Психология әдістері Психологиялық зерттеулер кезеңдері

Психология әдістері Психологиялық  зерттеулер кезеңдері 

 

«Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен  негіздеудің жолын біл- діреді, сонымен  бірге болмыст ы тәжірибелік  және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері  мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.

Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.

Кейбір басқа  да ғылымдардағыдай, психологиядағы зерттеу  әдістерінің негізгілері - бақылау  және эксперимент.

Бақылау - зерттеудің ғылыми әдісі - деректі суреттеп баянда- удан оның ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Бақылау әдісінің негізгі тиімділігі - психикалық үдерістерді табиғи жағдайларда зерттеу мүмкіндігінің мол болуы.

Араласа бақылау - зерттеушінің зерттелуші топпен етене  жақын қатынастар әрекетінде болуы.

Сырттай бақылау - әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды шеттен, зерттелуші адам не топпен қарым-қатынасқа  түспей-ақ зерттеп, мәліметтер жинақтау.

Өзіндік бақылау (интроспекция) - адамның өзін-өзі  бақылап, өзінің ішкі жан дүниелік үдерістерін тану жолы.

Дегенмен, психологиялық  зерттеу әдістерінің арасындағы ең басты- сы - эксперимент - психологиялық  деректердің ашылуына жағдайлар  жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс- әрекетіне  белсенді араласуы.

Психологиялық эксперименттің негізгі міндеті - жан дүниелік іш- тей психологиялық үдерістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылылықпен сырттай бақылауға жағдайлар жасап, мол нақты деректерге қол жеткізу.

Зертханалық эксперимент - арнайы жағдайларда жүргізіледі, арнайы жабдықтар пайдаланылады, сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді, сыналушы экспериментке түсетінін біледі, бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал.

Табиғи эксперимент - еңбек, оқу, қарым-қатынастың әдеттегі жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда екенін сезбейді.

Тестілеу әдісі - адамның белгілі психикалық сапаларын  сынақтан өткізіп, анықтау.

Психологиялық тест - сыналушының жеке басының  кейбір ерек- шеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқамерзімді  шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.

Құжаттарды талдау әдісі - адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды талдау әдістері сапалық және сандық болып ажыралады. Сапалық тал- дауда баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп, кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент- талдау атауын алған.

Құрастырып  жобалау әдісі - осы күнгі психологиялық  зерттеулер- де кең қолданымдағы жалпы  ғылымдық әдіс. Оның мәні - психикалық құбылыстарды таңба күйіне келтіру  немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы жолмен қабылдаудың, жадтың, қисынды ойлаудың кейбір қырларын қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық модельдерін тұрғызуға болады.

Сауалнама әдісі - әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде кең қолданылатын әдіс. Оның мәні - объектив не субъектив деректер жөнінде сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау.

Өмірнамалық әдіс - кейінгі уақыттары тұлғаны зерттеуде  көп қолданылатын әдістердің бірі. Мұнда жеке адамның қалыптасуындағы өзекті жағдаяттар, оның өмір жолы, дамуындағы дағдарысты кезеңдер, әлеуметтенуіндегі ерекшеліктер анықталады. Адам өміріндегі күнделікті оқиғалар талданып, болашақта кезігер жағдайлар болжас- тырылады, өмірлік кестесі түзіледі, каузометриясы жасалады.

Каузометрия (лат. causa-себеп, грек. metro-өлшем) -оқиғалар арасындағы қатынастардың себептік сарабы, тұлғаның психологиялық мерзім -кезеңдерінің талдауы беріледі, оқиғаларға қатысы бар жағдайлар анықталады, тұлға  дамуының не тоқырауының кейбір кезеңдерінің бастау оқиғалары айқындалады.

Жас ерекшеліктері  психологиясында салыстырмалы-генетикалық  әдіс қолданылуда. Бұл әдістің мәні - психикалық заңдылықтарды жеке адамның  психикалық дамуының әр кезеңдерін салыстыру  арқылы зерттеу.

