Проект земельного устройства

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе.......................................................................................................................3Негізгі  бөлім

    1. Жоспарлау жобасына бастапқы материалдар және құрылысқа     қажетті учаскелерді таңдау..........................................................................6
    2. Жобалауға алғашқы есептеулер...................................................................8
    3. Жанұя санын есептеу..................................................................................12
    4. Қызмет көрсету мекемелеріне арналған есептік нормалар.....................14
    5. Қоғамдық мекемелердің келешектік есебі................................................15
    6. Әр түрлі сандық құрамдағы жанұя санының есебі..............................................................................................................16
    7. Елді мекен ауданын есептеу.......................................................................20
    8. Өндірістік құрылысты есептеу..................................................................22
    9. Тұрғын ғимараттарды есептеу ..................................................................24
    10. Ауылдық елді мекеннің қызметтік аймақтандырылуы.......................................................................................25
    11. Қоныстандырылу аймағы...........................................................................27
    12. Өндірістік аймақтың құрамы және орналастырылуы..............................29
    13. Өнеркәсіптік аймақтағы өртке қарсы алшақтықтар................................33
    14. Елді мекенді жоспарлаудағы жобалауды жақсарту.................................34

Қорытынды............................................................................................................35

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Жоспарлау жобасының міндеті, мазмұны және құрамы

Ауылдық елді мекендерді жоспарлауды жобалау негізіне - өндіріс  күштерін орналастыру және шаруашылық дамуының келешектік жоспары жатады және соңғысы аудандық жоспарлау жобасы мен ауылдың экономикалық және әлеуметтік дамуы жоспарында қарастырылған жаңадан қоныстандыруды ескере отырып дайындалады.

  Ауылдық  елді мекендерді жоспарлау ауыл  шаруашылық өндірісінің ұйымдастырумен  шаруашылық аумағының жерге орналастырылуымен байланыстырылуы, басқа елді мекендермен, бөлек орналасқан фермалармен, ауыл шаруашылығы жерлерімен және көлік магистралдарымен ыңғайлы түрдегі байланысты қамтамасыз етуі қажет.

  Ауылдық  елді мекендерді жоспарлау және  салу жобасының міндеті –оның дамуының келешегін, сәулеттік – жоспарлау құрылымын дайындаудан, аумақтық қызметтік және құрылыстық аймақтарға бөлуді жүзеге асырудан, барлық тұрғын, мәдени-тұрмыс және өндірістік мақсаттағы обьектілерді инженерлік жабдықтауды, көркейтуді жүргізуден, құрылыс кезегін белгілеуден тұрады. Жоспарлау жобасында елді мекенді дамыту келешегін ескере  отырып, әлеуметтік-экономикалық, сәулеттік – құрылыстық және инженерлік – техникалық мәселелер кешенді түрде шешіледі.

   Ауылдық  елді мекенді жоспарлау және салу жобасы екі: графиктік және есептік – мәтіндік бөліктерден тұрады.

   Графиктік  бөлікке төмендегілер кіреді:

