Өнім сапасын бақылау және көтеру

Мазмұны

Кіріспе

1. Өнім сапасын көтерудің теориялық әдістемелік негіздері................................................................................................................31.1 Өнім сапасын көтеру мен экономикалық тиімділігінің мәні мен маңызы.................................................................................................................9 1.2 Қазақстан Республикасы жағдайларына бейімделуі мүмкін қазіргі проблемаларды шешу бойынша шетелдік оң тәжірибені шолу.....................................................................................................................12

 2. «Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау................................................................................................................172.1 Кәсіпорында өнім сапасын басқарудан жетілдіру жолдары....................20

Қорытынды.................................................................................................24Пайдаланған әдебиеттер тізімі................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасында  нарықтық экономиканың даму жолында  көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.

Республикамыздың , Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешімммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл – ауқатын арттырып, әлеуметтік – экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.

Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы  өркениетті ел болудың  негізгі шарты болып отыр. «Қазақстан – 2030 » атты даму стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіреді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. 2006 жылдың 1- наурызында ҚР – ның жолдаған Жолдауында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына  кіру стратегиясы » деп аталдаы. Жеті басымдылықтан тұратын биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстан әлемдік экономикаға ойдағыдай кіру елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі » деп ерекше атап көрсетілді.

Қазіргі кездегі нарықтық экономика көп қыры әр түрлері бар, олар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық өзара байланысты құрылымдардан тұратын күрделі организм болып табылады. Нарықта қатынастардың мәнін көрсететін түйінді түсініктердің бірі – бәсекеге қабілеттілік. Қазақстан Республикасы ашық нарықты экономикаға өту жағдайында ішкі, сондай – ақ сыртқы нарықта тұтынушы үшін күрес мәнінде бәсекелес қабілетті өнім өндіру  мен жасауды талап етеді. Сол себептен де тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен оны өніру шығындарының арасындағы рационалды экономикалық деңгейді іздеу мәселесі туып отыр. Сол себептенде курстық жұмыстың тақырыбы өзекті мәселелердің бірі  болып табылады.

Қазір тауардың бәсекеге қабілеттілік құрамдас бөліктерінің ішінде баға басты фактор болып табылмайды. Алдыңғы орындарға қазір тауардың тұтінушылық қасиеттері (функционалдығы, дизайн ) және сервис деңгейі, бұл жерде тек қана жөндеу мүмкіндігі емес, сондай – ақ оның планетаның  кез – келген нүктесінде жасалу мүмкіндігі де есептеледі. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау берілген өнімнің басқа фирмаларының  сәйкес өнімімен салыстыру негізінде жүргізіледі. Өнімнің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші пайдалы эффектінің тұтыну бағасына қатынасымен көрсетіледі, ал пайдалы эффектінің орнына тауар сипаттамасының интегралдық көрсеткіштері – оның сапасы алынады.

Зерттеу жұмысының  мақсаты болып кәсіпорының бәсекеге қабілеттілік сұрақтары бойынша  теориялық білімді бекіту, ұлғайту, оны қамтамасыз ету ету әдістемесесін  меңгеру, тауардың (сүт өнімдерінің ) нақты нарығының жағдайына талдау және маркетингтік зерттеулер жүргізу табылады. Сонай – ақ тауарлардың және қызыметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда бірнеше ұсыныстар жасауға талпындық.

Осыған байланысты алдымызға мынадай тапсырмалар  қойдық:

  • Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік мәселелерінің мәнін және оны бағалаудың әдістемелік негіздерін анықтау;
  • Нарықтағы өнідруші табысының шешуші факторларының бірі ретінде нарық жағдайындағы кәсіпорын сапасын жақсарту мәселесін талдау;
  • «смак» ЖШС – нің өндірістік – қаржылық қызыметіне талдау жасау және осы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жақсарту міндеттерінің орындалу жолдарын қарастыру;
  • Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын ұсыну.