Социометрия - әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдісі - бірлікті іс-әрекетке не оқиғаға араласу (араласпау) мүмкіндіктерін анықтау мақсатында шағын топтың әрбір мүшесін жеке сауалға тарту әрекеттері. Бұл  әдіс нәтижелері топтағы қатынастар құрылымын гра- фикпен бейнелейтін соц иометриялық кесте, социограмма, сондай-ақ топтағы психологиялық қатынастарды сандық көрсеткіштермен танытуға болатын социометриялық индекстер күйінде өрнектеуге болады.

Жеке тұлғаның бағыт-бағдарына әлеумет ықпалын  зерттеу үшін жасақталған топ әдісі қолданылады.

Тұлғаның мәнді  әлеуметтік сапа-қасиеттерін диагностикалау мақсатында эксперттік бағалау және тұлғаны топпен бағалау әдістері пайдаланылуда.

Тұлғаны топпен бағалау әдісі - адам мінездемесін топ  мүшелерінің өзара бағалауы арқылы алу. Бұл әдіс топтағы адамдардың өзара таныстығы мен бірлікті іс-әрекеті және қатынасы нәтижесінде топтың әрбір мүшесі жөнінде қалыптасқан топтық санаға негізделген.

Қандай да психологиялық  проблеманы зерттеуде сол мәселеге сәйкес зерттеу тәсілдері мен  ережелері, яғни нақты зерттеу әдістері қолданылады. Олар: болжам ұсыну, эксперименталдық тәсіл мен соған сай материал, сыналушылардың бастапқы бақылау және экс- перименттік топтарын айыру, эксперимент серияларын анықтау, эксперименталды материалдарды статистикалық және теориялық өңдеуден өткізу және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдістер классификациясы 

 

Б. Г. Ананьевтің ойынша психологиялық зерттеу әдісі  психологиялық объектілермен операция жүргізу жүйесі және психология ғылымының  гнесологиялық объектілерімен бірге  болып келеді. Психологияда эмпирикалық әдістерді қолдану проблемасын қарастыра отырып психологиялық әдістер жүйесіндегі олардың өресін анықтаудан бастау керек. Бұл бес деңгейді бөліп көрсетуге болады.

1) Методика;

2) Методикалық  тәсіл;

3) Әдіс (эксперимент,  бақылау және т.с.с. );

4) Зерттеу ұйымдастырылуы;

5) Методологиялқы  үйлесім;

Шындығында  «Әдіс» термині кез келген деңгейге қолданылуы мүмкін. Мысалы, психофизикада  орташа қатенің есептеу әдісі  шекара әдісі бар, психодиагностикада, проективті әдіс бар.

Г.Д. Пирьов «Әдістерді» 3-ке бөлді:

1) Әдістер (бақылау,  эксперимент, моделдеу т.с.с.)

2) Методикалық  тәсілдер

3) Методикалық  үйлесімдер (генетикалық, психофизиологиялық  және т.с.с.)

С.Л. Рубинштейннің  «Жалпы психология негізінде» басты  психологиялық әдістер ретінде бақылау мен экспериментті бөлді. Бақылау «сыртқы» және «ішкі» (өзіндік бақылау) болып бөлінеді, эксперимент – лабраториялық табиғи және педагогика-психологиялық қосымша көмекші әдіс – физиологиялық әдіс сонымен қатар іс-әрекет жемісін зерттеу әдісі әңгімелесу мен анкетаны бөліп алды. Әрине уақыт бұл классификацияның ерекшеліктерін шарттады. Осылай психологияның философиямен «Туыстық – идеялогиялық» байланыс оны теоретикалық әдістерден айырды. Педагогикамен, физиологиямен аналогиялық байланыс бұл ғылымдардың әдістерін психологияға қосумен марапатталды.

