Өнім туралы мәлімет

Мазмұны

бет

 

Кіріспе

1. Өнім туралы мәлімет

2.Технологиялық процесс

3. Өндірісте пайдаланылатын  өлшеу құралдары мен әдістері

4. Өлшеу құралдарын  салыстырмалы тексеру

5. Метрологиялық қамтамасыздандырудағы  нормативтік-

    технологиялық құжаттар

6. Қорытынды

7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Өлшеу жұмыстарын жүргізуді, өлшеніп алынған нәтижелерді  математикалық жолмен есептеуді  тиісті ережелер мен тәсілдерді басшылыққа ала отырып орындау қажет. Дегенмен, ешқандай өлшеуді абсолют дәлдікпен орындай алмаймыз. Өлшем нәтижелерінде әрқашан да белгілі бір қате болады. Эталонмен салыстырылған өте дәл құралдармен өлшегеннің өзінде өлшем нәтижелерінде азды-көпті қате кетеді. Берілген шаманы өлшеуіш аспаптың дәлдігінен де жоғары дәлдікпен өлшеу мүмкін емес. Мысалы, қатесі 0,1 % болатын сызғышпен (яғни, 1 м сызғыштың дәлдігі мм) ұзындықты 0,001 % дәлдікпен өлшей алмаймыз. Сөйтіп кез келген физикалық шаманы өлшегенде ылғи да белгілі бір қателікпен өлшейміз. Өлшеу процесінде шаманың сандық мәнін табумен қатар өлшеу кезінде жіберілетін қатені анықтау қажет болады.

 «Метрология» деген  сөз гректің «метрон» - өлшем,  «логос» - ілім дейтін екі сөзінен құралған. Метрологияның сөзбе–сөз мағынасы - өлшеу туралы ілім. Қазіргі кездегі анықтама бойынша, метрология - өлшеу туралы, өлшеу бірегейлігін және дәлдігін қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері туралы ғылым.

Метрологияның шешетін  басты мәселелері:

- өлшеудің жалпы теориясы;

- физикалық шамалардың  бірліктері мен жүйелер; 

- өлшеудің тәсілдері  мен құралдары;

- өлшеу дәлдігін анықтау  тәсілдері; 

- өлшеудің біркелкілігі  мен өлшеу құралдарының біртектілігін  қамтамасыз ету;

- өлшеудің үлгі құралдары мен эталондары;

- бірлік өлшемін эталоннан  үлгіге және одан өлшеу құралдарына  беру тәсілдері жатады.

Осыдан, метрологияның басты мақсаты өлшемнің бірегейлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету екенін көреміз.

19 ғ-ға дейін Метрология  әр өлшеуіштерді (сызықтық, іштілік,  салмақ, уақыт) сипаттап жазумен,  сондай-ақ түрлі елдерде қолданылатын  манеталар мен олардың арасындағы қатынастарды анықтау мен айналысқан. Өлшеулердің мертлік жүйесінің жасалуы (18 ғ-дың аяғы) Метрологияның дамуында жаңа кезең ашты. 1875 ж. метрлік конвенция құрылды және өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі халықаралық бюро ұйымдасты. Конвенцияға қол қойған барлық елдер үшін метрлік өлшеуіштердің жаңа эталондары жасалды.

Ғылым мен техниканың, өндірістің дамуында Метрологияның  ролі артуына байланысты, 19 ғ-дың  аяғы мен 20 ғ-дың басында көптеген елдерде метрологиялық ғылыми-зерттеу  институттары ашылды. Россиядағы өлшегіштер мен таразылардың Бас палатасы (1893) (қазіргі Д. И. Менделеев атындағы бүкілодақтық метрологиялық ғылыми-зерттеу институты), Германиядағы физика-техникалық институт (1899), АҚШ-тағы ұлттық стандарттар бюросы (1901) т.б.

Метрология – физикалық мөлшерлердің өлшеу, олардың бірліктерін қамтамассыз ететін құрал және әдістер,қажетті дәлділікке жету әдістері туралы ғылым.

Метрологияның мақсаты  – физикалық мөлшерлердің жүйесін  анықтау, олардың өлшеу құралдарын және әдістерін дамыту, өлшеу дәлдіктерінің бағалау әдістерін, өлшеу бірлігін қамсыздандыру, өлшеу құралдар, үлгілермен жабдықтау.

Өлшеу – арнайы техникалық құрал көмегімен физикалық мөлшерлердің сады мағынасын анықтау.

