Понятие инвестиционных фондов, их развитие в РК

                                         Мазмұны

 

Кіріспе.

1.Қаржылық   институттар    құрылымындағы    инвестициялық     қорлардың  

        қалыптасуы     және   экономикалық     мазмұны.                                                                                         

       1.1    Қаржы   нарығындағы   инвестициялық   қорлардың    қалыптасуы.

       1.2    Инвестициялық    қорлардың    экономикалық      мазмұны,  ерекшелігі.

 

2.Қазақстан   Республикасындағы   инвестициялық   қорлардың   түрлері және  типтері..

       2.1    Инвестициялық   қорлардың жалпы  жіктемесі.

       2.2    Акционерлік инвестициялық қорлар.

       2.3    Инвестициялық пай қорлары.

 

3. Қазіргі кездегі  инвестициялық  қорлардың   даму перспективасы.

 

 

Қортынды.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       Кіріспе.

 

          «Инвестиция» - деген түсінік кең мағынада мемлекеттін экономикасын өсіру мен дамытуды қаржыландыру үшін қажетті механизмді қамтамассыз ету деп түсіндіріледі. Мұндай проблемаларды шешу үшін нарықта көптеген қаржылық институттар құрылады. Солардың ішінде өзінің бірқатар артықшылықтармен көзге түсетіні: - инвестициялық қорлар.

         Инвестициялық  қорлар қаржы нарғында инвесторлардың құқықтарын қорғау және ақшалай қаражаттарды диверсификациялау жолымен бағалы қағаздарға инвестициялау арқылы тәуекел деңгейін төмендету мақсатымен қызмет етеді. Бұл қорлар қаржы нарғында, ел экономикасында маңызды рөл ойнайды, өйткені қорлар өз қолында өндірісті дамытуға бағытталатын ұсақ салымшылардың қаражаттарын шоғырландырады.

         Еліміздегі қаржылық институттардың  құрылымындағы инвестициялық  қорлардын саны артуда. Бұл қорларға деген сенімнің артуын, нарықта олардың дамуы үшін оңтайлы жағдайлардың қалыптасуымен түсіндіріледі. Кәсіби басқарумен, салымдардың диверсификациясы нәтижесінде тәуекелдің төмен болуымен, көрсететін қызметтердің айқындылығымен, инвестицияның жоғары, операциялық шығындардың төменділігімен, инвесторлардың құқықтарың қорғау жүйесінің көп деңгейлігімен және ең бастысы салықтың женілдіктігінің болуымен ерекшеленетін инвестициялық  қорлар қаржы нарығында өз орнын тапты.

        Алайда, қорлардың қарқынды дамуын  тежеп отырған бірқатар проблемалар  бар. Бұл проблемаларға жалпы  халықтың экономикасының  сауаттылығының төменділігі, инвестициялық  қорлар туралы ақпараттын жеткіліксіздігін, заңдамадағы қайшылықтарды жатқызуға болады.

        Міне,  менің  курстық  жұмысымның  тақырыбы. «Қаржылық  институттар   құрлымындағы  инвестициялық  қорлардың  мәні  және түрлері» деп аталады.

        Бұл тақырыпты таңдау себебі - инвестициялық  қорлардың қаржы нарғындағы алатын рөлің, олардың негізгі қызметтерін, түрлерін, экономикаға тигізетін әсерін, жалпы бір сөзбен айтқанда инвестициялық  қорлар туралы мағлұматтар алу.

        Кустық жұмыстың негізгі мақсаты – тақырыпты жете ашып, ой сана түю.             

 

 

 

 

 

    1. Қаржылық институттар құрлымындағы

инвестициялық  қорлардың қалыптасуы және экономикалық мазмұны.

 

    1. Қаржы нарығындағы инвестициялық  қорлардың қалыптасуы

 

 

       Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы он жылдан астам қызмет етіп келе жатыр және сол салыстырмалы аз уақыт ішінде барлық эволюциялық даму сатысынан өтті.

       Қазіргі  кезде бағалы қағаздар нарығы  халықаралық практикаға және  республиканың экономикалық даму  ерекшелігіне байланысты модернизациялануда.

       Қор  нарығың дамуына себеп болып  отырған 2004 жылдың шілде айындағы  «Инвестициялық  қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қабылдаумен  байланысты  инвестициялық  қорлардың   нарыққа   шығуы.

       Әлемдік  практикада  инвестициялық  қорлар   мемлекет  экономикасының  дамуында  маңызды роль атқарады.Бұл қаржылық   институттардың   жиынтық активтері банктердің  және  сақтандыру  компаниялардың   активтерінен  асып  түседі.

       Қазіргі   таңда  Қазақстан   тұрғындарының   жинақтары  өссе  де  (2005 жылдың  1-қантарында  жеке   тұлғалардың   екінші  деңгейдегі  коммерциялық  банктерге  салған   салымдары   448 млрд теңгені құрап отыр), бұл   қаржы өніміне пайыздық  мөлшерлеме  төмен болып отыр ( шетел  валютасындағы  жеке   тұлғалардың  депозиттерінің  орташа  кепілдендірілген  табыстылығы  3-тен   6%  аралығында,  ал  теңгеде  6%-дан

10% -ға  дейін ). Инфляция  деңгейінің  күннен –күнге  өршуіне  байланысты  халық  үшін  жинақтаудың  жаңа  түрін  іздеу  қажеттілігі  туды.

       Көптеген  азаматтар   жылжымайтын   мүліктер  бағасының   қарқынды  өсуін  байқап,  өз  қаражаттарын тұрғын   үйлерге,  құрылысқа  инвестициялай   бастады. Бірақ, әлемдік  практика  көрсеткендей, жылжымайтын мүлік   обьектілері  салымның  тәуекелді инструменті болып табылады. Сонымен қатар біздің  қазақстандық  кішігірім нарықта, сарапшылардың бағалауы  бойынша, инвесторлардың  саны  нақты  сатып  алушылар  санынан  асып  отыр.Жылжымайтын   мүлік  бағасының  өсіп  кетуіне,  мысалға, Алматы  қаласындағы   соғылып  жатқан  тұрғың  үйдің бір  шаршы  метірінің  бағасының   Мәскеудегі  бағалармен   бірдей   болып  отырғаның  айтуға  болады.

 

 

 

 

 

      

     Кәсіби    инвесторлармен   басқарылатын  инвестициялық  өз   салымшыларына   бір  инструментке  салым  жасау   тәуекелінен  портфельді

диверсификациялау   жолымен  құтылуға   және көптеген  инструменттерді  қолдану  арқылы  жоғары  табыс  алу  мүмкіндігін   береді. Бұдан басқа салымшының  өз  уақытын үнемдейтінін айтуға  болады.

     Қазақстан    Республикасындағы   инвестициялық  қорлардың  қалыптасуы 

1997  жылғы  Қазақстан  Республикасының   «Инвестициялық  қорлар туралы» Заңның  қабылдануымен  байланысты. Алайда  бұл  заңның  нормалары  қорлардың  акцонерлік  қоғамдар  формасында   құрылу  мүмкіндігі  ғана  көрсетілгендіктен  іс  жүзіне  аспады  және  бұл  заң  ескеріп, қазіргі кезеңдегі қор нарығының даму  тенденциясына сәйкес  келмеді.

      Уақыт  келе  2004  жылы  шілдеде  Қазақстанның  «инвестициялық  қорлар  туралы» жаңа  заңы  қабылданды . Бірінші заңның  қабылдануына  сәйкес  тек бір ғана  инвестициялық  қор   құрылған  болатын( Қазақстанның

Халық  Банкісінің  «Халық  капитал»  өзара  қоры» АҚ ). Бұл  қор  бірқатар  себептерге  байланысты  инвесторларды  тарта  алмай, жарты  жыл  ғана  жұмыс  істеді. Оған себеп  болған  біріншіден, инвестициялық  қорлар  туралы  заңның  мардымсыздығы, соның ішінде инвестициялық  қор қызметін  ұйымдастыру шығындарын   дұрыс анықтамау ;екіншіден , инвестициялық  қорлардың  алған  инвестициялық  табыстарына екі рет салық салынуы.

