Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Л.Н Гумилев атындағы Еуразия  Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Парламентінің  конституциялық-құқықтық мәртебесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                              Орындаған: Мазимова А. ҚҚ-11

  Қабылдаған: Ибрагимов Ж.И.

 

 

 

 

Астана 2013

 

 

 

 

Мақсаты:      

           Парламентаризм институтының қалыптасуына себепші болған негізгі факторларды қарастыру, аталған институттың даму барысын айқындау.    Қазақстан Республикасында парламентаризм институты мен парламент қызметінің ара-қатынасын анықтау, олардың ортақ және ерекше сипаттамаларын айқындау, тұрғын халыққа, парламентаризм институтының мемлекеттің дамуына оңтайлы ықпал ететін қызмет түрлерін белгілеу.                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            Жоспар

 

    1. Кіріспе.
    2. Негізгі бөлім.

 

 1) Қазақстандық парламентаризм және кәсіби Парламенттің Қазақстан Республикасында қалыптасуының қалыпты кезеңдері.

2) Қазақстан Республикасы  Парламентінің жоғары мемлекеттік  билік орындар жүйесіндегі орны  және рөлі.

3) ҚР Парламентінің құрылымы. ҚР Парламент Сенатын және  Мәжілісін құру тәртібі.

4) Парламент Палаталарының  депутаттарының мәртебесі, парламент  депутаттарының өкілеттігі.

 

          3. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             Кіріспе  
 
           Қазіргі кезде тек біздің елімізде қана емес, тіпті бүкіл әлемде парламентаризм, азаматтық қоғам мәселесіне деген назардың күн сайын арта түсуі адамзаттың өз эволюциясындағы жаңа кезіңіне көшуімен байланысты деуге болады. Ол, яғни қазіргі заманға сай кезең ғылыми – техникалық революцияның дамуымен және демократия мен ізгіліктің маңыздылығының күн сайын арта түсуімен байланысты. Біздің елімізде демократиялық өзгерістердің орын алуына себепші болатын барлық қажетті экономикалық және әлеуметтік алғышарттар жасалған.  
Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен демократиялық мемлекет құрудың қиын да ұзақ жолын басынан өткеруде. Осы жолда жасалған реформалар қоғамның бүкіл салаларын түбегейлі өзгертті. Экономиканың артынан саяси жүйе, қоғамдық тәртіп, жалпы әлеуметтік-рухани жай-күйі өзгеріске ұшырады.  
Соңғы кезде Парламенттің мемлекеттік институт ретіндегі ролі елеулі өзгеріске ұшырады. Қазақстан Республикасында өткізілген конституциялық реформа парламентаризмнің және елдің бүкіл саяси жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуын белгіледі, Қазақстанды түбегейлі жаңа демокра тиялық стандарттар орын алған ел ретінде қалыптасуына зор үлес қосты. Аталған демократиялық стандарттарға қол жеткізу азаматтық қоғамның институттары бір мезгілде дамыған кезде мүмкін болып табылады.  
Мемлекет Басшысы Н. Назарбаев 2007 жылы өткізілген конститу циялық реформа Қазақстанның президенттік республикадан президенттік – парламенттік республикаға іс жүзінде өзгеруіне бағытталғандығын бірнеше рет атап өткен болатын. Және де дәл осы бағыт, яғни мемлекетті президенттік республикадан президенттік – парламенттік республикаға өзгертуге бағытталған қызмет қазіргі кезде өз күш салуларын елімізде парламентаризмнің дамуына шоғырландырған «Нұр Отан» Халықтық – Демократиялық партияның қызметінде басым бағыттағы қзмет болып табылады. «Нұр-Отан» ХДП аталған қызметінің нәтижесі – Парламентаризм Институтының құрылуы туралы шешімнің қабылдануы болып табылады. Институт қызметінің негізгі бағыты - мемлекеттік билік органдарында халықтық өкілеттікті дамытуға қатысты жаңа көзқарастарды іздестіру. Қоғамды басқарудың өкілеттік сипаттамасын арттыру жолдары келесідей:елдің саяси жүйесінің партиялануы және осыған байланысты саяси партиялардың белсенділігін арттыру, оларды дамытып, елдің саяси өміріндегі ролін нығайта түсу. Қазіргі кезге сай демократия тек партияның қызметі арқывлы қана жүзеге асырылуы мүмкін. Партия бірегей роль атқарады; атап айтқанда, партияның жүзеге асыратын негізгі ролі - қоғамда бар немесе қоғамда пайда болатын мүдделердің саяси деңгейіне шығару. Партиялар өркениеттің маңызды жетістіктерінің бірі болумен қатар азаматтық қоғамның саяси мүдделерін білдіреді.  
Рефома арқылы енгізілген үйлесімді сайлау жүйесі саяси партияларға елдің саяси жүйесіндегі өз ролін нығайту жөніндегі қосымша мүмкіндіктерді ұсынып, осы қадам арқылы саяси күштер мен тұрғын халықтың шынайы еркін білдіруін қамтамасыз етті. Саяси партиялар мен партиялық тізімдер бойынша сайланған депутаттар арқылы қоғамдық өкілдік жүзеге асырылады. Парламент Мәжілісін қалыптастыру тәртібінің өзінде халықтық егемендік қағидатына негізделген өкілеттілік идеясы орын алған. Реформа арқылы қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік қаржыландыруға тыйым салу қағидаты жойылған.  
Бүгінде қазақстандық зерттеуші лер де парламентаризмнің теориясы мен практикасының жоғарыда келтірілген фундаменталды белгілерін қолдап, елімІздің заң шығару органының қызметін осы талаптар түрғысынан тал-дайды. Қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмінің дамуының проб-лемалары мен одан әрі даму жолдары туралы пікірлер мен ұсыныстар, көзқарастар аз емес.1991 жылы тәуелсіздік алған Қазақстанның бүкіл әлемге тәуелсіз, егеменді ел болып танылғанына да жиырма жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдар ішінде оның қоғамдық және мемлекеттік өмір салаларында үлкен өзгерістер болды. Осыған сөйкес еліміздің қүқық тық, саяси, экономикалық жүйелері де түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі уақытта Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру үстінде Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Өткен 10 жылдың ішінде біз еркін сайлау өткізілетін, 16 саяси партия жұмыс істеп жатқан, оның төртеуі Парламентте өкілдік ететін қоғам құрдық.Екі жарым мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдары бар қоғам құрдық. Газеттердің, журналдардың, телерадиоарна ларының сексен пайызы мемлекеттік емес қоғам құрдық. Жүздеген түрлі діни қауымдастықтар өзара байланыста, қатар, қалыпты өмір сүріп жатқан қоғам құрдық. Кәсіпқой екі палаталы Парламенті мен тәуелсіз сот жүйесі бар қоғам құрдық» - дейді.  
           Қазақстанның демократиялық жолмен құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнатуы — қазіргі өркениетті әлемдік тәжірибеде нық қалыптасқан билік бөлу принципіне негізделеді Билік бөлу принципіне сәйкес Республикадағы біртұтас мемлекетгік билік Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы жене сот тармақтарына бөлініп, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.  

