Природные ресурсы. 3
Мазмұны
Кіріспе
- Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісі және оларды пайдалану
тиімділігі
- Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен проблема -
лары
- Табиғатты пайдалану мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен
ұйым- дық - методологиялық негіздері
11 - Табиғатты пайдалануды ұйымдастырушылық
- құқықтық және эконо -микалық реттеу
13
2 Табиғи ресурстардың
экономикалық құндылығын
- Табиғат ресурстарын қалпына келтіру
ұстанымдары және эконо - микалық бағалау
19 - Табиғат байлығын кешенді пайдалану және кешенді бағалау 21
3 Тұрақты дамудың міндеттерін шешуде табиғатты пайдаланудың
механизмінің тиімділігін
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі тарихи кезеңде қоғамның дамуының табиғатпен үйлесімділігі өте өзекті мәселеге айналды. Табиғатпен үйлесімсіз экономиканың өсуі болмай – тындығын дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Табиғат ресурстарын сарқылтып және қоршаған ортаны ластап ешқандай экономикалық өсу болмай-тынына әлемдік қауымдастықтың көзі жетті. Сондықтан табиғатқа және таби-ғатты пайдалануға жаңа көзқарас қалыптасуы керек.
Халықаралық қауымдастықтың және жеке елдердің табиғат ресурстары – ның, оның ішінде табиғат сыйымдылығының шектеулі екендігіне көздері жет - кеннен кейін тұрақты даму туралы ой-сана қалыптаса бастады және антропо - гендік апаттарды болдырмайтын бірден-бір жолы деп танылды.
Табиғи ортаны сауықтыруға және экономиканы тұрақты дамытуға бағыт -талған кешенді және үйлесімді табиғатты пайдалану жүйесін қалыптастыру біздің еліміз үшін де өте өзекті мәселе. Өйткені бұрынғы кеңестік жүйе бір-жақты табиғат ресурстарын пайдалану саясатымен және әскери қару-жарақтар сынауымен біздің территориямызда көптеген экологиялық апатты жағдайлар қалдырды.
Қалыптасқан экологиялық жағдайларды ескере отырып, экономиканы тұрақты дамыту мақсатында табиғатты қорғау мен оның ресурстарын ұтымды пайдалануды экономикалық басқару, реттеу және оған табиғатты пайдалану-шыларды ынталандыру жолдарын қарастырамыз.
Экономикада табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және қоршаған ор-таны қорғау басты мәселе етіп қойылғанның өзінде табиғатты пайдаланушы салалар және табиғатты қорғау қызметтері жеке қарастырылады. Олар барлық деңгейде біртұтас қарастырылуы тиіс. Өйткені көптеген экологиялық мәселе-лер бүкіл экономикалық-әлеуметтік қатынастар шеңберінде шешіледі. Қоғам-ның бүкіл әлеуметтік-экономикалық дамуын, әлеуметтік қатынастарын, эконо-миканың құрылымын, олардың ерекшеліктерін айқындап барып қана экология-лық-экономикалық саясатты анықтауға және жүзеге асыруға болады.
Сондықтан табиғатты пайдалану экономикасын табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтитын кең мағынада қолдана отырып және басты мәселесі ретінде алып, соған байланысты әлеуметтік-экон-омикалық мәселелерді қарастырдық. Басты назар экономиканың дамуына бір-тұтас әлеуметтік-экономикалық және экологиялық көзқарас қалыптастыруға аударылды.
Еліміздің нарық экономикасына өтуіне байланысты бұрын зерттелмеген экологиялық-экономикалық мәселелер туындады. Оның ішінде табиғат ресурс - тарының, табиғатты пайдаланудың құндылығын анықтау, табиғатты пайдалан - уды басқарудың әкімшілік және экономикалық жүйелерін үйлестіру, ақылы табиғатты пайдалану механизмін жетілдіру, табиғатты қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау, табиғатты қорғауға, оның ресурстарын ұт-ымды пайдалануға экономикалық ынталандыру және т.с.с.
