Персоналды басқарудың құрамы, басқару аспектілері және тұжырымдамасы”
Мазмұны
Кіріспе
I
НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН
1.1. Шағын
кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының
ғылыми негізделуі
1.2. Қазақстандағы
шағын кәсіпкерліктің дамуының ерекшеліктері
1.3. Шағын
кәсіпкерліктің дамуының шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер
Кіріспе
Шағын кәсіпкерліктің дамуына көптеген ғылыми жұмыстар арналған. Онда шағын кәсіпкерліктің дамуының әлемдік тәжірибесі, сонымен бірге бәсекелестік механизімінің арқасында олардың кейбіреулерінің ірі бизнеске айналуы, бүгінгі нарықтық экономикаға дейінгі мәселелер қарастырылған. Нарықты экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпорындар бірнеше жүз жылдарда табиғи дамыған, ал Қазакстанда мүлде басқа жағдай.
Нарықтық экономикаға өткенге дейін бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттерде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болды да, олардың артықшылықтары абсолютті деп саналып, шағын кәсіпорындар мәселесі жоспарға кірмеген болатын. Бұл ойдың қателігі командалық орталықтанған жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге өту кезінде, шағын кәсіпорындар мемлекеттің стратегиялық бағыттың негізгі құралына айналғанда мойындалды.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті осы жылдағы Жолдауында Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес, олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайызын құрағандығын және көптеген дамыған елдерде олар жалпы өнімінің 50 пайыздан астамын беретіндігін айта келіп, біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен идеологиясын бүзу қажеттігін баса айтты. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау, қаржыландыру шараларын қолдану абзал.
1990 жылдардың басында жаңа экономикалық жүйеге өтуге байланысты кәсіпкерліктің жаңа түрлеріне жол беріліп, шағын кәсіпорындарға ерекше ынта қойылып оларды ұйымдастырудың құқықтық нысанына, критерилеріне, есеп және есеп беру жүйесінің нормативтік заңдық базасы қамтылды.
Қазақстанда шағын кәсіпорындардың даму тенденциясы мынадай:
• шағын кәсіпорындардың және онда жұмыс істейтіндердің санының тұрақты өсуі;
• өнеркәсібі дамыған аудандардағы шағын кәсіпорындардың шоғырландыруы;
• шағын кәсіпкерліктің сауда мен қызмет көрсетудегі үлесінің көптігі;
• осы уақытқа дейін шағын кәсіпорындардың салық салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен арадағы мәселенің шешілмей келе жатқандығы шағын кәсіпорындардың маңыздылығын мемлекетіміз ғана емес нарықты экономикасы бар елдердің барлығы мойындап отыр. Оны экономикадағы үлес салмағынан көруге болады.
Шағын кәсіпкерлік - бәсекелестік ортаны қалыптастыратын, нарықты отандық тауарлармен толтыратын, халықты жұмыспен қамтитын, ірі және орта бизнестің «ауқаттану» ортасы, орта топты қалыптастыратын қоғамның тұрақтылық негізі. Осыған байланысты. Шағын бизнесті қолдауға Қазақстан Республикасы жыл сайын 159,2 млрд. теңге бөлінеді. Ел басы өзінің жолдауында биылғы жылы республикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. тг. бөлінетіндігін, сонымен бірге, банк несиелеріне кепілдік беру мен сақтандыруды, жүзеге асыруды қолға алу керектігін ескертті. Мұнын өзі қомақты мемлекеттік қолдау болмақ.
«Шағын кәсіпорынның дамуы және тиімділікті талдау» атты тақырыбы оның қажеттілігіне байланысты таңдалды. Бүгінгі таңда, яғни нарықтық экономика жағдайында шағын бизнестің дамуы мемлекет үшін өте маңызды.
Бұл баяндаманың мақсаты - өнеркәсіпте шағын кәсіпорындарды дамыту мен оның артықшылықтарын дәлелдеу.
Осыған байланысты мынадай мәселелер қаралады:
• өнеркәсіп пен шағын кәсіпорындардың ролі;
• бүгінгі күнгі өнеркәсіптегі шағын кәсіпорындардың жағдайын талдау, тиімділіктерін анықтау;
• осы
салада шағын кәсіпорын болашағы.
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН КӘСПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ
- Шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының ғылыми негізделуі.