Метрологияның негізгі  түсініктемелерін МЕМ СТ 16263-70 «Өлшеулердің бірлігінің қамыз ететін мемлеттік жүйесі. Метрология. Терминдер мнен анықтамалар» тұжырымдалған.

Өлшеу құралы – қолданушы  қабылдауына оңай немесе өлшеу нәтижелерін  өңдейтін техникалық құралдар түрінде өлшеу ақпаратты бейнелеу және өлшеу құралы.Өлшеу әдістері - өлшелінетін физикалық мөлшердің мағынасын алу мақсатымен өлшеу құралдарын және принциптерін пайдалану әдістері.

Өлшеу құралдарының автоматты  жүйесінің негізгі сипаттамасы – дәлділік. Дәлділік берілген ауытқу негізінде анықталады- абсолютті ауытқудың осы құралдың соңғы көрсеткіштерінің айырымына қатынасы.

Өлшеуді абсолютті және қатынасты ауытқуға бөледі. Өлшеудің абсолютті ауытқу деп өлшеу нәтижесімен осы мөлшердің шын мағынасымен айырымын түсінеді. Өлшеудің қатынасты ауытқуын абсолютті ауытқудың өлшеу мөлшердің шын мығынасына қатынасын түрінде анықтайды. Өлшеу құралдарының сипаттамасы өлшеу әдістер қолдануға байланысты автоматты бақылау жүйесінде келесі әдістер жиі қолданылады: нөлдік, мөлшермен салыстыру, тікелей бағалау, қарама-қарсылық, түйсіну,т.б.

 

 

 

 

1. Өнім туралы  мәлімет

 

Бетонға арналған тұтқырлар  мен толтырғыштар ортаның агресиялылығы, технологиялық жағдайларын жан-жақты ескере отрырып бетонның берiктiгi, аязға төзiмдiлiгi, су өткiзбеуiштiгi жөнiндегi жобалық маркаларына байланысты таңдайды.

Цемент маркасын, тұтқырының шығыны аз бетон алу үшiн, бетонның берiктiгi жөнiндегi жобалық маркаларына байланысты таңдайды. Толтырғыштың берiктiлiгi мен аязға төзiмдiлiгi бетонның жобалық маркасына сай келуi керек.

Бетон құрамын дұрыс  анықтаудың техникалық-экономикалық маңызы зор. Мақсат бетон қоспасының қажеттi реологиялық және техникалық қасиеттерiн, бетонның жобалық сипаттамалары- берiктiк, аязға төзiмдiлiк, су өткiзбеушiлiк жөнiндегi маркаларын алуды қамтамасыз ететiн экономикалық тиiмдi құрамын анықтауда.

Бетон құрамын анықтауда  әдетте құрамды алдын-ала формуламен есептеудi және одан кейiн есептелген құрамды, бетонды пробалық батыру көмегiмен  тексерiп, нақтылауды қарастыратын есептi-тәжiрбиелiк  тәсiлiмен жүргiзедi. Есеп салмағы бойынша, су, ұсақ және iрi толтырғыштардың 1м3 тығыздалған бетон қоспасына шығыны, бетон қоспасының және бетон берiктiгiнiң берiлген қасиеттерiнен шыға отырып, бетонның құрамын анықтауға болады.

Бетон қоспаларын құрастырмалы темiр бетон кәсiпорынының бетон  араластыру цехтарында немесе құрлысқа қызмет көрсететiн орталық автоматтандырылған бетон-зауыттарға дайындайды. Бетон қоспаларын дайындау процесi барынша бiртектес масса алуды қамтамасыз етуi тиiс. Ол дәл үлестеу және бастапқы материялдарды араластырудан тұрады.

Жылжымалы бетон қоспаларын алу үшiн әдетте құлау бетон араластырғыштарын пайдаланады. Араластыру барабанды 1, араластырғышты 2 iске қосқанда материалдарды қалақшалармен 3 сан мәрте көтерiп бiршама биiктiктен 5 тастап жiберу нәтижесiнде жүредi. Бiртектес бетон қоспасын алу үшiн араластырудың ұзақтығын араластырылатын заттың аумағына, қоспаның қаттылығына байланысты болып, сиымдылығы (толтырылуы) 500 л араластырғыштар үшiн 1-1,5 мин, 1200 л 1,2-2 мин, 2400 л 2-3 мин уақыт құрайды.