Қазақстандық  парламентаризм және кәсіби Парламенттің Қазақстан Республикасында қалыптасуының  қалыпты кезеңдері.

   Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән.  Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.

Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның –  алғаш рет  Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін  Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің  орнына келді.

Қазақ КСР Жоғарғы  Кеңесі

           Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясының негізінде, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясының негізінде құрылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне алғашқы сайлау 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Сайлау жалпыға бірдей, тең және жасырын дауыс беру кезіндегі төте сайлау құқығы негізінде өткізілді. Жоғарғы Кеңестің депутаттық корпусын қалыптастыру Коммунистік партияның қатаң бақылауымен баламасыз негізде өткенін атап өту қажет. Депутатқа кандидаттар партия ұйымдары белгілеген сыныптық, партиялық, ұлттық, жынысы-жасы және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары депутатқа кандидаттыққа атқарып отырған лауазымына сәйкес ұсынылды. Соған байланысты сайлау өткізу рәсімі көбіне формальді сипатта болатын. 

          1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы бойынша Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік биліктің жоғары органы болды және Қазақ КСР-інің қарауына жатқызылатын барлық мәселелерді шешуге құқылы еді.

Жоғарғы Кеңестің жұмыс органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің  Төралқасы Жоғарғы Кеңестің сессияларының  аралығындағы кезеңде қажет болған жағдайда Қазақ КСР-інің қолданыстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізіліп, олар кезекті сессияда қабылданатын.  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қажет  деп есептеген кезде тексеру  комиссиясы мен кез келген мәселе бойынша өзге де комиссияларды құрды. Барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар  тұрақты және өзге де комиссиялардың талаптарын орындауға, оларға қажетті материалдар мен құжаттарды беруге міндетті болды. 1990 жылғы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің он екінші сайланымына сайлау болып өтті. Бұл жерде оның әлі де әкімшілік-әміршілік жүйенің ықпалы жеткілікті болып тұрған жағдайда неғұрлым демократиялы алғашқы сайлау болғанын атап өту керек. 360 депутаттық мандаттың сайлау алды сайысына екі мыңнан астам үміткер қатысты. Бұл сайлаудың ерекшелігі саяси партиялар мен республикалық қоғамдық ұйымдардан тұңғыш рет кандидаттар ұсынылғандығында еді.

Он екінші сайланымның  Жоғарғы Кеңесі бірқатар аса маңызды  саяси-құқықтық құжаттарды қабылдады, олар тәуелсіз Қазақстанның және елде парламентаризм қалыптасуының іргетасын қалауда ерекше рөл атқарды. 