  1. аудандық жоспарлау және ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларының негізінде 1:10000 немесе 1:25000 масштабта жасалынған шаруашылық жер пайдаланудың сызбасы.  Ол елді мекеннің, өндірістік кешендердің, жол торабының,ауылдан тыс инженерлік коммуникациялардың, ауыларалық, шаруашылықаралық және аудандық маңызы бар мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету обьектілерінің, су жинау және тазарту ғимараттары, арнайы мақсаттағы жасыл екпелер, бейіттер және т.б. орналасқан жерлердің орналасуының қазіргі жағдайы мен жобалық шешімдерін бейнелеуі қажет. Жер пайдалану сызбасына елді мекенді жобалық шекарада түсіреді.Жер пайдаланудың мұндай сызбасы елді мекеннің оны қоршаған аумаққа қалай сәйкестеніп тұратындығын, оның ұйымдастырылуымен  қалай келісімделетіндігін көрсетеді:
  2. елді мекеннің 1:2000 масштабтағы тіректік жоспары, онда аумақтың қазіргі пайдалануын, ондағы құрылысты, инженерлік жабдықтауды, көркейту мен көгалдандыруды, жолдарды, көшелерді және өткінші жолдарды бейнелейді. Тіректік жоспарға түсірілген, ғимараттармен құрылыстарға графиктік сипаттама беріледі: мақсатты арналуы, қабырға материялы. Физикалық тозу дәрежесі .Сонымен қатар, тіректік жоспарда сол жердегі құрылыс шектеулері «сайлар, жыралар, батпақтанған немесе су басқан аумақтар, жер асты сулары биік орналасқан аймақтар және т.б.» әлем жақтары арқылы бағдарлау, жел розасы көрсетіледі. Тіректік жоспарды бас жоспардың негізгі сызбасының масштабында топографиялық негізшеде жасайды және жобалау кезінде онда бейнеленген аумақ ерекшеліктерін жоспарлау жобасында есепке алу үшін пайдаланады;
  3. бас жоспар (негізгі сызба), онда өндірістік және тұрғын аймағы аумақтарының, қоғамдық мекемелер мен жеке пайдаланымдағы учаскелердің, демалыс аймағының, қоғамдық орталықтың жобаланатын шекаралары, тұрғындық, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың және т.б. орналасуы құрылысының бірінші кезегін белгілеумен бірге көрсетіледі.

Бас жоспар парағында  әлем жақтары бойынша бағдарлаумен бірге жел розасы, қолданыстағы және жобаланатын ғимараттар мен құрылыстардың экспликациясы, аумақтың жобалық балансы орналастырылып, негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштер, шартты белгілер мен жобалау ұйымының мөртабаны беріледі. Жоспарлау жобасының негізгі сызбасын әдетте 1:2000 масштабтағы жоспарда бедерді 0,5-1,0м қимадағы горизонталдар арқылы бейнелеумен бірге жасайды;

  1. негізгі жолдар, көшелер және өтпе жолдар осьтерінің бөлу сызбасымен бірге орындалатын, бас жоспар масштабында жасалынған тік жоспарлау сызбасы. Сызуда қара және қызыл белгілер (табиғи бедер мен жобалық бедер белгілері), негізгі көшелер мен өтпе тұстардың осьтері бойынша жобалық еңістер, беткі сулар ағысының бағыты көрсетіледі. Осы парақта 1:200 масштабта көшелердің, жолдардың және өтпе тұстардың көлденең кескіндерін, шартты белгілерді, жол төсемдерін орналастыру жөніндегі жұмыстар көлемін және т.с.с. келтіреді. Негізгі көшелер мен бедері күрделі көшелер бойынша жүргінші бөліктің осі орқылы бойлық кескін дайындалады;
  2. инженерлік жүйелер сызбасы, онда электрмен жабдықтау трассалары, су құбыры, канализация, жылумен жабдықтау, трансформаторлық қосалқы станциялар, жоғары кернеулі электр тарату желілері, сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймақтары салынады.

Есептік – мәтіндік бөлік бастапқы мәліметтерден, жабдықтау есептерден және сметалық – қаржылық есептеумен бірге түсініктеме хаттан тұрады.

Есептік – мәтіндік бөліктің бастапқы мәліметтеріне аудандық жоспарлау мен ішкі шаралық жерге  орналастыру жобалары немесе осы  жобалардың ауыл шаруашылығы өндірісінің мамандандырылуы мен шоғырлануына, құрылыс құрамы мен көлемін анықтауға қажетті материалдарынан көшірмелер, тиісті құрылыс алаңшасында және оған жанасатын аумақтарда жүргізілген арнайы тексерулер мен зерттеу материалдары кіреді. Бастапқы мәліметтерді жинақтап қорыту нәтижесінде жобалауға тапсырма құрылады.

Жобалық есептер  халықтың келешектегі санын, құрылыстың барлық түрінің көлемі мен құрамын, судың, электр энергиясының, елді мекенге  қажетті аумақ көлемінің қажеттілігін анықтау үшін жүргізіледі.