Бетон араластыру қондырғыларында, цемент әдетте ауа қысымы бар транспортпен, толтырғыштарды бетон араластырғыш қондырғымен байланыстыратын енi галереяда орналастырылған ленталы транспортермен беру қарастырылады. Толтырғыштар мен суды қыс айларында жылыту да қарастырылады. Бетон араластыру қондырғыларын автоматтандыру тақтағыштарда қолдануға, содай-ақ араластырудың барлық кезiнен қашықтықтан немесе бағдарламалық басқаруға негiзделген.

Бетон қоспасы, тығыздалу  процесiнде өзiнiң берiктiлiгiн сақтай отырып, қалыпты толтыруы тиiс. Бетон  қоспасының тығыздалуын бетон қоспасын, тығыздалу процесiнде өзiнiң берiктiлiгн сақтай отырып, қалыпты толтыруы тиiс. Бетон қоспасының тығыздалуын бетон қоспасының iс жүзiндегi аумақтық салмағының есептi ауқымдық салмығына қатынасы түрiндей тығыздалу коэффицентiн көлемi бойынша бақылайды. 1 ге жуықтауы (0,98-1,0) аралығында болуы тиiс.

Тығыз жүйелi бетон алу  үшiн бетон қоспасының ыңғайлы  орналасушылығы тығыздалуын таңдап алынған әдiсi мен интенсивтiлiгiне сәйкес болуы тиiс.

Бетон қоспаларын тығыздаудың  негiзгi әдiсi шайқау болып табылады. Шайқау кезiнде шайқағыш тудыратын жиi тербелiстер бетон қоспасының бөлшектерiнiң тербелмелi қозғалысын тудырады.

Бөлшектер арасындағы iшкi үйкелiп пен кiрiгу күштерi азаяды, толтырғыштардың түйiршiктерi жинақты  орналасады, олардың аралығы цемент қамырымен толады, ал ауа көпiршiктерi сыртқа ығыстырылып шығады. Шайқап тығыздаудың пәрмендiлiгi шайқаудың интенсивтiлiгiне жәнә ұзақтығыны байлансты болады.

Шайқап тығыздаудың  интенсивтiлiгiн сипаттайтындар: тербелiс  ауытқуы(тербелмелi қозғалыс кеiндегi бөлшектердiң ең үлкен ауытқуының жартысы) мен тербелiс жиiлiгi.

Бетон қоспасының тығыздалуының  пәрмендiлiгi шайқап тығыздаудың резонансты режимiнде елеулi артады, мұнда қоспа  бөлшегiнiң мәжбүрлiтербелiсiн жиiлiгiмен  сәйкес келкдi.

Әр бетон қоспасы  үшiн тербелiстiң ауытқуы мен жиiлiгiн дұрыс ұштастыру арқылы қол жеткiзiлетiн, шайқаудың тиiмдi интенсивтiлiгiн тағайындайды. Көп жағдайда бетон қоспасын тығыздаудың жиындық тәсiлдерiн қолданады. Мәселен қатты және аз жылжымалы бетон қоспасының жасалған күрес тырмалы темiрбетон бүйымдарын қалыптау кезiнде салмақ астында шқау қолданады.

Темiр бетон-бетон мен  болат арматура бiрiктiрiлген құрылыс  материялы арматура констпукциясыныңу  созылып жатқан аймағында орналасқан әрi созылмалы кернеудi қабылдайды, қысым кернеуi бетонға берiледi. Бетон мен болат арматураның бiрiктiрiп, қосуда, созуға және июге жоғары берiктiк бередi.

Бетон мен болат арматураның  мүлтiксiз жұмысы, арматура өзегiнiң  бетон бойымен сыырғуына жол  бермейтiн, өзара кiрiгудiң елеулi күшiне және температуралық деформацияның үйлесiмдiлiгi 20 дан + 800С дейiн аралықты негiздеген.

Темiр бетон консрукциясы монолиттi- құрылысты орнында бетондалады  және құрастырмалы-құрылыс алаңында жекелеген элементтерден жинақталады  деп бөледi.

Темiр бетон консрукциялары кәдiмгi және алдын-ала кернеулендiрiлген арматуралы деп бөледi. Темiрбетон конструкцияларын алдын-ала кернеудiң негiзгi идеясы, оларды дайындау барысында бетонның күнi iлгерi сығымдалатындығында. Соның нәтижесiнде бетон сығымдау туғызған сығу кернеуiмен асып түсетiн болса, бетондар жарықшақтар пайда болуының алдын-алуға сөйтiп оның күнi бұрын бұзылуын болдырмауға болады.

