Паскальдағы графикалық режим

 

Мазмұны

КІРІСПЕ...........................................................................................................1

НЕГІЗГІ БӨЛІМ..............................................................................................2

  1. Графикалық режімге көшу адаптерлері.............................................3
  2. CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері.................4
  3. Графикалық процедуралар мен функциялар.....................................5
  4. Grapgмодулінің процедуралары мен функциялапы..........................6
  5. Геометриялық объектілерді құру процедуралары.............................7
  6. Графикалық режімде мәтін жазу процедуралары..............................10

ҚОРТЫНДЫ....................................................................................................14

Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................15 
 
 
 
 

                                
 

                                              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Кіріспе.

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді,ол сол кездерде кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тйімділігінің арқасында  дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады.Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені тексеру оңай.

  Бұл  тілде жазылған программа компьютерде  орындау барысында алдымен трансляцияланады, объектік программаға түрлендіріледі  де, содан кеиін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – алгоритімдік тілдегі алғашқы түп нұсқасы, ал екіншісі- объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритімдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді.

    Қазіргі кезде Паскаль тілі  кез келген күрделі есептерді  шығара алатын, кең таралған стандартты  оқу тіліне айналды.

    Паскаль тіліндегі графиканың мүмкіндіктеріне тоқталып өтетін болсақ:

дисплеи экраны нүктелер жиыны болып табылатын  төртбұрышты аймақ болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режимдерде жұмыс атқара алады. Графикалық режимде экранның әрбір нүктесін түрлі түске бойап, сол түстер арқылы сызық, мәтін және әртүрлі бейнелер кескіндеуге болады.

   Графикалық программалау процесі тіиімділігін арттыру мақсатында Borland International фирмасы GRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған болатын, онда қазіргі кезде мониторлардың барлық типтерімен жұмыс істейтін, экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны бар.

Бұл модулы компьютерде әртүрлі графиктік  операторлармен жұмыс істеуге мүмкіндік  береді. Тек суреттер салып қана қоймай , оны қозғалысқа келтіретін бағдарламалар да жасай аламыз. Компьютер  мүмкіндігі барлық бояау түрлерін пайдаланып , әртүрлі тәсілдермен әрлеуге, мәтіндер жазуға болады. 
 

   
 

  Графикалық режимге  көшу адаптерлері.

Экранға мәлімет шығаруды аппараттық жағынан  сүйемелдеу екі модуль – бейнеадапптер және бейнемонитор арқылы қамтаммасыз етіледі. Бейнемонитор немесе дисплей- мәтін және графикалық бейнелер шығарылатын құрылғы, ол электрондық сәулелік түтікшеден немесе сұйық кристалды тақтадан тұрады. Дисплей теледидар сияқты жұмыс істеп, экрандағы бейне секунд сайын 25 рет жаңарып отырады. Адамның көзі бейнелердің мұндай жиілікпен ауысуын байқай алмайды да, мониторда сол бейне қозғалмай тұрғандай болып көрінеді. Экрандағы бейнелер кішкене нүктелерден тұратын қатарларға біріктірілген. Сондықтан экранның басқарылатын ең кіші элементі пиксель болып табылады. Экраднығы кез келген бейне осы пикселдер арқылы салынады. Графикалық режимде экран төртбұрышты пикселдер жиынынан құралады да мұнда оның кез келген пикселінің түсін әр түрлі етуге мүмкіндік бар.

   Экран бетіндегі қатарлар саны  және бір қатардағы нүктелер  саны пайдаланатын бейнеадаптерлердің  жұсыс режиміне байланысты болады.Бейнеадаптер- экранды басқау блогы, оны дисплей адаптері немесе  адаптер деп те атайды. Графикалық бейненің экранда айқын көсетілу сапсаы адаптер типіне қарай әр түрлі бола береді. Әдетте , монитор мен адаптер бірге жұмыс атқарады. Адаптер шағын электрондық тақшада бөлек орналасады, кейде ол жүйелік тақшамен бірге де жасалады.

   Жалпы бейне адаптер екі бөліктен  –электрондық-сәулелік түтікше  контроллерінен және бейнеферуден  тұрады. Жетірдірілген қазіргі кездегі   адаптрлер бұлардан басқа графика контроллерімен де жабдықталады.

 IBM PC тәрізді компьютерлерде адаптерлердің бірнеше стандарты пайдаланылады, алғашқыда тек қарапайым ақ-қара түсті мәтіндік ақпараттарды өңдеуге арналған адаптерлер қолданылғанболатын, олар 25 жолдан тұратын 40 немесе 80символдық мәтіндермен ғана жұмыс істейтін.

1982 жылы  Hercules фирмасы адаптерін шығарды оның мәтіндік ақпараттардан өзге 720 х350 нүктеден тұратын графикалық көрністі бейнелеуге мүмкіндігі болды. Кейінен түрлі түсті және жетірілген графикалық адаптерлер кең пайдаланып келеді. Қазіргі кезде адаптерлердің жетілдірілген оннан астам түрі бар. Олар бір- бірімен экран бетіне шығатын нүктелер санымен және экранның жұмыс режімімен немесе түрлі түсті санымен ғана ерекшеленеді. Дисплейлердің негізгілерінің сипаттамалары 7.1 кестеде көрсетілген.

Қажеті  драйверлерді қолдану арқылы кез  келген адаптерді графикалық режімде  пайдалануға ьолады. Драйверлер деп  дербес компьютердің техникалық құрылғыларын басқаратын арнайы программаны айтады. Графикалық драйвер Турбо Паскалдің функциялары мен процедураларын дисплеидегі нақты адаптермен үйлестіре отырып, оның графикалық режімдегі жұмысын басқсрады. Графикалық драйверлер, негізінен барлық адаптерлер үшін жасалған, олар файл атының типі.BGIболып дискіде сақталады. Мысалы, CGA.BGI-CGA-ға арналған драйвер,EGAVGA.BGI тағы басқа.

     Негізгі дисплей  адаптерлерінің сипаттамалары.  (7.1-кесте)

Адаптерлердің типтері Экранның жұмыс  режимі Нүктелер саны
CGA –түрлі түсті графикарық адаптерлер 

MCGA 
 

EGA 
 

EGA 64 

TGA Mono 

Here Mono 

ATT 400 

VGA 

SVGA 

PC  3270

 
Түрлі түсті 
 

Монохромды  көп түсті 

Күшейтілген көп түсті 

Түрлі түсті 

Монохромды 

Монохромды 

Түрлі түсті 

Түрлі түсті 

Түрлі түсті 

монохромды

 
320х200 
 

640х250 
 

640х350 
 

640х350 

640х350 

720х348 

320х200 

640х200 

800х600 

720х350

 
 
 

           
 
 

CRT модуліндегі адаптерлердің  мәтіндіктердің мүмкіндіктері.

Турбо паскальдің мәтіндерді енгізіп –  шығаруды жетілдіретін бірнеше стандартты функциялары мен процедуралары бар, олар кітапханалықCRT модулінде жинақталған.

  Метіндік  режімде адаптерлер экранға 40 немесе 80 жолдан тұратын 25, 43 тіпті  50 жолдық мәтін шығара алады.  Мәтіндік режімде процедураларды  пайдалану үшін алдымен CRT модулін іске қосу керек. Ол үшін программа тақырыбынан кейін арнайы жол жазылуы тиіс:

Program<программа аты>;

Uses CRT;

CRT модулін пайдалана отырып, экранға шығарылатын символдардың түсін, мөлшерін, экранның түсін де өзгертуге болады.

  Сонымен  бірге экранда терезе жасауға  , оны өшіруге, курсорды автоматты  түрде жаңа орынға көшіруге, оның жаңа орынға көшіруге, оның жаңа орнын анықтауға, жолдарды өшіруге және жалғастыруға т.б. көптеген әрекеттер істеуге мүмкіндігі бар.Оларды орындайтын программалар процедура түрінде берілген. Біз олардың негізгілерін қарастырайыұ.Мәтіндік режімді орнату мынадай стандартты процедура арқылы жүргізіледі:

      Text Mode ( Mode: word);

Мұндағы Mode- мәтіндік режім коды.

CRT модулін пайдалана отырып, экранға шығарылатын символдардың түсін, мөлшерін, экранның да түсін өзгертуге болады.

  Мәтіндік  режімде символдар 16 түстің біріне, экран реңі 8 түстің біріне бояла алады. Монохромды дисплеи үшін екі ғана түс пайдаланылғанымен, оларда символдың ақшылдығын өзгерту, қара экранға ақ символ немесе ақ экранға қара символ шығару, кейбір символдарды жыпылықдатып қою мүмкіндіктері бар.

  Экранға шығарылатын символдың түсін

TextCloro( cloro:Byte);

Процедурасы арқылы өзгертеді, мұндағы cloro- түс нөмірі.

Экранның  түсін өзгерту үшін

textBackground(color:Byte);

процедурасы пайдаланылады.Соlоr айнымалысының мәні ретінде түс аты немесе нөмірі алынады.

  Экран  түсі мен символ түсі бірдей  болса , мәтін көрінбей кетеді. Төменгі программа әр түрлі  түстерді пайдалану мүмкіндіктерін  көрсетеді.

Program sbet;

Uses crt;

Const col: array[1..15] of string;

Var k:byte; i:integer;

Begin

For k:=1to 15 do

Begin

Textclor(k);

Writeln(k,’-түс с “,”-“,col[k]);

End;

Textcolor(light Gray);

Writeln;

End.

Бұл программа  орындалғанда экранға түстің нөмірі және оған сәйкес түс аттары өз түстерімен боялып шығады.

  Енді  экранды тазартатын бірнеше процедураларды қарастырайық.

ClrScr-экранды немесе терезені тазалап , курсорды экранның сол жақ жоғары бұрышына көшіреді, тек мәтіндік режімде жұмыс атқарады.

ClrEol-курсордан жол соңына дейінгі символдарды өшіреді

DelLine-курсор орналасқан жолдағы символдар түгел өшіріледіде төменгі жолдар бір қатар жоғары көтеріледі.

LnsLine- курсор орналасқан позицияға жаңа жол енгізіледі ді, төменгі символдар бір қатарға төмен түседі.

   Турбо Паскаль тілінде курсорды  басқаратын және оны кез келген  экран нүктесіне орналастыратын процедураларда қарастырылған.

Goto XY(X,Y:byte);- курсорды координаталарыХ,Ү болып келетін экран нүктесіне көшіреді. Х сол жақ шеттен оң жаққа қарай , ал Ү жоғарыдан төмен қарай берілген қашықтықтар бірлігін көрсетеді. Егер экран толық ашылған терезе деп қарастырылса , онда25 жолдан және әр жол 80 символдан тұратын дисплей адаптерінің мәтіндік режімінде Х=1..80, ал Ү=1..25 мәндеріне сәйкес келеді. Экранның сол жақ жоғарғы бұрышы координаталары-(1,1), оң жақ төмегі бұрыш үшін –(80,25) болып келеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 

     Графикалық процедуралар  мен функциялар.

Қазіргі компьютерлерде символдардан бөлек  әр түрлі суреттер, графиктер салуға болады. Ол үшін Туобо Паскаль тілінде  әр түрлі графикалық процедуралар пайдаланылады. Бұл графикалық процедураларды ІВМ РС тәрізді дербес компьютерлерде пайдалануға болады. Турбо Паскаль тілінің нұсқаларындағы нөмірінің өсуіне қарай 4.0, 5.0, 7.0 графикалық процедуралардың мүмкіндіктері де өсіп отырады. Ол процедуралар СRT кітапханасында жинақталған

Біз бұл  оқулықта CRT жәнеGRAPH кітапханаларындағы процедураларды пайдаланамыз. Компьютер экраны  әдетте символдық режімде болады. GRAPH модулінде орналасқан кітапханадағы процедуралар мен функцияларды пайдалану үшін программа элементтерін сипаттау бөлігінде

                                           USES GRAPH;

 Түйінді  сөзін пайдалану керек . график сызуда CRT кітапханасындағы процедураларды пайдалану қажет бола онда

                                           USES GRAPH CRT;

 жолы  қолданылады.

Жалпы дисплей адаптерлері рафикалқ режімде 200, 350 тіпті 600 нүктеден тұретын экран жолдарының әрқайсында 640, 720, 800 нүкте тізбегін бейнелей алады. Мұндағы нүкте деп отырғанымыз - өлшемі 0,8х1 квадрат милиметр болып келген кішкентай төртбұрыш, яғни пиксель. Әр бір нүктенің  координаталары екі бүтін санмен (Х,Ү) анықталады. Дисплей экранына грфик салу үшін оның нүктелерінің координаталарын көрсету қажет. Координаталар басы (0,0) болып экранның сол жақ жоғарғы бұрышы есптеледі. Х координаталары солдан оңға қарай , ал Ү мәндері жоғарыдан төмен қарай өсіп отырады. Мысалы EGH адаптерлерінң EGAHI режімінде экран бұрыштарының координаталарын Х= 0..63,Y= 0..199 арлығында көрсету қажет. Экранда Х осі содан оңға қарай Ү осі жоғарыдан төмен қарай бағытталған. Мәтіндік режімнен графикалық режімге көшкенде экран тазартылаы.  Графикалық режімде экраннан курсор көрінбейді. Дисплей экранның бетіне нүкте , түзу немесе қисық сызық, шеңбер, эллипс және кез келген тұйық сызық сззып шығуға болады. Сонымен қатар тұиық сызықтардың ішін әртүрлі түспен бойяп қоюға болады. Сызықтарды жылжыту , айналдыру және басқа басқа орынға көшіру арқылы көрнекі бейнелермен мультфилмдер жасауға болады. График тұрғыза үшін оны шығару немесе бастау нүктесін көрсету қажет. Мәтіндік режімде ол курсор позициясы болып саналады ал графикалық режімде көрініп тұратын курсор жоқ, бірақ экранда көрінбейтін курсор тәрізді сілтеме белгі СР бар. Негізінде оны да курсор деп қабылдауға болады.

Графикалық  режімде жұмыстарды атқаратын Турбо  Паскальдің 7.0 нұсқасында графикалық процедуралар мен функциялар өте көп, енді біз солардың негізгілеріне тоқталып өтеміз. 

     GRAPH модулінің процедуралары мен функциялары. Графикалық режімді іске қосу.

 Графиктермен  жұмыс істеу алдында оған сәйкес  келетін монитор режімін орнату  керек. Турбо Паскаль тілінде  алдын ала бекітілген драйверлер саны бар, олардың әрқайсысы үш түрлі режімнің бірінде жұмыс істей алады. Драйвер типі мен оның режімі санмен немесе тұрақты түрінде беріледі.

 

GRAPH модулі іске қосылысымен оның ішіндегі процедуралар мен функцияларды пайдалана беруге болады.

Графикалық  режімді алғаш рет іске қосу (инициализациялау) үшін Initgraph процедурасы қолданылады, оның жазылуы:

Init Graph( Driver var, Mode Var: integer, Gol:string);

  Мұндағы Driver Var, ModeVar деп атлатын бүтін типтегі екі айнымалы драйверді және жұмыс режімін анықтайды. Мысалы:

      DriverVar:= VGA; DriverVar:=VGAL0;

Алғашқы параметр тұрақты түрінде немесе нөмірімен де беріле береді (ол драйвер  атауы жанындағы жақша ішінде көрсетілген), мысалы төмендегі оепраторлар  бірдей болып саналады:

   DriverVar:=VGA; DriverVar:=9;

Егер  дисплей типін көрсеткіміз келмесе  немсе оны білмесек , стандартты Detect тұрақтысын қолданамыз. Сонда InitGraph процедурасы көмегімен драйвер автоматты түрде таңдап алынады да оның тиімді режімі де өзіне-өзі орнатылады. Процедураның Gol деп аталған үшінші параметрі Graph модулінің маршурутын яғни жолын көрсетеді. Егер ол Модуль ағымдағы католгта немесе бумада болса , онда оның орнына екі апостроф қойылады. Сонымен осы айтқандарымызды программаның бас жағына мынадай жолдар арқылы жаза аламыз

Uses crt, graph;

Var drivervar,modevar: integer;

Begin

Drivervar:= detect;

Initgraph( drivervar, modevar,’\ TP\Graph’);

Мұндағы drivervar –графикалық адаптерінің типі;

ModeVar-оның жұмыс режімі’\TP\ GRAPH’ – графикалық адаптердің орналасқан орны, яғни жазылған бумасы егер ол ағымдағы каталог немесе бума болса онда тек ‘’белгілері ғана жазылады. Адаптерді автоматты түрде таңдап алу үшінDriverVar:= Detect ;деп аталатын көрсетіледі. Кез келген программада осындай жолдар орындалғаннан кейін графикалық мүмкіндіктер пайдалынала бастайды.

  Графикалық  режімнен шығу (программаны аяқтау ) үшін параметірсіз жазылатын Closgraph процедурасы пайдалынады. Бұл процедура орындалғанда барлық графикалық режімдар алынып тасталады және бейнелер буфері босатылады.

 Get Graph Mode:integer;функциясы адаптердің яғни графикалық драйвердің ағымдағы режімнің мәнін береді.

SetGraphMode(Mode:integer)- бұл процедура графикалық режім орнатады да, экранды тазартады, мұандағы Mode- орнатылатын режімнің коды. Мысалы осы процедура арқылы графикалық режінен мәтіндік режімге шығуға және кері ауысуға болады.

Pogram reg;

Uses graph;

Var f,g:integer;

Begin

F:= detect; init graph(f,g,’’);

Writeln(‘graficalk regim’);

Writeln(‘Enter-di bas’);

Readln;

RetoreCRTMode; writeln(matindik regim’)

Readln;

Setgraph Mode(get graphMode);

Writeln(‘);

Readln;

Closgraph

End.

Бұл программа  графикалық режімнен мәтіндік режімге  және кері көшіруге арналған.

moveTo(X,Y:integer)- курсорды көрсетілген мәндері бойынжа жаңа координаталарға жылжыту( көрсеткіштің жаңа орнын анықтау)

MoveRel(DX,DY:integer) – курсорды тұрған нүктеден әрі қарай ДХ бірлігіне көлденең( оңға) ДҮ бірлігіне тіке(төмен) бірлікке орын оуыстыру

RestoreCRTMode процедурасы графикалық режімнің алдындағы режімді қалпына келтіреді. Оның Closegraph процедурасынан өзгешелігі – қойылған графикалық режімдерді өшірмейді, буферді тазаламайды.

GetX:integer функциасы Х координатасының ағымдағы мәнін береді,

GetY: integer функциасы Ү координатасының ағымдағы мәнін береді.

   Геометриалық объектілерді құру процедуралары.

Нүкте салу операторы . Экранның кез келген жеріне нүкте салуға болады , Graph модуліне нүкте PutPixel процедурасы арқылы саланады, оның пішімі

Put Pixel (X,Y: integer; Color: word);

Мұндағы Х,Ү- нүкте координаталары , соІог оның түсін анықтайды. Мысалы For i:=1 to 60 do PutPixel(I,1,Red) операторы бірінші қатарға 60 қызыл нүктеден тұратын нүкте салады. Экран бетіндегі бұрын салған нүктенің орнын анықтау үшін:

GetPixel(X,Y:integer): word; функциасы қолданылады.

Түзу  сызық салу процедурасы экранда  екі шетінің координаталары берілген кесінді сызуды атқарады. Оның пішімі

Line(X1,Y1,X2,Y2:integer); мұнда ағымдағы түс бойынша координаталары Х1,Ү1 нүктесінен Х2,Ү2 нүктесіне дейін кесінді сызылады, мысалға Line(1,1,600,1).Бастапқы нүкте көрінбесе , онда мына процедура :

Lineto (X,Y :integer; - курсор тұрған орынан бастап координаталары Х,Ү болатын нүктеге дейін түзу сызық сызады.

LineRel(DX,DY: integer) –ағымдағы нүктеден қашықтығы координаталары өсімшесіне ДХ, ДҮ сәйкес болатын жаңа нүктеге дейін түзу сызық сызылады. Турбо Паскаль да жіңішке, қалың , штрихті, пуектирлі т.б сызықтар сызылады. Сызық стилі мына процедура арқылы салынады.

SetLineStyIy(T,O,Th:word)- сызық қалыңдығы мен стилін орнату , Т- сызық түрі, Р – сызық үлгісі, Тһ- сызық қалыңдығы.

Р параметірі ұзындығы 16 пикселден тұратын кесінді  сызады, ол орындаушы тағайындайтын  типте жұмыс атұарса , мәні 4, стандартты стиль қолданса мәні 0болады; Тһ параметірі төмендегі екі тұрақты мәннің бірін ғана қабылдайды:

NormWidth=1(қалыңдыға бір пиксел сызық)

ThickWidth=3;(қалыңдығы үш пиксель сызық)

Мысалы:

SetLineStylr(Dootedn,0, normWidth);

Retangle(15,15,150,130);

Сызық салу кезінде оның түсі алдыңғы орнатылған түспен беріледі, оны өзгерту үшін:

SetColor( color: word); процедурасы қолданылады, мұндағы соІог – жаңадан орнатылатын түрінің аты немесе нөмірі. Мысалы,

SetColor(cyan)           ( сызық түсі күгілдір болады)

setColor(7)                 ( сызық түсі боз болады)

SetBkColor(color:word) процедурасы экран түсін, яғни рең түсін өзгертеді, мұндағы соіог – жаңадан орнатылатын түстің аты немесе нөмірі.EGA/VGA адаптерлері үшін рең түсін 0..63 аралығында беруге болады. Мысалы,

SetBkColor(blue);  экран түсі көк болады

SetColor(4)экран түсі қызыл болады

 Көп  бұрыш сызу процедурасы көп  бұрыштың бірнеше түрін сала  алады, олардың түсі , стилдері  келісім бойынша немесе setColor т.б процедуралар арқылы орнатылады.

Rectangle(x1, y1,x2,y2:integer) –сол жақ жоғарғы (х1,ү1) және оң жақ төменгі төбелерінің координаталары (х2,ү2) бойынша төртбұрыш сызады. Оның іші бойалмай , экран түсі мен бірдей болады. Мысал ретінде экранға әр түрлі түспен 100  төртбұрыш сызу программасын келтірейік.

For i:=1 to 100 do

Begin

Setcolor (grin);

Retangle(2006Random(300)250,300);

Dely(50);

ClerDevice

End;

Бойалған  төртбұрыштар келсі процедуралар арқылы сызылады.

Bar(x1,y1,x2,y2:integer);- мұнда ағымдағы түспен іші бойалған төртбұрыш сызады. Бояау түсін SetfillStyle процедурасы арқылы енгізуге болады.

SetFilleStily(Pattern6 Color:word)- объектінің ішін бояйды, толтыру стилі мен түсін көрсетеді. Мұндағы Pattern – толтыру стилі, ол тұрақты немесе нөмір арқылы береді; соІог – толтыру түсі. Толтыру стилі тұрақты арқылы жазылады немесе 0-ден 12- ге дейінгі мәндермен белгіленіді.

Floodfill(x,y:integer; Bor;word) –таңдалған стиль бойынша тұйық фигураның ішін бойяйды.Мұндағы х,ү – фигураның ішінде жатқан кез келген нүктенің координатасы, Иог – шегара сызығының түсі.

DrawPoly(N:= word; var Poins);- ағымдағы түспен және сызық түсімен көп бұрыш сызады, мұндағыN- сынық сызық саны , Pointes- pointetype типіндегі сынық сызықтардың координаталары.

drawPoly процедурасын пайдаланып , көсбұрыш сызуға да болады.

Доға, шеңбер және эллипс сызу процедуралары фигура салу кезінде координаталардың полярлық жүйесін қолданады. Бұл жүйеде бұрыштар горизанталь остен сағат тіліне қарсы бағытта сызылады.

Circle(x,y: integer;r:word); шеңбер сызу процедурасы, мұндағы х, ү – центірдің координатасы, г- пиксель арқылы берілген щеңбердің радиусы. Шеңбер ағымдағы түспен сызылады және сызықтың қалыңдығы берілген             стильге байланысты болады.Мысалы центір(450,100) нүктесінде орналасқан радиусы 50 пиксель жасыл шеңбер сызу былай орындалады.

Setcolor(green);

Circle(450,100,50);

Arc(x,y:integer;B1,B2,R:word)- доға сызу процедурасы, мұндағы х,ү – центірдің координаталары, И1,И2- доғаға сәйкес бұрыштың алғашқы және соңғы мәндері,r- радиусы. Мысалы , центірі (450,100) нүктесінде орналасқан радиусы 50 пиксель 0мен 90 градус аралығындағвы қызыл доға сызу былай жазылады:

Setcolor(red);

Arc(450,100,,0,90,50);

Ellips(x,y:integer;B1,B2,RX,RY: word); -эллипс доғасын сызады, мұндағы х,ү – центр координаталары, В1,В2 – алғашқы және соңғы доғаның бұрыштары, RX,RY- эллипстің жатық және тік радиустары. Эллипстіңдоғасы бастапқы В1 бұрышынан соңғы В2 бұрышына дейін сызады, егер В1= 0 және В2= 360 градусқа тең болса онда эллипс салынады. Эллипс ішін бояу Setcolor, Setfillstyle процедурасы арқылы орындалады.

Setcolor(ligthred);{ эллипс сызығының түсін орнату}

Ellips(100,100,0,360,30,50);{ толық эллипс сызуы }

Эллипс  ішкі экран түсімен бірдей , оның іші боялғанын салу келесі процедурамен орындалады.

Паскальдағы графикалық режим