегі жұмыссыз тұрып  қалған уақыты қысқарту және мүлдем жою, жұмысшы күшпен, шикі затпен, жағар-жанар маймен, жартылай фабрикаттармен   негізгі өндірісті  өз уақытында  қамтамасыз ету;

Жабдықтардың  бір тәулік бойы  жұмыссыз тұрып  қалғанын қысқарту, оның жұмысының  ауысымдылық  коэффициентін көтеру.

Кәсіпорындарда  жұмыс істеп тұрған станоктар, машиналар  және агрегаттардан басқа жабдықтардың белгілі бір  бөлігі  жөндеуде және резервтерде болады, ал тағы бір  бөлігі – қоймаларда. Орнатылмаған жабдықтардың  өз уақытында жасалған монтажы, және сонымен бірге  жоспарлы жөндеуде және резервте  тұрғанғандарды есептемегенде   барлық орнатылған жабдықтарды  іске қосу негізгі қорларды  пайдалануды жақсартаты.

Жабдықтардың  жұмысының  ауысымдылық коэффициентін көбейту мақсатты шешу барысында ең алдымен көптеген кәсіпорындарда  ең  алдымен жұмысшы күштің жетіспеушілігінен  пайдаланылатын негізгі жабдықтар  толығымен қолданыста жоқ екенін естен шығармау  керек.

Негізгі өндірістік қорларды, өндірістік күш-құаттарыды  пайдалануын жақсарту және еңбек өнімділігін  өсірудің мәселелерін  табысты шешуіне  ірі өндірістік  бірлестіктерді ұйымдастыру үлкен әсер береді.  Сонымен бірге  жұмыс істеп тұрған  кәсіпорындардың  өндірістің мамандандырылуына және техникалық қайта жарақтануына  үлкен көңіл аударылады,  олардың  мамандануына тән емес өнімнен бас тарту,   ірі  индустриалды  орталықтарға тартылатын, жұмысшы күштің  резервтері қалыптасатын  кішігірім және орташа қалаларда мамандандырылған  өнеркәсіп объектілерін  құрастыру.

Жұмыс істеп  жатқан кәсіпорындарда  мамандандырылуын дамытуға  бағытты жүзеге асыру  барысында  бұл оның өндірістік құрылымын  қарапайымдатады,  қосалқы және қызмет көрсету  бөлімшелер есебінен  жұмысшы  күшті босатады, сонымен  негізгі  цехтардың екінші ауысымдарын  қалыптастырады және ауысымдылық  коэффициентін  көтереді.

Ауысымдылықты  көтерудің маңызды жағдайының бірі өндірістік  үрдістерді  механикаландыру  және автоматтандыру  болып табылады, және ең бірішінден  қосалқы өндірістерде,  өйткені  бұл  механикаландырылмаған ауыр жұмыстардан адамдарды екінші ауысымдағы  квалификацияланған жұмыстарға  ауыстыруға мүмкіндік жасайды.

Көтеру-тасымалдау, жүкті тиеу және түсіру және қоймадағы  жұмыстарды  механикаландыру қарқынын жеделдету  өнеркәсіп  кәсіпорындарда  негізгі және қосалқы өндірісті механикаландыру деңгейінде орын алатын диспропорцияларды  жою үшін,  қосалқы жұмыстардың  біраз көлемін  босатуда, жұмысшы күштермен негізгі цехтарды толықтыруды қамтамасыз етету үшін, жұмыс күшін қосымша тартусыз жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарда  өндірісті кеңейту және кәсіпорындардың жұмыстарының  ауысымдылық коэффициентін көбейтуде негіз болып табылады. Жұмысшы күште тапшылықты сезінетін ірі  қалаларда  жабдықтарды қайта құрастыру, кеңейту,  өндірісті механикаландыру  және автоматтандыру,  өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру  жолымен  кәсіпорындарда  жұмыс жасайтын негізгі қорларды пайдалануын жақсартуда мәселені шешуде  өте маңызды рөлды алады.

Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін  көтерудің маңызды жолы бұл  жабдықтардың артық санын  азайту және орнатылмаған жабдықтарды жедел түрде іске қосу болып табылады.  Еңбек құралдарының көп санынын жұмыс істемей тұрғаны өндірісті өсіруге мүмкіндікті азайтады,  физикалық тозуына байланысты өнімде затталған  еңбектің тікелей жоғалтуларына әкеліп соқтырады, өйткені  ұзақ уақыт бойы сақталынып тұрған жабдықтар іске қосуға жарамсыз болып қалады.  Жақсы физикалық жағдайда тұрған басқа жабдықтар моралдық тозған болып шығуы мүмкін және олар физикалық тозған ретінде есептен шығарылады.

Өндірістік негізгі қорлар,оны тиімді пайдаланудың жолдары