өнеркәсіп кәсіпорында бухгалтерлік есеп

КІРІСПЕ

       Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу  ретінде) дүниежүзіндегі кез-келген      бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.

     Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:

    1. есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;

    2. оның қарапайым және арзан  болуына қол жеткізу;

    3. шаруашылық өміріндегі деректер  жөнінде дер кезінде ақпарат  алу. 

     Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді.Сондықтан әрдайым кейбіреулердің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза болмауының себебі осында.

     Есеп қашан пайда болғанын тура тауып айту мүмкін емес.Оның пайда болуының алғы шарты-адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы.

     Бухгалтерлік есептің пайда болып, қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

  • Ежелгі дүние.
  • Ортағасырлық.
  • Ғылымның пайда болуы. XIXғ. екінші жартысы.
  • XXғ.-бухгалтерлік есептің үдемелі (интенсивті) дамуы.
  • Есеп және оның техникасы қашан да оның есептік регистрлерінің түрлеріне байланысты.

  Нарықтық қатынастардың қазіргі жағдайларында бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты әр түрлі деңгейіндегі басқару шешімдерін әзірлеу, негіздеу, қабылдауға бәсекелес-субьектіні айқындауға және тағы басқаларға қажет субьектінің шаруашылық және қаржылық қызметі туралы сапалы және дер кезіндегі ақпаратты қалыптастыру болып табылады.

 Бухгалтерлік  есеп көптеген жылдар бойы  басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге үшырап келе жатқан, сондай-ақ емірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылды.

     Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.

      Бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып отыр.

     Олай  болса, кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің өз принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан — бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы байқап қарасақ, бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады.

     Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стаңдарттарында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принципі анықталған:

  • есептеу;
  • үздіксіз үдайы ;
  • түсініктілік;
  • мәнділік;
  • маңыздылық;
  • сенімділік;
  • әділетті әрі тура көрсету;
  • бейтараптық;
  • сақтық;
  • толықтылық;
  • салыстырмалық;
  • дәйектілік.

     Түсініктік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалық деп аталатын төрт принцип — бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі, сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.

· Түсініктілік принципі

     Бухгалтерлік  есептің ақпараттық мәліметтері  оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл меліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық мәліметтерді жәй қарапайым адамдардың.   кәсіпқой   емес   тұлғалардың   пайдалануы   үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес.

     Сонымен қатар осы мақсат үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы тұлғалар бұл мәліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.

· Маңыздылық принципі

     Бухгалтерлік  ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуымен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:

- алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін;

- бұрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің    дұрыстығын анықтау үшін.

     Бухгалтерлік  ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін үш түрлі сапалық аспектілер қолданылады.

  • Уақтылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз пайдаланушыларына керекті уақытында жеткізіліп отыруы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық деңгейін төмендетеді.
  • Болжамның   құндылығы.    Өткен   немесе   қазіргі кездегі  жасалынған  болжаулардың  нәтижесінде  алынған бухгалтерлік   ақпараттық   мәліметтер   пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.
  • Кері  байланыс.  Өткен  уақытта жасалынған  болжамдар   немесе   оларға   енгізілген   өзгерістер   пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.

· Сенімділік принципі.

     Берілген ақпараттық мәліметтерде қате болмаса, сондай-ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.

·  Салыстырмалық принципі

     Қандайда  бір кезеңнің бухгалтерлік есеп мәліметтері  (қаржылық есебі) өткен уақыттардағы мәліметтермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалылығы мен мазмұндылығы арта түседі.

·Сақтық принципі

     Бухгалтерлік  есептің ақпараттық мәліметтеріңде жазылатын цифрлар     кәсіпорынның   экономикалық   жағдайын суреттейді (бейнелейді) және пайдаланушылар осы мәлімет арқылы түрлі шешім қабылдайды. Соңдықтан да әрбір әріптің және цифрдың дұрыс жазылуы үшін сақ болу қажет.

· Есептеу принцип

     Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.

· Үздіксіз принцип

     Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.

·  Мәнділік принципі

     Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын жұысына (қызметіне) баға беруіне көмектесуі керек.

· Бейтараптық принципі

     Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала  бір шешімді қабылдауға арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайыңдалуымен немесе ұсынылуымен белгілі бір шешім қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететін болса онда ондай ақпараттар бейтарап болмайды. Алдын ала дайындалған ақпараттық мәліметтер болмаған жағдайда, негізделмеген, бір қорытындыға келтірілмеген ойды пайдалану бейтараптыққа сәйкес келеді.

- Әділетті  әрі тура көрсету принципі

     Кәсіпорынның  қаржылық қорытынды есебі осы мәліметтерді пайдаланушыларды қаржы жағдайы және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты әрі әділетті ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет.

