Өнеркәсіптік кәсіпорындар тастауларының сейілуін есептеу

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

4

НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

7

1. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ 

7

1.1. Атмосфера  туралы  түсiнiк, оның құрамы жəне биосфера  мен адам өмiрiндегi маңызы

7

1.2. Атмосфераның ластануы  мен ластаушы көздер

8

1.3. Атмосфераның радиоактивтi заттармен ластануы

11

1.4. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары

13

2 ЕҢБЕКШІЛДЕР АУДАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 

15

 

15

2.1. Атмосфералық ауа жағдайының  мониторингі

17

2.2. Атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізу

18

2.3. Елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасына бақылауды ұйымдастыру

21

2.4. Атмосфераның ластануын  қадағалауды және бақылауды ұйымдастыру

21

2.5. 

22

3.Өнеркәсіптік кәсіпорындар тастауларының сейілуін есептеу

25

3.1.

25

ҚОРЫТЫНДЫ

25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

28


 

 

КІРІСПЕ

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің  ең өзектісі − атмосфералық ауаны  қорғау мәселесі, өйткені ластанған  ауа экологиялық жағдайға әсер етуші  негізгі фактор. Ауаны өндірістік тастаулар мен ластанудан қорғау – маңызды әлеуметтік және қоғамдық мәселе.

Жыл сайын әлемде атмосфералық ауаға 200 млн т астам иіс газы, 150 млн т дейін күкіртті газ, 50 млн. т. астам азот оксиді, 50 млн т  астам әртүрлі көмірсутегілер, 250 млн т астам ұсақдисперсті  аэрозольдер түседі. Ауаның өндірістік тастаулармен ластануы халық шаруашылығына  елеулі материалдық шығын әкеліп, тұрғындардың денсаулығын нашарлатады. Ластанған ауаның әсерінен көптеген жасыл желек құрып кетеді. Күн  сәулесі әсерінен және озонның қатысуымен белгісіз әрекеттесулер пайда болып, уыттылығы жоғары қосылыстар түзіледі.

Өндірістің үзіліссіз  өсу деңгейі әртүрлі шикізат  пен отынның пайдалануын ұлғайтып, атмосфераға өндірістік газдар мен  басқа да қалдықтары тастауларының  көлемін өсіруге әкеліп соғады. Осындай  және басқа да табиғи және антропогендік  факторлардың нәтижесінде ауада  шамадан тыс мөлшерде ластаушы заттардың  жиналуының әртүрлі кері салдары  бар. Бұлардың ішіндегі ең танымалдары  смог, қышқылдық жауындар, парниктік  әсер, озон қабатының жұқаруы, ортаның  жалпы зияндылығының артуы болып  келеді.

  Тақырыптың өзектілігі. Атмосфералық ауа сапасының нашарлауы флора мен фаунаның биоалуантүрлілігіне кері әсерін тигізеді. Бұл үрдіс әрі қарай тереңдей берсе, кейбір түрлердің толығынан құрып кетуі мүмкін.

 Әлеуметтік-экономикалық  тұрақсыздықпен қатар табиғи  ортаның бұзылуы өмір деңгейінің  төмендеп, адам дамуының тұрақсыздығына  әкеліп соғады. Сондықтан, экологиялық  жағдайды сауықтыру, халықтың  өмірі мен еңбегіне жағдай  туғызу бойынша негізделген шешімдер  қабылдау біздің еліміз үшін  маңызды мәселелердің бірі болып  келеді.

Атмосфера ауасының ластануы қоршаған ортаға әсер ететін, халықтың денсаулығына теріс ықпал жасайтын жетекші алғы шарттардың бірі болып  қалып отыр. Атмосфера ауасына  жылу энергиясы және мұнай-газ секторы, тау-кен өндіру және тау-кен өңдеу  салалары, қара және түсті металлургия  кәсіпорындары барыша теріс ықпал  етуде. Автомобиль көлігінің ауаны  ластауы көлемі соғырлым қауіпті  бола түсуде, бұл республика аумағында  автокөлік құралдары санының  мейлінше өсуіне негіздеуде. Осы проблема жалпы қалалық барлық шығарындыға  қарағанда ауа бассейінінің ластануына автокөлік үлесі 60% және одан артыққа  жететін ірі қалалар үшін аса  өзекті. Қалалық және өнеркәсіптік алгомериялардың негізгі орындарында тұратын халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін басты факторлар ауаның ластануы мен ауыз суының жетіспеушілігі болып келеді.