Зерттеудің  теориялық және әдістемелік негізіне отандық және шетелдік ғалым –  экономистердің экономикалық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету аясындағы ақыл – ой еңбектері мен зерттеу нәтижелері алынды. ҚР – ның отандық экономиканы реттеуге импортты алмастыруға, отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған заңдары, заңдылықтары, нормативті – құқықтық құжаттары зерттелді және қолданылды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде ҚР – ның статистикалық Агенттігінің, кәсіпорнының есептік  мәліметтер мен ақпараттар қолданылады.

  1. Өнім сапасын көтерудің теориялық әдістемелік негіздері

Өнім сапасын  тұрақты түрде көтерудің мақсаты тұтынушылардың ішкі және сыртқы талаптарына сәйкес өнімдері жоғары деңгейде болуы керек. Сапаны тұрақты түрде  көтеру  фирманың сапа саясатының бөлігі болып табылады. ҚР – да сапаны көтеру мәселесін шешпей тұтынушылық тауар әлемдік нарықта ғана емес, сондай – ақ ішкі нарықта да бәсекеге қабілетті бола алмайды. Бәсекеге қабілеттілікәрқашанда «сапа – баға – сервистен » кейін  тұрады, республикада «баға – сапа – сервис » аумағы құрылған. Қазақстанда сапа үшін атқарылар жұмыстар төмендеді. Сол себептен Қазақстанда тұтынушылық тауар сапасын көтеру мәселесін шешу сапаны реттеуші заңнамалық  базаның және тауар сапасы жүйесінің құрылуын талап етеді. Отандық тауарлыр сапасына  бақылау жүргізу Қазқстандық кәсіпорындар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатады. Оның үстіне , соңғы жылдары республикамызға келіп жатқан және әлі де сапасыз шетелдік өнімдердің саны көбейіп жатыр. Сондықтан өнім сапасын көтеру мәселесі еліміздің ең басты бағытының бірі болып отыр.

Сол үшін, яғни отандық өнімдердің сапасын көтеруде келесі негізгі бағыттарды ұсынамыз:

  • Сапа тұтынушы талабына сәйкес екі методикалық әдістемені орындау керек;
  • Кәсіпорын өзінше өз өнімдерінің сапа деңгейін анықтау керек, халықтың қауіпсіздігі үшін, бәсекені қаматамыз ету үшін, республикамызға заңдық нормаларды, реттеуші және стандартты әдістемелерді енгізу қажет;
  • Сапа жәй ғана бақыланып қоймау керек, ол тауарлардың бірнеше түрі бойынша барлық өндірісте қамтамасыз етілуі керек.Өндірістік процесте қамтамасыз етілмеген тауар сапасын және сапасыз өнімдерді жарнамалағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жаза қолданылуы керек;
  • Тауар сапасының төмендігі және оны тез арада жоғарлату жолдарын іздесдестіру.

Өнім сапасын  жоғарлату қоғамдық өндірістерде және жеке кәсіпорындарда ттиімділікті көтерудің  ең маңызды бағыты болып табылады.Өнім сапасын жоғарлатудағы экономикалық тиімділік келесідей формуламен анықталады:

Тиімділік = сапа сату көлемі/ шығындар

Өндіріс тиімділігі ол сату көлемінің қысқару кезінде  де жғары болуы мүмкін, ол тек  мынадай жағдайда, егер өнім сапасы өте тез қарқынмен өссе онда сату және шығару көлемінің қарқыны төмен болады. Тәжірбиеде мынадай әдістеме өндірісте өнім сапасын көтерудегі тиімділікті анықтауда қолданылмайды.