Алдын-ала кернелген  арматуралы темiрбетон консрукциясының  негiзгi екi түрiн бөледi: арматурасы бетондауға дейiн созылған консрукция. Алғашқы жағдайда арматураны алдын-ала созады да екi ұшын бекiтедi.

Адын-ала кернелген  консрукциялар үшiн жоғары маркалы  бетон мен берiктiгi жоғары арматуралық  болатты қолданады. Арматура өзегi мен  бетон арасындағы кiрiгудi жақсарту үшiн өзгермелi профилüдегi арматураны қолданады.

Алдын-ала кернелген  темiрбетон консрукциялары әдеттегiге қарағанда анағұрлым тиiмдi. Оларда арматурамен болаттын көтерме қабiлетi толығырақ пайдаланылады, сондықтан  бұйымның салмағы азаяды. Сонымен  бiрге бетонның алдын-ала қысылуына  байланысты созылмалы аймақта жарықшақ пайда болуына жол берiлмейдi, сөйтiп конструкцияның жұмыс iстеу уақытын ұзартады.

Құрама темiрбетон бұйымдардың  өндiруi келесi негiзгi технологиялық  бөлiнулерден тұрады: бетон қоспасын дайындау, арматуралық элементтердi дайындау, арматуралық элементтердi қалыптарға бекiту, бұйымдарды қалыптау, бетонды қалыптау, бұйымдарды қалыптардан босатып келесi циклге дайындау, айдындарын жинау және әрлеу.

Өндiру процесi бөлек операцияларға бөлiнедi: қатаң жүйелi түрдегi арнайы жабдықталған жұмыс орындарында жүргiзiледi. Бұйым өндiрiстi ауыспалымсыз және ауыспалы әдiстерiмен ұйымдастыруға болады. Бiрiншiге стенд әдiсi, екiншiге агрегат әдiсi жатады.

Стенд (қабырға) әдiсi бойынша  негiзгi процестер түрiнде жүргiзледi. Бұйымдар бетонның қажеттi қаттылығына дейiн орнында қалдырылады, ал технологиялық жабдықтар бiр бұйымнан екiншi бұйымға стенд арқылы қозғалдырылып тұрады. Бұл әдiс полигондарға арнайы жабдықталған темiрбетон бұйымдарды жасауға арналған ашық алаңдарда жүргiзiледi. Бұл әдiстi жоғары механикаландырылған зауыт өндiрiстерде аса үлкен мөлшердi, массивтi конструкциялар жасауда жүргiзiледi.

Тағы да алдын-ала кернеуленген темiрбетондар элементтер дайындауы  жүргiзiледi. Бұл әдiстiң тағы да қасиеттi түрi бар. Бiрден бiрнеше бұйымдар касеталар қалыптарда дайындалады.

Ағын агрегатты әдiсте  барлық операциялар (қалыптан алу, тазалау  қалыпты жинау мен майлау, арматуралау, бетон қоспасын құю және т.б.) арнайы жұмыс орындарында жылжымалы  түрде жүргiзiледi. Бұл әдiсте процес жоғары механикалық деңгейiмен автоматизациялау қажет етедi. Бұл әдiс өндiрiстiк, азаматтық және гидротехникалық құрылыстарда қолданылады.

Конвейр әдiсi бiр типтi бұйымдардың көп мөлшерде жасауында  қолданылады.

Әдiстердiң таңдауы  бұйымдардың ноиенклатурасына технологиялық  ережелерге, өндiрiс көлемiне байланысты.

Бетоннан жасалған конструкциялардың  көзге түсерлiк кемшiлiгi-сыртқыкүштерiнiң  әсерiнен пайда болатын iшкi созу күштерiне төзiмдiлiгi. Созу күштерiнен  бетон сызаттанып жарылады немесе морт сынады. Осындай кемшiлiктер бетонды  кеңiнен қолдануға жол берiлмейдi.

