Патронат ұғымы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ  УНИВЕРСИТЕТІ

Ұлттық құқық  жоғары мектебі

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ  КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 КУРСТЫҚ  ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Патронат: ұғымы, субъетілері, негізі»

Пәні: «ҚР және ШЕ азаматтық  құқығы »

 

 

 

 

 

                                  Орындаған:  Ильясова Ғ.Н.

                                                                                               2- курс студенті

                                                                                                МП(к)-201 тобы

 

                                                               

                                                                 Ғылыми жетекші:  аға оқытушы

                                                                      Қойшыбекова Гүлнұр Керейқызы

                                                                          Курстық жұмысты тапсыру уақыты:

                                қорғау күні:

                                                                                                       бағасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

Кіріспе..........................................................................................................3

  1. Бала асырап алу. Қорғаншылық пен қамқоршылық.
    1. Қорғаншылық пен қамқоршылық ұғымы.
    2. Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру.
    3. Қорғаншылардың және қамқоршылыққа алғандардың құқықтық жағдайы.
  2. Патронат .
    1. Патронат ұғымы
    2. Патронат негізі және субъектілері.
    3. Патронат туралы ережелер. Жалпы ережелер.
    4. Баланы патронат тәрбиешіге беру құқығы.
  3. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі таңда «патронат» жетім баланы  отбасына орналастырудың жаңа нысаны болып келеді. Мұндай орналастырудың түрінде заңды өкілдік тәрбиелеушіге толығымен берілмей, баланың құқықтарын қорғау туралы құқықтары мен міндеттері тәрбиелеуші мен қамқоршылық органының арасында бөлінеді.

Патронаттық тәрбиелеу - ол тәрбиешінің ата-ана ретіндегі балаға махаббатын ғана білдірмейді ол қосымша баламен кәсіпкерлік жұмысты қажет етеді. Сонымен, патронат тәрбиешінің атқаратын ең маңызды екі міндеті бар: бір жағынан ата-ана ретінде, екінші жағынан шартқа тұрған кәсіпкер ретінде.

Патронатты тәрбие балалардың құрылымы бойынша мамандандырылған қызметтерде ғана болады. Дәлірек  айтқанда патронат тәрбиешілері келісімшартқа  отыратын қамқоршылық органдарының уәкіл ұйымдары арасында.  
Келiсiм шартта отбасы мен мекеменың құқығы мен міндеті көрсетіледі. Мұндай келiсiм шарттың бар болуы баланың жанұядағы белгілі бір уақыт ішінде тәрбиелену үдерісін кәсiби бақылап отыру үшiн заңды негiз болып табылады. Бала асыраушы отбасы да, бала да заңды, әлеуметтік, психологиялық және өзге де көмектермен кепілдеме ретінде міндетті түрде қаматамасыз етілуі тиіс.

Қазіргі таңда аймақтар тізбегінде қамқорлық және қамқоршылық органдарының уәкіл мекемелері сияқты тәжірибеге негізделген алаңдар жасалған. Мұндай мекемелердің барлығы қамқоршылық  органдары қолданатын әдеттегі формальды  іс-әрекеттерден едәуір айырмашылық  жасайтын патронат тәрбиеші болуға арнайы кандидаттар дайындығын өткізеді, баланы отбасының тәрбиесіне жібергеннен кейін керекті көмекпен қамтамасыздандырады, осы арқылы жетістіктің және балаларды патронат отбасыларына орналастырудың тұрақтылығының пайызын өсіреді.  
Патронат тәрбиесі дегеніміз – баланы отбасымен қамтамасыз етудің жаңа формасы. Ол баланы отбасымен қамтамасыз ету қызметі мен патронат тәрбиешінің арасында болатын құқықтар мен міндеттемелерлің негізінде жасалады

Курстық жұмыстың өзектілігі -  елімізде балалықтың базарын сезінбей, шын қуанып күле алмайтын, ата-анасына еркелей алмайтын сәбилер мәселесін шешу. Бала- еліміздің болашақ азаматы. Еліміз жаңа деңгейге көтерілу үшін оның дамуына үлесін қосатын тұлғалар көп болуы қажет. Ондай тұлғаларды өсіру үшін балаларды жастайынан адамгершілікке, патриоттық сезімге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке үйретіп тәрбиелеу керек. Бұл мәселені шешу жолдарының қазіргі таңдағы жаңашыл нысаны, толығымен шешімі «патронат тәрбиеші» болу. Бұл шешім баланы толығымен асырап алуға мүмкіндігі жоқ, алайда белгілі бір уақытқа дейін бала тәрбилеуге шын ниеті бар ата-аналарға да ыңғайлы.

Курстық жұмыстың мақсыты- «патронат» ұғымын азаматтық құықтың бір институты ретінде зерттеп, тақырыптың негізін ашу.

Курстық жұмыстың міндеті –тақырыпты толығымен қамтып, курстық жұмыстың мақсатын іске асыру.

Курстық жұмыстың құрылымы- кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан құралған. Жалпы ..... бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Бала асырап алу. Қорғаншылық пен қамқоршылық.

 

 

      1. Қорғаншылық және қамқоршылық ұғымы.

Қорғаншылық  және қамқоршылық  әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке  қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік  және жеке мүліктік емес құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін де белгіленеді.

Қорғаншылық 14 жасқа толмаған, сонымен бірге психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл-есінің кемдігінен сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған балаларға, ал қамқоршылық 14 жастан 18 жасқа толмаған  балаларға спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан соттың шешімімен әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тануы салдарынан соттың шешімімен әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарға белгіленеді.

Қоғаншы және қамқоршы органдар ретінде жергілікті  атқарушы органдар болып табылады.

Аудандық және қалалық  атқарушы органдар қорғаншылық пен  қамқоршылық бойынша  өз функцияларын құзіретті білім беру, халықты  әлеуметтік қорғау  және емдеу, кенттік, селолық, ауылдық атқарушы органдар арқылы дербес жүзееге асырады.

Аталмыш органдар баланың  және оны тәрбиелеуге үміткер  адамның тұрмыс жағдайларына зерттеу  жүргізуге  және зерттеу актісін  сотқа табыс етуге міндетті.

Қорғаншылықты тағайындау қорғаншылық  және қамқоршылық органдарымен жүзеге асырылады. Қорғаншылық функцияларын азаматтар, тәрбиелік, емдеу, білім  беру және басқа да балалар мекемелерімен, сонымен бірге қорғаншы және қамқоршы  органдар жүзеге асыра алады.

Қорғаншы мен қамқоршы ретінде кәмелетке толған адамдар  бола алады. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтер бар мекемелердің лауазымды адамдарды және өзге де азаматтар олар туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға  балалардың  нақты тұрған жерін хабарлауға міндетті.

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруды қорғаншы мен қамқоршы органдардан басқа заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыра алмайды. [1;69 бет]

Қорғаншы және қамқоршы орган  осындай мәліметтер алған күннен бастап үш күн ішінде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргізуге және ата-аналарының немесе оның туыстарының  қамөорлығы жоқ екендігі фактісі анықталған кезде баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз етуге  міндетті. 

Ата-аналарының қамқорлығынсыз  қалған балалар тұратын тәрбие , емдеу және басқа да мекемелердің басшылары, баланы отбасы тәрбиесіне беру мүмкін екендігі болған күннен бастап жеті күн ішінде бұл  туралы осы мекеменің  тұрған жері бойынша  қорғаншы және қамқоршы органдарына хабарлауы міндетті.

Егерде баланы отбасына тәрбиелеуге  беруге мүмкіндігі болмаған кезде орталықтандырылған есепке алу үшін және кейіннен баланы Қазақстан Республикасы аумағында  тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға  бөліністің білім беру басқармасының  органына жібереді.

Балаларды орталықтандырған есепке алуды ұйымдастыру тәртібін Қазақствн Республикасы Үкіметі  белгілейді.

Ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған балалар асырап алынып, отбасында тәрбиеленуге, қорғаншылыққа немесе патронат шарты бойынша, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде , жетім балаларға немесе ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі мекемелерге берілуі тиіс.

Баланың мүддесіне сай  оны орналастыру кезінде оның этникалық шығу тегі, белгілі бір  дінге және мәдениетке жататындығы , ана тілі , тәрбие мен білім берудегі сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін .

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге орналастырылғанға дейін балаларға қорғаншылық міндеттерін атқару қорғаншы және қамқоршы органдарға уақытша жүктеледі.

Қорғаншы мен қамқоршының  келісімімен олар тағайындалады. Осындай  тағайындалуда баланың келісімі ескеріледі.  Ата-аналардың келісімімен  олардың қайтып келуіне дейінгі  белгілі бір мерзімге қорғаншылық тағайындалады.

Қорғаншы мен қамқоршылар  міндетті түрде баламен бірге  тұруы қажет. Бұл ереже 16 жасқа толған балалар үшін қолданылмауы мүмкін. Қорғаншы мен қамқоршы органдар балаға бөлек тұруға  рұқсат береді. Қамқоршының және кәмелетке томаған баланың бөлек тұруы соңғысының тәрбиелеу процесіне қатты әсер бермеуі тиіс.  Қамқоршылар тиісті органдардың келісімімен балаларды балалар мекемесіне орналастырулары мүмкін.

Қорғаншы мен қамқоршы ретінде бола алмайтын тұлғалар :

  • Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі деп таныған адамдар;
  • Сот бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдар;
  • Өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағыны үшін қорғаншылық міндеттерден шектелген адамдар;
  • Соттың шешімімен бала асырап алудың күші жойылған адамдар.

 

1.2.Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру.

 

 

  Балаларды патронаттық тәрбиешiлерге тәрбиелеуге беру.   
  Қорғаншы және қамқоршы органдар баланы патронаттық тәрбиешiлерге тәрбиелеуге беру кезiнде оның этникалық шыққан тегiн, белгілi бiр дiнге және мәдениетке қатысын, ана тiлiн ескере отырып, баланың мүддесiн басшылыққа алады.  
      Баланы (балаларды) шарт бойынша патронаттық тәрбиешiлерге беру үшiн алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органмен келiсiм бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдар жүзеге асырады.  
      Ағайындыларды, олардың мүдделерiне жауап беретiн жағдайларды қоспағанда, ажыратуға жол берілмейдi.  
      

 Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиешiлерге беру оның пiкiрi ескерiле отырып, ал он жасқа толған баланы (балаларды) беру - тек оның келiсiмiмен жүзеге асырылады.  
      Патронаттық тәрбиешiлердiң қамқорлығына ата-анасының қамқорлығынан айрылған және жеке адамдардың қорғаншылығында (қамқорлығында) емес балалар алынады.  
      

 Патронаттық тәрбиешiлерге қорғаншылыққа және қамқорлыққа берiлген әрбiр балаға мекеменiң әкiмшілiгi немесе бiлiм бөлiмдерi мынадай құжаттарды:  
      

1) тууы туралы куәлiгiн;  
      

2) денсаулық жағдайы туралы  дәрiгерлiк анықтама мен баланың даму тарихының көшiрмесiн;  
      

3) бiлiмi туралы құжатты;  
      

4) ата-анасы туралы құжаттарды (қайтыс болуы туралы куәлiк, сот үкiмi немесе шешiмi, ата-анасының науқасы немесе iздестiрiлуi туралы анықтама және баланың ата-анасының қамқорлығынан айрылғандығын растайтын басқа да құжаттар);  
      

5) зейнетақы алатын балаларға зейнетақылық кiтапшаны, соттың алимент өндiрiп алу жөнiндегi шешiмiнiң көшiрмесiн;  
      

6) аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және олардың тұратын жерлерi туралы анықтаманы ұсынады.  
      Патронаттық тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) алиментке, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берiлуге құқығы болады. 
   Патронаттық тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге де құқықтарға ие болады. [2]

Қорғаншылық - 14жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл есінің кемдегінен  сот әрекетке қабілетсіз  деп таныған адамдарға белгіленеді.  Қамқоршылық -14 тен 18жасқа дейінгі кәмелетке толағандарға, сондай-ақ спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған  адамдарға белгіленеді. Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады. [3; 32 бет]

Қорғаншылық пен қамқоршылық  кең мағынада кәмелетке толмаған  және әрекет қабілеттігі жоқ тұлғалардың  әрекет қабілеттігін толықтыру, құқылары мен заңды мүдделерін қорғау болып  табылады. Ал нақты мағынада ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балалардың әрекетке қабілеттігін толықтыру, құқылары мен заңды мүдделерін қорғау және тәрбиелеу әдісі болып қарастырылады.

Қорғаншылық пен қамқоршылықтың тағайындалу негіздері:

  • Кәмелетке толмаған баланың ата-анасының қайтыс болуы;
  • Ата-анасының ата-ана құқықтарынан айырылуы;
  • Ата-анасының ата-ана құқықтарының шектелуі;
  • Ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы;
  • Ата-анасының сырқаттылығы;
  • Ата-анасының ұзақ уақыт болмауы;
  • Ата-анасының балаларын тәрбиелеуден неме олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекелерден өз балаларын алудан бас тартуы;
  • Сондай-ақ ата-аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайлар да.

Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтап оларды есепке алады.  Ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған балалар анықталған жағдайда  қорғаншылықты немесе қамшылықты уақытша қорғаншылық немесе қамқорщылықты қорғаншылық органдары жүзеге асырады. Кейіннен қорғаншылық және қамқоршылық органдары бір ай ішінде балаға қорғаншыны немесе қамқоршыны белгілеуі қажет немесе баланы орналастырудың басқа да нысандарын анықтауы қажет. Қамқорлыққа алынған балалардың орналасу нысандары таңдалады. Оларға тәрбиелеу мен білім беру мәселесінің қалай жүзеге асырылып жатқандығына  бақылау жасап отырады.

Жеткіліксіз әрекет қабілеттіліктері олардың қамқоршылары және қорғаушыларымен  жүзеге асырылады.  Қамқоршылық пен  қорғаншылық ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған кәмелетке толмаған балаларға тағайындалады.

Қорғаншылық және қамқоршылық  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған балаларға, оларды асырау,  тәрбиелеу және білім беру  мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік емес құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау  үшін  де белгіленеді. [1;67бет]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1. Қорғаншылардың және қамқоршылыққа алғандардың құқықтық жағдайы.

Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа  алынған тұлғалар мынаған құқылы:

  • Өздерінің адамдақ қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне ;
  • Қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан көмек көруге;
  • Қорғаншы немесе қамқоршымен бірге тұруға (112- бабының 4-тармағында көзделген жағдайлардан басқасында);
  • Өздеріне тиесілі алименттерді, зейнет ақыларын, жәрдемақыларын және де өзге әлеуметтік төлемдерді алуға;
  • Тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға;
  • Қорғаншы  қамқоршы тарапынан қиянат етушіліктен қорғануға.

Қорғаншылыққа алынған балалар  жоғарыда көрсетілген құқылардан басқа  мынандай құқыларға ие:

  • Қорғаншының отбасында тәрбиеленуге;
  • Оларды асырап-бағу , тәрбиелеу, білім беру, және жан-жақты дамытуы үшін жағдайлармен қамтамасыз етуге;
  • Тұрғын үйі болмаған сәтте тұрғын үй заңдарына сәйкес оны алуға;
  • Отбасында өмір сүруге және тәрбиеденуге;
  • Ата-анасымен және басқа да туыстарымен  қарым-қатынас жасауға;
  • Өз пікірін білдіруге;
  • Ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға;
  • Қорғау алуға.

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және тәрбие,  емдеу  және басқа да мекемелердегі балалар мынандай құқыларға иемденеді:

  • Асырап-бағылуға, тәрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты дамуға, өздерінің адамгершілік қарым қасиеттерінің құрметтелуіне, өз мүдделерінің қамтамасыз етілуіне;
  • Өздеріне тиесілі алименттерді, зейнет ақыларын, жәрдемақыларын және де өзге әлеуметтік төлемдерді алуға;
  • Тұрғын үй-жайға  меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтауға, ал тұрғын үй-жайы болмаған сәтте  тұрғын  үй-заңдарына сәйкес тұрғын  үй-жай алуға;
  • Аталған мекемелерде тұруы аяқталған соң еңбек туралы заңдарда көзделген жұмысқа орналасу кезіндегі жеңілдіктерге ие болуға.

Қорғаншы және қамқоршы органдар балаларға тиісті жағдайлар жасалуына  бақылауды бақылауды жүзеге асырады. Осы мекемелерді бітіріп шыққан  түлектердің құқықтарын қорғау осы  органдарға жүктеледі.

Қоғаншылар өз қарамағына алған балалардың заңды өкілдері  болып есептеледі және олардың қызығушылықтарын сақтай отыра қажетті мәмілелерді  жасауға келісім береді. Сонымен қатар, олардың өз құқықтарын жүзеге асыруға және міндеттерін атқаруға  көмек   көрсетулері тиіс.

Қорғаншылық және қамқоршылық  тегін тегін атқарылуы тиіс, егер заңда басқасы көзделмесе.

Қорғаншы немесе қамқоршы өз есебінен қамқоршылыққа алынған  балаларды асырап-бағу міндетті емес.  Бұл олардың жалақысынан, алиментінен, зейнетақысынан және басқа  әлеуметтік төлемдерінен жүзеге асырылады. Ал егер де қамқоршылыққа алынған тұлғаның қаражаты жеткіліксіз  болса , онда жәрдемақыны қорғаншы және қамқоршы органдары тағайындайды.

Қорғаншы және қамқоршылардың заң бойынша мынандай құқылары бар:

  1. Қорғаншыларды және қамқоршыларды тағайындауға;
  2. Қамқоршылыққа алынған баланың алты жасқа толуымен қамқоршыдан бөлек тұруына рұқсат беруге, егер қамқоршылықтағы баланың құқылары мен мүдделеріне нұқсан нұқсан келмесе;
  3. Сырқаттануына байланысты қорғаншыны (қамқоршыны) олардың өтініші бойынша міндеттерін орындаудан босатуға;
  4. «Неке және отбасы туралы» заңға сәйкес баланы асырауға келісім беріледі;
  5. Асырап алудың тоқтатылуын талап етуге, егер асырап алушы  баланы асырап-бағудағы өз міндеттерін жөнді орындамағын болса немесе баланың қызығушылығы бұзылытын болса;
  6. Асырап алуды жарамсыз тануды;
  7. Ата-аналық құқыларынан айырылған ата-аналарымен  қарым-қатынасуға  рұқсат беруге, егер бұл балаға кері әсерін бермесе;
  8. Ата-аналық  құқылары шектелген ата-аналарымен қарым қатынасуға  рұқсат беруге , егер балаға кері әсер бермесе,
  9. Балаға тәрбие беру мақсатындағы  ата-аналар арасындағы қарама-қайшылықтарды;
  10. Қорғаншыға (қамқоршыға ) мүлікті иеленуден босату бойынша мәмілелерді жасауға рұқсат беруге,  соның ішінде мүлікті айырбастауға немесе сыйға беруге, сенімгерлік шартының негізінде мүлікті дауға беруге, ақысыз пайдалануға  беруге немесе кепілдікке беруге , сонымен бірге қамқоршылыққа алынған  тұлғаның мүлкінің кемуіне  соқтыратын басқа да мәмілелерге;
  11. Жоғарыдан көрсетілген мәмілелерден алынған табысты қалай бөлуді анықтауға;
  12. Қорғаншының (қамқоршының), оның жұбайына  немесе туыстарына өзінің қорғаншы ретінде танылғанға дейін пайда болған қамқоршылығындағы тұлғаның қарыздарын өтеуге рұқсат беруге;
  13. Белгіленген тәртіп бойынша өлді деп  танылғанға немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған тұлғаның мүлкін басқаруға қорғаншыны белгілеуге;
  14. Асырап алуды жарамсыз деп тануға;
  15. Асырап алуды тоқтатуға;
  16. Ата-аналардың ата-аналық құқыларын айыру немесе олардың біреуінің ата-аналық құқыларын айыру иуралы істерді қозғауға;
  17. Қорғаншы мен қамқоршылардың әрекеттері бойынша берілген арыздарды қарастыруға.

Қорғаншы және қамқоршы  органдар қорғаншылар мен  қамқоршылардың  қызметіне бақылау жасауы тиіс. Жылына екі рет олардың өз міндеттерін  қалай орындап жатқандығын тексеріп отырады. Сонымен бірге, жыл сайын  қорғаншылар  мен қамқоршылардың қамқоршылығындағылардың денсаулығы туралы , оларды тәрбиелеу бойынша  бойынша жүргізілетін  жұмыстар туралы есептерді қорғаншы мен қамқоршыдан талап етеді. Қорғаншы және қамқоршы органдар  ата-аналық құқыларынан айыру немесе шектеумен, ата-аналық  құқыларын қайта қалпына келтірумен , асырап алуды тоқтату немесе  жарамсыз деп танумен , кәмелетке толмаған тұлғалармен  жасалған некені жарамсыз деп тануымен байланысты  қарастырылып жатқан істер бойынша сотқа қатысуға міндетті.  Сонымен бірге, асырап алушының  және баланың өмір жағдайын зерттеп қарастырулары қажет.

Он жасқа толған баланың  асырап алуға келісімі алынады және асырап алудың қажеттілігі түсіндіріледі.  Қорғаншы мен қамқоршылардың қамқорлыққа  алынған  тұлғаға қатысты келесідей  міндеттер жүктеледі:

- асырап-бағуға;

- бағып-күту мен емдеуді қамтамасыз етуге;

- құқықтары мен мүдделерін қорғауға қамқорлық жасауға.

Бұл міндеттер сот әрекет қабілеттілігі  шектеулі деп таныған  кәмелетке толған адамдардың қамқоршылығына жүктеледі.

Спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салыну салдарынан әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адам жөніндегі негіздер жойылса, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы және одан қорғаншылық пен қамқоршылықты алып тастау туралы  сотқа өтініш беруі міндетті.  Баланың қорғаншысы қорғаншылығындағы баланы тәрбиелеуге,  оның денсаулығына, ден, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына  қамқорлық жасауына құқылы әрі міндетті. Тәрбиелеу  жолдарын белгілеуде  қорғаншылықтағы  немесе қамқоршылықтағы  баланың пікірі және қорғааншысының және қамқоршысының пікірі ескерілуі тиіс. Бала пікірі ескеріле отыра қорғаншы және қамқоршы орта білім беретін оқу орнын және нысанын  таңдауға құқылы. Қорғаншы және қамқоршы органдар балаға өз ата-аналарымен, туыстарымен қарым қатынас жасауына бөгет жасамауы қажет.  Белгілі бір себептермен қорғаншылар және қамқоршылар өздерінің тұрғылықты жерлерін өзгертетін болса, онда қорғаншы және қамқоршы органдарға  осы туралы мәлімет берулері тиіс.  Денсаулығына орай кәмелетке толған адамға өтініші бойынша қамқоршылық белгіленуі мүмкін. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлік мүлікке билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған  тапсыру шарты немесе мүлікті сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады. Қамқоршысын қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз адамның келісімі бойынша ғана белгілей алады. Қамқоршылыққа алынған кәмелетке толмаған  баланың ата-анасы қайтып оралған  немесе ол асырап алушыға қайтарылған жағдайларда қорғаншы мен қамқоршы өз міндеттерін атқарудан босатылады. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті  адамды қамқорлыққа алу осы адамныңталабы бойынша тоқтатылуы мүмкін. Қамқоршылыққа алынған адамның кірістрін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан  түсетін кірістерін , қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын-ала рұқсатымен  қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.      

Қорғаншы мен қамқоршы органдардың рұқсатынсыз қорғаншылыққа  немесе қамқоршылыққа алынған тұлғаның тиісті соммасы есебінен оны асырап- бағу үшін қорғаншы мен қамқоршы кішігірім шығыстар жасауға құқығы бар.

Қорғаншы мен қамқоршы органдардың алдын-ала берген рұқсатынсыз қорғаншы мен қамқоршы  қамқоршылықтағы тұлғаның  мүлкін иеліктен алу туралы мәмілелерді жасауға құқылары жоқ.

Қорғаншылық немесе қамқоршылық  белгіленген тұлғаның мүлкі басқа  жерде  орналасқан болса, онда басқару  мақсатында осы мүлік  орналасқан жердегі қорғашы  мен қамқоршы органдар қорғаншыны белгілейді. Кәмелетке  толмаған , әрекетке қабілетсіз  немесе әрекетке қабілеттігі шектеулі  кәмелетке толған тұлғалардың, өлген  немесе соттың шешімімен өлді немесе хабар –ошарсыз кетті деп  танылған тұлғаның мүлкіне қорғаншы тағайындалады.

Қорғаншы мен қамқоршы , олардың жұбайлары және жақын  туыстары қамқоршылыққа алынған  тұлғамен мәмілелер жасауға құқығы жоқ.  Бұл ереже тек сый ретінде немесе тегін түрде пайдалануға беруге қатысты емес.  Қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған қамқоршылыққа алынған баланың өз ата-анасы қайтып оралған немесе ол асырап алушыға қайтарылған жағдайларда, қорғаншы немесе қамқоршы өз міндеттерін атқарудан босатады.

Қамқоршылыққа алынушыны  тәрбие, емдеу мекемесіне, халықты әлеуметтік  қорғау  мекемесіне  немесе басқа да мекемеге орналастыру кезінде,  егер бұл қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне  қайшы келмесе, қорғаншы  және  қамқоршы  орган бұрын тағайындалған қорғаншыны немесе қамқоршыны олардың өз міндеттерін атқарудан босатады.

Қорғаншының және қамқоршының  өзіне жүктелген міндеттерді  орындаудан босатылу үшін дәлелді себептері  болуы керек. Осы дәлелді себептерге мыналарды жатқызуға болады: сырқаттану, мүліктік жағдайдың өзгеруі, қамқорлыққа  алынушының өзара түсініспеушілік  және т.с.с.

Қорғаншылыққа алынған бала 14 жасқа толған сәтте қорғаншылық тоқтатылады, қорғаншы болып келген адам оның қамқоршысы болып есептеледі. Бұл үшін қосымша шешім қажет етілмейді.

Қамқоршылыққа алынушының әрекетке қабілетті деп тану немесе қорғаншының  немесе қорғаншы және қамқоршы органның арызы бойынша оның әрекет қабілеттілігі  шектеулілігінің күшін жою туралы сот шешімі шығарған  жағдайларда  кәмелетке толған адамдарға  қорғаншылық  және қамқоршылық тоқтатылады.

18 жасқа толуымен  немесе  некеге  тұруымен  қамқоршылық тоқтатылады. Бұл үшін қосымша шешім талап етілмейді. [1;71бет]

 

 

 

 

 

 

 

 

Патронат ұғымы