      Жаңа  заң  осы   кемшіліктерді  ескере  отырып,  сонымен  қатар әлемдік  тәжірибені  жинақтап, инвестициялаудың  ұжымдық  формасын  дамыту  және  қор  нарығына  ішкі  инвесторларды   тарту  мәселелерін  шешу  қажет.Одан басқа  ұлттық   валютаға  қатысты  доллардың  өсуі, төмендеуі , банктердің  салымдар   бойынша   пайыздық  мөлшерлемелердің төмендеуі жағдайда  қор  нарығында  қаржылық  инструменттің  баламасы  ретінде   инвестициялық  қорлардың  пайда  болуы  өте  орынды  және  бағалы  қағаздар  нарығының  жалпы  дамуында  себеп  болды.

      Заң   бойынша   инвестициялық  қорлардың   екі  түрі  қарастырылған:  акцонерлік  инвестициялық  қор   және инвестициялық  пай қорлары.Заңға осы  пай  қорлары туралы  ережеге  бірінші  рет   енгізіліп   отыр.

      Сарапшылардың   бағалануы   бойынша,  жақын   арада  акцонерлік  инвестициялық  қорлар  құрылмайды.  Сондықтан да  инвестициялық  пай қорларының  қызметі   одан  әрі өз  дамуын алуда.

      Инвестициялық   пай  қоры  заңды   тұлға  болып  табылады. Инвестициялық пай қоры   мамандырылған   инвестор –басқарушы   компания   басқаратын   активтердің   жиынтығын  білдіреді.  Бұл  жағдайда   қор  активтері   басқарушы  компанияның   меншігі болып   табылмайды,  толығымен қордың  пай   ұстаушыларына   тиісілі болды.

      «Инвестициялық  қорлар  туралы» Заңға сәйкес  инвестициялық  қорлар  ашық, аралық  және   жабық болып бөлінеді. Олардың  арасындағы   айырмашылығы рұқсат етілген инвестициялау   обьектілерінде(инвестициялық  декларацияларында ).

      Мысалы,  ашық  және   аралық  инвестициялық  пай қорлары қаражаттарды   тек қана   жеткілікті  өтімді   қаржылық   инструменттерге салу  мүмкіндігіне   ие  болады ( мемлекеттік  бағалы  қағаздар,  жоғары  рейтингісі  бар  шетел  мемлекеттерінің   бағалы  қағаздары  және  т.б.). Мұндай  портфель  салымшыға   басқарушы   компаниядан  белгіленген  мерзімде   өзінің   пайын   қайта  сатып  алуды  талап   етуге  құқық   береді (ашық инвестициялық  пай қоры  үшін-екі  аптада   бір   реттен  кем  емес,  аралық  үшін-жылына  бір  реттен  кем  емес ).

       Жабық  инвестициялық  қорлары   тәуекелмен  байланысты   болып  келеді   және   өздерінің   инвестициялық  декларацияларында   шектеулер   болмайды  (  олар  үшін  жылжымайтын  мүліктерге,  жер  учаскілеріне,  венчурлік  индустрия  обьектілеріне   инвестициялау   мүмкідігі  қарастырылған ). Жабық инвестициялық  пай   қорларының  салымшыларының  дивиденд   алуға  құқықтары   бар , бірақ  басқарушы   компаниядан   оларға  тиесілі   пайларын  талап  етуге   құқығы   жоқ.

      Басқарушы   компания   күнделікті   пайды  есептеп   отырады және   міндетті   түрде айына   кем дегенде бір рет клиентке  оның   шоты   туралы   есеп  беріп   отырады.

