Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оның теориялық ерекшеліктері

Атырау мұнай және газ  институты  5В050800 – «Есеп және аудит». ЕжА-10 Қ\Б                                                                                                                         


 Ғалымжанова Гүлназ

Мазмұны

Кіріспе.........................................................................................................................3

1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оның теориялық ерекшеліктері

1.1. Басқару есебіндегі калькуляциялау түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері.....................................................................................................................5

1.2. Калькуляциялаулың негізгі принциптері, оның объектісі мен әдістерінің      ерекшеліктері...............................................................................................................9

1.3 Басқару есебінің әдістемелік – нормативтік реттелуі...................................19

1.4 «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ -ның даму тарихы, қаржылық-шаруашылық жағдайына сипаттама................................................................................................20

      

2. Кәсіпорындағы өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау  әдістерінің ұйымдастырылуы

2.1 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың  және шығындарды есепке алудың  үрдіс калькуляциясы....................................................................................21

2.2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың бөлістік әдісі.................................................................................................31

2.3 Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын есептеудің жолдары ..................34

Қорытынды.................................................................................................................36

Пайдаланылған ақпарат көздері...............................................................................39

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, онын бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.

Калькуляцияда өндірістегі  өнімнің нақтылай түрін өндіру мен  өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.

Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің  жеке түрлері бірліктерінің өзіндік  құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында  өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.[5]

Калькуляциялаудың міндеті  – шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) бірлігіне қанша болатынын есептеу.

Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі – калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды.

Курстық жұмыстың өзектілігі – кәсіпорындарда өнімдердің өзіндік құнын есептеудегі әдістерді қолданылуы. Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген кызметтердің бір өлішемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік кұнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.

Ал өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау деп – белгілі  бір өндіріс шығындар есебінің көрсеткіштеріне  сүйене отырып, өнім бірлігінің құнын  шығару болып табылады.

ХҚЕС бойынша өндірістік кәсіпорындарда өнімдердің түрлеріне, олардың күрделілігіне, өндірістің типіне байланысты қолданылатын шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын  калькуляциялау әдістерінің 3 әдісі  қарастырылған, олар, нормативтік, тапсырыстық, бөлістік. Бірақ жеке ұйымдар шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын  калькуляциялау әдістерінің қарапайым  әдісін пайдаланады.

Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытыңдыдан және пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші  бөлімде  өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау түсінігі және өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың әдістері қарастырылған.

Екінші бөлімде өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктері  және оның жетілдіру жолдары және шығындарды есепке алудың және өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялаудын бөлістік және процесстік әдістері қарастырылған.

Курстық жұмыста отандық  ғалымдар В.К. Радостовец, Назарова, Фурсов еңбектері пайдаланылды.

Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономикасы дамыған елдерде шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін еліміздегі кәсіпорындарда қолданудың ерекшеліктері мен жетілдіру жолдарын ашып көрсету.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • Калькуляциялаудың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуін бақылау;
  • Шығындар обьектісін дұрыс белгілеу;
  • Өнімнің өзіндік құнын есептеу кезінде факторларды ескеру;
  • Калькуляциялау әдістерін дұрыс таңдай білу;
  • Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктерін жіктеу;
  • Өнімнің өзіндік құнын жетілдіру жодарын ашып көрсету.

Қазіргі таңда экономиканың салаларындағы кәсіпкерлер, меншік иелері өндірістік материалдар мен  шикізаттарды үнемді пайдалана отырып, өндірістік қалдықтарды барынша  төмендетуге, бәсекеге қабілетті, сапалы өнім өндіруге, өнімнің өзіндік құнын  төмендетуге мүдделі болуға тиісті. Соған байланысты шығындарды басқаруда  қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін ішкі жедел есептің артықшылығы  айқындала түседі. Ішкі өндірістік есеп басқару процесінің құрамдас бөлігі бола отырып, компаниялардың және мекемелердің ағымдағы қызметін бақылауға, оның стратегиясын жоспарлауға, барлық ресурстарын тиімді пайдалануға, қызмет нәтижесін бағалауға және талдауға байланысты маңызды ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады.