 

Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Кеңесі

              1994 жылғы сәуір – 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттары тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби Парламенті болды.

Жоғарғы Кеңестің сандық құрамы 360-тан 177-ге дейін азайтылды. Депутаттардың  жалпы санының 52 %-ы –  өзін-өзі ұсынғандар, ал 48 %-і – саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болды. Қазақстанның тарихында алғаш рет саяси партиялар мен қозғалыстардың нақты билік тетіктеріне, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мен қабылдауға ықпал ету мүмкіндігіне қолдары жетті. 1994 жылғы 7 наурызда өткен сайлау республикада көппартиялықтың қалыптасуына мүмкіндік жасады.

Он үшінші сайланған Жоғарғы  Кеңес бір жылдан сәл азырақ жұмыс  істеп, заңсыз деп танылды, өйткені Конституциялық сот депутаттарды сайлау соған сәйкес жүргізілген сайлау заңнамасының кейбір нормалары Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды. Сонымен бірге он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Қазақстанда парламентаризмнің одан әрі дамуына алғышарттар жасағанын мойындаған жөн.  

 

Қос палаталы Парламенттің қалыптасуы

             1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы ескі және жаңа саяси құрылыстың арасындағы өзіндік ымырасы, ғасырлар бойы құрылған батыс демократиясының үлгісін кеңестен кейінгі кеңістікте енгізуге тырысудың көрінісі болғандықтан, әуелбастан-ақ қайшылыққа толы еді.  1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Онда Парламент заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органы ретінде айқындалды. Парламент екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұратын болды. Парламенттің кос палаталық құрылымы саяси жағынан орынды болып шықты, ол еліміздің саяси өміріндегі принципті жаңа элементке айналды және әлемдік тәжірибедегі жалпыға ортақ парламентаризм принциптеріне сай келді. Қазақстанда қос палаталы Парламенттің құрылуына мұның қабылданатын заңдардың сапасын арттыруға мүмкіндік жасайтыны себеп болды. Қос палаталы Парламенттің депутаттарын сайлау процесі 1995 жылдың соңында  өтті. Сенатқа 19 облыстан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, барлығы 40 депутат сайланды. Сенаттың жеті депутатын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындады. Қазақстан Республикасының Мәжілісіне сайлау 1995 жылғы 9 желтоқсанда өтті. Оған  67 депутат сайланды. Мәжіліске сайлау нәтижелері бойынша басым көпшілікпен ер азаматтар өтті – 58 депутат, әйел  депутаттар – 9. Палатаның барлық депутаттары жоғары білімді, олардың ішінде 7 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты болды.  Бұл жерде бірінші сайланған қос палаталы заң шығару органы  саяси, экономикалық және әлеуметтік проблемалардың шешілуін заңнамалық қамтамасыз еткен кәсіби  Парламенттің бастаушысы  ретінде Қазақстанның тарихында қалатынын атап өту керек.

 

Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары мемлекеттік  билік орындар жүйесіндегі орны және рөлі.

             1998 жылы еліміз бүкіл кеңестен кейінгі елдердің бәрін қамтыған дағдарыстан нық сеніммен шыға бастады. Қазақстанда болып жатқан реформалар билік тармақтарының қызметін жақсарта түсуді, оның ішінде парламентаризм процестерін тереңдетуді талап етті.

1999 жылы ел Конституциясына  енгізілген өзгерістерге сәйкес  Парламент Мәжілісінің сайлауы  аралас жүйе бойынша өтіп, партияларға  барабар өкілдік негізінде партиялық  тізім бойынша сайлану құқығы  берілді. Сайлауға 10 саяси партия  қатысты. Парламенттің рөлін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық блоктағы министрлерді олардың кандидатураларын Мәжіліс пен Сенаттың бейіндік комитеттерінде талқылағаннан кейін, ҚР дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын – Сенаттың бейіндік комитетінде талқылағаннан кейін тағайындау тәжірибеге енгізілді. Қос палаталы Парламент ел бюджетін бекіту құқығын еншілеп отыр, Премьер-Министрді тағайындауға келісім береді, Үкіметке сенімсіздік білдіруге, оның орнынан түсуін және кез келген министрді қызметтен босатуды талап етуге құқылы. Жоғары өкілді органның  ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығы да бар.  Атқарушы биліктің    жауапкершілігін күшейту мақсатында Премьер-Министрдің және оның кабинеті  мүшелерінің депутаттар мен палаталар комиссиялары алдында жүйелі түрде сөз сөйлеуі көзделген. Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті он жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Олар осы уақыт аралығында аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін 1300-ден астам заң қабылдады. Қазақстандық құқық жүйесі қалыптасты, онда Парламенттің орасан зор үлесі бар. Парламент бүгінде елдегі саяси жариялылықтың шын мәніндегі алқалы жиыны болып табылады. Тап осы жерде Үкімет, партия өкілдері, тәуелсіз депутаттар, саяси фракциялар мемлекеттік құрылыс, экономикалық және әлеуметтік қайта құрулардың кез келген мәселелері бойынша өз позициялары туралы ашық айта алады.

            Елде жалпы саяси пікірталас барысында талқыланған мәселелердің бірі Мемлекет басшысының жекелеген өкілеттіктерін Парламентке беру туралы мәселе болды. Бүгін, елді жаңғырту процесінің аса маңызды параметрлері бұлжымас сипатқа ие болып отырғанда, Президент пен Парламент арасындағы кейбір міндеттер мен жауапкершілікті қайта бөлу қажеттігі пайда болды. Бұл өз кезегінде Парламенттің өкілеттіктерін айтарлықтай кеңейтуді көздейді.

           Еліміздің қолданыстағы Конституциясына сәйкес Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі болып табылады. Бұл принцип біздің саяси жүйемізді жаңғырту процесінде өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Қазақстандықтардың көпшілігінің пікірінше, ол Қазақстандағы демократиялық өзгертулердің жаңа кезеңінде де мызғымай қалуға тиіс.

         Президент депутаттардың жартысын мажоритарлық жүйе, ал жартысын – пропорционалдық жүйе бойынша сайлауды ұсынған Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын одан әрі тереңдете түсті. Сондықтан Президенттің Мәжіліс депутаттарын пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша сайлауға көшу ұсынысы неғұрлым екшелген әрі сындарлы болып көрінеді, өйткені өкілділікті қамтамасыз етіп, біздің өзіндік ерекшеліктерімізді ескереді.  Қазақстандағы сайлау өткізудің жаңа нысаны саяси күштердің нақты орнығуы мен халықтың шын мәніндегі ерік-қалауын қамтамасыз етіп, саяси партияларға еліміздің саяси жүйесіндегі өз рөлін күшейту жөнінде қосымша мүмкіндіктер беруге тиіс. Мәжіліс депутаттарының саны 107-ге дейін көбейеді, олардың 98-і пропорционалдық жүйе бойынша сайланады. Демек, келешекте сайлауға тек саяси партиялар ғана шығатын болады. Қазақстанның аумағында тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің рөлін арттыру мен мүдделерін ескеру мақсатында Мәжілістің 9 депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады. Осылайша, Парламент саны 38 адамға көбейіп, 154 депутат болады. Мұндай сан Қазақстан үшін неғұрлым оңтайлы деп танылды. Депутаттың қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты еместігі туралы норманың алынып тасталуы оның қызметіндегі принципті жайт болып табылады. Оған императивті мандат беру депутаттардың рөлін және өз қызметі үшін саяси партия алдындағы жауаптылығын арттыруға бағытталған. Бұл ретте, егер Мәжіліс депутаты партияның қатарынан шықса немесе түрлі себептер бойынша шығарылатын болса, онда сол бойда Мәжілістегі орнынан айырылады. Алайда, мұндай ереже Сенат депутаттарына қолданылмайды. Президенттік квотаның 7-ден 15 депутатқа дейін көбейтілуі есебінен Сенаттың жаңа саны туралы Мемкомиссияның ұсынысы қабылданды, олардың бір бөлігі қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделері өкілдігін қамтамасыз ету қажеттігі ескеріле отырып тағайындалатын болады. Сенатқа қосымша өкілеттіктер берілетіндігі туралы факті назар аудартады. Олардың қатарына, сөз жоқ, Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылудан туындаған, ол уақытша болмаған кезеңде заңдар қабылдау бойынша Парламент функциясын орындау жатады. Бұдан басқа, Ұлттық Банк Төрағасының қызметіне кандидатура Сенатпен келісілетін болады. Мұндай көзқарас Ұлттық Банктің мемлекеттің ақша-кредиттік саясатын іске асыру кезіндегі дербес болу принципіне сай келеді. Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Үкіметтің мемлекеттік қызметтер көрсетудің жоғары тиімділігі мен сапасын, қоғам алдында есепті болу мен қызметтің ашықтығын атқарушы органның қамтамасыз етуі үшін мемлекет Басшысының алдындағы ғана емес, Парламенттің де алдындағы жауаптылығын белгілейді. Тиісінше Парламенттің Үкіметтің қызметіне тиімді бақылау жасау жөніндегі өкілеттігі күшейтілді. Бұдан басқа, Мәжілістің Үкіметке сенімсіздік білдіруі үшін бұрын болғандай депутаттардың үштен екісінің емес, жай көпшілік дауысы жеткілікті болады. Шешуші жайт Үкіметті парламенттік көпшілік негізінде құрудың және оның жұмыс істеуінің жаңа ережелерін жасаудан тұрады. Бұл саяси партиялардың рөлін арттыруға мүмкіндік береді және парламенттік көпшілікке ие партияның Үкімет қызметіне жауапты болатыны өте маңызды.