1 Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісі және оларды пайдалану
Табиғат байлықтарының шектеулі екенін, кейбіреуінің қалпына өздігінен келмейтінін, табиғаттың байлығын сақтауға, молайтуға, қамқорлық қажет екенін, олай етпеген жағдайда адамдар өздерін қоршаған табиғи ортаны, оның байлығын жойып алатынын түсіну үшін қаншама уақыт өтті. Табиғат ресурс-тарын қалпына келтірмей, өсіріп сақтамай табиғи ортаның тазалығын қорғамай лдан шексіз ала беру, оны бүлдіре беру түптің түбінде табиғи ортаның бұзыл-уына, ресурстарының сарқылуына әкеліп соғады. Ол адамдардың биологиялық түрі ретінде өздерінің қажеттіліктерін қамтамсыз ете алмай, өмір сүруін тоқта-ту мүмкін деген сөз.
Табиғатты ұқыпты пайдалану адамдардың өздерінің өмір сүру шарты еке-нін түсінген соң ғана олар табиғатты қаншалықты, қандай шамада пайдалануға болатынын қарастыра бастады.
Тұтыну шегін анықтау өте қиын мәселе. Өйткені, кезінде Г.Гегель айт - қандай «нақты қажеттіліктің шегін анықтаудың ешқандай мүмкіндігі жоқ, қажеттілікті қанағаттандырудың жаңа құралы ашылады, ал ол өз кезегінде жаңа тұтыным тудырады, жаңа қажеттілік тудыралы». Ұдайы артып отыратын қаж-еттілік пен табиғаттың үйлесімділігіне қалай жетуге болады? Тұтыну шегі не? Тұтыну шегінен асқаныңды қалай білуге болады? Егер Гегельмен келісетін болсақ, тұтыну шегі өзін өндірген өнімдер, өндіргеннен артық тұтыну артық-шылық. Қазір мұны анықтау мүмкін емес, қазіргі адамдардың өндірісі мен тұтынымы табиғатын өндіогеніңді – тұтыну сипатын жоғалтып, қоғамдық сипат алған: бір затты өндіруге көптеген адам қатысады.
Сонымен тұтынудың қажетті және мүмкін шегі қандай? Бұл сұрақтың бірден-бір дұрыс жауабы жоқ. әрбір нақты жағдайға байланысты: біріншіден, жеке адамдардың немесе адамзат қоғамының қажеттілігін оның дамуы, ұдайы өндірісті қамтамасыз ете ала ма? (төменгі және жоғары шектері); екіншіден, адамдардың тұтынымы, өздері өмір сүретін биосфераның қалыпты жағдайына, дамуына қарсы болмай ма? (ең жоғары шегі); осыоарды анықтау керек.Әрбір жеке адам мен бүкіл қоғам жеткілікті пайымды тұтыну принципін ұстану керек.
Мәселе мүмкіндікке сәйкес өмір сүріп, қажеттілікті тежеп, тұтынуды шектей білуде. Бұл жеке адамдардың шешімі емес. Жердің мүмкіндігінің шегі - не байланысты табиғи заңдылыққа мойынсыну.
Өндірісі дамыған елдерде тұтыну басты өмірлік құндылыққа айналды. Әлеуметтік дәрежелерге ұмтылу, жарнама, мемлекеттік саясат, тауар нарығы, коммерция, тұтынуды насихаттау барлығы - тұтынуға итермелейді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, АҚШ-та молшылық дәуірі басталғанда, амери-кандық сауда маманы В. Лебау «Біздің жоғары өнімді экономика тұтынудың біздің өмір салтымызға зат сатып алу және тұтыну дәстүрге , тұтыну рухани қажеттілікке, өзіміздің кім екенімізді сездірушіге айналуын талап етеді» деп жар салды. Біз заттардың сатып алынуы, тасталуы және басқасымен ауыстыр-ылуы қажет деді.
Осындай тұтынуды қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарын көп мөл - шерде пайдалану оны сарқылту, орманды, топырақты, суды, атмосфераның бүлдіру тіпті климаттың өзгеру қаупін туғызады.
