Пк «сайрам» дағы сүт өнімдерінің қауіпсіздігі
Мазмұны
I. Кіріспе.......................
II. Пк «сайрам» ның қысқаша сипаттамасы...................
III. Сапа менеджмент жүйесі........................
IV. Пк «сайрам» дағы сүт өнімдерінің сапасы………………...……………..7
V. Пк «сайрам» дағы сүт өнімдерінің қауіпсіздігі…………….…………..12
VI. Қорытынды.……………………………………………………
VII. Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2010 жылғы Жолдауында «Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан біз тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы жасампаз істерімізді жалғастыра бермекпіз...Өмірге қабілетті және икемді экономика жасау үшін біз дәйектілікпен күрделі құрылымдық реформаларды жүргізіп, экспорттық әлеуетті ұлғайттық және әр тараптандыруды бастап кеттік... Біздің болашағымыз экономиканың одан әрі жаңғыртылуы мен базалық инфрақұрылымның дамуына байланысты.» делінген.
Экологиялық таза өнім өндіру проблемасы адам қоғамының алдында тұрған ең басты мәселелердің бірі деуге болады. Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу өндірістері экономиканың басты бір кешені болып табылады. Ол тұтынушыларды сапалы тағам өнімдерімен қамтамасыздандыруды жүзеге асырады. Біздің елімізде бұл сала жақсы дамығанымен бұрыңғы кездерде топырақтың, судың, жемнің экологиялық жағдайына үлкен көңіл бөлінбеген. Соның нәтижесінде өндірілетін сүттің сапасы да төмендеген.
Балаларға арналған және жалпы тағам өндіруге қажетті таза экологиялық сүт және сүт өнімдерін алуға мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді. Сүт сапасының жақсы болуын сүт шикізатын өндіретін өндірістің барлық сатыларындағы мамандардың біліктілігіне байланысты.
Қазіргі кезде ЖШС, АҚ және басқа да жекеменшік формасы бар көптеген сүт өндіретін өндірістердің пайда болуына байланысты таза экологиялық сүтті өндіретін арнайы шикізат аймақтарын құруда сұрақтар туындап отыр. Бұл сұрақтарда шикізат аймақтарына қойылатын экологиялық талаптардан, сүт өндіретін кешендердің эпидемиологиялық жағдайынан туындап отыр. Сондықтан да экологиялық таза сүтті өндіретін технологияларды енгізу басты мәселе болып отыр.
Қазіргі кезде біздің елімізде өнімдердің сапасына үлкен көңіл бөлініп отыр. Сондықтанда экологиялық жағынан таза аймақтарда өндірілген тағамдарға өте үлкен сенімділік білдіріледі.
Келешек 10 жылдың ішінде сүт және сүт өнімдеріне сұраныс өседі деген тұжырым бар. Егерде өнімді өндірудің жаңа технологиялары жасалса бұл салада менің ойымша тұрақтылық болады. Себебі бұл салада жетілдірудің басты мақсаты өнімнің экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға негізделеді. Ал тұтынушылық қасиетін жоғарылату үшін өнімнің дәмдік, тағамдық, тауарлық түрін және сақтау кезінде тұрақтылығы сияқты көрсеткіштерге үлкен көңіл бөлінеді.
Бұндай талаптардың орындалуының себебі болып отырған бір мәселе, сол өнімнің балалар тағамын өндіруде шикізат ретінде пайдаланатындығы болып отыр.
Соңғы 30 жылдың ішінде сүт өндірісі өте жоғары дамыды. Сонымен қатар оның санитарлы сапасына талаптар да жоғарлады.
Кейбір шет елдерде экологиялық қалпын жақсарту үшін экологиялық таза өнімді өндіре бастады. Оған шикізат химиялық заттарды пайдаланбай өндірген шаруашылықтардан алынады.
Мысалы, Данияда мұндай сүтке жәй сүттің бағасынан 20 пайыз жоғары құнды төлейді. Ал шаруаларды ынталандыру үшін оларға тұрақты бағадан 50 пайыз көлемінде қосымша қаржы береді.
Жұмыстың мақсаты - тағам өнімдерін өндіретін кәсіпорында стандарттардың талаптарына сәйкес сапалы және қауіпсіз өнімдерді қамтамысыз теу жолында іс-шараларды қарастыру.Осы мақсатты өндірісте іске асыруда келесідегідей тапсырмаларды орындау керек:
1.Өндіріске ықпалдасқан менеджмент жүйелерін енгізуді қарастыру.