Өнiмнiң  бәсекеге қабiлеттiлiгi, оның маңызы және анықтау әдiстерi

Егемендi ел болып, тәуелсiздiгiмiздi алып нарықтық экономикаға көшуiмiзге байланысты ел экономикасы түбегейлi өзгерiстерге душар болды. Әсiресе елiмiздiң экономикалық өмiрiндегi шаруашылық қатынастар жүйесiндегi терең әрi ауқымды өзгерiстер көрiнiп, еркiн бәсеке, бәсекеқабiлеттiлiк деген ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегiнде ұйымдық-құқықтық формалардың, яғни, әртүрлi шаруашылық жүргiзушi субьектiлердiң жұмыс жасауы, қызмет көрсетуi, өнiм өндiруi бәсекеқабiлеттiлiк ұйымдарын одан әрi өрбiте түстi. Қазiргi кезде көптеген кәсiпорындар  үшiн кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгiн  арттыру ең негiзгi мәселе болғандықтан, көпшiлiк тарапынан осы бiр мәселеге көбiрек назар аударады. Ол сату нарықтары, өткiзу көлемдерi, қосымша табыс табуты көздейтiн өндiрушiлердiң экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес кәсiпорындар әрi шығарылатын өнiмдердiң бағаларын төмендету арқылы әрi нарықта бар өнiмдерден сапалық көрсеткiштерi жағынан ерекшеленетiн өнiмдерiн өндiру арқылы бәсекелестердi ығыстыруға және нарықтағы жағдайларын нығайтуға ұмтылуы қажет.

 Бәсеге қабiлеттiлiк  ұғымы көпжақты болып, кәсiпорын iс-әрекетiнiң тауар секiлдi құрамдас бөлiктерiн сондай-ақ оның негiзгi сипаттамалары болып табылады  және өндiрiс технологиясын қамтиды.

 Кәсiпорынның  бәсекеқабiлеттiлiгi- қатысты өлшем, өйткенi ол сату уақыты  мен нарықта  бәсекеге түсетiн ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерiнде көрiнуi мүмкiн.

 Кәсiпорынның  бәсекеге қабiлеттiлiгi - бұл экономикалық, ұйымдастырушылық техникалық  мүмкiндiктердiң жиынтығы. Ол бәсекелестiк күрес жағдайында өзiнiң алып отырған нарықтық үлесiн сақтап қалуға немесе кеңейтуге жеткiлiктi әлеуетi.

Бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң 2 жағы бар.  Бұлардың бiреуi, оның элементi  және құраушы бөлiктерi (тауардың  жоғарғы сапасы, тауардың қосымша қызметi т.б.) және нақты жағдайдағы  тауар сату мiндеттерiнiң нақты шешiмi (жеке қабiлеттiлiктерi бар нақты сатып алушы мүмкiндiгi және өзiндiк талғамы бойынша нарықта бәсекелесушi кәсiпорындардың iшiнен ұнайтынын шешуi, сатушының жеке қасиеттерi).

Кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгiнiң  деңгейiне негiзiнен мынандай басты  факторлар әсер етедi:

  • өндiрiстiк технологияны жетiлдiру дәрежесi мен ғылыми-техникалық деңгейi;
  • жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтарды қолдану;
  • қазiргi заманға сай автоматтандырылған өндiрiс құралдарын енгiзу. 

Нарықтық қатынастар жағдайында өнiм сапасы оның бәсекеқабiлеттiлiгiнiң  ең маңызды көрсеткiшi болып табылады. Сапасыз тауардың шығуы кәсiпорынға  тура жоғалтуларды, өндiрiске қатыссыз шығындарды, қайта жөндеудi, материалдар  мен шикiзаттарға деген шығындарды алып келедi.

Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi- тұтынушының  нақты қажеттiлiктерiн  қанағат тандыру  дәрежесi және оны  сатып алу  мен атқару деңгейi бойынша өнiмнiң баламалы өнiмдерден  айырмашылығы сипаттамаларының жиынтығы. Ал сапа- бәсекенiң ең маңызды көрсеткiшi, оның нақты реттеушiсi болып табылады. Сондықтан экономикалық әдебиеттерде тауардың бәсекеқабiлеттiлiгi  және оның экономикалық, техникалық жағынан басқа тауарлармен  салыстырмалылығы жөнiнде өте көп қарастырылады. Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi нарықтың ерекше шарттарын  қанағаттандыруға жол берумен, тұтынушылық (сапалы және санды) сипатпен анықталады. Бәсекеге қабiлеттi  өнiмдер нарықта өте тез және жеңiл сатылады. Шын мәнiнде тауар қоғамдық қажеттiлiктi қанағаттандыру деңгейiнде тексеруге өтедi.Олар тұтынушылардың анықталған тобы арасында дәмi және артықшылылығы жөнiнен нарыққа шығарылады, сондықтан  бәсекеқабiлеттiлiк деген түсiнiк әрқашанда нақты. Нарық жағдайында тұтынушының  қанағаттануы тауарға деген өзiнiң ерекшелiгiнiң  жиынтығы сатып алу мен сату актiсiнде көрiнедi. Мұндай ерекшелiктiң үйлесуi, өндiрушi мен тұтынушының мүдделерiнiң сақталуы  негiзiнде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын,сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестiгiн бәсекенiң жарамдылығы деп атайды.

Өнiмнiң бәсекеге жарамдылығы  ерекше жағдайын қанағаттандыруына  мүмкiндiк беретiн тұтыну кешенiнiнiң  сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамды  өнiм нарықта жеңiл әрi тез сатылады. Әрбiр сатып алушы өзiнiң жеке мұқтажын ең жоғары  қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда  қоғамдық мұқтажына  толық сәйкес келетiн тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейiнде  жеке – дара көрсеткiштер пiкiр жиынтығын құрайды, ол тағы да нарықтың пайда болу қарсаңында қалыптасады.

Сонымен, тауарға  бәсекенiң жарамдылығын, оның сапалық  және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсiнуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етедi және сатып  алушы үшiн тиiмдiлiгi ұқсас тауар бәсекелестер ерекшеленедi.

Бәсекелестiкте  жалпы 2 түсiнiктi бөлiп қарастыруға  болады:

  1. «Кәсiпорынның  бәсекеқабiлеттiлiгi»

2. «Тауардың  бәсекеқабiлеттiлiгi»

Кәсiпорынның  бәсекеқабiлеттiлiгi- бұл кәсiпорынның қаржылық, өндiрiстiк және еңбек мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалану шеберлiгi арқасында бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығару мүмкiншiлiгi.

Тауардың  бәсекеқабiлеттiлiгi-  бұл тұтынушылар үшiн тиiмдi және тұтынушылардың нақты қажеттiлiктерiн қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн тауардың сапалы және құндық ерекшелiктерiнiң жиынтығы.

Тауардың  бәсекеге қабiлеттiлiгiн анықтау тәжiрибесi тауар ерекшелiктерiнiң жиынтығы, тұтыну бағасы бойынша және нақты қажеттiлiктi қанағаттандыру деңгейi бойынша тауар бәсекемен салыстырмалы талдауда негiзделедi.

Өнiмнiң  бәсекеқабiлеттiлiгi бәсекеқабiлеттiлiк  көрсеткiшi арқылы мөлшерлi болуы мүмкiн.Осы маңызды  көрсеткiштi  анықтаудың бiрнеше әдiстерi белгiлi. Олардың  ең көп  таралуына  байланысты тоқталып өтейiк:

 Бiрiншi әдiс. Техникаға бәсекенiң жарамдылығын анықтайтын белгiсi- бұл тауарды тұтыну бағасы болып табылады. Ол мынадай  формуламен анықталады:                  

Бт=Бс+Шт

 Мұндағы:     Б –тұтыну бағасы,Б – сатылу  бағасы, Ш – бұл өнiмдi тұтынушылардың  шығындары (оның барлық нормативтiк мерзiм iшiндегi қызметi).