1-кесте

Шылауышқа ерiтiндi құрамдарын салу кезегi

Бетон қоспаларының түрлерi

Салу кезегi

Салынатын құрамдары

Ерекше белгiлерi

 

Ауыр бетон

1

2

Су толтырғыш, құм, цемент

қажеттi судың

20%

 

Жеңiл бетон, кеуек толтырғыштар

 

1

Бетон құрамдарын бiр  мезгiлде салынады

 

 

кеуекбетон

 

1

Бетон құрамдары бiр  мезгiлде салынады

 

 

Керамзит бетон

 

1

2

3

4

Толтырғыштар су (1) (2) байланыстырғыш су (толық)

қажеттi судың 2/3 бөлiгi құйылғаннан  кейiн 1мм араластыру керек


 

 

2-кесте

Бетон қоспаларын араластыру мерзiмi

Шылауыш салмағы

Бетон қоспасын араластырудың  ең қысқа мерзiмi

Конусының шегуi

 

20-60

60 тан көп

300-дейiн

800

1600

60

120

160

45

90

120


 

Ал бетонға темiр  өзек салынса, иiлiс-созылыс берiктiгi бiрнеше рет өседi. Мұндай бетон темiрбетон деп аталады. Сыртқы күшпен iшкi серпiгiш күштер теңдескеннен кейiн темiрбетон қирамайды. Жобаға сай инженерлiк есебi дұрыс жүргiзiлген темiрбетон конструкциялары сыртқы күш әсерiнен қалып мөлшерiн өзгертпейдi. Төзiмдiлiгi, паййдалану мерзiмi, берiктiгi ойдағыдай болады. Темiрбетоннан тұрғын үйлер, ғимараттар т.б. инженерлiк құрылыстардың iргетастан бастап шатырына дейiн керектi конструкциялар жасалады. Темiрбетон конструкциялары құрастырмалы және сом конструкциялар болып бөлiнедi.

Құрастырмалы конструкциялар материял және еңбек шығынын азайтып өзiндiк құнды төмендетедi. Құрылыс жұмыстарының сапасын арттырып мерзiмiн қысқартады. Осыған орай құрастырмалы темiрбетон конструкцияларын пайдалану жылдан-жылға өсе бермек. Сонымен қатар тiкелей құрлыс алаңында құйылатын солтемiрбетонның тиiмдiлiгiн де ескерген жөн. Ол темiрбетон биiк ғимараттарды, кеңiстiк құрылыстарын, элеватор, мұнара салғанда пайдаланылады. ±ылыми институттардың деректерi бойынша сом темiрбетонан салынған үйлерге еңбек шығыны панелüден қалаған үйлерден 10% қаңқасы темiрбетон үйлерден 24% төмен.

Құрылыста бетон ерiтiндiлерi толық механикаландырылған, автоматтандырылған арнайы кәсiпорындарда дайындалады. Бұл  кәсiп орындардың құрамына байластырғыш, толтырғыш үстемелер қабылдайтын, сақтайтын, оларды мөлшерлеп араластырғышқа жеткiзетiн қондырғылар, қоймалар және механизмдер кiредi. Жылдық, айлық, тәулiк қажеттiлiкке байланысты бетон кәсiпорындары аудандық, орталық зауыттарға және бетон қондырғыларына бөлiнедi.

Бетон зауыттары қоспаларды араластыру, дайындау тәсiлiне қарай циклмен немесе тоқтаусыз iстейтiн, ал қоспаларды араластырғышқа жеткiзу тәсiлiне қарай жеке және сатылы схемаларға бөлiнедi. Бетон шылауыштары қоспаны араластырып, шайқау -екшеу ерекшелiктерiне орай гравитациялық және мәжбүрлi араластыратын болып бөлiнедi.

Жаңадан игерiлiп жатқан келешегi мол аудандарда көптеген азаматтық, тұрғын үйлер, ғимараттар, өнеркәсiптiк, ауыл-шаруашылық т.б. құрылыстар салынады. Оларды қажет материялдармен қамтамасыз ету үшiн құрастырмалы темiрбетон конструкциялар мен бұйымдар жасайтын арнайы зауыттар iске қосылды. Осы кәсiпорындарға таяу жерден бетон ерiтiндiлерi мен қоспаларын дайындайтын аудандық зауытттар тұрғызылды. Аудандық зауыттар 20-30 жылға есептелiнiп салынады. Олар сағатына 250-300 м3 бетон ерiтiндiлерiн дайындап,

30-40 км қашықтыққа дейiнгi құрылыс алаңдарын қамтамасыз  етедi. Олар жиеамалы-жылжымалы болады, мезгiл-мезгiл орын ауыстырып отырады. 

Күрделi құрылыс алаңдарында  үйлердiң, ғимараттардың, т.б. құрылыстардың  конструкцияларын көлемдi; тұтас темiр-бетоннан құйғанда бетон ерiтiндiлерi үздiксiз жеткiзiлiп тұрып керек. Сондықтан мұндай жағдайлар үздiксiз жұиыс iстейтiн зауыттар, қондырғыларды қолданған жөн. Сондай-ақ бетонды құрылыс алаңына бiртiндеп жобадағы мөлшерi мен жеткiзген де тиiмдi. Бұл – бетонды қалыпқа құю, нығыздау, өңдеу жұмыстарына байланысты. Соған орай бетон ерiтiндiлерiнiң де дамыл-дамыл әзiрленгенi дұрыс. Мұндай жағдайларда циклды бетон араластырғыштар мен қамтамасыз етiлген зауытттар, қондырғылар пайдаланады.

Жеке, сатылы зауыттарда бетон қоспаларына енетiн байластырғыш толтырғыш, үстемелер бiрден жоғарыда орналасқан шанаққа көтерiлiп, төменгi араластырғышқа өз салмағымен түседi. Жалғыз текшел зауыттар шағын көлемдi болғанымен биiк келедi, сондықтан мұнда құрылыс, технологиялық жабдықтарды мондаждау жұмыстарының еңбек шығыны мол. Жалғыз текшiл зауыттарды ұзаққа созылатын құрылыс алаңдарында салған жөн.

Қос текшiл зауыттарда бетон қоспаларының құрамына енетiн заттар араластырғышқа екi рет көтерiледi. Бiрiншi рет- қоспа құрамалары қоймалардан жоғарыдағы шынақтарға көтерiлiп, мөлшерлегiштен өтедi де жердегi жинақтау шанағына түседi. Екiншi рет – жинақтау шанағынан араластырғыштарға көтерiледi де тарату шанағына қайта келедi.

 

 

 

 

 

 

2.Технологиялық  процесс

 

Технологиялық процесті сәтті жүргізу үшін процес жүргізілген параметрлер туралы мәліметтер білу керек.

Технологиялық процестің  ағымының мәліметтерін бақылау-өлшеу  құралдар көмегімен алады. Бақылау-өлшеу  құралдарға және өлшеу жүйесіне арналған негізгі анықтаулар мен терминологиялар, МЕСТ 16263-70 «Метрология. Терминдер мен анықтаулар»-да белгіленген.

МЕСТ 3925-59 «Өндірістік процестердің автоматтандыру схемаларындағы құралдардың шартты бейнелеулері мен негізгі мөлшерлері» - өлшеу және реттеу мөлшерлерінің белгілері берілген. Мысалы, температура – t, тұтқырлық – φ, концентрация – с, жылу мөлшері – Q, жылдамдық – V, т.б.

Өндірісті процесте адамды босату мақсаттарымен түрлі жабдықтар  қарастырылған. Осы жабдықтардың жиынтығы автоматтау жүйесін құрайды.

Технологиялық процесті тиімді басқару үшін оны өне бойы бақылау керек. Бұл мәселені автоматты бақылау жүйесі шешеді. Бұл жүйенің мақсаты – берілген физикалық мөлшерлердің мағынасын бақылау-өлшеу құралдар көмегімен анықтау. Технологиялық процесті метрологиялық қамтамасыздандыру - өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатады.

Автоматты реттеу жүйесін  қарағанда реттеу параметрі тұрақты  болуын талап етеді. Мұндай жүйелер  тұрақтылық жүйелер деп аталады. Кейде реттеу кезінде реттеу мөлшерді белгілі бір заңмен уақытына қарай белгіленген бағдарлама бойынша өзгерту керек болады. Бұл жүйелерді програмдық реттеу жүйесі деп атайды. Мысалы ретінде темірбетон зауытындағы бу камерасындағы температура өзгертуін келтіруге болады.

Автоматтау тұрақтылық жүйесінде реттеуші жұмысшылар белгілеген мөлшерді бір қалыпты деңгейде ұстап тұрады. Бағдарламалық реттеуіш жүйесінде бағдарлама тапсырғыш «кулачок» бар арнайы жабдықпен жылжытады. «Кулачекты» реттеуіш технологиялық параметр уақытта белгілі бір жағдайда өзгертетіндей етіп орнатады.

Автоматтандырудың маңызды шарты - өндіріс технологиясының мүлтіксіздігі. Метрологиялық қамтамасыздандырудың технологияға қоятын негізгі талаптар – технологиялық қатардың үздіксіздігін қамсыздандыру, технологиялық процестің үздіксіздігі, энергетикалық және материалдық ағымдардың бағыттарымен сай келетін жабдықтардың орынды орналасуы. Осы талаптарға технологиялық процестер сай болған сайын автоматтандырудың экономикалық тиімділігі жоғарылай береді.

Құрама темірбетон конструкциясын дайындау технологиясының әр операциялары автоматтандырылған: бетонараластырғыш цехінде, өнімдерді қалыптау процесінде, темірбетон өнімдерін жылумен өндіруінде, қысқаша айтқанда, өнім жасауда және сапасын бақылауда.

Бетон қоспасын дайындау цехінде цемент және қоспаларды вагондарда темір жолмен жеткізеді. Бункерлерге көтергіштер, конвейерлер, бетонараластырғыштар, өлшейтін құралдар, өзі жүретін бункерлер, т.б. жабдықтар пайдаланады. Барлық бұл жабдықтарды орталық пультте оператор реттеп отырады. Дайын бетон қоспасы транспортермен бетонсалғыш бункеріне жеткізіледі. Транспортер резинке лентамен алдыңғы және артқы барабандардан құрастырылған. Бетон салғыш қалыптарға бетон қоспасын тасымалдау үшін арналған. Тасымалдау жылдамдылығы - 12 метр/минут, жұмыс жылдамдылығы - 3 метр/минут.

Темірбетон  өнімдерінің жылумен өңдеуді автоматтандыру. Қалыпталынған темірбетон өнімдері жылумен өңдеуге тартылады. Өңдеудің дұрыс таңдаған температура режимінде жылудың шығыны минималды болады. Термокамераны автоматтандыру схемаларының ең қолданылатыны – қалыпталған өнімдердің жылыту процесін бағдарламалық реттеуді қарастыратыны.

Бағдарламалық реттеуде цемент және өнімдердің әр түріне тиімді жылыу режимі қамсыздандырылады. Бұл  берілген цемент қасиеттерін тиімді пайдаланып, шығынын азайтады.

Өнімдердің термоөңдеуін бағдарламалық реттеу үшін пневматикалық және электронды реттеуіштерді қолданады.

Ұра камераларын  автоматтандыру. Ұра камераларды корпус еденінен төмен орналастырады. Камера қабырғаларын қыш немесе бетоннан жасайды. Гидравликалық затворы бар жылытылған қақпақтармен жабады. Камераға ұзындығы бойынша – бір өнім, ені бойынша – 1-2 өнімдерді 3-5 қатар орналастырады.

Камера периметріне  перфорандырылған, әр 150-200 мм-де диаметрі 3-4 мм тесіктері бар құбыр орнатылған. Осы тесіктерден шыққан бу 60-700 төбеге шығады. Бу өткізгіштің кіріс жерінде камераға екі дроссельді шайбасы бар патрубоктар кіргізілген. Бұл шайбалар буды көбейтпей, шығымына шек қояды. Температураны жоғарылатқан кезде үлкен диаметрлі дросселді шайба арқылы барынша ашық вительде бу ең жоғары есептелген шығыны байқалады, ал біткеннен соң вительді толық жабады.

Схемада бул өткізгіште дифманометрдің (1) мен «өзінен кейін»(2) тура әсер ететін қысым реттеуіштің температураны бағдарламалық реттеуіші бу өткізгіште орналасуын қарастырған. Буландыру камераларында перфорандырылған құбырлар бір төмен қатарға құрастырылған. Бұл термоылғалдылық өңдеу режимін автоматтандырылған басқару жүйесін жеңілдетеді. Камера ішіндегі қысымды атмосфералық қысым деңгейінде сақтау үшін камера сыйымдылығы қайтар клапаны қондырылған құбыр арқылы атмосферамен байланысады, камера қысымсыз болады. Камерадан бу мен ауа қоспасы шығарылған сайын бу температурасы 1000 таза бумен толтырылады. Қысым камерамлары мұқият гирметикаланады, себебі камерадан шығарылған будын орнына мұздай ауа кіруі мүмкін – ол камерадағы температураны төмендетеді.

Буландыру процесі келесі операциялардан құрастырылады: камерадағы температураны жоғарылату, бұйымдарды изотермиялық жылыту, өнімдердің камера ішінде жартылай суыту. Буландыру камерада температура 80-980С шамада ұсталынады. Өнімдерді оптималды жылыту температурасы 90-950С, 600С-тан төмендетпеу керек. Ылғалдық 90-100% жақын болуы тиіс. Жылыту процесінен кейін өнімдерді камерада 50-400С дейін суыту керек. Камерадағы температура тұрақты бақылауда болып, реттелініп тұруы керек және де бу өткізгіштегі бу қысымы, оның шығыны бақылауда болуы тиіс.