Түсініктеме хат  сәулеттік – жоспарлау шешімдерінің жобасында қабылданған, көркейту және инженерлік жабдықтаудың; құрылыстың бірінші кезегінің, елді мекеннің суға, жылуға, электрге, газға мұқтаждықтарының жиынтық кестесінің; аумақтың жобалық балансының, негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы мен негіздемесінен, сондай – ақ бірінші кезектегі объектілер құрылысына кететін шығындарды көрсетумен бірге құрылыс құны туралы сметалық қаржылық түсініктерден тұрады. Түсініктеме хатқа жобаны келісімдеу және бекіту туралы құжаттар қоса тіркеледі.

 Жобалау кезеңдері. Ірі елді мекенді жоспарлау және салу жобасын дайындау процесі екі кезеңнен: техникалық жобадан және жұмыс сызбасынан тұрады.

Алдын ала жобалау  тапсырмасы орындалады. Оның құрамына белгіленетін құрылыстың техникалық мүмкіншілігі мен экономикалық сәйкестігін сипаттайтын материалдар кіреді. Жобалау тапсырмасы бас жоспардың экспиздік графиктік шешімінен тұрады. Техникалық жоба құрамында жобалық тапсырманың неғұрлым тереңдетілген  талдауы (қосымша тексерулер мен зерттеулер материалдары) болады. Жұмыс сызбасы – бұл жоба әзірлемесін  құрылыс-жөндеу жұмыстарын орындауға қажетті дәрежеге дейін бөлшектейтін  құжаттар. Ауылдық елді мекендерге арналған жобалау-жоспарлау құжаттамасы, қағида бойынша, бір кезеңде орындалады.

Жоспарлау сызбасы, оның мәні және пайдалануы. Жоспарлау сызбасы жобалаудың бірінші жұмыс кезеңі болып саналады. Оның міндеті жергілікті жағдайды ескере отырып, елді мекеннің сәулетті –жоспарлау композициясының негізін  салудан тұрады. Сызбаны 1:2000 масштабта топографиялық жоспарда дайындайды.

Ауылдардың  ішкішаруашылық жерге орналастыру  жобаларын жасауда елді мекендерді аймақтарға бөлу сызбасы, яғни оларды қызметтік бөліктерге (аймақтарға) бөлу қарастырылған. Мұндай сызба, жерге орналастыру жобасында шаруашылық аумағын ұйымдастыруды, оның елді мекендерінің  аумағын жалпы ұйымдастырумен сәйкестендіруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, онда  көшелер мен жолдар, негізгі мәдени-тұрмыстық және өндірістік объектілер, тұрғын-жай құрылыстары орналасады, сөйтіп олар  жоспарлау сызбасында шешілетін барлық мәселелерді қамтиды. Дегенмен, аймақтарға бөлу сызбалары жоспарлау сызбаларынан дәлдігінің төмендігімен және өте майда масштабта (1:5000, ал кейде тіпті 1:10000) дайындалатындықтан, жобалаудың бөлшектенуімен ерекшеленеді. Соның өзінде олар құрылыс объектілерін орналастырудағы көптеген қателіктердің  алдын-алуға көмектеседі. Бұдан әрі жоспарлау және салу жобаларын дайындауда, олар жоспарлаудың алғашқы сызбаларына жатқызылуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

Жоспарлау жобасына бастапқы материалдар және құрылысқа     қажетті учаскелерді  таңдау

Негізгі бастапқы материалдар. Ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу жобасын жасауға қажетті  негізгі бастапқы материалдарға: шаруашылық дамуының келешектік жоспары; аудандық жоспарлау жобасы; ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы; арнайы тексерулер мен инженерлік зерттеу материалдары; жобалауға тапсырма жатады.

