Педагогикалық инновация

Педагогикалық инновация

 

І.Кіріспе  бөлім

1.1. «Инновация» терминінің ғылыми сипаттамасы

1.2.Білім берудегі инновациялар

 

ІІ.Негізгі  бөлім

2.1. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс-әрекет

2.2. Білім берудегі инновациялық процестер, педагогикалық технологиялардың тиімділігі

2.3. Инновациялық үрдістерді оқу үрдісіне енгізу

2.4.Бастауыш  мектепте білім берудегі педагогикалық  инновация

2.5.Білім берудегі  инновациялық процестерді болжамдау

 

ІІІ.Тәжірибелік  бөлім

 

ІҮ.Қорытынды

4.1.Инновациялық іс – әрекеттің теориялық негіздері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.  «Инновация» терминінің ғылыми сипаттамасы

Соңғы жылдары  ғылым саласында жаңа мектеп құруда, мектептің даму үрдісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық  инновация дамып келеді. «Педагогикалық инновация» жаңа ұғым болғандықтан, осы теорияға тоқталып, теориялық және тәжірибелік мәселелеріне талдау жасауды жөн көріп отырмын.

«Инновация» деген  сөз – латынның «novus» жаңалық  және «in» енгізу деген сөзінен  шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңалық, жаңару, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Т.И. Шамова, П.И.Третьякованың  еңбегінде «Инновация дегеніміз  – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық  енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық  енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация  үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс – тәсіл мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Зерттеушілердің айтуынша: «инновация» – педагогикалық категорияларға жатады және ол мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс – тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.

Н.Нұрмағанбетов  «Инновация» білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда оқу – тәрбие жұмыстарының түрлерінде, тәсілдерінде, оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады дейді.

Бүгінгі күні Қазақстанда  білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Педагогика ғылымында  баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде.

Келер ұрпаққа  қоғам талабына сай тәрбие мен  білім беруде мұғалімдердің  инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық  негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі.

Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді .

Бүгінгі мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі  білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. [1]

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Инновация  латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді  немесе  "инновация" — бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Инновациялық  үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.

Инновация мәселелерімен  айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың  еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Сөл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған.

Инновация білім  деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. [2]

Мемлекеттік білім  стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін  ұйымдастыру жаңа педагогикалық  технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген  дүние.

Қазіргі оқу  орындары мен педагогикалық ұжымдар  ұсынылып отырған көпнұсқалыққа  байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Жаңа педагогикалық  технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Жаңа технологияны қолдану  оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту  мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.[3]

Бүгінгі таңда  білім берудің ұлттық жүйесі өте  маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында  тұр. Қазіргі кезде   қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта  мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді.

Үздіксіз жаңалық  енгізу білім беру мекемелерінің, соның  ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр.

Инновацияның  өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс  істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға  байланысты.

Білім беру мекемесінің  алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы  ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.

Инновацияның  қажеттілігі сыртқы себептермен  де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын  қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке түлғаның дамуы. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады. [4]

Бүгінгі таңда  білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр, тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде. Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін мектеп үздіксіз өз қызметін жақсартуға және қайта құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.

Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс  ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің  даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі  дәрежесінің нәтижесі немесе салдары  деп айтуға болады. Дегенмен, кері байланыс та бар. Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Осы тұрғысынан қарайтын болсақ, білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып қоймай, қажетті шарттары да болып табылады.

Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары  сияқты кез келген инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының прогрессивті дамуына  ықпал етуі керек. Бұл қызметті күнделікті тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек.

Жалпы, білім  беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық  қана емес, ол қоғамдық та мәселе болып табылады, білім беру қызметі қоғам үшін ерекше ықылас білдіріп, балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның мүдделі екенін де айтуымыз керек.

Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық  бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.

Оқушылармен жұмыс  істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу және қабылдау біздің мектептердің үздіксіз мұқтаждықтарынан туындайды. Сондықтан біз білім беруді демократияландыру  мен ізгілендіруді үздіксіз жүріп, дамып отыратын қоғамдық үрдіс ретінде түсінеміз . Білім беру жүйесінде инновацияны енгізу, қабылдау мен жетілдірудегі тоқтаусыз үрдіс ретінде, күнделікті білім беру қызметінің бөлігі ретінде қарауды талап етеді. [5]

Білім беру жүйесі құрылымының өзі қоғам үшін, өмір сүріп отырған деңгейінде сақтап қалу үшін оның тамыры табиғатта, біздің қоғамның негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы әрбір маңызды өзгеріс өзімен бірге білім беру жүйесін де жаңалыққа тартады.

Осындай жағдайда білім беру жүйесі қоғамдық қызметтің басқа салаларымен бірлесе отырып қана аяғынан тұрып кетеді. Бұл жерде жоспарлы және сыртқы әсермен емес, ішкі себептермен болған жаңалықтар арасындағы сырттан және білім берудің өзінің ішінен болған өзгерістердің нақты шекараларын анықтау өте қиын екенін атап өткен жөн. Өйткені, инновациялар бір мезгілде қайта құрудың әрі негізгі нәтижесі, әрі ең тиімді тәсілі болып табылады. Мұндай жағдай білім беру мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, сондай-ақ, "МҰҒАЛІМ-ОҚУШЫ" қарым-қатынасындағы әдістеме мен үлгісін және мазмұнын да жаңалыққа жетелейді.

Еліміз егемендік  алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің  талабына сай білім беру барысында  оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.

Ғылым мен техниканың дамуымен әлеуметтік өмір деңгейі де өзгеріп отырады. Осының бәрі табиғат  байлығына адам миы мен күшінің  жұмысынан туады. Әр адамның ойы мен білімі әр қоғамға қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондайлық керек. Мұның өзі дүние бір бірімен байланыста дамитынын ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да қадағалай білген жөн.

"Қазақстан  Республикасының білім беру дамыту  туралы тұжырымдамасының" басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр.

Тұжырымдаманың  басты ерекшелігі мен артықшылығы білім берудің ұлттық жүйесін қайта құрудың принципті жаңа идеяларын ұсынуында болып отыр.

Бүгінгі қоғамда  мектеп қабырғасында және жоғары оқу  орнында оқып білім алып жатқан жас  ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасында көрсетілген "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы" сияқты ұзақ мерзімдік асыру стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерді сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.

Білім берудің  мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін  білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:

Мақсат —> мазмұн —> форма —> әдіс —> оқыту  көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену —> меңгеру —> өмірге ендіру —> дамыту болып өзгерген.

Егемен еліміздің  экономикасы мен саясатының, білім  мен ғылымның тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек. Оның негізі бүгін қалануы тиіс. Бұл міндетті шешетін - болашақ қазақ мектебі. Құрғақ қиялдан болашаққа нақты ұсыныс керек.

Инновациялық  оқыту білімді тереңдетумен қатар  оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Технология – бұл қандай да болсын істегі,  шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.

 

 

    1. Білім берудегі инновациялар

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті –  ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім  алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілірге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.Сондықтан да қазіргі қоғамымызға әр мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде теория жүзінде анықталып, практикада қолданыс тапқан әрі оқыту үрдісінің тиімділігін арттыратын жаңа әдіс – амалдарды инновациялық тәсілдер деп атайды. «Инновация» жаңалық , жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнын, оқытушы мен студенттің бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Білім беру процесіне енгізілген инновация адамның кәсіптік қызметіне тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген оқытушы мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесінен туындайды. Бұл процесс өздігінен дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогикалық маңызы екі проблеманы құрайды. Олар – озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық – психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезенге дейін бір- бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдануға тиіс.

Бұның барлығы  педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару  қызметінің маңыздылығына көз жеткізе  түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық  технологияның , теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қаматамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманға білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады. Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда. Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «жоғары білімді дамытудың негізіг үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми – зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп көрсетілген. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік – педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнын оңтайлы анықтаудың тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау да.

Елбасы «Жаңа  онжылдық – жаңа эконоимкалық өрлеу  – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын биылғы Жолдауында білім  беру саласы бойынша да нақты міндеттер  белгіліп отыр.Жоғары білім сапасының  халықаралық талаптарға жауап беруге тиіс екенін, бұл үшін жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттерінің рейтингісіне енуге ұмтылуы міндетті екені атап көрсетілген. Болашақта қазақстандық адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін белсенді инновациялық тарту жоспарының маңызы да ерекше. Адам ресурстарының білімсіз болуы келешектің тиімсіз болатынын айқын көрсетіп отыр. Жолдауда: «Экономиканы әртараптандыру арқылы табысқа жетудің кілтінің бірі – Астанадан құрылатын үлкен оқу орны инновациялық университетте жатыр. Сол университетте біліммен бірге ғылымға да көңіл бөліп, жұмыс істейік деген ойлар айтылды.Сонымен қатар Жолдауда «2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс» деген тапсырма берілді. Осы онжылдықта білім берудің әлемдік инновациялық тенхологияларын игеру, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы университеттерінің рейтінгіне ену үшін барлық мүмкіндікті толық пайдалану, оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігіне қол жеткізу. Қазақстандық жоғары оқу орындары қазіргі кезде аса жауапты кезеңді бастарынан кешуде. Білім беру жүйесін реформалау мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналып отыр.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткізген «Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа интеллектуалды құралы ретінде экономикалық және қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сәйкес келетін «Зиялы ұлт – 2020» атты жобаны іске асыру отандық білім дамуының басым бағыты болып табылады деп атап көрсетілген еді. Еліміздің өміріндегі білім берудің және интеллектуалды ресурстардың рөлі Елбасы сөзінде нақты көрсетілген: «Әр азаматтың денсаулық, интеллект және білім деңгейі қаншалықты сапалы болса, соншалықты мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі әлемдік қауымдастығында жоғары болады». Жаһандану заманында Қазақстандағы білім саласының дамуындағы жаңа технологиялар; электронды оқытудың пилоттық жобасы, білім беру порталын құру.Білім беру порталы оқу үрдісінің мекен – жайлық (Үйде оқыту) оқу - әдістемелерімен қамтамасыз ету, әрбір студент үшін оқу әдебиетінің, оқу - әдістемелік кешендердің, жеке тапсырмалардың электронды нұсқаларының қолжетімдігі, оқудан тыс уақыттағы профессор – оқытушылардың және тәртіп жетекшілерімен интерактивті байланыс және білім қызметі нәтижелерін үнемі мониторингтілеу мүмкіндігін қамтамасыз ету, Интернет желісіне жаппай енуді жүзеге асыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену, шетелдік жоғары оқу орындарымен екі жақты тәжірибе алмасу, білім берудің халықаралық стандарттарына қол жеткізу, оқытушылар мен студенттердің академиялық мобильдігі, екідипломдық білім беру, «Тілдердің үш тұғырлы» жобасын іске асыру, кредиттік оқыту жүйесін жүзеге асыру, Қазақстандық зиялы, Интеллектуалды ұлтты қалыптастыру білім беру саласының басымдықтары болып отыр. Жаңа дәуір ұлттық бәсекеге, мәліметтік сайыс,психологиялық өзгерістер сияқты көріністермен белең алады. Сондықтан, сол кезеңге сай нтеллектуалды, ой - өрісі жоғары дамыған азаматты қалыптастыру – мемлекеттің бүгінгі күнгі ең өзекті мәселесі.

 

2.1. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс-әрекет

«Инновация» термині  ағылшын тілінің «innovation» деген  сөзінен шыққан, аудармасы «жаңашылдықты  енгізу».

 Қазіргі  заман инновацияларының көпшілігі тарихи тәжірибемен сабақтас және өткенмен ұқсастықта. Инновациялық процесс - бұл дамуы жағынан мақсатты бағытталған және құрылуы жағынан саналы процесс қазіргі заманның идеяларын, теорияларын, әдістемелерін, технологияларын тарату және меңгеру, қолдану, белгілі критерийлерге сәйкес келетін және белгілі бір жағдайда өзекті және бейімделген процесс болып табылады. Ол жүйенің саналы жақсаруына бағытталған, жаңа тәртіптің енуін және жаңашылдық тұрғысынан оның көзқарасының өзгеруін және оның қатысушыларын ынталандыруды көздейді.

 Инновациялық  процесс - білім беру процесіне  тұрақты жаңа элементтер кіргізетін, жүйенің бір жағдайдан екінші  жағдайға көшуіне апаратын жаңалық,  жаңадан ендірілетін әрекет. Білім  беру ұйымдарының жаңалықтарды  жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты қызметі. Инновациялық білім процесінің негізінде педагогиканың екі маңызды проблемасы жатыр:

1. Педагогикалық  тәжірибені оқыту проблемасы.

2. Психологиялық  - педагогикалық ғылым жетістіктерінің  практикасына дейін жеткізудің проблемасы.

 Білімдегі  инновациялық процестің нәтижесі - теориялық, практикалық жаңалықтарды  пайдалану болып табылады.

 Сонымен,  білім жүйесіндегі инновация  - білім мақсатына жаңашылдықты  енгізуді көздейді, оқыту мен  тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу, мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің принципті жаңа білімділік бағдары болған жағдайда, білім беру жүйесінің мақсатын, мазмұнын, әдісін, түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттағы білім мен тәрбие беруді көздейді.

 Инновациялық  процестің дамуына екі фактор  ықпал етеді:

 Объективті  фактор - инновациялық қызметтің  дамуына ықпал ететін және  оның нәтижесінің ұғымын қамтамасыз ететін жағдай жасау;

Инновация –  педагогикалық процеске оқыту мен  тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу  жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатыңа жету.

Инновациялық  процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.

70-80 жылдары  Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова,  В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі  сол кездегі ұстаздар қауымының  тарапынан үлкен қолдауға ие  болды.

Инновациялық  мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны  жан-жақты дамыту.

Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:

•    білім  мазмұнындағы инновация;

•    оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;

•    оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;

•    мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.

Жаңалықтан  кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:

-    жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;

-    модульдық  (бір-бірімен байланысты): бір-біріне  жақын пәндерге және жас деңгейлері  бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;

-    жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.

Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.

Модификациялық  инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды

Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің  бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін  қазіргі кезде тілдерді оқыту  әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.

Иннавациялық  іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын  дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім  өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.

Инновациялық  процестің кезеңдері:

•    иновацияның  себептері;

•    жаңалықты  жобалау;

•    жаңалықты  жүзеге асыру.

Инновациялық  іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:

•    мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;

•    инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;

•    бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың  кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;

•    әлеуметтік-экономикалық жағдай;

•    инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

 

2.2. Білім берудегі инновациялық процестер

Білім берудегі инновациялық процестер. Мұғалімдердің  біліктілігін арттыру Педагогикалық  қызметтің инновациялық бағыттылығы.Мұғалімдердің  біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау.

Педагогикалық қызметтің инновациялық багыттылыгы. Білім берудегі инновациялар.

Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәрінс де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың  және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Ииновация өздігінен пайда  болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.

Хүтвс педагогикалық  процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей  алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа — жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы сала-ларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болған-дықтан мүғалімнен арнайы психологиялық - педагогика-лық дайыңцық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.

Инновация —  жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген  ұғымды білдіреді. Инновация құрал  және процесс ретінде әлдебір  жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық  процесте инновация оқыту мен  тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты  мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың  маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.

Бұның барлығы  педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару  қызметінің маңыздылығына көз жеткізе  түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық  технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мүғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.

Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.

Екіншіден, білім  беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының  үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.

Оқушыларға  сапалы білім берудегі озық педагогикалық технологиялардың тиімділігі.

Білім беру жүйесіндегі  инновациялық технологиялар:

Педагогикалық инновация