Бүгінгі
күні экономикалық өсудегі негізгі
бағыт шағын кәсіпкерліктің ынталандырып,
оны ұлттық экономикадағы рөлін
өсіру. Шағын кәсіпкерлік шаруашылық
іс - әрекеттің негізгі әдісі
Шағын кәсіпкерлік ескі мәдениеттің барлық кезеңінде болған. Соның арқасында өркениет сол кездегі елдің барлығына таралған. Ірі бизнестің пайда болуына дейін шағын кәсіпкерлікке қойылатын мәселе болмаған. Классикалық экономика өкілдерінің барлығының зерттеуі бүгінгі шағын кәсіпкерліктің сол кездегі жағдайы болған. Мұның барлығы бізге микроэкономика мен экономикалық ілімдер тарихынан белгілі.
Шағын кәсіпкерліктің қиыншылықтары ХХ - ғасырдың бастапқы жылдары Гильфердинг, И. Шумпетер жазды.
60-шы жылдарығы батыс экономикасы сол кездегі экономиканың «екі жақтылығын» мойындайды. Олар «орталықтан» мөлшері мен әсер етуі бойынша ірі кәсіпкерлер немесе «шеттелген» - шағын кәсіпорындар.
Барлық нарықтық елдерде шағын кәсіпорынсыз нарықтық қатынастың дұрыс дамымайтындығын түсінді. 70 – 80 - ші жылдар монополистік емес сектордың жұмысы белсендірек жүріп 3 - бағытта қозғалды:
-
мәселе тереңінен зерттелді,
-
шағын кәсіпорын мәселесі
- елдердің ерекшелігі ары қарай зерттеле бастады.
Біздің еліміз бұл жылдары Кеңес Одағының құрамында болғандықтан елде ірі кәсіпорынның басымдылығына артық берілді. Шағын кәсіпорындар мүлде жат ұғым болды.
Шағын кәсіпорынның анықтамасы, оған қойылатын критерилерімен анықталады. Оған қойылатын критерилер туралы сұраққа шетелдік және отандық әдебиеттерде үлкен көңіл бөлінеді, бірақ ғалымдар ортақ бір ойға келген жоқ. Шағын кәсіпорын әр елдің заңындағы қойылған критерилермен анықталуда. Критерилерге келместен бұрын шағын кәсіпорын секторын бүлдіретін терминнің мағынасын анықтап алайық. Ағылшын тілді әдебиеттерінде, шағын кәсіпорын деп аударылады әр елде өздеріне ыңғайлап аударғанмен көптеген батыс - еуропалық әдебиеттерінде осы термин тікелей қолданылады. Әр елдің өз экономикасындағы ерекшеліктерге сай «бизнес» терминінің орнына бізде кәсіпкерлік ұғымы қолданылуда. Бұған дейінгі, әсіресе өтпелі шағын бизнес және шағын кәсіпкерлік ұғымдары қатар қолданылып жүрген болатын. Қазақ тіліндегі кәсіп сөзін бизнес сөзіне балама түрінде алдық және ол өзін ақтайды деп ойлаймыз.
Шағын кәсіпкерлік нарықтық экономиканың маңызды элементі. Онсыз мемлекет үйлесімді дами алмайды. Ол көбінесе экономиканың өсу қарқынын, құрылымын және ЖҰӨ - нің сапасын анықтайды. Бұл сектор нарық инфроқұрлымының ажырамыс элементі. Бүгінгі өндірістің ажырамас бөлігі ретінде экономикадағы бәсекелестікті қолдап, қоғамдық құрылысқа әлеуметтік негіз қалайды. Көптеген анықтамалар түсінуші тұлғаның мүддесіне, мақсатына және қоршаған ортаның даму деңгейіне сай анықталады. Бір зерттеуде 75 елде қолданылатын 50 анықтаманы келтіреді. Шағын кәсіпорындарды анықтауда негізгі мәселе жоғарғы шекті анықтауда туындайды: қаржыгер негізгі қордың нақты түрінде немесе қосымша құнымен қосылғандағы жоғарғы деңгейді көрсетсе, жұмысшылар жалпы жұмысшының санын көрсетуі мүмкін, саудагер максималды сату көлемін, қызмет көрсетушілер жалпы клинеттерінің санын көрсетуі мүмкін және тағы басқа.