Температураны электронды бағдарламалық  реттегіштер ПРТЭ-2М белгіленген  программа бойынша автоматты  реттеуді қамсыздандырылады. Реттегіштер  ТСМ типті электр мыс термометр  және атқарушы механизм – СВВ типті соленойд вентильдермен қоса жұмыс істейді.

Термоөңдеу процесін конденсат  температурасы бойынша автоматты  реттеу. Булау камерасына бу әжектр бойынша қатарымен жіберіледі. Температураны өзгерту үшін ТС1, ТС2 термометрлер конденсат құбырларында орнатады. Термоөңдеу процесінің автоматты программалық реттеу ПРТЭ-2М типті бағдарламалық реттегіш арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл құрал реттелінген температураны көрсетіп, жылыту өңдеуінің аяқталғанын көрсетіп тұрады. Бу беру тоқтатылған жағдайда жылыту өңдеуі автоматты созылады.

Будың болмаған уақытын өлшеу үшін қысым төмендеген белгі бергішті қолданады. Буға жол ашатын механизм ретінде электромагнитті винтель қолданады. Бу шығынын дифманометр есептейді. Температураны бақылауын және жазуын электронды автоматты компенсатор көмегімен жүргізеді. Бу беру вентилдің басқару режимінің қолды және автоматты болып қарастырған. Режим таңдауын айырып – қосқыш арқылы таңдайды. Әр камераға келесі технологиялық белгі беру жүйесі қарастырылған: светті - бу беретін вентилдің жағдайы; светті және дыбысты бу қысымының төмендеуі.

Пневматикалық бақылау және реттеу жүйесінің термоөңдеу процессін  автоматты реттеу.

Іргетас блоктарын термоөңдеу кезінде  параметрлерін ПУСК-3С атты орталықты бақылау автоматикалық реттеу және қашықтық басқару пневматикалық жабдығымен реттеуге болады.Бұл жабдық термоылғалдық өңдеді бір уақытта 10,20 камераларда реттеуге шамасы бар.Бұл жабдықтың ерекшелігі-конструкцияның қарапайымдылығы,жоғары ылғалдық пен шаңда жоғары эксплуатациялықсенімділік. «ПУСК-3С» келесі қызметтерді атқарады:берілген бағдарлама бойынша температураның позициялық автоматты реттеуіш жүргізеді; тапсырмадан ауытқу жағдайда жеке сигналдар береді;көрсеткіш құралдар бойынша таңдаған нүктеде технологиялық процесс барысын бақылайды;технологиялық процесстің барысын тіркейді;атқарушы механизмдермен қашықтық басқару жүргізеді; берілген мөлшерден ауытқу жағдайда процессті автоматты тоқтатады.

«ПУСК-3С» жабдығы термоөңдеу процесін автоматтық және қашықтық түрлерінде жүргізеді. Қашықтық реттеу жағдайда бу жеткізетін атқарушы механизмдер мен пневдотумблер көмегімен басқарады.

Автоматтық бағдарламалық реттеу бағдарламалық тапсырғыш көмегімен  жүргізіледі.Тапсырғышта «Уақыт-температура» режиміне сай келетін бағдарламалық  диск орналастырған. Қондырғыш жабдықты екі модификация: «ПУСК-3С-10» және «ПУСК-3С-20», 10 және 20 реттеу нүктелерге арнап шығарады.

«ПУСК-3С» жабдықтың ақпараттық бөлімі ауытқуларды автоматты есептеу  және оларды мүмкіндік нормалармен  салыстыру принцип негізінде  жұмыс істейді.

Автоклавтардың жылыту режимін  автоматтандыру.

Автоклав-ол қысым негізінде істейтін герметикалы жабылатын түтікше.

Құрылыс индустриясында артық қысымда  істейтін автоклавтарды қолданады. Бұл автоклавтар ұзын және үлкен  диаметрлі болады.

Жылыту режимінің автоматты басқару жүйесінде бағдарламалық басқару қарастырған. Соңғы жылдары «Астра» реттеу жүйесін кеңінен қолданады. «Астра» реттеу жүйесі тоқтың шығу дабылы 0-5мА реттеу және өлшеу құралдар комплектіден тұрады. Бұл жабдық бағдарламалық реттеу, бақылау, белгі беру, температура мен қысымды жазу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Өнім туралы мәлімет