Премьер-Министрдің конституциялық міндеті жаңадан сайланған Мәжілістің алдына Үкіметке сенім туралы мәселе қоюы Үкіметтің алға қойған міндеттерді  шешудегі жауаптылығын арттыратын тағы да бір маңызды  факторлардың бірі болады.

              Конституцияға енгізілген, басқа да қызығушылық тудыратын жаңалық қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға тыйым салуды алып тастау болып табылады. Мұндай тәсіл басқа мемлекеттердегі жалпыға белгілі практика болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару  мәселесіне де тоқталу қажет, енді Конституцияда  жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі мәслихаттар болатындығы бекітілген, оларға арнаулы заңға сәйкес мемлекеттік  функцияларды жүзеге асыру ұсынылуы мүмкін. Жергілікті жерлердегі биліктің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мәслихаттардың сайланатын мерзімі төрт жылдан бес жылға дейін ұзартылды. Қазақстан Республикасы Президентінің облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін лауазымына тағайындауы енді тиісті мәслихаттың келісімімен жүзеге асырылатын болады. Өзге деңгейдегі әкімдер осыған ұқсас жүйе бойынша лауазымға тағайындалуы мүмкін. Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру рәсімі айтарлықтай оңайлатылған. Бұл үшін депутаттардың қарапайым көпшілігі қажет болады, олар тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің, не жоғары тұрған әкімнің алдына әкімге сенімсіздік білдіру және оны босату жөніндегі мәселені қою туралы шешім қабылдайды. Осыған байланысты мәслихаттар мен олардың депутаттарының саяси рөлі күрт өсті, олар енгізілген нормалардың мағынасына орай атқарушы органдардың өздеріне көбірек есепті болуының арқасында өміршең жергілікті өзін-өзі басқару болмақшы.

 

ҚР Парламентінің  құрылымы. ҚР Парламент Сенатын және Мәжілісін құру тәртібі.

Парламент Қазақстан  Республикасының Жоғарғы Кеңес деп аталған бір буынды өкілетті органның орнына келді. Қазақстан Респубикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғары өкілді орган ретінде де, өкілді демократия органы ретінде де өмірге келді. Халық тікелей ғана емес, Парламент арқылы да өзінің саяси еркін білдіреді.Парламент, сондай- ақ заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган да болып табылады. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының Жоғарғы Кеңестің бірден- бір заң шығарушы орган ретіндегі сипаттамасынан ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Парламент бірден- бір заң шығарушы орган болып есептелмейді. Себебі Конституцияда көзделген жағдайда Президент заң шығару қызметін атқара алады.                                                                  Сонымен бірге Президенттің заң шығарушылық қызметінің өкілеттік берілген және тәуелділік сипатта болатындығын да атап айтқан жөн. Парламент өзінің заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана Президент заң қабылдай алады. Егер Парламент зәру заңдарды шұғыл қабылдай алмайтын болса Президент заң күші бар Жарлық шығаруға құқылы. Екі жағдайдың екеуінде де Президенттің заң шығару өкілеттігі  уақытша сипатта болады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін заң шығару органы болып табылады.

          Заң шығару қызметімен бірге  Парламент, шектеулі көлемде болса  да, атқарушы биліктің қызметін  де бақылай алады. Парламент  респубиканың бюджетін және оның  орындалуы жөнінде Үкімет пен  Республикалық бюджеттің атқарылуын  бақылау жөніндегі Есеп комитетінің  есебін бекітеді, бюджетке өзгерістер  мен толықтырулар енгізеді. Парламент  Үкіметтің бағдарламасын мақұлдауы  немесе қабылдамай тастауы және  Үкіметтің қызметіне сенімсіздік білдіруі мүмкін.Қазақстан Республикасы Конституциясы бірінші рет Парламенттің екі Палаталық (Сенат және Мәжіліс) құрылымын бекітті. Мәжіліс Қазақстан Республикасының Барлық азаматтарының тілегін білдіреді, яғни Мәжіліс депутаттары жалпы сайлауларда сайланады. Сенатқа депутаттардың бір бөлігі жанама сайлау арқылы сайланады, енді бір бөлігін Президент тағайындайды. Сенат депутаттары әкімшілік- аумақтық бірліктердің мүдделерін, жергілікті мүдделерді білдіреді. Сонымен бірге Сенат- бүкіл республика органы. Сондықтан Мәжіліс қабылдаған заң жобасы Сенат мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.

