Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері
Мазмұны
Қысқартулар |
.....2 | |
Анықтамалар |
.....3 | |
Кіріспе |
…..4 | |
1 |
Негізгі бөлім |
…..6 |
1.1 |
Құстардың Ньюкасл ауруы |
…..6 |
1.2. |
Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері |
…..11 |
1.3. |
Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі |
…..14 |
1.3.1 |
Ньюкасл ауруын алдын алу шаралары |
.....15 |
1.3.2 |
Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары |
.....15 |
1.4 |
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Қырықбаев С.Т., магистранты, Нұрғазы Б.Ө., Мауланов А.З. ветеринария ғылымдарынның доктарларының құстардың ньюкасл ауруын анықтаған жұмыстары. |
…..19 |
Қорытынды |
…..22 | |
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
…..23 |
Бұл курстық жұмыста келесідей қысқартулар қолданылады:
НА – Ньюкасл ауруы
ҚТ – құс тұмауы
ГАБ – гемагглютинирлік бірлік
ИФТ – иммунды ферменттік талдау
ПВМ – парамиксовирустар
ГАР – гемагглютинация реакциясы
ГАТР – гемагглютинация тежеу реакциясы
ПТР – полимеразалық тізбекті реакциясы
Бұл курстық жұмыста келесідей анықтамалар қолданылады:
Ньюкасл ауруы - кеңінен тараған, экономикалық жағынан зиян әкелетін құс ауруы.
Құс тұмауы – үй және жабайы құстардың жіті, жоғары жұқпалы ауруы.
Штамм – біріншілі субөсінділеуден соң пайда болған өсінді. Біріншілік өсіндіде болған көптеген жасушалар тұрады.
КІРІСПЕ
Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады.
Жабайы құстардың ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Көпшілік құстар егін, бау-бақша, тоғайлы және далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері – омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын тигізеді. Орман зиянкестерімен қоректенетін құстарға: сары шымшық, пищухалар, түрлі славкалар, шыбын қаққыштар, қызыл құйрықтар, милиновкалар, көкектер, жағалтайлар, ешкіемерлер, тоқылдақтар, кішкене торғайлар, т.б. жатады. Дала мен шабындық жерлердегі зиянкестермен қоректенетін құстарға: кәдімгі қара торғай, түрлі қаратамақ торғай, боз торғайлар, ақсарылар, көк қарғалар, айдарлы көкектер, кәдімгі және дала бөктергісі, қырғилар, ақ тұмсық қарғалар, ұзақтар, кейбір жерлерде шағалар, т.б. жатады.
Құстар ұсақ кемірушілерді жеп, ауыл шаруашылығында үлкен пайда келтіреді. Көптеген күндізгі жыртқыш құстар және жапалақтар көпшілігінде ұсақ кемірушілермен қоректеніп, оларды қырады. Ұсақ кемірушілермен қоректенетін құстарға кәдімгі жамансары, қорған жамансары, қыстақ жамансарысы, құладындар, қорған бүркіті, дала бүркіті, кәдімгі бөктергі, дала бөктергісі, күйкентайлар, ителгілер, батпақты жердің жапалағы, құлақты жапалақ және сұр неясыттар, т.б. жатады.
Кейбір құстардың пайдасымен қатар зияны да айтарлықтай. Мысалы, ақ тұмсық қара қарғалар көктемде себілген тұқымды қазып жесе, жазда қиярды, қарбыз, қауынды, қартопты шоқып бүлдіреді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының зиянкес насекомдарында жеп көп пайда келтіреді. Сол сияқты суық торғайларда балапаны ұшқанша насекомдармен олардың личинкаларымен, жұлдыз құрттармен қоректендірсе, олар ұшқасын, күзде дәнді дақылдармен қоректендіріп зиянын тигізеді. Сонымен қатар кейбір түрлері ементұмсықтар мен қара торғайлар шие жемісін жеп, үлкен зиян келтіреді [1].
Құстардың көпшілік түрлерінің кәсіптік маңызы соншалықты үлкен. Жабайы құстарды пайдалану шаруашылығымызға қосымша ет, жұмыртқа, мамық, қауырсын немесе қауырсыны бар құс елтірісін береді.
Құс аулау кәсібінде тауық тәрізділер бірінші орын алады. Өйткені, олар барлық жерлерге кеңінен тараған, өте көп және олардың еті дәмді болады. Тауық тәрізділердің күзде және қыста бір жерге топтанып жиналуы, оларды көбірек ұстауға мүмкіндік туғызады. Бұл құстар (бөденеден басқасы) барлығы дерлік отырықшы құстар. Сондықтан бүкіл жыл бойы аулауға мүмкіндік болады.
ТМД-да орта және оңтүстік аудандарындағы кәсіптік маңызы бар құстар: шіл, қырғауыл және бөдене.
Құс аулау кәсібінде қаз тәрізділер екінші орын алады. Олардың ішінде көбірек ауланатын өзен үйректері: қоңыр үйрек, бізқұйрық, сұр үйрек, шөрегей, сүңгуірлер, теңіз чернеті, айдарлы чернеттер, гогольдер, тұрпандар. Басқа түрлерінің етінің дәмі нашар болғандықтан сирек ауланады. Су құстарын аулау өз мәнінде жүргізілмей келеді. Сібірдің оңтүстігіндегі, Орта Азиядағы және Қазақстандағы құстардың өте көп болуы болашақта кеңінен аулауға мүмкіндік береді. Шүрегей үйректің мамығы өте бағалы. Ондай мамық жеңіл, жылу өткізу нашар, әрі серпімді болады. Сондықтан, ұйыспайды. Бағалы мамықты Солтүстік Еуропаның кейбір аудандарынан жинайды.
Кейбір құстардың терісі қалың болады. Ондай құстардың қауырсыны мен терісі сылып алып, илеп, түрлі киімдер – бас, киім, муфта тігеді. Аққулардың терісінен ұзын қанаттарын жұлып тастайды, ал шүрегей, ала үйректердің қанат қауырсындарымен илеп, бұйымдар жасайды. Бұл теріні «құс елтірісі» деп атайды.
Құс аулау кәсібін өркендету үшін, құстарды аулау ғана емес көбейту шаралары да қолданылады. Сондықтан да, құстарды жыл маусымының белгілі бір уақытында ғана аулап, көбею кезінде жылдың басқа маусымдарында аулауға тыйым салынады. Құстардың көбірек ұялайтын және қыстайтын жерінен қорықтар ұйымдастырылады. Кейбір құстардың тарауына жағдайлар туғызылады. Мысалы, ағаш отырғызылған далаларға қырғауылдарды жерсіндірген т.б.
Үй құстарын өсіру ауыл шаруашылығының өркендетудің үлкен саласының бірі. Негізгі үй құстары: тауықтар, үйректер, қаздар, аз да болса күрке тауықтар, цесаркалар өсіріледі. Көгершіндердің де шаруашылықта өзіндік маңызы бар. Көгершін өсірудің үш тұқымдасына сәйкес үш түрлі бағытта: әсемдік, почташы, еті үшін өсіріледі [1].
II Негізгі бөлім
- Құстардың Ньюкасл ауруы
Ньюкасл ауруы - кеңінен тараған, экономикалық жағынан зиян әкелетін құс ауруы. Кейінгі кезде осы ауруға өте ұқсас ауру-құс тұмауы кездеседі. Осы ауруға қарсы күресу үшін міндетті түрде оларды дифференцирлеу қажет.
Ньюкасл ауру қоздырғышысы РНҚ бар вирустар тобына, Paramyxoviridae тұқымына, Rubulavirus туысына жатады. Вирион күрделі, көлемі 120-180 нм, пішіні сфера тәрізді болып келеді.
Ньюкасл ауру - тауық және күрке тауықтың жоғары контагиозды вирустық індет. Ауру тауықтардың тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің және орталық жүйке жүйелерінің зақымдалуымен, ішкі мүшелерде көптеген нүктелі қан құйылулармен сипатталады.
Вирустың ағзаға ену жолына, құстардың жасы мен күтіміне байланысты ауру ағымы инкубациялық кезеңі 2 - 15 күнге дейін созылады [2].
1-сурет. Ньюкасл ауру жұқтырылған тауық (4-ші күн)
2-сурет. Ньюкасл ауру жұқтырылған тауық (7-ші күн)
Жұлын жүйесінің зақымдалынуы
Вирустың антигендік бір қалыптылығы аурудың зертханалық балауын жеңілдетеді. Вирусының патогенді және апатогенді штамдарының барлықтарының құрамында 6 түрлі ақуыз болады. Вирус тауық,көгершін, күрке тауық, теңіз шошқасы, тышқан, адам эритоциттерін агглютинирлейді. Вирустың жеке штамдары одан басқа қой, ешкі, шошқа, ірі қара мен жылқы эритроциттерін агглютинирлейді.
Ауру қоздырушының төзімділігі сыртқы орта факторларына байланысты. Күн сәулесі қоздырушының жұқпалылығы 3-4 сағатта жойылғанымен, олардың гемагглютининдік қасиеті ұзақ сақталады. Төменгі температурада және мұздатылған жағдайда вирустың белсенділігі 2 жыл бойы, ал қоршаған ортада күз және қыс айларында 140 күнге дейін сақталады.
Ньюкасл аурудың жасырын даму барысында жыныс жолдарының өзгерісі байқалады, ол жұмыртқалауды 3 жұмаға дейін тоқтатуына әкеп соғады. Аурудың жіті даму жағдайында арасында өлім 90% дейін жетеді.
Құс тұмауы – үй және жабайы құстардың жіті, жоғары жұқпалы ауруы. Үй құстарының ішінен тұмауға сезімтал тауықтар, үйректер, күрке тауықтар және қаздар. Ауру респираторлы мүшелерінің, асқазан-ішек жолдарының және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады [2].
Тауық тұмауының клиникалық белгілері азыққа тәбеті болмайды, құстар тұмсықтарын ашып шиқылдап, қырылдап дыбыс шығарады, тыныс алуы қиындайды, ауыз және мұрын қуыстарынан сұйық ағады, қозғалыс координациясы бұзылады, дене қызуы жоғарылайды, конъюнктивит, түшкіреді, тұншығады, айдарлары мен сырғалары көгереді, оларда шешек тәрізді бөртпелер пайда болады, тұмсығының мүйізді қабаттары жарылады, мойындарын 180˚С бұрап шалқайтады немесе бүгіп алады, аяқтары гиперемияланып кетеді. Ауруға шалдыққан тауықтардың жұмыртқалауы төмендейді. Құстардың 90-100% өлімге ұшырайды. Өлімге ұшыраған құстарда некроз, іш өту (диарея) байқалады.
Құс тұмауының қоздырушысы
РНҚ бар вирус тобына Orthomyхoviridaе тұқымд астығына, Influenzaviuт туысын а
жатады.
Вирион - сфера пішінді, көлемі 80-120 нм болады. 13 серологиялық
варианттары бар, олардың патогенділігі бірдей емес және құстың әр түріне әр түрлі клиникалық белгілер тудырады. Құс тұмауының қауіпті штамдары А типі, H5 және H7 тип тармақтары саналады. Үй құстарына қауіпті H7N7 мен H5N1 штамдары жататындығы анықталған. Осы вирус штамдарымен зақымдалған құстар 90-100% қырылып қалады. Құс тұмауы қоздырушының құрылымы мен бірге биологиялық қасиеттері де өзгеріп отырады. Сондықтан, ағзада түзілген антиденелер екінші рет енген вирусқа қарсы шыға алмайды. Сол үшін құс тұмауы вирусының мутанттары өте қауіпті болып келеді.
Ньюкасл ауру қоздырушымен құс тұмау ауру қоздырушының балауы - эпизоотологиялық деректерге, клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, зертханалық зерттеулеріне бөлінеді.
Сонымен, Ньюкасл ауру қоздырушысы мен құс тұмау ауру қоздырушысының клиникалық белгілері және патологиялық анатомиялық өзгерістері өте ұқсас, оларды тек зертханалық әдістермен дифференцирлауға болады [2].
Патматериалды алу. Ол үшін зертханалық зерттеуге келесі патологиялық материал жіберіледі: жаңадан өлген немесе өлтірілген құстарды, құстардың бас миы, бауыр, көк бауыры, өкпесі, трахея, жілік майы, ішектері мен клоака шайындылары және қан сарысулары алынады. Алынған патологиялық материалдарды салқын мұздатылған термостарға салып зертханаға жеткізеді. Зерттеуге алынған ішкі ағзаларды залалсызданған 50% глицерин дистильденген судағы ерітіндісіне салады.
Зертханалық балауы. Антиденені вирусқа анықтау үшін зертханаға бір құс қамайтын күркеден 25 құс қанының сарысу сынамасын жібереді. 2 – 3 жұмадан кейін сол құстардан қайтадан 25 сынамасын жібереді. Тауықтардан қанды алғанда асептиканы сақтау керек. Сарысуды алғаннан кейін 1:20000 қатынаста мертиолат қосып консервирлейді.
Құс тұмауы (ҚТ) және Ньюкасл ауруының (НА) вирустарының дифференциалды зертханалық балауы. Оны келесі жоба бойынша жүргізеді: вирусты тауық эмбрионында бөлу арқылы; гемагглютинация тежеу реакциясында құс тұмауының вирусын Ньюкасл ауруының вирусынан дифференциалдық балауы.
Құс тұмауына немесе Ньюкасл ауруына күмәнданғанда біріншіден вирусты гемагглютинация реакциясымен табуға әрекет жасайды. Ол үшін патологиялық материалдың суспензиясының бір тамшысына 5% тауық эритроцит суспензиясының тамшысын қосады. Патологиялық материалда гемагглютинирленетін вирус бар болса, гемагглютинация реакцияның нәтижесі оң көрсетеді.
Вирустарды бөлу. Биосынамамен вирусты табу және оның суспензиясын патологиялық материалдан бөлу мақсатында 9 – 11 күндік тауық эмбрионының аллантоис қабатына енгізеді. Онда Ньюкасл ауруының вирусының немесе құс тұмауының вирусының көбеюінен, вирус штамының вируленттігіне байланысты эмбриондар 20 – 76 сағат соң өледі. Өлген эмбриондарды жарып қарағанда ұрықтың бас миында, денесінде және табанында көптеген нүктелі қан құйылуларын байқауға болады.
3-сурет. Басының қан құйылулары (19-күндік тауық эмбрионы)
Өлген эмбрионның аллантоис сұйығын сорып алады. Онда вирус барын гемагглютинация тамшы реакциясымен анықтайды және әрі қарай зерттеуге бөлінген вирус бар материалды қолданады.
ГАТР ҚТ вирусын НА вирусынан дифференциялау. Тауық эмбрионының көмегімен анықтау және бөлу кезеңінде ҚТ вирусы НА вирусынан дифференциациялауға мүмкіндік болмайды, өйткені тауық эмбрионында вирустардың көбею белгілері ұқсас. Вирустар спецификалық әрекеттерін серологиялық реакцияларда көрсетеді. Осы вирустарды дифференциациалауға ең ыңғайлы тауық эритроциттер қолданылатын ГАТР – гемагглютинация тежеу реакциясы. Себебі екі вирустың да бұл эритроциттерді агглютинирлеу мүмкіндігі бар, ал тек спецификалық сарысумен бірлесіп әрекет жасауы оларды дәл дифференциациялауға мүмкіндік береді [2].
Спецификалық, яғни белгілі антиденесі бар, сарысуларды биофабрикалардан алып, зертханаларға жібереді.
Ньюкасл ауруын және қүс тұмауын вирусын ГАТР дифференциациалағанда екі спецификалық сарысуды қолданады, оның біреуі НА вирусына антиденесі бар, ал екіншісі - ҚТ вирусына. Дәлірек айтқанда, тұмау вирусының серологиялық вариантын белгілеп қою міндеттілігі, өйткені біреуімен ауырып болған құстар басқа серологиялық варианттарынан иммунологиялык қорғалынбайды.
Вирустарды ГАТР дифференциациялау бірнеше модификацияның біреуімен қою арқылы өткізуге болуы мүмкін [2].
Сонымен бірінші бөлінген вирусты ГАР-мен титрлейды және ГАТР -на онын 4 ГАБ титрімен жұмыс сұйылтымдары дайындайды. Сосын биофабрикалык өндірістің екі спецификалық сарысуын алып, бөлінген вирустың қатысуымен екі сарысудағы антидене титрін анықтайды
(1 кесте).
1 – кесте. Сарысудың сұйылтымдармен ГАТР НА және ҚТ вирустың дифференциациялау жүйесі.
Реакция компоненттері |
Сарысу сұйылтымдары | ||||||||
1:2 |
1:4 |
1:8 |
1:16 |
1:32 |
1:64 |
1:128 |
1:256 |
1:512 | |
Вирус Х + НА вирусының сарысу |
+++ |
+++ |
+++ |
+++ |
+++ |
+++ |
+++ |
+++ |
+++ |
Вирус Х + ҚТ вирусының сарысуы |
- |
- |
- |
- |
- |
+ |
++ |
+++ |
+++ |
Келтірілген мысалда, белгісіз вирустың гемагглютинирлік белсенділігі құстың тұмау вирусының спецификалық сарысуының
құрамында бар антиденемен тежейді.
Бұл антиген + антидене (бөлінген вирус + спецификалық сарысу антидене) комплексі құрылуының жанама дәлелі болады. Сол уақытта, Ньюкасл ауруы вирусына антиденесі бар сарысуды қосқанда вирустың гемагглютинирлік мүмкіндігіне әсер етпейді, яғни комплекс кұралмайды. Бұл патологиялық материалдан бөлінген белгісіз вирустың құс тұмауы вирусы екенінің айғағы.
Ньюкасл ауруымен құс тұмау
вирустардың индикациясы мен идентификациясында
- Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері
Құс шаруашылығында вирусологиялық зерттеулер нәтижесінде ньюкасл ауруы вирусының төрт штамы бөлінген, олар биологиялық қасиеттері жағынан эталондық штамнан өзгеше екендігі көрсетілген.
Құс парамиксовирустарының (ПМВ) қазіргі кездегі белгілі 9 серотиптерінің ішінде ең кең таралғаны және індеттігі жағынан маңыздысы 1 серотипке қарайтын ньюкасл ауруының вирусы (НАВ) болып есептелінеді. Алғаш 1926 жылы анықталғаннан бері бұл вирустың зардаптылық қасиеті әр түрлі көптеген штамдары бөлінді. Зардаптылық қасиеті жағынан оларды велогенді, мезогенді және лентогенді болып аталатын үш топқа бөледі (Hanson,Brandly 1955) [3]. Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің деректеріне сәйкес біздің республикамыздың құс шаруашылықтарында штамдардың үш түрі де кездеседі [4]. НАВ-ның зардаптылық деңгейінің тез өзгеріштік қасиеті, аурудың клиникалық белгілерінің сан алуан түрде байқалуы, сыртқы ортада кең ауқымда таралуы және ауру байқалған жағдайда құс шаруашылығына үлкен эканомикалық шығын келтіретіндіктен вирустың аиналымда кездесетін бөлінділерін мұқият зерттеп, оның биологиялық қасиеттерін үнемі бақылауда ұстау қажет. Соңғы жылдардағы зерттеулерге сүйенсек, НАВ-ын таратуда жабайы құстардың орны біршама жоғары екені байқалады. Бұл жағынан Қазақстан белгілі дәрежеде ғылыми қызығушылық туғызады. Себебі біздің республикамыз Евразия құрлығының ортасына орналасқан кең алқапты алып жатыр, оның үстінен табиғи қалыптасқан жабайы жыл құстарының көптеген жолдары өтеді, мұның өзі НАВ-ның жаңа штамдарының тасымалдауына қолайлы жағдай туғызады. Қазақстанның құс шарушылықтарында ньюкасл ауруы (НА) 1998-2002 жылдары жиі байқалды, ол жөнінен кезінде баспасөз бетінде деректер берілген, соңғы жылдары бұл жөнінде деректер жоқ. Бірақ құс шаруашылықтарында жүргізілген вирусологиялық зерттеулер НАВ-ның айналымында болатынын дәлелдейді. Осыған байланысты бөлініп алынған штамдарды зерттеп, олардың биологиялық қасиеттерін анықтау осы жұмыстың негізгі мақсаты болып есептеледі.
Материалдар мен әдістер. Зерттеуге 2007-2008 ж ж. «Монтажник» құс фабрикасындағы жүргізілген зерттеулер кезінде бөлініп алынған төрт штамм алынды. Олар 55-60 күндік тауық балапандарынан, өңештен және клоакадан алынған шайындылардан бөлініп алынды. Бөлінген штамдар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тұмау вирусын белгілеу номенклатурасына сәйкес белгіленді:
-вирустар тобы /бөлінген
жануар түрі/бөлінген жері/ экспертиза
номері/бөлінген жылы/. Біз алынған
НАВ-ның штамдарының атаулары: ПМВ-1/тауық/
Алматы/12/07; ПМВ-1/тауық/ Алматы/16/07; ПМВ-1
/тауық/ Алматы/17/07; ПМВ-1/тауық/Алматы/23/07;
Эталондық штамм ретінде Ла
сота/46 пайданылды. Вирусты бөліп
алу. Вирусты бөліп алу үшін
өңеш , клоака шайындыларын алдын-ала антибиотиктер
қосып өңдегеннен кейін, 9 күндік тауық
эмбрионының аллантонис қуысына 0,2 мл
мөлшерде жіберілді. Содан кейін термостатқа
37°С 96 сағатқа орналастырып бақылайды,
48 сағаттан кейін өлген эмбриондарды әрі
қарай жұмыс жүргізуге пайдаландық.
Вирустардың инфекциялық титрін Рид және Менг әдісімен шығарып , оны Lg ЭИД 50/0,2 мл белгіледік [4].
Гемаглютинация реакциясын (ГАР) және гемаглютинацияны тежеу реакциясын (ГАТР) жалпы қолданылатын әдістемеге сәйкес микровариантында Такачи планшеттерінде қойылды [4] . Зардаптылықтың интрацеребралды индексін анықтауда R.Hanson мен C. Brandly әдісі қолданылды [4]. Штамдардың гемаглютинациялық белсенділігін тауық , теңіз шошқасы, қой, сиыр, тышқан, жылқы, мысық эритроциттерінің 0,5 % езіндісімен тексердік. Гемаглютининнің қыздыруға сезімталдылығын 56°С қыздырғаннан кейін 5,15,30,60,120 минут өткеннен кейінгі оның титрінің ГАР өзгеруіне қарай анықталды [4]. Эритроциттен вирустың ажырау қасиеті I.Spalatin et al. [5] әдісімен зерттелді.
Зерттеу нәтижелері және қорытынды. Штамдардың интацерибралды әдіспен зардаптылық дәрежесін анықтауда мынадай нәтижелер алынды ( 1-кесте ).
1-кесте. Ньюкасл ауруы вирусының зардаптылық дәрежесі
Штамм |
Зардап.интрацеребр. |
патотип |
ПМВ-1/тауық/Алматы/12/07 |
0,7 |
лентогенді |
ПМВ-1/тауық/Алматы/16/07 |
1,13 |
мезогенді |
ПМВ-1/тауық/Алматы/17/07 |
1,45 |
мезогенді |
ПМВ-1/тауық/Алматы/23/07 |
1,32 |
мезогенді |
Ла/Сота |
0,2 |
лентогенді |
Кестедегі деректерге қарай бөлінген штамдардың үшеуінің зардаптылығы мезогенді топқа, ал біреуі лентогенді топқа қарайтыны анықталды. Штамдардың гемагглютинациялық белсенділігін зерттеу нәтижесі 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте. НАВ-ның штамдарының гемагглютинацииялық белсенділігін анықтау.
|
Штамм |
эритроциттер |
Тауық, теңіз қой, сиыр, тышқан, жылқы, мысық, шошқа | |
ПМВ-1/тауық/Алматы/12/07 |
64 32 8 8 8 0 0 |
ПМВ-1/тауық/Алматы/16/07 |
32 32 8 16 32 0 0 |
ПМВ-1/тауық/Алматы/17/07 |
250 250 128 64 64 0 0 |
ПМВ-1/тауық/Алматы/23/07 |
128 32 64 10 32 0 0 |
ПМВ-1/Ла Сота /46 |
250 128 0 0 64 0 0 |
Ескерту: ГАР титірінің кері нәтижелері келтірілген
Кестеде көрсетілгендей штамдарының барлығы да жылқы, мысық эритроциттермен әсерлескен жоқ. Басқа жануарлардың эритроциттерімен әсерлесулері әр түрлі нәтиже берді деуге болады. Ең жоғарғы белсенділік тауық эритроциттерімен (256 дейін) байқалады, ең төмендеу көрсеткіші сиыр эритроциттерімен (64 дейін ) байқалды. Штамдардың гемагглютининінің қыздыруға сезімталдығын анықтаудың нәтижелері 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте. Ньюкасл вирусы
штамдарының қыздыруға сезімталдығы.