  Тұтынушылар үшiн барлық шығындар 2 негiзгi категорияға  бөлiнедi. Бiрiншiден, бұл тұрақты шығындар ұзақ уақыт бойы өзiнiң мөлшерiн  өзгертпейтiн, яғни, өнiмнiң сату бағасы. Орнатуға, монтаждауға кеткен шығындар және т.б. бiруакытта орындалады. Екiншiден, бұл ауыспалы шығындар өнiмдi пайдалану процесi кезiнде қалыптасады, сонымен бiрге пайдалану шығындары (энергия, шикiзат, жұмыс күшi )   ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету  кезiнде iске асырылады.

    Заңды  тұлғалар үшiн ауыспалы шығындар көлемiн (Ип ) мына формуламен анықтаймыз:

                      Ип = ( ЗП+И рем +И мр + А +Ипр)Тн                                                                         

Мұндағы:  ЗП- қызмет етушi персоналдардың әлеуметтiк  қажеттiлiкке    аударымдар мен жылдық еңбекақысы, Ирем – ағымдағы жөндеу және қызмет көрсетуге кеткен жылдық   шығындар, Имр – отынға, энергияға, жанармай, майланатын және басқа да материалдарға кеткен жылдық шығын, А – амортизацияның жылдық  мөлшерi,  И пр – басқа да жылдық шығындар,  Тн – қызметтiң нормативтiк мерзiмi.

Екiншi  әдiс. Тауардың  бәсекеге  қабiлеттiлiгiн анықтағанда бұл әдiс екi өлшемдi ескеруi мүмкiн: өнiмнiң өзiндiк құны, тауарды сату және оның сапалық деңгейi. Сөзсiз, бәсекеге жарамдылығы артығырақ болатын тауар оны өндiруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейi бәсекелес тауарға қарағанда жоғары болады. Тауар бәсеке сапасының  бiрдей деңгейiнде  қайсы тауардың өзiндiк құны төмен болса, сол тауар бәсекеге қабiлеттi болады. Кәсiпорында тауардың бағасы жоғарылаған болса, бұл жағдайда кәсiпорын шығарған өнiм  сапасының деңгейiне  ғана емес, оны өндiруге және сатуға кеткен шығындарды да ескеру қажет.

 Үшiншi әдiс. Бұл әдiс техникалық деңгейiн және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестiк тауарларды салыстыруға негiзделген. Бұл әдiске сәйкес басында салыстырмалы сапаның сандық көрсеткiштерiнiң деңгейi және базалық үлгiлер (тауар) мына формуламен анықталады:                  

                            КК = ККэ + ККт +  ККс                                                                                             

    Мұндағы:  КК- тауар деңгейiнiң кешендi көрсеткiшi; ККэ- эстетико-эргономикалық деңгейiнiң  кешендi       көрсеткiшi; ККт- техникалық деңгейдiң кешендi көрсеткiшi; ККс- көрсеткiш кешенiнiң сенiмдiлiгi.

Екiншi кезеңде  бәсекеқабiлеттiлiк  көрсеткiште тауардың және үлгiнiң  салыстырмалылығы анықталады:              

Пкi = КПi / Цi           Пкб = КПб / Цб

    Мұндағы:  Пкi, Пкб – тауар-эталон және  үлгiнiң салыстырмалылығының бәсекеқабiлеттiлiк  көрсеткiшi;  КПi, КПб- тауар-эталон  және сапа деңгейiнiң кешендi   көрсеткiшiнiң салыстырмалы үлгiсi; Цi, Цб- тауар-эталон және үлгiнiң сату бағасы.

Егер  Пкi > Пкб болса, онда салыстырылатын тауардың бәсекеқабiлеттiлiгi жоғары болады, егер Пкi < Пкб  болса, онда төмен бәсекеқабiлеттiлiк болады, ал егер де Пкi = Пкб яғни тең болса, онда бәсекелестiк бiрдей болады. Бұл әдiстiң бiр кемшiлiгi  салыстырылатын тауардың тұтыну бағасын емес, сату бағасын ескередi, яғни тауардың пайдалану кезiнде  қаншалықты сапалы екенiн ескермейдi.