           Қазақстан Республикасы Парламентінің  Палаталарына айырықша өкілеттіктер  берілген, олар өз құзыретіндегі  мәселелерді дербес шеше алады.  Конституция Парламент Палаталерының  бірлескен отырысының құзыретіндегі  мәселелерді қарастырған (53-бап). Қазақстан Республикасы Парламент  Палаталары бірлескен отырыстарында  мемлекеттің айтарлықтай кең  көлемді мәселелерін қарап, шеше  алады. Турасын айтқанда, Қазақстан  Парламенті қызметінің ерекшеліктерінің  бірі осында болса керек. Бұл  Парламенттің құзыретіне ықпал  етеді. Парламент Палаталарының  бірлескен отырыстарының қарауына  жатқызылатын мәселелер тізбесі  белгіленген. Қазақстан Республикасы  Конституциясы Парламенттің құзыреті  ұғымы туралы ойларды тұтастай  жинақтайды.

      1) Парламенттің Сенат пен Мәжілістің бірлескен және бөлек отырыстарында жүзеге асырылатын құзыреті;

      2) Сенаттың  қатаң құзыреті;

      3) Мәжілістің  қатаң құзыреті бар. 

           Мәжіліс пен Сенат үшін әр  түрлі құзыретті белгілей отырып, Конституция Парламент қызметінің  тежемелік және тепе- теңдік жүйесін  құрады. Атқарушы биліктің болуы  мүмкін қарама- қарсы тұрудың,  дауырықпалыққа әуестенуінің жолын  кесу мақсатында Сенатқа Мәжіліске  қатысты шектеушілік мүмкіндік  берілген. Мұны белгілі бір деңгейде  түсінуге болады, өйткені өкілді  органдарға бұрынғы кездері қалыптасқан  сенімсіздік әлі күнге дейін  жалғасып келеді. Мемлекеттік биліктің  жоғары органдарына қатысты халықтың  саяси сенімінің бәсеңдеуі Парламент  Мәжілісінде өткен соңғы сайлауда  да сезілді (1995ж.) Тіпті ресми  адамдар Мәжіліс сайлауының өтпей  қалу мүмкіндігі туралы қауіп  айтты. Мұндай жағдайда Мәжіліс  депутаттары өздерінің қабілеттілігін  дәлелдеу үшін мемлекет ішіндегі  жағдайға негізінен жауап беруші  атқарушы билікпен текетіреске  түсуі мүмкін. Заң жобалары негізінен  Үкіметтің бастамасы бойынша  енгізілетіндіктен Мәжіліс оны  зор ынтамен қабылдап, оған сын  тұрғысынан қарайды. Тәжірибе  көрсеткендей, Сенат Мәжіліске қатысты  тежемелік жүйесін мемлекеттік  билік тармақтары қарама- қарсылыққа  жол бермеу мақсатында пайдалануға  тырысады. Сонымен бірге, Парламентке  ауыр жұмыс жүктелген. Ол бұрын  қалыптасқан белгілі бір сенімсіздікті  еңсеруге ұмтылатынын, халықтың  қазіргі көкейтесті міндеттерін  шешуге, өзінің заң шығарушылық  қызметінде қоғамның прогрессивті  дамуының құқықтық базасын жасауға  ынталы екендігін көрсетуі тиіс. Қазақстанда бұрын болмаған парламанттік  дәстүрдіңқалыптасуы Парламентке,  оның жемісті заң шығару қызметіне  байланысты. Бұған мемлекетті, қоғамды  нығайтқысы, адамдардың өмірін жақсартқысы  келетін барлық саяси күштер  мүдделі болуы тиіс. Айналып келгенде, Парламент мемлекеттік билік  тармақтарының бірі ретінде демократиялық,  құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруда маңызды орын алады.  Парламент- Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін дүзеге асыратын  Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сесссиясы жұмысқа кіріскен кезден аяақталады.Парламенттің өкілеттігі Конституцияда көзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан Және Мәжілістен тұрады.

           Сенат әр обллыстан, Республикалық  маңызы бар қаладан және Қазақстан  Республикасының астанасынан екі  адамнан, тиісінше облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың және республика  астанасының барлық өкілді органдары  депутаттарының бірлескен отырысында  сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын  Сенат  өкілеттігі мерзіміне Республика  Президенті тағайындайды.

           Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан  тұрады. Алпыс жеті депутат Респубиканың  әкімшілік- аумақтық бөлінісі  ескеріле отырып құрылатын және  шамамен сайлаушылардың саны  тең бір мандатты аумақтық  сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өеілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады.

           Парламент депутаты бір мезгілде  екі Палатаға бірдей мүше бола  алмайды. Сенат депутатының өкілеттік мерзімі- алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі- бес жыл. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланым өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезекті сайлауы бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.

           Парламент депутаттарының кезектен  тыс сайлауы Парламент өкілеттігін  мерзімінен бұрын тоқтатқан кезден  бастап екі ай ішінде өткізіледі.

           Қазақстан Республикасының кемінде  бес жыл азаматы болған, отыз  жасқа толған, жоғары білімі және  кемінде бес жыл жұмыс стажы  бар, тиісті облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың не Республика  астанасының аумағында кемінде  үш жыл тұрақты тұрған азаматы  Сенат депутаты бола алады.  Республиканың жасы жирма беске  толған азаматы Мәжіліс депутаты  бола алады.

           Бір мандатты аумақтық сайлау  округі бойынша тиісінше облыстың, респуьликалық маңызы бар қала  мен республика астанасының барлық  өкілді органдары депутаттарының  бірлескен отырысында дауыс беруге  қатысқан сайлаушылардың немесе  таңдаушылардың елу процентінен  астамының даусын алған кандидат  сайланды деп есептеледі. Егер  кандидаттардың бірде- бірі аталған  дауыс санын ала алмаған жағдайда, қайтадан дауыс беру жүргізіледі,  оған неғұрлым көбірек дауыс  санын алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың  немесе таңдаушылардың неғұрлым  көбірек дауыс санын алған  кандидат сайланды деп есептеледі. Мәжіліске сайлаудың қорытындылары  бойынша депутаттық мандаттарды  партиялық тізімдер негізінде  бөлуге дауыс беруге қатысқан  сайлаушылардың кемінде жеті  процентінің даусын алған саяси  партиялар жіберіледі. Егер дауыс  беруге таңдаушылардың елу процентінен  астамы қатысса, Сенатқа сайлау  өткізілді деп есептеледі. Республика  Парламенті депутаттарын сайлау  тәртібі конституциялық заңда  айқындалады. Заңи жауапкершіліктің  дәстүрлі төрт түрі теориялық  түрде негізделеді және заңнамалық  түрде регламенттеледі. Олар: азаматтық-  құқықтық, қылмыстық- құқықтық, әкімшілік-  құқықтық және тәртіптік- құқықтық  жауапкершілік. 

             Парламанттік жауапкершілік пен  Парламенттің жауапкершілігін ажырата  білу керек. Парламенттік жауапкершілік  Парламенттің жауапкершілігіне қарағанда анағұрлым күрделі құбылыс. Парламенттік жауапкершілікті біз Парламенттің, Парламент депутаттарының, Үкіметтің, Үкімет мүшелерінің, басқа жоғарғы санаттағы саяси қызметшілердің Парламенттің алдындағы жауапкершілігі және Президенттің алдындағы парламенттің жауапкершілігі деп түсінеміз. Парламенттің жауапкершілігіне жалпы Парламенттің, Парламент Палаталарының, Парламент Палаталары Төрағаларының, жеке депутаттың, депутат топтарының жауапкершіігі кіреді. Демек, Парламенттің жауапкершілігі Парламенттің өз шеңберінде орын алады және дербес тұлға немесе ұйымдасқан топ ретінде заң шығарушылық қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты. Жалпы Парламенттен басқа, аталмыш субъектілердің бір бірінің алдында, сондай- ақ Парламенттен тыс функция атқаратын кейбір субъектілердің алдында жауапкершілік еөрсететінін атап айту керек.

           Сонымен, Қазақстан Респубикасының  Конституциясы бойынша Парламент  жауапкершілігінің субъектілері  төмендегілер болып табылады:

1) жеке депутат;

2) депутаттар тобы;

3) Палаталардың Төрағалары;

4) жалпы парламент.

           Аталмыш субъектілердің жауапкершілігінің  түрлері мен негіздері әр түрлі  және олардың Парламенттегі орнына  және рөліне байланысты. Алайда, біздің пікірімізше аталған субъектілер  қатарын толық деп санауға  болмайды. Қазақстан Республикасының  Конституциясы Парламенттің жеке  Палатасын- Сенатты немесе Мәжілісті  дербес жауапкершілік субъектісі  ретінде бөлмейді. Қазақтстан Республикасының  Конституциясына сәйкес, Парламент  Палаталарының бірінің қанағаттанарлықсыз, тиімсіз немесе обструкционистік  қызметі үшін жалпы Парламент  жауап береді. Осындай жағдайдың  ерте ме, кеш пе көрінуге тиіс  болатын бірқатар негативті қырлары  бар. Біріншіден, жауапкершілік әділдік  принципіне негізделуге тиіс. Егер  Палаталардың бірінің конституциялық  қағидаларға сәйкес келмейтін  қызметі негіз болса,жалпы Парламентті  таратуды әділ деп мойындауға  болмайды. Ондай шешім әділдік  принципіне сәйкес болмайды. Екіншіден,  Палаталардың бірінің конституциялық  қағидаларға сәйкес келмейтін  қызметі үшін жалпы Парламент  таратылатын жағдайда кінә принципі  бұзылады. Басқаша айтқанда, кінәсізлер  кінәлілірмен қатар жауапкершілік  көтереді. Алқалы органдарда кінә  ұғымы дара басшылық жағдайынан  өзгеше болып келетіні белгілі.  Алқалы органның шешімі үшін  қарсы дауыс бергенде де жауап  береді. Бірақ Қазақстан Республикасының  Парламенті біртұтас алқалы орган  емес. Ол өздері дербес жүзеге  асыратын ерекше өкілеттіктері  бар Палаталардан тұрады. Әрине,  Палаталардың екеуі де бірлесе  жүзеге асыратын өкілеттіктер  бар, бірақ осы бірлескен өкілеттіктер  бойынша шешімдер қабылдау үшін  әр Палата жеке дауыс береді. Палаталардың екеуі де шешімдер қабылдамауы мүмкін. Бұл жағдайда екі Палатаның да жауапкершілігі туралы айтуға болады. Онда жалпы Парламентті таратумен келіспеу қиын. Ал егер Палаталардың бірі Конституцияға немесе объективті себептерге сәйкес шешімді табанды қабылдағысы келмесе, неге ол үшін кінәсіз басқа Палата жауап беруі керек. Сонымен қатар, Конституция Палаталардың мәртебесін дәйекті белгілейді. Палаталар шешім үшін бөлек, дербес дауыс береді, бірақ неге өзінің шешімі үшін дербес жауап бере алмайды. Үшіншіден, Бір Палатаның «кінәгерлігі» үшін жалпы Парламентті тарату республикалық бюджетке тым ауырға соғады. Аталған мән- жайларға орай, жалпы парламенттің жауапкершілігімен қатар Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бөлек жауапкершілігін белгілеу керек.

