Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі
Жұмыс түрі: Курстық
жұмыс
Пәні: Журналистикаға
кіріспе
Бет саны: -
Интервалы: -
МАЗМҰНЫ -
I. КІРІСПЕ ..............................
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.11Радиожурналистиканың ерекшелік сипаты....................4бет
2.22.2Стильдік бейнелеуші құралдар. ..............................
III.ҚОРЫТЫНДЫ.................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
Кустық жұмыстың тақырыбы: Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі.
Тақырыптың өзектілігі:
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: радиожурналистиканың ерекшелік сипаттарымен, радионың пайда болу және хабар таратудың дамуымен, қазақ радиосының даму кезендерімен, жұмыс істеу әдістерімен, радиохабар әзірлеудің шығармашылық процесімен, жанрлары және пішіндерімен, радиожурналистің еңбек қарым-қатынастарын реттейтін кәсіби-этикалық ережелер және қағидалармен, радиожурналистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстыру.
Курстық жұмыстың нысаны: әртүрлі сипаттағы радио компаниялар үшін хабарлар даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын мамандардың біліктілігін қалыптастыру.
Курстық жұмыстың дереккөздері: курстық жұмысты жазу барысында мынадай әдебиеттер қолданылды: Т.Бекниязовтың «Журналисттің шығармашылық шеберлігі» 2004ж, Н.омашевтың «Радио Журналистика»2005ж.
Тақырыпты зерттеу әдістері: зерттеу барысында баяндау, сипаттау, салыстыру, талдау тәсілдері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: бұл жұмыс үш бөлімнен, яғни кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім екі тараушадан тұрады.
Курстық жұмыстың практикалық және теориялық маңызы: бұл жұмысты жоғарғы оқу орындарында оқытушылар мен студенттер әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады.
Радио - хабар таратудың акустикалық табиғаты. Хабар тарату техникасының дамуы және радионың бейнелеуші құралдары. Мәтіннің оқылғанда адамға әсері. Радиотыңдарман аудиториясы. Дыбыстық журналистика тілі мен стилінің өзгешелігі. Радио ерекшелігіндегі оның таралу ауқымының шексіздігі мен жеделдігі. Оқиғаға қатыстылық пен соны сезіну ерекшелігі. Радио өзгешелігінің тарихи қалыптасуы.
Бұқаралық коммуникация жүйесіндегі радиохабар тарату. Бұқаралық ақпарат құралы ретіндегі радионың ерекшелігі. Радиохабар таратудың міндеттерін талдау. Қоғамды біріктіру мен жұмылдыру, қоғамдық пікірді қалыптастыру, идеялық тәрбие, қоғам мүшелерінің саяси белсенділігін арттыру, мәдениетін көтеру, экономикалық сананы қалыптастыру, көңіл көтерудің алғышарттарын жасау - радиохабар таратудың негізгі міндеттері ретінде. Радионың қоғамның рухани өсуіне ықпалы. Радиохабар таратудың эстетикалық негіздері. Радио және әдебиет. Радио және театр. Радио және газет. Радио және кино. Радио және телевизия. Радио және Интернет.
Қазақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы.
Радио пайда болуының алғышарттары. Форт-Александровск радиостанциясы - Қазақстандағы алғашқы радиостанция. Түркістан өлкесі үшін Ташкент радиостанциясының мәні. Радиотелеграф қызметінің алғашқы қарлығаштары. ТүркРОСТА, КирРОСТА жаршылары. Орынбор, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Павлодар, Өскемендегі қабылдау станциялары. Қазақстанның толыққанды алғашқы радиостанциялары. Радио Достары қоғамы. Ауызша газет. Алғашқы ақпараттарға қойылған талаптар. Қазақстанда радиохабар тарату ісінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдері және олардың сипаты. Радионың ең негізгі мақсаты жөнінде А.Н. Толстойдың айтар болсақ: «Адам жаны туралы шындықты, жай сөзбен айттып жеткізе алмайтын жүрек құпияларын суреттеу болып табылады. Өнер микрскоп тәрізді. Оның тетігін біліп туралай алған адам ғана ішкі жан – дүниесін ақтара көрсетіп, айшықтай алады», - деген тұжырымға кеделі. [2.41.б]
Радиожурналистика жанрлары мен пішіндері.