Қазір планетамыздың орташа тұрғыны ХХ ғасырдың басындағы тұрғын – нан 4,5 есе бай. Соған қарамастан жер тұрғындарының әл-ауқаты барлық жерде бірдей емес. Бір миллиарды молшылықта тұрса, бі миллиарды жоқшылықта. Байлықтарын доллармен есептегенде, қазіргі кезде 157 миллиардер, 2 млн миллионер бар, ал 1,1 млрд адамның табысы 1 АҚШ долл. жетпейді. Әлемдегі теңсіздікті 20% ең кедей тұрғындар табысын салыстырып 2 кестеден көруге болады.
2. Табыстың бөлінуі және экономикалық теңсіздік
Көрсеткіш |
Дамыған елдер үлесі,% |
Дамушы елдер үлесі,% |
Дүниежүзілік табыс |
82,7 |
1,4 |
Дүниежүзілік сауда |
81,2 |
1,0 |
Коммерциялық займдар |
94,6 |
0,2 |
Коммерциялық қорлар |
80,6 |
1,0 |
Қаржы салу |
80,5 |
1,3 |
20% кедей және 20% бай адамдар табыстарының айырмашылығы 1960 ж. 30 есе, 1980 ж. 45 есе, 1990 ж. 59 есе болған.
Әрине, артық тұтынудың қарсы жағы – кедейлік не экономикалық, не әлеуметтік мәселелердің шешімі емес, оларды тек шиеленістіре түседі. Бірақ, кедейшілік адамдар үшін молшылықтан жаман болғанымен, табиғатқа олардың айырмашылығы жоқ. Орманды аймақтың кедейлері күн көріс үшін ормандарды жояды. Мысалы, Африканың көшпенділері жайылымдарды шөлге, тақырға ай-налдыруда. Табиғатты бүлдіру кедейшіліктен де, артық тұтынушы молшылық-тан да бірдей болады. Бірақ табиғатқа заңның басым бөлігі дамыған елдердің үлесіне келеді.
Өнеркәсібі дамыған елдер болаттың 2/3 бөлігін, алюминийдің, мыстың, қорғасынның никельдің, қолайының, мырыштың 2/3 астамын, энергияның 3/4-ін тұтынады. Осы елдер парникті газдардың 2/3 атмосфераға шығарады. Оларда энергия тұтыну атмосфераға шығарылатын күкірт пен азот тотықтарының 3/4-ін береді. Өнеркәсібі дамыған елдер зиянды химиялық қалдықтардың басым бөлі-гін, құрамында атмосфераның озон қабатын бұзатын галогендер бар көмірсу - тектерінің 90 %-не жуығын шығарады.
Тұтынылған табиғат ресурстарының, бүлінген биосфераның орнын тол – тыру жұмыстары толығымен орындалмайды. Табиғатқа «экологиялық қарыз-дар» ұдайы өсіп келеді, жыл сайын триллион долларға жетеді. Оған дәлел ретінде өндіріс әрекеттерінің салдарынан атмосферада көмірқышқыл газының өсуін баяулатуға жыл сайын 625 млрд доллар қаржы бөлінуі қажет екенін айтсақ та жеткілікті.
Дамыған елдер дамушы елдердің ресурстарын алып қана қоймай, өндіріс –тің табиғатты ластау зиянын сонда қалдырады және табиғат қорғау шығын - дарын да соларға жүктегісі келеді.
Мұндай озбырлықты дамушы елдер көтере ала ма? Жоқ, өйткені олардың экономикасы нашар дамыған, өздерінің күнкөріс қажеттерін де қанағаттандыра алмайды.
Дамушы елдерде өздерінің «ластаушы» кәсіпорындарын орналастырған дамыған елдер табиғат қорғау шараларын орындаудың орнына «қайырымды – лық көмек» көрсеткен болады. Дамушы елдерде жаңа территориялар игерілед, көлік, байланыс дамытылады, жаңа жұмыс орындары ашылады. Осындай «көмектер» үшін олардың төлейтін мүмкіндіктері болмағандықтан қарыздары жылдан жылға артып келеді.