2.Өндірістегі технологиялық үдірістердің кезеңдерінде өнімдердің сапасына бақылау жүргізу.
3.Өнімдерді бақылау, сараптау, сертификаттау және оларға сынақ жүргізу кезеңдерін жүргізу керек.
Пк «сайрам» ның қысқаша сипаттамасы
Пк «сайрам» 2001 жылы ҚР-да ең сапалы, ең бағалы, құнды сүт өнімін шығару, өндіру мақсатымен пайда болды. Күніне 12 тонна стерильденген сүт, концентратталған сүт және әр түрлі сүт тағамдарын өндіреді.
Пк «сайрам» өзінің қызмет көрсету аралығында ОҚО ірі сүт зауыттарының бірі болды.коперативте сүт өңдеуге арналған жаңа және жоғары технологиялы қондаралғылармен жұмыс істейді. Қазақстан нарығына жақсы сапалы сүт өнімдерін ұсынады. Автоматты түрде жуу жүйесі белгіленген және сүт өңдеудің технологиясы толықтай сақталады. Сонымен қатар тиімді бағадағы сапалы өніммен тұрғындарды қамтамасыз ету үшін жаңа буып-түю машиналары бар. Зауыттың сүт өнімдері халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Барлық шығарылатын өнімдер сертификатталған және ҚРСТ және ТШ нормаларына сәйкес келеді. Кәсіпорындарда жергілікті тұрғындардың ішінен 130 адам жұмыс істейді. Жұмыскерлер еңбек туралы заңға сәйкес жақсы жағдайлармен қамтамасыз етілген. Кәсіпорында еңбек қорғау бойынша қызмет құрылған. Өндірісте қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірленген.
Пк «сайрам» басшыларымен жұмыскерлері өздерінің жұмыстағы шығармашылық табыстары олардың ұйымшылдығының және жоғары квалификациялы мамандардың бірігуіне байланысты деп есептелінеді.
Кәсіпорын жұмыскерлері Қазақстандық менеджмент, маркетинг және заң негіздерін жақсы біледі және ірі Қазақстандық фермалардың менеджерлері және маркетологтарымен жұмыс істеу тәжірибиелері бар. Пк «сайрам» – Қазақстандық тұтынушылар үшін жұмыс істейтін және Қазақстанның нарық экономикасының дамуына үлкен үлес қосқан отандық өндірушілердің бірден-бірі болып табылады. Пк «сайрам» зауытының ассортименті. Кәсіпорынның ассортименттік саясаты екі базалық бағыттар бойынша жаңа талаптарға сәйкес келеді:
-жеке компоненттерді құрамы бойынша балансталған өнімді шығару;
-Емдік және арнайы өнімдерді өндіру. Сонымен қатар сүт өнімдерінің ассортиментін жан-жақты үйлестіру мүмкіншіліктерін шектейтін негізгі факторлар:
-Сүт өндірушілердің бос финанстық ресурстардың дефициті;
-Негізгі себеп болған тұрғындардың төменгі төлем қабілеттілігі;
-Тұтынушылардың талғамы, тағам рационының құрылу спецификасы.
Осы саладағы даму ерекшеліктерін, елдің сауда – саттық нарығының құрылымын, әлемдегі тұтынушылық талғамның өзгеру динамикасын,сонымен қатар сүт өндірісінің ассортименттік негізгі бағыттарындағы отандық сүт комбинаттарының мүмкіншіліктерін ескеру керек, яғни онда ескеріледі:
-Майсыз және жартылай майлы сүт өнімдерінің ассортиментін барлық жақтан кеңейту;
-Майсыз сүт өнімдерінің дәстүрлі атауларының дәмдік және оргонолептикалық көрсеткіштерін жақсарту;
-Май және көмірсу үлесін азайтудың арқасында сүт өнімдерінің каллориялығын төмендету;
-Жоғарғы майлылықтағы сүт өніміне қосымша белок мөлшерін қосу.
Майлылығы төмен сүт өнімінің ассортментін кеңейту қажеттілігі келесі жағдайлармен түсіндіріледі:
-Майлылығы төмен сүт өнімдерінің түрлірінің шектеулі санымен;
-Сүт өнімдерінің жеткіліктілігін жоғарлатуымен.