Қазақстанда қоршаған орта мен оның өзгерісін мониторингтің  барлық – аумақтық, аймақтық және глобальды  түрлері бойынша бақылайтын бірнеше  салалы қызмет құрылған. Үш деңгей бойынша  алынған нәтижелерді жалпылай келе елдің түрлі аймақтарындағы антропогендік және табиғи үрдістердің объективті көрінісін алады. Бақылау жұмыстарының басты көлемін Қазгидромет орындайды. Атмосфералық ауаның ластануына бақылау Республиканың үлкен қалалары мен өнеркәсіптік орталықтарында жүргізіледі.

Курстық жұмыстың мақсаты: Еңбекшілдер ауданының атмосфералық ауасына мониторинг жүргізу.

Курстық жұмыстың міндеті:

-    Еңбекшілдер ауданы жалпы сипаттамасымен танысу;

- Еңбекшілдер ауданы атмосфералық ауаны ластайтын көздерін анықтау,түрлерін зерттеу;

-     Еңбекшілдер ауданының көлеміндегі  кәсіпорындардың ҚО экологиялық жағдайына әсерін бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

 

1.1. Атмосфера   туралы түсiнiк, оның құрамы  жəне биосфера мен адам өмiрiндегi маңызы

Жер атмосферасы (грекше: atmos — бу жəне sphaira — шар) — Жердi қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жердi онымен бiрге айнала жүрiп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 1015 тонна. Атмосфера Жер бетiндегi барлық тiршiлiк процестерiнiң жүруiн қамтамасыз етiп, адамзат тiршiлiгiнiң барлық жақтарына үлкен əсер етедi.

Атмосфераны зерттеушi мамандардың  пiкiрiнше, ол Жер бетiнен қашықтаған сайын түрлi температурадағы бiрнеше  аймақтардан тұрады.

Атмосфераның құрылысы бiрнеше  қабат құрылымнан тұрып, тропосфера, стратосфера, мезосфера жəне термосферадан  тұрады. 1000 км жəне одан ары қарай экзосфера болып, онда атмосфералық газдар əлем кеңiстiгiне таралады. Осы қабатта атмосфера бiрте-бiрте планета аралық кеңiстiкке ауысады.  Атмосфераның Жер бетiне ең жақын қабаты "тропосфера"деп аталады. Бұл қабаттың орта ендiкте теңiз деңгейiнен биiктiгi — 10-12 км, экваторда — 16-18 км, полюстерде — 7-10 км.Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзiлiп, найзағайлар күн күркiреуi жүредi. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км — ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық бiршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлiгi осы қабатта жинақталған, озон Күннiң ультракүлгiн сəулелерiн сiңiрiп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды. Стратосферадан кейiн 50 км биiктiкте мезосфера қабаты орналасқан. Мезосферада температура одан əрi қарай төмендеп, 80 км биiктiкте — 700 С -қа түседi. Мезосферадан жоғары белгiлi шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500-600 км биiктiкте температура +16000 жетедi. Атмосфераның қабаттарындағы ауа биiктеген сайын сұйылып, қысым төмендейдi. Ең соңында Жерден ең алыста 800-1600 км қашықтықта экзосфера орналасқан. Атмосфераның 400-600 км биiктiкке дейiн ғана сақталатын газды құрамы болып табылады.

Атмосфера биогеоценоздың компонентi ретiнде топырақ бетiндегi, топырақтағы жəне топырақ қуыстарындағы ауа қабаттарын құрайды. Атмосфералық ауа — түрлi газдардың қоспасы. Оның құрамында 78,08% азот, 20,9% оттегi, 0,93% аргон, 0,03% көмiрқышқыл газы бар. Ал қалған 0,01% басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т.б газдардың үлесiне тиедi. Жер бетiнде оттексiз тiршiлiк жоқ. Ол жасыл өсiмiдктердiң тiршiлiк əрекеттерi нəтижесiнде түзiледi. Өсiмдiктер су мен көмiрқышқылынан фотосинтез процесi кезiнде оттектi бөледi. Ал басқа барлық тiрi организмдер оттектi тек пайдаланушылар болып есептеледi. Көмiрқышқыл газы атмосфераға тiрi организмдердiң тыныс алуы, отын түрлерiнiң жануы, органикалық заттардың ыдырауы мен шiруi кезiнде бөлiнедi. Ауаның құрамындағы көмiрқышқыл газы мөлшерiнiң көбеюi адам мен жануарлар организмiне зиянды əсер етедi.