Екінші Б.Г. Ананьев  арқылы отандық психологияда тараған  психологиялық зерттеудің әдістер  классификациялық – Болгарлық психолог Г.Д. Пировтың классификациясы. Ол тұрақты  әдіс ретінде: бақылау (объективті, субъективті) экспериментті (лабраториялық, табиғи, педагогика – психологиялық) моделдеу, психологиялқы мінездеме беру, көмекші әдіс (математикалқы, графикалық, биохимиялық және т.с.с.) бұл әдістердің әрқайсысы басқада әдістерге бөлінеді. Мысалы, бақылау анкета сұрақтама, т.б. бөлінеді.

Ал Б.Г. Ананьев  әдістерді 4-ке бөлді:

1) Ұйымдастырушы

2) Эмпирикалық

3) Өңдеу тәсілі

4) Интерприкациялық.

Ұйымдастырушы әдіске Ананьев салыстырмалы ланыштивті және комплектті әдістерді кіргізді. Екінші топқа обсервоционды әдістер (бақылау және өзін бақылау), эксперимент (лабараториялық, далалық, табиғи және т.б.), психодиагностика әдіс, іс-әрекет продуктивтілігі мен процесстерінің анализі (проксиометрикалық әдіс) моделдеу биографикалық әдіс кіргізілді.

Үшінші топқа  мәліметтердің математика-статистикалық анализ әдісі соңғы төртінші топты генетикалық (фило-және антогенетикалық) және құрылымдық әдістер (классификация, типологизация және т.б.) құрайды. Ананьев әр әдісті анық бейнеледі. Бірақ, соның өзінде көптеген шешілмеген мәселелер бар: неге моделдеу эмпирикалық әдіске жатады? Практикалық әдіс далалық эксперименттен немесе құралдық бақылаудан несімен ерекшеленеді? Неліктен интерпритациянды әдістер тобы ұйымдастырушылардан бөлінген?

Бұл жерде психологиялық  зерттеудің теоретикалық әдісі белгіленбегенін айтып өткен дұрыс. Бірақ, сонымен қатар эмпирикалық пен теоретикалықтың арасында әдістер класы бөлінген, дәл айтқанда – эмпирикалық зерттеудегі дерктерді интерпритациялау өңдеу және көрсету әдістері.

М.С. Роговин  мен Г.В. Залевский жұмыстарында жоғарыдағы классификацияны қарастырып өздерінің ұсынады. Бұл авторлардың көзқарастары бойынша әдіс – бұл таным процесіндегі субъект пен объект арасындағы байланысты түсіндірушілер арасындағы байланысты түсірдірушілер. Олар психологиялық әдістерді 6-ға бөледі:

1. Герменевтикалық  – ғылымның мүшеленбеген жағдайына  лайықты (субъект пен объкт  қарама-қарсы қойылмаған, ойша операция  мен ғылым әдісі тұжырымдалған)

2. Биографикалық  – психика туралы ғылымда танымның  жалпы объктісінің бөлінуі.

3. Бақылау –  таным объектісі мен субъектісінің дифферанциясы.

4. Өзін-өзі бақылау  – дифферанция негізінде субъектінің  объектіге айналуы.

5. Клиникалық  – бірінші жоспарға сыртқы  бақылаудан ішкі механизмдерге  көшу мақсаты шығады.

6. Эксперимент  – таным процессіндегі субъект ролін ескере отырып таным объектісіне қарсы тұрған субъект ретінде. Берілген классификацияның артық жері – гнесологиялық негіз (субъективті – объективті өзара әрекет) бірақ бұл дәл емес: кленикалық әдіс пен биографикалық әдістің бөлінуі неліктен екені белгісіз.

Бірақ авторлар тек эмпирикалық-психологиялық әдістер  классификациясына тоқталған және герменовтикалық әдіске моделдеуді қосқан. Психологиялық зерттеу әдістерінің  басқа да классипикациясы бар. Бірақ, жалпы психологиялық әдістер  мен психологиялық зерттеулердің эмпирикалық әдістер арасында ылғи да теңдік белгісі қойылады. Бұл екеуінің де спецификасын анықтауда қиындатады.

Басқа ғылымдармен  ұқсастықтары бойынша психологияда әдістерді 3 класқа бөлген орынды:

1. Эмпирикалық,  зерттеудегі объект пен субъектінің сыртқы өзара әрекетін көрсетеді   

2.теоретиколық,субьект  обьектінің ойша моделімен өзара  әрекет етуі.

3. Интерпритация  және субъект объектінің белгілі  – символикалық қойылыммен «Сыртқы»  өзара әрекет.

Бірінші топ  әдістерін қолдауну нәтижесі объектінің халін, комьютердің есін және т.б-ны бекітетін деректер болып келеді. Теориялық әдістерді қолдану нәтижесі табиғи тілдік, белгілік – символикалық немесе кеңістік – символикалық қалыптағы зат туралы біліммен көрсетілген. Соңғысы, интерпритациялық – суреттеулік әдістер – бұл теоретикалық және эксприменталды  әдістерді қолдану нәтижелерінің «Кездесу орыны» және олардың өзара әрекеттесу орыны. Эмпирикалық зерттеу деректері, бір жағынан, біріншілік өңдеуге және талаптарға лайықты қойылымдарға әкеледі. Эмпирикалқы психологиялық әдістердің тағы бір классипикацсиясын қарастырайық. Психологиялқы зерттеу объектісі активті болуы мүмкін, адам зерттеуші (сияқты) ретінде зерттеуші ретінде қарым-қатынастың, танымның және қайраткерліктің субъектісі болады. Сонымен қатар эмпирикалық психологиясының әдістер классипикацияларында бұл ерекшеліктерді ескеру керек.

Психологияда  зерттеуші мінез-құлқысының түсі мен  интерпритацияның үлкен мәні бар. Түсіну процесі өлшем процесіне қарама-қарсы. өлшеуде біз зерттеу нәтижесін  объективтеуге ұмтыламыз, ал түсінуді қолданғанда, керісінше өзіміздің мекншікті бірлігімізде зерттеуші мінез-құлқын субъекті интерпритациялаймыз.

Психологиялық эмпирикалық әдістерді психологиялық  зерттеудің 2 спецификалық белгілерін білдіретін объектілері бар. Екі  өлшемді кеңістікке орналастыруға болады. Бірінші – зерттеуші мен зерттенуші арасында әрекет жоқтығы немесе бұл өзара әрекеттің интенсивтілігі, ол клиниколық экспериментте максималды және өзін-өзін басқаруда (зерттеуші мен зерттелуші – бір адам) минималды.

Екінші – процедуалды объективтендіруі және субъективтендіруі шет қалатын нұсқалар тестлеу (немесе өлшеу) және басқа адамның мінез-құлқын «Сезіну» жолымен түсіну, эмпатия. Екінші жағдайда зерттеуші ештеңе қолданбайды деуге болмайды. Олар бар, бірақ «Ішкі» (Л.С. Выготский бойынша), - зерттеушінің өз тәжірибесі, индивидуалды ойлары, интерпритация тәсілдері жән т.б. зерттеушінің өлшеуде қолданатыны, - сыртқы (құралдар, тестер және т.б.).

Бұл психологияның  әдістері типтерге бөліп отырған  екі спецификалық белгілерді басқашада атауға болады. Бірінші «Екі субъект – бір субъект» немесе «Сыртқы» диалы – «Ішкі» диалы өсін жасайды. Екінші «Сыртқы» заттар – «Ішкі» заттар немесе «Өлшеу – интерпритация» өсін жасайды. Екі осьтен жасалған квадратта негізгі эмпирикалық психологиялық әдістерді орналастыруға болады. Бұл көзқарас бойынша психологиялық эксперимент зерттеушімен өзара әрекеттің, оның мінез-құлқын объективті тіркеу мен қиылысуындағы әдіс болады.

Кестеде психологиялық  зерттеудің эксперименталды емес эмпирикалық  әдістер ерекшеліктері анализмдерді оларға бақылау, әңгімелесу және «Архивті әдіс» (іс-әрекет продуктивтілігі мен мінез-құлықтың анализі) жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Психологияның  пәні және оның міндеттері

  Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады...". Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды .

Психологияның салалары:

1.Жалпы психология-ересек  адамның психологиялыққызметінің  жалпы заңдылықтарын зерттейді.  Жалпы психология мазмұнына ғылымның  принциптері, әдістері, ұғымдар жүйесіде кіреді.

2. Жас ерекшелік психологиясы-бұл  адамның психологиялық даму заңдылықтарын  әртүрлі психологиялық процестердің  қалыптасуын зерттейді. Бұның  өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді:балалық  шақ психологиясы, жеткіншек психологиясы, жастық шақ психологиясы, ересек адам психологиясы және қарттық шақ психологиясы. Бұнда әр жасқа қатысты жастардың 1-ден 2-шіге өтудің заңдылықтары болып табылады.

3.Педагогикалық психология-жас  ерекшелік психологиясымен тығыз  байланысты. Білім берумен тәрбиелеудің  психологиялық негіздерін зерттейтін 3 бағытқа бөлінеді : 1) оқыту психология. 2) тәрбиелік психология. 3) ұстаздық психология.

4. Еңбек психологиясы  – еңбек әрекетінің психологиялық  негіздерін зерттейді. Жеке адамның  белгілі бір мамандыққа сәйкес  кәсіптік-техникалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселелерін және еңбек ұжымындағы қарым-қатынастың психологиялық негізін зерттейді.

5. Инженерлік психология  – адам мен техниканың қарым-қатынасынан  туындайтын психологиялық мәселелерді  зерттейді. 

6. Космостық психология – санасыздық жағдайындағы психикалық көріністерді зерттейді. Ұзақ мерзім жеке қалуда психикалық қызметтің ерекшеліктерін және космонавттардың жүйкелік-моралдық даярлығын қарастырады.

7. Әскерипсихология  – адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі және жоғары әскери оқу мен тәрбиелеудің психолгиялық мәселелерін зерттейді.

8. Спорт психологиясы  – спорттық дағдылар мен шеберлікті  қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. 

9. Өнер психолгиясы –  бұл өнер туындыларын жасауға  бағытталған психологиялық компоненттерін қарастырады  және адамдардың шығармаларды қабылдау заңдылықтарын ашады.

10.  Әлеуметтік психология - әртүрлі топтардың психикалық  көріністерін олардың көңіл-күйін  , қоғамдық пікірге еліктеуін  және сол топтағы адамдар арасындағы  өзара қатынастар сипатын зерттейді.

11. Этнопсихология - әлеуметтік  психолгия негізінде пайда болған. (ұлттық – деген мағнаны білдіреді) 

12. Заң психология –  бұл қылмысты , адамның психикалық  ерекшеліктерін, қылмыстық коллонияларының  тәрбиелік әсерінің тиімділігін  зерттейді.

13. Патопсихология - өзгеріске ұшыраған адамның психикасын зерттейді.  Патопсихология  3 бөлімге бөлінеді : олигофрено , тифло , сурдо.

14. Салыстырмалы психология  – бұл жануарлармен адамның  психикалық айырмашылықтарын зерттейді.

Психолдогиялық процестер  дегеніміз-сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.

Алғашқы психологтар, философтар олар идеялистер және материалистер  болып бөлінді.

Материалистер-адамның жаны бар, бірақ ол мәңгі емес. Бұған: Демокрит, Әл-Фараби.

Идеалистер жан мәңгі, ол өлмейді деп тұжырымдады. Бұған Платон, Фома Аквинский т.б.

 Психология  ғылымы тарихының даму кезеңдері 

1879ж бастап  психология эксперименталдық ғылымдарға  айналды. Неміс психологы  В.Вундт  Лейпциг қалыптастыруда өз лабораториясын  ашты. Бұл психологияның дамуының 2-ші кезеңіне жатады. Ал 1-ші кезеңі 2500жылға созылған Аристотель  пікірлер тарихы. Психологияның даму тарихы т.б Гипократ, Гомен, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Дидро, Вольф ғалымдарының есімдерімен байланысты.