Сапа менеджмент жүйесі
Сапа менеджменті жүйесін жақсарту үшін сапа менеджменті жүйесіне жыл сайын жоспарлы негізде талдау өткізу, соның ішінде сапа саласында Саясат және Мақсатқа талдау, ішкі аудиттер, анықталған сәйкессіздік бойынша өңдейтін әрекеттерді әзірлеу және орындау, аппарат жұмысын жақсартудың жалпы жоспарын қалыптастыру ұсынылды.
Құрылған СМЖ құрылымында ерекше рөль сапа бойынша жауаптыға бөлініп беріледі – СМЖ құжатын сақтаудан бастап енгізу, тұрақты жақсарту бойынша талдау жүргізу және есеп беруді құруға, СМЖ тұрақты жақсартуға дейін. СМЖ қолдау және тұрақты жақсарту үшін сертифткатталғаннан кейін сапа бойынша жақсарту тұрақты негізде әрекет етуі қажет. Сапа менеджмент жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар ішкі нормативтік құжаттарды енгізу жоспарына енгізілген.
Сапа жүйесін қорытынды тексеру және бағалау. Екінші этапты жұмысты өткізер алдында сарапшы-аудитор алдыңғы тексеру нәтижелеріне сүйене отырып келесі тексеруге қажетті жұмысшы құжаттарды сапа жүйесін қорытынды тексеру бағдарламасын анықтайды.
Тексеру бағдарламасы жалпы алғанда мыналарды қамту керек:
- тексеру мақсаты;
- комиссия құрамы, комиссия мүшелерін сапа жүйесі элементтерін тексеруге бөлу;
- тексеру орнын;
- тексерілетін мекеменің құрылымдарының аттары;
- сапа жүйесінің тексерілетін элементтерінің аталуы;
- жұмыстың календарлық жоспары және мекеме басшысымен кездесу;
- ақпараттық құпияшылығына қойылатын талаптар;
- өткізілген жұмыс жайлы мәліметті тарату.
Сапа жүйесін тексеру бағдарламасына бас сарапшы-аудитор қол қояды және мекеме басшысымен келіседі де сертификаттау органы басшысымен бекітіледі. Бекітілген бағдарлама тексеру басталғанға дейін екі апта бұрын мекемеге жіберіледі.
Сапа жүйесін тексеруде мыналар қамтылады:
- мекмемен танысу;
- алдын-ала кеңес өткізу;
- мекемені тексеру;
- анкета толтыру;
- қорытынды кеңес;
- тексеру жайлы есеп беру;
Комиссия мүшелерін мекемемен таныстыру. Себебі тексерілетін мекеме жайлы толдық мәлімет жинақтау үшін танысу нәтижелері бойынша қорытынды тексеру бағдарламасы белгіленеді.
Алдын ала кеңес мына мақсатта өткізіледі:
- тексерілетін мекеме басшы мен мамандарына комиссия мүшелерін таныстыру тексеру мақсатын қысқаша баяндау және тексеру процедурасымен, бағдарламасымен таныстыру;. Тексерілетін мекеме мамандарымен сарапшы-аудитор арасындағы арнайы қарым-қатынасты белгілеу.
- Қорытынды-кеңесті өткізу күшін белгілеу және қажет болған жағдайда аралық кеңестерді өткізу.
- Мекеме бөлімшелерін тексеру графигін құрастыру.
Тексеруді өткізу мынаны қамтиды:
- тексеру;
- тексеру материалдарын сараптау;
- қорытынды кеңеске алдын-ала қорытынды даярлау:
Тексеру, тексерілетін аймақтарды және құжаттарды оқып сұрау арқылы өткізілуі керек. барлық жұмысшы құжаттарға сәйкес еместік анықталғаннан кейін мекеменің жауапты маманы қол қоюы тиіс.
Мекемені тексеріп болғаннан кейін комиссия тексеру нәтижесінде алынған нәтижені басқа жерлерден алынған мәліметтермен салыстырады. Оны сараптайды. Сәйкес емес элементтерді классификациялайды. Сонымен қатар комиссия сәйкес еместіктің өнім сапасына тигізер әсерін есепке алады және де бұл жағдайдың бірінші рет пе немесе қайталанғанын талаптардың орындалмауын анықтайды. Сәйкес еместік түрлеріне олардың мазмұнына бас
сарапшы-аудитор қорытынды береді.