Бастапқы мәліметтерді дайындау үшін аудандық жоспарлау жобасынан  кент халқының келешектегі саны, құрылыс қабаттылығы, инженерлік жабдықтау мен көркейту туралы мәліметтер, сондай-ақ, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, жол торабын, кенттен тыс инженерлік коммуникациялар және т.б. жөніндегі ұсыныстар пайдаланылады. Бұл жұмысты жүргізу кезінде ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының мәліметтері де: ауыл шаруашылық жерлерін, ауыспалы егістерді, ішкі шаруашылық жол торабын орналастыру және т.с.с.ескеріледі. Осы және өзге де жобалық материалдардан алынған барлық материалдар жобалауға қажетті бастапқы материалдарды дайындау кезінде нақтыланады.

Жаңа тұрғын үй құрылысының  өлшемдерін анықтау үшін, қолданымдағы тұрғын-жай қорына заттай зерттеу  жүргізеді, алда тұрғын үйлердін бар  екендігі, олардың қабаттылығы мен  қабырға материалы бойынша бөлінуін белгілейді; үйдегі тұрғын ауданның көлемін, тұрғын-жай қорының қалпына келетін және нақты құнын анықтайды; азаматтардың және меншігіндегі үйлерді бөлек есептейді. Сондай-ақ, қоғамдық және өндірістік ғимараттарды, көркейту жөніндегі құрылыстарды тексереді.

       Құрылыс алаңшасының табиғи жағдайлары  туралы мәліметті топографиялық-геодезиялық,  инженерлік – геологиялық, гидрогеологиялық  және т.б. сияқты техникалық  зерттеулер жүргізу нәтижесінде  алады. Мұнда санитарлық-гигиеналық  зерттеулерді де орындайды.

       Жобалау-жоспарлау жұмыстарында пайдаланылатын топографиялық жоспарларды жасау алдында, қолда бар геодезиялық және аэрофототүсіру материалын олардың жарамдылық дәрежесін бағалай отырып, жинау мен зерттеуді орындайды. Жобалауға арналған топографиялық негіз қызметін бедердің 0.5-1.0 м қимадағы горизонталдар арқылы бейнеленуімен 1:2000 масштабтағы жоспар атқарады.

       Инженер-геологиялық  зерттеу материалдарында: аумақтың  геологиялық құрылуы, оның гидрогеологиялық  жағдайлары жер асты суларының  орналасу тереңдігі, олардың қозғалысының бағыты, химиялық құрамы және т.б. туралы мәліметтерден, топырақтың қасиетін, құрамы мен жай-күйін далалық тәжірибелер мен лабораториялық зерттеулер негізінде, қолданымдағы нормалар бойынша оларды бағалаумен бірге, сипаттаудан тұруы қажет. Гидрогеологиялық зерттеулер аумақты су басудан қорғау, су объектілерін санитарлық-гигиеналық, көлік, энергетика, мелиоративтік, спорттық, мәдени-тұрмыстық мақсаттарда, сумен жабдықтау көзі ретінде және т.б. пайдалану туралы мәселелерді шешу үшін жүргізіледі. Су объектілерін зерттеу кезінде олардың орналасқан орнын, өлшемдерін, тереңдігін, қоректелу көзін, қазіргі жай-күйін, сондай-ақ, объектілерді келешекте пайдалану мүмкіндігін анықтайды.

       Санитарлық – гигиеналық тұрғыдан  инженерлік – геологиялық жағдайларды, кенттің жасыл екпелермен қамсыздандырылғандығын, объектілердің орналасуын және олардың кенттің санитарлық жай-күйіне  әсерін, халықтың тұрғындық жағдайын, шаруашылық және ауыз сумен жабдықталуын және т.б. зерттеп, жинақтап қорытады.

         Тексерулер мен зерттеулер жүргізу  нәтижесінде тіректік жоспарға: санитарлық себептері бойынша  құрылыс жүргізуге жарамды және  жарамсыз аумақтары; малярия ошақтарын,  кәсіпорындардың зиянды аймақтарының  шекараларын, жұмыс істеп тұрған  және жабылған бейіттердің, қоқыс тастайтын орындардың, мал қорымы және өзге де ластанған учаскелердің аумақтарын; ауыз су мен өндірістік су қабылдағыш орындарын, ауыз су қабылдағышының санитарлық қорғау аймақтарын; тұрмыстық және өндірістік ағын суларды шығару орындарын; жылдық және жылдың жылы кезеңіне арналған жел розасын түсіреді.

          Жобалауға тапсырма. Елді мекенді жоспарлау және жобалау жобасын әзірлеу кезінде пайдаланылатын негізгі құжаттардың бірі болып, жобалауға тапсырма табылады, оны тапсырыс беруші шаруашылық және жобалау ұйымы мамандарының қатысуымен дайындайды. Жобалауға тапсырманы аудандық жоспарлау жобасының, шаруашылық дамуының келешектегі және ағымдағы жоспарларының, ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасының, жергілікті жердегі (натурадағы) зерттеу нәтижелерінің негізінде жасайды. Ол келесі бөлімдерден тұрады: жердің, ауыл шаруашылығы салаларының экспликациясы, келешектегі мерзімге белгіленген өндіріс жабдықтары, өндіріс кадрлары, жөндеу-механикалық базасы, мәдени-тұрмыстық мекемелер, күрделі құрылыс және оны орналастыру, көркейту, көгалдандыру, инженерлік жабдықтау жөніндегі негізгі ұсыныстар.

          Құрылысқа қажетті учаскелерді таңдау. Жаңа елді мекенді салу және бұрынғысын қайта құру үшін учаске таңдауды халықтың еңбек ету, тұру және демалу орындарын, аумақтың табиғи және өзге де жағдайларын зерттеу және талдау негізінде, ұтымды орналастыруды ескере отырып, жүргізеді.

           Жаңа елді мекендерді салу  және бұрынғыларын қайта құру  үшін учаскелерді ауыл шаруашылығына  жарамсыз немесе сапасы төмен ауыл шаруашылығы жерінен бөліп беру қажет. Бірінші кезекте елді мекеннің селитебтік аймағы шекарасының шегіндегі құрылыстан бос жерлерді алу керек.

           Суарылатын және құрғатылған  жерлерде, көпжылдық жеміс ағаштары, су қорғау және қорғаныш ағаштары алып жатқан учаскелерде жаңа елді мекенді орналастыру және бұрынғыларын дамыту, тек айрықша жағдайларда ғана Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес рұқсат етіледі.

          Учаскені таңдауда елді мекендерді  көркейту және сәулеттік безендіру  үшін табиғат қорғау және пайдалану жөніндегі іс-шаралар қарастырылуы қажет.

 

Жобалауға алғашқы есептеулер

     Жобалауға алғашқы есептеулер

     Жобалауға арналған есептік мерзімдер. Жаңа ауылдық елді мекендерді салу және бұрынғыларын перспективалы дамытуды жобалау үшін екі есептік мерзім: келешектік (перспективалық) – 25-30 жыл және құрылыстың бірінші кезегі – 5-7 жыл белгіленген. Келешектік есептік мерзімді практикада жай есептік мерзім деп те атайды. Бұл мерзім ішінде елді мекен толық салынып бітуі және көркейту бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуі қажет. Құрылыстың бірінші кезегінің мерзімі құрылыс және көркейту жөніндегі жұмыстардың барлық көлемінің бір бөлігін ғана құрайды. Жоспарлау және салу жобаларын дайындау кезінде бұл мерзімдер үшін халықтың, тұрғындық, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың санын есептейді, көркейту бойынша іс-шаралар (су құбыры, канализация, жылумен және электрмен жабдықтау, т.б.) дайындалады, қажетті аумақтың көлемдері анықталады. Бұл есептеулерді жобаның графиктік бөлігін дайындағанға дейін, яғни жобалауға дейін жүргізеді, сондықтан оларды алғашқы немесе жоба алдындағы есептеулер деп атайды.

     Халық санының келешектік есебі. Елді мекенде болашақта тұратын халық саны – жоспарлау жобасын жасауға қажетті бірқатар басқа есептердің негізі болып табылады.

     Халықтың  жобалық санына сүйене отырып, тұрғындық-азаматтық құрылыс пен  көркейтудің көлемін, елді мекенге  арналған селитебтік аумақтардың  өлшемдерін анықтайды.

