Пайыздық тәуекелді басқарудың даму стратегиясы

                                                  Жоспар

Кіріспе………………………………………………………………………..3

 

I. Пайыздық тәуекелдің теориялық аспектісі………………………......4 

1.1. Пайыздық тәуекелдің мәні мен мазмұны..................................................4 

1.2.Пайыздық тәуекелдің құрылымы және оның ерекшеліктер…………...6 

II. Коммерциялық банктерде пайыздық тәуекелді басқару……….....14 

2.1. Пайыздық тәуекелді басқару мен бағалау әдістері………....................14 

2.2.Тұран Әлем Банкінің  тәуекелдерді басқарудағы нақты жағдайы........20 

III. Пайыздық тәуекелді басқарудың  даму стратегиясы…...................25 

3.1.Пайыздық тәуекелді басқарудың  даму стратегиясы………………….25 

Қорытынды…………………………..…………………………….……......27 

Пайдаланған әдебиеттер………………..…………………….…………...28 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                    Кіріспе 

    Нарықтық  экономиканың маңызды элементтерінің бірі болып қаржы нарығы табылады. Оның қазіргі кездегі Қазақстандағы  қалыптасуы мен қарқынды түрде дамуы экономикалық қатынастарды қайта құрудың күрделі, әрі көпқырлы процесінің ажырамас және құрамдас бөлігіне айналуда. Сонымен бірге  экономикалық процестердің тұрақсыздық сипаты, қаржы нарығын басқару жүйесінің және оның нормативтік-құқықтық базасының жеткілікті дәрежеде жетілдірілмеуі, ел экономикасының әлемдік конъюнктураның ауытқуына тәуелділігінің күшеюі және тағы басқа да бірқатар факторлар Қазақстандық қаржы нарығында операцияларды жүзеге асыратын субъектілер үшін жоғары тәуекелдердің болуын білдіреді. Осындай жағдайда қаржылық тәуекелдердің деңгейін бағалаудың және оларды Қазақстанның нақты жағдайына бейімделген әдістерді қолдану арқылы басқару тәсілдерінің ғылыми негізділігін жоғарылату қажеттілігі туындайды. Қазақстандық нарықтың қаржылық тәуекелдерін бағалау және басқаруды жетілдіру проблемасын шешудің практикалық маңызы және өзектілігі осы негізде нарық қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату мүмкіндігімен анықталады. Қаржы нарығының қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату осы нарықтың тұрақтануына әкеледі, ал бұл өз кезегінде бүкіл елдің экономикасының тұрақтануына себебін тигізеді.

    Менің курстық жұмысымның мақсаты болып пайыздық тәуекелдерді бағалау, басқарудың Қазақстан нарығының дамуы жағдайларына бейімделген әдістері мен моделдерін ашып көрсету табылады.

    Таңдалған мақсатыма сәйкес курстық жұмысымның жазылуы барысында келесідей  міндеттер қойылып, шешілуі тиіс:

    1. Пайыздық тәуекелдер туралы жалпы  мағлұмат ұсыну;

    2. Пайыздық тәуекелдердің, соның  ішінде қаржылық тәуекелдердің классификациясын ашып көрсету;

    2. Тәуекелдерді бағалау, басқару  әдістеріне тоқталып өту; 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                        І. Пайыздық тәуекелдің теориялық аспектісі. 

                                        1.1. Пайыздық тәуекелдің мәні. 

    Коммерциялық  банктер бизнестің басқа түрлерімен салыстырғанда жоғары левередж негізінде  жұмыс істейді. Депозиттердің тарту  мүмкіндігі мен депозиттердің құнында  бұл заңдылық және жиі кездесетін айқынсыздық бизнеске ссуда беру – қалыпты жоғары  тәуекелді  – банктің негізгі функциясын жасайды.

      Жалпы айтқанда, банктік менеджмент  өзінің әрбір жобасында тәуекел   пайда қатынасының оптималдысын  таңдауы тиіс.

    Батыстық  әлемде коммерциялық банктер тәуекел  категорияларының кең аймағын мойындайды, солай болса да олар тәуекелдердің көп бөлігін әр түрлі банктік мақсаттар мен стратегиялар шеңберінде белсенді басқарады.    Тәуекелдің негізгі категориялар

  • өтімділік тәуекелі;
  • несиелік тәуекел немесе төлемеу тәуекелі;
  • портфельдік тәуекел;
  • салалық тәуекел;
  • елдік тәуекел,
  • валюталаық тәуекел;
  • пайыздық тәуекел:

    Соның ішінде менің осы жұмыста қарастырғанын  пайыздық тәуекел.

    Пайыздық тәуекел, басқа да банктік тәуекелдер сияқты айқынсыздықты білдіреді, берілген жағдайда пайыздық мөлшерлеменің алдағы уақыттағы өзгеру бағытымен және уақытымен байланысты айқынсыздықты  білдіреді.

    Пайыздық тәуекел пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруінен туындаған қаржылық активтерден алынатын – құн немесе табыстардың ауытқуы ретінде анықталуы мүмкін. Ссудалар активтердің негізгі категориялары болып табылатын коммерциялық банктер үшін бұл анықтама белгілі бір ссуданы беру үшін банктің тартылған ресурстарының орташа құны оны толық өтеу кезіңінде ссуда бойынша орташа пайыздық ретінде анықталуы мүмкін. Қазіргі уақытта пайыздық тәуекелді басқару көп жағдайда ақша нарығы жеткілікті дәрежеде жақсы дамыған және сәйкесінше,  төмен инфляция деңгейі бар елдерде орналасқан банктермен жіктеледі.

    Бұрынғы Кеңес Одағындағы Республикалардағы  банктердің де пайыздық тәуекелі жоғары болған. Сонда да, бұл елдерде дамыған ақша нарығының жоқтығын, жиі болатын инфляцияның жоғары деңгейі және ақша саясатын болжаудың мүмкіндігінің жоқтығын есепке ала отырып, пайыздық

мөлшерлемені  “басқару” депозиттер мен кредиттер  бойынша мөлшерлемені келісіп өзгерту  негізінде пайыздық маржаны максимизациялау саясатымен жіктеледі. Тәуекелдің басқа да типтері сияқты, пайыздық тәуекел айқынсыздықтардың негізінен туындайды. Бұл жағдайда айқынсыздық пайыздық мөлшерлеменің алдағы уақыттағы қозғалысының бағыты мен деңгейіне байланысты. Пайыздық тәуекел кредиторларға да, дебиторларға да, сондай – ақ жинаушыларға да және инвесторларға да әсер етеді. Тәуекелдің басқа түрлері сияқты пайыздық тәуекелді басқаруға немесе оны минимализациялауға болады.

    Жалпы терминдерде, пайыздық тәуекел қаржылық активтердің табыстарының, немесе табыстылығының “әсіресе, қарыздық эмиссиялары)  өзгергіштігі ретінде анықталады. Сондықтан, бұл өзгергіштік несиелік тәуекелді құрайтын көптеген ішкі және шетелдік  экономикалық және саяси өзгергіштердің функциясы  бола отырып, мәні мен нақтылығы жағынан болжауға қиын болып табылады. Пайыздық тәуекел бүкіл несиелік іскерліктің іргелі аспектісі болып табылады және тек қана жариялы және жеке орналастыратын ноталар мен облигациялар (және ссудалар) ғана емес, сондай – ақ пайыздық табыс әкелетін депозиттермен қоса қарыздық құралдардың барлық формалары бойынша бағаларға және табыстарға әсер етеді. Коммерциялық банк, сәйкесінше балансының екі жағына да қатысы бар: табыс әкелетін актив бойынша  - ссуда және бағалы қағаздарға инвестиция, өзінің міндеттемелері жүргізе алады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2. Пайыздық тәуекелдің құрылымы және оның ерекшеліктері

       

    Пайыздық тәуекел – бұл несие берумен байланысты банктің тартылған қаражаттарының орташа құнының, яғни депозиттер және қарызға алынған ақшаларды несие мерзімі кезінде несие бойынша орташа пайыздық мөлшерлемеге жету мүмкіндігі тәуекелі. Пайыздық тәуекел тұрақты болып табыла ма, немесе оны болдырмау активтерден түсетін табыстың (несие

бойынша мөлшерлеме) өзгеруін тартылған қорлардың  шығындарында (яғни, банктік несие беру үшін қаражат алу құны) мерзімі және көлемі бойынша өзгерулерді толығымен баланстау мүмкін болса. Бірақ, іс жүзінде кез келген уақытта барлық кредиттерді осылайша теңестіру мүмкін емес және банктердің өздері де осындай саясатты ылғи да жүргізуге мүдделі емес. Сондықтан банктер ылғи  пайыздық тәуекелге ұшырайды, бірақ, бұл пайыздық тәуекелді басқаруды болжайды.

    Пайыздық тәуекелді басқару банктің активтерін (кредит және инвестициялар), сондай-ақ міндеттемелерін (қарыз қаражаттарынан) басқаруды кіріктіреді. Бұл басқарудың ерекшелігі – оның шегі бар. Активтерді басқару мыналармен ерекшеленеді:

  • банктің тәуекелдік активтерінің портфелінің құрылымын анықтайтын

    өтімділік пен несиелік тәуекелдің талаптарымен;

  • несие құнын таңдауда банктің еркіндігін шектейтін басқа банктер тарапынан құндық бәсекелестікпен.

    Міндеттемелерді басқару банк өзінің салымшылары  мен басқа да кредиторлар арасында уақыттың кез келген мерзімінде табысты   орналастыра алатын қарыздық инструменттерді  таңдау мен көлемінің шектеулілігімен күрделенеді, яғни несие беру және қолдағы бар қаражаттары есебінен басқа банктер немесе банктік емес несиелік мекемелер тарапынан бағалық бәсекелестікке қажетті қаражаттардың қол жетімділігімен шектелген. Пайыздық тәуекелді басқару міндетті  банктің табыстылығы және өтімділігінң мақсаты шегінде осы тәуекелді минимизациялауды кіріктіреді.

    Пайыздық тәуекелдің 2 түрі бар:

    1.  Позиционды тәуекел – бұл белгілі бір позиция (нақты мезетке берілген процент) бойынша тәуекел. Мысалы, банк қалқымалы пайыздық ставкамен несие берді. Ол банкке табыс әкелу, әкелмейтіні белгісіз. Бұл тәуекелді болдырмауды баланста қарастыру мақсатында не істеу керек? Ең алдымен, салымдар бойынша проценттерді өзгерту және банк баланстық активі мен пассиві бойынша проценттрді теңестіру қажет.

    2 Құрылымдық тәуекел – бұл пайыздық ставканың ауытқуымен байланысты ақша нарығындағы өзгерістерден туындаған банк балансы бойынша жалпы тәуекел.

    Сәйкесінше, прценттік тәуекел проценттен алынған  пайдаға және банктің жалпы балансына  әсер етеді. Пайыздық тәуекелдің себептері болуы мүмкін:

  • Пайыздық мөлшерлеменің әр түрлілігінің (тұрақты, фиксирленген, қалқымалы, төмендетілген жәнет.б.) дұрыс таңдалмауы;
  • Пайыздық ставкалардың өзгеру мүмкіндігінің несиелік келісім артта толық есепке алынбауы;
  • Орталық банктің пайыздық саясаттағы өзгертулері;
  • Банкте пайыздық саясат стратегиясының жоқ болуы;
  • Несие құнын дұрыс анықтамау, яғни пайыздық мөлшерлеменің көлемін.
  • Пайыздық мөлшерлеменің сипатына қарай келесідей түрлер ажыратылады:Қатаң процент тәуекелі;
  • өзгермелі процент тәуекелі;
  • есептен шығару тәуекелі ( бағалы қағаздар бағамының өзгеруіне байланысты).

    Қатаң процент тәуекелі – несие бойынша қатаң (фиксирленген) пайыздық мөлшерлеме бекітілгенде, ал депозит және басқа да сатып алынатын ресурстар бойынша проценттер өзгеретін жағдайды туындайды. Берілген жағдайда несие бойынша процент тартылған қаражаттардың нарықтық проценттің  өзгеруін ескермейді.

    Нақты жағдайды қарастырайық: 

  Көлемі

Млн. теңге

Несие

мерзімі

Несиеге прцент (%)
I - нұсқа II - нұсқа
Баланс бойынша актив, несие

Баланс  бойынша пассив

250 

250

7 жыл 

3 жыл

9 

9

9 

6

 

    I  және  II нұсқада да төртінші жылдан бастап, егер ақша нарығы өзгерсе неьолатыны айқынсыз. Өзгермелі прценттің тәуекелінің мүмкіндігін несиелік келісім шартта қарастыру қажет, ал егер  қажет болса, онда пассивті құрылымдық  өзгерту керек.

    Пайыздық тәуекелді болдырмау үшін коммерциялық банктерге төмендегілер қажет:

    1.  Несиелік келісім шарттарда ақша  нарығының жаңа жағдайларына  проценттің икемделу ережесін  пайдалану;

    2. баланс құрылымының өзгеруін басқару;

    3. Пайыздық тәуекелдің өтемақысын анықтау.

    Егер  баланс активінде пайыздық тәуекел орын алса, онда  пассивінде оың өтемақысы қарастырылуы қажет. Осы мақсаттар клиентпен максималды процент туралы келісім жасауы мүмкін.

    Банктің тәжірибелік іскерлігінде аталған шараларды жүзеге асыру пайыздық тәуекелді басқрудың арнайы (мақсатты) әдісін қолдану арқылы жүргізіледі. Пайыздық тәуекелді басқарудың арнайы әдістеріне пайыздық маржаны басқару және гәпті (айырмашылықты) басқару әдістері жатады.

    Бір уақытта пайыздық тәуекелді басқару мен хеджерлеу және пайыздық фьючерстер концепциялары байланысты. Банктегі  басқарудың (менеджмент) басты мақсаттарының бірі – бұл пайыздық маржаны бақылау, яғни пайда әкелетін активтерден пайыздық табыс пен міндеттемелер бойынша пайыздық шығыс арасындағы маржаны бақылау. Маржадан басқа, активтерден алынған өлшенген орташа ставка мен міндеттемелері бойынша төленген өлшенген  орташа ставка арасындағы айырмашылық болып табылатын спрэдке де көңіл бөлінеді. Бұл көрсеткіштердің екеуі де банктің табысы туралы есепте көрсетілуі тиіс. Берілген көрсеткіштер жоспарлау кезінде болжау әдістері арқылы  анықталады. Сондай-ақ, пайыздық тәуекелді басқару прцесінде ГЭП (айырмашылық) ескеріледі – берілген уақыт кезеңінде фиксирленген ставкамен пассив бойынша  фиксирленген ставкамен  банк активтері мен  пассивтерінің шығындылығы  немесе теңестірілмегендігі. Пайыздық тәуекелді басқару әдістерін банктік операция, экономика, пайыздық ставка нарығындағы өзгерістерді мұқият және тұрақты талдауды қажет етеді.

    Инфляция  жағдайында пайыздық ставканы басқару активтер портфелінің мерзімі бойынша теңестірілуіне дайын болуы қажет. Бірақ бұл өте күрделі, егер банктің балансында  фиксирленген және қалқымалы ставкамен активтер мен пассивтер бар болса. Сондықтан пайыздық ставкалар өзгеруінің перспективасын бағалау қажет.

    Мерзімі бойынша активтер мен пассивтер  портфелін теңестіру  банкке пайыздық спрэдті бекітуге мүмкіндік береді, яғни пайыздық тәуекелді бейтараптандырады. Бірақ, егер мерзімдердің теңестірілмеген қатынасы үлкен табыс спрэд тәуекелін қалайды. Бұл, экономистер пайыздық ставка қозғалысын болжай алмағанда болады.

    Қорларды  теңестірілмеген салыстырудың нақты  жағдайын қарастырайық.

    I нұсқа (теңестірілген) 

Мөлшерлемелер Мерзімі күн Несие бойынша

Ставка,%

Тартылған қаражаттар бойынша ставка, % СПРЭД, %
Ағымдағы  нарықтық 90 20 15 5
180 25 20 5
Болжанған ( 90 күннен кейін) 90 17 12 5
 

    II нұсқа (теңестірілмееген): 180 күнге несиелеудің альтернативалық стратегиялары:

    А) қарыз қаражаттарын 180 күнге тарту, спрэд 5 %

    Б) қарыз қаражаттарын 90 күнге тарту,  90 күннен кейін жңарту: спрэд ½  (10+13)=11,5 %

    Гепті дұрыс басқару – пайыздық ставканың болашақтағы қозғалысын дұрыс болжауды талап етеді. Біздің мысалда, қысқа мерзімді ставкаларды дәл болжау менеджментті 180 күндік несиені теңестіруді емес, ал пайыздық маржаның кеңеюіне  әкелетін айырмашылықты құруға мәжбүрледі.

    II нұсқа бойынша келтірілген мәліметтерден шыға, спрэд I нұсқадағыдай   5% - ті емес, 11,5 % - ті құрады. Бұл гэп – ті басқару прцесінде күтілгендей,

    прценттік ставканың қозғалысын дұрыс болжау жүзеге асқанының нәтижесінде болды. Қарыз қаражаттарын 180 күнге тарту  шарт негізінде осы келісімді 2 дербес кезеңге бөлу туралы шешім қабылданған  еді: алғашқыда 90 күнге тартып, кейіннен қайтадан  90 күнге жаңарту.

    Осы жағдайда 180 күндік теңестірілмеген  спрэд 11,5 % - ті құрады және келесідей  қалыптасты:

    I  кезең: 180 күнге несие бойынша ставка=25% 

    Қаражаттарды  сатып  алу (алғашқы 90 күнде) =15%

    Спрэд=10 %

    II кезең: 180 күнге несие бойынша ставка =25%

    Қаражаттарды  сатып алу =12 % 

    Спрэд=13 % 

    180 күндік несиеге спрэд 11,5 % - ті  құрайды.

    Пайыздық маржаға әсер етеін факторлар:

  • активтер портфеліндегі өзгерістер, кредит пен инвестициялар, мерзім құрылымы мен тәуекел қатынастарын, фиксирленген ставкамен активтердің қатынасы және т.б. қосқанда;
  • Міндеттемелер құрылымындағы өзгерістер;
  • Активтер бағасындағы өзгерістер, мысалы, фиксирленген және қалқымалы ставкалармен жәнет,б,

    Гэпті басқаруды пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал активтер мен пассивтердің берілген деңгейін басқару деп анықтауға болады. Гэп оң не теріс болады. Оң гэп кезінде өзгермелі мөлшерлемемен активтер өзгермелі  мөлшерлемемен есептелген  пассивтерден артық болады. Оң гэп кезінде пайыздық ставканың төмендеуімен пайыздық маржа да өседі. Теріс гэпте өзгермелі ставкамен есептелген пассивтер өзгермелі ставкамен есептелген активтерден артық болады. Бұл жағдай да, пайыздық мөлшерлеме төмендегенде маржа өседі, ал пайыздық мөлшерлеме өскенде – маржа төмендейді.

    Пайыздық тәуекел пайыздық маржа мен спрэдке әсер еткендіктен, оның деңгейі пайыздық  ставканың айырмашылығы мен оның бағыты өзгеруінің жылдамдығы мен ұзақтығының көлемдеріне тәуелді. Банктің тәжірибеде жүзінде гэпті басқаруды толық пайдалану мүмкін болу үшін төмендегілер қажет:

  • Ставка, мерзімі, шаруашылық секторы бойынша диверсификацияланған активтер портфелін ұстау;
  • Ставкалардың қозғалысының ағымдағы жағдайы мен өзгеру тенденцияларының болжамдарын есепке ала отырып, активтер мен пассивтерді басқарудың оперативті жоспарын жасау:
  • Мөлшерлемелер қозғалысының бағытының өзгеруін пайыздық мөлшерлемелердің жаңа циклының қалыптасуымен байланыстырмау.

    Мүмкін  болатын банктің пайыздық саясаттың нұсқаларын қарастырайық. Мұнда бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

    I кезең – төмен пайыздық ставка (өсуі күтілуде):

  • Қарыз қаражаттарының мерзімін арттыру;
  • Фиксирленген ставкамен есептелетін  несиені қысқарту;
  • Инвестиция портфелінің мерзімін қысқарту;
  • Инвестицияларды (бағалы қағаздарды) сату;
  • Ұзақ мерзімді қарыз алу;
  • Несие линияларын жабу.

    II кезең - өспелі пайыздық ставкалар (болашақта олардың максималды өсуі күтілуде):

  • Қарыз қаражаттарының мерзімін қысқартуды бастау;
  • Инвестицияларды ұзартуды бастау;
  • Қарызды мерзімінен бұрын қарастыру;
  • Фиксирленген ставкамен есептелген несие үлесін арттыруды бастауға дайындалу.

    III кезең – жоғары пайыздық ставкалар (жақын болашақта олардың төмендеуі күтілуде):

  • Қарыз қаражаттарының мерзімін қысқарту;
  • Фиксирленген ставкамен есептелген несиелер үлесін арттыру;
  • Инвестициялар портфелінің көлемін арттыру(фиксирленген сиавкамен)
  • Активтердің болашақтағы сатуын жоспарлау;
  • Клиенттер үшін жаңа несиелер линиясына назарын бағыттау.

    IV кезең – төмендейтін пайыздық ставкалар (жақын уақытта олар минималды болады):

  • Қарыз қаражаттарының мерзімін ұзартуды бастау;
  • Инвестициялар мерзімін қысқартуды бастау;
  • өзгермелі ставкамен есептелген несиелерді артыра бастау;
  • бағалы қағаздардағы инвестицияларды қысқарта бастау;
  • активтерді (фиксирленген ставкамен немесе  табыспен) таңдай отырып сату;
  • ұзақ мерзімді қарыздың (фиксирленген ставкамен) артуын жоспарлауды бастау.

    Пайыздық саясаттың жоғарыда аталған кез – келген бағыттарының (кезеңдерінің) жүзеге асырған кезде, банктің басты міндеті - банктің бекітілген тәуекел параметрі саясаты шегінде таза пайыздық маржаның артуы болып табылатынын есепке алу маңызды. Активтер мен пассивтерге тән пайыздық мөлшерлемелер мен тәуекел деңгейі – бұл жеке банк әсер ете алмайтын немесе оны нақты болжай алмайтын ішкі әрекеттермен анықталатын өзгермелі өлшеуіштер. Сондықтан, активтерді және пассивтерді басқару – банктің тәжірибелі кадрларды тартуды талап ететін үздіксіз процесс.

