Параметрлік бағдарламалау



МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе ....................................................................................................................4

1. Бөлім  Оқыту техникалық құралдарының жүйесінің  классификациясы...................................................................................................7

1.1. Оқыту техникалық құралдар негіздері......................................................16

  1.2 Функцианалдық міндет бойынша  ОТҚ классификациясы......................25

2. Бөлім . Оқыту  техникалық құралдарын оқу процесінде қолдану әдістемесі...............................................................................................................30      

  2.1.Қазіргі заманғы оқу құралдарының  оқу процесінде пайдалану...............................................................................................................46

   2.2 Сабақта оқытудың техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері .....48

3. Бөлім  Оқыту техникалық құралдарының бірі ақпараттық техналогия компанеттері..........................................................................................................53   

   3.1. Мультимедиа.............................................................................................59

     3.2. Интерактивті  тақта мүмкіндіктері..........................................................65

 

Қорытынды............................................................................................................83

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»   «... білім берудің тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде Казақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады» деп атап керсетілген. Яғни, "жаңа" қоғамға "жаңа" сапалы адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры мұғалімнің еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Мектеп мұғалімі өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы - басты шарт.

Мұғалім қызметінің негізгі мәні - оқушыны оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу. Өйткені, мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ.Қазіргі кезде оқушылардың санасында, ой-өрісінде жалпы азаматтық, адам-заттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, болашақ кәсіп иелері тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моралдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақтың ұлттық өнері арқылы калыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейкестшігі күннен күнге артып отыр. Сондықтан білім беру жүйесін реформалау саясатын, ең біріншіден, кәсіптік білім беру сияқты өмір талабына қойылатын сұранысқа сәйкес жүргізу, екіншіден, оку үрдісіндегі білім беру мен ұлттық тәрбие бірлігін сабақтастыра отырып, білімнің үйлесімділігімен катар әрбір оқушының ерекшеліктерін ескеріп, кабілетіне, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау керек.Жеке тұлғаның дамуы әрекетшілдік және оқыту процесі кезінде ғана жүзеге асырылады. Баланың жеке басының дамуы әлеуметтік әрекетшілдіктің яғни ойнау, танымдық, еңбектік, қарым-қатынастық сияқты барлық негізгі түрлері кезінде табысты жүзеге асырылатыны баршамызға мәлім.Осыған қоса психологтар былай дейді, қандай болмасын әрекетшілдікпен дәлелді және әсерлі түтынушылық бағалары, және субьекті үшін осы әрекетшілдіктің пайдалылығы мен мүмкіндіктері бірге жүреді.

Кәсіпке баулу барысында оқушыларды адамгершілікке, іскерлікке, шеберлікке білімділікке тәрбиелеу, олардың дүниетанымын, дағдысын арттыру қазіргі күннің басты талаптары.Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды еңбекке үйрету мен тәрбиелеуді жүзеге асыру барысында жастарды еңбек негізінен мектеп жасынан бастап қалыптастыру іскер маманның негізгі міндеттерінің бірі болып есептеледі.Бүгінгі таңда осы бағытта жасалынған бірқатар ғалымдардың еңбектерін атап айтуға болады. Мысалы, П.М.Эрдниевтің дидакталық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульды оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңнен танымал. Қазақстанда Ш.М.Қаланова, Ж.А.Қараевтың, Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров, С.Н.Лактионова, М.М.Жанпейсованың, Ә.Жүнісбектің, Қ.М.Нағымжанова және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.Инновациялық үрдісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н.В.Горьунова, М.В.Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Поташник, П.И.Пидкасистый, Л.И.Романова, В.И.Загвязинский, А.Я.Найн, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. педагог ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.Қазіргі кезде заман талабына оқушыларды жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып білім беру арқылы оқытудың тиімді әдістерін қарастыру, әрі жастардың сабаққа деген ынтасын арттырып, білім деңгейін көтеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Оқыту техникалық құралдарының классификациясы

Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты
Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне үқсас" дейді. Сөз өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов Оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық", - дейді. Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
•    әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;

•    әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;

•    ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;

•    әңгіменің жүйелілігі болуы керек;

•    әңгіменің әсерлілігі;

•    тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;

•    мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады. Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда теоремаларды оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады. Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
•    сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;

•    себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;

•    салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;

•    жүйелілік.

Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады. Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.
Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі - оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:

•    ес пен тілді дамытуы;

•    оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;

•    оқушылардың білімінің белгілі болуы;

•    жақсы диагностикалық құрап;

•    үлкен тәрбиелік күші бар.

Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:

•    уақыттың көп кетуі;

•    қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа қушылар естіп, есінде сақтап қалады.

Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі ңарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың естеріне салуы қажет. Оқу пікірталасы негізгі мектептің жоғары сыныптарында, ішінара, орта мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады.

Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар:
•    конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;

•    мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
•    тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;

•    цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;

•    аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау;

•    рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
•    справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т.б) түрде болады;
•    формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;

•    тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру.
Оқушылар үшін білім көзі – бақылау, мұғалім сөзі, баспа материалдары. Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми – көпшілік әдебиеттер және журналдардан оқушылар түрлі ақпараттар алып, сабақта алған білімдерін бекітуге, кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік алады, өз бетімен білім алу әдістерімен қаруланады. Кітаппен жұмыс әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның тәсілдері меңгеріледі. Кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде бастауыш мектепте қолданылатын, көп уақыт алатын статикалық оқу үлкен рөл атқарады. Мұндай оқудың мақсаты мәтінді түсіндіру, оқушыларға мәтінді толық меңгерту, оған мәтіннің негізгі идеясын ұқтыру. Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі – мәтінді талдау.
Мұғалім кітаптар мен журналдарды тақырыпқа сай қолданады. Осы өздік жұмыстың жиі қолданылатын тәсілдері:

1. Белгілі бір ақпарат алу және оны бекіту мақсатымен кітапты оқып шығу. Осы мақсатқа жету үшін, мұғалім оқушыларға қысқа мерзім ішінде мәтінді қалай түсінуге болатындығын айтады. Әдетте, оқушылар мәтінді бір рет оқып шыққан соң, оны талдап, мәтіннің жоспарын жасайды.
2. Түсініксіз сөйлем және сөздердің мағынасын сөздік немесе энциклопедия арқылы ашып, қосымша әдебиеттерден ақпараттар алып, керекті мәліметтерді конспектілеп, оқығанын өз сөзімен айтып көреді. Мұғалім оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды бөлуге үйрету керек. Жоспар жасау үшін мәтіндер бір-бірімен өзара байланысты бөліктерге бөлінеді де, әр бөлікке атау беріледі.
3. Қосымша әдебиеттерді қолдану үшін оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті болуы керек. Оқушылардың кітаптар мен журналдарды сыни тұрғыдан оқуының да үлкен маңызы бар. Идеялардың матрицасы - әртүрлі авторлардың еңбектеріндегі біртекті ойлар мен құбылыстарға салыстырмалы сипаттама беру. Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер
Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:

•    көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;

•    көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану;

•    демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;

•    иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;

•    құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;

•    демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
•    көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.

Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.
Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипатыжәне әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар бірнеше түрге бөлінеді:

•    белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар;
•    білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу.

Егер оқушы іс-қимылдарды ауызша айтса, онда оны түсіндіру арқылы жаттығу деп атайды. Мұғалім оқушы іс-әрекетінен қателіктер тауып, оқушылардың іс-әрекетіне түзетулер енгізеді.
Жаттығулардың ерекшеліктері:

Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі. Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жасауда қолданылады. Оларды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі. Әрбір оқу пәнінің міндетті бөлігі - ана тілінен шет тіліне аудару, берілген тақырыпқа шығарма жазу, суретпен жұмыс, өз бетімен мысалдар және есептер, кесте құрастыру, диаграмма, баяндама, көрініс әзірлеу. Жаттығуды орындау алдында оқушыларға теориялық материал түсіндіріліп, нұсқау беріледі.
Жазбаша жаттығулар: ана тілі, шет тілі, математика, т.б. пәндерде орындалады.
Оқушы оқуға үйренгенде, мәтінді мәнерлеп оқып, грамматикалық ережелерді қолданып, көптеген жаттығулар жазады. Графикалық жаттығулар: кесте, сызба, технологиялық карта, альбом, стенд жасау, экскурсия кезінде салған суреттер. Оқу-еңбек жаттығулары: оқу шеберханаларындағы қағазбен, картонмен, ағашпен, металмен жұмыс істеу, әр түрлі құралдар қолдану, станок, тетіктерді басқару, "Конструктор" ойыншықтармен жұмыс істеу.
Жаттығу әдісіне қойылатын талаптар:

•    оны орындауға деген оқушылардың саналы көзқарасы;
•    жаттығуларды орындаудағы дидактикалық сабақтастық: алдымен оқу материалын түсінуге көмектесетін, содан кейін есте сақтауға, қолдануға, оқылғанды жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылықпен қолдануға, жаңа материалды бұрын меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қосуға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1   Оқыту техникалық құралдар негіздері

Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік, демократиялық өзгерістерге сәйкес оқу орындарында оқытуды жан-жақты талдап, зерттеулер жүргізу нәтижесінде білікті, әрі жаңа ақпараттық қоғамға тез бейімделе алатын бәсекеге қабілетті, белсенді мамандар даярлауға басты назар аудару қажеттілігі туындап отыр.