Табиғат үшiн атмосфералық ауаның маңызы ерекше жəне əртүрлi. Ол, бiрiншiден, фотосинтез үшiн көмiрқышқыл  газының жəне тыныс алу үшiн  оттектiң көзi. Ол тiрi организмдердi космостық сəулелерден қорғайды, Жерде жылуды сақтайды, климатты реттейдi, зат алмасудың газ тəрiздi өнiмдерiн  қабылдайды, планетада су буларын  тасымалдайды, бұлт, жауын-шашын түзiлетiн  жəне басқа да метеорологиялық процесстер жүретiн орын, ұшатын организмдер  үшiн тiршiлiк ортасы болып саналады, топырақтың құнарлылығына əсер етедi, т.с.с. Ғалымдардың пiкiрiнше, қазiргi заманғы атмосфераның шығу тегi екiншi реттiк жəне ол Жердiң қатты қабықшасынан планета түзiлгенннен кейiн бөлiнген газдардан түзiлген. Жердiң геологиялық  тарихы барысында Жердiң атмосферасы  түрлi факторлар: атмосфералық газдардың  космос кеңiстiгiне бөлiнуi, вулкандардың əрекетiнен газдардың бөлiнуi, күннiң  ультракүлгiн сəулелерi əсерiнен  молекулалардың ыдырауы, атмосфера  компоненттерi мен жер қабығының  жыныстары арасындағы химиялық реакциялар нəтижесiнде бөлiнетiн газдар əсерiнен  үлкен эволюцияны басынан кешiрдi.

Атмосфераның дамуы геологиялық  жəне геохимиялық процестермен, сол  сияқты тiрi организмдердiң тiршiлiк  əрекеттерiмен тығыз байланысты. Атмосфера Жердiң беткi қабатын  оның қалың қабаттарына өту кезiнде  көпшiлiгi жаныпкететiн метеориттердiң  зиянды əсерлерiнен сақтап тұрады.

Атмосфера құрамының қалыптасуына үлкен əсер ететiн тiрi организмдердiң  тiршiлiк əрекеттерi өз кезегiнде осы  атмосфералық жағдайларға тiкелей  байланысты. Атмосфера тiрi организмдерге  зиянды əсер ететiн Күннiң ультракүлгiн  сəулелерiнiң көп бөлiгiн ұстап  қалады. Атмосфералық оттегi өсiмдiктер мен жануарлардың тыныс алу процесiне қатысса, ал көмiр қышқылы өсiмдiктердiң  қоректенуiне қатысады. Климаттық факторлар, əсiресе, жылу режимдерi мен ылғалдылық адамдардың денсаулығы мен тiршiлiк  қызметiне əсер етедi. Сонымен қатар  адамның тiршiлiк əрекетi атмосфераның құрамы мен климатқа үлкен əсер етедi. Планетадағы оттегi тiрi заттар арқылы 5200-5800 жылда толық жаңарады. Ал оның бүкiл массасын 2 мың жылда тiрi организмдер сiңiрсе, көмiрқышқылын— 300-395 жылда сiңiредi.

Жер атмосферасының газ құрамы ерекше. Егер Юпитер мен Сатурнның  атмосферасы негiзiнен сутек пен  гелийден, Марс пен Венераның атмосферасы  — көмiр қышқылы газынан тұрса, Жердiң атмосферасы азот пен оттектен тұрады, сол сияқты аз мөлшерде аргон, көмiрқышқыл газы, неон жəне басқа  тұрақты, ауыспалы компоненттер бар. Атмосфераның ең маңызды ауыспалы компонентi —  су буы. Су буының негiзгi массасы тропосферада, өйткенi атмосфераның қабаттары жоғарылаған  сайын оның концентрациясы азая бередi.

Атмосфералық процестерге, əсiресе стратосфераның жылу режимiне озон үлкен əсер етедi. Озон стратосферада  жинақталып, күн радиациясының ультракүлгiн  сəулелерiн сiңiредi. Ендiк пен жылдың мезгiлiне байланысты озонның бiр  айдағы орташа мөлшерi өзгерiп отырады, оның қалыңдығы 2,3-5,2 мм аралығында болады. Жалпы табиғатта озонның мөлшерi экватордан полюстерге қарай жоғарылайды. Қазiргi кезде адамның шаруашылық тiршiлiк əрекетiнiң əсерiнен атмосфераның озон қабатының бұзылуы байқалуда. Мысалы, озон қабатының бұзылуына əсер ететiн фреондар (хладондар) деп аталатын галогендi қосылыстар. Бұл қосылыстар бөлме температурасында қайнайды, өте ұшқыш, Жердiң бетiнде химиялық инерттi, мұздатқыш қондырғыларда қолданылады. Фреондар стратосфераға көтерiлiп, фотохимиялық айрылу реакциясына түсiп, бiздiң планетамызды ультракүлгiн сəулелерден сақтайтын, озон молекулаларын ыдырататын, химиялық реакциялардың катализаторы болып саналатын хлор аниондарын бөледi. Қазiргi кезде озон қабатының жағдайына қатаң бақылау — мониторинг жүргiзiлуде. Озон қабатының бұзылуының үлкен зардаптарға əкелуiне байланысты бiрқатар елдер қазiргi кезде фреондар өндiрiсi мен оны пайдалануды қысқартып отыр, дегенмен де жалпы əлемде бұл көрсеткiш əлi де жоғары күйiнде қалғандықтан олардың атмосферадағы концентрациясы да жылдан жылға ұлғайып отыр.