30-шы жылдар – радионың
«алтын ғасыры».
Радиокомпозицияның дүниеге келуі. Радиофильм, радиоүнқату, радиокөпір, радиомарафондар. Жанрлар мен пішіндердің түрлену себептері мен салдары. Жанрлар эволюциясының қозғаушы күштері. Авторлық бағдарламалар және оның түрлері. Тікелей эфирде жұмыс істеудің ерекшелігі. Радиохабар таратудағы пішін мен жанрларға қазіргі көзқарас.
Радиожурналистиканың ақпараттық жанрлары.
Ақпараттық хабардың жанрлық ерекшелігі - оқиғалығы, жеделдігі мен шынайылығы. Ақпараттық хабар мәтінінің ішкі құрылымы мен үйлесімі. Ілік - хабар дерегінің негізі, оның мағыналық орталығы. Ақпаратқа қойылатын маңызды талаптар - жеделдік, айқындылық, нақтылық, қысқалық, жүйелілік, объективтілік. Телевизия мен радиода ақпаратты берудің ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
Репортаж - телевизиялық және радиожурналистикадағы жетекші және маңызды жанрлардың бірі. Репортажда деректі жедел тарату мен талдаудың қатар жүретіндігі. Репортаж жеке хабар ретінде. Репортаж күрделі хабардың құрамында. Репортаж композициясы. Репортаж - оқиғаға қатысты автордың көзқарас бағасына сүйенетін публицистік жанр. Динамикалық өрбу, көрнекілік, деректілік, образды талдау, баяндаудың эмоциялық бояуы мен репортердің жеке шеберлігі — репортаждың табиғи бейнелеуші элементтері ретінде. Тікелей репортаж бен студияда жазылған репортаждың өзгешелігі. Репортаж жүргізушінің шеберлік қырлары. Телевизия мен радиодағы репортаж.
Сұхбат. Жанрлық ерекшелігі. Баяндаудағы жеке көзқарас. Сөйлеушінің ойлау ерекшелігін танытатын жанды әңгімелесу - сұхбаттың негізі. Сұхбат түрлері. Сұхбат жеке хабар ретінде. Сұхбат басқа хабарлардың құрамдас бөлігі ретінде. Сұхбат алушы және оған жауап беруші. Тікелей эфирдегі сұхбат. Телевизиялық және радиосұхбаттың айырмашылығы. Сұхбатты жүргізу техникасы.
Радиодағы талдамалы жанрлар.
Журналистік талдау - оқиғаға қатысты жедел пікір білдіру. Талдау талдамалы жанр ретінде. Ақпараттық хабарды дамыту, оған қатысты әртүрлі көзқарастарды жинақтау. Жедел және проблемалық талдаудың айырмашылықтары. Талдаудағы субъективтілік. Дерекке немесе оқиғаға қатысты болжамдар айту.
Пікірталасқа құрылған радиохабарлар және оларға қойылатын талаптар. "Дөңгелек столды" ұйымдастыру және жүргізу.
Деректі-көркем жанрлар.
Радиоочерк публицистік жанр ретінде. Очерктің жанрлық табиғаты. Очеркте әлеуметтік, публицистік және көркемдік шешімдердің тоғысуы. Очерк құрылымы. Радиоочеркте кейіпкер бейнесін сомдау үшін көркем бейнелеу тәсілдерін қолданудың маңызы. Радиоочерк тілі мен стиліндегі өзгешеліктер. Радиоочерк пен телеочерк арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
Қазіргі хабар таратудағы очерк мәні. Телевизия мен радиодағы сатиралық жанрлардың орны мен маңызы. Радиофельетонның жанр ретінде қалыптасуы мен дамуы. "Көреген" сатиралық радиожурналы. Қазақ радиосының көркем жанрларды дамытудағы ізденістері. Суреттеме, эссе. Радиокомпозиция: құрылымы мен шығармашылық болмыс-бітімі.