        Төртiншi әдiс. Бұл әдiсте бәсекеқабiлеттiлiк деңгейi қалай техникалық, солай экономикалық параметрге  салыстыру негiзде анықталады. Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары деңгейде қызықтыратындарды  таңдайды. Содан кейiн олардың әрқайсысының техникалық параметрi, индексi есептеледi, соның негiзiнде әр салыстырылған өнiм бойынша жинақталған параметрлер индексi (Imn) анықталады.       

Imn n i=1Ii ai

     Мұндағы: Ii = i  техникалық параметрлердiң жеке-дара индексi, а-i параметрлердiң салмағы.

Өнiмнiң бәсекелестiк  қабiлетiн арттыру механизмi iс-әрекеттiң  жиынтық көрiнiс ретiнде оларды жүзеге асыратын бiрнеше тетiктерге тәуелдi. Бұл тетiктер өзiндiк сипаттамалары  бойынша 4 топқа бөлiп қарастырады.

1) өнiм сапасын  арттыру шаралары немесе кәсiпорынның  сапа жүйесiн жетiлдiру.

2) өнiмнiң бағасын  қалыптастыру немесе кәсiпорынның  сапа жүйесiн жетiлдiру.

3) өнiмнiң тартымдылығын  арттыру немесе кәсiпорынның маркетингтiк  жүйесiн жетiлдiру.

4) өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету немесе өндiрiстi мемлекеттiк қолдау.

Әлемдiк  тәжiрибеде бәсекелестiк негiзде  ел экономикасын көтеруге зор мән  берiледi. Қазiргi экономикалық дамуда қалыптасқан заңдылықтар  басқа елдермен қарым-қатынасты, сауда-саттықты ұлғайтуды көздейдi. Бұл елдiң iшкi ресурстарын ұтымды пайдалануға, экономикасын көтеруге мүмкiндiк бередi және өндiрiсте ауыл шаруашылығы өнiмдерiн  өңдейтiн кәсiпорындар  ашуға мүмкiндiк туады, ауылда пайдаланылатын техникаға, жанармайға сұраныс қалыптасады. Сондықтан ауылдағы кәсiпкершiлiктiң бәсекелiк деңгейiн көтеру үлкен мақсатты, үлкен талапты қалыптастырады.

Өнім  сапасынның көрсеткіштері мен оған әсер ететін факторлар

Қазіргі нарықтық экономика шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі заманда кез – келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өз кезегінде  бәсекеге жарамдылық екі факторға байланысты – баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте – бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

Өнім сапасы кәсіпорын қызыметінің ең маңызды  көрсеткіштер қатарына жатады. Сапа –  бұл өнім сапасының өін – өзі ақтауы, қажетті жағдайда тұтынушының қажетіне сәйкес нақты қанағаттандыруы болып табылады.

Сапа – өнім қасиеттерінің жиынтығын көрсетеді. Қасиеттер жиынтығы жақсы да жаман  да болуы мүмкін емес, сапа тек қатысты  болуы мүмкін. Егер өнім сапасына баға беру қажет болса, онда қасиеттер жиынтығын қандай да бір эталонмен салыстыру қажет. Эталон техникалық жағдаймен немесе бекітілген стандартты ең күшті  отандық немесе халықаралық үлгіде болуы мүмкін. Осы жерде «сапа деңгейі» (шетел әдебиеттерінде «қатысты сапа », «сапа көлемі») деп аталатын термин қолданылады.

Әйгілі Американдық  ғалым А. Фейгенбаум өзінің «өнім  сапасын бақылау» деп аталатын кітабында  өнім сапасы мен қызметі жөнінде  былай деді: Өнімнің және қызметтің  сапасы өнім мен қызметтің  техникалық, технолоиялық және эксплутациялық сипатының жалпы жиынтығын анықтайды және бұйым мен қызмет көрсету арқылы тұтынушылардың талаптарын жауап береді. Содан кейін автор мынаны айтады: сапа жалпы басқару әдістерінің көмегімен емес, тұтынушылар бойынша анықталады.