Көптеген бақылаулар бойынша  озон қабаты атмосферада бiркелкi таралмаған. Солтүстiк жарты шар атмосферасында оңтүстікке қарағанда фреондардың  концентрациясы 8-9% жоғары.

 

      1.2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер

Өндiрiстiң қарқындап дамуына  жəне отын түрлерiн кең масштабта  жағуға байланысты атмосферадағы бос  оттектiң қоры азайып, ал көмiрқышқыл  газының мөлшерi жоғарылауда. Нəтижесiнде  табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды деуге болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулер нəтижесiнде  көмiрқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2% ға ұлғайып отырғанын  анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған  күннен бастап осы күнге дейiн  түрлi жану процестерiнде 273 млрд. тонна  оттегi жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда  ғана жұмсалған. Көмiртек айналымының  бұзылуы мен атмосферада көмiрқышқыл  газының концентрациясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе-теңдiкке  үлкен əсер етедi.

Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады.

Табиғи ластану. Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нəтижесiнде түзiледi.

Шаңның үш түрi болады: минералдық (органикалық емес), органикалық жəне космостық. Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi, теңiз беттерiнен судың булануы минералдық шаңның түзiлуiне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар—бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсiмдiктердiң тозаңдары, т.б. түрiнде жəне өсiмдiктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде болады. Космостық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi.

Табиғи ластанудың бiр  түрi космостық шаң атмосферадағы  жанған метеориттер қалдықтарынан  түзiледi, 1 жыл iшiнде оның мөлшерi 2-5 млн тоннаға дейiн жетедi. Табиғи шаң жер атмосферасының негiзгi құрам  бөлiгi болып табылады. Табиғи шаң  бөлшектерi органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкiн, олардың радиусы  шамамен 10-3—10-4 см болады жəне топырақ пен тау жыныстарының үгiтiлуi, вулкан атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi немесе су беттерiнен булану нəтижесiнде түзiлуi мүмкiн. Атмосфераның төменгi қабаттарындағы шаң сусыз шөл далалардан пайда болады немесе аэропланктондар — бактерия, өсiмдiк споралары, саңырауқұлақтар, өсiмдiктер мен жануарлардың қалдықтарының шiру,ыдырау өнiмдерiнен түзiледi.

Мұхит үстiндегi ауа атмосферасында магний, натрий, кальций тұздарының майда кристаллдары болады, олар су шашырандылары ауада құрғап қалғанда түзiледi. Əдетте табиғи жолмен ластану  биогеоценоздар мен онда тiршiлiк  ететiн организмдер үшiн аса  көп зиян келтiрмейдi.

Атмосфералық шаң Жер  бетiнде жүретiн кейбiр процестер  үшiн белгiлi роль атқарады. Ол су буларының  конденсациялануы үшiн, олай болса жауын-шашынның түзiлуiне əсер етедi. Бұнымен қатар  күн радияциясын сiңiрiп тiрi организмдердi күннiң зиянды сəулелерiнен қорғайды. Академик В.И.Вернадский атмосфералық ауа планетамыздың химиясында маңызды  роль атқарады деп жазды.

Жер бетiндегi заттардың биологиялық  ыдырауы, оның iшiн-

дегi топырақ бактерияларының  тiршiлiгi күкiртсутек, аммиак,

көмiрсутектер, азот, көмiртек оксидтерiнiң орасан зор мөлше-

рiнiң түзiлуiне əкелiп соғады.

Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең негiзгiлерi транспорт түрлерi, əсiресе автомобильдердiң жанармайларының жану өнiмдерi болып табылады. Француз ғалымы Ж. Детридiң есептеулерi бойынша, автомобильдерден бөлiнген газдардың құрамында көмiрқышқыл газы — 9%, көмiртек оксидi -4%, көмiрсутектер — 0,5%, оттек — 4%, сутек -2%, альдегидтер — 0,004, азот оксидтерi — 0,06%, күкiрт оксидтерi— 0,006% барлығы 200 ге жақын компоненттер бар екенiн анықтады. Қоршаған ортаға көмiртек, күкiрт жəне азот оксидтерiмен бiрге бензиннiң құрамына кiретiн канцерогендi заттар, мысалы 3,4-бензопирен мен қорғасын өте зиянды əсер етедi.