Өндірістік есептің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып саналады. Сондықтан, шығындар есебін тиімді ұйымдастырудың негізгі мәселесі – бұл басқару жүйесін жақсартумен тығыз байланысты есептің дұрыстығын, жеделдігі мен талдамалылығын жоғарылату және бақылау қызметтерін күшейту болып табылады. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін кәсіпорынның қазіргі жағдайы мен даму бағытына талдау жүргізудің нәтижесінде саланың өндірістік ерекшеліктеріне қарай шығындардың қалыптасуын анықтай отырып, саладағы шығындардың есебін ұйымдастыру мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды жетілдіру, жұмсалған шығындарға ішкі аудит пен талдау жүргізу ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдарын іздестіру өзекті мәселе болып саналады.

          1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оның теориялық ерекшеліктері

          1.1. Басқару есебіндегі калькуляциялау түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері

 

Шаруашылық субъектісінің  өндірістік қызметін басқарудың жүйесін  қайта ұйымдастыру немесе құру отандық  өндірістік есебіне, яғни "өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау мен  өндіріске кеткен шығындар есебіне" ұғымдық жағынан принципиальды  жаңа талаптар қояды.

Өнімнің өзіндік құннын  калькуляциялаумен өндіріс шығындарынның  есебі бойынша нормативтік құжаттар, сондай-ақ арнайы әдебиеттер, калькуляциялау мен шығындар есебінің әдістеріне жеткілікті және анық ұғымды бермейді, ал көптеген танымал авторлардың берген ұғымы  бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Ол өндірісте шығындардың басқарушы (бұрынғы аналитикалық) есебін құрудан, шығындардың жіктеу қағидаларын  таңдаудан, шығындар есебінің номенклатуралық  объектісінен (бұйым, тапсырыс, өңдеу, шығындардың пайда болу орны т.б.), сатылған мен дайын өнімнің және аяқталмаған өнімнің өзіндік  құнын тарату әдістерінен, шығындарды тікелей қаржылық нәтижелерге жатқызу  жолымен өтеуден тұрады.

Басқарушы есеп жүйесінен  бсқа да маңызды жағы болып, ол өндіріс  шығындарының есебін және калькуляциялау процесін өнімді шығарумен байланысты екенін ескеретін біртұтас есептік  процесі ретінде қарастырылады. Бұл кезде шығындар есебінің объектісін таңдау ішкі есеп беру көрсеткіштерінің жүйесін, басқарудың әр түрлі мақсаттар  үшін калькуляциялық есеп берудің кезеңділігін анықтайды.

Есеп берудің жұйесі келесідей  кезеңдерден тұрады:

Өндірістік қызмет процесінде олардың пайда болуына қарай, өндіріске жұмсалған ресурстарды  алғашқы құжатта көрсету.

Қызмет түрлері, өндірістер, құрылымдық бөлімшелер, шығындардың  пайда болу орындары, жауапкершілік  орталықтары, өнімдер, жұмыстар және т.б. өндірістік шығындар туралы мәліметтерді локализациялау (тараптау).

Өндірістік шығындарды олардың  пайда болу уақыттары: "тарихи", өткен шығындар, есеп беру кезіндегі  шығындар және болашақ кезең шығындары  бойынша локализацияланады;

ШС жалпы шығындарын өндірістік бөлімшелер арасында тарату; жалпы  өндірістік шығындарды аяқталмаған, дайын  және сатылған өнімнің өзіндік құнына енгізу арқылы өтеу;

Қызмет көрсетуші өндірістің өндірістік шығындарын олардың аяқталмаған  және дайын өнімдерінің (орындалған жұмыстарының мен қызметтерінің ) арасына  таратады және қызмет көрсетуші өндірістің өнімін, жұмысын және қызметін тұтынушылары бойынша, яғни өндірістік бөлімшелері  бойынша шығындарды қайта таратады;

Өндіріс процесінде алынған  қалдықтар, аяқталмаған өндірістерді анықтау және бағалау, және өнімнің  жекелеген түрлерінің өзіндік құнын, сосын барлық тауарлы өнімнің  көлемін анықтау.     