Кейбір мамандар өнім сапасын ғылыми – техникалық және тұтанушылық ғана емес, ол ең маңызды  экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол тұтынушылар  нарығымен тығыз байланысты. Егер тұтынушылар нарығы – жалпы тауар  пайдалылығы болса, онда өнім сапасы – нарықты жағдайда өнімді пайдаланудың тұтынушылық тұрақтылығының пайда болуын көрсетеді. Сапа тұтынушы тұрақтылығымен тығыз байланысты ғана емес, одан бөлінбейді, дегенменде оған тең емес. Сапа қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты бір уақыттағы бірнеше тұтынушылар нарығының қоғамдық деңгейін сипаттайды.

Сапа – бұл  тұтынушының өнімімен және қызмет көрсету  мен қанағаттандыру;

Сапа – бұл  дүкенге тауардың емес тұтынушылардың оралуы;

Сапа – бұл  бұйымды өндіруде және пайдалануда  энергияның және материалдардың аз мөлшерде жұмсалуы.

1.1Өнім сапасын көтеру мен экономикалық тиімділігінің мәні мен маңызы.

Өнім сапасын  көтерудегі экономикалық тиімділікті  анықтау үшін келесілерді ескеру қажет:

  • Кәсіпорында өнім сапасын жоғарлату үшін қосымша ағымдағы мерзімді шығындар талап етіледі;
  • Өнім сапасын көтерудегі экономикалық тиімділік өнімді дайындаушыдан емес , оны тұтынушыдан көрінеді;
  • Кәсіпорын өнім сапасын көтеру кезінде өнімді шығаруды және сатуды кеңейтуден сату бағасының өсуінен, экспортты кеңейтуден экономикалық пайда алады.

Сонында мұнын  бәрі кәсіпорынға қосымша пайда  түскенде көрінеді. Ол мына формуламен анықталады:

П = П+ Пу± (Сд – Сбр )

Мұндағы : П - өнім сапасын жақсартудан түскен қосымша  жалпы түсім.

Пv – кәсіпорынның өндіріс көлемін және өнімді өткізу көлемін кеңейтуден түскен қосымша түсім.

Пу – сату бағасының өсуінен түскен қосымша  түсім.

Сд – өнім сапасын көтерумен байланысты өндірісте  өнімді өткізудегі қосымша шығын.

Сбр – өндірістік ақаулардың қысқаруымен байланысты шығынның төмендету көлемі.

Көлемді есептеудің әдісі П мына формуламен анықталады:

П = (Цн –Сн )(Цст – Сст )Vст

Цст – жаңа және ескі сату бағасы

Мұндағы : Цн, Сст, Сн – өнім сапасын көтеруге дейінгі  және кейінгі өнім шығару көлемі.

Өнім сапасын  көтерудегі жылдық экономикалық тиімділік (Э) былай анықталады:

Э =П – ЕнК 

Мұндағы : Е – ақша қаражаттары тиімділігінің нормативті коэффиценті.

К – өнім сапасын  көтеру үшін кәсіпорынға қажетті  қосымша ақша қаражаты.

Ақша қаражаттарының экономикалық негізделуі үшін (К) өнім сапасын көтеру үшін қаражатының (Е) тиімділігінің абсолютті коэффицентін анықтау керек және оны нормативті көлеммен (Ен) немесе кәсіпорындардың активтер тиімділігімен (Rа) салыстыру керек:

Е= П/К

Егер Е>Ен немесе Е> Rа болса, онда мұндай жағдайда кәсіпорында  өнім сапасы тиімді және керісінше.

