Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................

5

1 Референдум – конституциялық–құқықтық  институты ретінде...........................................................................................................                                         

1.1 Референдумның түрлері  және мақсаттары..........................................                                                

1.2 Референдумды өткізудің өзекті  мәселелері.........................................

                 

 

8

8

11

2 Қазақстан Республикасындағы  сайлау жүйесінің сипаттамасы..................................................................................................                                                        

2.1 Сайлау жүйесінің  мазмұны және азаматтардың сайлауға  қатысу принциптері..................................................................................................

2.2 Сайлау өткізу тәртібі  және сайлау алдындағы үгіт  ережелері .........                                                                   

2.3 Сайлау бостандығының  кепілдіктері және дауыс беру  тәртібі.........                                          

2.4 Мемлекеттік сайлау органдары............................................................

 

14

14

18

   19

   29

 

33

33

35

38

 

41

41

46

57

3.1 Қазақстан республикасындағы  сайлау органдарының жалпы сипаттамасы.................................................................................................                                       

3.2 Орталық сайлау комиссиясы................................................................                                                               

3.3 Аумақтық,округтік  және учаскелік сайлау комиссиялары................               

3.4. Сайлау комиссиясы  мүшелерінің құқықтық мәртебесі....................                             

4 Сайлау жүйесінің  қалыптасу кезеңдері..................................................

4.1 Сайлау жүйесіндегі  өзгерістердің жалпы сипаттамасы.....................                      

4.2 Электронды дауыс  беру жаңа сайлау жүйесі ретінде.......................              

Қорытынды                                                       

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........……………….………...................

62


 

 

 

Кіріспе

 

 

 Президент  Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен  Ата заңымызға енгізілген айтулы  өзгерістер елімізде президенттік  басқару формасының орнына жаңа, яғни президенттік -парламенттік  деп атауға болатын жүйенің негізін қалап келеді. Осылайша, жас мемлекетіміздің тарихында Қазақстанның  мемлекеттік құрылысының өзіндік  жаңа билігі деуге  болатын кезең басталды. Бұл - еліміздің жүйелі және  сыңдарлы дамуының заңды нәтижесі.

Жаңарған Конституцияға  сәйкес, жалпыға бірдей мойындалған  демократиялық  қағидаттар Қазақстан халқы үшін ең жоғарғы құндылықтар деп бекітіледі. Сондықтан бұл оқиға шын мәнінде  тарихи мәнге ие болады.

Елбасы мәлімдегендей, конституциялық реформа Қазақстанның эволюциялық  дамуының  кезекті  белесті кезеңіне бастайды. Аяғында тік тұрып, жахандық өңірлік дағдарыстар салдарын есеңіреп, халықтың өмір сүру деңгейін айтарлықтай көтерген Қазақстан орнықты демократия жолына түсті. Бұл жолдан енді ол таймайды. Оның кепілі еліміздің Конституциясы.

Қазіргі кезең - еліміздің жаңғыруы мен демократиялық өзгерістер уақыты, республика экономикасының алға басып, әлеуметтік өзекті  мәселелерді батыл шешу кезеңі. Бұл - бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтайтын өзгерістер уақыты, Қазақстанның халықаралық беделінің нығая түскен уақыты, мемлекетіміздің толыққанды демократияға қадам басып, экономикалық және саяси дамудың жаңа кезеңіне көтерілген сыңдарлы сәті.

Президенттің   демократиялық  өзгерістерді одан әрі дамыту және саяси жүйені жаңарту жөніндегі  жаңа бастамалары әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына қосылуға ұмтылып отырған біздің еліміздің осы заманға саяси бет-бейнесін қалыптастырады. Парламенттің, саяси партиялық  рөлін көтеру, жергілікті  өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту қоғамның мемлекетті басқаруға көбірек қатысуын қамтамасыз етеді, азаматтарды қоғамдық-саяси белсенділікке ынталандырады.

Ел Парламенті Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заңды қабылдаған 2007 жылы 18 мамыр біздің еліміздің  тарихына кең ауқымды  демократияға қадам басу күні болып енді.                

Конституцияда көптен бері қызу талқылаулардың тақырыбына айналған жергілікті  өзін-өзі басқару  тақырыбы нақты бекітілді. Еліміздің  тарихында алғаш рет  Президент  облыс әкімдерін мәслихаттардың келісімі бойынша тағайындайтын болады. Бұған қоса, жергілікті өкілетті органдардың аймақ басшыларын қарапайым көпшілік дауыспен алуға бастама көтеруге қақысы бар.

Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың алдағы он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу  елдің қатарына кіру жөніндегі ауқымы да өршіл стратегиясын қазақстандықтар зор жігермен қарсы алып қана қойған жоқ, ол сонымен бірге сенімді түрде ілгерілеуімізге жаңа, жоғары серпін беретін өмірлік мақсатымызға айналды. Елдің ойдағыдай дамуы, экономиканың жаңаруы, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, міне, осы оң өзгерістердің мемлекет басшысының нақ қазіргі уақытта осыншама ұланғайыр міндетті ұсынуына ықпал жасағаны сөзсіз. Бұл міндет, сөз жоқ, мемлекеттің де, бүкіл қоғамның да, әрбір қазақстандықтың да орасан зор күш-жігерін талап етеді.

Саяси тәртіпті демократиялық тәртіпке жатқызу үшін басшылыққа алынатын негізгі белгілердің қатарында тұрғандардың дауыс беру құқығын қамтамасыз етілуі көрсетіледі. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясында мемлекеттік билікті халықтың халық депутаттары Кеңестері арқылы жүзеге асыра алатындығы көзделген. Басқаша айтқанда, азаматтар мемлекет өмірінің барлық мәселелерін шеше алатын өкілеттіктері бар өкілдерін Кеңестерге сайлайды. Қазақ КСР Конституциясында мемлекет өмірінің барынша маңызды мәселелері бүкілхалықтық талқылауға енгізіледі, сондай-ақ бүкілхалықтық дауысқа (референдумға) қойылады. Тек халықтың еркі қандай: императивтік немесе консультативтік сипатта ма болатыны түсініксіз еді. Мемлекет өмірінің ең маңызды мәселелерін халық емес, оның орнына Коммунистік партия шешетіндіктен, референдумның айкындамаған сипаты оның маңызына жай қарай салудың салдары болды. Бұл КСРО-ны сақтауға орай 1991 жылы Коммунистік партия және ол құрған мемлекеттің күшімен бірақ рет өткізілген референдумда да осындай "ашы әзіл" болып шықты. Қазақ КСР-ы азаматтарының ең басым көпшілігі Одақты сақтап қалуға дауыс берсе де, референдумның қортындысының міндетті заңдық күші болмады. Саясаттанушы Р. Дальдің келесі «...Бірде-бір саяси институт елдің саяси жағдайын сайлау жүйесі « саяси партиялардай дәл анықтай алмайды» - деген пікірімен келіспеуге болмайды. Әрі сайлау жүйесі мен партиялы жүйе, қоршаған саяси орта мен саяси жүйе арасындағы байланысты жүзеге асыратын негізгі құрылымдар. Сондықтан біз сайлауды ұйымдастыру барысында қалыптасатын oндай сайлау жүйесіне тоқтала кетелік. Сайлау жүйесі мен үрдісін саяси қатысу ауқымында зерттеу не үшін қажет? Сайлау жүйесімен үрдісінің маңыздылығы неде? Себебі, біріншіден сайлау жүйесі мен үрдісі демократияны сипаттаудағы орталық ұғымдардың бірі.

Дипломдық жұмысының өзектілігі – конституциялық-құқықтық сайлау институты азаматтардың саяси құқықтарында негізгі орын алады. Сайлау арқылы азаматтар өз өкілдері арқылы мемлекеттік басқаруға қатысады. Сондықтан, Қазақстан Республикасында 1991 жылдан бастап сайлау заңнамасын жүзеге асыру бірнеше рет қарастырылды, өйткені сайлау жүйесіне әрқашанда толықтырулар енгізу қажет. Сондықтан сайлау заңнамасына 1993, 1995, 1998 жылдары өзгерістер енгізілді.

Қазақстанда сайлауға қоғам назар аударғанымен де, осы  мәселе ғылыми құқықтық зерттелмеген.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Қазіргі Қазақстандағы референдумды конституциялық – құқықтық институт ретінде қарастыру. Толық сипаттама беру.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді атқарамыз:

        - Референдумның түрлерін көрсетіп мақсаттарын белгілеу; Референдум өткізудің өзекті мәселелерін қарастыру;  сайлау жүйесі ұғымына анықтама беру;

- сайлау органдарының құқықтық мәртебесін анықтау және олардың құзыретін сипаттау;

- сайлау туралы заңнамасында өзгерістерді зерттеу;

- референдумның конституциялық негіздерін қарастыру.