Сонымен, өндірістік есеп өзіне  өндіріс шығындарының есебін, яғни 1-5 кезеңін енгізеді, ал калькуляциялық есебі ол 4-6 кезеңдерін қамтиды да, осы соңғы кезең интегралданған есеп жүйесі ретінде, өзіндік құнды  басқару үшін ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Өзіндік құнды басқару - бұл  кез-келген шаруашылық субъектілеріндегі  басқарушылық қызметтің едәуір күрділі  және ең маңызды бөлігі, өйткені  ол өтіп жатқан өндірістік процестерінің  барлық жақтарын қамтиды. Сайып келгенде, өндірістің қызметін басқарудың жүйесінің  қайта ұйымдастыру, ол өндіріс шығындарының трансформациялауына әкелді және ШС - ң ұйымдастырудың нақты және модельдерін  жасауға көмектеседі. 

Егер негізгі мақсатты орындауға бағытталған, басқару  модельдеріне сәйкес келетін өндірістік қызметтің өткен, қазіргі және болашақтағы  нәтижелері мен шығындарын пайдаланатын болса, онда мұндай есеп жүйесі өзіндік  құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сәйкес келеді.

Одан басқа, калькуляция  тек дәстүрлі мәселелер бойынша  негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ мынадай  жағдайлардың экономикалық зардаптарын  болжайды:

    • өнім өндірудің  бұдан былайғы мақсатқа лайықтылығы;
    • өнімге оптималды баға белгілеу;
    • өндірілетін өнімнің ассортиментін оптималдандыру ;
    • әрекет етуші технологияларды және парк станоктарын жаңартудың бүгінгі күннің талабына лайықтылығы;
    • басқарушы персоналдың жұмыстарының сапасын бағалау.

Калькуляцияның мәнін  сипаттауды аяқтай келе, біз оның негізгі  аранлымын тағы бір атап өтсек - табыс  алуға басшының бағдарламасын дайындау мен жетілдіру, және де қолданыстағы калькуляциялау процесін барынша мақсатына  бағыттау және оны сынақтан өткізу болып табылады.

Қазіргі кезде калькуляциялаудың  негізі, ШС -де немесе жауапкершілік  орталықтарында қабылданған жоспарлардың орындалуын бағалауда жатыр. Ол өзіндік  құн бойынша жоспарлы тапсырмалардан ауытқулардың себептерін талдау үшін қажет. Нақты калькуляцияның мәліметтері  негізінен өзіндік құнды келесі кезектегі жоспарлау үшін, жаңа техниканы  енгізудің экономикалық тиімділігін  негіздеу, қазіргі кездегі технологиялық  процестерді таңдау, өнімнің сапасын  арттырудың шараларын жүргізу, кәсіпорынның реконструкциясын және құрылыс жобасын  тексеруде қолданылады. Калькуляциялау нәтижесі жөндеу жұмыстары бойынша  дербес жүргізу немесе басқа да ұйымдардың қызметтерін пайдалану туралы шешім  қабылдауға болады.