Өнім сапасын  әсер ететін факторлар  негізінде  өнім сапасынның және оның бәсекеге қабілеттілігін көтерудің негізі жолдарын анықтау  қиын емес. Олар келесідей:

  • Өндірістік техникалық деңгейін көтеру;
  • Білікті мамандар деңгейін көтеру;
  • Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, оның ішінде өндірісті мамандандыруды дамыту;
  • Кәсіпорынға түсетін шикізат, материал комплект детальдардың сапасына бақылау жүргізу;
  • ОТК жұмысының тиімділігінің көтеру, бұнда негізгі тәртіп дайындалған өнімнің ақаулығына емес, ол сапасыз өнімнің шықпасы үшін өндірісте алдын – ала жасалуы қажет, кәсіпорында метрологиялық қызметтің техникалық деңгейін көтеру;
  • Персоналдарды өз міндеттемелерін жоғары сапада қолданғаны үшін материалды және моральдық ынталандыру;
  • Маркетинг қызметін құру;
  • Өнімді дайындауда барынша сапалы жаңа материалды енгізу;
  • Өнімді өндіруде және сатуда шығынды төмендету;
  • Тұтынушылардың өнім сапасына және нарық коньюнктурасы талаптарын зерттеу , білу;
  • Жарнамалау, тарату;
  • Тиімді сату бағасын бекіту және т.б.

Бұлардың әрқайсысы  өнім сапасының жоғарлауына алып келуі мүмкін, бірақ сапа мәселесін  толықтай шеше алмайды. Сол үшін осы  мәселелерді шешуде кешенді әдістемені қолдану талап етеді, яғни әр кәсіпорында (әсіресе ірі және орташа) ИСО 9000 стандартымен сәйкес келетін өнім сапасын басқару жүйесі енгізілуі және дамытылуы керек.Қазақстан экономикасын қайта қалыптастырудағы ең бір маңызды мәлелелердің бірі – отандық өнімдердің сапасын қамтамасыз ету механизімін құру. Әлемдік тәжірбие көрсеткендей, осы механизмнің маңызды элементі ИСО 9000  сериялы халықаралық стандартымен сәйкес келетін сапа жүйесін енгізу және ұйымдастыру болып табылады.

Қазақстан экономикасына  инвестиция тарту және оның көлемін  ұлғайту мақсатына ҚР Үкіметі 2003жылы  590 – шы Қаулысымен  2003-2008 жылдарға арналған республикалық сапа бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарламаның негізі мақсаты ҚР – ның  кәсіпорындарына сапа жүйесін енгізу және тауарлардың, жұмыстар мен қызымет көрсетулердің сапасын арттыру болып табылады.

Республикалық «Сапа» бағдарламасының негізгі міндеттері:

  • Көзделген өткізу рыноктары стандарттарының талаптарына сай және тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын, ішкі және сыртқы рыноктарда сапалы және бәсекеге қабілетті тауарлар өндіру үшін жағдай жасау;
  • Шет еледермен саудада техникалық кедергілерді жою жолымен отандық тауар өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыруға көмек көрсету;
  • Осы негізде әлемдік экономикаға ҚР – ның ықпалдасуы проблемасын шешу;
  • Өнімнің сапасын арттыруға жәрдемдесетін құқықтық , экономикалық ұйымдастырушылық және әлеуметтік жағдайлар жасау;
  • Сапа саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
  • Отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін енгізу;
  • Сапаны арттыру саласында іс шаралар ұйымдастыру және насихаттау болып табылады.

Қазіргі жағдайда сапа жүйесінің сертификациясы және енгізілуі – бұл кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығы және сенімділігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің арттуы және тұтынушылар сенімділігін жаулап алады.

Шетелдік мамандардың айтуынша,сапа жүйесіне сәйкес келетін сертификат кәсіпорынға көп пайда мен артықшылық алып келеді дейді. Кәсіпорынға сапа жүйесін енгізудің қортындысында еңбек, орындаушылық қабілет, басқару процесі жоғарылайды және әртүрлі жоғалтулар қысқарады, сапаны қамтамасыз ету шығындары төмендейді, содай – ақ кәсіпорының нарықтағы жағдайы нығаяды, өндірісік мәдениет жоғары деңгеймен қамтамасыз етіледі.

Өнім сапасын бақылау және көтеру