Радиациялық зақымдану кезінде ет және етөнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау

Мазмұны

  1. Кіріспе.................................................................................................2 бет
  2. Негізгі бөлім........................................................................................3 бет

2.1 Тағам өнімдерінің радиактивті ластауының категориялары.........3 бет

2.2 Ет - радиохимиялық сараптаудың  объектісі...................................4 бет

2.3 Сүт және сүт өнімдері- радиохимиялық  зерттеу объектісі...........8 бет

     2.4 Жұмыртқа - радиохимиялық сараптаудың объектісі...................11 бет

     2.5 Теңіз және тұщы судың балықтарын радиоактивті ластануға тексеру

         ерекшелігі..........................................................................................13 бет

     2.6 Ветеринарлы радиохимиялық сараптаудың  келешегі.................15 бет

     2.7 Радиоактивті заттармен жұмыс істеуде радиациялық

  қауіпсіздік.........................................................................................17 бет

     2.8 Радиометрлердің құрлысының  принципі мен жұмыс істеу

           ережесі................................................................................................20 бет

     3. Қорытынды...........................................................................................23 бет

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................25 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

    Ядролы энергия және радионуклеидтерді пайдалану жыл сайын аграрлық секторда  кеңінен қолданыс табуда. Бұл адаммен жануардың ағзасына енген радиацияны терең оқуға, радиактивті заттармен иондалған сәулелермен қауіпсіз жұмыс істеуге және ядролы процесстің энергиясын практикалық қолданудың жаңа объектері мен әдістерін іздеуді қамтамасыз етеді.

  Радиактивті заттарды тағам  өнімдерімен шамадан артық қолданғанда адамның денсаулығына зиян, тіпті сәулелі аурулар тудыруы мүмкін.  Сол себепті малдәрігерлері тағадық өнімдердің радиактивті заттармен ластануын қадағалап отырып, тұтынушыны сапалы заттармен қамтамасыз етуі керек.

Еттің радиактивті заттармен зақымдануы екі жолмен жүреді:

  1. малдардың радиактивті заттар қосылған азықтар жеуінен немесе радиактивті заттың малдың ағзасына басқа әдістермен түсуінен;
  2. радиактивті шаң-тозаңдардың еттің үстіне қонуынан болады.

  Егер радиактивті зақымдану  жарамды деңгейде болса, малды союға рұқсат етіледі. Малды сойғаннан соң етті бөлген соң радиактивті зақымдануын радиометрдің көмегімен анықтайды. Егер радиометрдің көрсеткіші етті жарамды деңгейдегі мөлшерін көрсетсе және етте ешқандай патологоанатомиялық өзгерістер болмаса етті сатуға еркін жібереді. Егер зақымдану жарамды мөлшерден асып кетсе, онда етті оқшаулау радиактивтілік көрсеткіші төмендегенше сақтайды, содан қайтадан радиактивтілігін өлшеп етті жарамды деп тапса, сатуға жібереді. Ондай еттерді 5 айдан 10 айға дейін сақтайды. Зақымдануы көп мөлшерде болған ұшалардың паренхиматозды мүшелерді жерге 70 см тереңдікте көміп тастайды. Мен өзімнің курстық жұмысымда радиактивті зақымдану кезінде ет, сүт, жұмыртқа және балық, т.б, тағам өнімдерінің – радиактивті зерттеу объектісі ретінде зерттелу тәртібін толық аша кетуді ұйғардым.

 

 

 

2.Негізгі бөлім:

2.1 Тағам өнімдерінің  радиактивті ластауының категориялары.

   Радиактивті зақымданумен ластанған ұша мен субөнімдерде радиактивті ластануының деңгейін анықтау мақсатында тексеріледі. Егер жарамды мөлшерден радиактивті көрсеткіші артып кетсе, ондай ет пен субөнімдер жуу арқылы өңделеді немесе үстіңгі қабатын 0,5-1 см кесіп алып тастайды.

  Радиактивті заттармен ластануы  деңгейі бойынша тағам өнімдері  екі категорияға бөлінеді:

Бірінші категорияға күніне 2 кг артық пайдаланбайтын өнімдер жатады: ет, балық, нан, жарма, көкөністер, макарон бұйымдары. 

Екінші категорияға күніне 0,2 кг аспай қолданатын тағам өнімдері жатады: қант, тұз, өсімдік майы.

  Тағам өнімдерінің радиактивті заттармен зақымдануының жарамды деңгейі 1 кестеде көрсетілен.

Кесте 1.

Тағам өнімдерінің 1-категориядағы және ауыз суындағы радиактивті заттармен жарамды деңгейі. (микрокюри 1 кг)

Шөгіннің жасы (күнмен)

Қолдану уақыты

30 күн

100 күн

1 жыл

14

12

6

1,2

30

9

3,5

0,6

100

3

1

0,2

1 жыл

1,5

0,5

0,06


 

 Радиактивті заттармен ластанған  тағам өнімдерін санитарлық бағалауда, ластану деңгейімен, қатар оларды тағамға қолдану ұзақтығын және шөгіннің жасын анықтайды. Өнімнің радиактивті зақымдануына неғұрлым көп уақыт өтсе, соғұрлым ол өнімнің тағамға пайдалануының жарамды деңгейі төмен. Ұзақ емес радиактивті шөгіндер қысқа (натрий, йод) және ұзақ уақыт жартылай ыдырайтын (радий, стронций) түрде кездеседі.

   Егер тағамдық өнімді ұзақ сақтағанда радиактивтілік заттармен зақымдалуы байқалса, онда ұзақ мерзімге жартылай ыдырайтын радиактивті заттардың болуымен түсіндіріледі. Ондай кездерді өнімдердің радиактивті заттармен ластануының жарамды көрсеткіші төмен болуға тиісті. Ағзаға қысқа мерзімді жартылай ыдырайтын радиактивті заттардың енуі қауіпсіз, себебі біраздан соң олар ағзадан шығып кетеді. Ал көп радиактивті заттармен ұзақ мерзімде жартылай ыдырайтын заттармен ластанған тағамды өнімдерді пайдалану сәулелі ауруға әкеп соқтырады.

2-ші категориялы тағамдық өнімдерге радиактивті заттармен ластануы 10 есе көп жіберіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Ет - радиохимиялық сараптаудың объектісі.

  Еттің табиғи β-белсенділі  К\40 орташа құрайды (n •10 -9 кюри\кг): сиыр еті – 2,2, бұзау мен қой еті  - 2,5; елік еті -3,0, шошқа еті -2,0, шошқа майы -2,2. Алайда ұшадағы бұлшықеттің әртүрлі сынамасында  калийдің концентрациясы әртүрлі болады. Ет неғұрлым майлы болса, К-40 белсенділігі соғұрлым аз болады.

 Соңғы жылдары барлық малдардың  етінен Cs-137 табылып келеді. Мөлшермен сауынды сиырдың 1 кг етінде 1%, ет бағытындағы сиырдың етінде 3% жуық Cs-137 бар.

  Радиоцезидің еттегі концентрациясы  малдың түріне байланысты.

Кесте 2

Ірі қараның мен шошқа еті мен бауырындағы Cs137 мен K-40 концентрациясы

Мал түрі

Ет

Сүт

Cs137

K40

K40\Cs137

Cs137

K40

K40\Cs137

Жас тайыншалар

0,095

2,14

4,4

0,02

2,00

1,00

1 жасқа дейінгі шошқалар

0,155

2,03

7,6

0,09

2,00

4,5


 

 Еттің Cs137 белсенділік дәрежесі жайылымдағы шөптердің радиактивті

заттармен ластануына байланысты. Соңғы жылдары таулы және жағалаудағы аудандарда көп радтактивті шөгіндер түседі, олай болса ол жердегі етбағытындағы малдар бұл заттармен көп зақымдалады.

  Мұндай жерлерде жабайы жануарлардың еті РАД-ге үй жануарларына қарағанда көп зақымданады. Мысалы, жабайы қоянның еті 10 есе, еліктің еті радиактивті заттарға 65 есе көп белсенді. Үй жануарлары тұрғылықты қорада ұстағанда радиактивті заттармен ластанған азықтарды аз алады, ал бұл кезде жабайы жануарлар жыл бойы жайылымда РАД көп мөлшерде алады.

  Тағамдық құндылығы бар ішкі  мүшелерден үй жануарларында Cs137 бауырда көптеп кездеседі, бірақ онда оның концентрациясы етке қарағанда аз болады.

  Бауыр және одан аз деңгейде  ет Zn 65 үшін критикалық мүше болып табылады.

  Стронций етте аздаған іздері  тіркелді.  Сиырға преоральды  стронцийді берген соң 1 кг 0,0003 % белсендігін тапқан, ал ол кезде Cs137 бұлшықеттерде 100 есе артып кеткен.

  Ірі қараның сүйектері ет  және сүт бағытындағы строцийлі  ластанудың жақсы индикаторы  болып табылады. Ондай сүйектер сорпа әзірлеу үшін пайдаланады. Профессор Л.Н.Дядюхин сиырдың сүйегін ас тұзын қосып үш сағат қайнатқанда сүйектен сорпаға 3% стронций түсетінін тапқан. Ал А.Н.Марей бұл цифра 0,5-10% -дейін өсетінін айтты. Ал тұз қоспай пісіргенде бұл көрсеткіш 0,06% төмендесе, ал етте 60% құрайды. Олай болса стронций сүйекте болуының ерекше радиациялы-гигиеналық маңызы жоқ. Ғалым Сейдлер сүйекті 1 сағат тұссыз қайнатқан соң сиырдың сүйегі 50%, шошқа сүйегі -30%, стронцийді жоғалтатынын айтқан.

  Таулы аудандардың ірі қара  мен ұсақ қараның сүйектерінде  стронцийдің мөлшері жазық жерлердегі малдардың етіне қарағанда көп болуы дәлелденді.

  Сүйек стронций үшін критикалық  мүше болып табылғандықтан сүйек  және ет-сүйек ұндары радиациялы экспертизадан өтуі керек.

   Радиохимиялық тексеру үшін  қалқанша бездегі йодтың мөлшерін анықтауда маңызды. Бұл қысқа мерзімде өмір сүретін компонент жайылымда көк шөпті ластап, сиырдың ағзасына енеді. Үш-бес күннің ішінде оның 20% сиырдың қалқанша безіне енеді. Ал буаз сиыр мен қойларда оның біраз мөлшері плацентарлы кедергі арқылы іштегі төлдің қалқанша безіне жиналады.

  Ет және  сүйек сынамасын алу және өңдеу.

  Ерекше жағдайлар болмаса  еттің сынамасын жайылым немесе  тұрғылықты кезеңдердің соңында, яғни жылына екі рет және  әрбір бақылау пунктерінде бірмезгілде  алады. Ал Cs137 концентрациясы ұшаның барлық жерлерінде біркелкі тарағандықтан сынаманы ұшаның кезкелген бұлшықетінен алуға болады. Бірақ еттің тауарлық сапасын бұзбауды да қарастырған жөн. Еттің үлгілерін малдың бір түрінен үш-бес ұшадан, бірдей мөлшерде алады, жалпы алынған үлгінің салмағы 3 кг аспау керек. Еттің сынамасын майдан мұқият тазалайды, туралайды, яғни фарш дайындайды, араластырып, ары қарай зерттеуге 100-150г алады.

  Сүйек ұлпасын стронцийге  тексеру үшін қабырғаны алған дұрыс, онда стронцийдің концентрациясы тұтас ұшаның радионукледінің орташа мөлшерінде болады, сонымен қатар ұшадан қабырғаны бөліп алғанда ұшаның тауарлық түрі бұзылмайды. Жұмсақ ұлпалардан тазаланған сүйекті өлшейді және майсыздандырады, яғни 150-200 гардус С температурада майды ерітіп, алып тастайды.

  Стронцийдің сүйектегі мөлшерін  анықтау үшін 20 г күл дайындайды. Ұшадан алынған сүйекте 40% минеральды заттар болады, олай болса бір рет өңдеуге 100 г балауса (кеппеген, майсызданбаған) сүйек алады. Анықтау радиохимиялық әдіс бойынша жүргізіледі. Кальцийдің мөлшерін анықтау үшін сүйекте 50 г күлдің болуы жеткілікті.

  Сүйекте β –белсенділікті  анықтау сүйектің стронциймен  ластануының бағалаудың болжамы  болып табылады. Сүйектің калиийлік  қоры аз. Егер балауса сүйекте 0,2% калий болса онда сүйектің β- белсенділігі К40 бойынша 1,5х10-9 кюри/кг болады.

 

 

 

 

 

2.3 Сүт және сүт өнімдері- радиохимиялық зерттеу объектісі.

  Сүттің макроэлементерінің  құрамына кальций мен қатар  калий (1,4-1,8 г/л, орташа 1,6 г/л), жатадыол  К40 бойынша сүттің негізгі табиғи  β – белсендігін анықтайды.

  Сиыр, қой, ешкі сүттерінде соңғы  жылдары өлшенетін көрсеткіште  үнемі стронций мен Cs137 табылады.

  РПД концентрациясының мөлшерінің  сүтте болуы байланысты:

  1. РПД азықта болу концентрациясы, яғни радиактивті шөгіндердің типі мен көлемі, мерзімі, малдарды жайылымдықта немесе тұрғылықты ұстауға, азықты дайындау мезгіліне;
  2. Сүт беретін малдың физиологиялық ерекшелігіне-сауын сүттің көлемі, және лактациялы кезеңнің басымен соңына;
  3. Сүт беретін малдың ағзасынан радионуклеидтердің шығу еркшелігіне.

Ядролық сынақтарды уақытша тоқтатқан соң үш айдан соң сүтте йод пен барий, ал тоғыз айдан соң стронций жоғалып кеткен. Олардың осылай жоғалып кету себептері, олар физикалық тез ыдырайды. Бұл жағдай сүтті сиырларға тәжірибе жасау арқылы сыналып, дәлелденген.

  Радионуклеидтердің сүттегі концетрациясының деңгейі метеорологиялық жағдайларға да (жауын шашын мөлшері), жергілікті жердің рельефі, малды ұстаудың жыл мезгілі, және сүтті сиырларды азықтандыруға тікелей байланысты. Жауын шашын көп жылдары немесе жауын жиі жауытын аудандарда сиырлардың сүтінде РАД (радиациялық ақтық доза) көп мөлшерде болады. Егер таулы жерде көп жауын шашын болса, жазық жерге қарағанда сүтте көп мөлшерде РАД болады.

  РАД-нің көп мөлшері сүттен сүт өнімдеріне беріледі. Олардың берілу деңгейін білудің практикалық маңызы үлкен, себебі радиокулеидтер көп мөлшерде болған сүттерді көбінде тағамға сүт өнімдері ретінде пайдаланады, онда РАД аз мөлшерде немесе мүлдем берілмейді.

 

 

Кесте  3

Радионуклеидтердің сүттен әртүрлі сүт өнімдеріне зауыттық өндіруде берілу мөлшері (сүттегі пайыздық мөлшермен)

Өнім түрі

Sr 90

Cs137

I 131

1

Көк сүт

92,00

85,00

84,00

2

Қаймақ

8,00

15,00

16,00

3

Пахта

6,72

12,75

12,48

4

Сары май

1,28

2,25

3,52

5

Ерітілген май

0

0

0,21

6

Қышқыл казеин

6,45

1,80

4,60

7

Қышқыл сарысу

85,55

83,20

79,40

8

Ұлтабарлық казеин

84,60

1,84

1,84

9

Ұлтабарлық сарысу

7,40

83,16

82,16


 

 Бұл кестеден көріп отырғаныңыздай 85-90% радионуклеидтер тұтас сүттен көк сүтте қалады, одан әрі казеин дайындағанда қышқыл сарысуда, ал ұлтабарлық әдісте ұлтабар казеинде қалып қояды. Оның мағынасы радионуклеидтер оның су фазасымен байланысты, тек 10-15% май фазасымен байланысты болады.

Егер 1 л тұтас сүттен үй жағдайында 100 г қаймақ, 200 г ірімшік, 700 г сарысу алынса, онда стронцийдің концентрациясы бұл өнімдерде 112%, 245% және 57% болды. Олай болса үй жағдайында алынған ірімшікте стронцийдің мөлшері ол дайындалған сүттегі стронцийдің мөлшерінен екі есе асып түсті.

   Сүттің  сынамасын алу және өңдеу.

  Сүттің сынамасын алу үшін полиэтиленді шөлмекті пайдалануға болады. Қажет болса, ұзақ тасымалдағанда алдын ала өлшенген сынаманы 3,5 пайызды формалин ертіндісімен 1 л сүтке 2 мг консервілеуге болады. Сынаманы алу алдында және оны өңдеудің алдында сүтті араластырып қайнататын тостағанға құяды, қою консистенцияға дейін қайнатады, содан соң электроплитада немесе лампа астына кептіреді. Қалдықты аздаған  концервіленген азот қышқылымен ылғалдандырады және 800º С температурада күлге айналдырады. Егер алынған күл сұр түсті болса, онда қышқылмен өңдеуді және жағуды қайталайды, күл ақ түсті болуы керек.

 Стронцийді анықтау үшін  сүттің күлінің 15-20 г қажет. 1 л сүтте 7 г минеральды заттар бар екенін ескерсек, онда стронциймен Cs137 бір рет анықтау үшін 2,5-3 л сүт қажет, ал егер МСТ-17 санағышын қолдансақ онда 10 л сүт қажет болады.

 Егер радиобиологиялық зертхана  тұрған ауданда құрғақ сүт  дайындайтын зауыт болса, онда  стронций мен Cs137 радиохимиялық анықтау үшін сүт ұнтағын пайдалануға болады. І литр сүттен арнайы кептіргішті пайдаланғанда 100 г құрғақ сүт шығады, МСТ-17 санағышпен анализ жасағанда 1 кг сүт ұнтағы қажет. Сүтті зауытты кептіргенде радиойод ұшып кетеді, сол себепті сүттен йод концентрациясын анықтауда тек табиғи сүтті пайдалану қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Жұмыртқа - радиохимиялық сараптаудың объектісі.

 Жалпы калийдің концентрациясын  жұмыртқаның ақуызының есептейтін  β – белсенділігі К 40 бойынша 1,28• 10-9 кюри/кг, ал саруызда -0,86.10-9 кюри\кг  болады. Егер азықпен жұмыртқалайтын тауықтың ағзасына радионуклеидтер кірсе, онда олар жұмыртқада да болады. Тауықтың ағзасынан жұмыртқа арқылы көптеген радионуклеидтер шығады. Алайда жұмыртқада радионуклеидтер, оның қабығы, ақуызы, сарыуызында біркелкі болмайды,

 Басқа РАД –ларға қарағанда жұмыртқаның ақуызында көп мөлшерде стронций кездеседі. Ал жұмыртқаның сарыуызында йод көп мөлшерде болады.  Бір рет уланған тауықтардың жұмыртқасының алғашқы күнінде радионуклеидтер болмайды, олардың максимальды концентрациясы уланған соң төртінші күнгі жұмыртқауда табылды. Ал ұзақ уақыт, яғни созылмалы уланса радиойодтың максимальды конценрациясы сегізінші-тоғызыншы күндері жұмыртқаның сарыуызымен шыға бастайды. Улауды доғарса, сарыуызда радиойодтың мөлшері төмендеп бір жұмадан соң 5 пайызы ғана болады.

 Олай болса жұмыртқаға ең  қауіптісі йодпен зақымдануы. Алайда  радиойодтың тез ыдырап кетуіне байланысты мұндай өнімдер аса қауіпті емес. РАД-ға зақымдалуына күмән туған жұмыртқалар ұзағырақ сақталса, соғұрлым қауіпсіз. Тауықтың азығы алдын ала қор түрінде жиналып пайдаланады, олар сол себепті радионуклеидтермен көп зақымданбайды. Сол себепті тауық жұмыртқасында радиациялық сараптаудың алғашқы объектісі болып табылмайды. Алайда жұмыртқа қабығы стронцийлік ластанудың индикаторы болып табылады.

  Шикі жұмыртқа қабығынан  қажетті күлді алғанда ол жұмыртқаның 11% (орташа 8,7-13,9%) құрайтынын, ал өте аз мөлшерде органикалық заттар (3,5-6,5%) болуын ескерген жөн. Жұмыртқаны 800° температурада күлге айналдырғанда жұмыртқа қабығының көмірқышқыл кальцийі кальций окисіне айналады, оның 70% кальцийден тұрады, ал күлдің шығымы 5% құрайды. Ондай күл өте гигроскопиялы. Егер оны тығыз жабылған пробиркада сақтаса, онда бір айдан соң кальций окисі кальций гидроокисіне айналады, онда 54% кальцийден тұрса, ал күл ауырланып 33% құрайды. Жұмыртқа қабығының күлі, сүйек күлінен осымен ерекшеленеді, оны эксикатордан тыс сақтағанда 3% салмақ қосады. Мұны жұмыртқаны радиохимиялық сараптауда ескеру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  2.5 Теңіз және тұщы судың балықтарын радиоактивті ластануға тексеру ерекшелігі

  Әртүрлі балықтардың 1 кг шикі өнімінде 2,5-4,6 г жалпы калий болады. Сол себепті зертелетін балықтың β – белсенділігі К40 бойынша 1,85-3,4.10-9 кюри/ кг болады.

  Бөлінетін және белсендіретін өнімдер балыққа қоршаған сумен және алиментарлы жолмен енеді. Судан радионуклеидтердің балықтың сыртқы қабыршығы мен қанаттарына адсорбциясы, бұл мүшелерді біраз белсендіреді. Суда радионуклеидтердің мөлшері неғұрлым көп болса, соғұрлым ол онда мекендейтін балықтарда көп болады, алайда радионуклеидтердің концентрациясын суда көбейтсе, олардың балыққа жиналуы азаяды.

  Балықтардың радионуклеидтердің жиналуының жылдамдығы жыл мезгіліне, нақты айтқанда судың температурасына байланысты, ал стронцийдің жиналуы сонымен қатар онда кальцийдің концентрациясына байланысты. Қыста балық аздаған мөлшерде азық жегенде, оның зат алмасуының қарқыны төмендейді, балықтың белсенділігі де төмендейді. Кальцийге аз суда балыққа стронцийдің жиналу мөлшері үлкен.

  Әртүрлі радионуклеидтер балықтың  әртүрлі мүшелеріне жиналуы біркелкі  емес.

Кесте 4

Тұщы суда балықтың мүшелерінде радионуклеидтердің таралуы

Ұлпалар мен мүшелер

стронций

Cs137

Р32

1

Сүйек

180

84

5550

2

Қабыршығы

320

-

4040

3

Қанаттары

280

-

5350

4

Бұлшықеті

14

615

1510

5

Желбезегі

62

-

1580

6

Бауыры

8

338

2790

7

Бүйрегі

16

648

2390


 

  Сол себепті стронций балықта қаңқасында, қанаттарында, қабыршығында көп болса, бұлшық етінде аз болады. Ал балықтың басынан, қанаттарынан, және басқа балық қалдықтарынан балық ұныны дайындайды, сол себепті балық ұны ветеринарлы радиация сараптаудың объектісі болып табылады.

  РАД концентрациясы балықтарда тұщы су көздерінде бір географиялық нүктеден екіншісінде қатты толқиды.

  

  Балықтың  сынамасын алу және өңдеу.

  Радиохимиялық сараптауға балықтың  сынамасы 2 кг-нан аспау керек. Сондықтан  ұсақ балықтарды бірнешеуін алса, ал 1кг балықты тұтасымен алады. Ірі балықтардан сараптауға етімен бауырын алса, ал стронцийді анықтау үшін басын желбезегімен  алады. Алдын ала шырышты жуып тастайды. Тұздалған балықтарда сынаманы ортасынан алады. Егер өңдегенге дейін балықты сақтау қажет болса (әсіресе жылы кезде), онда оны өлшеген соң консервілейді. Ол үшін ұсақ балықты 3-5 пайызды формалин ертіндісіне малады, ал ірі балықты осы ертіндіні шприцтің көмегімен бұлшықет қабатымен басына егу арқылы консервілейді. Тағамға тұтасымен пайдаланатын ұсақ балықты ұсақтайды, содан соң 50 г күлін алады. Одан соң өңдеуді жалпы ереже бойынша жүргізеді. Балықтың әрбір сараптамасы үшін 20 г күл дайындау керек. Радиациялық гигиена Институтының деректері бойынша балғын балықтың күл шығымы 3-4 %, ал тұздалған 17%-ға дейін. Бұлшық етінің күл шығымы 0,8-2,2 %, сүйек 6-19%, желбезегі 4-6%, бауыры 0,6-1,7%.

 

 

2.6 Ветеринарлы радиохимиялық сараптаудың  келешегі.

  Радиохимиялық сараптаудың  соңғы мақсаты малшаруашылығының  өнімдерінің азықтық және тағамдық  қолданудың жарамдылығын бағалау және осы аудандағы сыртқы ортаның радиациялық жағдайын анықтау.

  Осыған байланысты шешетін  үш сұрақ тұр:

    1. өнім беретін малдарға азық пен ауыз суында радионуклеидтердің концентрациясының жарамды мөлшері анықтау қажет пе;
    2. ветеринарлы радиобиологиялық сараптауда жоғарыдан атап өтілген объектілерден басқа қосымша объект қажетпе;
    3. зертелмеген территорияда радиациялық жағдайды тез және сенімді зерттеу үшін нені зерттеу қажет.

Адамға қауіпсіз, яғни жарамды жасанды радионуклеидтерді концентрациясын өсімдіктектес және жануар тектес тағам өнімдерінде және ауыз суында өз «мөлшері» бар.

Кесте 6

Кейбір радионуклеидтердің  азық пен ауыз суында жарамды мөлшерінің концентрациясы ірі қара мен қойларға (мккюри/ кг құрғақ затқа)

Мал түрі

Азық пен су

Радионуклеид концентрациясы

йод

стронций

Cs137

Қой

Азық

0,3

0,2

1,0

 

Су

0,3

0,2

0,8

Сүтті ірі қара

Азық

0,007

0,02

0,04

 

су

0,002

0,004

0,01

Етті ірі қара

Азық

0,2

0,4

0,4

 

Су

0,04

0,08

0,1


 

   Радиациялық – гигиеналық нормативтермен жетекшілік жасап отырған медициналық радиобиологтар адамға радионуклеидтердің тағамда, суда және ауада жарамды күндік дозасын (ЖКД) қарастырды. Осындай нормативтерді ветеринарлық радиологтар өнім беретін малдарға да жасауы керек еді. Алайда ветеринарлық радиолог ең бірінші шешу керек, радионуклеидпен зақымданған азықты ұзақ уақыт, бір рет немесе бірнеше рет қолданған малдың өнімін тағамға қалай жіберуге болатынын.  ЖКД –нің негізін ала отырып, егер ол малдарға арналып жасалса, малшаруашылығының өнімдерін тағамға жіберуге болама? Бұл туралы әлі нұсқаулар жоқ, алайда төмендегі кесте бойынша ондай деректер ешқандай негіз бола алмайынын байқайсыз..

Кесте 7

РАД минимальды дозасы

Радио

нуклеид

Байқалған эффект

Мккюри\күніне

қой

сиыр

I 131

Төлінің өмірге қабілеттілігі төмен, сиырдың сүті азаяды.

150,0

1500,0

Біраз жылдан соң қалқанша безінің аденомасы

1,5

15,0

Қолдануға жібермеу:

Ет

Сүт

 

0,7

-

 

2,0

0,08

Sr 90

Төлдердің өспей қалуы, ісіктер пайда болуы

5,0

50,0

Қолдануға жіберілмейді:

Ет

Сүт

 

0,4

-

 

4,0

0,2

Cs 137

Малдың төлдегіштігі төмендейді

80,0

200,0

Қолдануға жібермейді:

Ет

сүт

 

2,0

-

 

5,0

0,5


 

 

 

 

Радиациялық зақымдану кезінде ет және етөнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау