Ондірістік кооператив




Бизнес-жоспар

Ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар  құру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2011 жыл  

Мазмұны

Кестелер тізімі 3

Суреттер тізімі 4

Резюме 5

Кіріспе 7

1. Жобаның тұжырымдамасы 8

2. Өнімінің  (қызметтің) сипаттамасы 9

3. Өндірістер бағдарламасы 11

4. Маркетингтік жоспар 12

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 12

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 16

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін  өзгерістер 18

4.4 Маркетинг стратегиясы 20

5. Техникалық жоспарлау 21

5.1 Технологиялық процесс 21

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 22

5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 23

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 23

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 24

7. Жобаны іске асыру 25

7.1 Іске асыру жоспары 25

7.2 Жобаны іске асыру шығындары 25

8. Пайдалану шығыстары 27

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 28

10. Қаржыландыру қажеттілігі 29

11. Жобаның тиімділігі 30

11.1 Cash-flow проекциясы 30

11.2 Пайда мен  залалдардың есептері 30

11.3 Баланс проекциясы 30

11.4 Қаржы индикаторлары 30

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық  әсер 32

12.1 Жобаның  әлеуметтік-экономикалық мәні 32

12.2 Қоршаған ортаға әсер 32

Қосымшалар 34

 

Кестелер тізімі

1-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

2-кесте – Жоспарлы сату бағдарламасы, мың  тг

3-кесте - Өнімге жоспарлы бағалар

4-кесте - ҚР –да 2011 жылдың 1 қаңтарына мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштері (барлық санаттағы шаруашылықтарда)

5-кесте – 2011 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан қалаларының нарықтарындағы (соның ішінде  Алматыдағы ) ІҚМ мен  сиыр етінің бағасы

6-кесте - 2011 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысындағы сүт-ет  және ет бағытындағы ІҚМ өсіретін асыл тұқымды желі базасы

7-кесте - Мал санының өсуі, меншікті  салмағы, генетикалық әлеуетін дамыту

8-кесте – Сиыр қора аумағының есебі

9-кесте - Ферма үшін қажетті жабдықтар тізбесі

10-кесте - Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

11-кесте - 2012  жылға арналған  инвестициялық шығындар

12-кесте - Бір айдағы ауыспалы шығыстар, ҚҚС-сыз

13-кесте - Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары,  мың тг.

14-кесте - Еңбек ақы төлеу шығыстарының есебі, мың  тг

15-кесте - Жобаның инвестициялары, мың теңге

16-кесте - 2012 жылға арналған  қаржыландыру бағдарламасы, мың теңге

17-кесте - Кредиттеу шарттары

18-кесте – Кредиттік ресурстарды игеру және өтеу, мың тг.

19-кесте - Рентабельділік көрсеткіштері

20-кесте - Баланстық есеп коэффициенті

21-кесте - Жобаның қаржылық  көрсеткіштері

22-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау, мың тг.

23-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл), мың теңге

24-кесте - Жобаның шеңберінде  табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі

 

 

 

Суреттер тізімі

1-сурет – Алматы облысындағы ірі қара мал басы, жылдың соңына,  мың бас

2-сурет – ІҚМ басының жалпы санындағы Алматы облысының үлесі

3-сурет - Алматы облысындағы сойыс салмағындағы ет өндірісі, мың тонна

4-сурет – Өндірілген еттің жалпы көлеміндегі Алматы облысының үлесі (2010 ж.), %

5-сурет – Алматы облысының  ет ресурстары құрылымы

6-сурет – Алматы облысында  союға өткізілген мал мен құстың барлық түрі, тірі массада, мың тонна

7-сурет - Организационная структура

 

  

Резюме

Жобаның тұжырымдамасы Алматы облысында  ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар  құруды қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің  мақсаты  оған қатысушының материалдық хал-жағдайын жақсарту үшін  табыс түсіру болып  табылады. Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы өнімдерді тұтынушы –  етті қайта өңдеу кәсіпорындары, облыстың және жақын орналасқан аудандардың  тұрғындары болып табылады.

Сиыр қора үшін “СПАЙДЕР-В” жүйесінің  жылытылған ғимаратын сатып алу  жоспарлануда.

Жоба бойынша жалпы инвестициялық  шығындар  мыналарды қамтиды:

Шығысытар, мың теңге

2 012

Негізгі капиталға инвестициялар

82 789

Айналым капиталы

21 496

Барлығы

104 285


 

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты  қарыз  капиталы есебінен де жүзеге асыру  жоспарлдануда.

Қаржыландыру көзі, мың теңге

Сумма

Период

Доля

Өз қаражаты

31 286

01-06.12

30%

Қарыз қаражаты

73 000

01-06.12

70%

ВБарлығы

104 285

 

100%


 

Кредиттеудің мынадай шарттары қабылданды:

Кредит валютасы

теңге

Пайыздық ставка, жылдық

7%

Өтеу мерзімі

7,0

Пайыздар мен негізгі борышты  төлеу

ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

6

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті  кезеңі, ай

6

Өтеу түрлері

тең үлестермен


 

Кәсіпорын қызметінің жобаның 7 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.

Жылдық  пайда (7 жыл),  мың теңге

13 830

Активтердің рентабельділігі

27%


 

10% дисконттау ставкасы кезінде  инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 12  жылда 14 568 мың теңгені құрады.

Ішкі кірістілік нормасы (IRR)

13%

Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге

14 568

Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл

6,9

Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

9,6


 

Жоба экономикалық көзқарас жағынан  мыналарға ықпал ететін болады:

  • жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты пайда табуына мүмкіндік береді;
  • ет алу үшін ірі қара мал өсіретін жаңа фермалар  ашу;
  • экологиялық таза өнім өндіру;
  • Алматы облысының бюджетіне салықтар мен  басқа да аударымдардың түсуі. Әлеуметтік әсерлердің арасында  мыналарды бөліп көрсетуге болады:
  • халықтың ет өнімдеріне деген  сұранысын қанағаттандыру.

 

 

 

 

Кіріспе

Етті, әсіресе сиыр етін өндіруді  ұлғайту мәселесі – мал шаруашылығы  саласындағы барынша өзектілерінің  бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда  сүтті және  құрамдастырылған тұқымды  мал өсіру есебінен  шешілуде.

Сонымен бірге ет ресурстарын ұлғайтудың маңызды резерві мамандандырылған ет шаруашылығын дамыту болып табылады, оның бірқатар экономикалық және өнімділік  ерекшеліктері бар. Мамандандырылған ет тұқымды мал барынша жоғары ет өнімділігімен және  сиыр етінің сапасымен, тез  өсіп жетілетіндігімен ерекшеленеді. Оларды сойып, одан әлемдік  стандартқа сай келетін,  жоғары деңгейде  тағам ретінде тұтынылатын  ет  өндіреді, жоғары сапалы тері шикізатын  алады.

 Бұл шығыны аз сала,  капитал  салудың, азық-түлік жағдайларының  шектелуі, сүт өнімдерін өткізу  нарығының  қашықтығы  сүт  бағытындағы  мал шаруашылығының  дамуын тежейтін жерді пайдалану  дамыған өңірлерде  ет өнімдерін  тиімді  өндіруге  мүмкіндік береді.

Ет бағытындағы малдың санын  қалпына келтіру және одан әрі  ұлғайту  фермер шаруашылығын дамытуға, оларды нығайтуға, мамандандыруға,  нақты табиғи, экономикалық жағдайлар  мен  нарық жағдаятына байланысты  мал басын өнімді шоғырландыруға бағытталған.  Міне, осындай шаруашылықтарда  жемазық дайындаудан,  төл алу  мен өсіруден,  оны жаю мен  азықтандырудан бастап сатуға дейінгі  сиыр етін өндірудің  белсенді технологиясын  тиімді пайдалануға болады.

Ауыл шаруашылығын қалыптастыруды ірілендірген кезде оған жаңа етті сиырларды  кеңінен өсіру сияқты  сүт  және сүт-ет бағытындағы  өнімділігі төмен сиырларды  етті тұқымды  бұқалармен шағылыстыру негізінде  де қол жеткізуге болады.

