Өнімнің өзіндік құнын талдау. 2

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қорқыт  Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университеті 
 
 
 
 
 

ШАҒЫН ЖОБА 
 
 

Тақырыбы:   Өнімнің өзіндік құнын талдау 
 
 

Орындаған: Даулетбаева.Д  

Қабылдаған: Абіласанқызы.А 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қызылорда, 2011ж

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ

1.1  Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «АБУ – СЕР – дің ұйымдастыру жағдайына сипаттама

1.2  Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «АБУ-СЕР-дің техника-экономикалық көрсеткішін талдау 

2  ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ

2.1  Өнімнің өзіндік құнының экономикалық мәні

2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау

2.3  Өзіндік  құнды төмендету жолдары  

ҚОРЫТЫНДЫ  

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

ҚОСЫМШАЛАР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 
 

      Зерттеу тақырыбының өзектілігі: кез-келген  кәсіпорын өнім  өндірісін  бастамас  бұрын, ол қандай  пайда  ала-алатынын  анықтап  алады. Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері,  жұмыстары  нарық  жағдайлары  мен  өндірістік шығындар  арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары  және өткізу өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек  ресурстары және  басқа  да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық  талдау  болып  табылады.

      Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  материалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

      Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі. Осылайша, өзіндік  құн - кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

      Өзіндік  құн - өнім  өндіруге  жұмсалған  барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал,

электр  энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

    Зерттеу жұмысы барсында  қарастырылатын  тақырыптар: өнімнің  өзіндік   құныны түсініктіеріне жалпы  сипаттама; өзіндік   құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын  калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік  құнын  азайту  жолдары.

Зерттеу әдісіне жалпылау, ұйым бойынша жиналған ақпараттарды бағалау, сонымен қоса басқарушылық және қаржылық есеп әдістемелері, үлгілеу, зерттеу объектілерінде алынған нәтижелерді талдау жатады.

    Зерттеу объектісі – «АБУ-СЕР» ЖШС-ның мысалында тиімділігін жоғарлату болып табылады. Яғни, оның келешекте экономикалық нәтижелігін дамытып, арттыруға негізделген әдістер, шаралар анықталады. Бұл жобаның міндеті – өнімнің өзіндік құнына талдауын жасап,  кеткен қателерді анықтап оның тиімділігін арттыру жолдарын анықтау, жөндеу шаруашылығының тиімділігін есептеу.

    Зерттеудің  мақсаты кәсіпорынның қызмет жасау барысында шығындарды азайта отырып табыстылыққа қол жеткізу жолдарын қарастыру және де өзіндік құнды талдау және бір бірлікке кететін шығындарды азайту болып табылады.

    Зерттеу жұмысының құрылымы: шағын жоба кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан, сондай-ақ 4 кестеден тұрады.

    Бірінші бөлімінде кәсіпорын қызметін, оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі.

    Екінші  бөлімінде кәсіпорынның өзіндік құнын талдау, өзіндік құнның экономикалық мәні, шығындардың жіктелуі көрсетілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ 

1.1  Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік «АБУ –  СЕР – дің ұйымдастыру жағдайына  сипаттама 
 

    Нарықтық  экономиканың қалыптасуы жағдайында кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру бағыттарының бірі оның есеп беруінің халақаралық стандарттарға қарай бағыт алуы болып табылады.

    Есептің халықаралық стандартын енгізу есептің, бақылаудың сапасы мен тиімділігін  едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорындар есептің неғұрлым негізделген жүйелерін, оның ерекшеліктрін, специфика

сын, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдатырудағы техникасы мен технологиясын  көрсету арқылы пайдалануына белгілі  бір дербестік береді.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының  1996 жылғы  12  қарашадағы №3 қаулысына   сәйкес барлық кәсіпорыдар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшіп отыр.

    «АБУ-СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының 22.01.1998 жылғы «жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы негізінде заңды тұлға болып саналады және Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері негізінде шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін жүзеге асырады. «АБУ-СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылы құрылған.

    ˝АБУ-СЕР˝ жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлға болып саналады. Серіктестік өз қызметін Азаматтық кодекске / жалпы бөлімі /, 22.04.1998 жылғы ˝Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы˝ Заңына, ˝Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау˝ Заңына және осы жарғыға сәйкес жүргізеді.