Сертификат беру ұсынымында комиссия мына критерилерге жетекшілік ете отырып толтырады:
- сапа жүйесі 10-нан аз сәйкес емес жағдайлардан тұрса нормативті құжаттарға сәйкес сапа жүйесін тану;
- сапа жүйесін нормативті құжаттарға сәйкес 10-нан көп сәйкестік емес шартардан тұрса сәйкес емес деп атануы. Тексеру барысында сәйкестік еместікті жоюды көрсетеді. Бұл тексеру кезінде жойылған кемшілік
- сертификат беру кезінде кері әсерін тигізбейді.
Тексеру нәтижесі бойынша есеп беру бас сарапшы аудитордың жетекшілігімен комиссия мүшелерінің көмегімен құрылады, ал ол соңғы кеңесте баяндалады.
Сапа жүйесінің тексерілгені жөніндегі есеп пен актіні бас сарапшы-аудитор сертификаттау органының кеңесінің басшысына жібереді. Нәтиже оң болған жағдайда сертификаттау органының кеңесінің басшысы сапа жүйесіне сәйкестік сертификатын беру туралы шешім шығарады.
Егерде сапа жүйесі толығымен нормативті талаптарға сай келсе, бірақ тексеру негізінде 10-нан аз сәйкес емес сәйкестіктер байқалса сертификаттау органы тексерілген мекемемен келісіп жіберілген кемшіліктерді жою мерзімін белгілейді.Кемшіліктердің жойылғанын тексеру сапа жүйесін қайталама тексеру арқылы анықталады.Егерде сапа жүйесі толығымен нормативті құжаттарға сәйкес келсе бірақ тексеру процесніде 10 және одан көп сәйкес емес жағдайларды байқаған жағдайда сол жіберілген кемшіліктерді жою мерзімін сертификаттау органымен мекмеге белгілейді. Ол кемшіліктерді жою қайталама тексеруде тексеріледі.
Пк «сайрам» дағы сүт өнімдерінің сапасы
Сиыр сүтiнiң сапасы келесi параметрлермен бағаланады:
- тағамдық және биологиялық құндылығы;
- органолептикалық қасиетi;
- физикалық - химиялық қасиетi;
- қауiпсiздiгi;
Белгiленген тәртiп шикi, пастерленген, стерильденген сиыр сүтiне таралады.
Тағамдық және биологиялық құндылығы. сүттiң құрамындағы барлық компоненттер адам қорегiнде физиологиялық маңызы зор.
Белок ыдыраған кезде адам организiмiндегi жасушалардың, ферменттердiң, гормондардың, антиденелердiң құрылуына әсер ететiн сүт құрамындағы бағалы биологиялық компонент. Жануарлар белогiнiң iшiнде сүт белогi ең толық бағалы. Барлық ауыспайтын аминқышқылдар казеин, альбумин, глобулин белогiнiң құрамында, сүт белогi организмдегi зат алмасуын, майдың ауысуын және басқа белоктардың қорытылуын реттейтiн липотроптық қасиет және организмдi улы заттардан қорғайтын амфотерлiк қасиетке ие. Адамның аминқышқылдарына деген тәулiктiк мұқтаждығы 28,4 г белокты немесе 14,5 г сүт сарысуын пайдаланғанда қамтамасыз етiледi. сүт майы адам организiмiндегi биохимиялық процестердiң негiзгi көзi. сүт майының физиологиялық қасиетi құрамындағы майда еритiн витаминдерге (А,Е,Д) және ауыспайтын аминқышқылдарына (линол, линолен, арахидон) байланысты. Сүт майындағы липоидтар клеткадағы зат алмасуға қатысып ең маңызды рөл атқарады. Сүт майының жағымды дәмi сүт өнiмдерiндегi дәмдi жағымды етiп, сонымен қатар консистенциясын және құрылымын шарттайды. Сүт қанты организмдегi биохимиялық процестiң негiзгi көзi және кальций, фосфор, магний, барий элементтерiн қорытуға қатысады. Сүттегi минералдық заттар, жаңа жасушалардың пайда болуында, ферменттердiң, витаминдердiң, гормондардың организiмдегi алмасуында негiзгi роль атқарады. кальций фосфаты- сүйектiң қалыптасуына қажеттi; кальций - қан қысымын реттеуге, рак ауруына шалдықпауға; йод - қалқанша безiндегi тироксин гормонының синтезделуiне; натрий және калий хлоридi,фосфат - қандағы протаплазманың және элменттердiң пайда болуына қатысады ол 1- кестеде көрсетілген.
Кесте 1 - Сүттiң органолептикалық қасиетi
Көрсеткiштер | Сүт бағасы | Балл |
Дәмi және иiсi |
|
|
Таза,жағымды,аздап тәттi | өте жақсы | 5 |
Айқын емес | Жақсы | 4 |
әлсiз,азықтық,әлсiз қышқыл, әлсiз нандық, әлсiз липолиздi |
қанағаттанарлық |
3 |
Айқын азықтық, соның iшiнде сарымсақ, пияз, жусан, нан, қышқыл, борсыған дәмдi |
Нашар |
2 |
Аùы,зеңдi шiрiк;иiсi және дәмi мұнай өнiмiнiкi дәрi – дәрмек және басқа да дезинфекциялайтын заттар иiстер; |
нашар
|
1 |
5 және 4 балдық сүт сапасы жоғары, I және II сортқа жататын сүт сапасы МЕМСТ 13264 стандартында көрсетiлген,3 балдық сүт сапасы қыстық сүтке қойылады, көктем мезгiлiндегi сүт II сортқа, ал қалғандары сортсыз сүтке жатады.
Қауiпсiздiк көрсеткiштерi. сиыр сүтi құрамындағы токсикалық элементтер, микотоксиндер, пестицидтер, радионуклеидтер, антибиотиктер және микробиологиялық көрсеткiштерi “Медициналық-биологиялық талаптарға санитарлық нормаларына” сәйкес келуi керек.
Дайындау кезiнде шикi сүтке қойылатын талаптар. Шаруашылықтардан өндiрiспен өңдеуге сатылып алынатын сүттiң сапасы МЕМСТ 13264-88 “сиыр сүтi. сатып алу кезiнде қойылатын талаптар.” стандартына сәйкес келуi керек.
Стандартқа сай сүт – денi сау малдан сауылған, ветеринарлық заңнамаға сәйкес мал ауру еместiгi жөнiнде ақпараты бар болуы керек. Сапасы бойынша сүтке келесi талаптар қойлады. Сүт сауылып алынғаннан кейiн механикалық қоспалардан тазартылуы тиiс және сауғаннан кейiн 2 сағат iшiнде +6°с дан жоғары емес температурада салқындатылады. сүт табиғи және түсi ақ немесе әлсiз – сарғыш, тұнбасыз болу керек. Қатырылған сүт жiберiлмейдi. Сүтте ингибирлiк және нейтралдайтын қоспа (сода, аммиак) болмауы тиiс. Сүт құрамында ауыр металдар, мышьяк, афлотоксин М1 және пестицид қалдығы жiберiлген мөлшерден көп болмау керек. Тығыздығы 1027 кг/м3. Балалар өнiмiне арналған сүт және стерильдеуге арналған сүт бiрiншi сорт немесе жоғарғы сорт талаптарына сәйкес сомалық клеткалар 500 000/см3 көп емес, термотөзiмдiлiгi жағынан 2 г – нан төмен болмайды. Мәйектi iрмшiгiне арналған сүт жоғары немесе 1-сорт талаптарына сай болу керек және де сомалық клеткалар 500 000 см куб ал, мәйектi ашыту үлгiге байланысты қойылатын талаптар 2 кластан төмен болмау керек. Мезофильдi анаэробты бактерияларының споралары сүтте см кубта 13-тен көп болмауы керек.
Құрамындағы майлардың және белоктардың массалық үлесi аймақтық базалық нормасына сәйкес болады. Егер сүттi қабылдап алғанда соматикалық клеткасы, органолептикалық көрсеткiшi тазалығы бойынша стандартқа сай келiп, ал тығыздығы 1026 кг/м3 және қышқылдығы 15-21°Т болса бiрiншi және екiншi сортқа жiберiледi. Талдауға арналған бақылау үлгiсiнiң мерзiмi 1 айдан аспау керек. Ветеринариялық заңнамаға сәйкес ауру малдардың сүтi жарамды деген қағазы бар сиырдан сүттi сауып алғаннан кейiн дереу термиялық өңдеуден өткiзiп, 10°с температурада салқындатады. Бұндай сүттi денi сау малдан алынған сүтке қоспайды және сортқа жатқызбайды 2- кесте.
Кесте 2- Сүт өндiрiсiндегi сүтке қойылатын талаптар
Көрсеткiштер | Жiберiлетiн мөлшерi |
Құрамы | Жақсы |
Температурасы | 1-7с |
Белсендi қышқылдығы,pH | 6,65 |
Майдың йодтық саны | 30-40 |
Бос май қышқылдары, мэкв 1литрде | 0,50 аз емес |
1мм мыс, мг | 0,0-0,6 |
1 мм соматикалық клеткалар, мың | 500 аз емес |
1 мм бактерия саны, 1000 | 100-ден аз емес |
1 мм термотөзiмдi бактериялар | 5000 аз емес |
1 мм май қыш- қылды бактерияларының спорасы | 100 аз емес |
Ашу үлгiсi | Жақсы |
Млн бөлiктегi пестицидтер | 1,25 аз емес |
Дезинфекциялайтын заттар | болмау керек |
Патогендi бактериялар | болмау керек |
Пастерленген сүт.
Пастерленген сиыр сүтiнiң сапасы МЕМСТ 13277-79 стандартында регламенттелген. Пастерленген сүт деп технологиялық өңдеу кезiнде белгiлi бiр температурада өңделiп кейiн салқындатылатын сүттi айтады. Пастерленген сүт келесi түрлерге бөлiнедi:
-2,5% майлылықта пастерленген;
- майлылығы 3,2 % пастерленген сүт;
- майлылығы 6 % пастерленген сүт;
- майлылығы 4 % қойытылған сүт;
- майлылығы 1 % белоктық сүт;
- майлылығы 2,5 % белоктық сүт;
- с витаминi бар майлылығы 3,2% сүт;
- с витаминi бар майлылығы 2,5% сүт;
- с витаминi бар майсыздандырылған сүт;
- майсыз;
- майлылығы 1,5% пастерленген сүт;
- майлылығы 3,5% пастерленген сүт;
Органолептикалық көрсеткiшiне байланысты пастерленген сүт сапасы кестеде көрсетiлген талаптарға сәйкес болу керек 3-кесте.
Кесте 3 - Пастерленген сүттiң органолептикалық көрсеткiштері
Көрсеткiш атауы | Сипаттамасы |
сыртқы түсi және консистенциясы | Тұнбасыз бiртектi сұйықтық. Қайырылған сүт және пастерленген сүт үшiн майлылығы 4-6% кiлегейсiз болады.
|
Дәмi және иiсi | Балауса сүтке тән таза бөтен иiссiз, дәмсiз. сонымен қатар қайырылған сүт үшiн пастерленген дәмi болады. |
Түсi | Ақ ,аздап сарғыш түстес, қайырылған сүт үшiн крем реңдi, майсыздандырылған сүт үшiн көгiлдiр түс болу керек. |
Пастерленген сүт құрамында патогендi микроорганизмдер, токсикалық элементтер, микотоксиндер, пестицидтер болмау керек. Пастерленген сүт технологиялық процесс аяқталғаннан кейiн температурасы 0-ден 80с температурада 36 сағат белгiленген санитарлы талаптарға сәйкес сақталады.
Сараптау сапасы және сынау әдiсi. Үлгi алу және талдауға дайындалатын
үлгi МЕМСТ 26809-86 стандарты бойынша жүргiзiледi. Бiр тектi сүт өнiмi деп табиғи, майлылығы жоғары қайырылған, белоктық, витаминделген сүт, кiлегей және кiлегейдегi сусындар бiр мезгiлде өңделiп, бiр жұмыс сменасында, бiр ыдысқа буып-түйiлгендi айтады.
Цистернадан, флягадан үлгi алу үшiн сүттi араластырады. Механикалық әдiспен сүттi араластырған кезде флягаға құйып бiр минут, уақытында араластырады, автомобиль цистернасында 3-5 минут темiр жол цистернасында 15-20 минут көпiршiктенуге дейiн араластырады және сүттi цистернаның люгынан құяды.
Механикалық араластыру әдiсi жоқ болған жағдайда машинадағы цистернада және флягадағы сүттi бутовка арқылы араластырып жоғары немесе төмен түсiру арқылы 1-3 минут арластырады. Араластырып болған соң, нүктелi әдiс пен сүттi шөмiшпен, ыдыс түбiне салады да үлгi алады. Трубканы ыдыс түбiне жылдам түсiредi. °р цистернаның секциясынан нүктелi әдiспен бiрдей көлемде алады, содан кейiн оны бiр ыдысқа құяды. Егер үлгiге алынған сүт белгiленген жерге дейiн толмаса, онда әр секцияда нүктелi әдiспен үлгi алып, оны ыдысқа салады. Өнiмдi ыдыста арластырғаннан кейiн нүктелi әдiспен әр транспорттардағы өнiм бiрлiгiнен үлгi алады. Сүттен алынған шөлмектегi және пакеттегi үлгiнi бес рет шайқайды, ал егер май ыдыстың түбiне тұнып қалса, онда оны су моншасында қыздырады. Содан кейiн шөлмектегi немесе пакеттегi сүттi бiр ыдысқа құяды да ортақ үлгi жасайды. Ыдыстағы сүт көлемi алынған үлгiге тең. Ортақ үлгiден араластырғаннан кейiн талдауға көлемi 0.5 дм куб сынама алады.
Талдауға арналған орташа үлгiнiң сыртын таңбалайды және пломбылайды. Талдаудың алдында сүт үлгiсiн 2-8 с температурада сақтайды. Талдауға жiберiлетiн үлгiнiң сыртында келесi құжаттар көрсетiледi:
- үлгiнi алу жерi;
- өндiрушi өндiрiстiң аты;
- өнiмнiң аты, сорты, өңдеген күнi;
- партияның көлемi;
- үлгi алу кезiнде өнiмнiң температурасы;
- үлгi алу кезiндегi сағаты және күнi;
- үлгi алған адамның, қызметi, қолы;
- өнiмде анықталған көрсеткiштер;
- жiберушi мен алушының аты, көлiктiң нөмiрi және құжаты;
- өнiмге қойылатын стандарт немесе техникалық шарттың аты;
сапасын сараптау, сынау әдiстерi. Микробиологиялық көрсеткiш МЕМСТ 9225-84, түсiн анықтау, иiс,дәмi және консистенциясы, МЕМСТ 28283-89, температурасын МЕМСТ 26654-85, тығыздығын МЕМСТ 3625-84 , қышқылдығын МЕМСТ 3624-92, МЕМСТ 8218-89, майдың массалық үлесiн МЕМСТ 5867-90 , белоктың массалық үлесiн МЕМСТ 25179-90, лактоза мен белокты МЕМСТ 23621-79 стандарттары бойынша анықталады
Пк «сайрам» дағы сүт өнімдерінің қауіпсіздігі
Пк «сайрам» дағы сүт өнімдерінің барлығы белгілі нормаларға, ережелерге сай жасалынған. Сонымен қатар белгілі нормамен құрамындағы химиялық, физикалық заттар салынған.
Өңдеу талаптары және қоршаған ортаны ластау. Өңдейтін кәсіпорын қоршаған ортаны ластаудың көзі болмауы керек. Егер өңдеу процесі кезінде ортаны ластайтын заттар пайда болса онда оларды нейтрализациялауға қажетті технологиялық және ұйымдастырушылық шараларды жасап жүзеге асыру қажет.
Көп компонентті өнім. Көп компонентті өнімде экологиялық және экологиялық емес пайда болу көзі бар бір атты компоненттер болмауы тиіс.Құрал жабдықты тазалау. Егер бір жабдықта экологиялық және экологиялық емес өнімдер өңделетін болса онда олардың араласып кетпеуіне ұйымдастырушылық шаралар жасалуы керек. Егер мамандардың ойы бойынша бұндай шаралар жеткіліксіз деп саналса онда сертификаттау жүргізуден бас тартуға болады.
Кесте 4- Таза экологиялық сүтті өндіретін тауарлы фермаларға қойылатын талаптар
Көрсеткіштердің аталуы | Нормативтік құжат бойынша нормалар | Фактылы мәліметтер | Нормативтік құжаттардың сынау әдістері |
Мырыш | 23,0 | 25 | МЕМСТ 51301-99 |
Мыс | 3,0 | 3,6 | МЕМСТ 51301-99 |
Қорғасын | 32,0 | 40 | МЕМСТ 51301-99 |
Кадмий | 0,3 | 0,1 | МЕМСТ 51301-99 |
Сынап | 2,1 | 2,0 | МЕМСТ 26927-86 |
Мышьяк | 2,0 | 2,2 | МЕМСТ 26930-86 |