Психологиялық  құбылыстардың топтастырылуы бойынша  бір-бірімен тығыз байланысты 3 топқа  бөлінеді. Олардың 1-і психологиялық  процестер деп аталса,2-шілері  психологиялық қалып, 3-шісі психологиялық қасиеттер деп аталады.

Платон  пікірінше,жан  мен  тән  бірге  дамиды,тәнсіз  жан  жоқ.Адамда  қатарынан  екі  жан  болмайды.Адам  жаны,тәні  де  өткінші  деп  көрсетті.Жанның  да,  тәннің  де  иесі – жүрек,бұған мидың да  қатысы  бар.

1.Психологияның зерттеу әдістері.

Ғылым ретінде  психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұраққа  жауап беру ойлағандай оңай емес. Бұл  сауалға жауап беру үшін ғылыми психология тарихының әрбір даму кезеңіндегі психологиядағы ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың қалайша өзгеретініне үңілу қажет. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде таралуына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі .

XIX ғасырдың  соңы - XX ғасырдың басында, белгілі  психолог Г.Эббингауз психологияның  тарихы қысқа, ал тарих алдындағы  кезеңдері ұзақ деп психология  туралы қысқа да нұсқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп   аталған   психиканы   зерттеудің   кезеңі   айтылған.   Бұл   XIX ғасырдың соңғы ширегінде болды, бірақ психологияның қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр.

Пәннің атауы  ежелгі грек тілінен аударғанда, психология (псюхе-жан, логос-ілім) жан туралы ілім дегенді білдіреді. Кең таралған көзқарастар бойынша, алғашқы психологиялық  түсініктер діни нанымдармен байланысты болды. Шындығында, ғылымның ақиқатты тарихы көрсеткендей, ежелгі грек философтарының ертедегі көзқарастары адамның алғашқы білімімен тығыз байланыста болатын практикалық таным үрдісінде пайда болады және жаратылысты - жалпы, жанды - жеке деп санайтын мифологиялық нанымдары бар дінге қарсы туып келе жатқан ғылыми ой күресі барысында дамиды. Жанды зерттеу және түсіндіру - психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне -материя мен сананың, рухани және материалдық субстанциялардың арақатынасына байланысты болған.

Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериялы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды: идеалистік және материалистік. Идеалистік философия өкілдері психиканы материядан тыс, жеке болатын, бірінші болатын құбылыс ретінде қарастырады. Материалдық түсінік психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс түрінде көрсетеді.

Идеалистік  философия өкілдері материядан тәуелсіз ерекше рухани бастаудың бар екендігін мойындайды, олар психикалық әрекетті материалдық, тумайтын әрі өлмейтін жан түрінде қарастырады. Ал барлық материалдық заттар мен үрдістерді сезімдер мен түсініктер ретінде немесе қандайда бір "абсолютті рух", "жаратылыстық ерік", "идеялар" сияқты жұмбақ құбылыстар ретінде қарастырады. Адамдар психикалық құбылыстарды ерекше, тылсым күштердің - адам туған кезде тәніне еніп, ал өлгенде ұшып кететін жан мен рухтың әрекеттері деп тәннің құрылысы мен қызметі туралы қате көзқараста болған кезде идеализм пайда болды. Алғашқыда жан әр түрлі ағзаларда болатын жіңішке ерекше дене немесе тіршілік иесі деп   түсіндірілді.   Дін   пайда   болған   кезде,   жан   тәннің   өзіндік көшірмесі, адамды тастап кеткеннен соң мәңгі өмір сүретін қандай да бір "басқа дүниемен" байланыста болатын, денесіз және өлмейтін рухани тіршілік иесі ретінде ұғыныла бастады. Осының негізінде идея, рух, сана-бірінші, барлық тіршіліктің қайнар бұлағы, ал табиғат, материя - екінші, идеядан, санадан, рухтан туындайды деп тұжырымдайтын философияның әр түрлі идеалистік жүйелері пайда болды .

2.Психика–  эволюциялық үрдістің нәтижесі

Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалистік философия, адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Жан туралы көзқарастар қандайда болмасын метаморфозаларды бастан өткерсе де, жанды өмірдің қозғаушы көзі деген тұжырым тұрақты болып қалды. Тек XVII ғасырда ғана Рене Декарт психологиялық ілімдердің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті - оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс. Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тэуелсіз екі субстанцияның - материя мен рухтың - бар екендігін айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім "дуализм" (латын тілінен duaIіs - "қосалқы") деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарасы бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл бағыт объективтік идеализм деген атқа ие болды.

Дуалистік ілімдердің негізінде XIX ғасырдағы психологияда психофизикалық параллелизм (яғни психикалық және физикалық құбылыстар қатарлас - өзара тәуелсіз, бірақ бірге деп тұжырымдайтын) деген идеалистік теория кеңінен таралды. Психологиядағы бұл бағыттың басты өкілдері - Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо. Бине, Джемс және басқалар.

Шамамен, осы уақыттан бастап психология пәні туралы жаңа түсініктер пайда болады. Сезіну, ойлау, тілеу қабілеттерін сана деп атай бастады. Сонымен психика санаға теңестірілді. Жан психологиясы орнына сана психологиясы келеді. Алайда, сана ұзақ уақыт бойы басқа табиғи үрдістерден оқшауланған ерекше құбылыс ретінде түсінілді. Философтар сананы құрайтын қарапайым "элементтері" бар, субъективті сезінудің нәтижесі немесе құдайдың ісі деп санай отырып, саналы өмір жайында әр түрлі тұжырымдарды айтты. Бірақ барлық идеалист-философтарды "психикалық өмір -өзін-өзі бақылау арқылы ғана танылатын және себебін түсіндіруге объективтік ғылыми талдаудың шамасы келмейтін субъективті ерекше жаратылыстың көрінісі" деген ортақ пікір біріктірді. Мұндай түсінік кең таралды, ал көзқарас сананың интроспективтік ұғымы арқылы белгілі болды. Осы дәстүр бойынша психика санаға теңестіріледі. Осы ұғымның салдарынан сана өзімен-өзі шектелді. Бұл психиканы объективтік тұрмыстан жэне субъектінің өзінен түбегейлі алшақтауын білдірді.

Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы және зерттеудің әр түрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұштасты. Бірақ XIX ғасырдың соңындағы теориялардың барлығы және XX ғасырдың теорияларының бір бөлігі сананың интероспективтік психологиясының төңірегінде жасалды. Бұл теория психологиялық зерттеулер пәнінің шынайы қоршаған ортадан және адамдардың практикалық әрекеттерінен тыс қаралатын, адамға түсінікті уайымдар аумағының шектелеуімен сипатталады. Сана мен мидың ара қатынасы туралы мәселе дуализм ұстанымының басымшылығымен осы теориялар арқылы шешімін табады.

Сананың құрылымының, мазмұнының және белсенділік деңгейінің әр түрлі сипатталуы - интероепективтік психология шеңберіндегі теориялар арасындағы негізгі айырмашылық болып саналады. Ереже бойынша, сипаттамалардың біреуі жетекші ретінде айқындалды. Әдетте, осының негізінде сананың идеалистік психологиясының бес түрін атап көрсету қажет: сана элементтерінің теориясы, негізін салушылар В. Вундт және Э.Титченер, Вюрцбургск психология мектебінің кейбіреуінің осыған қатысы бар:

сана актілерінің  психологиясы, Франц Брентаноның атымен байланысты;

сана ағымының теориясы, Уильям Джемс жасаған;

гештальт психология - ерекше аумақтар теориясы;

Психология әдістері Психологиялық зерттеулер кезеңдері