    Серіктестіктің  құрылтайшысы: Қазақстан Республикасының азаматы (бұдан әрі - ˝қатысушы˝ немесе ˝құрылтайшы˝):

Абубакыр  Ибраһим Серікұлы, 23.03.1965 жылы туылған, төлқұжат

N007890103,  ҚР IIM берілген, тұрақты жері: Қызылорда  қаласы, Алтынсарин көшесі, 52 үй.

    Кәсіпорынның  орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Алтынсарин көшесі., 52 үй..

    Кәсіпорынның қызметінің мерзімі: шектелмеген.

    Кәсіпорынның атауы: Мемлекеттік тілде: ˝АБУ - СЕР˝ жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Орыс тілінде: Товарищество с ограниченной ответственностью ˝АБУ - СЕР˝.

    Мемлекеттік тіркеу алдында 77.500 /жетпіс жеті мың  бес жүз/ теңге жарғылық капиталын  толығымен қосады. Үлесті құрылтайшы ақшалай түрде, мүлкімен, техникамен және негізгі қаражатпен толығымен қосады.

Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқықтарына иеленеді.

    Кәсіпорынның мөрі, дербес балансы, банктерде шоттары өз атауы жазылған бланкілер болады.

    Кәсіпорын өз қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге, міндеттер көтеруге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

    Кәсіпорын Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде серіктестіктер мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалардын қатысушысы болуға құқылы.

    Кәсіпорын қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

    Кәсіпорынның  қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар бойынша енгізілген салымдар құнының шегінде тәуекелге барады.

    Кәсіпорынның негізгі қызметі: Жарғыда көрсетілген кәсіпкерлік түрлерімен айналысу мақсатында таза пайда табу.

Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы  келмейтін басқада коммерциялық қызметпен айналысу.

    Кәсіпорын табыстылыққа және ойлаған мақсатқа жету үшін білікті мамандармен жұмыс атқарады. «АБУ-СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аз уақыт ішінде мол табыстылыққа, тұтынушылар көзайымына айналды. Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік  келесі қызмет түрлерін жүргізеді:

    Кәсіпорынның қызмет түрлері:

    - ауылшаруашылық өнімдерін өндіру;

    - қамтамасыз ету - өткізу, сауда саттық қызмет;

    - қоғамдық тамақтандыру пунктер, дәріхана, базар, сауда, үйлер, ресторан, фирмалық дүкендер жүйесін ашу;

    - саяхат және қонақ үй бизнесі;

    - автокөлік және экспедициялық қызмет;

    - жағар – жанар май өнімдерін материалдарын сатып алу, сату;

    - халық пен ұйымдарға тұрмыстық қызмет көрсету;

    - жөндеу- құрылыс жұмыстары, күрделі құрылыс, жол жөндеу;

    - халық тұтынатын тауарларды  өндіру және оларды сату;

    - заңға қайшы келмейтін сыртқы экономикалық қызмет;

    - жалпы коммерциялық қызметтер. 
 

    1. Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік «АБУ-СЕР-дің  техника-экономикалық көрсеткішін  талдау
 
 

    «АБУ - СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің материалдық қоры өндіріске қажет құрал-жабдықтар мен техникамен жарақтандырылған. Серіктестік Қызылорда облысының тұрғындары мен кәсіпорындар үшін  құрылыс және басқа да қызмет көрсету сферасында  өз қызметін жүргізуде. Ол нарықта 4 жылдан астам жұмыс атқаруда. Бұл аз уақыт ішінде «АБУ - СЕР» ЖШС өзін дамушы кәсіпорын ретінде дәлелдеген, оның табысты қызмет етуі үшін басты ұстанымы жетістік, сенімділік және сапа болып табылады. Кәсіпорын жұмысшылар құрамы аса білікті мамандар құрайды. Әрқайсысы өз ісін жетік меңгерген. Осы және басқа да жағдайларды анықтау мақсатында кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасаймыз. 

1-кесте «АБУ - СЕР» ЖШС-нің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау 

Көрсеткіштер өлшем бірл. 2009 ж 2010 ж өзгерісі
Өнімді  өткізуден түскен табыс мың тг. 35092015 56705315 +21613300
Өткізілген  өнімнің өзіндік құны мың тг. 27087653 45541315 +18453662
Жалпы табыс мың тг. 8004362 11164000 +3159638
Кезең шығындары мың тг. 4419087 6329150 1910063
Дебиторлық  қарыздар мың тг. 8092052 35970292 +27878240
Кредиторлық қарыздар мың тг. 544515 2463513 +1918998
Негізгі құралдардың құны мың тг. 4496505 7177888 +2681383
Еңбек ресурсы адам 200 220 +20
Еңбекақы  қоры мың тг. 101856 126245 +24389
Орташа  айлық еңбекақы тг. 42440 47820 +5380
Еңбек өнімділігі мың тг. 175460,1 257751,4 +82291,3
Қор қайтарымдылығы тг. 7,8 7,9 +0,1
Қор сыйымдылығы тг. 0,13 0,12 -0,1
Салық төлегенге дейінгі табыс мың тг. 3585275 4834850 +1249575
Корпоративтік табыс салығы мың тг. 717055 966970 +249915
Таза  пайда мың тг. 2868220 3867880 +999660
Рентабельділік деңгейі % 10,6 8,5 -2,1
Ақпарат көзі: Баланс мәліметтері негізінде есептелінді
 

     1 – кесте мәліметтеріне сүйене  отырып “АБУ – СЕР” ЖШС-ның 2009-2010 жылдар аралығындағы өндірістік қаржылық қызметінің нәтижесіне талдау жүргіземіз. Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табысы 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 21613300 мың теңгеге өскен. Бұл кәсіпорында өнім өндіру мен қызмет көлемінің ұлғайғандығын көрсетеді. Кәсіпорында кезең шығындарының көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді. Сондықтан тұрақты шығындардың мақсатты жұмсалуына мән беру қажет. Себебі тұрақты шығындар кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне тікелей әсер етеді. Жалпы табыс мөлшерінің көбею нәтижесінде салық төлегенге дейінгі табыс мөлшері де 1249575 мың теңгеге ұлғайғанын байқаймыз. Дебиторлық қарыздың көлемі 27878240 мың теңгеге ұлғайса, сәйкесінше кредиторлық қарыздың да көлемі 1918998 мың теңгеге ұлғайған. Кредиторлық қарыз мөлшері 1918998 мың теңгеге өсуіне орай, оған әсер етуші факторлар: біріншіден, дебиторлық қарыз шамасының 27878240 мың теңгеге өсуі; екіншіден, нарықтық экономика жағдайында бағаның өсуі. 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда негізгі құралдардың құны 2681383 мың теңгеге артқан. Кәсіпорында еңбек ресурсы 20 адамға артуынаң есебінен еңбекақы қорының көлемі соңғы жылы  24389 теңгеге өскен. Ұйымның тиімділік деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер қор қайтарымдылығы мен еңбек өнімділігі болып саналады. Қор қайтарымдылығының мөлшері 0,1 теңгеге, еңбек өнімділігі 82291,3 мың теңгеге артқан. Қор қайтарымдылық көрсеткіші ұлғайғандықтан,  қор сыйымдылығы 0,1 мың теңгеге төмендеген. Зерттеу жүргізіліп отырған  2009 және 2010 жылдарда кәсіпорын таза табыспен аяқталған, бірақ рентабельділік деңгейі 2,1 %-ға төмендегенін көреміз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2  ӨНІМНІҢ  ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ 

2.1  Өнімнің өзіндік құнының экономикалық мәні 
 

    Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  материалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

    Өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.  

2-кесте Шығындардың жіктелуі 

Р/с Жіктеу тобы Шығындар
1 Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша • негізгі

• үстеме

2 Өнімнің өзіндік  құнына салу тәсілі бойынша • тікелей

• жанама

3 Құрамы бойынша (біртектілік) • бір элементті

• кешенді

4 Өндіріс көлеміне қатынасы бойынша • өзгермелі

• тұрақты

5 Пайда болу кезеңі бойынша • ағымдық

• бір  уақыттық

6 Өндіріс процесіне  қатысуы бойынша (басқару қызметі  бойынша) • өндірістік

• әкімшіліктік

• коммерциялық

7 Тиімділігі  бойынша • өндірілетін

• өндірілмейтін

8 Бақылау мүмкіндігі бойынша • реттелетін

• реттелмейтін

9 Орташалау деңгейі  бойынша • жалпы

• орташа

10 Пайданы генерациялау кезеңіне шығынды рет ретімен  көшіру • өнімге

• кезеңге

 

    Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты: шикізат және материалдар, қосалқы материалдар мен басқа шығындар.

   Үстеме - өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады.

    Бір элементті – бір элементтен тұрады (еңбекақы, материалдар, аударым).

    Кешенді – бірнеше элементтен тұрады (құрамына қызметкердің еңбекақысы кіретін цех шығындары, аударым, материал, амортизация және басқа да бір элементті шығындар).

    Тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндіретін  өндіріспен байланысты және оның өзіндік  құнына тікелей салынуы мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударым). Жекелеген бөлімшелерге кететін шығын бөлімше шығындары деп аталады .

    Жанама - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік  құнына тікелей салынбауы мүмкін жеке шығын жанама (шартты) бөлінеді. Жекелеген бөлімшелерге салынбаған шығын жанама деп аталады (жанамаға жұмсалатын шығын – бұл субъект бөлімшелерінің жанама шығыны болып табылады).

    Өзгермелі – оның көлемінің өзгеруі өндіріс  көлемінің өзгеруіне тікелей  үйлесімді болады (өндірістік жұмысшылардың  еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т.б) және бұл кезеңдегі өнім шығарылымын үйлесімді бөледі.

    Тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне  тәуелді емес (жылу, өндіріс ғимаратын  жарақтандыру, амортизация, жал (аренда), жанама шығыны және т.б.).

    Аталған кесте мәліметтері бойынша кәсіпорынның өндіріс процесіне жұмсалған шығын элементі құрамы мен құрылымына талдау жүргізуге болады. 

3-кесте Тұрақты шығынның құрамы мен құрылымын талдау

     

Шығын  баптары 2009 жыл 2010 жыл ауытқуы
сомасы  мың тг сомасы мың  тг (+;-) %
Шығындар  барлығы 198 300 +102 152
Оның  ішінде:        
Жарнама 50,0 88,0 +38 176
Қызметкерлер  құрамын ұстау 35,0 47,0 +12 134
Іс-сапар 30,0 58,0 +28 193
Жал төлемі 75,0 95,0 +20 127
Басқада шығындар 8 12 +4 150
 

      Кәсіпорында 2009 жылда жұмсалған шығындар мөлшері 198 мың теңге, ал 2010 жылы  бұл жұмсалған шығындардың мөлшері 300 мың теңгені құрап соңғы жылмен салыстырғанда 102 мың теңгеге, 152%-ға артқан. Яғни, кәсіпорын шаруашылық жылын шығынмен аяқтаған. Шығын кәсіпорын қызметі үшін кері әсер етіп, сондықтан жұмсалған шығынның нақты болғандығын және оны тиімді басқару жолдарын мұқият қарастыру қажет. Жалпы өнім өндірісіне және қызмет көрсетуге кеткен шығынды төмендету мақсатында, нақты іс-шаралар жүргізілуі тиіс. Кәсіпорында шығындар оның ішінде жарнама шығындары 2009 жылы  50 мың теңге, ал 2010 жылы 88 мың теңгені құрап соңғы жылмен салыстырғанда 38 мың теңге, 176 %-ға артқан. Іс-сапар шығындарының көлемі 2009 жылы 30 мың теңге, ал 2010 жылы 58 мың теңгені құрап, 28 мың теңгеге, 193 %-ға артқан. Жал төлемдері соңғы жылмен салыстырғанда 20 мың теңгеге артқан.

    Талдау  жүргізе келе мынадай ұсыныс береміз:

- өнім өндірісіне, қызмет көрсетуге, өндіріс қажеттілігін қанағаттандыру үшін іс-сапар шығындарын барынша үнемдеу;

- нарықтық экономика жағдайы жайлы сыртқы және ішкі ақпараттармен танысып отыру;

- ұтынушылардың сұранысына зерттеулер жүргізу;

- өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығынды азайту.

    Ағымдағы  – жиі қайталанатын кезеңдік шығын (шикізат, материалдар шығыны).

    Бір жолғы – демалыс төлемі, жөндеу жүргізу және т.б. Өндірістік – тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік құнын қалыптастыруға кететін барлық шығын жатады.

    Әкімшілік жалпы басқарумен байланысты шығындар және жалпы шаруашылық, әкімшілік  тағайындаудағы шығындар.

    Коммерциялық (өндірістен тыс) - өнімді сатып алушыға өткізумен байланысты шығын.

    Өндірушілік (жоспарланған) – ұтымды технолгия  мен өндірісті ұйымдастыру арқылы өнімді белгіленген сапада өндіруге кететін шығын.

    Өндірушілік емес (жоспарланбаған) – технологияның  жетіспеушілігінен және өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауынан болатын салдар, яғни шығын (жұмыссыз бос тұрып қалудың шығыны, ақау, мерзімінен тыс еңбекақы).

    Реттелетін  – атқарушы шығын деңгейін реттейтін  немесе оған елеулі ықпал ете алады (өнім өндіруде пайдаланылатын шикізат  шығыны, оны цех бақылаушысы реттейді).

    Реттелмейтін  – қызметкер оның деңгейіне елеулі ықпал ете алмайтын шығын (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша шығынға ықпалын жүргізе  алмайды).

    Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне кететін шығынды көрстетеді.

    Орташа  – есепте бір өнімбірлігіне кететін  шығын.

    Өнімге - өнімнің өзіндік құнына жұмсалатын шығын (тікелей шығын).

    Кезеңге – кезең шығындары: жалпы және әкімшілік шығындары, тауарды сату шығындары, сыйақысы бойынша шығындар (жанама шығындар). 
 

      2.2  Өнімнің өзіндік құнын талдау 

    Өнімнің  өзіндік  құнын  құрайтын  шығындар (жұмыс,  қызмет көрсету)  олардың  экономикалық  мазмұнына  сәйкес  келесідей  жалпы бірыңғай  элементтерге  топтастырылады:

- материалдық  шығындар;

- еңбекақыға шығындар;

- әлеуметтік  қажеттіліктерге аударымдар;

- негізгі   қорларға  амортизация;

- басқада   шығындар.

    «Материалдық  шығындар»  элементінде  өндіріске, өнім  өндіруге  қажетті  шикізат  пен  материалдың,  жабдықтаушы  бұйымдар  және  жартылай  фабрикаттар,  технологиялық  және  өндірісті  қамтамасыздандыратын  жанармай  мен  энергияның  барлық  түрі жатады. «Еңбекақыға  шығындар»  құрамына  кәсіпорынның негізгі өндіріс персоналының  еңбекақысына  кеткен  шығындар,  өндіріс нәтижелеріне  жұмысшылар  мен  қызметкерлерге  сыйақы,  ынталындырушы  және  компенсациялайтын төлемдер.   «Негізгі  қорлар  амортизациясы»  құрамына  негізгі  өндірістік  қорларды    толықтай     қалпына     келтіруге    жұмсалатын     амортизацияық аударымдар  сомасы.

     «АБУ - СЕР» ЖШС-де өнімнің өзіндік құны келесі шығындар элементтерінен құрылады. Осыған байланысты шығындардың элементтеріне талдау жасаймыз. 

     4-кесте  Өнімнің өзіндік құнының құрамын талдау

Көрсекіштер 2009 жыл 2010 жыл Ауытқуы
  Сома, мың тг. Сома, мың тг. +; - %
Материалдық шығындар 67294356 133377191 +66082835 198,2
Еңбекақы  шығындары 14019657 23752102 +9732445 169,4
Негізгі қорлардың амортизациясы  
7477150
 
12789593
 
+5312443
 
171,0
Әлеуметтік  аударымдар 2803931 7308339 +4504408 260,6
Басқада шығындар 1869287 5481254 +3611967 293,2
Ақпарат көзі: өндірістік шығындар есебі мәліметтерінен алынған