Сайып келгенде, калькуляциялау трансфеттік бағаны жасаудың негізі болып табылады. Трансферттік бағаны қалыптастыру мәселесінің айрықша  актуалды екендігі жөнінде баршаға  белгілі, ол тек ШС бөлімшесінің өз бетімен сыртқы ортаға шығу құқығы бар болса ғана іске асады. Бұл жағдайда дұрыс трансферттік бағаны қалыптастыру ұйымның жалпы қаржылық жағдайына тәуелді болып келеді. Егер де өнім ШС ішінде толығымен өз қажеттілігіне жұмсалса, онда трансферттік баға ШС ішкі бөлімшелерінің арасындағы шыраушылық байланыстарын қамтамасыз ету үшін қажетті есептік баға категориясы болып табылады, демек бұл кезде  ол ұйымның түпкі нәтижелеріне әсер етпейді.

Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын калькуляциялауды шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде жалпы барлық шығарылған өнімнің өзіндік құны есептелінеді, екіншіде - әрбір өнім бойынша нақты өзіндік құны (немесе "шығындарды тарату"), үшіншіде - өнім (орындалған жұмыс немесе көрсетілген  қызметтің) бірлгінің өзіндік құны. Осыдан, өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік  құнын калькуляциялау деді Васин  Ф.П. - ол жалпы шаруашылық субъектісі бойынша да, өнім түрлері  мен  оның бірліктері бойынша да, өндіріспенжәне оны сатуға байланысты шығындарды есептеп  шығару деп түсіндіреді. (39.61 б).

Шын мәнінде, калькуляциялау процесі күрделі болып табылады және шығындардың есеп процесімен алмасады. Осыдан келіп, шығындар есебі мен  өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісін бөлінбейтіндігін және ажырамайтындығын айтуға болады. Бірінші кезекте негізгі  өндірістің шығындары таратылады, содан  соң көмекші өндірістің өнімдері калькуляцияланады. Бұл кезеңде  калькуляциялау қиындай түседі, өйткені  өзара көрсеткен қызметтерді  ескере отырып есептеу қажет.

Шығындар есебі мен  өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау негізгі өндірісте де алмасуы  мүмкін. Мысалы, қайта өңдеу (попередельный) әдісі жағдайында, алдымен бірнеше  бөліністі жартылай фабрикаттардың өзіндік құны калькуляцияланады, сосын  бұл екінші бөліністің шығындарына  жатқызылып, біріншісінен есебі шығарылады және осыдан кейін екінші бөліністе  жартылай фабрикаттардың өзіндік құны калькуляциялануы мүмкін.

Сайып келгенде, калькуляция  шығындарды топтастыру мен құжаттаудан  басталады, бұл кезде өндірістік есептің мәліметтері қолданылады, сосын алынған өнімнің саны,  содан соң ғана өнімді нақты өзіндік  құны бойынша бағалау аяқталады, яғни калькуляциялаудың, өнідірістік  шығындар есебі мен тығыз байланыста болатындығы алдын-ала анықталып  қойылған шаралары бойынша жүргізіледі.

Өнімнің жоспарлы өзіндік  құнын сақтауға және өндіріс рентабельділігіне, шаруашылық есепті нығайтуға, резервтерді  анықтауға және материалдық ресурстар  мен еңбек шығындарын бұдан былай  төмендетуге және бақылау жасауға, сондай-ақ өндірісті басқаруға аясын  кеңейтуге септігін тигізеді.

Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің  өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын  жұмысына оперативті басшылық жасау  үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді  уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік  құнын одан әрі түсіндіруге, онын бәсекеге қабылеттілігін арттыруға  мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.

Калькуляцияда өндірістегі  өнімнің нақтылай түрін өндіру мен  өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орындауға  ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.

Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің  жеке түрлері бірліктерінің өзіндік  құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында  өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.

Калькуляциялаудың міндеті  – шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) бірлігіне қанша болатынын есептеу.

Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі – калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілген  қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың  әр түрлі түрін айқындайды.

Жоспарлы калькуляция  еңбек шығындарының озық (прогрессивті мөлшері) және одан әрі техникалық өрлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды  жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары  негізінде жоспарланатын кезеңге  арналып жасалады.