Атмосфераға транспорттардан  бөлiнген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған. Жəне оның 40% диаметрi 5 мкм ге дейiн болатындықтан ауада  ұзақ уақыт сақталып, онымен бiрге  адам организмiне түсетiндiгi белгiлi болды.

Қазiргi кезде бүкiл əлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүрiп  тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат  үшiн қаншалықты маңызды екенi түсінiктi. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын үнемi 2,5 млн автомобиль, Парижде  — 900 мың, т.с.с. ластайды. Ал əрбiр мың  автомобильден күнiне ауаға 3000 кг көмiртек оксидтерi, т.с.с отынның толық емес жану өнiмдерi бөлiнедi. Бұл физико-химиялық қоспалар тыныс алу кезiнде адам мен жануарларға аса зиянды болып табылады.

Ауа бассейнiн  күкiрттi газбен жəне шаңмен ластаушыжылу электр станциялары. Қуаты орташа жылу электр станциясы 1 сағатта 80 т көмiр жағып, атмосфераға шамамен 5 т күкiрттi ангидрид жəне 16-17 т күл бөледi. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен əсер ететiн жағылатын отынның сапасы, жағу əдiстерi, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетiн трубалардың биiктiгi. ЖЭС газға көшiру зиянды қалдықтар мөлшерiн бiршама азайтады.

Зиянды  газдарды авиациялық транспорт та бөледi. Ж.Детридiң есептеулерi бойынша, реактивтi самолеттер ұшу кезiнде 1 сағатта 0,7 кг/м3 альдегидтер, 6,5 кг көмiртек оксидi, 1,7 ккөмiрсутектер, 4,3 кг азот оксидтерi, 6,3 кг/м3 қатты бөлшектер бөледi екен.

 Атлант мұхиты арқылы  ұшып өтетiн бiр реактивтi самолет, 8 сағат ұшу кезiнде осы уақытта  25000 га жердiң орманы бөлетiн оттектi жұмсайды екен.

Атмосфераның антропогендi ластану жолдары жылу энергетикасы, мұнай, газ өңдеу өнеркəсiптерi, транспорт, термоядролық қаруларды сынау, т.б. арқылы жүредi. Бұлардың əрқайсысы құрамы ондаған мың компоненттерден  тұратын түрлi қоспаларды атмосфераға  бөлiп шығарады. Ауа кеңiстiгiн  ластайтын қосылыстар көмiртек оксидтерi, күкiрт пен азот қосылыстары, көмiрсутектер  мен өндiрiстiк шаң тозаң. 1 жыл iшiнде атмосфераға 200 млн тонна  көмiртек оксидi (СО),500 тонна көмiр  қышқыл газы , 150 млн тонна күкiрт оксидi, 53 млн тонна азот оксидтерi , 50 млн   — 10 мыңдаған есе, т.с.с.

Ауаның ластануы адамның  денсаулығына, экожүйелердiң қалыпты  жұмыс iстеуiне, т.с.с. көптеген организмдерге  зиянды əсерiн тигiзедi.

Ауа бассейнiнiң мөлдiрлiгiнiң  өзгеруiне атмосферадағы көмiрқышқыл  газының үлкен əсерi бар. Жыл сайын  атмосферадағы оның мөлшерi 0,4 % артып  отыр, қазiргi кездегi атмосферадағы  көмiрқышқыл газының мөлшерi 0,032 %. Кейбiр есептеулер бойынша атмосферадағы  көмiрқышқыл газының мөлшерi əр 23 жыл сайын 2 еселенiп отырады. Көмiрқышқыл  газы инфрақызыл сəуленi — жылу сəулесiн  сiңiредi, оның мөлшерi белгiлi бiр концентрацияға жеткенде қоршаған ортадағы жалпы температураның жоғарылауына əкелiп соғуы мүмкiн. Атмосферадағы озонның мөлшерi (көлем  бойынша) 2х 10 %, бiрақ ол Жер бетiн  күн радиациясынан қорғап тұрады жəне бактерицидтiк қасиетi бар.

Атмосфераның күкiрттi қосылыстармен  ластануы қазiргi таңдағы аса маңызды  проблемалардың бiрi болып отыр. Күкiрт атмосфераға 5000 жылдан астам уақыт  бойы бөлiнiп отыр.

Күкiрт оксидтерi өсiмдiктерге, жануарлар мен адам организмiне зиянды əсер етедi. Атмосферада күкiрт (1V) оксидi күкiрт (V1) оксидiне дейiн тотығады да, су буларымен қосылып, күкiрт қышқылына айналады. Күкiрт қышқылы атмосфералық жауын шашынмен бiрге қышқыл жаңбыр түрiнде жерге жауады. Қышқыл жаңбырлар су экожүйелерiне зиянды əсерiн тигiзедi, ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуiн тежейдi, сөйтiп үлкен экономикалық шығын келтiредi. Атмосфераға бөлiнген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылады. Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жинақталуы тiршiлiкке үлкен зиян келтiредi. Мышьяк пен хром рак ауруларының тууына себеп болады. Ал селен мен уланған организм өлiмге ұшырайды.

 

1.3 Атмосфераның радиоактивтi заттармен ластануы

Атмосфераның радиоактивтi ластануы нəтижесiнде радиациялық  əсер ету байқалатын болғандықтан өте  қауiптi болып саналады. Радиациялық  əсер — радиоактивтi заттардан бөлiнетiн  радиоактивтi сəулелердiң əсерi. Бұл  сəулелер кейбiр химиялық элементтердiң  атом ядроларының ыдырауы кезiнде  сыртқы ортаға бөлiнедi. Бөлiнген радиоактивтi сəулелер адам организмiнiң тiрi тканьдерi арқылы өтiп, биологиялық процесстердi бұзып, организмде түрлiше физикалық, химиялық жəне физиологиялық, ең соңында патологиялық өзгерiстер туғызады.

Радиациялық əсерлердiң шығу көздерi баршаға мəлiм, қарапайым  космостық сəулелерден бастап, экологиялық  катастрофалар болып табылатын  ядролық қаруларды сынау, атом ядролық  станциялардағы авариялар, т.с.с. Көптеген елдерде ядролық қаруды сынау  жұмыстарының жүргiзiлуiне байланысты ядролық өндiрiстiң, атом-электр станцияларының дамуына байланысты атмосферада  жасанды радиоактивтiлiк көздерi пайда болды.

Радиоактивтi элементтердi өндiру мен атом қондырғыларын, двигательдерiн iске қосу жұмыстары кезiнде атмосфераға  өте қауiптi радиоактивтi заттар бөлiнуi мүмкiн. Радиоактивтiзаттар атмосферада  тозаң, не аэрозоль түрiнде болады, олардың  азғантай дозасының өзi адамның нерв системасы, жыныс бездерi, асқорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без  бен гипофиз қызметiне зиянды əсер етедi.

Атмосфера радиоактивтi заттармен  əсiресе, атом жəне сутектi бомбалардың  жарылуы кезiнде ластанады. Атом жарылысы кезiнде түзiлген изотоптардың жартылай ыдырау кезеңдерi түрлiше. Əсiресе, стронций-90 (жартылай ыдырау кезеңi 25 жыл) мен цезий-137 (жартылай ыдырау кезеңi 33 жыл) өте қауiптi.

Радиоактивтi изотоптар өсiмдiктердiң  қалдықтары, жануарлардың қалдық өнiмдерi арқылы да таралады. Олардың тасымалдануында  қоректiк тiзбектер де бiршама  роль атқарады.

Судағы изотоптар өсiмдiктерге сiңiрiлiп, олармен балықтар қоректенiп, балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қорекке пайдаланады, т.с.с.

1945 жылы августа Жапонияның  Хиросима мен Нагосаки қалаларында  жарылған атом бомбалары ондаған  мың адамдардың өмiрiн қиды, оның  зардаптары əлi күнге дейiн сақталуда.

1963 жылы Москва қаласында  бейбiтшiлiк сүйгiш мемлекеттердiң  бiразы бiрiгiп, ядролық қаруды  атмосферада, космос кеңiстiгiнде  жəне су астында сынауға тыйым  салу туралы келiсiмге қол қойды.  Бұл келiсiмнiң адамдардың денсаулығын  сақтау мен бүкiл тiршiлiктi қорғауда  үлкен маңызы бар.

Атом энергиясын кең масштабта  қолдану нəтижесiнде атом өндiрiсiнiң  қалдықтары көбеюде. Ендi осы қалдықтарды  зиянсыздандыру проблемасы да туындап  отыр. Бұл проблеманы шешу жолдары  түрлi елдерде түрлiше жүзеге асуда. Мысалы, АҚШ мен Англия атом өндiрiсiнiң  қалдықтарын Атлантика мұхитына тастайды, Франция ескi темiржол туннельдерiне сақтайды, ал бiздiң елiмiзде жердiң  терең қабатына көмiледi, бұл ең зиянсыз  жəне тиiмдi жол болып саналады.

 

 

 

      1.4 Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары 

Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн  əрқашан зиян. Түтiннiң құрамындағы  газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда  қалың улы тұмандардың түзiлуiне əкеп соғады. Тiптi кейбiр жағдайларда  улы заттардың жинақталуы нəтижесiнде  адамдардың аса қауiптi аурулары мен  өлiмiне себеп болады. Мысалы, Лос-Анджелес қаласында, Калифорнияда, Британ аралдарында, сол сияқты ФРГ мен бiрқатар елдерде  зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының  атмосферада жинақталуы нəтижесiнде смог деп аталатын қалың тұмандар байқалды.

Лондонда смогтар ХIХ ғасырдың соңынан бастап — ақ белгiлi болған. Əсiресе 1952 жəне 1956 жылдары болған смогтар елге үлкен зардаптарын тигiздi. 1952 жылдың 5-9 декабрь аралығында қаланың үстiн қаптаған тұман жауып тұрған. Тұманның құрамындағы зиянды қосылыстардың (күкiрт ангидридi, азот оксидтерi, альдегидтер, хлорлы көмiрсутектер, т.б.) мөлшерi ауада қалыптағы нормадан 5-6 есе көп болып, 12 сағаттан кейiн көптеген адамдарда тыныс алу жолдарының аурулары, бас ауру, бас айналу, жөтел күшейген. Созылмалы бронхит ауруымен ауыратын адамдардың көпшiлiгi смогтың əсерiнен қазаға ұшыраған. Ұлыбритания астанасының үстiнде 1956 жылы январьда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мыңдаған адамдардың ажалына себеп болған. 1968 жылы Лондонда "Ауа тазалығы туралы заң" қабылданғаннан соң атмосфераның ластануы бiршама азайған.

Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар болады. Олардың көпшiлiгi түссiз, иiссiз болып, организмге бiрден əсер ете қоймайды. Медициналық-санитарлық зерттеулер нəтижесiнде адамның  денсаулығына зиянды заттардың бiрлесiп  əсер етуi аса қауiп туғызатындығы  белгiлi болды.

Ауаның ластануы адамның  жалпы жағдайын нашарлатып, жұмыс  қабiлетiн төмендетiп, жөтел, бас айналу, дыбыс жолдарының спазмалары, өкпенiң түрлi аурулары, организмнiң жалпы улануын туғызып, түрлi ауруларға қарсы тұра алу қабiлетiн төмендетедi.

Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрлерiнен  шыққан газдар, түтiн, iрi қалалардың үстiнде  пайда болатын түрлi шаңдар Күн  сəулесiнiң Жердiң бетiне түгел  түсуiне кедергi келтiредi. Мысалы, Париж  қаласының маңындағы өндiрiс орындары аз аймақтарда ультракүлгiн сəулелер 3 % болса, заводтар мен фабрикалар көп  шоғырланған аймақтарда 0,3 % қана болған. Ультракүлгiн сəулелерiнiң жетiспеушiлiгi балаларда авитаминоз жəне рахит ауруларын туғызатыны белгiлi.

Атмосфераның құрамындағы  зиянды заттардан жануарлар мен  жабайы аңдар да уланады.

Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамындағы фторлы жəне мышьякты қосылыстардан бал аралары  уланып, олардың бал жинау қабiлетi төмендейдi.

Бiрқатар мемлекеттерде жабайы аңдардың (бұғы, қоян мен қырғауыл, т.б.) атмосфераның құрамындағы күкiрттi газ, мышьяк, сурьманың əсерiнен улану  оқиғалары көп кездеседi.

Өсiмдiктер үшiн əсiресе улы  болып саналатын күкiрттiң, фтор,хлордың қосылыстары мен көмiрсутектер. Олар ауыл шаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлкен зиян келтiредi.Дəндi дақылдардан бұл газдарға өте сезiмтал —арпа, көкөнiстерден — шпинат, капуста, салат, редис.

Ауаның құрамында болатын  күкiрттi газдың шектеулi нормасы 0,02 мг/м3, азот оксидтерi — 0,02 мг/м3 жəне аммиак —0,1 мг/м3.

Мамандардың есептеулерi бойынша, Франция мемлекетiнде атмосфераның ластануынан болатын шығын ұлттық табыстың 4%, АҚШ — 3%, Жапонияда 8% құрайды.

 

 

 

 