Осындай әділетсіздік, әлеуметтік теңсіздік табиғи ортаның жағдайын онан сайын нашарлатады. Табиғатты артық тұтынушы дамыған елдер өздерінде табиғат қорғауға көңіл бөлінгенімен басқа елдердің табиғатын пайдаланып, оған зиян келтіріп және олардың табиғат қорғау экономикалық мүмкіндігін шектеп табиғи ортаға орасан нұқсан келтіруде.
Экологиялық тоқыраудың басқа себептері:
Планетамыздың ресурстарының жұтаңдануы. Ұтымсыз табиғат пайдалану – ор-мандардың жойылуы, топырақтың құнарлығының азаюы, жайылымдардың тақ -ырлануы, жер өнімділігінің кемуіне соқтырды. Топырақ эрозияға ұшырайды, физикалық және химиялық бұзылады, тақырланады және батпақтанады.
Адамдардың шаруашылық әрекеттерінен орман қоры бүлінеді. Соңғы 10 мың жылда жердегі орманның 1/3 жойылған, қазіргі күннің өзінде жыл сайын тропикалық ормандар 17 млн-ға азаяды. 1965 ж. салыстырғанда жыл сайынғы орман ағаштарын кесу 50 % -ке артты. Жыл сайын кесілетін 3,4 млрд куб метр ағаштың жартысына жуығы отынға жағылады. Орманда ағаш кесу олардың түрін азайтады, топырақтың бүлінуіне, су қорының азаюына және орманда өмір сүретін жан-жануарлардың жоғалып кетуіне әкеп соғады.
Адамдардың әрекетінен әлемдік мұхиттар мен теңіздер де зарда шегуде. Ондағы биологиялық қорлар азайды, су беті ластанды, жағалаулары, маржан аралдары нашарлады. Жыл сайын 80-90 млн тонна балық ауланады, (соңғы 40 жылда балық аулау 5 есе артқан), 600 мың тоннадай мұнай төгіледі.
Шектен артық аң-құс аулау табиғи ортаның бүлінуі жердегі биологиялық түрлерді азайтады. Халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының мәліметі бойынша жер бетінен құстың 94 түрі, сүтқоректілердің 63 түрі жойылған, құс - тардың өлімінің 86 %, сүтқоректілердің – 75 % тікелей адамдардың әрекетінен болған. Қазір құстардың 600 астам, сүтқоректілердің 120 түрлерінің жойылу қаупі бар.
Демографиялық мәселелер. Жер ресурстары күннен-күнге азайып келеді, ал оларды тұтынушы халықтың саны керісінше өсу үстінде.
Болжам бойынша 2020 ж. дүниежүзі халықтарының саны 7,5 млрд жетеді.
Қалалық тұрмыс тарихи ортаға ауыртпалық әкелетін факторларға жата-ды. Жұмыссыздар, баспанасыздар аш-жалаңаштар негізінен қалаларда жинақ-талған. Экологиялық тоқырау бірінші кезекте соларға әсер етеді.
1.1 Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен
проблемалары
Әлемдік экономиканың тоқтаусыз дамуы ғаламдық экологиялық көкей-тесті проблемаларының туындауына себеп болып отыр. Жердің шөлге айналуы, орманның құрып кетуі, табиғи қордың сарқылуы, озон қабатының бұзылуы, жылыжай буының әсері, (парник), тұзды жауын, ауыз судың тапшылығы, мұхиттардың ластануы, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына және жердің азуына әкелуде.
Тұтастай алғанда табиғат экологиялық проблемаларды білмейді. Егерде, олар кейбір организм топтарында туындай қалса, әдеттегідей эволюциялық баяу жолымен, біршама уақыт аралығында бір түрдің екінші түрге ауысуымен табиғатта білінбестен өте береді. Оларға қарағанда адамдардың экологиялық проблемалары жер шарындағы бар табиғаттың өзекті проблемаларына айналып отыр.