Зерттеудің  пәні: Қазақстан Респуликасындағы сайлау жүйесі, сайлау өткізу тәртібі.

Ғылыми жұмыстың теориялық мәнісі және тәжірибелік  қазынасы- конституциялық саласындағы  қызметкерлерімен пайдалануға болады және жұмыстың қорытындысы сайлау жүйесінің теориялық мәселелерін зерттеу кезінде қолданылады.

Жұмыстың әдістемелік  негізі-конституциялық құқық саласындағы  жаңа казақстандық және шетелдік ғылыми жұмыстар, заңдар,қаулылар.

Зерттеу жұмыстың теориялық негізі – мемлекеттік қазақстанның және шетелдік заңгерлерінің ғылыми жұмыстары, анықтамалар және нормативтік материалдар.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Референдум  – конституциялық–құқықтық институты  ретінде.

1.1 Референдумның түрлері және мақсаттары

 

Референдум тікелей демократия, яғни халықтың мемлекеттік мәселелерді шешуге тура қатынасу нысандарының бірі болып табылады. Референдумға мемлекеттің сайлау құқығы бар барлық азаматтары қатысады.

Конституциялық  құқықта референдумның мынадай:

императивтік, консультативтік, конституциялық, заң шығарушылық, міндеттеушілік, факультативтік, мемлекеттік, жергілікті түрлерін ажыратып көрсетеді.

Императивтік референдум халықтың тура еркін білдіру жолымен референдум кезінде қабылданған шешімнің міндетті заңдық күші болатындығын білдіреді. Консультативтік референдум кезінде мемлекеттік билік органдары қайсы бір маңызды мәселе бойынша шешім  қабылдаған кезде халықтың пікірі айқындалады. Конституциялық референдум кезінде конституцияның немесе оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын бүкілхалықтың дауыс беруімен қабылдау туралы әңгіме болады.

Заң шығарушы референдум халықтың дауыс  беруі мен заң шығаруға байланысты өткізіледі. Міндетті референдум конституцияда  қайсыбір мәселені шешу үшін көзделген. Конституциямен белгіленген шарттарға орай, құзыретті органға референдум өткізуді міндеттейді [1].

Факультивтік референдум кұзыретті  органның заңда көзделген мәселелер  бойынша өз қалауымен референдум тағайындай алатындығын білдіреді. Референдум мемлекеттің бүкіл көлемінде  немесе мемлекеттің белгілі бір аумағында өткізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы  Конституциясында республика азаматтарының  мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелері бойынша заңдар мен шешімдер қабылдау үшін республикалық референдум өткізе алатындығы көзделген.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы  Конституциясы Жоғарғы Кеңеске  референдум өткізу өкілеттігін берді. Тек Жоғарғы Кеңеспен келіскеннен  кейін Президенттің де референдум өткізу туралы шешім қабылдау құқығы болды. Оны ұйымдастыру мен өткізу тәртібі конституциялық тәртіппен белгіленетіні көрсетілді. Алайда, Қазақстан Республикасының Жоғары Кенесі заңды қабылдап үлгергенше, ол өзі заңсыз сайланды деп танылды.

1995 жылғы 25 наурызда Қазақстан  Республикасы Президентінің «Республиқалық  референдум туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығы қабылданды. Аталған Жарлықтың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы болды.

Осы Жарлықтың негізінде 1995 жылғы 29 сәуірде Президенттің республикалық референдум өткізу туралы Жарлығы шықты, онда: "1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының бүкілхалық сайлаған Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоксанға дейін созуға келісесіз бе?" деген сұрақ енгізілді [2].

1993 жылғы Конституцияның 78-бабының  7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Республиканың Жоғарғы Кеңесімен кеңескеннен кейін референдум өткізу туралы шешім қабылдай алады. Алайда, Конституциялық Соттың шешімімен Жоғарғы Кеңес таратылды және осыған байланысты республиканың 1993 жылғы 10 желтоксандағы "Қазақстан Республикасының Президентіне уақытша өкілеттік және әкімдерге қосымша өкілеттіктер беру туралы" Заңы қайтадан күшіне енді. Осы заң Президенттің референдум тағайындау туралы өз қалауымен жеке шешім қабылдауына өкілеттік берді.

