Педагогика ғылымының функциялары



Мазмұны

Кіріспе                                                                                                                  2

Негізгі бөлім                                                                                                        4

1  Педагогика ғылымының функциялары                                                          4

2 Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік.

3 Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу.

4 Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері.

5 Педагогикалық зерттеу әдістері:

   5.1 Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру;

   5.2 Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі.

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: педагогика ғылымының функциялары, атқаратын қызметі, заңдары, заңдылықтары, принциптері, ережелер жөнінде түсінік, оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу, принциптер және оларға байланысты оқу ережелері, педагогикалық зерттеу әдістері, оның ішінде: педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру; педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі қарастырамыз.   

         Мақсаты: пдагогика ғылымының функцияларын, заңдылықтарын, принцитерин, оқу ережелерін, зерттеу әдістерін көрсету, үйрету.

         Міндеті:

Алдымен айта кететін жағдай: Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кәсіптенген адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.

Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пай дес»- балалар және «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Педагогика ғылымының функциялары.

Педагогика басқа да ғылымдар сияқты сипаттау, суреттеу, түсіндіру және болжау функцияларын атқарады. Бұл функциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Бірақ педагогика ғылымының объектісі әлеуметтік-гуманитарлық сферада жатқандықтан оның өзінің ерекшеліктері бар. Педагогика педагогикалық шындықты объективті көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар оны өзгертуі, жетілдіруі қажет. Сондықтан педагогика ғылымынң екі функциясын атап көрсетеді.

Педагогиканың теориялық функциясы   үш деңгейде іске асырылады:

1)     сипаттау немесе түсіндіру – озық педагогикалық тәжірибені зерттеу;

2)     диагностикалық – педагогикалық құбылыстардың, оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің тиімділігін анықтау, оларды қамтамасыз ететін себептерді, шарттарды анықтау;

3)     болжамдық – педагогикалық шындықты экспериментальды зерттеу, солардың негізінде сол шындықты түрлендіру моделін жасау.

Технологиялық функция да үш деңгейде іске асырылады:

1)      проективтік, әдістемелік материалдарды дайындаумен байланысты (оқу жоспарлары, бағдарламары, оқулықтар және т.б.);

2)      түрлендіруші – педагогикалық ғылым жетістіктіктерін  білім беру практикасына енгізу;

3)      рефлексивтік және түзетушілік – ғылыми зерттеу нәтижелерінің оқыту мен тәрбие практикасына ықпалын бағалау және ғылыми теория мен практикалык іс-әрекеттің өзара әрекеттеріне түзетулер енгізу.

2 Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік.

Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мəнін сақтайды. Принциптер дидактикалық процестің біртұтас концепциясын құрай отырып, табиғи бірлікте əрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А. Коменский қалаған. Ғұлама- педагог пікірінше, оқудың негізі – табиғи сəйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сəйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. А.Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер

1) оқу мазмұнына;

2) оқытушыларға;

3) оқушыларға қатысты болды.

К.Д.Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уақытқа сай болуы, бірізділік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі, анықтығы, оқушылардың дербестік əрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңіл болмауы, дұрыстық.

Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу принциптері табиғи сəйкестік басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі дидактикалық принциптер төмендегідей:

1) саналылық жəне белсенділік;

2) көрнекілік;

3) жүйелілік жəне бірізділік;

4) беріктік;

5) түсіністік;

6) ғылымилық;

7) көңіл-күй;

8) теория мен практиканың байланысы.

Принциптер нұсқау-көрсетпе (норматив) қызметтерін атқарады. Олар мұғалімге кейбір жағдайларда қандай əрекетке келуі жөнінде тек кеңес немесе сілтеме беріп қоймайды, жалпы заңдылықтар ретінде бұл принциптер педагогикалық əрекеттер бірлігіне негіз қалаумен бірге олардың толық орындалуын талап етеді. Принциптерді білу жəне оларды оқу-тəрбие процесінде толықтай іске асыру педагогикалық шеберліктің негізін құрайды жəне ол педагогикалық біліктілікті анықтауда алдымен ескеріледі.

Педагогиканың принциптік талаптары ережелер жүйесі арқылы іске асырылады. Ереже – бұл педагогикалық іс-əрекеттің нақты жағдайларда белгілі мақсаттарға жеткізу тəсілінің суреттемесі (описание). Көбіне оқу ережесі деп қандай да принципті қолданудың жеке тараптарын ашып беретін жетекші тұжырымдарды түсінеміз.

3 Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу.

Оқу барысында диалектиканың жалпы заңдары мен педагогиканың арнайы заңдары орындалуы шарт.

Диалектиканың жалпы заңдары сапына кіретіндер: қарама-қарсылықтар бірлігі мен тайталасы заңы, сандық жинақтың сапалық өзгерістерге келу заңы, жоқты жоққа шығару заңы.

Оқу процесінде қарама-қарсылықтар бірлігі мен тай-таласы заңы іске қосылады. Қарама-қарсылықтардың туу себебі – жаңа əлеуметтік жағдайлар, тұлға мүмкіндіктерінің өзгеруі, білім беру аймағында қалыптасқан соны талаптар оқу процесіне болған дəстүрлі, бекіген ұғымдар жəне көзқарастармен сəйкессіздікке ұшырауы. Бұл өз кезегінде оқу мазмұны мен технологиясын өзгертіп, заманға сай ауыстыруды талап етеді.

Сандық жинақтық сапалық өзгеріске түсу заңы да оқу процесінде көрініс береді. Тұлғаның бүкілдей сапалық сипаты (нанымдары, сеп-түрткілері, ұстанымдары, қажеттері, құндылықты бағыттары, даралықты іс-əрекет стилі, ептіліктері мен дағдылары) сандық жинақтың белгілі деңгейдегі нəтижесі.

Санның сапаға ауысуы жоқты жоққа шығару заңы тетіктеріне сəйкес келеді. Тұлғалық жəне психикалық жаңа құрылымдар адамның өткен кездердегі жинақтаған тəжірибесі негізінде қаланады. Соңғы өмір кезеңдерінде пайда болған сапалар бұрынғы қалыптасқандарын “жоққа” шығарады. Жоққа шығару тетігі оқу дағдыларының қалыптасу процесінде көрінеді, яғни кейбір əрекеттер көп қайталаулар нəтижесінде күрделі дағдыларға (жазу, есеп, оқу) айналады.

Диалектиканың жалпы заңдылықтарымен бір қатар оқу барысында арнайы педагогикалық заңдар да əрекетке келеді. Ғалымдар мұндай заңдардың бірқаншасын ашып, педагогикалық тəжірибеге ұсынған. Өз заманында ғұлама педагог И.Г.Песталоцци келесі заңды нақтылаған: елес байқауынан анық ұғымдарға, олардан анық түсініктерге өту.

Неміс педагогі Э. Мейман бірнеше ерекше заңдарды негіздеп, ұсынды:

- жеке адамның дамуы əуел бастан көбіне оның табиғи нышандарына тəуелді жүріп жатады;

- ең алдымен бала тіршілігі мен оның қарапайым қажеттерін қанағаттандыруға арналған сапа-қасиеттер дамиды;

- балалардың жан жəне тəн дамуы əрқилы деңгейде өтеді.

Теоретиктер мен практиктер ашып, бүгінгі педагогикаға енгізген заңдылықтар саны ұланғайыр (мысалы, И.П.Подласый өз оқулығында 70-тен астам заңдылықты хаттаған).

Оқудың əрқилы заңдылықтарын реттестіріп, жинақтауға орай, оларды жалпы жəне жеке (нақты) заңдылықтар деп бөлу қабылданған.

Жалпы заңдылықтар қалаған білім беру процесіне тəн болып, оқудың бүкіл жүйесін қамтиды. Олардың арасында аса көп еленетіндері:

- оқу мақсаттары. Оқу мақсаты қоғам дамуының деңгейі мен қарқынына, оның қажеттері мен мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымы мен практикасының даму деңгейі мен жетістіктеріне байланысты;

- оқу мазмұны. Оқу мазмұны қоғамдық қажеттер мен оқу мақсаттарына, ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік процестің қарқынына, оқушылардың жас мүмкіндіктеріне, оқу теориясы мен практикасының даму деңгейіне, оқу мекемелерінің материалды- техникалық жəне экономикалық жағдайларына тəуелді келеді;

- оқу сапасы. Оқу сапасы өткен кезеңдегі оқу процестерінің нəтижелілігіне, оқу материалының сипаты мен көлеміне, мұғалімнің ұйымдастыру – педагогикалық шеберлігіне , оқушының оқып-үйренуге болған қабілетіне, оқу уақытына байланысты;

- оқу əдістері. Дидактикалық əдістер тиімділігі əдістерді білу мен қолдану ептілігіне, оқу-мақсаттарына, мазмұнына, оқушылардың жеке деңгейі мен оқуды меңгеру қабілетіне, материалдық-техникалық қамсыздығына, оқу процесінің ұйымдасуына тəуелді;

- оқуды басқару. Оқудың нəтижелі болуы оқу жүйесіндегі кері байланыстың жеделдік сипатына, реттеу-түзету ықпалдарының орынды келуіне орайласады;

- оқуға ынталандыру. Оқу нəтижесі шəкірттің білім игеруге деген іштей ынта-ықыласы мен оқу əрекеттерінің өзіне тəн тартымына (внутренние стимулы); оқу əрекетіне мүмкіндік жасаушы сыртқы жағдайлар (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық).

Жеке (нақты) заңдылықтар оқу жүйесінің кейбір тараптарына орай іске қосылады. Оқу процесінің жеке (нақты) заңдылықтары:

- дидактиканың тек өзіне тəн (оқу нəтижесі қолданылған оқу əдістері мен құрал-жабдықтарына, оқытушының кəсіби шеберлігіне жəне т.б. байланысты);

- таным теориясына (гносеологиялық) сай (оқу нəтижесі оқушылардың танымдық белсенділігіне, ептілігіне жəне оқуды қажетсінуіне, т.б. тəуелді);

- психологиялы? (оқу нəтижесі шəкірттердің оқу-үйрену мүмкіндіктеріне, зейін деңгейі мен тұрақтануына, ой-ақыл ерекшеліктеріне жəне т.б. байланысты);

- əлеуметтік (жеке адамның дамуы төңірегіндегі басқа адамдармен тікелей не жанама қарым-қатынасына, қоршаған ортаның ақыл-парасат дəрежесіне, мұғалімнің оқушымен қатынас жасау стиліне жəне т.б. тəуелді);

- ұйымдастырушылық (оқу процесінің тиімділігі оның ұйымдастырылу дəрежесіне, сол процестің оқушыда оқуға болған ынтаны, қажеттікті тəрбиелеуге бағытталуына, таным қызығушылығын қалыптастыруына, қанағаттану лəззатына бөлеп, танымдық белсенділікті қанаттандыруына жəне т.б. тікелей байланысты);

Оқу заңдылықтарының нақты көріністері принциптерде жəне оларға орай қабылданған ережелерде байқалады.

Ережелер мұғалімге қандай да бір жағдайларда нақты əрекеттерді жасауға сілтеме беріп, белгілі бір талаптарды орындауға бағыттайды. Ал бұл нұсқаулардың қалай орындалуы мұғалімге тəуелді. Мысалы, оқушы сабақ басына кешігіп, сыныпқа қоңыраудан соң кіріп келді. Мұндай жағдайда мұғалім ережеге сай оқушыға қандай да ықпалды əрекет жасауы қажет, себебі тəртіп бұзу ескерусіз қалмауы тиіс. Ал бұл ескерту қалай орындалады- оның жолы бүтіндей жəне толығымен нақты ситуацияға, оқушы тұлғасына, мектепте қабылданған тəртіптерге, қалыптасқан қатынастарға жəне көптеген басқа да себептерге байланысты.

4 Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері

Оқудың дәстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі дидактикалық принциптер: саналылық және белсенділік, көрнекілілікпен оқыту, жүйелілік және бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, көңіл-күй ескеру, теория мен практиканы байланыстыру. Саналылық және белсенділік принципі негізінде ғылым тарапынан анықталған заңдылық тұжырымдары жатыр. Білім мәні оқушының өз ақыл-ой белсенділігі арқасында игерілген терең де Әрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен жағдаяттарға тәуелді: оқу мотивтері, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипаты, танымдық іс-әрекетті басқару және оқу тәрбие процесін ұйымдастыру, мұғалім қолданған әдістер мен оқу жабдықтары және т.б. Оқушының өзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу материалын терең әрі берік игеруде пәрменді ықпал жасайды. Оқудың саналылық және белсенділік принципін іске асыру барысында келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс:

- алдағы жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анық түсіну- саналы оқудың қажетті шарты: оларды оқушыларға көрсету маңызы мен мәнін түсіндіру, болашақтағы қажетін бала санасына жеткізе білу;

- оқыту барысында оқушы не, неліктен және қалай істеу керектігін түсінуі, сонымен оқу жұмыстарын қарадүрсін орындамай, алдын-ала олардың терең мән, мағынасын ұғынуы;

- оқу барысында танымдық іс-әрекеттің барша түрлері мен формаларын пайдалану, талдауды біріктіру тәсілімен, индукцияны дедукциямен салыстыруды қарама-қарсы қоя, біріктіру, сәйкестікті жиі пайдалану, балалардың жасы кіші болса, индукция тәсілін жиі қолдану;

- оқушылар әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мән-мағынасын түсінуі; оларды қолдануда оқушылардың өтілген білімдері мен тәжірибесіне сүйену, бейнелі салыстыруларды пайдалану, мән-мағынасы жете ашылуы мүмкін болмаған ұғымдарды сабақта қолданудан аулақ болу;

- балалардың бірін-бірі оқыту мүмкіндіктерін пайдалану, дұрыс шешім табудың ұжымдық формаларын дамытуға қажет жағдайларды қамтамасыз ету, мұғалімнің түсіндірмесінен гөрі, қасында бірге отырған жолдасының әңгімелеп бергені тиімді де, әрі жеңіл, сондықтан сыныптағы үздік оқушылар қолынан келетін оқу істерін өз міндетіне алуы, бала белсенділігін тәрбиелеуде уақытты да, күш-қуатты да аянбау. Есте болсын, бүгінгі белсенді оқушы қоғамның ертеңгі белсенді мүшесі;

- оқушыларға белгісіз мәліметтерді бұрынғы белгілілерімен логикалы ұштастыру: игерілген мен игеріліп жатқан білімдердің арасында логикалы байланыс болмаса, саналы оқу да болмайды.

- Есте болсын, оқудағы басты нәрсе –оқытылып жатқан пән емес, ол мұғалім тәрбиесімен қалыптасып жатқан тұлға. Оқушыны пәнге қосалқы элемент болмайтындай етіп оқыту әрі тәрбиелеу, керісінше, оқушыны сол пәнді мұғаліммен бірге белсенді игеретін субъект дәрежесінде тану. Тұлғаны қалыптастыратын пән емес, пәнді оқытумен байланысқан мұғалімнің өз әрекет-қимылы.

- оқушының бақылайтын деректері мен игерген білімдері арасындағы айырмашылықтарды тауып және оларды түсіндіруді талап ететін жағдайлар жасау;

- егер әр ереже тиімді сандағы мысалдармен қамтамасыз етілсе және сол ережелердің қолдану ауқымы қаншалықты кең екендігін оқушы түсінсе, оқу табысы соғұрлым жоғары болады.

- игеріліп жатқан материалдардағы басты және екінші дәрежелі ақпараттарды табуға және ажыратуға үйрету. Оқушыны ең алдымен өзекті проблемаларды түсініп, игеретін дәрежеге жеткізу. Сабақта келтіретін дерек және мысалдардың негізгі мәселе мәнін көлеңкелеп тастамауы.

Көрнекілікпен оқыту принципі. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді әртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру органдарының аса жоғары сезімталдығына ие; рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру органдарынан (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалады. Оқу тәжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске асырған. Солардың кейбірін еске салайық:

- сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға қарағанда, табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл әрі тез есте қалатынын ескеріп, оларды оқу процесінде пайдалану.

- есте болсын, сәби ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен, түйсіктермен өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденген ұғымдар мен сөздерден құралмай, оның тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерді арқау етеді.

- оқушылар үшін ең маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды пайдалану, дәлірек айтсақ, көз қабылдауына – көретінді, құлақ қабылдауына – естілетінді, иіс, дәм қабылдауға тиісті мүшелерді;

- бір көрнекілікпен шектеліп қалмау: көрнекілік – мақсат емес, оқушының ойын дамыту және оны оқыту құралы;

- оқыту және тәрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар және бейнелер негізінде жеткізілсе, тез әрі жеңіл қабылданады; олардың мəнін ашуға әрқилы көрнекілік түрлерін пайдалану;

- көрнекілікті тек сурет ретінде қолданбастан, оны проблемалық ситуацияларда өз бетінше білім алу көзі ретінде де пайдаланған жөн. Бұл оқушылардың тиімді ізденіс және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді;

- көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар жөнінде өте анық және дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жәрдемін беретінін оқу және тәрбие барысында естен шығармау;

- оқушы бақылауларын жүйелестіріп, себеп- салдарлармен сәйкестендіру;

- көрнекі құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берілген бейнелерді тұтастай қабылдауға, кейін бастысын және екінші дәрежелілерін өз алдына, содан соң – қайталай тұтастыққа келтіруге үйрету.

- әртүрлі көрнекілікті пайдалану, бірақ көрнекі құралдар санын шектен асырмау, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп, негізгі мән-мағынаны қабылдауға кедергі жасайды.

Жүйелілік және бірізділік принципі келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың басты тәсілі – белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі логикасымен және оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу процесінің тиімді әрі жоғары нәтижеге жетуі ол процесте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сәттердің болмауына және бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тәуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар логикалық ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-әрекетінде үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйелілік және бірізділік сақталмаса, оқушылардың даму процесі бəсеңдейді.

Мұғалім практикасында жүйелілік және бірізділік принципі көптеген ережелерді орындаумен іске асып барады, олардың арасында аса маңыздылары келесідей:

- оқушылардың білімдер жүйесін қалыпты игеруін қамтамасыз ету үшін схемаларды, жоспарларды орынды пайдалану. Оқу материалын логикалық бітімге келген бөліктерге ажырату, оларды бірізді іске асырып бару, балаларды бірізді оқу әрекеттерін жасауға үйрету;

- егер жауабы табылмайтынына не шешімі алынбайтынына көзі жетсе, ондай сұрақтарды немесе мәселелерді сабаққа қоймау;

- материалдың мазмұндық жүйесін, сондай-ақ оқу тәсілдерінің жүйесін бұзуға жол қоймау, ал егер жүйе себепсіз өзгеріске түсе қалса, үлгермеушіліктің алдын алу үшін олқылықтарды түзету;

- әрдайым пән аралық байланыстарды пайдалану. Мазмұндық тұрғыдан, сондай-ақ оқу әдістемелерінде барша сыныптар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;

- оқу әдістемелерінің жетістіктерін пайдалану: оқушылармен тірек-конспекттер, оқу материалының құрылымды - логикалық схемасын түзу, білімдерді игеру процесін жеңілдететін шараларды қолдану. Оқу барысында жүйелілік пен бірізділікті қамтамасыз ету үшін бұрын өтілгендерді жиі қайталап отыру және жетілдіріп бару;

- қысқа және қорытынды қайталауларды сабақтың басында немесе ақырында үй тапсырмаларына байланысты қолданып қана қоймай, оларды бүкіл сабақ барысында негізгі проблемаға орай, сонымен бірге жеке мәселелерді баяндаудан соң да пайдалану, жаңа материалдарды өтуді күрделендіретін жағдайлардан сақ болу, сабақ тақырыбына жасанды ендірілген, оған тікелей қатысы жоқ идеялар (білімдік, дамытушы, тәрбиелік) дәріс нәтижесі мен оқу құндылығын кемітеді. Осыны ескере отырып, аса маңызды болған идеяларды оқу мазмұнына және балалардың мүмкіндіктеріне орай игертуді, оқу-тәрбие процесінің жылдық жоспарына ендіруді алдын ала көздеу.

- өтілгендерді қайталау сабақтың басында білім мен ептіліктердің игерілу деңгейін анықтау үшін немесе сабақтың ақырында ұсынылған ақпаратты бекіту үшін ғана орындалмай, бұл жұмыс логикалық бітімге келген оқу бөліктерінің әрбірінен соң, сабақ барысында іске асып баруы шарт;

- оқушылардың ой өрнектеу тәсілдері мен формаларын бақылап бару, тұрақты әрі үлкен шыдамдылықпен балаларды дербес еңбектенуге үйрету. Тапсырмаларыңыз дербес орындалуда бірте-бірте күрделеніп барсын, сонымен бірге олардың табысты орындалуы үшін мүмкіндіктер жасау. Істі, мүмкін болғанша, оқушының өзі орындасын, қажет болса, көмек беру.

- оқудан болар жарқын болашаққа оқушылардың сенімін жеткізу;

- сезімдік тәжірибе мен тірек білімдерді орынсыз әрі жиі жаңғыртуға әуесқой болмау, жаңа білімдерді игеруге ғана қажеттерін еске түсіріп, әркімге белгілі әшейін біліктерді хабарлау үшін өзі де тығыз сабақ уақытын алмау.

Беріктік принципі келесідей заңдылықтарға негізделеді: мазмұнын игеру және оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы – оқу процесінің бір-біріне байланысқан екі тарапы; игерілген оқу материалының беріктігі объектив жағдаяттарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен құрылымына ғана тәуелді болып қоймай, оқушылардың сол пәнге, материалға, мұғалімге деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, әрқилы оқу түрлері мен әдістерін пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзіміне байланысты келеді; оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие: қандай да материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал берік орнығады және ұзақ сақталады.

Игерілген білімдердің бекуіне жәрдемші оқу іс-әрекеті механизмдерін түсінуден дәстүрлі оқу жүйесіне жаңа ережелерді ендіру мүмкіндіктері ашылды:

- қазіргі заман оқуында ес мүмкіндіктерінен гөрі ойлау қабілеті көбірек іске қосылады. Сондықтан аса қажетті болмаған білімдік материалдарды жаттауға сарп етпей, балалардың күш-қуатын үнемдеу, ес жүктемесін ойлау әрекетіне кедергі болар дәрежеден арттырмау.

- қате қабылданған немесе түсініксіз материалдардың есте бекуіне жол қоймау, бала әр уақыт саналы игерілген және түсінген білімін ғана есте сақтайтын болсын;

- қосалқы сипатқа ие материалды жаттаудан балаларды құтқару үшін, оларды әрқилы анықтама кітаптарымен, сөздіктермен, әмбебап ақпарат құралдарымен пайдалануға үйрету.

- есте сақтауға қажет материал қысқа да нұсқа болуы тиіс. Оқушының өзі ойланып, жеңіл есіне келтіретіндерінің бәрін жатталатын материалдар қатарынан шығарып тастау.

- Есте болсын, өтілгенді ұмыту процесі оқу жұмысы біткен бойда қарқынды жүреді, сондықтан қайталаулар уақыты мен жиілігі ұмытудың психологиялық заңдылықтарымен сәйкестендірілуі қажет;

- қайталаулар жиілігі оқушының ұмыту жағдайларына сәйкес болуы тиіс. Қайталаулардың көбі жаңа материалдың өтілу ізімен, яғни ақпараттың ең көп жойылатын мезетінде ұйымдастырылып, ал кейін бұл бекіту жұмыстары бірте-бірте кемиді, бірақ толық тоқтатылмайды;

- оқушыларды өз мүмкіндіктеріне сәйкес күш салып, жұмыс істеуге үйрету. еріншектікке жол бермей, тиімді іс-әрекет желісін қалыптастыру;

- алдын-ала оқу процесіне аса қажет екі сапаны – қызығу мен ұнамды қатынас қалыптастырмай, жаңа материал өтуді бастамау;

- оқу материалын ұсыну логикасына назар салуды ұмытпау, өзара логикалық байланыстағы білімдер мен нанымдар жеке-дара, тұтастығы жоқ ақпараттарға қарағанда, берік игеріледі;

- оқу қарқыны төмендегенін байқаудан, кейінге қалдырмастан оның себебін анықтау. Бұл жағдайдағы себептер түрі келесідей болуы мүмкін: оқу процесіне қызығушылықтың болмауы және шаршау. Оларды қайта қалпына келтірудің жолдарын іздестіру, оқу барысын жасанды жеделдетпеңіз.

Түсініктілік принципі оқытудың көп ғасырлық тәжірибесі талаптарынан туындайды: бұл, бір жағынан – оқушылардың жастық даму заңдылықтарына байланысты келсе, екінші жағынан – дидактикалық процесті оқушылардың даму деңгейімен сәйкестендіре ұйымдастыру және іске асыруға тәуелді. Бала өзінің ойлау деңгейіне, жинақтаған білімі, ептілігі, ойлау тәсілдеріне сәйкес келген дүниені ғана түсіне алады.

Түсініктілік принципін іске асыруда қажет, өз уақытында Я.А.Коменский өрнектеген классикалық ережелер: жеңілден-қиынға, белгіліден-белгісізге, қарапайымнан-күрделіге өту. Қазіргі заман оқу теориясы мен практикасы түсінімін оқытуда міндетті болған ережелер тізімін кеңейте түсті:

- өтілуге тиіс материалдардың бәрі әр жас қабылдауына сәйкес реттестіріліп, ұсынылуы тиіс;

- оқушы санасы қандай да пәнді қабылдауға дайын болуы қажет екендігін ұмытпау;

- оқыту барысында балалардың табиғи мүмкіндіктерін, олардың дайындығы мен даму деңгейін арқау ету, балалардың өмір тәжірибесін, қызығуларын, бейімділігін, даму ерекшеліктерін зерттеу және оқытуда ескеру;

- оқу мазмұны және тәсілдері балалар дамуынан бір шама алда жүретіндей болсын;

- оқушылардың әртүрлі топтарындағы оқу ерекшеліктерін назарға алу. Бір текті мүмкіндіктері бар балаларды жіктеулі топтауға біріктіру;

- оқу процесін тиімді қарқында жүргізу, бірақ күшті оқушыларды аяқтан тартпайтындай, сонымен бірге орташа және үлгерімі төмен оқушылардың дамуына тиімді ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру;

- оқу жұмысы белгілі дәрежеде күш салуды қажет етеді. Олай болмаса, балалар жұмыс орындауға дағдылана алмайды. Оқушылар әрдайым өз мүмкіндіктерінен төмен оқу қарқынын қалайды. Осыны ескерумен мұғалім әр оқу ситуациясына сәйкес оқу желісін тиянақты әрі нақты белгілеп барғаны жөн;

- педагогиканың және психологияның жаңа жетістіктерін пайдалану: нақты білімдер мен ептіліктерді кіші көлемдегі материалдар жәрдемімен қалыптастырып бару, ал қорытынды білімдерді қалыптастыруда – іріленген білім блоктарын пайдалану;

- сабақ барысында ұқсастықты, салыстыруды, беттестіруді, қайшылықтарды кең қолдану, жаңа және күрделі материалды өтуде күшті оқушыларды қатыстыру, ал бекіту жұмыстарына - орташа және төмен оқушыларды тарту;

- жаңа ұғымды енгізу бір сабақтың танымдық міндеттерімен ғана байланыстырылмай, бүкіл өтілген оқу жүйесіне негізделуі тиіс.

Ғылымилық принциптің талабы – оқушылар игеруіне ғылым тарапынан анықталған білімдерді ұсыну. Мектептік білімденудің де міндеті осы ғылыми білімдерді игертуге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп білімінің мазмұнына және оны қалыптастыру принциптерін қатаң ұстануына; мұғалімдердің мазмұнды толық іске асыра алуына тәуелді; қабылданған білімдердің ғылымдық сипаты оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пән аралық байланыстарда іске асып барады. Озат дидактикалық жүйелер практикасы бұл принципті жүзеге келтіретін бірнеше ережелерді пайда еткен:

Педагогика ғылымының функциялары