Радиохабар таратудың қазіргі түрлері.
Қазіргі кезеңдегі радиохабар тарату қызметінің негізгі әдістері мен пішіндері. Ресейлік радиохабар тарату тәжірибесі. Американдық және европалық радиохабар таратудың бүгінгі модельдері. Қазіргі заманғы радиохабар таратудың форматтық ерекшелігі. Ақпараттық радиохабар тарату. Ақпараттық-музыкалық радиохабар тарату. Музыкалық-ақпараттық радиохабар тарату. Музыкалық радиохабар тарату. Қазақстандық радиохабар таратудың қазіргі жайы. Қазақстандық коммерциялық арналар мен Қазақ радиосының хабар тарату режимдері. Радиотолқындағы пікір саналуандығы. Мемлекеттік және коммерциялық радиохабар тарату. Әртүрлі меншік формасындағы радиостанциялардағы журналистік еңбектің айрықшалығы. Қазіргі радиостанциялардың түрлері. Тақырып, хабар тарату әдісі бойынша жіктелуі.
Жаңалықтар топтамасы - радиохабар таратудағы маңызды шығармашылық өнім және оның әртүрлі редакцияларда қамтылуы. Радиохабар таратуда тыңдармандардың танымдық сұранысын қанағаттандырудың мәні. Ойын-сауықтық хабарлардың үлесі. Көркемдік хабарлардың эстетикалық табиғаты. Әдеби-драмалық радиохабарлар. Театр, кино, эстрада өнеріндегі көркемдік тәсілдердің радиоға ықпалы. Драмалық хабарлардың көркем шығармашылықтың бір түрі ретінде дамуы. Әдеби және драмалық радиохабарларды әзірлеудегі ізденістер.
Радиохабар таратуды жоспарлау мен кестелеудің негіздері. Хабарды тарату кестесі. Жаңалықтар топтамасының түрлері және оларды эфирге берудің тәртібі. Бағдарламалардың композициясы. Монтаж және оның хабарлар ретін жүйелеудегі маңызы.
Радиохабар жасаудың технологиясы.
Радиожурналистиканың қазіргі
заманғы техникалық құралдары. Микрофондар
және олармен жұмыс істеудің ерекшелігі.
Репортерлер, диктофондар, дыбысты
жазып алатын цифрлық құралдар. Дыбысты
өңдеу технологиясы және оның түрлері.
Монтаждауды үйлестіру және басқару
құралдары, дыбысты деңгейлестіру.
Дыбыс пен сазды өңдеуге
Радиодағы журналистік мамандықтар және олардың техникалық және қызмет көрсетуші мамандармен үйлесімді жұмыс істеуі.
Радиохабар таратудағы инновациялық технологиялар. Цифрлық радиохабар таратудың дамуы. Интернет арқылы радиохабар тарату.
Радиохабардың бейнелеуші құралдары.
Дыбысталған сөз – басты бейнелеуші құрал. Радиожурналистиканың бейнелеуші құралдары ретінде саз бен табиғи орта шуының мәні. Радиожурналистикада және көркем қойылымдық хабарларда музыкалық безендірудің ерекшелігі.
Радиожурналистиканың пішіндік бейнелеуші құралдары. Радиожурналистиканың стильдік бейнелеуші құралдары.