Президенттің өкілеттік мерзімін ұзарту туралы мәселені референдумға енгізудің конституциялығы қаншалықты болды? Бұл сұраққа 1993 жылғы Конституцияға, сондай-ақ Президенттің "Республикалық референдум туралы" Жарлығы қағидаларын жай талдау негізінде жауап беруге болады. 1993 жылғы Конституцияда мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелері бойынша республикалық референдум өткізу мүмкіндігі туралы айтылды. Конституцияда осы мәселелердің, сондай-ақ референдум өткізуге болмайтын мәселелердің тізімі келтірілмеген. Президенттің Республикалық референдум туралы Жарлығында қандай мәселелер бойынша референдум өткізуге болмайтындығы айтылған. Оның қатарында ел басшысының өкілеттігін ұзарту туралы мәселе жоқ. Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы мәселені мемлекет өмірінің маңызды мәселелері қатарына жатқызуға бола ма? Әрине, болады, өйткені Президент — ел басшысы және мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде Президент өкілеттігі туралы мәселені бәрібір халық шешеді.

Сөйтіп, Президент өкілеттігін  ұзарту туралы республикалық референдум Конституцияға және Президенттің "Республикалық референдум туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына толық сәйкес өткізілді.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы республикалық  референдумға қатысты мәселелерді шешті. Біріншіден, Президент республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы бірден-бір субъект болып табылады. Оның үстіне мұндай шешімді Президент жеке бастамасы бойынша қабылдай алады. Екіншіден, Парламент республикалық референдум тағайындау туралы тек бастама білдіре алады. Осындай бастамамен Парламент Президентке жүгіне алады. Парламенттің республикалық референдум өткізу туралы бастамасын Президенттің қолдауына да қолдамауына да құқығы бар. Үшіншіден, 1995 жылғы Конституция республикалық референдумды республика қызметінің негізгі принциптерінің бірі ретінде орнықтырды. Конституцияның 1-бабында мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелері, республикалық референдумдағы дауыс беруді қосып есептегенде демократиялық әдістермен шешілетіндігі айтылады. Конституцияда мұндай мәселелердің бірі Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылатындығы белгіленген. Оның үстіне Конституция факультативтік референдумды белгіледі. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені республикалық референдумға шығаруды немесе Парламенттің қарауына беруді Президент шешеді. Егер осы мәселе Президент шешімімен Парламенттің қарауына енгізілсе, онда Парламент оны Конституцияда көзделген тәртіппен карайды. Конституцияның 62-бабының 3-тармағына сәйкес Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының кем дегенде төрттен үшінің көпшілік даусымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Дауыс беру Палаталар бойынша жеке өткізілсе де, мәселе Палаталардың бірлескен отырысында қаралады. Төртіншіден, Конституция қандай мәселені референдумға шығаруға болмайтындығын жанама түрде көрсетеді. Ол - Конституциямен белгілеген біртұтастық, мемлекеттің аумақтық тұтастығы, республиканы президенттік басқару нысаны  [23].

Конституция қағидалары негізінде және оны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 1995 жылғы 2 қарашада "Республикалық референдум туралы" конституциялық заң күші бар Жарлық шығарды. Жарлықта республикалық референдум Конституция, конституциялық заңдар, заңдар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік өмірінің аса маңызды өзге де мәселелері жөніндегі шешімдер жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру ретінде белгіленді. Тиісінше республикалық референдум мақсаты:

республика  Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдар қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болуы мүмкін. Бұл Парламент заң шығарушы орган болғанмен, ол заңдастырудың бірден-бір субъектісі болып табылмайды. Мемлекеттік биліктің бастауы ретіндегі конституциялық қағидасын жүзеге асыра отырып, халық Конституция, конституциялық заңдар қабылдап, оларға өзгертулер енгізе алады;

республиканың мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелері бойынша  шешімдері. Мемлекет өмірінде қандай мәселелердің мейлінше маңызды екендігін алдын  ала анықтау қиын. Тек осындай сипаты бар бір мәселе жөніңде батыл айтуға болады: ол Президент өкілеттігінің мерзімін ұзарту туралы.

«Республикалық референдум туралы» Жарлық республикалық референдум өткізуге болатын мәселелер тізбесін береді. Бұл тізбеге Конституция қағидалары мен идеяларынан туындайтын мәселелер енгізілген. Мынадай мәселелер:

- адамдар мен азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарының  бұзылуына әкеліп соқтыратын;

- мемлекеттің  біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, республиканың басқару нысанын  өзгерту;

- республиканың  әкімшілік-аумақтық құрылымы мен  шекарасын өзгерту;

 сот төрелігі, қорғаныс, ұлттық кауіпсіздік және  қоғамдық тәртіпті сақтау;

  • бюджет пен салық саясаты;
  • рақымшылық пен кешірім жасау.

- Республика  Президентінің, Парламент Палаталарының  және Үкіметінің билігіндегі қызметке адамдар тағайындап, оларды қызметтерінен босату;

         - республнканың халықаралық шарттарынан  туындайтын міндеттемелерді орындау  мәселелері референдумға енгізілмейді. Аталған мәселелердің республикалық  референдумға енгізілмеуі тегіннен-тегін емес. Мұндай мәселелерді референдумға енгізу саяси жағдайды тұрақсыздандыруға, әлеуметтік жанжалға, мемлекеттік органдар қызметінің берекесін кетіруге, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруге, республиканың халықаралық шарттарын орындауға кедергі келтіруге әкеліп соқтыруы мүмкін [3].

Қазақстан Республикасының  жасы 18-ге толған барлық азаматтары шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзкарасына, сеніміне, тұратын жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайға қарамастан республикалық референдумға қатыса алады. Сайлаудағы сияқты, қабілетсіздігі сотпен танылған, сондай-ақ сот үкімі бойынша айыбын өтеу орнындағы азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ.

Референдум азаматтардың еркін білдіру бостандығы мен еріктілік принципі негізінде жалпыға бірдей, тең және төте жабық дауыс беру жолымен өткізіледі.

Республика азаматтарына, қоғамдық бірлестіктеріне жиналыстарда, митингілерде, азаматтардың жиындарында, бұқаралық  ақпарат құралдарында референдумға енгізілген мәселелер бойынша өз пікірін білдіру кепілдігі берілген. Алайда, бұл заңдарды орындамау, тәртіпсіздік жасап, азаматтардың құқығын бұзу деген сөз емес. Мемлекеттік тәртіп сақтау органдары конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысқа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік артықшылыққа, сондай-ақ жеке бастың қаталдығы мен күштеушілігіне шақырушылардың жолын кесуі тиіс.

 

 

1.2 Референдумды өткізудің өзекті мәселелері

 

 

Референдумға әзірлену мен оны өткізуге байланысты шығындарды мемлекет өз мойнына алады. Референдум өткізуге барлық мемлекеттік органдар мен жұртшылық жұмылдырылады. Меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар референдум комиссиясының билігіне референдумды әзірлеуге және оны өткізуге қажетті бөлмелер, жабдықтар мен көлік құралдарын берулері тиіс.

Республикалық референдум — мемлекеттік маңызы бар саяси шара. Оған тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен қоғамдық бірлестіктері ғана қатыса алады. Халықаралық ұйымдардың, халықаралық қоғамдық бірлестіктердің, шет елдің мемлекеттік органдарының, заңды тұлғалары мен азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың референдумға қатысты қаржыландыру және өзгеше қолдау шараларына қандай да төте немесе жанама түрде болсын қатысуына рұқсат етілмейді. Бұрын айтылғандай, Конституция референдумды тағайындау құқығын республика Президентіне берген. Конституция бойынша референдум тағайындау туралы бастамашылық құқығы бар субъектілер Президент пен Парламент болып табылады [4]. Президенттің республикалық референдум туралы Жарлығы референдум тағайындауға бастамашылық құқығы бар субъектілердің өрісін кеңейтті. Жарлық Парламенттің референдум тағайындау туралы бастама жасау рәсімін нақтылады. Парламенттің бастамасы әр Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен, оның Палаталарының бірлескен отырысында жүзеге асырылады және мұндай бастама қаулымен рәсімделеді.

Жарлық республика Үкіметінің референдум тағайындау туралы бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентіне жүгінуіне құқық берген. Үкіметтің бастамасы оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен өз отырыстарында жүзеге асырылады және қаулымен рәсімделеді. Президенттің республикалық референдум туралы Жарлығының демократия-лық қырларының бірі азаматтарға референдум тағайындау туралы бастама жасау құқығын беру болып табылады. Республиканың республикалық референдумға қатысу құқығы бар кем дегенде екі мың азаматына референдум тағайындау туралы бастамамен Президентке жүгіну құқығы берілген. Осы ретте референдум тағайындау туралы мәселе көтерген азаматтар сан жағынан бірдей мөлшерде барлық облыстардың, республика астанасының және республикалық маңызы бар қалалар азаматтарының тілегін білдіретін болуы тиіс. Егер референдум тағайындау туралы бастаманы азаматтар көтерсе, онда референдумның бастамашы тобы құрылады, оның құрамына әр облыстан, астанадан және республикалық маңызы бар қалалардан кем дегенде үш адамнан өкіл кіреді. Жарлық бастамашы топты құру рәсімін, оны тіркеу тәртібін, қол жинау тәртібі мен мерзімін, қол жинауда тәртіптің бұзылмауы үшін жауапкершілік белгілеген.

Демек, Парламент, Үкімет немесе халық референдум тағайындауға бастамашы бола алады. Бастаманы қарай келе, Президент мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

а) референдум тағайындау туралы; мұндай жағдайда бастамашылар құрған мәселе бойынша референдум өткізіледі;

          ә) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, референдум өткізбей-ақ, референдум ретінде ұсынылған мәселелер бойынша конституциялық заң немесе өзге шешім қабылдау қажеттігі туралы. Мұндай шешімнің мүмкіндігі Конституцияның факультативтік референдумды көздейтіндігінен көрінеді. Бұл арада қызық жәйт бар: азаматтар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау, заң қабылдау бастамашысы ретінде әрекет етеді. Басқаша айтқанда, азаматтар ішінара заң шығарушылық (конституциялық) бастамасын иеленеді;

б) референдум тағайындау туралы бастаманы қабылдамай тастау. Әрине, Президенттің референдум тағайындау туралы бастаманы қабылдамай тастауы үшін оған мықты негіз болуы керек. Конституцияның бұзылуы, мемлекеттік өмірдің ұсынылған мәселесінің мейлінше маңызды болмауы, референдум қарауынан алып тасталған мәселелер және тағы басқалары осын-дай негіз болып табылады. Егер Президент референдум өткізу туралы шешім қабылдаса, онда референдум өткізілетін күн және референдумға енгізілген мәселенің (мәселелердің) нысандамасы белгіленген Жарлық шығарды. Референдумға қатысты басқа да мәселелер шешіледі [2].

Егер референдумға нормативтік құқықтық актінің жобасы шығарылса, онда ол бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Егер де қайсыбір нақты мәселе енгізілсе, онда осы мәселенің нысандамасы беріледі. Осы аркылы Республика Президенті бастамашылардың келісімімен референдумға енгізілген мәселенің нысандамасын нақтылай алады. Бұл мұндай жағдайда Президенттің референдум бастамашыларының бірі болып табылатындығын білдіреді. Референдумға әзірлік пен оны өткізуді Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық сайлау комиссиялары, учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Бұл жағдайда олар референдум комиссиясының қызметін атқарады.

Орталық сайлау комиссиясы республикалық референдумның  қорытындысын шығарады. Олар: дауыс  беруге қатысқан азаматтардың санын, референдумға енгізілген мәселенің оң шешілуіне дауыс берген азаматтардың санын, мәселенің теріс шешілуіне дауыс берген азаматтардың санын және тағы басқа референдумда дауыс беруге қатысуға құқылы азаматтардың жалпы санын белгілейді. Егер дауыс беруге референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы қатысса референдум өткізілген деп есептеледі. Егер дауыс беруге қатысушы азаматтардың жартысынан астамы оның оң шешілуіне дауыс берсе референдумға енгізілген мәселе жөніндегі шешім кабылданған болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы референдум өткізудің дұрыстығы туралы дауды шешудің әдістерін қарастырған.  Президент, Парламент Палаталарының Төрағалары, депутаттардың жалпы санының кем дегенде бестен бірі, Премьер-Министр республикалық референдумның өткізілуінің дұрыстығы жөнінде дау туған жағдайда Конституциялық Кеңеске жүгінуге құқылы. Егер Конституция бұзылған болса Конституциялық Кеңес референдумды Конституцияға сәйкес келмейді деп тануға құқылы. Ондай жағдайда референдумның Орталық комиссиясы референдумның тұтастай немесе оның жекелеген учаскелерінің қорытындыларын заңсыз деп тану туралы шешім қабылдайды. Егер референдум қорытындылары кейбір учаскелерінде заңсыз деп танылса, онда оларда қайтадан дауыс беру өткізіледі. Референдум қабылдаған шешімнің Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті заңдық күші болады. Ол Президенттің немесе республиканың мемлекеттік билік органдарының актілерімен бекітуді қажет етпейді. Айталық, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына Қазақстан Республикасы азаматтарының басым көпшілігі дауыс берді. Осы күн Конституция қабылданған күн деп есептеледі. Егер референдумда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылданса, онда олар Конституцияға енгізілген болып есептеледі. Егер референдумда қабылданған конституциялық заңдар мен жай заңдардың және қолданыстағы заңдардың арасында қайшылықтар болса, онда олар референдум қабылдаған шешімдерге сәйкес келтірілуі тиіс [5].

 

 

2 Қазақстан  Республикасындағы сайлау жүйесінің  сипаттамасы

 

2.1 Сайлау  жүйесінің мазмұны және азаматтардың сайлауға қатысу принциптері    

                                     

«Дүние жүзі мемлекеттерінде сайлау жүйесініңтепе-тең  және мажорлық екі жүйесі бар. Тепе-тең  сайлау жүйесі алған дауыстар мен  жеңіп алынған маңдаттар арасындағы тепе-теңдік принципіне құрылады. Тепе-тең жүйенің жұмыс істеуі үшін бірқатар ерекше шарттардың болуы қажет.

  Бірінші-үлкен  аумақтық сайлау округтерін құру  қажет. Әлбетте, аумақтық сайлау  округтерін тепе-тең жүйенің ерекшеліктеріне  лайық өзгертуге болады.

  Екінші-тепе-тең жүйенің тиімді  жұмыс істеуі үшін кемінде  қалыптасқан екі партияның болуы  қажет.

  Осыған орай, Қазақстанда әлі  де саяси партиялар әлсіз және  азаматтардың елеулі бөлігі саяси  партиялардан тыс тұруына байланысты, тепе-тең сайлау жүйесі қабылданған жоқ. Мажорлық сайлау жүйесінің абсалюттік көпшілік және біршама көпшілік деген екі жүйесі бар. Бұл орайда мажорлық жүйеде:

Бірінші-егер оларға сайлаушылар тізіміне енгізілген бірінші  тур сияқты, екінші турда да азаматтардың 50%-нан астамы қатысса,сайлау өткен болып есептелінеді;

Екінші-егер кандидатқа берілген дауыстар саны дауыс беруге қатысса сайлаушылар санының 50%-нан  асса,ол сайланған болып есептелінеді.

Мажорлық жүйе кезінде біршама көпшілік сайлау дауыс беруге қатысқан сайлаушылар  санына қарамастан өткен болып есептеледі,ал егер оған сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтар санының 25%-нан астамы дауыс берген жағдайда басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс жинаған кандидат сайланған болып есептеледі [1].

Қазақстан Республикасында  абсолюттік көпшіліктің мажорлық сайлау жүйесі қабылданған. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі деп ҚР Конституциясының және Президенттің "Қазақстан Республикасында сайлау туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығында көзделгендей Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының депутаттарын, Мәслихат депутаттарын Қазақстан Республикасының азаматтары тікелей де, сондай-ақ жанама сайлайтын сайлау тәртібі түсініледі. Президентті, Парламент депутаттарын жергілікті өкілді органдарды сайлаудың аталған тәртібі конституциялық-құқықтық нормалармен белгіленеді, олар өз жиынтығында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін құрайды. Сайлау жүйесін құрайтын конституциялық құқықтық нормалар Қазақстан Республикасы  конституциялық құқығының бір бөлігі болып табылады. Олар Қазақстан Республикасының Президентін, Мәжіліс депутуттары мен Сенат депутаттарының бір бөлігін, жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Аталған қырдағы "сайлау құқығы" ұғымы конституциялық құқықтың аса маңызды институты ретінде пайдаланылады.Сонымен қатар "сайлау құқығы" ұғымы кәмелетке жеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының субъективтік сайлау құқығы мағынасында қолданылады.