      Ал   пай    дегеніміз не ? Пай- бұл инвестициялық  пай қорындағы   оның  иесінің үлесін ,   инвестициялық  пайқоры   жұмыс   істеуін   тоқтатқан   кезде   оның   активтерін   өткізуден   алынған    ақшаны   алу   құқығын,  сондай-ақ  Заңда   айқындалған   инвестициялық  пайқоры   қызметінің  ерекшеліктеріне   байланысты   өзге  де  құқықтарды   растайтың,  шығарылымы   құжаттандырылмаған   нысандағы атаулы  эмиссиялық  бағалы  қағаз.                                                                                           

      Пай   ұстаушы - инвестициялық  пай   қорының   пайларын   ұстаушыларын   тізімі   жүйесінде немесе  нақтылы  ұстауды   есепке  алу  жүйесінде  жеке  шоты  бар  және  инвестициялық  пай қорының пайлары   бойынша  құқықтары  бар  тұлға.

      Инвестициялық  қорлар   салымшыларының   қаражаттарының  сақталуына  заңмен  зейнетақы активтерін   бақылаумен  ұқсас көп деңгейлі  бақылау   жүйесі   қарастырылған:

     1)  салымшылар  қаражаттарының   сомаларын   мамандырылған  инвестор-басқарушы  компания  басқарады;

     2)      инвесторлардың  қаражаттары   басқарушы  компанияда  емес ,  кастодиан  банктің   басқарушы   компания  үшін  ашылған  жеке  шотында   сақталады.   Банк  кастодиан   банкрот   болған  жағдайда   қор   қаражаттары жойылмайды.

     3)      пай   ұстаушыларының   реестрін  тәуелсіз   тіркеуші   компания   жүргізеді.

      Жоғарыда   аталған   ұйымдардың   міндетті   түрде  қаржы   нарығы   мен   қаржылық   ұйымдарды   реттеу   және  қадағалау   жөніндегі  Қазақстан                                                                                                                                                                                                       

 

Республикасының  Агенттігінің   сәйкес  лицензиясы  болуы  қажет   және   олардың   реттеуінде   болуы   керек.

      Сонымен,   Қазақстан   нарығында  инвестициялық  қорлардың   пайда  болуы   отандық   қор   нарығының   дамуы  үшін  ең   қолайлы   факторлар   болып  отыр. Келешекте   олар қалыптасқан   институционалдық  инвесторлармен , банктер және  зейнетақы   қорлармен   бәсекелестік   жағдайға  түседі  деп және   жаңа   эмитенттердің шығуын   ынталандырады   деп   күтілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        1.2. Инвестициялық   қорлардың   экономикалық  мазмұны,

        ерекшелігі.

 

 

 

 

 

 

    «Инвестиция»  деген  түсінік  кең  мағынада   мемлекеттің  экономикасын  көтеру  мен  дамытуды   қаржыландыру   үшін   қажетті  механизімді   қамтамассыз  ету  деп   түсідіріледі.Мұндай  проблемаларды   шешу   үшін   нарықта   көптеген   қаржылық   институттар   құрылады. Соның   ішінде  бірқатар   ерекшелігімен   және  айрықша экономикалық  мазмұнымен  көзге  түсетіні - инвестициялық  қорлар.

     Инвестициялық   қорлар  қаржы  нарығында   инвесторлардың  құқықтарын   қорғау   және  ақшалай   қаражаттарды   диверсификациялау   жолымен   бағалы   қағаздарға   инвестициялау  және  оларды  тарту  арқылы   тәуекелдік   деңгейін   төмендету    мақсатымен   қызмет   етеді.   Бұл   қорлар

Қаржы  нарығында, ел  экономикасында   маңызды   роль  атқарады.   Өйткені қорлар, өз  алдында , өндірісті   дамытуға   бағытталатын  ұсақ  салымшылардың   қаражаттарын  шоғырландырады.Сонымен қатар,  бұл қорлар акцияға, кәсіпорын облигацияларына, банктік депозиттерге   салынатын  ақшалай  қаражаттардың  инвесторлар   үшін  негізгі  көзі  болып  табылады.

       Инвестициялық   қорлар   өз   акцияларын  шығару  және  ашық  орналастыру   жолымен  және  тартылған   қаражаттар  есебінен  бағалы   қағаздардың  инвестициялық   портфелін  қалыптастыру  жолымен  ақшалай   қаражаттарды  тарту   бойынша   қызметтерді   жүзеге   асырады.