    Пайыздық саясатта банктік мамандардың несиенің құнын анықтау да, яғни пайыздық ставканың көлемін анықтауда басты рөльді ойнайды. Осы бағаны анықтау детальдары несиелік ұсыныстар мен несиелік келісім шарттарды көрсетілу керек. Несие құнын анықтау процесінде келесі факторлардың маңызы бар:

  1. несие тәуекелі;
  2. агрегаттілік банктің өсуі  мақсатымен өз позицияларын ескеруі;
  3. бәсекелестік қандай несие бойынша банк басқа банктермен бәсекелескісі келеді;

    4.Клиент  категориясы банктің клиентпен  қатынасын дамытуға немесе келісім  шарттан пайда табуға бағыт  алғандығы;

    5.табыстылық  несиелік маржа айтарлықтай қысқартылуы  мүмкін, егер клиент банкке табыстылық  едәуір көлемін әкелетін болса;  мысалы; валюталық операциялар, міндеттемелер, кепілдіктер және табыстар формасында. Мұндай саясат әрбір клиентпен қатынасты есепке алуды сенімді (берік) жүйесін қатынасты талап етеді;

    6. Банктік ресурстарды сатып алу  құны;

    7. Орталықтан бекітілетін несие  құнының жоғарғы шегін (банк одақтарымен, банк бірлестіктерімен, Орталық банкпен);

    8. несиелеу кезінде бағаның икемділігі: банк клиенттерге әр түрлі  пайыздық ставка түрлерін ұсына алады (мысалы; қалқымалы ставканы, оның фиксирленгенге өзгеру мүмкіндігін, мақсаттылық және табыстылық тұрғысынан клиент үшін тартымды және банк үшін ұтымды пайыздық ставкаға көптеген өзгертулер).

    Пайыздық ставканың фьючерсі – бұл арнайы фьючерстік нарықта – фьючерстік биржада сауда обьектісі болатын қаржылық фьючерс. Олар әлемнің басты коммерциялық және қаржылық орталықтарында орналасқан. Мыс; Чикагоның тауарлық биржа – дәнді дақылдық (зерно), бағалы қағаздар, пайыздық ставалар, Лондондық халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы – валюта және пайыздық фьючерстер.

    Фьючерстік  келіссөздерге сәйкесінше келісім шарттар жасалады. Фьючерстік келісім шарт – бүгін бекітілген (келісімшарт жасасу кезінде) баға бойынша болашақта келісілген мерзімде қаржылық инструменттерді (немесе тауарларды) сату – сатып алу туралы келісім. Егер фьчерстер нарықта сатылатын қаржылық инструменттер болып табылса, онда хеджерлеу – фьючерстермен байланысты іскерлік. Ол болашақтағы бағамның  өзгеруі тәуекелі активтер немесе пассивтерді сатып алудағы алғашқы келісімі қарама – қарсы келісіммен толығымен немесе бөлшектеп бейтараптандырылатын үшінші жақпен келісім жасасу жолымен активтер немесе пассивтерді толығымен немесе бөлшектеп жою порцесі ретінде анықталады.

    Пайыздық “төбесімен” (потолок) несие бойынша хеджерлеу мысалы: қарыз алушы банкпен қалқымалы пайыздық ставкамен несиелік келісімге отырады, бірақ қарыз алушы келешектегі өзінің пайыздық тәуекелін төмендету үшін банкпен пайыздық ставкасының “төбесі” туралы келіседі, яғни несие мерзімі кезінде алатын максималды ставканы. Банк осыған келісе отырып іс – жүзінде пайыздық тәуекелдің бір бөлігін өзіне алады. Ол үшін банк қарыз алушыдан тәуекелге қосымша төлем алады, яғни банк үшін ресурстар құнына пайыздық спрэдті жоғарылатады.

Пайыздық тәуекелді басқарудың даму стратегиясы