Жоғарыдағы айтқандарды қорытындылай келе мыналарды айта кету керек:
- шағын
кәсіпорындарды анықтау
- анықтамалар тәжірибедегі мұқтаждықтарға байланысты анықталады және белгілі бір мақсаттарға қызмет етеді;
- анықтамалардың көп болып бөлінуі сол кездегі нақты жағдайды көрсетеді;
Шағын кәсіпкерлікке қойылатын екі критерийді бөліп қарастыруға болады: сандық және сапалық. Сандық көрсеткіштерге кәсіпорындағы жүмысшылардың орта саны, капиталдың айналым мөлшері, активтердің мөлшері, табыс көлемі және тағы басқа көрсеткіштер жатады. Бірақ ресми шетелдік статистика шағын кәсіпорындарға тек жүмыспен қамтылғандардың санын көрсетеді. Дәл осы көрсеткіш барлық елдердің мүдделеріне сай келеді. Қалған көрсеткіштер тек ғылыми әдебиеттерден іскерлік баспалардан, банктер мен салық органдары жүргізген анкеталардан және шағын кәсіпорындардың инфрақүрлымын қамтамасыз ететін мамандандырылған үйымдардан көруге болады.
Сапалық көрсеткіштеріне кәсіпорын иесінің меншік қүқығы мен кәсіпорынды басқаруға және жүмысшылармен байланысының деңгейінен көруге болады. Келесі мәселе кәсіпорынның нәтижесіне оның жетекшісі тікелей міндетті, жанұялық іс жүргізу, қаржыландырудағы сипат. Маңызды критерилер болып құқықтық тәуелсіздік жатады. Сонымен бірге сапалық көрсеткіштерге мыналарды да жатқызуға болады, өткізетін товар мен нарығының кішкене болуы. Осы критерилердің барлығының жиынтығы шағын кәсіпорындарға экономикалық категорйя ретінде шегін анықтауға көмектеседі.
Қалай дегенменде шағын кәсіпорындар жоғалып немесе ірі кәсіпорындарға айналып немесе басқа кәсіпорындарға қосылып отырады. Бірақ шағын кәсіпорындардың тұрақсыздығын диалектикалық түрғыда қарау керек. Бір жағынан жоғалады, екінші жағынан пайда болады. Сонымен әлемдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай шағын кәсіпкерлікке әртүрлі ұйымдық - қүқықтық нысаны бойынша жүмыс істейтін адамдардың санымен анықталады. Ал бірнеше ғылыми еңбектерде шағын кәсіпорын деп, бір меншік иесімен басқарылатын бірнеше адамның тобын немесе кәсіпорынның ісін айтады.
«Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» жөніндегі заң бойынша, шағын кәсіпкерлік деп - қүрамында жүмыс істейтіндердің саны 50 адамнан аспайтын, меншігіндегі активтерінің саны 60000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары емес кәсіпорындар жатады.
Бұдан басқа салалық ерекшеліктері бойынша өнеркәсіпте, қүрылыста және транспорта - 100 адамнан, көтерме саудада - 50 адамнан, бөлшек саудада мен қызмет көрсетуде - 30 адамнан, басқа салаларда 50 адамнан аспауы керек.
Келесі маңызды категория - шағын кәсіпорындардың
сыртқы ортасы. Бұл шағын кәсіпорындардың
қүрылуы мен жүмыс істеуіне әсер ететін
элементтердің жиынтығы. Мүндай элементтер
5 топқа бөлінеді. Біріншіден шағын кәсіпорындардың
нарықтық жиынтығы: ресурстық және өткізу.
Екіншісі шағын кәсіпорындарға қажетті
нарықтық институттар мен агенттер. Үшіншіден
қоғамдық қатынастардың кешенін кіргізеді;
қүқықтық әлеуметтік - мәдени және саяси
т.б. Төртінші топ басқа да әлеуметтік
- экономикалық үрдістер мен қатынастарға
қатысты шаруашылық қүрылымы және т.б.
Ерекше топ ретінде шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау элементін кіргізуге
болады. Шағын кәсіпорындардың сыртқы
ортасы анықсыздықпен ерекшеленеді.
1.2 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің құрылуының ерекшеліктері
Еліміздегі қалыптасқан жағдай тиімді жүмыс істейтін шағын кәсіпорынды ұйымдастыру және дамыту керектігін дәлелдеп отыр. Осы шағын кәсіпорындар көптенген мемлекеттердің экономикалық өркендеуіне, өндірістің алға жылжуына және халықтың белсенді бөлігінің көтерілуіне мүмкіндік берген. Шағын кәсіпорындар арқылы, мемлекеттер соңғы 30 жылда көптеген жетістіктерге жеткен.