       Инвестициялық   қорлардың   барлық  қызметтері  инвестициялық   салымдарды  әртүрлі   бағалы  қағаздарға  тартуға  және қалыптасқан портфелді пайда табу мақсатымен басқаруға бағытталды.

       Қор  ақшалай қаражаттарды жеке инвесторлардың  есебінен акциялардың эмиссиясымен  қалыптастырады. Бұл қаражаттарға  қор кәсіпорындардың, банктердің  бағалы қағаздарын сатып алады  және өз салымшыларына акциялар бойынша нақты табыс алып отыруға   мүмкіндік береді.

       Өз  қызметтерін атқару кезінде инвестициялық  қор келесідей принциптерді басшылыққа алып отырады:

  • инвестициялық салымдарды диверсификациялау;
  • бағалы қағаздармен жоғары тәуекелді операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу;
  • бағалы қағаздарды кәсіби жолмен сатып алу;
  • жеке инвесторлармен салыстырғанда қаржылық ресурстардың көп болуы.

Инвестициялық қорлардың  өндіріспен және сауда-саттықпен айналысуға (бағалы қағаздар, қаржылық құралдардан басқа) ,кепілдіктің кез-келген  түрін беруге,  эмиссиялық   емес  бағалы  қағаздарды   алуға, басқа   инвестициялық қорлардың,  сонымен  қатар  кастодианның, тіркеушінің  және  аффилирлендірілген   тұлғалардың  акцияларын  алуға, 6  айдан  көп  мерзімге  банктерден  қарыз алуға,  бағалы  қағаздармен кепілдік  мәмілелер жасауға, әртүрлі әдістермен  қарыз беруге,сонымен қатар опциондармен, фьючерстік  келісім – шарттармен,маржамен  мәмілелер жасауға құқығы  жоқ.

       Инвестициялық   қорлардың  келесідей  ерекшеліктерін  атап  өтуге болады.

       Кәсіби  басқару. Қор  активтерін  басқару  штатында кәсіби  аналитиктердің  ұсынуы  бойынша  шешім   қабылдайтын  аттестациядан  өткен , басқарушылары  бар басқарушы  команиялармен  жүзеге  асырылады.

       Салымдардың диверсификациясы   нәтижесінде тәуекелдің  төмендігі. Қорлар  өздерінде жеке  көптеген  инвесторлардан  түскен  ірі қаражаттарын    шоғырландырғандықтан   басқарушы компанияның қордың  активтерін   диверсификациялау мүмкіндігіне  ие болады.  Бұл жеке  эмитенттердің акциялары  мен  облигацияларына   бағалардың  түсуі  кезінде  пай  құнының  төмендеу  тәуекелін  азайтады.

       Айқындылық.  Заңнамамен  инвестициялық  қорлар   туралы  ақпараттарға  қойылатын  талаптар  анықталған. Сонымен  қатар  мұнда  инвестициялық  қорлардың  қызметі  туралы, оның  таза  активтерінің  құрамы  мен  құны  туралы  толық  емес, қате  және  адасуға  әкеліп  соғатын  ақпараттарды  тарату  және  жариялау  үшін  жауапкершілік  деңгейі  қарастырылған.

       Инвестициялардың  жоғары  тиімділігі. Бағалы  қағаздарға  қаражаттарды   салу  кезінде  ақпараттардың  жеткілікті  көлеміне  иемдену  керек  және  оларды  талдай  білу  қажет  ( эмитент-компанияның  макроэкономикалық  мәліметтеріне, қаржылық  көрсеткіштеріне  талдау  жасау). Көптеген  инвесторлардың  өз  қаражаттарын  басқару  үшін  уақыты, техникалық  мүмкіндіктері, жеткілікті  деңгейде  кәсіби  білім  болмайды. Бұл  жағдайда  инвестицияларды  таңдауды   және оларды  басқаруды кәсіби  басқарушы компанияларға  табыстау  инвестициялардың   табыстылығына  әкелетін   оптималды  шешім  болып  табылады.

