Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Жоспар:

 

 1  Шығындар  есебінің негізі.

1.1. Шығындар есебінің  жалпы сипаттамасы.

1.2. Өндірістік шығындардың жіктелуі.

1.3. Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру.

 

 

2 Өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау.

2.1. Өнімнің өзіндік құнын  калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы ролі.

2.2. Калькуляциялаудың принциптері  және оның объектісі.

2.3. Калькуляциялаудың әдістері.

 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

 

         Қазіргі таңда кәсіпорынды басқарудың ғылыми тәсілін дамыту қажеттілігі туындап,  ақпараттық жүйелер кеңінен дамып,  бухгалтерлік есеп және аудит мәліметтеріне талап күшеюде. Соның ішінде өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясына басты назар аударылуда. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі кәсіпорындар мен фирмалардың   жұмысында аталған учаскелердің бухгалтерлік есеп жүйесінде "басқару есебі" деп бөлінуі жай емес.

 

         Басқармалық ақпарат қазіргі жағдайда өндірісті басқарудың ажырамас бөлігі, ал басқару есебі басқарманың барлық деңгейін жеткілікті түрде қажет ақпаратпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.Шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнына және өндірістің рентабельділігіне  өндірістік шығындардың құрамы, өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуы, салалық ерекшеліктері үлкен ықпал етеді. Сондықтан өнеркәсіптің  барлық салаларында басты назар капиталдық, еңбек, қаржы ресурстарын, табиғат байлықтарын дұрыс және тиімді пайдалануға, артық шығындарды жоюға аударылуы тиіс. Аталған мәселелердің қазіргі уақыттағы өзектілігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды.

Өндірістік есептің ұйымдастырылуы өндіріс ерекшеліктеріне             тікелей байланысты болғандықтан жұмыстың бірінші тарауында  зерттеліп отырған кәсіпорындағы сыра  өндірісінің технологиясы қарастырылып, шығындардың жіктелуі мен олардың есебін жүргізу тәртібі зерттелді.

Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы. Шығындардың өндіріс үдерісімен байланысы тұрғысынан өнімнің цехтық, өндірістік және толық құны түрлеріне бөлінеді. Цехтық өзіндік құнда цехтарда өнім өндірумен байланысты шығындардың өзіндік құны қамтылады. Өндірістік өзіндік құнға цехтық өзіндік құн жалпы өнеркәсіпті басқарумен, ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнды және өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындар және өнімді өндіруге қатысы жоқ басқа да шығындарды қамтиды. Ресурстарды үнемдеуге көптеген техникалық-экономикалық факторлар әсер етеді, олар ішкі өндірістік және өндірістен тысқары факторларға бөлінеді. Өндірістен тыс факторлар – кәсіпорын ықпал ете алмайтын факторлар. Оларға салықтар мен төлемдердің ставкалары, шикізаттың, материалдардың, машиналар мен жабдықтардың нарықтық бағасы, көлік тарифтері мен электр энергиясының тарифтері және басқалар жатады. Ішкі өндірістік факторлар –кәсіпорын тарапынан басқарылатын факторлар. Оларға өнімділігі жоғары техника мен прогрестік технологияны енгізу, өндірістің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы деңгейін арттыру, негізгі капиталды тиімді пайдалану, айналым қаражатының айналымдылығын жеделдету, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттыру, еңбек пен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру, т.б. жатады. 
Кәсіпорынның шығындары өндіріс үдерісімен байланысының сипатына қарай негізгі және үстеме шығындарға, олардың жекелеген бұйымдардың өзіндік құнына жатқызылуы тәсіліне қарай тікелей және жанама шығындарға, өндірістің көлеміне қарай шартты-тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлінеді. Сондай-ақ шығындарды экономикалық мазмұнына және калькуляцияның баптарына қарай да топтастыру қабылданған. Шығындардың экономикалық нышандары бастапқы, біртекті топтар болып келеді. Калькуляцияның баптары бойынша топтастыруда шығындардың орны мен мақсаты ескеріледі

Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, онын бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады. 
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталыпқорытылады. 
Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді. 
Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) бірлігіне қанша болатынын есептеу. 
Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі – калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды. 
Курстық жұмыстың өзектілігі – кәсіпорындарда өнімдердің өзіндік құнын есептеудегі әдістерді қолданылуы. Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген кызметтердің бір өлішемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік кұнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады. 
Ал өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп – белгілі бір өндіріс шығындар есебінің көрсеткіштеріне сүйене отырып, өнім бірлігінің құнын шығару болып табылады. 
ХҚЕС бойынша өндірістік кәсіпорындарда өнімдердің түрлеріне, олардың күрделілігіне, өндірістің типіне байланысты қолданылатын шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің 3 әдісі қарастырылған, олар, нормативтік, тапсырыстық, бөлістік. Бірақ жеке ұйымдар шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің қарапайым әдісін пайдаланады. 
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытыңдыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 тарау. Шығындар есебінің негізі.

1.1. Шығындар  есебінің жалпы сипаттамасы.

 

       Шығын – тауарға және жұмысқа төленетін ақша.

« Шығындар қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық субьектінің балансында актив ретінде көрсетілген, келешекте табыс әкелуге қабілетті қаражаттар » - бұл Г. М. Лисович пен И.Ю.Ткаченконың шығынға берген түсініктемелері.  Осымен қатар кәсіби әдебиеттерде осы ұғымның басқалай да трактовкасы ( түсіндірулері ) кездеседі. Мәселен, проффессор Ч.Т. Хорнгерн, Дж. Фостер келесідей түрде тұжырымдайды: « Шығындар – тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынылатын ресурстар ( ақшалар )». Тура осындай мазмұндағы анықтаманы кейінірек проф. А.Д.Шеремет және басқа да авторлар берді. Бұл ұғымдардан «шығындар» тұжырымдамасының абстрактілі екені көрінеді. Сондықтан да осы күнге дейін экономикалық әдебиеттерде шығынның анықтамасы бойынша көзқарастардың біртұтастығы жоқ. Отандық тәжірибеде ұқсастығына байланысты «шығындар», «шығыстар», «жұмсалған қаражат» бірдей деп теңдестіріледі және «өндіріс шығындары»  немесе «өндіріске жұмсалған шығын» терминдері бір мағынада қолданылады. Соған қарағанда шығын сөзінің табиғаты әр қилы ахуалға байланысты түрлі мәеге ие болатын сияқты. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін бірнеше әдістермен жіктеледі, яғни шығын бір мағыналы ғана емес. Шығын факторы – шығындардың пайда болуына әкелетін кез-келген оқиғалар не жағдайлар, олар әр түрлі мақсатқа байланысты топтастырылады.

Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек. Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз – шешімдердің типтес топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу обьектілерін таңдау.Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне жатқызса,  кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоұ екенін ескеруі тиіс. Өндірістік шығындарды тексеру мақсатына қарай әр түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады.

  1. Құрамы бойынша:   

<![endif]>Өндірістің көлеміне байланысты:     

 

                                           Ауыспалы.

 

                                           Тұрақты,т.б.

  1. Орташаландыру дәрежесі бойынша:

 

                                            Жалпы.

 

                                            Орташа.           

  1. Басқару тәсілдері бойынша:

 

                                           Өндірістік.

 

                                           Коммерциялық.

 

                                          Әкімшілік.

  1. Өзіндік құнға кіргізу әдісі бойынша:

 

                                         Тікелей.

 

                                         Жанама.

 

    6. Пайда түскен кезеңге  шығындарды реттеу және жинақтау.

 

                                         Өнімге.

 

                                         Кезеңге.

 

     «Шығындар» ұғымына  өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты активтердің азаюы ( материалдар, ақшалай қаражаттар ) немесе міндеттемелердің артуы ( кретиторлық қарыз ) енеді. «Шығындар» мен «шығыстар» ұғымдарын толығымен ұқсас деуге болмайды. Қаржы саласындағы стандарттары бойынша  «Шығыстар» - есепті кезеңде активтерді пайдалану немесе есептен шығару жағдайында табыстың азаюы, сондай-ақ капиталдың кемуіне әкелетін және соған сәйкес қосымша міндеттемелердің пайда болуы.

 

     «Шығындардың» мәнін  жеткілікті түсіну үшін , оны үш жақты қарастыру керек. Біріншіден, шығындар ресурстардыпайдаланумен анықталады.

Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетіледі, сөйтіп пайдаланылған ресурстардың санын көрсетеді. Үшіншіден, шығындар кез-келген бөлімшенің қызметі, өнімді өндіру, түрлі қызметтердің іске асырылу жайын (мақсатын) салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда бір мезгілде белгілі мақсаттарға ақшалай (кейде натуралды не материалды емес) көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді. «Шығындарды» есепте көрсету соңғы өнім болып табылмайды, ол мақсатқа жету құралы ретінде көрінеді. Икемді шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде «өздерін түрліше алып жүреді», ал жекелеген тұрғыдан қарасақ, шығын – пропорционалды, прогрессивті немесе дегрессивті түрде көрінеді. «Шығынның» мұндай әрекетін көре тұра шетелдік әдебиеттерде, теориялық еңбектерде  «шығынның әрекеті (қылығы)» деген термин өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы (қарқыны) туралы айту қабылданғанмен, «шығынның әрекеті (қылығы)» термині тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін болатын тұрақты, қалыпты жағдайын көрсететін  өте ауқымды ұғым болып табылады. Шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің деңгейлеріне тәуелді «шығындардың әрекеті (қылығы)» қалай өзгеретінін көрсету өте маңызды роль атқарады. Сондықтан шығынға қарап бюджетті жоспарлағанда келесідей мәселелер туады:

  • Келесі жылға өндірістік қызметтің қандай түрін жоспарлау керек?

  • Сатылатын тауарлардың көлемінің өсуіне байланысты сату бағасын азайту керек пе?

  • Өнімді сатумен айналысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қандай нысанда болуы керек: комиссиондық сыйақы, жалақы немесе олардың комбинациялары?

  • Өнім шығарудың мөлшерін арттыру үшін қосымша құрал-жабдықтар сатып алу керек пе?

 

      Есептік ақпараттарды  жіктеу схемасының көптігіне байланысты эталон ретінде олардың қандай да бір түрін бөліп алу қиындық туғызады, өйткені классификациялау схемасы ақпараттың арналымына (мақсатына) тәуелді. Сондықтан шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізде жіктеудің үлкен мағыналық мәні бар.(1-кесте)

Өнімнің өзіндік құнын төмендету – кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі ең басты міндеттердің бірі. 
Оның негізгі көздеріне:

  1. бір өнімге жұмсалатын шикізат, материалдар, отын және энергия шығынын төмендету;

  1. бір өнімге шаққандағы амортизациялық аударым шамасын азайту;

  1. әкімшілік бас-қарушылық шығындарын төмендету;

  1. бейөндірістік шығындар мен шығасыны барынша азайту жатады.

Бухгалтерлік және экономикалық шығын түрлеріне де бөлінеді. Бухгалтерлік шығындарда тек көзге көрінетін шығындар, яғни тұтынылатын ресурстар үшін төленетін төлемдер қамтылады. Экономикалық шығындар көзге көрінетін (бухгалтерлік) шығындар мен көзге көрінбейтін (сатып алуға жатпайтын) ресурстардың құнынан құралады

Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. 
Өндіріс шығындарын жіктеп болудің бірнеше жолдары болады. 
Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нөтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынныңөндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. 
Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. 
Айқын шығындар (explicit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы,жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б. 
Айқын емес шығындар (implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығынын) атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Тұрақты шығындарға (fixed costs FC) — осы мерзімде өндіріспен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес

шығындар. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді.

Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялык, заемміндеттемелеріне сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардыңамортизациялық төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандарының еңбек ақысы. Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп екі топқа бөлуге болады. қалдық шығындарға өндіріс пен өткізубелгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатынкәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттык шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. 
Өзгермелі шығындарға (vаriable costs — VC) осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпыкөлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.

Өндіріс пен сату (өткізу) өзгергендегі өзгермелі шығындар динамикасымен танысайық. Бұнда үш жағдай болуы мүмкін:

  • 1. Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олардың салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең болса

  • 2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны

  • 3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың өсуі өндірістің көлемінен артық болса

Өзгермелі шығыстардың жауап ретіндегі коэффициенті өндіріс көлемін өсіру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай шығыстарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығыстар деп атайды. Шығыстардың басқа түрлері өндіріс көлеміне тәуелді болмайды, мысалы, кәсіпорнының әкімшілігінің және қорғаушыларының жалақысы, арендаға алынған негізгі құралдар үшін төлемдер жөне т.б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, олар кәсіпорнының тек қызмет ету шарты болып табылады. Бұларды шешім қабылдауды белгілемейтін шығыстар деп атайды. 
Бірақ барлық өзгермелі шығындар өндіріс көлемі туралы шешімдерге әсер етеді, ал барлық тұрақты шығындар өсер етпейді деген дұрыс емес. Бір түрге жататын шығындардың өздері әр түрлі болып көрінеді. Шешімдер қабылдаудың белгілі ситуациясында өзгермелі көп, ал басқа ситуацияда тұрақты шығындар көп болуы мүмкін. Осы шығындар тұрақтыға немесе өзгермеліге жата ма деген сұрақтың жауабы екі фактордан төуелді болады: кезең мерзімінің ұзақтығынан (шешім кабылдауға қажет) және өндірістік факторлардың бөлінісінен. 
Орташа шығындар АТС — бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:

АТС = TC / Q

Осыған сәйкес орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындар есептеледі. 
Ұзақ мерзімде кәсіпорнының масштабының және оның өндіріс көлемінің орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамада немесе теріс шамада болуы мүмкін. Әдетте, ұзақ мерзім кезеңінде шығындар, кәсіпорнының кеңеюіне сәйкес, алғашында төмендеп минимумға жетеді, осыдан кейін қайтадан өседі. Бұл жағдай қайтарымның кему заңымен емес, өндіріс масштабының өсуінің оң немесе теріс эффектісімен (ауқым нәтижесімен) дәлелденеді. Дағдарыс кезеңінде, бәсекелік сайыста ірі фирмалардың өміршеңдігінің мүмкіндігі жоғары болады. Ауқымның теріс нәтижесінен аулақ болу үшін бұлардың қолданатын мүмкіндіктері мол болады.Егер ұзақ мерзімдік орташа шығындар шығарылым көлемінен тәуелді болмаса, онда ауқым нәтижесінің қайтарымы тұрақты болады. 
Шекті шығындар МС — бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.

MС = ΔTC / ΔQ

Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзан түссе, онда шекті шығындар өнімнің бағасымен тендескенше, фирма өндірісті кеңейте береді. Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисық сызығы — U тәрізді форма алады, бұл қысқармалы табыстылық заңымен байланысты — еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларына қолданылады. Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабтың эффектісімен байланысты. МС, AC және AVC қисық сызықтардың тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына тең болады. Графикте бұл ереже МС қисық сызығының AC және AVC қисық сызықтарымен, бұлардың минимум нүктесінде түйіскені болып табылады, яғни

МС = minAC

Егер қалыптасқан нарықтық бағаны Р фирма берілген деп және соған өзінің өндірісін бейімдеді деп есептесек, онда ол өнімді Qont, оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіре беруге талаптанады. Фирманың ұсынысының қисық сызығы SS орташа шығындардың ең төмен дәрежесінен жоғары орналасатын шекті шығындар сызығымен үйлесімді беттеседі

Бірінші бағыт – жай өндірістік есеп, оның негізгі міндеті: өнімді сатудан күтілетін табыс (қызметтерден, тасымалдаудан, сатудан) және өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын анықтау үшін жұмсалған шығындар (тікелей және жанама) туралы есептік мәліметтерді алу;

·  Екінші бағыт - өзіндік құн туралы есеп берулер мен нақты шығындар туралы алынған ақпараттарды жүйелеп, өндірістік шығындар деңгейімен айналысатын (цехтардың, өндірістердің, шектеулі серіктестіктердің) басшыларды керекті ақпараттармен қамтамасыз ету;

·  Үшінші бағыт – шығу орындары бойынша шығындарды бақылау мен реттеу мақсатында шығындар және жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру.

 

 

2 Өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау.

2.1.  Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың  өндірісті

басқарудағы ролі.

       Калькуляцияның  мәнін сипаттауда біз оның  негізгі айналымын атап өтсек  – табыс алуға басшының бағдарламасын  дайындау мен жетілдіру және  де қолданыстағы калькуляциялау  процесін барынша мақсатына бағыттау  мен оны сынақтан өткізу болып  табылады.

    Қазіргі кезде  келькуляциялаудың (немесе калькуляциялық  процестің) негізі Шаруашылық Серіктестігінде  немесе жауапкершілік орталықтарында  қабылданған жоспарлардың орындалуын  бақылауда жатыр. Ол өзіндік құн  бойынша жоспарлы тапсырмалардан  ауытқулардың  себептерін талдау  үшін қажет.  Нақты калькуляциялаудың  мәліметтері негізінен өзіндік  құнді келесі кезектегі жоспарлау  үшін: жаңа техниканы енгізудің  экономикалық тиімділігін негіздеу, қазіргі кездегі технологиялық  процестерді талдау, өнімнің сапасын  арттырудың шараларын жүргізу, кәсіпорынның  реконструкциясын және құрылыс  жобасын тексеруде қолданылады. Калькуляциялау нәтижесі бойынша  жөндеу жұмыстарын дербес жүргізу  немесе басқа да ұйымдардың  қызметтерін пайдалану тұрады  деп шешім қабылдауға болады.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің техникасы мен әдістемесінің барлық айырмашылықтарына қарамастан, жалпы алғанда, олар экономикалық тұрғыдан «шығындар-өндіру-табыстар» қағидасын жүйелі түрде жүзеге асыруға негізделген. Бұл процес өзіндік құнды басқару мәселелерін шешуге, яғни өндірістің тиімділігін анықтауға, ресурстардың барлық түрлерінің қолданылуын бақылауға, оларды үнемдеу резервтерін іздестіруге бағытталған.

ШС  өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау процесі негізінен келесі кезеңдерден тұрады:

  • калькуляциялау мен шығындар есебінің объектілері бойынша калькуляциялық баптар шеңберінде бастапқы шығындарды жинау, топтастыру және талдап тексеру.

  • Ақаудың түпкілікті өзіндік құнын анықтау;

  • Жанама өнім мен өндіріс қалдықтарын бағалау;

  • Аяқталмаған өндірісті бағалау;

  • Дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс шығындарының арасын айыру;

  • өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу.

Шаруашылық субъектілерінде  калькуляциялау процесі өнімді сату мен өндіріс шығындарының есебін және жоспарлаудың жалпы әдістемесін жасау үшін ұйымдастырылады. Ол өнімнің өзіндік құнын есептеудің әдістемелі біртұтастығын қамтамасыз ететін  жалпы қағидаларды сақтауды және  калькуляциялаудың мәліметтерін талдау үшін бар мүмкіндіктерді пайдалануды, сондай-ақ кәсіпорынның да және оның жекелеген ішкі өндірістік буындарының да жұмыстарын да бағалауды талап етеді.

Ондай қағидалар болып мыналар саналады:

    • ғылыми негізделген өндіріс шығындарының жіктемесі;

    • шығындар есебінің объектісін калькуляциялау және  калькуляциялық бірлестіктерін белгілеу;

    • Жанама шығындарды тарату әдістерін таңдау;

    • Кезеңдер бойынша шығындарды айыру;

    • өзіндік құнның  калькуляциялық бірлігін есептеудің әдістерін таңдау.

Бұл қағидалар жекелеген кәсіпорындарда өндірістің ерекшелігі мен саланың спецификасын (өзгешелігін) ескере отырып айқындалады.

  ШС-де болатын калькуляциялау  процесінің негізгі міндеттері:

  • жекелеген өнім (жұмыс, қызмет) түрлерінің бірліктерінің нақты   өзіндік құнын анық есептеу;

  • шығындар нормативтері мен әрекет етуші нормаларды сақтау және өзіндік құнның деңгейіне бақылау жасау;

  •  Өнімдердің рентабельділігін және оның деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау;

  • шығындарды   алынған нәтижемен салыстыру жолымен, кәсіпорынның да, жекелеген ішкі өндірістік құрылымның да (өндіріс, цех, бөлімше, бригадалар ) жұмыс тиімділігін бағалау;

  • өнімнің  өзіндік құнын төмендететін резервтерді анықтау және пайдалану.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындар есебінің әдістері деп өнімнің  калькуляциялық бірлігін есептеу үшін қолданылатын әдістер жүйесін айтады.

Шығындар есебі әдістерінің жіктелуі:

  1. Өндірістік процеске қатысуы бойынша:

  • тапсырыстық;

  • процестік (бөліністік);

  • жай (бір-екі сатылы жай, көпсатылы жай);

  • баптары бойынша; кешенді.

  1. калькуляциялау объектілері бойынша:

  • өнім (бұйым, тауар, қызмет, жұмыс);

  • процесс;

  • бөлініс;

  • тапсырыс.

  1. Шығындарды бақылау жеделдігі бойынша:

  • нақты;

  • нормативті;

  • жоспары (болжамды).

Экономикалық әдебиеттерде, «Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың толық әдісі» термині туралы көптеген пікірлер бар. Сонымен бірге шын мәнінде, «калькуляциялаудың нақты әдісі» деген де ұғым жоқ, ол типтік әдіске жатпайды. Ал типтік әдіс үшеу- тапсырыстық, процестік, нормативтік. Толық сөзі тек шығындарды сіңіруді (тарату) білдіреді, бірақ ол да калькуляциялау әдісі емес. Калькуляциялаудың кез-келген  әдісі не нақты, не жоспарлы, немесе екеуі де бір мезгілде болып келеді,бірақ осы «будандастырылған» әдіс басшының ұсынысымен ғана жасалынады. Сондықтан, «толық» деген сөз бар болғаны қағида ғана, яғни ол өзіндік құнның толық есебі, шығындарды ұтымды басқару үшін және ақпараттық деңгейін көтеру үшін жасалынатын қызмет. 

Сөйтіп келгенде, калькуляциялау трансферттік  бағаны жасаудың негізі болып табылады. Трансферттік бағаны қалыптастыру мәселесінің айрықша өзекті екені баршаға белгілі, ол тек ШС бөлімшесінің өз бетімен сыртқы ортаға шығу құқығы бар болса ғана іске асады. Бұл жағдайда дұрыс трансферттік бағаны қалыптастыру ұйымның жалпы қаржылық жағдайына тәуелді болып келеді. Егер де өнім ШС ішінде толығымен өз қажетіне жұмсалса, онда трансферттік баға ШС ішкі бөлімшелерінің арасындағы шаруашылық байланыстарын қамтамасыз ету үшін қажетті есептік баға категориясы болып табылады, демек бұл кезде ол ұйымның түпкі нәтижелеріне әсер етпейді.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау