Персоналды басқару. 2
МАЗМҰНЫ
| КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. | 3 |
| 1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . | 5 |
|
5 |
| 1.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. | 13 |
| 1.3. Жеке кәсіпорынды құру және тарату тәртібі . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . .. | 20 |
| 1.4. Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері. . . . . . . .. . . . . | 25 |
| 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНА ТАЛДАУ. . . . . | 30 |
| 2.1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына талдау. . . . | 34 |
| 2.2. Шағын және орта кәсіпкерліктегі инновациялық қызмет. . . . . . . .. . . .. | 38 |
| 2.3. Франчайзинг - шағын бизнестегі кәсіпкерлік лицензия. . . . .. . . . . . . . . | 44 |
| ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. | 47 |
| ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . | 49 |
КІРІСПЕ
Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие болды. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бәсекелік ортаның күшеюіне, тұтыну нарығын қажетті тауарлармен толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге, халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайының жақсаруына, ҒТП - ны жеделдету, жаңашылдықты енгізу және басқа да көптеген маңызды мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізеді
Кіші және орта бизнестің субъектілерінің дамуы көптеген мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Атап өтетін болсақ, кедейшілікпен күрес, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, экономиканың көтерілуі, инновациялық технологияларды ынталандыру және тағы басқа. Экономиканың осы сегментінде мықты ұлттық интелектуалды потенциал инновациялық техникалық ресурстар, венчурлық капитал шоғырланған.
Еліміздің экономикалық дамуның қай кезініңде болмасын кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамыту қазіргі сатысы экономика мен қоғамды басқаруда өте күрделі мәселелердің пайда болуымен сипатталады. Кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басымды бағыты болып саналады. Сондықтан да кәсіпкерліктің дамуы бірқатар әлеуметтік - экономикалық мәселелердің оң шешімін табуына және экономиканың өсу қарқынына оң ықпал етеді.
Осы аталғандарды ескере отырып, кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қазіргі кезде объективті қажеттілік екендігіне көзіміз жетеді. Өйткені ол мемлекеттің экономикалық жаңаруы мен жетілуіне, өндіріске, халықтың жұмыспен қамтылуына және өзге де мәселелерді шешуге оң әсерін тигізуімен бірге белгіленген экономикалық саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Осыған байланысты мемлекеттің кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытуға және оны жан - жақты қолдауға жағдай жасауы бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мол мүмкіндіктер ашады. Бұл мәселе еліміздің экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі ретінде барлық даму стратегияларында, мемлекеттік бағдарламада және Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында да қарастырылып, мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып отыр.
Курстық жұмыстың объектісі -Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерліктері.
Курстық жұмыстың мақсаты - шағын және орта кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау және талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- шағын және орта кәсіпкерліктің мәнін түсіну;
- шағын және орта кәсіпкерліктің құрылу тәртібін білу;
- шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауда инфрақұрылымынның түрлерін қарастыру;
.
1.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ОНЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні және экономикадағы рөлі
Шағын кәсіпкерлік - бұл нарықтық экономика субъектілерінің белгілі бір анықталған критерийлер, көрсеткіштер және заңдар негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметі. Әлемдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, әр түрлі ұйымдық - құқықтық нысандардағы кәсіпорындардың шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуының негізгі критерийі жұмысшылардың саны болып табылады. Бірқатар ғылыми жұмыстарда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бір меншік иесі басқаратын кәсіпорын немесе шағын адамдар тобынан құралған кәсіпорын жатқызылады делінген. Жалпы алғанда, әлемдік тәжірибеде шаруашылық жүргізуші субъектілерді шағын және орта кәсіпкерлікке жатқызудың жалпы критерийлері ретінде персоналдар саны, жарғылық капиталының мөлшері, активтерінің шамасы, айналым көлемі және т.б айтуға болады. Алайда, айтарлықтай жиі қолданылатын критерийлерге кәсіпорындағы жұмысшылардың жылдық орташа саны, кәсіпорынның жылдық айналымы және активтерінің мөлшерін жатқызуға болады. Ал дамыған елдердің барлығында дерлік негізгі критерий жұмысшылар саны болып табылады. Мысалы, құрамына дамыған елдер кіретін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының анықтауы бойынша кәсіпорындағы персоналдар саны 19 адамға дейін «өте шағын», 100 адамға дейін «шағын», 100 - 499 адамға дейін «орта» және персоналдар саны 500 - ден жоғары болса «ірі» кәсіпорындар ретінде анықталған.
Біздің елімізде кәсіпорындағы жұмыскерлер саны мен активтерінің мөлшері бойынша шағын, орта немесе ірі бизнеске жататындығын анықтай аламыз.
2006
жылға дейін ҚР Үкіметінің 1997
жылғы 8 - сәуірдегі №499 қаулысына
сәйкес шағын кәсіпкерлікке
- өнеркәсіпте, құрылыста және ауыл шаруашылығында - 50 адамға дейін;
- сауда және тұрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адамға дейін;
- көлік және байланыста - 25 адамға дейін;
- ғылым және инновациялық қызметте - 20 адамға дйін;
Ал жұмыскерлер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске жатқызылады.
Ресей Федерациясында қазіргі кезде шағын және кәсіпорындарды жұмыскерлер санына қарай анықтайды. Атап айтқанда келесі шарттар сақтауы керек.
- өнеркәсіпте - 200 адамға дейін;
- құрылыста - 100 адамға дейін;
- көтерме саудада - 50 адамға дейін;
- ауыл шаруашылығында - 50 адамға дейін;
- ғылымда және өндірістік емес сферада - 25 адамға дейін;
- бөлшек саудада - 15 адамға дейін;
Қазақстан
Республикасының «Жеке
Орта кәсіпкерлік субъектілері деп жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан асатын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан астам, бірақ 250 адамнан, ал активтердің орташа жылдық құны 325000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғаларды айтамыз.
Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын , жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 250 адамнан асатын және активтерінің орташа жылдық құны 325000 айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады.
Есірткі заттарының, психотроптық заттардың айналымен байланысты, акцизделетін өнімді өндіру және көтерме сатуды, астық қабылдау пункттерінде астық сақтау, лотереялар өткізу, ойын және шоу - бизнес, сертификаттау, метрология және сапаны басқару, мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату,радиоактивті материалдардың айналымы, банк қызметін және сақтандыру нарығындағы қызметті, аудиторлық қызметті, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды.
Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие болады. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бәсекелік ортаның күшеюіне, тұтыну нарығын қажетті тауарлармен толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге, халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайының жақсаруына, ҒТП - ны жеделдету, жаңашылдықты енгізу және басқа да көптеген маңызды мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасында маңызды орынға ие болуын және тиімді қызмет етуін оның келесі артылықшылықтармен түсіндіруге болады:
1) шағын кәсіпкерліктің икемділігі, өндірілетін өнімдердің тұтынушылардың талғамына сай тез бейімделу мүмкіндігі;
2)
жергілікті ресурстарды
3)
кәсіпорынды басқарудың
4) жұмыскерлердің және кәсіпорын басшысының жоғары нәтижеге жетуге деген ортақ мүдденің болуы, мотивацияның жоғарлығы;
5) ірі өндіріспен тиімді өзара әрекетте болу мүмкіндігі, яғни ірі кәсіпорындар арқылы қосалқы бұйымдар мен бөлшектерді өндірушілер және жеткізушілер ретінде әріптестік қатынаста болу;
6) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бастапқы капиталдың және жұмсалатын шығындардың салыстырмалы түрде аз болуы;
7)
өндірісті жаңарту,
Шағын
және орта кәсіпкерлікке тән
1)
тәуекел деңгейінің жоғары
2)
ресурстық, қаржылық және
3) өткізу нарықтарының тарлығы және әлемдік стандарттарға сай өнім өндіру мүмкіндігінің төмендігі;
4)
қызметкерлер біліктілігінің
5)
қосымша қаражаттар тарту және
несие алу мүмкіндігінің
Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі, өзіндік ерешеліктері,артықшылықтары мен кемшіліктері жөнінде көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. А.А.Шулустың пікірінше, шағын кәсіпорынның келесідей ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:
- кәсіпорынды тікелей басқару және меншік құқығының бірлігі;
- кәсіпорынның ықшамды болуы: оның масштабының шектеулілігі кәсіпорын иесі мен жұмыскердің арасындағы қарым - қатынастың ерекше, жеке сипатын көрсетеді. Ол қызметкер жұмысын мотивациялау мен оның еңбекке қанағаттануының жоғары дәрежесіне жетуге мүмкіндік береді.
- Ресурстар мен өткізу нарықтарының салыстырмалы түрде үлкен еместігі;
- Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен даму перспективасында кәсіпорын басшысының рөлі. Яғни, ол шаруашылық қызмет нәтижелеріне толық жауапкершілікте болады.
Шағын кәсіпкерліктің тиімділігінің басты факторы - олардың өнім өндіру облысында, сондай - ақ қолданылатын еңбек құралдары бойынша бір жақты мамандануы. Шағын кәсіпкерлік шектеулі номенклатурада өнімдер өндіреді және бір мезгілде жоғары өнімділікпен ерекшеленетін бір жақты мамандырылған құрал - жабдықтарды қолданады. Ол қысқа мерзімде өндіріс технологиясын және өндірістік үрдісті интенсификациялауға ғана емес, сондай - ақ негізгі құралдардың ұдайы өндіріс үрдісін өзгертуге мүмкіндңк береді. Шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымдық бөлімшелер құруға көп шығын жұмсауды қажет етпейді, яғни көлік көлік шаруашылығын, арнайы коммуникациялар, жөндеу шаруашылығын және үлкен қоймалар ұстаудың қажеттілігі жоқ.
Шағын кәсіпкерліктің тиімді қызмет ету мүмкіндігі ірі өндіріспен салыстырғанда келесідей бірқатар артықщылықтармен түсіндіріледі.
1. Өнім өткізудің жергілікті нарықтарына жақындығы және тұтынаушылар сұраныстарына тез бейімделуімен, ірі кәсіпорындар үшін тиімсіз болған жағдайда аз партиямен өнімдер өндіру, кәсіпорынды басқарудың тиімділігі мен қарапайымдылығы және басқалары.
2.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы
3. Шағын кәсіпорын құра отырып қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер немесе шағын кәсіпкерлікті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын, білімдерін меңгерудің өзіндік мектебі болып табылады.
4. Шағын кәсіпкерлік қоғамдық өндіріс үрдісінде қосымша еңбекті енгізеді, ал ол жаңа құндылықтарды құрады, ұлттық байлық пен ұлттық табысты көбейтеді.
Жалпы
алғанда шағын және ірі кәсіпкерліктің
негізгі айырмашылықтарын келесі кесте
түрінде көрсетуге болады.
| № | Айырмашылық белгілері | Ірі кәсіпкерлік | Шағын кәсіпкерлік |
| 1 | Өндіріс және қызмет
көрсету саласы |
Ірі өнеркәсіп салалары, жылу - энергетикалық және мұнай - газ кешендері | Өндіріс, сауда және қызмет көрсету |
| 2 | Стратегияны өзгерту | 3 - 5 жыл | 6 айдан 1 жылға дейін |
| 3 | Қызмет сферасы | Ірі қалалар мен өнеркәсіптік кешендер | Ірі және шағын қалалар |
| 4 | Бәсекелік ортаны құру | Нарықтың белгілі бір бөлігін жаулап алғандықтан бәсеке шектеулі болады | Шағын кәсіпорындар саны көп болғандықтан бәсекелік орта күшті болады |
| 5 | Кәсіпорынды құру және тіркеу | Едәуір қаржылық шығындардың қажеттігі және тіркеу тәртібінің ұзақтығы | Бастапқы шығындардың аз болуы және тіркеудің оңайлығы |
| 6 | Жаңа жұмыс орындарын құру | Жаңа жұмыс орнын құру қарқыны едәуір төмен | Жаңа жұмыс орындары едәуір жоғары қарқынмен құрылады |
| 7 | Басқару құрылымы | Күрделі | Қарапайым |
| 8 | Шешім қабылдау | Ұзақ уақыт қажет етеді | Аз уақытта және ұтымды шешім қабылдау мүмкіндігі |
| 9 | Басқару жүйесіндегі мүдделердің үйлесуі | Құрылтайшылар мен басқарушылар мүдделерінің арасында қайшылықтың туындау мүмкіндігі | Басқарушы және құрылтайшы бір адам болуы мүмкін, басқару жүйесіндегі мүдде қайшылығының жоқтығы |
Шағын
және ірі кәсіпкерліктің негізгі
айырмашылық белгілері
Бұл
кестеден байқағандығымыз ірі
Шағын кәсіпкерліктің ел экономикасындағы рөлін келесі факторлармен де анықтауға болады:
1)
дара кәсіпкерлер мен шағын
кәсіпорындардың нарықтық
2) өнім өндіруде (жұмыс орындау, қызмет көрсету), жалпы ішкі өнімді құрудағы шағын кәсіпорындардың қосқан үлестермен:
3) республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыруда шағын бизнес субъектілерінің салған салымдарымен немесе үлестерімен;
4)
еңбекке жарамды халықтың
5)
нарықтың тұтыну тауарларымен (жұмыстармен,
қызмет көрсетулермен)
6)
кәсіпорынды басқару
1
1.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері
Қазақстан
Республикасының «Жеке
Еліміздің негізгі заңнамалары және нормативтік - құқықтық актілері бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мынадай мәселелерді атап өтуге болады:
1.
Шағын кәсіпкерлік
2.
Заңды тұлға құрмайтын дара
кәсіпкерлер, сондай - ақ белгіленген
критерийлерге сәйкес келетін
мынадай ұйымдық- құқықтық
3.
Шағын кәсіпкерлік
4.
Шағын кәсіпкерлік
Дара
кәсіпкерлік дегеніміз
Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне тиесілі мүлік негізінде, сол мүлікті пайдалану және оған билік ету құқығымен дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар немесе бірнеше дара кәсіпкерлер өздеріне тиесілі ортақ мүлік негізінде, мүлікті бірлесіп пайдалану және билік ету құқығымен жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік келесі нысандарда болуы мүмкін:
1) ерлі - зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі - зайыптылардың кәсіпкерлігі;
2) шаруа
қожалығының ортақ бірлескен
меншігі немесе
3) ортақ
үлестік меншік негізінде
Дара
кәсіпкерлікпен айналысқысы келген
кез келген жеке тұлға ең алдымен
Қазақстан Республикасының
Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу 2 түрде жүзеге асырылады: келіп тіркелу және міндетті мемлекеттік тіркеу.
Келіп тіркелу кезінде өзінің тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органдарында дара кәсіпкер ретінде есепке алынады.
Мемлекеттік тіркеу келесі жағдайда орындалады:
1) егер дара кәсіпкер тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланса;
2) егер дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметтен түскен жылдық жиынтық табыстың мөлшерінен асқан жағдайда.
Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу үшін:
1) тіркеу
органы белгіленген нысан
2)
дара кәсіпкерді тіркегені
Шаруа қожалықтары, І,ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер, сондай - ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысатын репатрианттар алым төлеуден босатылады.
Мемлекеттік тіркеуден және мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын келесі тұлғалар босатылады:
- шаруа қожалығының құрамындағы азаматтар немесе тұлғалар;
- мердігерлік келісімшарт және өзге де азаматтық - құқықтық келісімшарт негізінде бір реттік жұмыстарды орындаушылар;
- өздеріне тиесілі мүліктерді, сондай - ақ импорттық өнеркәсіптік және тұтыну тауарларын қоса алғанда өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді осы мақсатта арнайы бөлінген орындарда немесе комиссиондық дүкендерде сатумен айналысатындар;
Егер кәсіпкерлік қызмет лицензиялауға жататын болса кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы ғана лицензиясыз қызмет ету құқығын бермейді және мұндай қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға міндетті.
Лицензиялар беру белгілі бір қызмет түрі үшін жүзеге асырылады (Қазақстан Респуликасының «Лицензиялау туралы» Заңының 3 - тарауы)
Лицензия дегеніміз тиісті лицензиардың (лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның) жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсаты. Лицензиялар мынадай белгілері бойынша бөлінеді:
- Субъектілері бойынша:
- Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берілетін лицензия.
- Шетелдіктерге, азаматылығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін лицензия.
- Қызмет көлемі бойынша;
- Бас қызмет - қолданылу мерзіміне шек қойылмай қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға берілетін лицензия.
- Біржолғы - рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе мөлшер шегінде белгілі бір шаруашылық операциясымен айналысуға, сондай - ақ ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға берілген лицензия.
- Операциялық - банк қызметінде жекелеген операциялармен, сақтандыру қызметінде сыныптарға жіктеумен айналысуға берілетін лицензиялар.
Қазақстан Респуликасының «Лицензиялау туралы» Заңында лицензиялаудың 27 саласы көрсетілген, ол өз ішінде бірнеше қызмет түрлеріне бөлінеді.
Мемлекеттік лицензиялау жүйесі ҚР - ның Үкітімен, уәкілетті органнан, лицензиарлардан тұрады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне дара кәсіпкерлікпен қатар мынадай ұйымдық - құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар жатқызылады:
- толық серіктестік;
- сенім серіктестігі;
- жауапкешілігі шектеулі серіктестік;
- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
- өндірістік кооператив.
Шаруашылық серіктестік деп жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйымды айтамыз. Шаруашылық серіктестікті жеке және заңды тұлғалар құра алады, ал бір адам құрған жағдайда, ол оның бірден бір қатысушысы болып табылады. Құрылтайшылар серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық және өзге де мүлікті енгізе алады.