Паскаль тілінің негізгі түсініктері



Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………...……..

3

1. Паскаль тілінің негізгі түсініктері..............................................................

5

1.1 Турбо паскаль тілінің операторлары  ..........................................................

6

1.2 Циклдік құрылымды алгоритмді  программалау ......................................

7

1.3 Алғы шартты цикл операторы. While операторы .....................................

7

1.4 Келесі шарт бойынша циклді  ұйымдастыру..............................................

9

2 Параметрлі қайталану операторы. For операторы................................

11

2.1 Күрделі циклдер..............................................................................................

12

2.2 ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері. Қадам бойынша орындау...................

13

2.3 Қайталау (цикл)...............................................................................................

20

Қорытынды............................................................................................................

22

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................

23


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

                           

 

Кіріспе

 

Бейсик  тілі сияқты, Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен  жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған  тілдердің бірі

Turbo Pascal программалау тілінің басқа тілдер  сияқты өзіне тән алфавиті  бар.

      Жоғарғы деңгейлі программалау  тілдерінің бірі − Паскаль.  Қазіргі кезде Паскаль тілінің  кеңейтілген ондаған диалектісі  бар, оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді  дербес компьютерлер жұмыс істей  алатын Турбо Паскаль диалектісінің  варианттары да жеткілікті.

Turbo Pascal жүйесінде қарапайым есептерді  шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың  сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.

      Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран,  Алгол және т.б.) программалау  тілдерінен маңызды ерекшелігі  ол құрылымдық программалау идеясын  өмірге біртіндеп енгізу.

Басқару (шартты, таңдау және циклдік) операторлары бағдарлама жолдарының орындалу реттілігін өзгертеді. Шартты операторлар нәтижесі ақиқат болғанда (Иә) немесе нәтижесі жалған болған жағдайда (жоқ) деп жауап беретін  белгілі бір логикалық шартты тексереді. Бұл оператордың жазылу түрі төмендегі үлгілердің біріне сәйкес келуі керек:

а) іf шарт then 1-оператор else 2-оператор; мұндағы, іf-оператордың  аты (егер), then (онда), else(әйтпесе)- түйінді  сөздері; шарт- логикалық өрнек (типі boolean); 1-оператор және 2-оператор- кез  келген орындалатын операторлар.

Олай  болса, мәліметтерді оқу файлдың  соңы табылғанша жалғаса береді. Егер файл бос болса, яғни онда ешқандай жазба жоқ, онда одан мәліметтерді оқуға  болмайды. Осы айтылғандарды тұжырымдай келе, алғы шарт циклін қолдану керек  екеніне көзіміз жетті. Файл соңы белгісін анықтау үшін, EOF(Name Var)-процедурасын қолданады ағылшын тілінде EndOf File—файл соңы деген сөзден қысқартылып алынған. Жақшаның ішіне  assing() процедурасында көрсетілген файлдың нақтылы атымен байланыстыратын айнымалы атауы жазылады. EOF(Name Var)-процедурасының мәні,  False(жалған)-болады егер файл соңына жетпеген болса Ture(ақиқат)-болады, егер файлдың соңы анықталған болса. Олай болса, алғы шарт циклін қолданғанда Not EOF(Fileln)-шарты әзірше ақиқат болса, онда цикл орындала береді, яғни файл соңы анықталғанша.

Бағдарламалау тілдері төменгі деңгейден жылдар өте келе жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдеріне дейін дамыған. Осы даму барысында не жаңадан тілдер ойланып табылып немесе бұрын болған тілдерді жетілдіру арқылы жаңа бағдарламалау тілдерін жасаған. Осы бағдарламалау тілдері арқылы біз машинамен, яғни компьютермен қарым-қатынас жасауға, аз да болса бір-бірімізде түсінуге септігін тигізеді. Егер бағдарламалау саласындағы жаңаша технологиялардың даму қарқынын қарайтын болсақ, онда келешекте аса жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдері пайда болатыны күмән туғызбайды.

Бағдарламалау тідерімен бірге  бағдарламалау жүйесі де дамып келеді. Жүйелік бағдарламалау, оқиғалы-бейімделуші  бағдарламалау, объектіге бағытталған  бағдарламалау – олар алуан түрлі. Болашақта бағдарламалаудың жаңа, одан әрі жетілдірілген түрлері пайда  болады деуге әбден болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.   Паскаль тілінің негізгі түсініктері.

    Алфавиті  

Паскаль тілінде: латынның әріптері (Аа, ..., Zz) араб  цифрлары (0,...,9) және арнайы таңбалар қолданылады. Арнайы таңбалар:

  -арифметикалық  және салыстыру амалдары (+,-,*,/,>,<,< >,<=,>=,@);

  -арифметикалық  және логикалық функциялар (DIV,MOD, NOT,AND,OR,IN,SHL,SHR).

  -әр  түрлі тыныс белгілері:

{} немесе (**)-түсініктеме жазатын жақшалар;

[] – массив индекстерін және жиын элементтерін белгілеу;

() – айнымалы  тізімін белгілеу;

‘ ‘  – апостроф; := - меншіктеу белгісі;

; - операторлар  мен хабарларды ажырату;

: - айнымалыны  бөліп көрсету;

= - айнымалының  типін типтің сипаттамасынан  немесе тұрақтыны өз мәнінен  бөліп көрсету;

, - тізім  элементтерін ажырату;

 Программа  құрылымы

Программа келесі бөлімдерден тұруы мүмкін, бұл бөлімдер (тек соңғыдан басқасы) бір-бірінен нүктелі-үтір арқылы ажыратылады:

  • программа тақырыбы;
  • белгілер бөлімі;
  • тұрақтылар бөлімі;
  • типтерді сипаттау бөлімі;
  • процедура мен функцияларды сипаттау бөлімі;
  • программа денесі;

Программалау  барысында алдын-ала анықтауды  қажет етпейтін мәліметтердің стандартты типтері мен программалаушының  өзі анықтайтын типтерді пайдалануға  болады.

Стандартты  типтер

  • бүтін типтер-SHORTINT, INTEGER, LONGIN, BYTE,WORD;
  • нақты типтер – REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;
  • логикалық тип -BOOLEAN ; символдық тип CHAR ; жолдық тип STRING ; ASCII –жолдық- PCHAR; текстік файл TEXT;

    Басқа типтердің барлығы типтер  бөлімінде, айнымалылар немесе  тұрақтыларды сипаттау бөлімінде  анықталуы қажет. Нақты типтен  басқа қарапайым типтер үшін  мына функциялар анықталады:

DEC(N) N-ді  азайту (қысқарту)

INC(N) N-ді  үлкейту (ұзарту)

ORD(N) N-нің  рет нөмірі

ODD(N) N-нің  жұптығын тексеру

PRED(N) N-нің  алдынғы мәні

SUCC(N) N-нің  келесі мәні

Нәтижесі  бүтін болатын мәліметтердің  бүтін типтерімен жұмыс істеу  үшін келесі арифметикалық функциялар қолданылады:

ABS(N)      N-нің абсолют шамасы

A DIV B     бүтін бөлу

A MOD B   қалдықты бөлу

+                 қосу   

*                 көбейту    

-                 азайту

TRANC(X)  Х нақты санның бүтін бөлігі;

ROUND(X) Х  нақты санды бүтінге дейін  дөңгелектеу;

 SQR(X) N санын квадраттау;

Логикалық функциялар: NOT- терістеу; OR - біріктіру  немесе логикалық қосу; AND -қиылысу  немесе логикалық көбейту; XOR - екінің модулі бойынша қосу.

Стандартты  функциялар

ABS(X)-Х-тің абсолют мәні

ARCTAN(X)- Арктангенс Х

COS(X)-Косинус Х

SIN(X)- Синус Х

EXP(X)- е2

FRAC(X)- Х-тің  бөлшек бөлігі

ARCCOS(X)=ARCTAN(SQRT(1-SQR(X))/X)

ARCSIN(X)=ARCTAN(X/SQRT(1-SQR(X)))

Тілдің  операторлары

  • BEGIN END құрама оператор;
  • IF…THEN шартты оператор;
  • CASE…OF таңдауоператоры;
  • FOR… DO параметрлі қайталау операторы;
  • REPEAT… UNTIL шартқа дейін қайталау операторы;
  • WHILE… DO әзіргі шартқа байланысты қайталау;

 

1.1 Турбо  mаскаль тілінің операторлары

 

    Операторлар-программадағы  нұсқаулардың (бұйрықтар,алгоритмдер)  машиналық тілде жазылуы. Яғни  берілген есепті шешу мақсатында  орындалатын іс-әрекеттердің машинаға  түсінікті түрде жазылуы. Сонда,  программа денесі бірінен кейін  бірі жазылған операторлар тізбегінен  тұрады. Операторлар арасына нүктелі  үтір (;) белгісі қойылады.