Экономикалық реформа кезіндегі іске асқан институтциялық алдын - ала білім алу республикадағы шаруашылықтың типі мен меншік нысандарының өзгеруіне, шағын кәсіпорыннның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік болды.
Бүгінгі күні Қазақстанда өте сапалы мамандықты, ең алғашқы инвестицияы көп қажет етпейтін саладағы, шағын кәсіпкерлік аяғынан тік түруда ( шағын сауда, қызмет көрсету саласы ) Мүндағы шағын кәсіпорынның өсуі экономикалық жағдайға әсер етуі төмен. Қамтамасыз етпейді. Өндіріс, инновация, коммерция және қаржылық қызмет саласындағы шағын кәсіпорын өркениетті нарыққа енді қалыптасып, дамып келе жатыр.
Қазақстандық кәсіпкерлік өзінің қалыптасуында батыс елдеріне үқсас(10 жыл аралығында) бірнеше кезеңнен өтті.
Мемлекеттік емес меншіктің дамуында бірнеше мәселелер туындады. Айта кетсек, жоғарыдағы заңдағы еркіндіктер мемлекеттік жоспарда орын алмағандықтан жеке сектордың ресурспен жабдықталуына және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетті. Әрекеттер кәсіпорынның тіркелуіне әсіресе біріккен кәсіпкерлік үлкен кедергі болды.
Кәсіпкерлікке деген қоғамдық пікір де дүрыс болмады, оларды мемлекетті тонаушы немесе алыпсатарлар деп көрсетті. Оның үстіне заңның жетілмеуі жеке сектордың дамуына жол бермеді.
Бүкіл кеңестік кеңістікте соның ішінде Қазақстанда да «шоковая терапия» сияқты мүлде басқа экономикалық курс керек. Қазақстандық шағын кәсіпорын жаңа екінші кезеңін бастады.
Реструктуризация мен мемлекеттік ірі кәсіпорынды реформалау өндіріс көлемінің төмендеуіне және кейбір кәсіпорынның жойылуына әкелді. Бүл үрдіс жүмыспен қамтығандардың санын да қысқартты. 1992 және 1996 жылдары жүргізген кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағытындағы бағдарламалар еліміздігі шағын кәсіпорынның қүрылуы мен қалыптасуына негіз салды.
Шағын кәсіпкер сауда делдалдық жаққа ығысуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатаң салық саясатына қарсы заңды әрекет. Бұрынғы Кеңес Үкіметінде нарық жағдайында жүмыс істейтін салық жүйесінің болуы мүмкін емес болатын. Сондықтан тәжірибелі шаруашылық өмірге енгізілген салық міндеттемесі бүған үйренбеген кәсіпкерлердің қарсылығын тудырды, оның үстіне шағын кәсіпкерліктің табыстың 70 - 90% - ын аламыз деген үкіметтің ашық экстремистік салық саясаты жүрді. Қатаң салық салу қиын жағдайдан, жаңа сапалы деңгейге көтерілуге мүмкіндік бере қоймас, сондықтан салық төлеушілер, салық органдарынан салық табыстарын жасырудың жолын іздеп, таба бастады. Бірліктерді бақылау қиын болғандықтан сауда мен делдалдардың табысы көлеңке экономикаға кетуін тудырды.
Өндірістік құрылым көлеміндегі шағын кәсіпорынның жағдайы төмендегідей:
Өнеркәсіп және электроэнергия - 0,7% , көмір - 1,4% , қара және түсті металлургия - 2,77% , химиялық және мұнай химиялық өнеркәсіп - 14,79%, машина жасау және металл өңдеу - 50,34%, басқалары - 29 %.
Бүл жерден шығар жол, шағын кәсіпорындармен республиканың және өндірістік емес қажеттерін қанағаттандыруға бағыттау, олардың арасындағы бәсекелестікті күшейту.
Қазақстанда кәсіпкерлікті қорғау мәселесі бірінші рет 1992 жылы 4 - ші шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау» туралы заңында көрсетілді. Бәрімізге белгілі Кеңес үкіметі ыдырағанда Қазақстандағы көптеген ірі кәсіпорындар да өз жүмыстарын тоқтата бастап, көптеген жүмысшылар босап қалған болатын. Бардың орнын толтыру үшін, олардың орнын, шағын кәсіпорынмен толтыру керек болатын. 1992 және 1996 жылдары кәсіпкерлікті қорғау және қолдау жүзеге асыру елдегі шағын кәсіпорынның қүрылуы мен қалыптасуына негіз салды. Бүдан кейін шағын кәсіпкерлікті қолдау белсендірек жүрді. Үкіметтің мүндай қадамы 1997 жылғы 6 - шы наурыздағы Президенттің «Шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау және белсенділету туралы шаралары туралы» бұйрық болды деп айтуға болады. Бұл Республикадағы 1997 жылғы шағын кәсіпорынның дамуындағы бағдарламалық қүжат болып табылды.