Штаммдар |
ГА бастапқы титірі |
Гемагглютининнің 56°С қыздырғаннан кейінгі титірі | ||||
5мин |
15мин |
30мин |
60мин |
120мин | ||
ПВМ-1/тауық/Алматы/12/07 |
256 |
256 |
256 |
256 |
128 |
0 |
ПМВ-1/тауық/Алматы/16/07 |
512 |
512 |
512 |
512 |
512 |
128 |
ПМВ-1/тауық/Алматы/17/07 |
256 |
256 |
256 |
256 |
256 |
64 |
ПМВ-1/тауық/Алматы/23/07 |
256 |
256 |
256 |
256 |
256 |
128 |
ПМВ-1/Ла Сота/46 |
512 |
128 |
0 |
0 |
0 |
0 |
Кестедегі көрсеткіштерге қарасақ бөлінген төрт штамда қыздыруға төзімділік байқатты, үшеуі (16/07,17/07,23/07) 120 минут қыздырғаннан кейін өздерінің гемагглютиндейтін белсенділігін жоғалтқан жоқ, тек қана 12/07 штамда 60 минуттан кейін белсенділік байқалмады. Алайда олардың төртеуінің де гемагглютиндік белсенділігі эталондық Ла Сота штамына қарағанда жоғары екендігі байқалды, себебі Ла Сота штамы 56 °С 5 минут қыздырғаннан кейін гемагглютиндеу қасиетінен айрылып қалды. Штамдардың эритроциттен ажырау белсенділігін зерттеу нәтижесінде олардың төртеуі де 24 сағат ішінде эритроциттен ажырайтыны белгілі болды, бұл олардың орташа ажырау тобына жататынын дәлелдейді. Жүргізілген зерттеулер құс шаруашылықтарында айналымда НАВ-ның біршама зардапты мезогенді штамдарының айналымда жүретінін, олардың биологиялық қасиетерінің эталондық Ла Сота штамынан айырмашылықтары бар екенін анықтады. Бұл айналымдағы НАВ штамдары жас балапандарға белгілі дәрежеде қауіп туғызуы мүмкін, сондықтан түгел құс басын қатаң серологиялық зерттеулермен бақылау жүргізіп, дер кезінде балапандарды вакциндеу қажет. Сонымен қатар құс фабрикаларында уақтылы вирусологиялық мониторингі жүргізіліп, індеттік ақуалды бақылауда ұстау қажет [6].
- Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі
Осы Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және жүргізудің тәртібін анықтайды, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуы үшін міндетті болып табылады.
Құстардың Ньюкасл
ауруы (жалған оба) - жіті өтетін және тез
таралатын ауру, тыныс алу, ішек-қарын
жолы органдарының және орталық нерв жүйесінің
бұзылуымен сипатталып, құстардың жаппай
өлімін туғызады. Иммунитеті әлсіреген
вакцинацияланған құстарда аурудың айқын
және патологиялық-анатомиялық белгілері
көрінбеуі мүмкін.
Ауруға тауық отрядтарының барлық үй және
жабайы құстары шалдыққыш келеді (тауықтар,
цесаркалар, түйе құстар, фазандар, павлиндер).
Ауру қоздырғышы - парамиксовирустар туыстығына
жататын вирус.
Індеттің көзі ауру құстар және аурудың
инкубациялық кезеңіндегі жұқтырып алған
құстар (жасырын кезең), ауру 3 күннен 7
күн аралығына созылуы мүмкін, (кейде 10
күнге дейін). Ауру құстар сыртқы ортаға
негізінен мұрыннан бөлінген сұйықпен
және нәжісімен вирус бөледі.
Ауру қоздырғышының көзі ауру құстардан
алынған залалсыздандырылмаған құс өнімдері
және шикізаттары болуы мүмкін (жұмыртқа,
ет, мамық-түк, қауырсын), немесе ауру құстардың
бөлінулерімен ластанған азық, су, құралдар,
қызмет етуші кісілердің киімі және аяқ
киімі, көлік заттары және ауру қоздырғышы
оларда ұзақ уақыт сақталынуға қабілетті.

- Ньюсмейкинг в молодежной политике
- НЭП
- НЭП: причины введения, основные мероприятия и причины отмены
- НЭП: разработка, осуществление и основные результаты (1921-1929 гг
- НЭП: содержание, альтернативы, механизмы реализации
- НЭП: сущность, противоречия, трудности, значения
- Нюрнбергский процесс
- Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі
- Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі
- Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі
- Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі
- Нью-Йоркская фондовая Биржа
- Нью-Йоркская Фондовая Биржа
- Нью-йоркская фондовая биржа: история, современное состояние и перспективы развития