      Операциялық   шығындардың  төмендігі. Инвестициялық  қорлар  жеке  инвесторлармен  салыстырғанда  тартылған  қаражаттар  үлесінің көп  болуына  байланысты  аз  операциялық  шығындар  шегеді.  Операциялық шығындардың  аз  болуы  жалпы  инвестициялық  нәтижеге  оң әсер  етеді.

       Инвесторлардың  құқықтарын  қорғау  жүйесінің  көп  деңгейлі. Инвесторлардың құқықтарын қорғау пай қорының ұйымдастырушылық құрылымымен және мемлекет тарапынан бақылаумен қамтамасыз етілген. Қор  қаражаттарын басқару, сақтау және есепке алу қызметтері озара тәуелсіз құрылымдар арасында бөлінген – басқарушы компанияның, кастодианның және тіркеушінің арасында. Аталған қорға  қызмет көрсететін ұйымдардың қызметтері уәкілетті органмен лицензиянзияланады  және реттелінеді.

       Айта  кететін тағы да бір ерекшелік, 2005 жылдын 1 қантарынан бастап  Қазақстан Республикасының Салық кодексінде бұл ұйымдарға, яғни инвестициялық қорларға бірқатар салықтық женілдіктер қарастырылған:

    1. инвестициялық пай қорлары корпоративтік табыс салығынан босатылған;
    2. салымшының     пай құнының өсуінен алған табысы салықтан босатылған;
    3. салымшының алатын дивидентері салықтан босатылған.

                                                                      

 

           

2.    Қазақстан   Республикасындағы   инвестициялық   қорлардың

түрлері    және  типтері.

 

 

2.1. Инвестициялық   қорлардың   жалпы  жіктемесі.

 

 

Қазақстан   Республикасының  заңнамасы  инвестициялық   қорлардың   нақты  типтерін  құру  мен  қызмет   етуін   қарастырады.

       Инвестициялық   қорлардың   екі   негізгі   типі  бар:  өзара  қор   және  инвестициялық   компания .

       Өзара   қор  барлық   инвесторлардың  қаражаттарын  және  акционерлерден  эмиссиялық  акцияларды  сатып  алу  міндеті  бар  ашық   инвестициялық   қор  болып  табылады. Өзара  қор  акцияларды  шексіз көлемде  шығара  алады  және  қажетті  жағдайда  акцонерлердің  жалпы  жиналысының  шешімінсіз  акциялардың  қосымша  эмиссиясын  жүзеге  асыра  алады. Қорға  артықшылықты  акцияларды  шығаруға  тыйым  салынады.Сонымен  қатар  өзара  қордың  тағы  бір  ерекшелігі –олардың  акциялары ұйымдаспаған нарықта айналымға түседі және де ол  акциялардың  бағасы  күнделікті  міндетті түрде заңмен анықталып отырады.

      Инвестициялық   компания-бұл  қордың  құрылтайшылары  және  акцонерлері  болып  табылатын  бір  немесе  бірнеше  заңды, жеке тұлғалардың  қаражаттарын  тарта  алатын  жабық  инвестициялық  қор. Инвестициялық   компания  өз  акционерлерінен  эмиссияланған  акцияларын сатып  алуға  міндетті  емес, ал  оның  жарғылық  капиталын  қосымша  акция  шығарылымы  арқылы  көбейтуге  немесе  акцонерлердің  жалпы  жиналысының  шешімінсіз  акциялардың  бөлігін  өтеу  арқылы  азайтуға жол  берілмейді. Инвестициялық   компаниялардың  акциялары  қор  биржасында  айналысқа  түседі. Компанияның  акцияға  бағаларды  күнделікті  белгілеу  міндеті  жоқ. Компанияның  артықшылықты  акцияларды  шығаруға  құқығы бар.

      Сонымен   қатар  Қазақстан  Республикасында инвестициялық   қорлардың     

келесідей  типтері  бар:

       1)   акционерлік инвестициялық   қор;

       2)   инвестициялық   пай  қоры.