· Толықтылық принципі

     Үйымның қаржылық қорытынды есебіңдегі ақпараттық мәліметтер сенімді болу үшін толық болуды қажет етеді жоне шыққан шығынға қарай олар мәңді болуы қажет. Мәліметтің толық болмауы оны теріс немесе жалған етеді. Сондықтан да ол сенімсіз және маңызсыз болады.

   ·  Дәйектілік принципі

     Кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңдап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңнің басынан соңына дсйін дәйекті түрде қолдануы қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП

    1. Негізгі өндіріс шығындарының есебі

     Өндіріс шығындарын есептеу үшін 90-«Негізгі өндіріс» бөлімшесінің шоттары қолданылады,олар түрлі мақсаттарға арналған.

      Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау(шолу) үшін 900-«Негізгі өндіріс» шоты арналған.Осы  шоттың 901-«Материалдар»,902-Өндіріс  жұмысшыларының еңбек ақысы,903-Еңбек  ақыдан аударылған аударымдар,904-Үстеме шығыстары жинақталады,содан кейін жыл соңында 900-Негізгі өндіріс шотында қорытындыланады.

      900-«Негізгі  өндіріс» шоты бойынша өндірістің  шығындар есебі төменгі номенклатура  бабтары бойынша топтастырылы,әдетте,олар  элементтерінің кескіні бойынша  есепке алынады.

      Шикі  заттар мен материалдар-өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе оны әзірлеуге қажетті компоненттер болып табылатын шикі зат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар.Осы жерде табиғи шикі заттардың құны,арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.

      Көмекші материалдар-тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың шығыны.Мұндай көмекші материалдың құны белгіленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді.

      Қайтарылған қалдықтар-бұл негізгі,көмекші және қосалқы өндірістердің қалдығы. Қайтарылған қалдықтар болып:  материалдар, шикізқаттар, шалафабрикаттар және т.б материалдық ресурстары саналады. Бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.

      Қайтарылған қалдықтар келесі тәртіпте бағаланады:

      - егер де қалдықтарды негізгі  өндіріс мұқтаждығы үшін,бірақ  өнім азайтылып шығарылса немесе қосалқы мұқтаждығы үшін,кеңінен тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса,онда шикізат пен материалдардың бастапқы құнының төмендетілген бағасы бойынша;

      - егер де қалдықтар шартқа сәйкес  шикізат немесе толыққанды материалдар  ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шикізаттар мен материалдар бастапқы толық бағасы бойынша бағаланады.

Қайтымсыз қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтардың кіріске алынуын 206-шоттың дебеті және 900-шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

      Технологиялық мақсатқа араналған  энергия мен отындар. Өндіріс процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар мен отындардың шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс табады. Технологиялық мақсатқа отын шығындарына кәсіпорынның өзі өндірген отындардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да енгізіледі:домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін, престеу және басқа цехтарда қыздыру үшін, бұйымдарға технологиялық процесспен белгіленген байқау жұмыстарын жүргізу үшін. Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық шығындардан қайтымды қалдықтардың құны лаынып тасталынады. Өндірістің қайтымды қалдықтары деп өнім өндіру процесінде пайда болған,бастапқы ресурстың тұтыну сапасын толық немесе ішінара жоғалтқан және соның салдарынан көтерінкі шығындармен пайдаланылатын немесе пайдаланбайтын шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар және басқа да материалдық ресурстардың түрлерінің қалдықтарын айтамыз.

      Еңбек ақы. «Еңбек ақы» бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметшілердің сыйақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар, өтемділік(компенсациялық)төлемдері, сондай-ақ кәсіпорынның штатында тұратын қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындардың құрамы. Оған мыналар енгізіледі:

      - еңбек келісім шартына сәйкес лауазымды еңбек ақысы және тарифтік мөлшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы арқылы нақты орындалған жұмысқа есептелінген жалақысы;

      - жұмыс режимімен және еңбек  жағдайларымен байланысты өтемдік  сипаттағы төлемдер, оның ішінде:түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімнен тыс жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстары үшін заңдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік стафкалар мен айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымша ақылар;

     - заңдарда белгіленген жағдайларда  кәсіпорындар мен ұйымдардың қайта құрылуына,қызметкерлер мен штаттағылардың қысқаруына байланысты жұмыстан босаған қызметкерлерге төлем төлеу;

     - кәсінтік-техникалық училищені бітірген  түлектерге және жоғары немесе  арнаулы оқу орындарын бітіріп  шыққан жас мамандарға жұмыс басталар алдында демалысқа ақы төлеу;

     - жұмысшы-донорға тексеруден өткен,қан  тапсырған және әрбір қан тапсырған  күніннен кейін демалыс алған  күндері үшін ақы төлеу.