- табиғат пен қоршаған ортаға
адамның ХХ ғасырдағы
- бұзылмаған жер көлемінің күрт
азайып кетуі, олардың тозуы, биоло-гиялық
түрлердің азаюы, биосфераның сандық
және сапалық жағынан да
- тұщы су, топырақ гумусын, биомассаны және өсімдік өнімдерінің орнын толтыруға «мұрша» бермей бәрін алып, тұтынып жатыр;
- ХХ ғ, орны толмайтын минералдық және отындық қорлардың тез азайып, сарқылуға жақындауы өз кезегінде қиын экономикалық проблема -ларды тудырып отыр;
- құрамындағы заттар мен
- ортаны реттеп тұратын
Жердің геологиялық тарихында өсімдік жабындысының құрғақтығында, құрылықтың ландшафт құрылымында, климат пен атмосфераның химиялық құрамында айтарлықтай өзгерістер бұрындары болып тұрған.
Сондай-ақ, адамның табиғатқа жағымсыз әсер етуінің де ұзақ тарихы бар. Бірақ, осылардың барлығы біздің заманымыздағы жағымсыз әрекеттің жылдам -дығындай болған емес. Бұл ғаламдық экологиялық дағдарыстың есіктен «сығалауы» деген сөз.
Өсіп отырған антропогендік қысымға табиғат бұрын соңды көрмеген экологиялық қауіпті өзгерістермен жауап беруде;
-ортаның химиялық және
- микроорганизмдердің, өсімдіктердің немесе жануарлардың жеке түр -леріне таңдап жүріп әсер етуі, олардың табиғи бірлестіктен жойылуы көптеген түрлерді жанап өтетін, экожүйелердің тұрақтылығын бұзып және олардың ішінен көбін бүлінуге әкелетін бақылауға еш келмейтін тізбекті реакцияларға жол ашады.
- ландшафтардың антроаогендік
тұрғыдағы қайта құрылуы ме
ортаның ластануы экологиялық
апаттар мен экономикалық
Адам өзінің консервативті биологиялық мәнінің және табиғаттан күн санап өсе түскен өгейсінудің арасындағы қайшылықтардың торында шырмал -ғандай күй кешуде. Өздері ойлап тапқан технологияны жақсы өмір сүру үшін тұрмыс құралдарын пайдалана отырып, табиғи сұрыптау мен түр аралық бәсекелестіктің қысымынан үлкен дәрежеде құтылып отыр. Ол биологиялық түрлер санынан бірнеше есе асып, биологиялық тұтынуды қанағаттандыру үшін заттар мен қуат (энергия) көздерін пайдалану көлемін ондаған есеге арттырды.
- адам санының өсуі олардың
биологиялық сапасының
- адамзат ХХ ғ. өзінің тұтыну
өркениетінің шегінде отыр. Экономика
екінші қажеттіліктің үлкен
Адамзаттың экологиялық проблемалары әлеуметтік және экономикалық проблемалармен өте тығыз байланысты. Аймақтық экологияның проблемалары әлеуметтік мүлік теңіздіктері мен геосаяси сілкіністердің тікелей ошағы болып табылады. Осы проблеманың көпшілігін тек қана экологиялық себептерге ғана емес, сонымен қатар экономика мен қоғамдық идеологиялық саясатқа да байланысты. Қазіргі таңдағы экология оларды кешенді түрде зерттеп және шешудің маңызды ғылымыи негіздерін енгізуде.
Ғылым ретінде қазіргі таңдағы экологиялық міндеті: көптеген нақты материалдардың бірегей теориялық платформаға өзара қатынасын барлық қырынан көрсетіп, осы мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, біріктіруі керек.