    Операторлар қарапайым және күрделі  (құрама) операторлар болып екі  топқа бөлінеді. Егер оператор  құрамында басқа операторлар  боламса, онда ол қарапайым  оператор деп аталады. Бұл топқа:  меншіктеу, процедураны шақыру, шартсыз  көшу – GOTO, бос орын операторы  жатады.                              

   Күрделі (құрама) оператор бірнеше  қарапайым операторлар тұрады. Бұл  операторлар begin (басы) және end (соңы) қызметші сөздер арасында жазылады. Әр оператордан кейін (;) нүктелі  үтір таңбасы қойылады.

     Құрама оператордың жалпы жазылуы:

Begin                                                                                                                 

1-оператор;

2-оператор;

3-оператор;

...

N-оператор;

End;

  Begin (басы) және end (соңы) сөздерін операторлар жақшасы деп қарастырсақ, жоғарыдағы мысалды мына түрде жазуға болады:

    (1-оператор; 2-оператор; ...; N-оператор).

Құрама операторлар ішінде тағы бір құарма оператор болуы мүмкін. Бұл жағдайда программа денесін  құрама оператор деп қарастырса болады.Құрама операторға шартты көшу, таңдау және қайталау операторлары жатады.

 

1.2 Циклдік құрылымды алгоритмді программалау

 

      Кейбір алгоритмдердің  белгілі бір бөліктері бірнеше  рет қайталанып орындалуы мүмкін. Мұндай алгоритмдерді циклдік  құрылымға ие алгоритмдер дейді.  Қайталанатын бөліктерді, яғни циклдерді  әртүрлі тәсілдермен құрастырады.

       Цикл – бұл прграмманың орындалу  барысында бірнеше рет қайталанатын  бөліктері. Циклдерді пайдалану  арқылы салыстырмалы түрде қысқа  программалар жазуға, программаның  көлемін едәуір қысқартуға болады. Бірақ осы программа арқылы  ЭЕМ өте үлкен көлемдегі есептеулерді  орындайды. Турбо Паскаль да  циклдік құрылымды алгоритмді  программалауды үш түрлі жолмен  ұйымдастыруға болады.

  1. Алдын-ала шартты тексеру арқылы
  2. Келесі шарт бойынша
  3. Параметрдің мәніне тәуелді

      Үш түрлі  жолмен ұйымдастыратын циклға  арнайы операторлар қолданылады.  Олардың әрқайсысын талқылайық.

 

1.3 Алғы шартты цикл операторы While операторы.

 

      While операторы  жан жақты басқару үйлесімі  болып табылады. Алдын ала берілген  шартты тексеру арқылы циклді  ұйымдастыруға While операторы қолданылады. While операторын циклдің қайталану  саны белгісіз болғанда пайдаланған  ыңғайлы. Қайталанушы процесс  қойылған шартты тексеру арқылы  жүзеге асырылады. Яғни, шарт ақиқат  болса цикл қайталанылады да, шарт жалған болса, циклден шығу орындалады. While операторы екі бөліктен тұрады: циклдің тақырыбынан және циклдің денесінен.

   Жалпы жазылуы:

While  <шарт> do

           <циклдің денесі>;

While  <шарт> do

Begin

End.

      Мұндағы,  Қызметші сөздерінің қазақша  мағынасы: While –“әзір”, do –“орында”.  Ал, шарт-логикалық өрнек түрінде  жазылады.  Берілген шартқа тәуелді  бірнеше рет қайталанып орындалатын  операторды – циклдің денесі  деп атаймыз. Орындалу ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған  оперпторлар шарт ақиқат болғанда  орындалады

      While  операторы  алгоритмдік тілдегі “әзір”  цикл командасына сәйкес “әзір”  цикл командасының жазылуы және  блок схемасы:

әзір<шарт>

цб

<цикл>

цс

бітті.

 

Жоғарыдағы  блок схемасы While  операторымен ұйымдастырылатын циклді толық сипаттайды. While  операторында, әрбір қайталанудың алдында берілген шарт тексеріледі. Шарт ақиқат болса, цикл денесі орындалады. Егер, шарт орындалмаса, цикл денесі де бірде-бір рет орындалмайда.

Егер, цикл денесі екі немесе екіден де көп  операторлардан тұрса, оларды операторлар  жақшасының ішіне жазамыз.

While  <шарт> do

begin

<циклдің  денесі>;

end;

While  операторында  программалаушы циклдің өзгеру  қадамын өзі тағайындап отырады.  Егер әрекет белгісі “/” не  тең болмаса немесе екінші  сан да 0-гетең болмаса, онда  программаның орындалу процесінде  бұл циклді айналып өтеді, яғни  цикл бір рет  те орындалмайды. Программаны жүктеп, оның қалай  жұмыс істейтін F7 пернесін қолдану  арқылы тексереміз. Мысалы:

Z=Y3 функциясының мәнін есептеу керек, мұндағы Y=1,2,3,4,5,6,7.Программаның нәтижесінде Y-тің мәні мен сәйкес функцияның мәні кесте түрінде шығады. Y-тің өзгеру қадамы 1-ге тең.

Program pr1;

Var Z,Y: integer;   {берілген айнымалыны сипаттау}

Begin

Z:=1;{Y-тің  бастапқы мәнін меншіктеу}

While y<=6 do {цикл тәуелді болатын шарт}

Begin

Z:=sqr(Y)*Y;  { Y –тің мәнін Z-ті есептеу}

Writeln ( ‘Y=’,Y,’___ Z=’,Z) ; { Y және Z экранға шығару}

Y :=Y+1 ; { Y –тің өзгеру қадамы}

End ;

End.

Нәтижесі:

Y=1 !  Z=1

Y=2 ! Z=8

Y=3 ! Z=27

Y=4 ! Z=64

Y=5 ! Z=125

Y=6 ! Z=196

 

Y=7 ! Z=343

 

1.4 Келесі шарт бойынша циклді  ұйымдастыру Repeat операторы

    Циклдің процестері ұйымдастыруда Repeat операторы циклдің қайталану саны белгілі болғанда қолданылады. Мұндай жағдайлар көбінесе программаларды құрғанда кездеседі. Әрине бұл оператор бірден белгісіз санның қайталануынан немесе берілген формуламен есептелетін болса ғана қолданылады.

     Repeat операторының жалпы жазылуы:

Repeat

<циклдің  денесі>

Until<шарт>

Мұндағы, қызметші сөздері Repeat- қайтала, Until- соған дейін деген мағынада қолданылады. Цикл денесі – қайталанып орындалатын бір немесе бірнеше  операторлардан тұрады. Цикл денесін  құрайтын операторлар санын шектеу қойылмайды. Шартты тексеру логикалық  өрнек арқылы жүргізіледі.

    Орындалу ережесі: Repeat сөзінен кейін  жазылған операторлар бір рет  орындалады. Шарт жалған болса  операторлар қайталанып орындала  береді. Шарт ақиқат болғада ғана  тоқтайды, яғни орындалмайды.

    Repeat операторы алгоритмдік тілдегі  “дейін” цикл командасына ұқсас.  “Әзір” цикл командасынан “дейін”  циклінің айырмашылығы: қойылған  шартқа тәуелсіз бірнеше цикл  денесі орындалады. Сонан кейін,  шарт тексеріледі. Демек, шарт  ақиқат болмаса цикл денесі  кемінде бір рет орындалады. Repeat операторының қызметін суреттегі  блок схема арқылы сипаттауға  болады.

 

    Repeat операторы құрамды оператордың  орындалуын талап етпейді. Бірақ  бұл Repeat операторы циклдің бір  рет те орындалуын қажет ететін  жағдайда циклдарды жазуға жарамайды.  Егер мұндай жағдайда болса,  онда алғышарт операторын қолдануымыз керек. Мысалы: 1кг ірімшік 300 теңге тұрады. Ірімшіктің 100,200,300,...1000 граммына төленетін теңгені анықтайтын және есептің жауабын кесте түрінде шығарудың программасын жазайын.

Program pr2;

Var m:integer; {Бүтін}

       z:real;{Нақты}

Begin

m:=100;

Repeat

z:=(300*m)/1000;

Writeln(m,’___’,z);

m:=m+100;

until m>1000;

readln

end.

 

 

     2 Параметрлі қайталану операторы For операторы

     Циклдік құрылымды  алгоритмді программалауда қайталанушы  процесс бір айнымалының мәніне  тәуелді болса, For операторын қолданамыз. Айнымалы тек бір қадамға ғана  өзгере отырып циклді басқарыды.  Бұл айнымалы циклдің параметрлі  қайталану операторы деп аталынады.  Санағышы бар параметрлі цикл  операторы цикл қайталануын бақылайтын  санағыштың алғашқы және соңғы  мәндері алдын ала белгілі  болған кезде ғана қолданылады.

    For операторы алгоритмдік  тілдегі параметрлі қайталану  командасына сәйкес келеді.

     і үшін m1 бастап m2 дейін  h қадам

Цб

Серия

Цс

For операторы екі түрлі жазылады:

А) for I:=A to B do

     Begin

     …

    End;

    Орындалу ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған операторлар I:=A, I:=A+1, I:=A+2,…,I:=B үшін орындалады. Мұндағы І цикл параметрі, А –параметрдің бастапқы мәні, В-параметрдің соңғы мәні.

    For Х:=М1 to M2 do S1;

    Мұндағы, қызметші сөздер: For(үшін), to(дейін) циклдің қадамы +1-ге өсіп отыратынын көрсетеді, do(орында);

Х- скалярлық типтегі айнымалы циклдің  параметрі;

М1-цикл параметрінің бастапқы мәні;

М2-цикл параметрінің соңғы мәні;

S1-параметріне тәуелді қайталанып орындалатын оператор. Сондықтан, S1-цикл денесі деп аталады.

Б) For I:=A DOWN TO B DO

    Begin

    …

    End;

    Орындау ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған операторлар I:=A, I:=A-1, I:=A-2,…, I:=B үшін орындалады.

For X:=M1 down to M2 do S1;

1-нұсқадан өзгешелігі to сөзінің орнына down to (төменге дейін) қызметші сөзі жазылады. down to циклдің өзгеру қадамы –1 тең екендігін көрсетеді. Мұндағы Х –тің мәні М1- ден М2-ге дейін –1 қадаммен кему үшін М1>M2 шарты орындалуы керек. Егер бұл шарт орындалмаса цикл денесі бірде бір рет орындалмайды.

     Егер, цикл денесі  бірнеше оператордан тұрса, Begin және End операторлар жақшасынпайдаланамыз.

    Параметрдің мәніне тәуелді  циклді блок схемасында төмендегідей  сипаттайды.

  

Параметрлі  қайталану операторының жазылуына  және орындалуына мысал келтірейік:

Кесте 1.

Қайталану операторының жазылуы және орындалуы

 

Оператордың жазылуы

  Нәтижесі

For k:=-1 To 6 do Write (x,’,’)

-1,0,1,2,3,4,5,6

For k:=3 To 3 do Write (x,’,’)_

3

For k:=1 To 9 do Write (x,’,’)

1,2,3,4,5,6,7,8,9

For k:=-1 To -6 do Write(x,’,’)

Цикл орындалмайды

For k:=10 down to 6 do Write(x,’,’)

10,9,8,7,6

For k:=0 down to –1 do Write(x,’,’)

0,-1

For k:=1 down to 16 do Write(x,’,’)

Цикл орындалмайды


 

     Қайталану санын келесі тәсілдермен  анықтауға болады. Соңғы мән –  алғашқы мән +1 – бірінші жағдай  үшін;

Алғашқы мән – соңғы мән +1 екінші жағдай үшін. Мысалы:Р=1*2*,…*10 сандарының көбейтіндісін  есептеу.

Program pr3;

Var i,P :integer;

Begin

P:=1;

For i:=1 to 10 do

P:=P*1;

Writeln (‘P=’,P);

Readln

End.

 

2.1 Күрделі циклдер

 

     Күрделі қайталанушы  процесстерді ұйымдастыруда бір  цикл операторы құрамында екінші  бір цикл операторы болуы мүмкін. Бұл жағдай да бірінші цикл  оператор – ішкі цикл деп  аталады. Сыртқы және ішкі цикл  ұйымдастыруда мына шарт орындалады: ішкі циклдің барлық операторы  сыртқы цикл денесіне толық  енеді

    Мысылы, суретте екі параметрлі  цикл операторлары арқылы жазылған  күрделі циклдің жұмысы сипатталынған.

 

2.2 ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері. Қадам бойынша орындау әдісі

 

Кез-келген есерті ЭЕМ-де шешу бірнеше кезеңдерден  тұрады:

1) есептің  қойылуын ұғу;

2) формальдау  деңгейі (есептің математикалық  түрде қойылуы);

3) шешу  әдісін таңдау;

4) алгоритмін  жазу(құру);

5) программасын  құру;

6) программаның  дұрыстығын тексеру;

7) есептеу  және нәтижелерін өңдеу.

1-есеп. М  натурал саны берілген. Оның жай  сан екендігін анықтау керек.

Program pr1;

Var I,M,F: integer;

Begin

Repeat

Write(‘натуралсан  енгізу М=’);

Readln(M);

Until M>0;

F:=0;

For I:=2 TO M DIV 2 do

If M MOD I=0 then F:=1;

If F=0 then writeln (M:6,’жай сан’)                       

Else writeln (М:6,’жай сан емес’);

End.

Есепті  шешу алгоритмі:

1.  Программа  денесін айнымылылардан сипаттаудан  бастаймын.

2.  Натурал  сан енгіземін.

  1. 2-ден М/2 аралығындағы натурал сандар М санының бөлгіші бола ма, соны тексеремін.
  2. F-тің мәніне байланысты нәтижені шығарамын.

Айнымалылар:

М-зерттелетін  сан;

І-цикл айнымалысы;

F-көмекші айнымалы.

2-есеп. А  натурал саны берілген. Оны жай  көбейткіштерге жіктеу керек.

Program pr2;

Var I,A,F,J: integer;

Begin

Repeat

Write(‘натурал сан енгіз А=’);

Readln(A);

Until A>0;

Write(A:6,’=1’);

F:=0; J:=A;

For I:=2 to A DIV 2 do

Begin

If J MOD I=0 then begin F:=1;

{Цикл мұндай І көбейткіштердің А санында нешеу екендігін анықтайды}

While J MOD I=0 DO

Begin

Write(‘*’,I);

J:=J DIV I;

End;

End;

{F бірден үлкен жай көбейткіштердің табылғандығын анықтайды}

if  F=0 then writeln (‘*’,A);

            else writeln;

end.

Есепті  шешу алгоритмі:

  1. Программа денесін айнымалыларды сипаттаудан бастаймын;
  2. Натурал сан енгіземін;
  3. Параметрі І циклде А/2 – ден артпайтын натурал сандарды анықтаймын;
  4. Егер мұндай сан бөлгіш болса, онда А-ны кішірейту арқылы санын анықтаймын;
  5. F-тің мәніне байланысты нәтижені шығарамын.

Айнымалылар:

А-зерттелетін  сан;

І,J-цикл айнымалысы;

F-көмекші айнымалы.

3-есеп. Р  және М  натурал сандары берілген. Олардың өзара жай сандар екендігін анықтау керек. Өзара жай сандардың 1-ден басқа ортақ бөлшектері болмайды.

Program pr3;

Var I,P,M,K: integer;

       F: Boolean;

Begin

Repeat

    Write(‘натурал сан енгіз P=’);

    Readln(P);

Write(‘натурал сан енгіз M=’);

Readln(M);

Until(P>0) and (M>0);

F:= False;

If P>M then K:=M else K:=P;

For I:=2 to K do

      If (P MOD I=0) And (M MOD I=0) Then F:=TRUE;

If F then writeln (P,’,’,M,’ өзара жай сандар емес’)

       Else writeln (P,’,’,M,’өзара жай сандар’);

End.

Есепті  шешу алгоритмі:

1. Программа  денесін айнымалыларды сипаттаудан  бастаймын;

2. Р,М  натурал сан енгіземін;

3.Параметрі  І циклде 2-ден бастап ең кіші  санға дейінгі сандарды анықтаймыз  және әрбір Р,М сандарының бөлгіші  болатындығын тексеремін;

  1. F-тің мәніне байланысты нәтижені шығарамын.

Айнымалылдар:

Р,М –зерттелетін сан;

І-цикл айнымалысы;

Ғ-көмекші  айнымалы;

К-Р,М  сандарының кішісі.

4-есеп. А  және М натурал сандары берілген. Олардың үлкен ортақ бөлгішін  табу керек.

Program pr4;

Var I,M,A,K,D: integer;

Begin

Repeat

Write(‘A=’);

Readln(A);

Write(‘M=’);

Readln(M);

Until (A>0) And (M>0);

If A>M then K:=M else K:=A;

For I:=1 to K do

If (A MOD I=0) And (M MOD I=0) then D:=1;

Writeln (‘A,M сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші=’,D);

End.

Есепті  шешу алгоритімі:

1. Программа  денесін айнымалыларды сипаттаудан  бастаймын;

2. А, М  натурал сан енгіземін;

3. Параметрі  І циклде 1-ден бастап ең кіші  санға дейін сандарды анықтаймын  және олардың әрқайсысы бірмезгілде  А,М сандарының бөлгіші болатындыығн  тексеремін;

4. Осы  бөлгішті  D айнымалысында сақтаймын;

  1. Нәтижесін шығарамын.

Айнымалылар:

А,М- зерттелетін  сан;

Паскаль тілінің негізгі түсініктері