Осы бүйрық бойынша мыналар жүзеге асты:
- шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік институты қүрылды;
- «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», « жеке кәсіпкерлік туралы», жеке кәсіпкерлікке қатысты кейбір Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
- шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қор құрылды;
- 2 - ші деңгейдегі барлық банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудің минималды мөлшерін белгіледі (барлық банктердің несиелік қарыздары 10 - тен төмен болмауы керек)
- бақылаушы және инспекторлық мемлекеттік органдар мен олардың көрсететін ақылы қызметтер саны қысқартылды;
- шағын кәсіпорынның жүмыс істеуіне жағдай жасалуда (өндірістік ғимараттар мен жер учаскелері берілгелі жатыр және тағы басқалар)
- шағын кәсіпорындарға жеңілдік беру, жүйесі қаралуда;
- шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы әкімдердің жұмыстарын қатаң бақыланған. Бұдан кейінгі жылдардағы Қазақстан Республикасының мемелекеттік саясаты шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағытында болады.
Республикада «Шағын кәсіпорын» статусын алған ұйымдар мен кәсіпорындарға салықты есептеу мен төлеудің арнайы режимі белгіленген; кәсіпкерлік іске қолайлы жағдай жасалған; қүқықтар қамтамасыз ету үйымдастырылған.
Шағын кәсіпорындар командалық істің келесі түрін жүзеге асырады;
- түрғын үй, өндірістік, әлеуметтік және табиғатты қорғауға негізделген объектілердің қүрылысын, әртүрлі жөндеу жүмыстарын жүргізді:
- өнімді өткізумен айналысады;
- әртүрлі қызметтер көрсетеді;
- 1999 жылы 17,5 мың шағын және - орта кәсіпкерлер, ал одан кейінгі жылы шағын және орта кәсіпкерліктің 41,7% - ке дейін 2005 жылы олардың саны 98,3 мың бірлікті қүрады немесе 5 есеге өсті.
1 кесте
- Қазақстан Республикасындағы
шағын кәсіпорындардың саны,
бірлік.
| Салалар | 1997 жыл | 1998 жыл | 1999 жыл | 2005 жыл | 2005/1997 жылдар |
| 1 .өнеркәсіп | 2526 | 3668 | 5633 | 12474 | 4,97 |
| 2. құрылыс | 2142 | 3007 | 4680 | 10165 | 4,75 |
| 3. сауда, авто және | |||||
| ќұралдарды жөндеу | 7587 | 11959 | 17531 | 46690 | 6,15 |
| 4. мейманхана мен | |||||
| мейрамханалар | 227 | 490 | 789 | 1854 | 8,17 |
| 5.
транспорт және
байланыс |
|||||
| 670 | 1152 | 1952 | 5000 | 7,46 | |
| 6. білім және | |||||
| денсаулық сақтау | 3130 | 2892 | 4549 | 2422 | 0,77 |
| 7.
коммуналдық
қызмет |
|||||
| 1257 | 1680 | 1961 | 2329 | 1,85 | |
| Барлығы | 17539 | 24848 | 37095 | 98300 | 5,61 |
Экономика саласындағы еңбектің тиімділігін, пайдалы жақтарын ондағы өндірілген өнім көлемін 1 жұмысшыға есептеу арқылы көруге болады.
Біз Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорынның қүрылуына және дамуына сараптама жасадық. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің ерекшелігі «көлеңке» сектордың жоғарғы деңгейде қалып отырғандығы. Эксперттік баѓалауѓа қарағанда шағын кәсіпорын субьектілерінің 30 - 50% құрап отыр. Потенциялды ресурстардың көп бөлігі жалпы ұлттық мәселелерді шешуге қатынаспай отыр. Сонымен бірге шағын кәсіпкерліктің аймақтық дамуындағы айырмашылықтар өте алшақ.
Тағы
бір ерекшелігіне еліміздің экономиканы,
салалық, әлеуметтік, демографиялық
ерекшеліктеріне сай шағын
1.3 Шағын кәсіпкерліктің дамуының шетелдік тәжірибесі
Экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпкерлік маңызды роль атқарады. Олардың үлесіне жүмыспен қамтылғандардың 50 - 60 пайызы, ал жаңа жүмыс орындарының 70 - 80 пайызы келеді. Өнім өндіру мен қызмет көрсетуде ЖІӨ - нің жартысына жуығын алады.
Бұл параметрлер Қазақстанға үлгі болатын жағын осы бөлімде қарастырайық. Бірақ әр елдің өзіне тән әлеуметтік - экономикалық ќўрылымы, мемлекеттік ќўрылымы, тарихи, мәдени, дәстүрі бар дегендей ерекшеліктерді ескеру керек. Оның үстіне әр елді шағын кәсіпкерлікке жатқызу критерилері әртүрлі болатынын ескерсек ЖІӨ - гі үлес салмақты әртүрлі болуы мүмкін.
Енді шағын кәсіпкерліктің әртүрлі елдерде дамуын және үлгі болатын жағын қарастырайық.
Шағын кәсіпкерлік - бұл миллиондаған кәсіпкерлердің өздерінің жаңа ойларымен экономиакалық өмірге енетін негізгі ұйымдастырушылық нысаны. Ерекше институт ретінде шағын кәсіпкерлік жаңа тауарлары мен қызметтерінің, басқару әдістерінің және тағы басқа көптеген жаңалықтарды зерттеуге қоятынын көруге болады.
Статистикалық мәліметтер үшін кіші кәсіпорындардың өсуі маңызды болып келеді. Батыс елдер экономикасының құрылысындағы кіші кәсіпорындар үлесінің активті өсуі 70 жылдардың ортасында, 90 жылдардың басында қалыптаса бастады. Бүгінгі күні жоғары дамыған Батыс елдеріндегі шағын фирмалар барлық кәсіпорындардың 70 – 90% - ын құрайды. Салыстыру үшін, мысалы АҚШ - ты алуға болады, онда шағын кәсіпкерлікте барлық халықтың 53% - ы жұмыс істейді. Жапонияда бұл көрсеткіш 71,7% -ды құрайды, ал ЕО мемлекеттерінде осындай кәсіпорындарда жұмысшы халықтың жартысы қызмет етеді. Осы мәліметтер бұл елдердің экономикасында шағын бизнестің үлкен маңызы бар екенін дәлелдейді. 10% жаңа технологиялар енгізетін ірі кәсіпорындарға қарағанда, 1 т.е. шығынға шағын кәсіпорындар 17 есе көп жаңалықтар мен жаңа жұмыстар енгізеді, яғни бұл 90% жаңа технологияларды шағын кәсіпорындар мен тәуелсіз ғылыми ойлап табушылар енгізетінін көрсетеді.
Ресми статистика бойынша АҚШ - та шағын кәсіпкерлікке құрамындағы жұмыс істейтіндердің саны 500 - ден аспайтын кәсіпорындар кіреді, мұнда:
- 1-ден 20-ға дейін - өндіруші;
- 20-дан 100-ге дейін – шағын;
-100-ден 500-ге дейін - орта кәсіпорындар.
Елдің экономикасындағы шағын бизнестің маңыздылығына байланысты, бұл әр түрлі топтарға бөлінеді. Мысалы, Германияда төрт категория бар: 20 -49; 50-99; 100-199; 200-499.
Германияда, фирманы шағын деп тану үшін оның жылдық айналымы 3,5 - 11,5 млн. DM, ал АҚШ 3 - 12 млн долларды құрау керек. Бірақ кез - келген жағдайда фирмаларды градациялау жүйесі және оны шағын немесе орта кәсіпорындарға жатқызу проблема болып келеді.
Германиядағя
шағын кәсіпорындардың
Ұсақ кәсіпкерліктің дамуына келесі факторлар үлкен әсер етеді:
- инфрақұрылымның
және байланыс құралдарының
- жалпы
білім деңгейі мен адамдардың
ірі компаниялардағы жұмыс
- габариттер,
құны және ақпарат жүйелерін
пайдаланудағы қысқартулардың
- жұмыссыздық
мәселесін шешуінде шағын
- жұмыс сменасын қысқарту шағын кәсіпорындар жасаудың қосымша стимулы болып табылады;
- накладтық
шығындар мен жалақының төмен
тербелістеріне, артық бюрократиялық
ақпараттың жоқтығына
- шағын кәсіпорындарға негізделген қызметтер сферасының кеңеюі.
Шағын
бизнестің бұл саладағы сәттілігін
келесідей себептермен