2.1Радиожурналистиканың ерекшелік сипаты
Радионың тілі мен стилі туралы ХХ ғасырдың 20-30 жылдары алғашқы зерттеулер пайда бола бастады. Бұл кезде жекелеген шағын еңбектер, мақалалар жарияланды. Бірақ мұндай зерттеулерде көбіне алғашқы бауқаулар мен тұжырымдар жасалады. Сондай –ақ, сол кездегі зерттеулерде көбінесе мәселені терең әрі жан – жақты қамтиалмаушылық кездеседі. Алайда сол кездің өзінде – ақ қайсі бір проблемалардың көтерілуі құптарлық еді. Алғашқы еңбектер «Говорит СССР», «Советское радио и телевидение» деген басылымдары жарияланды. Ой – пікірлер айтылды. Бұл – алғашқы ізденістер еді. Әлі аныықталмаған мәселелерді қозғау, жаңадан теория мен тәжірбие жайын жолға қою ісі қолға алынды. Сөйтіп біріншілердің қатарына Бернштейн сияқты ғалымдар зерттеу жұмыстарымен айналысты. Сонымен бірге, М.Зарва, В.Вакуров, В.Ружнеков, И.Андроников сияқты ғалымдар шықты. Бұлардың еңбектерінде радиодағы хабарға байланысты тақырыптар зерттелді. Одан соң да зерттеу аясы бірте – бірте кеңейіп, басқа да тақырыптар бойынша концепциялар қарастырылды. Бұл орайда радио тілі біржақты қарастырылмай, әдеби тілге және жалпы тіл заңдылықтарына байланысты алынды. Осы ретте орыстың атақты ғалымы, академик Виноградовтың әдеби тілі мен стилі туралы және теориясы туралы еңбектері пайдаланылды. Басқа да көптеген орыс ғалымдарының лингвистикалық еңбектеріне назар аударылады. Ал қазақ зерттеушілерінің еңбектеріне келетін болсақ, бастапқы кезде қазақ тілін жан – жақты зерттеген Ахмет Байтұрсынов еңбектерін айту керек. Байтұрсынов тілдік нормалардың жасалуы және заңдылықтары жөнінде еңбектер қалдырды. Сондай- ақ, «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде тілдің тазалығына және анықтығына, дәлдігі мен әуездігіне байланысты пайымдаулар мен ғылыми қорынтындылар жасады. Сонымен бірге, сөздің дыбысталуы мен айтылу мәнері туралы тоқталған. АЛ осы айтылған жайлар – радио тілі мен стиліне байланысты алып қарауға байланысты мәселелер. Келесі бір қазақтың академик ғалымы Қажым Жұмалиев «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Сбай поэзиясының тілі» деген еңбегінде. Сондай- ақ «Стил – өнер ерекшелігі» деген еңбегінде, тіл, стилге орай ғылыми пікірлер айтқан. Сондай ғалымдар қатарына С.Аманжоловты, Н.Сауранбековты, І. Кеңесбаевты, Ә.Хайдаровты, Р. Сыздықоваларды атауға болады. Осы секілді ғалымдар қазақ тілінің көптеген проблемаларын зерттеді. Сондықтан олардың еңбектерін де радионың тіоі, стиліне қатысты түрде пайдалану керек. Журналистика саласында қазақша арнайы, дербес зерттелген еңбек жоқ деуге болды. Бірақ арғы- берге зерттеушілер: Х. Бекхожиннің, Т.Амандосовтың, Т.Қожакеевтың, Н.Омашеваның, Р.Сағымбековтың еңбектерінде қосымша тіл – стилге байланысты айтылатын мәселелерді пайдаланған жөн. Бір айта кететін нәрсе – радионың тілі , стилі туралы қазақша еңбектер жазып, зерттеу алдағы уақыттың ісі. [1.53б]
Радионың тілі
– қарапайым, түсінікті,
Демек осы пікірлердің бәрін қорыта келгенде, үлген ұғымдағы «радио тілі» дегеніміз – сөзден, сөйлеуден, әнгімелесуден келіп құралады. Сол сөйлеудің бәрі жай ғана айтыла салмай, радионың, яғни, ақпарат құралының мақсатын орындауы керек. Сонда ғана сөйлеген сөздер «радио тіліне» айнала алады.
Тіл қолданудың
өзіндік сырлары, жұмбақтары
Сондықтан сөйлеген
дауысты жоғарылату мен
Немесе тез сөйлеу мен баяу сөйлеудің де әсері өзгеше.
Оның бәрі сөздің бейнелілігін, мәнерін, ұғымды жақсартатын құралдар. Тілді радиохабарларда орнымен, өзінің заңдылығымен қолдану тыңдаушыға оңды әсер етсе, керісінше дұрыс қолдана білмеу көңіл – күйге ыңғайсыз әсер беретіні белгілі.
Дауыс тербелісі сөз бояуын арттырады. Осылайша радиодан берілетін материалдар мен хабарларда белгілі бір ырғақпен сөйлеуші адамның ақпараты тыңдарманға әсерлі де, сенімді жеткізіледі. Радио пайда бола бастаған уақыттардан бері радио тілі өз орнын иелену үстінде. Радио сөз сөйлеу монолог, диолог келуі мүмкі. Ал монолог дегеніміз не және ол радиода қалай беріледі?
Мысалы, монолог түрінде
микрафон алдындағы әңгіменің,
комментаридің, сөз сөйлеудің
жіне корреспондент
Монолог – радионовелла,
радиохат сияқты хабар
Монологтың сөз
сөйлеушінің өзінің көңіл –
күйі мен ішкі толғаныстарынан
басқаша келетін түрі де бар.
Ол хабарлау, баяндау тұрғысындағы
монолог. Мұнда оқиға сендіру
мақсатында оның жай – күйін
логикалық тұрғыда дамыта
Бұған керісінше
диолог – екі немесе одан
да көп адамның микрафон
Сөйлейтін
сөз радиода негізгі қызмет
атқарады. Ал «радио тілі» одан
гөрі кеңірек. Себебі, радио тілінің
өз заңдылықтары болады. Оның
бәрі тәжірібиеден, радио саласы
бойынша қалыптасудан туады.
Ауызша сөздердің
кәдімгі күнделікті нормасы
Сонымен, радиосөздің
нормасын жасайтын
Бұдан келіп шығатын қорытынды не?
Демек, раиода хабарлады
оқып берудің қажеті жоқ. Тек
қана әдістемелік
Әсіресе, шеберлікпен сөйлеген сөзднр тыңдарманға әсер етпей қоймайды. Шешендік стильдің қажеттігі де осында. Ал радиодағы сөз тыңдаушыға әсер етсе, онда сол хабардың да жақсы дайындалғандығы көрсетеді.
Олег Табаков: «Рдиода көбінесе актерлік штамптан қашуға тура келеді. Оның сахна экранғақойылатын талаптан айырмашалығы соншалық, актерлік ойнау шеберлігі басқа қырыннан танылады, яғни дыбыстық образ жасауға көп көңіл бөлінеді» - деді. [2.41б]
Хабар дайындағанда әртүрлі сала бойынша: өндіріс жұмысына немесе ауыл шаруашылық мамандарына арналуы мүмкін. Сондай-ақ, дәрігер, мұғалім, өнер адамына арналуы мүмкін. Ал жас ерекшелігіне сай. Зейнеткер, қызметкер, студент, мектеп оқушысы, балалар бақшасына арнап дегендей... Осындай топтарға тіл, стиль ерекшелігін қолданып, хабарлар дайындау керек.
Стиль –гректің «жазу құралы» деген сөзінен шыққан термин. Ертедегі римдіктер бір ұшы сүйір, бір ұшы қалақша кішкене таяқшаны тақтаға сөз жазу үшін қолданып, оны «стиль» деп атаған. Стиль тіл ғылымына, лингвистикаға сүйенеді. Яғни, тілді қолдану сипатына қарай стиль туып, қалыптасады. Стиль тіл біліміне қатысты бола отырып, өз алдына мақсат-міндеті бар, пән ретінде қарастырылады.
Тілдің көркемдегіш, бейнелегіш, мәнерлі, әсерлі мән беретін құралдарын стилистика дейміз. Стиль – көркемдеп сзйлеудің, ойды айтуды мақсатына қарай әсерлі, мәнерлі жеткізудің тілдік амал-тәсілдерінің жиынтығы. Тілдік дыбыстардың, граматикалық тұлғалардың, сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің қалыптасқан жүйесі. Стиль – шығармашылық ерекшеліктерді білдіреді.
Әдетте, сөйлеу тілінің стилі болады және жазба тілдің стилі болады. Стиль түрлері: 1. Әдеби стиль. 2. Ылыми стиль. 3. Публицистикалық стиль. 4.Ресми стиль болып бөлінеді.
Стильтуралы ғылымдар әр кезде пікірлер
айтқан. Мысалы: Бюффон: «Стиль дегеніміз
–адам», дейді. Ал ертедегі ойшыл Платон
болса: «Мінез қандай болса, стиль де
сондай» деген. Орыс академигі Виноградов
пен қазақ академигі Қ. Жұмалиев
стиль стиль туралы көп зерттеген.
В.Виноградовтың «Авторлық
Сондай-ақ, ұлттың тілінде өзіндік стиль өрнектері жүйеленеді. Ал үлкен масштабта әдеби ағымдар мен әдістерде де стиль қалыптасады. Сонымен бірге, әрбір жеке шығарма иесінің басқаға ұқсамайтын жеке стилі кездесуі мүмкін. Олардың өздерінің дара қолтаңбасыболады. Қазақ тілінің қазіргі стильдік тармақтары ауыз әдебиетінен басталып, әсіресе ХІХ ғасырда қазақ бапасөзінің пайда болуына байланысты жазба түрдегі стильдер қоғамдық әртүрлі салалар бойынша дами бастады. Сол кезде қазақ тілінде мерзімді баспасөздің шығуы публисцистикалық стильді өмірге әкелді. Шоқан, Абай, Ыбырай шығармаларындағы публисцистикалық стиль де белгілі.
Публицистиканың стилін оның жанрларынан да көруге болады. Демек, әр жанрдың өзіндәк стилі бар. Мәселен, очерк пен фельетоның стилі бірдей емес. Онда қолданатын сөздер де, сөйлемдер де өзінше. Фельетонда сатиралық уытты сөздер мен тіл қолданылса, очекте жағымды, ұнамды жайларға байланысты көркем сөз бен тіл қолданылады. Радиохабарлар стилінде сөйлеу тіліне сай екшеленген, сұрыпталған әуезді, әуенді, сазды, интонациялы, мәнерлі, айшықты фразалар, сөз тіркестері пайдаланылады. Сонымен бірге, фразалардың ұзын-қысқалығын байқап, сөздердің ретімен құрастырылуы қажет. Лексиканы дұрыс пайдалану мен дұрыс бейнелеуге назар аударған өжөн. Әрбір айдиторияға терминнің түсінікті түрін ескеру мен фразалардың түсінуге қолайлылығы мен айтуға қолайлығын ескеру - стильді радиоға бейімдейді. Цифрларды түсіндіре білу қажет. Радиостильге қатысы бар, көңіл-күйге әсер ететін факторлар қатарында а тылар сөздің көңіл-күйге әсер ететін бояуларын, лиризмді байқау керек. Сондай-ақ, ауызша және жазбаша сөздің арақатынасын аңғару жөн. Сөз нешінші жақта айтылмақ? (І-ІІ-ІІІ-жақтарда). Монолог немесе диалог түріндегі сөздер ме? Бұлардың да стильге әсер ететінін ұмытпау лазым. Радиодағы стильдің өзіндік ерекшелігін айқындайтын тағы бір сипаттарға мыналарды жатқызуға болады; хабардың түрлері қалай берілуі тиіс?
Айталық, оның жүргізілу, жеткізілу бағыты қандай? Мысалы, үгіттік мақсатта ма, түсіндірушілік мақсатта ма, баяндау мақсатында ма, нұсқау мақсатында ма, хабарлау мақсатында ма? Бұлардың да бір-біріне ұқсамайтын ішкі стильдік айырмашылықтары бар. Көркем радиохабарлар мен жаңалықтар немесе соңғы хабарлар, сондай-ақ саяси хабарлар стилі де бірдей болмайды. Мұны радиожурналистер жіті ажырата білуге тиіс.