Жоспарлы калькуляцияның бір түрі - сметалық калькуляция; оны  бір рет шығатын (бірегей) бұйымға  немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа  мақсаттар үшін жасайды.[1]

Шығындардың ағымдағы мөлшері  кәсіпорынның осы кезеңдегі жұмысының  өндірістегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Және де есепті кезең басында  шығындардың ағымдағы мөлшері жоспарлы калькуляцияға негізгі салынған шығынның орташа мөлшерінен жоғары, ал есепті кезеңнің соңында - төмен. Сондықтан  есепті жыл басында өнімнің нормативті өзіндік құны жоспарлыдан жоғары, ал есепті жыл соңында - төмен.

Өнімнің өзіндік құнының  есепті (нақты) калькуляциясы жоспарлыдан  кәсіпорынға байланысты (өндіріс  бойынша жоспарды асыра орындау  мен орындамау, шығындардың кей  түрлерін үнемдеу немесе артық жұмсау) және оған байланысты емес (материалдарға  бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың  мөлшері, электр энергиясына, отынға, газға, суға және т.б. тарифтердің өзгеруі) себептер бойынша ауытқуы мүмкін нақты шығындардыкөрсетеді. 
 Нормаға сәйкес (нормативті) калькуляциялау ағымдағы жоспарлы калькуляциялаудың бір түрі болып табылады, шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормаға сәйкес тәсілдерін қолданатын кәсіпорындарда жасалады. Олардың негізінде шығындардың жеткен деңгейін сипаттайтын іс жүзіндегі, ағымдағы норма жатады. Кәсіпорындар жыл бойы ұйымдастырушы - техникалық жоспарда негізгі салынған шараларды дәйекті жүзеге асыратынын ескере отырып, нормаға сай калькуляция жоспарлыға қарағанда, есепті кезең ішіндегі өнім өндірісіне шыққан шығындардың шынайы деңгейін өте дәл көрсетеді.

Жобалық (проектные) калькуляция - келешектік калькуляцияның бір түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін  анықтау үшін қолданылады.

Шамаланған (провизорная) тоғыз  ай немесе басқаша кезең ішіндегі нақты шығын мен алынған өнім (табыс), төртінші тоқсан немесе басқа  кезең ішіндегі шығындар мен күтілетін  бұл өндіру бойынша есептер негізінде  жасалады. Бұл калькуляциялардың  мәліметтері ағымдағы жылдың өнім өндіру қорытындыларын алдын-ала анықтау  үшін қолданылады.

Өнімнің өзідік құнын калькуляциялағанда калькуляциялық бірліктер қолданылады, олар калькуляциялау объектісінің өлшеуіші болып саналады, әдетте, өнімнің  сәйкес түріне арналған техникалық шарттарда  немесе стандарттарда және заттай бейнелейтін өнім өндіру жоспарында қабылданған өлшем бірліктеріне сай келуі тиіс.

Өндірілетін өнім, технологиялық  процесте, өндірістік ұйымдастыруды  сипаттаудағы айырмашылықтар практикада қолданылатын калькуляциялық сан түрлілікке әкеледі. Ұқсас белгілері бойынша  олардың барлық жиынтығы жеті топқа  тоғысады, олардың мазмұнын нақты  үлгілерде қарастырамыз.

Заттай (натуралды) бірліктер  бұл өнім жоспарланатын, есептелетін  және тұтынушыларға өткізілетін  өлшем бірліктеріне (дана, тонна, килограмм, киловатт-сағат, погон метр, текше  метр, шаршы метр, литр және т.б.) сәйкес келеді.

Ірілендірілген заттай (натуралды) бірліктер біртекті өнім жиынтығын  аралық калькуляциялау үшін қолданылады (белгілі бір артикулдық 100 пар  аяқ киімі, белгілі бір түрдегі  шойынның тоннасы, дербестенбеген сыраның  гектолитрі, ішкі балықтың центнері, темірбетон бұйымдардың текше метрлері және т.б.) өнімнің нақты түрлерін кейінгі  калькуляциялау үшін заттай бірліктер (натуралды) қолданылады.

Шартты-заттай бірліктер  өнімді калькуляциялау үшін қолданылады, бірліктегі пайдалы заттың құрамы ауытқуы  мүмкін.

Құндық бірліктер –  көтерме бағадағы қосалқы бөлшектер 1000 теңгелік құны, шығару немесе өткізу бағасындағы 1 теңгелік тауар өнімі.

Еңбек бірліктері ұйым бөлімшесінің өнімін калькуляциялау үшін қолданылады.

Орындалған жұмыс пен  көрсетілген қызмет калькуляциялық бірлік ретінде, әдетте құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметін көрсетумен және т.б. шұғылданатын өндірісте қолданылады.

Техникалық-экономикалық көрсеткіш  калькуляциялық бірлік ретінде біртекті бұйымдардың пайдалы тұтынылатын  бірлігіне шаққандағы шығындарды салыстыру  үшін қолданылады.

Калькуляциялық бірліктердің сан түрлілігі нақты жағдай үшін негізделген әдісті талап етеді. Калькуляциялық бірлік сәйкес тұтыну құнын көрсетуге, әр түрлі кәсіпорындармен салыстыруға болатындай, баға белгілеу бірліктеріне сәйкес келуі және ең аз шамадағы шығындармен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін қолайлы болуы тиіс. Калькуляциялық бірлікті таңдау жөніндегі ұсыныстар әдетте салалық нұсқауларда келтіріледі.

Калькуляциялауға ең алдымен  қатысы бар өндірістік шығындар есебі, калькуляциялаудың алғышарты болып  табылады. Өндірістік есеп жүйесінде  белгілі бір үлгімен дайындалған  ақпарат негізінде ғана өндірісті  басқаруда объективті қажетті процесс  болып шығатын өнімнің өзіндік  құны калькуляциялануы мүмкін.[2]

Бұрын болған калькуляциялық жүйелер бір мақсатты – өзі  өндірген дайын өнім мен жартылай өнімдердің қорын бағалауды көздейтін, ол өндірістік мақсат пен ішкі есептілікті  жасауға, сондай-ақ пайданы анықтау  үшін қажет еді. Бұл мәселенің  маңыздылығына қарамастан калькуляциялаудың  бұрынғы жүйелері бойынша көптеген басқару міндеттерін шешу үшін жарамды  ақпарат болмайтын.

Калькуляциялаудың қазіргі  заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын  біршама теңестірген. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді  шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай  жағдайлардың экономикалық салдарларын  болжауға мүмкіндік береді:

    • өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
    • өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
    • шығарылатын өнім ассортиментін оңтайландыру;
    • жұмыс істеп тұрған технология мен станок паркын жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
    • басқару жеке құрамының жұмыс сапасын бағалау.

Қазіргі заманғы калькуляциялау кәсіпорын немесе жауапкершілік  орталығы қабылдаған жоспарды бағалау  негізіне сүйенеді. Нақты калькуляциялау мәліметтері өзіндік құн жөніндегі жоспарлы тапсырмалардан ауытқуы себептерін талдау және өзіндік құнды кейінгі жоспарлау үшін, жаңа техника мен заманға лайық технологиялық процестерді және т.б. енгізудің экономикалық тиімділігін негіздеу үшін қолданылады.

Калькуляциялау трансферттік баға белгілеуге негіз болып қызмет етеді. Трансферттік (ішкі) баға бір кәсіпорынның бөлімшелері арасындағы коммерциялық операцияларда пайдаланылады.

Кәсіпорын бөлімшесі сыртқы сатып алушыларға өз бетінше шығуға құқық алған кезде, трансферттік бағаларды жасау көкейкесті маңызға  ие болды. Бұл жағдайда ұйымның жалпы  қаржылық жағдайы трансферттік бағаны дұрыс қалыптастыруға байланысты болады.

Егер бөлімшенің өнімі (көрсетілетін қызметі) кәсіпорынның ішінде толығымен  тұтынылатын болса, трансфертті  бағаның шамасы таза есептік және тұтастай кәсіпорынның қаржылық жағдайына  әсер етпейді.

1.2 Калькуляциялау  принциптері, оның   объектісі  мен әдістерінің ерекшеліктері

 

 

Калькуляция өнімнің сапасы мен бәсекеге қабылеттілігін бақылауды  жүзеге асыру үшін мағызды рөл  атқарады. Калькуляцияны кәсіпорында  белгіленген шығындар бабы номенклатурасы (шығындар есебі өнім түрлері бойынша  ғана емес, есептік басқа объектілері  бойынша жүргізілуі мүмкін болса  да) бойынша, өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің түрлері  бойынша құрастырады.

Басқару есебінің маңызды  міндеттерінің бірі өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау болып табылады.

Өзіндік құнның калькуляциясы  өндірістік шығындар есебі мәліметтері  бойынша шығарылған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік  құнын есептеу. Ол есепті ай соңында  барлық нақты жасалған міндеттерді  есепке алғаннан кейін есептеледі.

Басқару есебінде ай сайын  жалпы тауар шығарудың өзіндік  құны мен өзіндік құнның егжей-тегжейлендірген  көрсеткіштері мысалы өнімнің жеке түрлерін тауарлық шығару өзіндік құны, бұйым бірлігінің өзідік құны калькуляцияланады.

Өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік  құнын калькуляциялауда меншік түрінің  барлық ұйымдары 7 «Тауарлық-материалдық  қорлар есебі» бухгалтер сеп стандарттарын  және оған әдістемелік ұсыныстарды, сонымен қатар «Қорлар» ХҚЕС-ын басшылыққа алады. Өндірістік құнды калькуляциялауда қолданылатын өндіріске босатылған материалдық-өндірістік қорларды бағалау тәсілдері, қосымша шығыстарды бөлу әдістері және ұйымның есеп ішінде өзгеріссіз қолданылуы керек.[3]

Кәсіпорын басшылығы нарыққа  көшу қазіргі заманғы, құбылмалы  жағдайында негізгі басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның қызметіне  үнемі талдау жүргізіп бұруға тиіс, ол үшін көрсеткіштер қатарынан алынатын бастапқы ақпарат қажет, олардың  бірі – өзіндік құн.

Өнімнің өзіндік құны –  оның шығару мен өткізуге арналған, ақшалай түрде бейнеленген шығындар кәсіпорын өнімнің өзіндік құны өндіріс процесінде табиғи ресурстарын, материалдарды, отынды, энергияны, негізгі  құрал-жабдықтарды, еңбек ресурстарын, қолданумен байланысты шығындардан  сондай-ақ оны өндіру мен өткізуге шыққан шығындардан жиналады.

Өнімнің өзіндік құнына мыналар  кіреді:

  • кәсіпорында өнім өндіруге шығатын еңбек, қаржы және еңбек керек-жарақтары шығындары (өндірісті дайындау мен игеру шығындары, өндірісті технологиясы және ұйымдастырумен, тапқырлық жне үнемділікпен байланысты шығындар; техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығындар; кадр жинақтау, дайындау және қайта даярлаумен байланысты шығыстар; салықтар, өндірісті басқару шығындары және т.б.);
  • өнімді өткізуге: буып-түю, орау, сақтау, тиеу мен тасымалдауға; делдалдық қызметке төлеу, комиссиялық алымдар мен сыйақылармен; жарнамаға шығатын шығындармен байланысты шығыстар;
  • өнімді осы кәсіпорында өндіру мен өткізуге байланысты емес, бірақ олардың өінмнің өзіндік құнына кіргізу жолымен орнын толтыру жай ұдайы өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оның теориялық ерекшеліктері