Жалпы оқу пәндерін меңгеруге қажетті материалдық құрылғылар, оқу пәнінен туындайтын жүйені құрайды.

Оқу құралдарының жүйесі келесі принциптерге сай құрылады (4-сурет):

1. Құбылыстарды көрнекі түрде бейнелеуге, оларды оңай меңгеруге жағдай жасау үшін оқыту құралдары педагогикалық талаптарға сай болуы қажет.

2. Ортақ қызмет атқаратын барлық приборлар ( күш трансформаторлары, түзеткіштер, кабельдер, электр өткізгіштері т.б.) бір-біріне сай болуы керек және көрнекі түрде орнатылуы тиіс.

3.  Жүйедегі  оқу құралдарының түрі мен саны оқу жоспарының материалдық талабын қанағаттандыруы қажет.

4. Оқыту құралдары жұмыстың нақты жағдайларына сай болуы қажет.

Оқыту тәжірибесі көрсеткендей, оқыту құралдарының жүйесін ұйымдастырудың ең тиімді тәсілі – кабиненттік жүйе, себебі кабинетте пәнді меңгеруге арналған барлық құралдар орнатылады, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы. Қажет болса зертханалық және жөндеу шеберханалары да қосылады. Оқу кабинеттері оқу теориясын меңгеруге және жаттығулар өткізуге арналады.

Оқытудың техникалық құралдарын жиі қолданылуы оқу процесінің тиімді болуына мүмкіндік жасайды. Оқытудың техникалық құралдары оқу процесінде оқушылардың жасына оқылатын пәнге және оқушылардың танымдық белсенділігін артырудағы қолдану деңгейіне байланысты, өйткені оқытудың техникалық құралдары оқушының бағалау мотивациялық ортасына әсерін тигізеді.

                                                         

ОТҚ-ның қолдану принципі

                           ↨                                                                            ↨

Көрнекі

құралдардың негізгі

    кәсіптік мәні

 

 

 

 

Көрнекі құралдың   

дидактикалық

препараттандыру

                         ↨                                                                               ↨

 

Көрнекі құралдардың мағынасына, ОТҚ-ның мүмкіндігінің

сәйкес келуі

 

 

Қолдану жағдайының ОТҚ-

ның мүмкіндігіне

сәйкес келуі

                        ↨                                                                                ↨

 

Айтылу мен көрсетілудің

бірлігі

 

 

 

 

Көрнекі құралдардың көрсетілуінің тиімді ұзақтылығы

 

4-сурет.  ОТҚ-ның қолдану принципі.

 

Оқытудың техникалық құралдарын қолданудың тиімділігі сабақтың сатысына да байланысты. Оқытудың техникалық құралдарын сабақта он минуттан артық қолдануға болмайды. Оны сабақ басында қолдану (мысалы 5 минут) дайындық периодын 3 минуттан 0,5 минутқа дейін қысқартады, ал шаршау мен ойдың бөлінуі әдеттегіден 5-і0 минут кейін басталады. Оқытудың техникалық құралдары 15-20 минут және 30-35 минут аралықтарында қолдану оқушылардың назарын толығымен сабақ барысында тұрақтандыруға мүмкіндік жасайды. Сабақ барысында оқушылардың көру және есту қабілеттері, сонымен қатар қабылдауы мен сабаққа деген зейіні де өзгереді, сондықтан бұл өте ыңғайлы. Бір оқыту құралын қайта-қайта (монотонды) қолдану 30 минут ішінде оқушылардың толығымен дерлік мәліметті қабылдау мүмкіндігін төмендетеді. Оқыту құралдары мен оқу әдістерін дұрыс пайдалану бұл жағдайларды болдырмайды.

Техниканың өзі жаңа бір нәрсе жасамайды, бірақ ол қажетті нәтижеге қол жеткізетін жаңа жетістіктерге жетелейді.

Техниканы қолдану оны түсінуден басталады, техника дегеніміз бұл-адамдар өмір сүретін табиғатты бақылайтын басқару құрылғысы, шешуге жиі ат салысады; мысалы, энергия мәселесі атомдық энергияны қолдану жолымен шешіледі; тасымалдауды жеңілдету үшін автомашиналар қолданылады; ал техника немесе технологиялық оқу оқыту қиындықтарын азайтады.

Мұндай көзқарас оқу технологияларын жасауда кеңінен таралған, себебі бұл технологиялар оқытушылардың саны мен білім алудағы кететін шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

Механикалық тұрғыдан адам мен техника, оқу мен білім қатынасы адамның дуалистикалық көзқарасымен және айналаны екі жүйе ретінде қарауы келесі ұғымға негізделеді:

- білім кез келген материалды объект секілді құрыла алады.