     Халықтың  жобалық санын есептік жолмен  айқындайды: жалпы халық, бөлек жас топтарының саны және жанұя саны.

     Халық санын есептеу әдістері.Болашақта елді мекенде тұратын халықтың жалпы келешектік санын есептеу үшін, екі әдіс: еңбек балансы әдісі және статистикалық әдіс пайдаланылады.

     Еңбек балансы әдісі.Бұл әдіс халық санын  (Н) қоғамдық еңбек қызметіне байланысты: елді мекен құрушы (А), қызмет көрсетуші (Б) және қызметке жарамсыз (В) топтарға бөледі және олардың арасында белгілі бір сандық қатынас белгілейді.

     Елді  мекен құрушы топ (А) – бұл  құрушы маңызы бар кәсірорындардың, мекемелер мен ұйымдардың еңбеккерлері, оларға: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, материалдық-техникалық жабдықтау өоймалары мен базасы; құрылыс-жөндеу ұйымдары; сыртқы көлік кәсіпорындары мен мекемелері; кенттен тыс маңыздығы қызмет көрсету кәсіпорындары мен мекемелері жатады.

     Ауылдық  елді мекенді құрушы топтың  негізгі құрамы – бұл берілген  ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының (бұрынғы ұжымшарлардың, кеңшарлардың) қызметкерлері.

     Қызмет  көрсетушіт о п  (Б) – тек  берілген елді мекеннің ғана тұрғындарына қызмет көрсететін кәсіпорындар мен мекемелердің еңбеккерлері.

     Еңбекке  жарамсыз топ(В) – мектепке  дейінгі және мектеп жасындағы  балалар, зейнеткерлер, үй шаруасындағы  адамдар, жоғарғы оқу орындарының,  колледждердің, кәсіби-техникалық училищелердің күндізгі бөлім оқушылары.

     Елді  мекен құрушы топтың халық  саны – есептеу үшін бастапқы  мән болып саналады. Ол әдетте  жобалауға тапсырмада келтіріледі,  өндірістік ғимаратта асхана, азық-түлік  дүкен тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты және қонақ үй біріктірілген.

     Ясли  және бала бақша сияқты жұмыс  сипаты бойынша ұқсас мекемелерге  арналған ғимараттың үлгілік  жобасы бұрыннан қолданылады.  Сондай-ақ бір қоғамдық ғимаратта  бірнеше қызмет көрсету мекемелері (монша мен кір жуу үйі; жинақ кассасы, пошта, телефон және телеграф; ауыл басқармасы, АХАЖ; әмбебап дүкен және т.б.) орналасатын комбинациялар да белгілі.

     Қоғамдық  ғимараттардың таңдап алынған  үлгілік жобаларының техникалық-экономикалық  көрсеткіштері кестеге жазылады.(8-кесте).

     Ө  н д і р і с т і к  – ш а р у а ш ы л  ы қ  ғ и м а р а  т т а р  е с е б  і. Өндірістік ғимараттар мен  құрылыстардың құрамы, түрі және  саны шаруашылықтың мамандандырылуына,  өндіріс салаларының шоғырлану  дәрежесіне, өндіріс орталықтарының  орналасуына байланысты болады.

     Өндірістік  ғимараттар мен құрылыстардың  есебін келесілерді ескере отырып  жүргізеді:

     өндірістік  құрылыстағы шаруашылық мұқтаждықтарының  барлығын толық қанағаттандыру;

     негізгі  жұмыстарды кешенді механикаландыру  кезінде өндірістің неғұрлым прогрессивтік технологиясын қамтамасыз ету;

     санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және басқа да  талаптарды толық сақтау;

     қолданылымдағы  өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды  максималды пайдалану.

     Есептеу  нәтижелері бойынша өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобаларын таңдайды. Жобаны сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді жобаланатын құрылыстың жинақ тізіміне кіргізеді.

Жобаланатын ғимараттар мен құрылыстардың жинақ  тізімі. Елді мекенді немесе өндіріс орталығын жоспарлау және салу жобасын жасау және негіздеуде құрылысты алдын ала есептеу материалдары мен ғимарат пен құрылыстың үлгілік жобаларының мәліметтерін пайдаланады. Бұл материалдарды қолданудың ыңғайлылығы үшін қажетті мәліметтерді бірыңғай техникалық-экономикалық құжатқа жинақтаған мақсатқа сай келеді

 немесе оны  есептеу арқылы анықтауға болады  және ол төменде берілген.

Халықты әртүрлі  қызмет көрсету түрлерімен қамтудың қазіргі және жобаланатын деңгейін, халықтың әртүрлі жас тобының  қызмет көрсетудің түрлеріне мұқтаждықтарын, елді мекеннің көлемін және оның ауданды қоныстандыру жүйесіндегі маңызын ескере отырып, қызмет көрсетуші топтың халық санын анықтайды. Кенттер үшін қызмет көрсетуші топ саны бірінші кезекке жалпы санның 15-17%-ы, ал есептік мерзімге – 19-22%-ы мөлшерінде қабылданады.

Еңбекке жарамсыз топ санын аудан, облыс және республиканың  демографиялық мәліметтер статистикасының  мәліметтері бойыншы ауылдық  елдің жас құрылымын талдау арқылы анықтайды және мұнда оның есептік  мерзімге өзгеру тұжырымдамасы ескеріледі.

Егер барлық жобаланатын халықты (H) 100% деп алсақ, онда елді мекен құрушы топтың саны (A) пайызбен келесіні құрайды:

100–(Б+В).

Бұл шамалар  арасында пропорционалды тәуелділік бар:

Осы формула  негізінде халықтың жалпы санын (H) еңбек балансы әдісі бойынша есептеуге болады:

H=

Халықтың кейбір жас тобының санын анықтау  үшін ауданның, облыстың немесе республиканың  жоспарлау органдарының ауылдық  елдің келешектегі жас құрылымы туралы мәліметтері пайдаланылады.

Қолданымға 1976 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген “Қалаларды, поселкелер мен ауылдық елді мекендерді жоспарлау” құрылыс нормалары мен ережелерінде, еңбекке қабілетті халықты қоғамдық өндірісте неғұрлым толық әрі ұтымды пайдалану мақсатында, еңбек балансы бойынша халықтың жобаланатын санының есебі қарастырылған. Мұнда қоғамдық өндіріске тартуға болатын, еңбекке қабілетті жастағы барлық халық ескерілген.

Қолданымдағы  заңға сәйкес, еңбекке қабілетті  жас 16-дан бастап, ерлер үшін – 63-ке дейін, әйелдер үшін - 58 жасқа дейін есептелінеді.

 Осы вариант  бойынша есептеу үшін келесі  формула ұсынылады:

H=

мұнда А –  елді мекен құрушы кадрлардың абсолюттік саны; 

Т – еңбекке  қабілетті жастағы халық саны;

а – үй шаруасы  мен жеке қосалқы шаруашылықтағы,  еңбекке       қабілетті жастағы тұлғалар саны ( шамамен бірінші кезекке 5-7% және есептік мерзімге 3-5%)

в – еңбекке  қабілетті жастағы, еңбектен қол  үзіп оқитындардың пайызбен көрсетілген  саны (орташа арнайы мекемелерде, кәсіби- техникалық училищелерде және жоғарғы оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде оқитындардың 100%);

n – еңбекке  қабілетті жастағы жұмыс істемейтін  еңбек мүгедектерінің пайызбен  көрсетілген саны (бірінші кезекке  халықтың 2-2,5%-ы және есептік мерзімге 1-1,5%-ы);

т – жұмыс  істейтін зейнеткерлердің саны, пайызбен көрсетілген;

Б – халықтың қызмет көрсетуші тобының саны.

 

Еңбек шығындарының нормасы бойынша, келешекке адам-сағат  немесе адам-күн санын анықтайды, ол ауыл шаруашылығы өндірісінің  салаларында ( және ) орындалуы тиіс, одан соң бір жылдағы жұмысқа қабілетті адам атқаратын жұмыс сағатының немесе күннің санын және еңбекке қабілеттердің жалпы санын ескере отырып, олардың салалар бойынша санын анықтайды:

                     

Мұнда және - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы жұмыстарды орындауға қажетті еңбекке қабілеттердің келешектегі саны;

 және - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы тура еңбек шығындары,ад.-сағ. немесе ад.-күн;

-орташа жылдық бір қызметкердің  жұмыс кезеңінің ұзақтығы,ад.-сағ.  немесе ад.-күн;

-мерзімділік коэффициенті,1,20-1,30 тең;

-шартты еңбекке қабілеттілерді  заңды қызметкерге ауыстыру  коэффициенті, 1,05-1,15 тең.

Өндірістің  көмекші саларында (қосалқы өндіріс,құрылыс  және күрделі жөндеу) еңбек шығынын, жалпы еңбек шығынындағы қазіргі үлес салмағына сүйене отырып анықтайды. Ауылдық елді мекен үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорындағы негізгі және көмекші жұмысшылар санын анықтау мақсатында келесідей шамамен алынған қатынастар белгіленеді: орталық мекен-жайларға-75:25, бригадалық ауылдар мен бұрынғы кеңшарлардың бөлімшелерінде -85:15,өзге ауылдарда-95:5.

Өнеркәсіп, құрылыс және көлік кәсіпорындардың келешектегі  жұмыс күшіне мұқтаждықтарын келешекке  асалынған штаттық кесте мен  тәжірбие мәліметтері негізінде  есептейді.

         Статистикалық әдіс. Ауылдық елді мекенді қайта құру кезінде есептік мерзімнің сонына табиғи өсім мен көші-қонды(миграцияны) ескере отырып, халықтың қажетті және күтілетін санын анықтайды. Есептеуді төмендегі формула бойынша жүргізеді:

                                                                                          

Мұнда жылдан кейін күтілетін халық саны;

t- есептік мерзім, жыл  ;

- өткен жылдағы нақты халық  саны;

Ө- халықтың орташа жылдық өсімі, %;

К – халықтың орташа жылдық көші-қоны,%;

Халық санын  нақты бір обьект бойынша есептеу  үшін, табиғи өсімді жергілікті статистикалық  органдардың мәліметтері бойынша  алған дұрыс. Келешекке көші-қонның орташа жылдық пайызын өткен бірнеше  жылдардың нақты мәліметтері бойынша алған дұрыс. Келешекке көші-қонның орташа жылдық пайызын өткен бірнеше жылдардың нақты мәліметтері (жұмыс күшін ұйымдастырылған түрде жинау және қоныстандыру материалдары ) бойынша белгілейді.

Еңбек балансы  әдісі мен статистикалық әдіс бойынша алынған есептердің нәтижелерін салыстырады. Н, Н болған жағдайда, үлкен көлемдегі еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамту жолдарын (өндірісті кеңейту,ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар, қосалқы кәсіпшіліктер ұйымдастыру) белгілейді, ал мұндай мүмкіншілік болмаса, онда халықтың бұл бөлігі жұмыс қолы жетіспейтін өнеркәсіп, көлік және өзге де ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін қор (резерв) құрайды. Н,Н болғанда, халық санын ұлғайту үшін резерв іздестіру қажеттілігі туындайды.

   Одан  кейінгі жоба алдыңдағы есептеулерде  еңбек балансы әдісі бойынша  алынған нәтижелер қабылданады.

    Халық санын есептеу кезінде демографиялық статистика мәліметтерін пайдалану. Демографиялық статистика ел халқының құрылымындағы және оның кейбір бөліктерінің (жас, жыныстық,жанұялық, ұлттық құрамы,орын ауыстыруы және т.б) сандық өзгерулерін зерттеп, оларды талдайды, болып жатырған өзгерістер заңдылығын анықтап, болашаққа болжаулар әзірлейді.

Проект земельного устройства