     Өндірістік  есепті дұрыс ұйымдастырудың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.

     Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің типіне байланысты болады. Өндіріс жеке-дара,сериялық және жаппай өндіәріс болып үш топқа бөлінеді.

     Жеке-дара (жекелеген) өндіріс-өнім жекелеген даналармен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс.Жеке-дара өндірісте шығындарды есепке есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бұл орйда шығындар әрбір бұйым бойынша есепке алынады.

     Сериялық  өндіріс-бір келкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады.сериялық өндіріс машина жасау өнеркәсібінде және металл өңдеуде неғұрлым кең тараған.Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді:

     -   Ірі сериялық өндіріс-өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады.

  • Сериялық өндіріс-мамандану анағұрлым тар,ал өндірістік цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандандырылған.
  • Ұсақ сериялық өндіріс- жекелеген өндірістен ұсақ сериямен өнім шығаруға арналған.

Жаппай  өндіріс- ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс типі.Бұл жерде шығарылатын өнімнің ассортименті көп болғанмен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болады.Бұл жерде өнімнің және оның негізгі элементінің өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады.

Кез келген өнімді өндіру, жұмысты атқару және қызметті көрсету белгілі бір  шығындармен байланысты болады, ондай  есеп мынаны қамтамасыз ету керек: жалпы өнім көлемін,әрбір өнімнің өзіндік құнын есептеу, жұмысты орындау,шешім қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді. Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім түрлерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрі маңызды болады, ал кейбір кезде олар скерілмейді. Өндірістік шығындар белгілері бойынша былай жіктеледі:

      -шығындардың  туындайтын орындары бойынша  (өндірістер, цехтар), өндіріс тізбесі  бойынша;

      -қызметтер,  жұмыстар және өнім түрлері бойынша;

      -өндіріс  шығындары өнімнің көлеміне қатысты  екіге бөлінеді: айнымалы- шығарылған өнімнің көлемі өзгерсе, шығындардың өсуі мен азайуы мүмкін. Тұрақты-өнімнің шығару көлемі  өзгерген кезде, деңгеі өзгермейтін шығындар.

     Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүесі қолданылады, оған 90-“Негізгі өндіріс”, 92-“Көмекші өндіріс”, 93-“Үстеме шығындар”, 95-“Өндірістегі ақау” бөлімшелерінің шоттары кіреді.

     Өндірісының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция  объектілерінің номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалық) карточкада немесе ведомоста жүргізілнді.

     Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары  бойынша қандай калькуляциялау объектісіне  жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін, шығын бабтарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады.Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болады.

     Қаржылық  бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10-80-бөлімшелеріне енетін шоттарын жүргізіп, есептің Бас кітабын, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.

     Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас жоспорының  90-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады.Ол өндіріс шығынгдары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуяциялап және өндіріс шығындарының нормаларын талдап, олардың орындалуын бақылайды.Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді.

1.2  Көмекші  өндірістің шығындарының есебі.

     Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс – көмекші өндіріс деп аталады. Бұл – қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу механикалық цехы автотранспорт және тағы басқалар жатады. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 920 - шоты арналған және ол “Цехтардың шығындары” деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс үшін жеке тандамалық шот ашылады.

     Көмекші өндірістің шығындарын есептеу үшін мына шоттар арналған:

     920-“Көмекші  өндірістер”

     921-“Материалдар”

     922-“Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу”

     923-“Еңбекақыдан  қаржы бөлу”

     924-“Амортизациялық  қаржы бөлу”

     925-“Басқа  да шығыстар”

     Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта өнім түрлері  және шығын баптары бойынша жүргізіледі.

     Шығын номенклатурасы өндірістің күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, электр энегиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды және үстеме шығыстарды қосады.

     Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы  біршама ерекшеленеді, себебі кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық  цехы жүк автомашинасы цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал авто транспорт цехы жөндеу механикалық цехына жүкті тасымалдайды.

     Тек жөндеу – механикалық пен аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл  йехтарда ай соңында қалдықтары болуы  мүмкін. Бұндай қалдықтардыесептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтериясына беріледі, ол кезде 213-“Көмекші өндіріс” шоты дебиттелінеді де, 920-“Көмекші өндіріс” шоты кредиттелінеді-бұл операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің көмекші өндірісіне жатқызылады.

     Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар бойынша  тарату үшін “Көмекші өндірістің көрсеткен  қызметін тарату” –деп аталатын талдамалы  кестесін жасайды. Онда әрбір көмекші  цехтардың жиынтық шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі.

     Көмекші өндірістің өнімнің санын счетчиктердің  көрсеткіштері бойынша немесе шамамен  анықтайды.

     Қарапайым өндірістің калькуляциясы. Қарапайым өндірісінде өнімнің, қызметтің жжәне жұмыстың өзіндік құнының бірілгі ықшамдалған тәсіл бойынша калькуляцияланады: шығарылған өнімге, жұмысқа қатысты шығын сомасын сол өнімнің саныныа бөледі.

    • Бу қазан цехының таза өзінің шығыны 2610080 тенге құраған, ал жөндеу-механикалық цехының көрсеткен қызметі – 175150 тенге құраған, автотранспорт цехының көрсеткен қызметі (есептік құны бойынша) – 382719 тенге құраған.

         1 тонна будың есептік өзіндік  құны – 185 тенге құраған (өткен  айдағы нақты шығындарының деңгейінен  алынған)

          Ағымдағы  айда жылыту үшін 14397 тонна бу шығарылған, енді ол счетчиктердің көрсеткішіне сәйкес тұтынушылардың арасына таратылады: 

                   1 Кесте Қарапайым өндірістің калькуляциясы

Қатар № Қызметті тұтынушылар Тұтынылған  будың көлемі (тонна) Көрсетілген қызметтің  құны (тенге)
Негізгі өндіріс  цехтары:

-кесу  цехы

-пішу  цехы

-дайындау  цехы

-аяқ  киімді дайындау цехы

 
2990

2901

2940

2600

 
668679

648776

657497

581460 

2. Жалпы және әкімшілік  қажеттігіне жұмсағандары  
1626
 
363637
  Негізгі тұтынушылары бойынша жиыны  
13057
 
2920049
3. Көмекші өндіріс  цехы:

-жөндеу-механикалық  цехы

 
1340
 
247900
  Барлығы 14397 3167949
 

     Күрделі өндірістің калькуляциясы. Шығындардың  талдамалық есебі жөндеу түрлері  және жөнделетін объектілер бойынша, керек  жарақтар, модельдер (үлгілер) түрлері  немесе топтары бойынша жүргізіледі.Әрбір  есеп объектісіне талдамалық есеп ведомосы немесе карточкасы ашылады.

     Жеке  орындауға қабылданған цех тапсырмасы тапсырыстар кітабына жазылады және олар белгіленген мерзімде орындалуы  тиіс.Накладнойда, жұмысшының нарядында  және басқа құжаттарда тапсырыстың  номері көрсетіледі. Материалдар бір тапсырысқа қажет шегінде қоймадан босатылады. Пайдаланбаған материалдар тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға қайтарылады және сол қайтарылған материалдардың құнына тапсырыстың шығыны азайтылады. Әрбір тапсырыстың өзіндік құны цех мәліметтерінің негізінде бухгалтериада есептелінеді. Өзіндік құнның калькуляциалық-карточкасының негізінде ай сайын 920 шоттың кредитінен тиісті  тұтынушыларға есептен шығарылып отырады.

     Накладной мен нарядтың негізінде жұмыс  түрі мен тұтынушылары бойынша тапсырыстарды топтастырады, содан соң бүкіл жөндеу-механикалық цехы бойынша шығындарын анықтайды, олар келесі түрде жасалады:

     2 Кесте

  № Тұтынушылар

дың атауы

Жалақы мен  еңбек ақыдан аударылатын аударым

дар

Матери

алдар

Үстеме шығыс

тары

Көмекші өндіріс

тің қызметі

Барлығы
1. Негізгі тұтынушылар  үшін жасалған жұмыстар бойынша:

-кесу цехының  құрал-жабдықтарын жөндеу;

-пішу  цехының құрал-жабдықтарын жөндеу;

 
 
 
 
 
 
 
121000 
 
 

300840

 
 
 
 
 
 
 
70550 
 
 

59750

 
 
 
 
 
 
 
68003 
 
 

169074

 
 
 
 
 
 
 
93468 
 
 

232390

 
 
 
 
 
 
 
353021 
 
 

762054

2. Көмекші өндіріс  үшін атқарылған жұмыстары бойынша:

-бу қазан  цехын жөндеу;

-автотранпорт  құралдарын жөндеу;

 
 
 
 
 
75000 
 

140000

 
 
 
 
 
58000 
 

35000

 
 
 
 
 
42150 
 

78681

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
175150 
 

253681

3 Негізгі тұтынушылар  үшін құрал- саймандары әзірленген  
 
 
29000
 
 
 
46700
 
 
 
16298
 
 
 
22402
 
 
 
114400
  Барлығы 665840 270000 374206 348260 1658306
  Олардың ішінен негізгі тұтынушылар үшін  
 
450840
 
 
177000
 
 
253375
 
 
348260
 
 
1229475
өнеркәсіп кәсіпорында бухгалтерлік есеп