2 ЕҢБЕКШІЛДЕР АУДАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

Аумағы - 146.2 мың шаршы  метр немесе республика аумағының 5.4% құрайды. 01.04.2010 жылғы жағдай бойынша халқының саны - 739,4 мың адам, оның ішінде қала халқы - 333 мың (45%), ауылдық жерлердегі халықтың саны - 406,4 мың адам (55%). Облыс  тұрғындарының 2009 жылғы қаңтар-ақпан  айларындағы табиғи өсуі 635 адамды құрады.Халықтың тығыздығы - 1 шаршы метрге 5,1 адамнан  келеді. Әкімшілік орталығы - Степняк  қаласы, қаланың іргетасы 1824 жылы қаланды.Облыс  орталығының 2009 жылғы 1 сәуірдегі халық  саны - 145,8 мың адам. Облыстың құрамына облыстық маңызы бар 2 қала, яғни, Көкшетау және Степногорск қалалары, аудандық маңызы бар 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк  және Щучье), 17 ауылдық аудан, 5 кент және 660 ауыл мен село кіреді. Облыс  Қазақстан Республикасының орталық  бөлігінің солтүстігінде орналасқан. Батысында - Қостанай, солтүстігінде - Солтүстік-Қазақстан, шығысында - Павлодар және оңтүстігінде - Қарағанды облыстарымен шекаралас. Облыс қомақты экономикалық әлеуетке және табиғи ресурстарға бай.Болашақтағы даму алғышарттары өңірдің шикізат ресурстарын экспорттаумен ғана шектелмей, орта- және жоғары технологиялық тауарлар мен сервистік қызметтерді жеткізуші ретінде де көріну мүмкіндігімен айқындалады.2008 жыл бойынша жалпы өңірлік өнімнің көлемі 457,5 млрд. теңгені, ал соңғы үш жылдағы орташа жылдық өсу қарқыны 39% құрады. Адам басына шаққандағы ЖІӨ 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 80.7% өсуімен 614,3 мың теңгені құрады.

 

1 сурет - Степняк қаласының картасы

Ауданның климаты тым континенттік, қысы суық және ұзақ, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –16 – 17°С, шілдеде 19 – 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері шығысында 250 – 300 мм, батысында 300 – 350 мм. Жер бетінің сулары жазда жеке қарасуларға бөлініп қалады, сирек кездесетін өзендер мен көптеген ащылы-тұщылы көлдерден тұрады. Өзендерінің біршама ірілері: Жүкей мен Қотыркөлді қосатын Саға, Мамай және Атансор көліне құятын Тәттімбет пен Атан. Ірі көлдері: Жүкей, Шошқалы, Итемген, Кіндікті, Сасыққопа (тұщы сулы), Тасшалқар, Қарасор, Қотыркөл, Мамай, Атансор, Майлысор, Жамбайсор, Көксор. Аудан жерінде негізінен саздақ қара топырақ, кейбір жерлерінде сортаң қара топырақ қалыптасқан. Дала белдемінде селеу, жауқияқ, жусан аралас өскен бетеге, т.б. шөптесін өсімдіктер орманды жерлерінде қайың, терек, тал, ал батыс жағында қылқан жапырақты ағаш өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қосаяқ, суыр, тараққұйрық, дала тышқандары, бұлан, елік; құстардан қаз, аққу, үйрек, шағала, көл жағалай қызғыш, тауқұдірет, дуадақ, бүркіт, кезқұйрық, сауысқан т.б. кездеседі. Ауылдық елді мекендердің ірілері: Жаңаауыл, Баймырза, Бірсуат, Ойық, Уәлиханов, Қойтас, Невское. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жердің жалпы аумағы 1,1 млн. га. Оның ішінде жыртылған жері 141,2 мың га, 1,7 мың га шабындық, 121,3 мың га жайылым, 150,3 мың га тың жер бар. Заозерный – Ерейментау темір жол және Степняк – Щучинск – Макинск автомобиль жолдары бар.Облыс аумағында құрамының өзгешелігімен және ауқымдылығымен ерекшеленетін алтын, күміс, уран, молибден, техникалық алмаз, каолин мен мусковит, сондай-ақ темір рудасы, тас көмір, доломит, жалпы таралымды пайдалы қазбалардың мол кен орындары, минералды су мен емдік саз-балшықтардың орындары шоғырланған. Баланстық қорлардың өлшемдік құндылығы шамамен 20 млрд. АҚШ долларын, ал болжалды ресурстар - 100 млрд. АҚШ долларын құрайды. Облыстың жері ауыр механикалық құрамымен, тұздылығымен және су өткізгіштілігімен ерекшеленеді.  Жер қойнауы құнарлы қарапайым қара топырақты және ауыр механикалық құрамымен  зор және тұзды, төменгі су өткерімімен ерекшеленетін бозғылт түсті болып келеді. Бірегей табиғи-климаттық жағдайы - жартасты таулы, қылқан жапырақты орман мен қолайлы жағажайлары бар көлдер үйлесім тапқан сұлу ландшафты бар «Бурабай» курорттық аймағындағы Жөкей, Қатаркөл, Майбалық, Үлкен және Кіші Шабақты көлдері ТМД елдеріндегі белгілі курорттармен бәсекелесе алады. Облыстың аумағында «Көкшетау» және «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, сондай-ақ Еуро-Азиялық құрылықтағы ең бір теңдесі жоқ бірегей орны болып табылатын Қорғалжын Мемлекеттік халықаралық маңызы бар қорық орналасқан.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар тастауларының сейілуін есептеу