Мал шаруашылығы өнімдерінің 80%-дан  астамы  үй шаруашылығында өнімділігі төмен малдан алынатынын ескерген жөн. Бұл секторда, атап айтқанда,  сүт  өндіру көлемі  отбасы мен нарықтың қажеттілігінен асып түсетін шаруашылықтарда  малдың ет өнімділігін арттыру үшін  етті тұқымды бұқаларды өсірген  орынды болып табылады.

 

1. Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы Алматы облысында  ет өндіру үшін  ірі қара мал өсіретін фермалар құруды қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты  оған қатысушылардың материалдық әл-ауқатын  жақсарту үшін  табыс  түсіру болып  табылады.

Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы өнімдерді тұтынушы – етті қайта өңдеу кәсіпорындары, облыстың және жақын орналасқан аудандардың  тұрғындары болып табылады.

Өнімнің  басымдылығы мыналарды  құрайды:

- жоғары технологиялы және заманауи  жабдықтарды пайдалану;

- жоғары сапа;

- төмен баға.

Кәсіпорынның өз жемазық базасы бар – жайылым.

Сиыр тұратын орынның жалпы  алаңы 764,4 шаршы метрді құрайды.

Бұл бизнес-жоспар басшылыққа алынатын соңғы нұсқа емес, тек осындай  бизнес-идеяны  дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана болып табылады. Сондықтан  да осы жобаны іске асырған кезде  жобаның басында жіберілген кемшіліктерді  өзгертуге болады.  Жоспарланған кәсіпорынның бәсекелестік басымдықтарын, сондай-ақ  сатып алынатын жабдықтардың айырықша ерекшеліктерін барынша ашып көрсету қажет.

 

2. Өнімінің  (қызметтің) сипаттамасы

 Ет  халық тұтынатын барынша толық және кеңінен тараған өнімнің түрі болып табылады. Еттің тағамдық және биологиялық құндылығын  оның бай химиялық құрамы, әсіресе белоктық бөлігі құрайды. Ол тез қорытылатындығымен  және құндылығымен ерекшеленеді.Кулинарлық түрде жеңіл өңделеді. Адам етті үнемі тұтынады,  одан тағамның түр-түрін жасауға болады, бұл тағамның  санын барынша түрлендіруге мүмкіндік береді.

Еттің құрамына толыққанды белок, сондай-ақ майлар,  дәрумендер,  белсенді және  минералды заттар кіреді. Ет және ет тағамдары ағзаны белокпен және маймен қамтамасыз ету көздері болып  табылады.  Әсіресе сіңір тініндегі  белоктар  толыққанды болып келеді. Химиялық құрамы және сіңімділігі бойынша  байланыстыратын, нерв тіндері мен  сіңірлердегі белоктардың құндылығы  төмен.

Ет – қорытылатын фосфор мен  темір көзі болып табылады,  оның құрамында калий натрий, цинк, йод, мыс және  басқа да минералды  заттар, дәрумендер (негізінен В  тобындағы) бар. Етте  қайнаған кезде  сорпаға шығатын  белсенді заттар көп, ол ас қорыту бездерінің қызметін жандандырады,  тәбетті ашады,  астың қорытылуын жақсартады, еттің  дәмі мен иісі көбіне осыған байланысты болады.

 Еттің химиялық құрамы  малдың  түріне байланысты болады. Еттің  жоғары сапалылығы  оның сыртқы  түрінен,  консистенциясынан, иісінен  белгілі болады. Жаңа сойылған  немесе салқындатылған етті  түрі  қызыл түсті, тығыз болып келеді.

Етті емдеуге де қолданады, өйткені  ол амин қышқылына, белокқа, минералды  заттарға, атап айтқанда темірге бай.  Сондықтан да туралған еттен жасалған тағам жиі қолданылады, өйткені ол тез қорытылады.

Малды сою қызметтері

ІҚМ-ды ет комбинаттарында, сою пункттерінде  союға ғана рұқсат етіледі.  Союға  жіберілетін ірі қара малдың әр партиясы үшін  ІҚМ басының саны,  бағыты көрсетілген, екпелері туралы мәлім  еттері бар анықтама қағазы қажет. 

Станцияға жіберер алдында ІҚМ-ды ветеринар немесе ветеринарлық-санитариялық қызмет фельдшері  тексереді.  Ол құжаттарды байқайды, малдың санын  анықтайды,  денсаулығын тексереді.  Бәрін тексерген соң құжатқа  белгі соғады.  Етті қайта өңдеу  зауыттарында  ІҚМ-ды қабылдаған кезде  барлық ілеспе құжаттамаларды тексереді, малдарды  санитарлық жағынан қарайды,  осыдан соң малды  сою алдындағы  базаларға жібереді.

Мамандандырылған ет бағытындағы  шаруашылық  мал шаруашылығындағы дербес сала ретінде  Қазақстанда  өткен ғасырдың 30-ы жылдарында  құрыла бастады. Жергілікті (аборигенді) малды және калмық малын өсіру және герефордтармен жұтылып шағылыстыру жолымен 1950 жылы қазақтың ақбас тұқымы алынды және сынақтан өтті.

Осы алғашқы отандық мал тұқымы герефордтан алынған тез өсетін еттілігімен, сондай-ақ жергілікті жерге  тез бейімделу және  аналық қасиеттерімен  ерекшеленді. Бұл осы тұқымды  республиканың табиғи жайылымы кең  барлық өңірлерінде өсіруге  мүмкіндік  берді.

Нарықтық экономикаға өткенге  дейін  республикада осы  тұқымнан 1 млн. 144 мың бас мал, соның ішінде  440 мың сиыр болды. Қазіргі кезде  қазақтың ақбас тұқымды малының  саны 650-700  мыңның шамасында.  Ресейде  қазақтың ақбас тұқымының генефондын пайдалана отырып етті малдың жаңа түрі,  ал Монғолияда – селенті  тұқымы  алынған.

1997 жылы  осы тұқымының  ішінде  комол малының төрт зауыттық  түрі  сынақтан өтті, олар: республиканың  батысында «Шағатай», «Анката»,  солтүстік-шығысында «Калбатау»  және солтүстігінде «Алабота»  түрлері.

1992 жылы  ет малының тағы бір  отандық түрі – Әулиекөл түрі  сынақтан өтті,  ол күрделі  шағылыстырып өсіру жолымен алынды.  Бұл үш етті тұқымның негізі  – қазақтың ақбас, шароле және  абердин-ангусс түрлері болып  табылады. Бұл тұқым Қостанай, Солтүстік  Қазақстан, Алматы, Қарағанды және  Ақмола облыстарында кеңінен  тараған.

Аталғандардан басқа,  Қазақстанда  –Оңтүстік Қазақстанның жартылай шөлді  өңірінде  шамалы қалмық тұқымды  сиырлар бар. Балқаш өңірінде жергілікті селекциялы Санта-гертруда («Жетісу» аймақтық түрі) және облыстың  Таулы Алматы  ауданында Галловей түрі, Батыс Қазақстан,  Ақмола және Алматы облыстарында Герефорд түрлері бар.

Алматы облысы үшін Алатау, Казақтың ақбас, Санта Гертруда, Әулиекөл, Герефорд и Галловей түрлері басымдықты болып  табылады.  Облыс тың  асыл тұқымды  шаруашылықтарында отандық селекционерлер  елдің оңтүстік-шығыс аймағы үшін Санта Гертруда тұқымының «Жетісу» етті малының  аймақтық түрін жасады.

Сүт және сүт-ет бағытындағы ірі  қара малды жасанды  ұрықтандыруды  жақсарту бойынша белгілі жұмыс  жүргізілуде. Өткен жылы барлық аналық мал басының 67,6 пайызы жасанды ұрықтандырумен қамтылды.

 

3. Өндірістер бағдарламасы

1-кестеде  өндірістің жылдар бойынша жоспарланған  бағдарламасы берілген.

 

1-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Көрсеткіш (жылдық)

2 012

2 013

2 014

2 015

2 016

2 017

2 018

Орташа сиыр басы саны (ересек мал) бас

52

52

50

51

55

58

57

Орташа жас мал басы, бас.

45

56

60

63

68

73

74

Ет өндіру, тн.

0

7

13

9

11

13

14

Тірі салмақта 1 малдың массасы , кг.

570

Сойылған салмақта 1 малдың массасы  , кг.

333

Малды тірі салмақта сату (бұзау) , бас

0

0

10

12

1

7

14


 

Сату бағдарламасы жасалған келісімшарттар жолымен, маркетингтік зерттеулер, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.

 

2-кесте – Жоспарлы сату бағдарламасы, мың  тг

Кірістер баптары

Сатуды бастау күні

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

Ет сату

с 01.13

0

9 557

16 636

11 592

14 661

16 865

17 760

Малды тірі салмақта сату

с 01.14

0

0

6 250

7 500

625

4 375

8 750

Малды сою қызметтері

с 04.12

7 667

10 223

10 223

10 223

10 223

10 223

10 223

Барлығы

 

7 667

19 780

33 109

29 315

25 509

31 463

36 733


 

Бағаны қалыптастыру кезінде тұтынушылардың ерекшеліктері ескерілді, атап айтқанда:

- халықтың орташа табысының деңгейі.

Бағаны қалыптастыру нарықтық бағаларға  негізделген.

 

3-кесте - Өнімге жоспарлы бағалар

Сиыр еті

тг./кг. ҚҚС-сыз

1 275


 

Сиыр етінің бағасы нарық бағалары ескеріле отырып жасалды ("Қазагромаркетинг" АҚ сайты .

Сату бағдарламасын есептеген  кезде инфляция назарға алынған  жоқ, өйткені  инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын  қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.

 

 

4. Маркетингтік жоспар

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

Қазақстанда ет бағытындағы мал  өсіретін 81 асыл тұқымды зауыт пен  шаруашылық жұмыс істейді,  соның  ішінде облыста – 25 асыл тұқымды  шаруашылық, оның 3-уі асыл тұқымды зауыт. Мың асыл тұқымды мал,  соның  ішінде  30 мың сиыр бар,  бұл  тауар өндіруші шаруашылықтардың  контингентті шығаруда  пайдалану  үшін қажетті бұқаларды алуға  деген қажеттілігін толық қанағаттандырады.

Алайда  аналық  мал басына деген  сұраныс  әлі қанағаттандырылған жоқ, өйткені  көптеген асыл тұқымды  шаруашылықтардың қызметі өз табындарындағы сиыр басын ұлғайтуға ғана бағытталған,  оларда  басы артық аналық сиырлар  саны жетіспейді.  Осыған байланысты  асыл тұқымды базаны одан әрі кеңейту  қажет болуда.

Республикада шамамен 6,2 млн. бас  ірі қара мал бар.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай  бойынша жалпы республикада мал  басы ұлғайды: 

- ірі қара мал – 1,1%,  6 160,4 мың басқа дейін;

- соның ішінде сиыр – 2,3%,  2 778,8 мың басқа дейін;

- құс – 1,1%, 33 036,3 мың басқа  дейін.

 

4-кесте - ҚР –да 2011 жылдың 1 қаңтарына мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштері (барлық санаттағы шаруашылықтарда)

 

2011 жвл

2010 жыл

2010ж. қарағанда 2011 ж. к г

±

%

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру

мал мен құсты таза салмақта союға  өткізу, мың  т

1 646,0

1 598,2

47,8

103,0

сиыр сүті, мың т

5 341,2

5 269,0

72,2

101,4

құс жұмыртқасы, млн. дана

3 700,9

3 286,4

414,5

112,6

Мал және құс саны, мың бас

ірі қара мал

6 160,4

6 095,2

65,2

101,1

соның ішінде, сиыр

2 778,8

2 717,2

61,6

102,3

қой

15 167,4

14 660,8

506,6

103,5

ешкі

2 672,9

2 708,9

-36

98,7

шошқа

1 356,1

1 326,2

29,9

102,3

құс

33 036,3

32 686,4

349,9

101,1


 

   Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Алматы облысының агроөнеркәсіп  кешенінде мал шаруашылығы жетекші  орынды иеленеді. 2009 жылмен салыстырғанда  мал шаруашылығы өнімдерінің  өндірісі  10,4 % ұлғайды, ал  ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі меншікті салмағы  53,5% жетті. .

Аталған көрсеткіштерге қол жеткізуге  негізгі фактор  жасалған сенімді  азық-түлік базасы болып табылады. Нәтижесінде азық-түлік  дақылдарының аймағы 214,8 гектарға жетті, бұл  жалпы  егіс алаңының 23,7% құрайды. Есептеуде  әрбір шартты мал басына 13 центнер  азық-түлік бірлігінен келеді.

Мал шаруашылығын дамытуда оң үрдіс  байқалуда. 2010 жылы  ірі қара мал  саны 1,4% өсіп, 819,1 мың басты құрады, с оның ішінде 371,1 мың бас немесе жалпы мал басының  45,4% ет бағытындағы  болып табылады.

 

1-сурет – Алматы облысындағы ірі қара мал басы, жылдың соңына,  мың бас

                                                               Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

2-суретте көрсетілгеніндей, Алматы облысында ірі қара мал басы  жылдан жылға ұлғаюда.

 

2-сурет – ІҚМ басының жалпы санындағы Алматы облысының үлесі

                                                                Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Тұтастай  республика бойынша жалпы  ірі қара мал басының санында  Алматы облысының үлесі 13,3% құрайды. .

2010 жылы   174,4 мың тонна ет  өндірілді (тірі салмақта), немесе  өткен жылға қарағанда 16% көп..

 

3-сурет - Алматы облысындағы сойыс салмағындағы ет өндірісі, мың тонна

                                                                   Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Суретте көрсетілгеніндей, Алматы облысында  ет өндіру өсіп отыр.  Мысалы,  егер 2005 жылы  108,7 тонна ет өндірілсе, 2010 жылы өндірілген еттің көлемі 60%-ға ұлғайып,  мың тоннаны құрады.

 

4-сурет – Өндірілген еттің жалпы көлеміндегі Алматы облысының үлесі (2010 ж.), %

                                                            Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Республика бойынша өндірілген еттің жалпы көлеміндегі Алматы облысының үлесі  2010 жылғы деректер бойынша 18,6% құрайды.

Егер ет ресурстары құрылымына қарайтын болсақ  жалпы көлемдегі сиыр еті 44,8% (130,7 мың  тонна), құс еті  22,3% (65,0  мың тонна), б қой еті 17,8% (52,0 мың  тонна), шошқа еті  8,0% (23,5 мың тонна) және жылқы еті  7,1% (20,7 мың  тонна) құрайды.

 

 

 

 

 

5-сурет – Алматы облысының  ет ресурстары құрылымы

                                             Ақпарат көзі: Алматы облысы әкімінің ресми сайты

 

Алматы облысында барлық мал  және құс түрлерін сойып сату өсіп келеді (5-сурет). Үстіміздегі жылғы  қыркүйек айында  2010 жылғы қыркүйек айындағы сияқты 34,1 тонна ет сатылды.

 

6-сурет – Алматы облысында  союға өткізілген мал мен құстың барлық түрі, тірі массада, мың тонна

                                                                        Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Малға баға қою мынадай негізгі  факторларға байланысты болады: циклділік, ет өндіру мен тұтынудың маусымдылығы,  ауыру,  ауыстырылған өнімді  тұтыну,  халықтың табысы,  электр тасығыштар саны,   мемлекеттік реттеу.

 

 

 

 

5-кесте – 2011 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан қалаларының нарықтарындағы (соның ішінде  Алматыдағы ) ІҚМ мен сиыр етінің бағасы

Өнім

Астана

Талдыкорған

Көкшетау

Қостанай

Павлодар

Шымкент

Алматы

ІҚМ (етті, ересек, бас.), бір басына, теңге

116 667

125 750

138 000

150 000

130 833

135 833

165 000

Сиыр еті, теңге

1 118

840

1 024

902

929

1 050

1 311


 

Ақпарат көзі:  «Қазагромаркетинг» АҚ

Қазақстанның қалалары бойынша  ІҚМ  мен сиыр етінің  ең жоғары бағасы Алматыда екенін  кестеден көруге болады.

Осы есептер өндірілген еттің саны  облыс пен астана халқының қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отырғанын, бұдан  басқа  27 мың тоннадан астам ет республиканың басқа өңірлеріне сатылатынын көруге болады.

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер

Жалпы облыста  мал және құс өсірумен 4 590,  соның ішінде  орта және ірі тауар өндірісімен 177 ауыл шаруашылығы құрылымы айналысады.  Олар ет өнімінің 43% өндіреді, ал қалған бөлігі халықтың жеке шаруашылығын үлесінде.

Ондірістік кооператив