Қазіргі кезде ғаламшардың экологиялық проблемасын түсіну үшін, экологиялық жаңа идеологиясы мен әдіснамасын жасау үшін, табиғатты пайдаланудағы тәжірибелік істерді, экологиялық білімді дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Осы күнгі экологияның жалпы міндеттерін ғылыми іс-тәжірибелік жоспарда ауқымды түсінік бойынша төмендегідей қалыптастыруға болады:
- ғаламшар табиғаты жағдайының
және оның ресурстарының жан-
- биосферасы ең маңызды өнім
әлеуметінің табиғатын кешенді
түрде толығымен қалыпты
- табиғатты күштеп бағындыру
идеологиясынан алшақтау, эксцентризм
әдіснамасы мен жаңа
- оңтайландыру критерийлерін
- адамзат қоғамының стратегиялық әрекетінің экономикасы мен техноло -гиясы, табиғат шыдамдылығы шегінің экологиясына сәйкес шаруашылық қызметінің сипаты мен көлемін қалыптастыру ғаламдық экологиялық дағдар -ысты болдырмайды.
- Табиғатты пайдалану мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен
ұйымдық-методологиялық негіздері
Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамта - масыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық - құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мынадай сұрақ туындайды: мұндай араласу-объективті қажеттілік пе, әлде ол әрдайым субъективті сипатта бола ма?
Бұл сұраққа дұрыс жауап, әрине, нарықтық қатынастардың өріс алған не оның өрістей қоймаған жағдайындағы әлемдік шаруашылық дамуының барлық тәжірибесін талдау мен жинақтауға негізделуі керек. Бұл тәжірибенің нарық - тық экономикасы дамыған елдердің білгір мамандары жасап, дайындаған ғылыми талдауы әдеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу жөніндегі мемле-кеттің жүзеге асыратын іс-шараларының объективтілігі туралы тұжырымды жеткілікті түрде негіздеуге мүмкіндік береді. Тиімді экономиканың шведтік моделін жасаушы және көрнекті маман Класс Эклунд «таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және нақтылы айтқанда, ешқашан болған емес» - деп тұжырым жасай келіп, ұжымдық шаруашылықтардың сыртқы-ішкі әсерлерін ескеру және табыстарды әділетті болуды қамтамасыз ету мақсатын - дағы мемлекеттік реттеу қажеттілігін көпшілік танып-білгендігін атап көрсе - теді.
Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігін анықтайтын факторлар - дың мәнісін қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша айтқанда, ұғым - дық түрде анықтап алу керек. Ең алдымен мәселе «таза қоғамдық тауарлар», яғни нарықтық қатынастар механизмдерінің әсерін қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ.
Адамзат тарихы мемлекеттердің пайд болуы мен даму барысы, сондай-ақ, олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анық - талатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және иетеллектуалдық қорларды елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі. Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетелдік қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға бірыңғай ие бола отырып, жоғарыда аталған қорларды жасауға (пайдалануға) арналған мәжбүрлі салықты төлеуге түсіністікпен қарайды. Өйткені бұл қорларды тұтыну, жекелеген сұраныс жиынтығын анықтау арқылы емес, ұжымдық түрде жүзеге асырылады, ал бұл нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар (қызмет) көрсеткіштерін қалыптас - тырады. Мұндай тауарлар қатарына мемлекетті басқару ісін, азаматтардың заң - ды құқын қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтауды, күрделі ғылыми зерттеу - лер жүргізу мен нәтижелерін қолдануды ұйымдастыруды, тұтастай энергети - калық жүйені құру мен пайдалануды, экономикалық жүйені құру мен пайда - лануды, жалпы-мемлекеттік табиғатты қорғау шараларының әсерін, төтенше жағдайларды алдын ала ескертуді және т.б. жатқызуға болады.
Бүкіл әлемдік тәжірибе нарықтық механизмдерді қолданудың тиімділік коэффициенті қоғамдық тауарлар қозғалысын мемлекеттік реттеуді ескермеу - дің дәрежесіне қарай төмендейтіндігін сөзсіз дәлелдеген. Немесе, керісінше, егер, мұндай реттеудің объективтілігі ескерілген болса, әлгі тиімділік коэффи - циентінің мөлшері жоғарылайды.
Осылайша, бұл қажеттілік тауарлар мен қызметтердің барлық түрін өнді - ру мен тұтынуды мелекеттік және нарықтық реттеудің диалектикалық бірлігі - нен туындайды. Мысалы,күрделі ғылыми зерттеулер жүргізуді және нәтиже - лерін пайдалануды алайық.Алғашқысын жүзеге асыруда бірінші кезекте жалпы мемлекет деңгейіндегі реттеу тұратыны сөзсіз. Ал олардың нәтижелерін пайдалануды ұйымдастыруда нарықтық механизмм шешуші рөл атқарады, өйткені өнімді шығаруға жұмсалған шығындарды азайту және оның сапасын арттыру (оған нарықтық қатынастардың субъектілері де мүдделі) барысын ғылыми-техникалық жетістіктер деңгейі анықтайды. Мұндай мысалдарды қоғамдық тауарлардың басқа да түрлері бойынша келтіруге болар еді.
Кәсіпкердің мүддесі нақтылы тауар өндірісінің тиімділігімен шектеле – тіндігі, ал сыртқы нәтиже оның ой өрісінен тыс қалатындығы әбден қисынды да, түсінікті. Бұл нарықтық механизм құрылымына байланысты жүзеге асады. Ал сыртқы нәтиже қоршаған табиғи ортның ластануымен, шикізаттардың қайта өндірілмйтін және басқа да қорларын орынсыз пайдаланумен, сондай-ақ қалдықсыз технологияны ұйымдастырудың жеткіліксіздігімен сипатталады. Мемлекет сыртқы бақылаушы қалпында бола алмайды, сондықтан келесідей үш бағыт бойынша белсенді шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болады:
- ағымдағы және болашақтағы
табиғатты қорғау шараларын
- шаруашылық жүргізуші
- табиғатты тиімді
пайдалануды ынталандыратын
Мемлекеттік реттеудің рөлі қарастырып отырған салада адамның тіршілік әрекетінің табиғи ортасын сақтау барынша келелі, күрделі мәселе болып отырғандығына байланысты үздіксіз артатындығын ерекше атап өту керек. Біздің жағдайымызда оның рөлінің артуы шаруашылық жүйесінің нарықтық үлгісіне өтудің алғашқы кезеңінде ерікті кәсіпкерлікке қатысушылардың өндірістік қызметінің сртқы нәтижесін төмендету мүмкіндігіне үміт арта алмайтындығымызбен де түсіндіріледі. Оның үстіне экологияның кең ауқымды мәселелерін шешу көптеген мемлекеттер күш-жігерін біріктіру негізінде мүмкін болатындығын атап өтуге тура келеді. Ал бұл - әрбір мемлекеттің, олардың экономикалық интеграциясына да жауап беретін орталық басқару органдарының міндеті.
1.3 Табиғатты пайдалануды ұйымдастырушылық - құқықтық және
экономикалық реттеу
Табиғатты арнайы пайдалану – қоғамның, заңды және жеке тұлғалардың эконо -микалық мүдделерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану. Табиғатты арнайы пайдалану мемлекеттік органдар беретін арнайы рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады және табиғи ресурстардың белгілі бір бөлігін заңды және жеке тұлғалардың оқшау пайдалануына бөлуді талап етеді.
ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 16-бабына сәйкес табиғат пайдаланушыға берілетін рұқсат қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкілетті мемлекеттік орган табиғат пайдаланушыға беретін және табиғат пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалануға (алып қоюға), қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығару мен тастауға, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға, табиғат пайдаланудың нақты мерзімі мен көлемін, нормаларын, ережелері мен қолданылатын технологиясын көрсете отырып, құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
Жалпы ережелер бойынша табиғатты пайдалануға рұқсатта:
- табиғатты пайдалануға рұқсат алған адамның деректері;
- табиғи ресурсты пайдалану мақсаты;
- табиғи ресурстың сипаттамасы;
- рұқсаттың қолданылу мерзімі;
- ақы төлеудің шарттары мен тәртібі;
- заң актілерімен белгіленген өзге де мағұлматтар мазмұндалуға тиіс.