       Инвестициялық   пай  қоры  келесілерге  жіктеледі:

  • ашық инвестициялық пай  қоры;
  • жабық инвестициялық   пай  қоры ;
  • аралық  инвестициялық  пай  қоры.

      Ашық  инвестициялық   пай қоры  оның  пай ұстаушысына басқарушы компаниядан осы  Заңда  және  осы  инвестициялық  қордың  ережелерінде  белгіленген жағдайларда, шарттарда  және  тәртіппен  пайды  сатып  алуын  талап  етуге құқық  береді, бірақ ол екі  аптада  бір  реттен  кем  болуға  тиіс.

      Инвестициялық   аралық  пай  қоры  оның  пай   ұстаушыларына  басқарушы   команиядан  Заңда  және  инвестициялық   қордың  ережелерінде  белгіленген  жағдайларда, шарттарда  және тәртіппен  пайды  сатып  алуын  талап  етуге  құқық  береді,  бірақ  ол  жылына  бір  реттен  кем  болмауға  тиіс.

      Жабық инвестициялық   пай  қоры  оның  ұстаушысына  осы қордың  пай    ұстаушыларының  жалпы  жиналысына  қатысуға, сондай-ақ  қор  ережелерінде  көзделген  жағдайларда  және  тәртіппен  пай бойынша  дивидендтер   алуға  құқық  береді. Жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушысы басқарушы   компаниядан өзіне тиесілі пайларды  сатып алуды  талап етуге құқығы  жоқ.

      Инвестициялық   деклорациясында  белгіленген   инвестициялау  шарттарын   сақтамай, қордың  активтерін  инвестициялау   мүмкіндігі  көзделген  инвестициялық  қор тәуекелімен инвестициялау  қоры  болып  табылады.  Акционерлік  немесе  жабық  инвестициялық  пай  қорлары  ғана  осы  тәуекелмен  инвестицияланатын  инвестициялық  қорлар  бола  алады.

      Инвестициялық  пай  қорының  жарғылық  капиталы  оның  құрылтайшыларының салған  қаражаттарының  үлесінең  құрылады. Қордың шартта  көрсетілген қызметтерден  басқа   қызметтер атқаруға  құқығы  жоқ.

      Ал   акционерлік  инвестициялық   қордың   жарғылық  капитал   акциялар  эмиссиясы  жолымен   қалыптасады.Акцонерлік  инвестициялық қордың  артықшылығы- акцияларды  нарықта  женіл  сату  мүмкіндігінің  болуы  және  қордың  акционері жай  акционерлік  қоғамдағы  сияқты  акцияларды  қайта  сатып  алу  мүмкіндігінің  болуы . Қордың  бағалы  қағаздары  ұйымдасқан  нарықта   айналымда  болмайды.

      Инвестициялық   стратегияларды   жүргізу сипатына  байланысты  инвестициялық қорлар  төмендегідей   жіктелінеді:

  1. Бағамдардың  өзгеру  тәуекелі  шектеулі  бағалы  қағаздарға  капиталды  инвестициялайтын  қорлар.
  2. Бағалы  қағаздар  бағамының  өзгеруі  жоғары  тәуекелді  болған   кезде  табыстардың  өсуіне  бағытталған   қорлар.
  3. Қаржылық  активтерінің  диверсификациясын  жүзеге  асыратын  қорлар.
  4. Ақша  нарығының  пайыздық  мөлшерлемелерінің  капитализациялануына  маманданған  қорлар.

      Бірінші   категорияға   жергілікті  атқарушы  органдардың  мемлекеттік  облигацияларын  және  бағалы  қағаздардың  тәуекелді  түрлеріне  жататын  мемлекеттік  емес   облигацияларын сатып алатын  ұжымдық инвестициялық   мекемелер  жатады.

