Некені бұзу шарттары

  Кіріспе

 

Заңдық мағынасында  отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып абылады.

Неке –  отбасын құрудың негізі болып  табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен  тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің  арасындағы тең құқықтық одақты –  неке деп түсінуіміз қажет.

Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен  әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп  айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге  тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы.

Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық  қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы  қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу). Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей – тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылық – некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.

 

 

 

                               

                               

                            Некені сот тәртібімен бұзу

 

Ерлі –  зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық  қатынастарының тоқтатылуын некенің  тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда  айқындалған білгілі бір оқиғалардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.

Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:

  1. ерінің қайтыс болуы;
  2. соттың ерлі – зайыптылардың біреуін ӛлді деп жариялауы;
  3. некенің бұзылуы (ажырасу).

 

Некенің тоқтату  негіздерінің тізімі толық боып табылады.

Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.

Соттың  азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат тұрақты  тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер болмаса, егер ол өлім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар – ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.

Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде  қайтыс болды деп жарияланған  адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.

Ерлі –  зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады.

Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары  немесе сотта заңда белгіленген  тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.

Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың  біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді.

Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы  қажет:

  1. АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
  2. кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
  3. бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.

 

Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды.

Ерлі –  зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді.

АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде  ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.

Ол мынадай  жағдайларда іске асырылады:

    1. ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;
    2. ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;
    3. егер ерлі – зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса, т.б.;
    4. ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.

Некелік одақтың тұрақты  болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады.

Егер сот неке біржолата  бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға  қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді.

Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің  бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады.

Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке  толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жӛнінде  келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата  – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды».

Айырылысатын  жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі.

Сот тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.

Жоғарыда  айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде  ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі  жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен - өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады.

Некенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру құқығын туғызады.

Ажырасу жолымен  некенің бұзылуы ата – аналарының балаларына қатысты құқықтары мен  міндеттерін тоқтата алмайды.

ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 мамырдағы №620 қаулысымен бекітіл-ген, Қазақстан Республикасының  «Азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы» ереженің 68-тармағына  сәйкес, некесін тіркеуге ниет білдіруші азаматтар өздерінің тұрғылықты жерінде немесе ата-аналарының тұр-ғылықты   жеріндегі АХАЖ органына арыз береді. Ереженің 78-тармағына сәйкес, некені қию АХАЖ органына арыз бергеннен кейін бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда АХАЖ органы некені бір ай мерзім өткенге дейін қиюға, сондай-ақ, бұл мерзімді әрі кеткенде бір айға дейін ұзартуға рұқсат бере алады. Мерзімді қысқартудың уақыты әрбір жеке жағдайда нақты мән-жайларға байланысты анықталады. Ерекше мән-жайлар, яғни, жүктілік, баланың туылуы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа ерекше жағдайларға байланысты неке арыз берілген күні қиылуы мүмкін. «Неке және отбасы туралы» заңының 10-бабына сәйкес, неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жас болып бел-гіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда (жүктілік, т.б.) мемлекеттік тіркеу АХАЖ органы неке жасын 2 жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын тӛмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары не қорғаншылары негізгі себептерді көрсете отырып бере алады. Сонымен қатар, неке жасына тол-маған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі. Некеге тұруға тілекті адамдар некесін тіркеу арыздарын беруі кезінде азаматтық хал актілерін жазу органдарына жеке басын куәландыратын құжаттарды, неке қиюға ниет білдіргендердің біреуі азаматтарды тіркеу кітабын, мемлекеттік баж төленген түбіртегін тапсыруы қажет. Сонымен қатар, ата-аналарының немесе олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша АХАЖ органына некеге тұруға арыз берген жағдайда осы жерге тіркелгендігі туралы құжаттар ұсынылуы тиіс. Бұрын некеде тұрған тұлғалар некесінің бұзылғандығын растайтын құжат көрсетуі тиіс. Бұл – неке бұзу туралы куәлік, ері (зайыбы) қайтыс болғаны жөніндегі куәлік немесе некенің заңсыздығын растайтын соттың шешімі. Ереженің 84-тармағына сәйкес, некені тіркеу тек некеге тұрушы адамдардың қатысуымен ғана жүргізіледі, яғни, өкіл арқылы неке қиюға рұқсат етілмейді. Ереженің 76-тармағына сәйкес, некені тіркеу уақытын белгілеу кезінде АХАЖ органы некеге тұрушылардан олардың некені салтанатты жағдайда тіркеуді қалайтынын немесе қаламайтынын анықтауы тиіс. Некені салтанатты жағ-дайда тіркеу тек некеге тұрушы адамдардың келісімі болғанда ғана Неке сарайының, АХАЖ органының үй-жайында, сондай-ақ, АХАЖ органы мен некеге тұрушылардың келісімі бойынша басқа орында неке қию рәсімі сақтала отырып жүргізіледі. Некені тіркеу некеге тұрушылардың тілегі бой-ынша туыстарының және куәлардың қатысуымен жүргізіледі. Некені қию туралы акт жазуына қол қоюшы куәлардың саны екі адамнан аспауы тиіс. Сотталған адамдардың некесі жазасын өтеп жүрген еңбек не түзеу коло-ниясында тіркеледі.

Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңына және "Азаматтық  хал-ахуалды тіркеу тәртібі туралы" Ережеге сәйкес неке ерлі-зайыптылардың  біреуінің ӛтініші бойынша бұзылуы  мүмкін.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы  № 620 қаулысымен бекітілген, Қазақстан  Республикасындағы азаматтық хал-актілерін  тіркеу тәртібі туралы ережеге келсек, ажырасуға келісім жазбаша түрде (өтініш беру) азаматтық хал актілерін жазу органдарына беріледі. Егер де ажырасу жөніндегі өтініш органдарында қарастырылуы тиіс болса, онда ол ерлі-зайыптылардың АХАЖ органының мекен-жайы немесе некенің мемлекеттік тіркеу мекен-жайы бойынша қарастырылады.

Ерлі-зайыптылардың арасында жалпы дүниемүлкін бөлу, мүгедек жұбайын асырауға қаржы төлеу сияқты туатын таластар азаматтық хал актілерін жазу органдарында ажырасқанына қарамастан, сот тәртібі бойынша қарастырылады. Сот тәртібі бойынша некенің бұзылуы ерлі-зайыптылармен ажырасу жөнінде өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүзеге асырылады.

 

 

Кәмелетке толмаған балалары жоқ, ерлі-зайыптылардың  келісімі бойынша некенің АХАЖ органдарында бұзылуы 

Кәмелетке толмаған балалары жоқ, ерлі-зайыптылардың  келісімі бойынша некенің АХАЖ органдарында бұзылуы ерлі-зайыптылардың некені бұзу туралы бірлескен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Некені бұзу туралы өтінішінде ерлі-зайыптылар (неке бұздың жазу актілеріндгі қолдарымен) некені бұзуға келісімі мен он сегіз жасқа толмаған балаларының жоқ екенін растайды.

 Кәмелетке толмаған балалары бар, ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша некенің АХАЖ органдарында бұзылуы

Егер:

  1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары, туған не бірлесіп асырап алған балалары болса онда неке сот тәртібі бойынша бұзылады
  2. Жұбайының біреуінде әуелгі некеден кәмелетке толмаған балалары болса және оларды жұбайының біреуі бауырына салса
  3. Некені бұзуға келісім берген ерлі-зайыптылардың арасында олардың ортақ меншігі болып табылатын мүлікті бөлу, мүгедек жұбайына төлемақы төлеу жөнінде таластар пайда болса, онда неке бұзу мәселесі сот тарапынан қарастырылады.
  4. Ерлі-зайыптылардың біреуі қарсы болмауына қарамастан, өзінің әрекеттілігімен не әрекетсіздігімен АХАЖ органдарында некені бұзуға бас тартса, (тиісті өтінішті ұсынуға бас тартса, немесе өтінішті беріп, ажырасуды тіркеуге келмесе, бұл ретте оның жоқ болуы кезінде неке бұзуды тіркеуге өтінім бермесе) немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің тұрғылықты мекен-жайы белгісіз болғанда неке сот тәртібі бойынша бұзылады.

 

Ерлі-зайыптылардың  біреуінің өтініші бойынша некенің  бұзылуы 

Егер:

  1. Сот арқылы еш хабарсыз болып танылса;
  2. Сотпен ақылының кемдігінен қабілетсіз болып танылса;
  3. Қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан үш жылдан кем емес мерзімге дейін сотталса;
  4. Ерлі-зайыптылардың біреуі заңмен белгіленген тәртіп бойынша хабарсыз кеткен болып танылса, қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан үш жылдан кем емес мерзімге дейін сотталса.

 

Хабарсыз  кеткен, қабілетсіз немесе сотталған  тұлғаның некесін бұзу

Некені бұзу туралы өтінішке сотпен ақылының кемдігінен қабілетсіздігін дәлелдейтін заңды күшке енген сот шешімінің үзіндісі немесе көшірмесі қоса беріледі. Ерлі-зайыптылардың біреуін қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан үш жылдан кем емес мерзімге дейін сотталғанын дәлелдейтін заңды күшке енген сот шешімінің үзіндісі немесе көшірмесі сонымен қатар неке туралы куәлігінің көшірмесі беріледі. Егер сотталған ерлі-зайыптылардың біреуі не қабілетсіз жұбайының жебеушісі балалар туралы, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі мүлкі туралы не қабілетсіз жұбайларының біреуіне төлемақы төлеу туралы талас туғызса, онда неке сот тәртібі бойынша бұзылады.

Шетел азаматтарымен некенің бұзылуы  және Қазақстан Республикасында  шетел азаматтары арасындағы некенің  бұзылуы 

Қазақстан Республикасының территориясынан  тыс жерлерде тұратын Қазақстан  Республикасының азаматы Қазақстан  Республикасының территориясынан  тыс жерде тұратын жұбайымен  азаматтығына қарамастан, Қазақстан  Республикасының сотымен некені бұзуға толық құқығы бар. Қазақстан  Республикасының азаматтары арасында және шетел азаматтарымен немесе азаматтығы жоқ тұлғалармен Қазақстан  Республикасының территориясынан  тыс жерлерде тиісті шетел мемлекетінің заңын сақтауымен некенің бұзылуы  Қазақстан Республикасында заңды  болып табылады.

Некені  бұзу үшін қажетті құжаттар

 Өтініш;

 Неке туралы куәлік;

 Мемлекет салығы Халық банкі бөлімдеріне төленеді:

 Өзара келісім бойынша – 2.184 тг. (200% АЕК);

 Сот шешімімен – 1638 тг. (150% АЕК);

 Хабарсыз кеткен, мүмкіндігі шектеулі немесе бас бостандығынан айырылған орындарда болған жағдайда – 109, 20 тг. (10% АЕК).

 

Мемлекет  салығы ерлі-зайыптылармен сот шешіміне сәйкес төленеді:

 Егер мемлекет салығын төлеу сот тарапынан ерлі-зайыптылардың екеуіне де міндеттелсе, онда неке бұзу тіркеуі кез келгеннің өтініші бойынша жүзеге асырылады бірақ некені бұзу куәлігі тек қана мемлекет салығын

төлеген ерлі-зайыптылардың біреуіне төленеді. Ерлі-зайыптылардың екіншісіне некені бұзу туралы куәлігі мемлекет салығын төлегеннен кейін және түбіртекті ұсынғаннан кейін беріледі.

 Ерлі-зайыптылардың  біреуі мемлекет салығының бекітілген сомасын төлеген жағдайда немесе оны төлеуден босатылса, некені бұзу тіркеуі мемлекет салығын ерлі-зайыптылардың төлеуіне қарамастан жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         

                               Неке отбасы құқықтарын қорғау

 

Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындаңы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынстардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондақтан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармақ – арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).

Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негіздеген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары; бір  жағдайда ортақ атасы - әкесі, ал енді бір жағдайда – атасы болып табылатын көкесі мен жиені.

Мысалы, азаматтық  құқықта заң бойынша мүлікке  мұрагерлік етуде жақын, сондай –  ақ алыс туысқан да есепке алынады. Бүгінгі күнгі мұрагерлердің  алты кезектілігі анықталған. Оларға: балалары, ерлі – зайыптылар мен  ата – аналарынан басқа (бірінші  кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толық туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай – ақ оның әкесі жағынан  және шешесі жағынан келетін атасы  мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтәлері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде ое жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары, өгей әкесі мен шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады. Туған ағалары мен қарындастары толық туыс және толық емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар – бір ортақ ата – анадан тарайтын аға – іні, апа – қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні – қарындастары толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері басқа болса, оларды бір кіндіктен тарағандар (яғни, бір анадан туғандар) деп атайды. Егер олардың әкесі бір, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар деп атайды. Қазақстанның отбасылық заңнамасы құқықтық жағынан ағасына іні – қарындастарды толық туыс не толық емес туыс деп айырмайды.

Толық емес туыс аға – қарындастарды ерлі – зайыптылардың бұрынғы некелерінен  немесе некеден тыс туған туыс аға – қарындастарымен шатастыруға  болмайды. Олардың ортақ әкелері  де шешелері де жоқ, демек, олар туыс емес, сүйек жақындар деп танылады. Ері  мен оның тусытары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары – екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке – шешесі және өгей ер бала мен қыз да сүйек жақындар деп есептеледі.

Отбасының толық және толық емес түрлері  болады. Толық отбасында ата –  анасы, балалары және әдетте, әкесі  жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері – атасы мен әжесі болады.

Толық емес отбасы балалардың ата – анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата – аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата – анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі – зайыптыны бағып – қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі – зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекетарқыы қорғалады.

Неке мен  отбасын қорғау екі түрде жүзеге асрылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде – отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жӛніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер органдары.

Екінші түрі – отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың азаматтар мен ұйымдардың іс - әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей – ақ өздері іске асырады. Мұндай іс - әрекеттерді – құқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата – анасы тәртіп бұзушы баланың ата – анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жаайды және т.б.

Сот арқылы қорғау – отбасы құқығын қорғаудың  бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар - әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балалары есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай – ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.

Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай – ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі – зайыптық қатынстар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру бегілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады.

Қазақстанда мемекеттік АХАТ органында тіркелген  неке ғана танылады.

Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай  азаматтардың құқығын шектеудің  кез келген түрлеріне тыйым салынады.

Ерлі –  зайыптылар қатынастарына туыстарының  араласуына жол берілмейді.

Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады.

Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда да ата – анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі күәмнсіз.

Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір  рухани және күш – қуат кемелділігіне  ие болуы керек, ол белгілі бір  жаспен байланысты. Біздің заңымызға  сәйкес неке жасы – 18 жас.

АХАТ органдары  дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Соның өзінде басқа да длелді себептердің болуы мүмкін.

Некеге тұратын  адамдар медециналық, сондай – ақ медециналық – генетикалық мәселелер  және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медециналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.

Болашақ ерлі – зайыптылар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде млімдеуі керек. Ал олардың біреуі АХАТ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек? Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді.

Некеге тұратын  адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілер арқылы қиюға тыйым салынады.

Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік  тіркеу АХАТ – та емес, бас бостандығын  айыру орнында немесе қамауда  отырған жерде жүргізіледі.

Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі – зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс - әрекетке қабілетсіздігі, сондай – ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.

                                    

                                    Некелік шарт

 

Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым.

Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін  айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша  жасалуы және нотариуспен куәландырылуы  қажет.

Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек.

Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай –  ақ некеде тұрған кез келген уақытта  жасасуға болады. Некелік шарттың  субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен  қалыңдық). Ерлі – зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды.

Некеге тұратын  кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі  адамдар) ата – аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз.

Некелік шарт жасасу – некені тіркеу үшін қажетті  шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі – зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.

Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады:

 адамдардың  неке немесе туыстық негізде  бірігуі; 

 өзара имандылық және материалдық қолдау;

 бала  туу және оларды тәрбиелеу; 

 өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар.

Некені бұзу шарттары