«Әдеби тіл талай ғасырлардан бері пайда болып, дамып келе жатқан лингвистика саласы. Оның қалыптасуы да бірден бола қалмаған және алдағы уақытта да жалғаса беретін процесс. Әдеби тілдің пайда болу көздерін тіл зерттеуші ғалымдар былайша жүйелейді: 1. Ауызекі әдеби тіл. 2. Ауыз әдебиетінен. 3. Орхон-Енисей-Талас ескерткіштері жазбаларынан. 4. Түркі тілдері жазушыларының қыпшақ тобынан.
Қазақ әдеби тілінің қалыптаса бастауы ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақ хандығы құрылып, өз алдына мемлекет болуынан профессионал-кәсіби дәрежеге ұштасады. Алғашқы қазақ хандары басқа елдермен қарыма-қанытаста жазбаша құжаттар мен хат-хабар алмасып тұрған. Мемлекеттік жарлықтар, заңдарды жазуға түсірген. Осылардың бәрінде әдеби тілдің көптеген белгілері бар еді. Армениядағы Матенадаранда қыпшақ жазулары сақталған.
Ал әдеби тілді қалыптастыруда, әсіресе, ақын-жазушылар поэзиясы ерекше рөл атқарады. Сонау ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы Шалкиіз, Асанқайғы, Доспанбет, Қатуған, Бұқарлардың өлең-жырларында әдеби тіл қолданылады, көркемдік бояулар айқын көрінді.
Жалпы қай халықтың болса да әдеби тілі дамуы үшін жазудың орны ерекше, жазу арқылы жазба әдеби тіл қалыптасады.
Зерттеушілер әдеби тілдің қалыптасу жолдары мен кезеңдерін бірнешеге бөледі. Алайда солардың ішінде көкейге қонатыны - ұлт болып қалыптасқанға дейінгі және ұлт болып қалыптасқаннан кейінгі әдеби тіл туралы ұғым. Әрбір халықтың өзіндік ұлттық әдеби тілі болуы тиіс. Қазақ әдеби тілі, әсіресе ХІХ ғасырда Ы. Алтынсарин мен А. Құнанбаевтың шығармашылығына байланысты жаңа сатыға көтеріліп дамыды. Бұл кезде тұңғыш ғалымымыз Шоқанның да жазбаларының әжептәуір әсері қалды.
Осы ХІХ ғасырдың екінші жартысында, яғни 1870 жылы жарық көрген «Түркістан уалаяты газеті» мен 1888 жылы жарық көрген «Дала уалаятының газеті» әдеби тілді дамытуға үлес қосты. Бұл газеттерде әдеби, ғылыми, публицистикалық материалдар, шығармалар жарияланып тұрды, әдеби тіл кеңінен қолданылды.
Әдеби тіл әдеттегі жай тіл емес,
ол халық тілінің әбден
Сонымен бірге, әдеби тілдің мәдени
нормалары да ұмытылмауы қажет. Сөздердің
мәдени мңызы мен мәні әрұқашан ескерілгені
жөн. Бұл орайдағы әдеби тіл мәдениетінің
жауапкершілігін әрбір
Ал радиохабарларында әдеби тілді қолдану сипаты қандай десек, мына жайларды айтып өткен жөн. Әдеби тіл – әдеби дрмалаық хабарлардың бояуын арттырады. Қандай хабарлардың болса да тартымды, қызықты тілмен берілуін қамтамасыз етеді. Хабарлардың тілінің құрғақ шықтауына көмектеседі. Яғни, барлардың, материалдардың, мәтіндердің шығармашылық сапасын көтереді.
Сондай-ақ, әдеби тіл радио тыңдаушының көңіл-күйін сезіміне әсер ету құралы ретінде аса пайдалы. Нәзік нақышты, астарлы ойлы, сырлы сазды фразалар мен тіркестер құруға мүмкіндік береді. Әдеби тілдің тағы бір эфирдегі қажетті сипаты – ұнамды тіл оралымдары мен сауатты да, мәдени тілді орнымен қолдану радиохабарларын дайындауда табысқа жеткізетін жолдардың бірі.
Ауызша әдеби тіл мен
жазбаша әдеби тілді