      Екінші  топқа  ұзақ  мерзімді  инвестицияларды  жүзеге  асыратын  қорлар  жатады. Олар  акция  базасында  пайда  болатын  акцияларды, конвертацияланатын   облигацияларды  сатып  алады. Мұндай  компаниялардың  клиенттеріне  өздеріннің  активтеріннің  бір  бөлігін  орналастыру  кезінде  жоғары  тәуекелге  бел  бұратын  тұлғалар  жатады.

      Үшінші  топқа  қаражаттарын  әртүрлі  бағалы  қағаздарға  ұзақ  мерзімді  салым   диверсификациясына   баратын  қорлар  кіреді.Өйткені   диверсификация  капиталды   жоғалту   тәуекелін  шектеудің  әдісі  болып  есептелінеді.Мұндай  инвестициялық   стратегияны  жүзеге  асыру  үшін  жеткілікті  мөлшерде  капитал  болуы  қажет.

       Төртінші  топқа  ақша  нарығының  пайыздық  ставкаларын  капитализациялауға  маманданған  қорлар  жатады. Олар  өте  қысқа  мерзімді  инвестицияларды   жүзеге  асырады,тіпті  бір  күндік  мәмілелерге  отырады.Сондықтан  капиталды  жоғалту  тәуекелі  өте  төмен  болып  келеді.

Мұндай  инвестициялық  қорлардың  инвестициялық  портфельінің  құрылымы  және  клиентурасы  көп  түрлі  болып  келеді-жеке  тұлғалар  және  банктік  депозиттермен  салыстығанда  ақшаларына  жоғары  процент  алғысы  келетін фирмалар.

      Қордың  инвестициялық  қызметі  әр  елде  қор  нарығының  ерекшелігіне  байланысты  өзіндік  сипатты   белгілеріне  ие.  Көптеген  елдердің  инвестициялық  портфельінде  акциялар  емес, облигациялар  мен  қысқа  мерзімді  бағалы  қағаздар басым  болып  келеде.

      Нарықтық  экономикасы  дамыған  елдердің  инвестициялық  қорлары    бір  актив  түрімен  басқаруды  жүзеге  асыратын  маманданған  болып  келеді. Мысалға, акциялармен, облигациялармен , қысқа  мерзімді бағалы  қағаздармен  қызметін  жүзеге  асыратын   ипотека  қорлары, ұзақ  мерзімді  муниципалды  бағалы  қағаздар  қоры, опциондық табыс  қоры, кәсіпорындардың  акцияларына  қаражаттарды  салатын  өсу қоры  және  т.б.

Бағалы  қағаздар  портфельінің  тұрақтылығын  қамтамассыз  ету  үшін  қорлар  тәуекел  деңгейін  төмендету  арқылы  эмитенттердің  бағалы  қағаздарына  салым  жасаумен  шектеледі.Өндірістік  компаниялардың  акцияларына  қаражаттарын  салу  кезінде  олардың  салалық  диверсификациясы  жүзеге  асырылады.

   

 

    1. Акционерлік  инвестициялық  қорлар.

 

 

      Акционерлік   инвестициялық  қор-қызметінің  айрықша  түрі  Заңда  белгіленген   талаптарға  және  өзінің  инвестициялық   деклорациясына  сәйкес  осы  қоғамның  акционерлері  оның  акцияларын  төлеу  үшін  қосқан  ақшаны,сондай-ақ  осындай инвестициялау  нәтижесінде  алынған  активтерді  жинақтау  мен  инвестициялау  болып  табылатын  акционерлік  қоғам.

      Акционерлік   инвестициялық  қордың  құрылтайшылары  мен  акционерлеріне қойылатын  бірқатар  талаптар  бар. Мысалға,тізбесін  уәкілетті  орган  белгілейтін  оффшорлық аймақтарда  тіркелген  заңды  тұлғалар  акционерлік  инвестициялық  қорлардың  құрылтайшылары  немесе  акционерлері  бола  алмайды. Сонымен  қатар  осы    инвестициялық  қормен  тиісті  шарттар  жасалған  басқарушы  комания , кастодиан және  тіркеуші  акционерлік  инвестициялық  қордың  акционері  бола  алмайды.

Понятие инвестиционных фондов, их развитие в РК