- оқу бұл оқушы санасында жүзеге асатын жекелеген процесс.

- оқудың тиімділігі жеке тесттер және емтихандар көмегімен өлшене алады.

Техникалық құралдар адамзат мәселелерін шешпейді, бірақ белсенділіктің жоғарғы нәтижесіне жетелейтін адам және орта жүйесін құруға көмектесе алады, бірақ техникалық жабдықтарды адамсыз елестетуге болмайды. Кез келген техникалық құрал  тек адаммен байланыста ғаға белгілі бір мәнге ие болады. Мысалы, компьютер адам  көмегінсіз ешқандай функцияны орындай алмайды. Ол- адамзат әлемінің бір бөлігі. Егер дам ойланса, компьютер де «ойланады», ол-адамның ойлау қабілеттілігін кеңейтетін зат, техникалық құралдар мен технологиялық мүмкіндіктерді дұрыс қолдану үшін біз оны қай салада және қандай нәтиже алу үшін қолданып отырғанымызды түсіну қажет.

Яғни, жаңа технологиялар немесе жаңа техникалық құралдар оқу процесіндегі проблемаларды шешпейді, бірақ егер оны дұрыс қолдана білсек, бұл процестегі мүмкіндіктерді арттыра алады. Жаңа технологияларды енгізу, ескі негізде жүзеге аса алмайды. Жаңа технологияны тиімді түрде қолдану, оқу процесіне қазіргі заманғы көзқарасты толық қайта бағалау мен оқытудың жаңа мүмкіндіктерін пайдалану арқылы іске асырылады.

Оқытудың техникалық құралдарын кеңінен қолдану оқу ортасын өзгертті: оқу процесінің деңгейі бірден жоғарыланды – дәстүрлі ауызша-жазбаша әдістен оқу-таным жұыстары тиянақты жүргізілетін белсенді білім алу сатысына өтті. Жақсы білім алу үшін тек оның мазмұны мен құрылымын ғана емес, сонымен бірге оның жүзеге асуының терең заңдылықтарын білу қажет екені белгілі.

Оқытудың өзінің ерекше заңдылықтары бар. Сондай заңдылықтардың бірі оқытудың көрнекілігі болып табылады. Бұл заңдылықта оқыту – қоршаған әлемді, заттарды, құбылыстарды танытатын құрал ретінде және осы заттар мен құбылыстарды қатаң бақылау мен меңгеруге негізделген жағдайда ғана сәтті жүзеге асады. Бұл ескі дидактикалық шындықты Я.А.Коменский де айтқан: «Егер біз оқушыларға нағыз қажетті білім бергіміз келсе, онда біз оларды жеке бақылау мен сезіну арқылы беруге тырысуымыз керек».

К.Д.Ушинскийдің өзі көрнекілік арқылы оқыту оқушылардың зейінін арттырып, терең меңгерілуіне жағдай жасайтынына сенімді болған.

Көрнекілік оқулықтар мен оқытудың техникалық құралдары жаңа білім алудың көзі болып табылады, әрі практикалық әдістерді үйрену құралы бола алады, сонымен бірге бақылау функцияларын орындайды. Сондықтан оларды оқу процесінің барлық сатыларында жаңа материалдарды меңгеруде, оны толықтыруда, тұжырымдауда, алынған білімді қолдануға арналған тапсырмаларды ұйымдастыруда және меңгерілген білімді бағалау кезінде қолдануы тиіс.

  Оқыту құралдары -  бұл материалдары идеалды түрдегі объект, басқа сөзбен айтқанда ол білімді меңгеру және танымдық белсенділікті арттыру үшін қолданылатын мұғалім мен оқушы арасындағы құрал болып табылады. Оқыту құралдары оқушылардың білім сапасының жоғарылауына, олардың танымдылығының артуына және маман болып жетілулеріне маңызды түрде әсер етеді.

Қазіргі заманғы мектептерде практикалық жұмыстарды орындауда келесі оқытудың техникалық құралдары кеңінен таралған:

- ақпаратты;

- білімді бақылау;

- бағдарламалық оқу;

- тренажер;

- комбинацияланған.

Ақпаратты тасымалдайтын техникалық құралдарға графопроекторлар, бейнемагнитафондар, телевизиялық комплекстер жатады. Қалған  техникалық оқыту құралдары жиі жаңартылып отырады, олар мектептерге жалпы жүйелі түрде білім алуға, шетел тілдерін, физико-математикалық ілімдерді меңгеруге арналған.

Параметрлік бағдарламалау