           Парламенттің қызмет практикасын  талдау оның төмендегідей жауапкершілік  түрлерін бөліп шығаруға негіз  береді: 1) саяси жауапкершілік; 2) құқықтық  жауапкершілік;

           Саяси жауапкершілік туралы мәселені  анықтау үшін саяси жауапкершілік  субъектісі кім болатынын, саяси  жауапкершіліктің негіздері мен  түрлерін қарастырып алған жөн.  Қазақстан Республикасы Парламентінің  саяси жауапкершілігінің субъектісі  төмендегілер болуы мүмкін: а)  депутат топтары; ә) Парламент  Палатасы; б) Палаталардың Төрағалары; в) жалпы Парламент. Біздің  пікірімізше, жеке депутат саяси  жауапкершілік субъектісі болып  табылмайды, өйткені бір адам  Парламенттегі саяси жағдайға  елеулі ықпал ететін саяси  акциялар жасай алмайды. Егер  бір депутаттың саяси акцияларын  басқа депутаттар қолдаса, бұл  Парламентте қалыпты заң шығарушылық  қызметке кедергі жасайтын белгілі  бір саяси жағдаят қалыптастырады, онда депутат топтарының, Палатаның,  жалпы Парламент туралы мәселе  пайда болады.

           Депутат топтарының саяси жауапкершілігі.Қазақстан Республикасының  Конституциясы Депутат топтарының саяси жауапкершілігін көздейді. Мысалы, Конституция бойынша Президентке қарсы айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кем дегенде үштен бірінің бастамасы бойынша оның депутаттарының жалпы санының көпшілігімен қабылдана алады.Президентке айып тағу бірнеше сатыдан тұрады. Бірінші саты- айып тағу және оны тексеру. Егер Мәжіліс шешім қабылдаса, онда екінші сатыда Сенат айыптпуды тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижелері Парламент Палаталарының бірлескен отырысының қарастыруына табысталады. Материялдар қарастырылардың алдында Жоғарғы Соттың және Конституциялық Кеңестің айып тағудың негізділігі мен конституциялық рәсімдерді сақтау тұрғысынан қорытынды жасауына табысталады. Егер айып тағу осы сатылардың әрқайсысында қабылданбаса, ынтагерлердің өкілеттіктері заңдылықты бұзғаны үшін тоқтатылады, яғни, олар негізсіз айып таққаны үшін заңи жауапкершілік көтереді. Айып тағылған сәттен бастап екі айдың ішінде осы мәселе бойынша түпкілікті шешімнің қабылданбауы Республика Президентіне қарсы тағылған айыпты қабылданбаған деп мойындауға әкеліп соғады.

           Парламент Палаталарының саяси  жауапкершілігі. Парламент Палаталары  тек өздерінің өкілеттіктерін  тиісті атқару мен Палаталардың  ішіндегі саяси акциялар үшін  ғана емес, сонымен қатар бірлескен  өкілеттіктерді жүзеге асыру  үшін және бірлескен қызмет  кезіндегі саяси акциялар үшін  саяси жауапкершілік көтереді. Қақақстан  Республикасының Еонституциясы  тікелей емес, бірақ жанамалы  түрде Парламент Палаталарының  әрқайсысының жеке тиіссіз заң  шығарушылық, бақылау қызметі  үшін саяси жауапкершілігін көздейді.

Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі