Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары
Жоспар:
Кіріспе....................... .............................. .............................. .........
3-5
І Тарау
Фразеологизмдердің жалпы тіл біліміндегі зерттеу тарихы….6-28
ІІ Тарау
“Абай жолы” романындағы фразеологиялық оралымдардың
түрлері……………………………………………………………
а) романдағы фразеологиялық тұтастықтар…………………..29-30
ә) романдағы фразеологиялық бірліктер……………………..31-33
б) романдағы фразеологиялық тізбектер…………………….33-35
в) романдағы фразеологиялық сөйлемшелер………………..35-39
ІІІ Тарау
Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары
а) романдағы көпмағыналы фразеологизмдер……………….40-44
ә) етістік мағыналы фразеологизмдер…………………………44-51
Қорытынды………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………..54-
Кіріспе
Ұлы жазушы М. Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясының тілін зерттеу – қазақ тіл біліміндегі ең актуаль мәселелердің бірі. Осы күнге дейін қазақ тіл білімінде М. Әуезовтің шығармалар тілін зерттеуге арналған біршама ғылыми жұмыстар баршылық. Олардың ең бастысы деп мына жұмыстарды атап өтуге болады. Е. Жанпейісовтің “М. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясының тілі” Алматы, 1976ж. және оның “Этнокультурная лексика казахского языка” Алма-Ата, 1989 ж. деген еңбектерімен қатар А. Махмудовтың “М. Әуезовтің “Абай жолы” романындағы архаизмдер мен историзмдер” Алматы, 1963 ж. С. Мырзабековтың “М. Әуезовтің “Абай жолы” романындағы етістіктерге статистика-лингвистикалық анализ” Алматы, 1973 ж; “М. Әуезовтің “Абай жолы” романының жиілік сөздігі” Алматы, 1975 ж.
М. Әуезовтің “Абай жолы” романының тіліне арналған немесе ғылыми еңбектердің ішінде сөз етілгендей мына ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуне болады. Бибаева М., Дүйсетаева К., Елешова А., Закенова А., Изимбергенова С., Исханов Б., Сушков Ю. А., Тулекова С. т.б. еңбектерінде М. Әуезовтің “Абай жолы” романының тілі әр түрлі салада сөз етілді. Бұлардың ішінде Дүйсетаева К. мен Сушков Ю.А. еңбектері М. Әуезовтің шығармаларындағы фразеологизмдердің орыс және басқа да шет тілдерге аударылу мәселесіне арналған болатын.
Біздің жұмысымыз жоғарыдағы аталған жұмыстардың жалғасы.
М. Әуезов шығармаларының тілін зерттеу – тілдің лексикалық байлығы үшін емес, этнолингвистика т.б. салалары үшін де танымдық маңызы бар мәселелердің бірі.
Зерттеудің өзектілігі. Фразеологизмдер тіл білімінің ең маңызды салаларының бірі. Фразеологизмдер көркем туындыларда айрықша орын тұтады. Ол шығармаларды бір-бірінен ерекшелендіріп тұрадаы. М. Әуезовтің “Абай жолы” романының дүниежүзілік классикалық туындының қатарына енуі де осы фразеологизмдерге байланысты болса керек. Осы айтылғандардан тақырыптың өзектілігі келіп шығады. Романдағы фразеологизмдердің семантикалық мағыналарын түсінудің үлкен ғылыми да, тәрбиелік те маңызы бар.
Зерттеудің нысаны. М. Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясындағы фразеологизмдердің түрлерін табу және оларды топтастырып мағыналарын анықтау.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Қазақ тілінің сөз тіркестері туралы және “Абай жолы” романындағы сөз тіркестерінің өзара семантикалық топтарға бөлінуі туралы сөз етіледі. Жазушы М. Әуезовтің тіл шеберлігіне назар аударып, сөз тіркестерін мол пайдаланғаны туралы айтып өтуді жөн көрдік. Романның I,II-томын пайдалана отырып, ондағы сөз тіркестерінің мейлінше көп екендігі байқалынады. Жазушы тілінің байлығы, сөз айшықтарын әсерлі құруы ерекше көзге түсіп отырады. Сонымен қатар қазақ тіл білімінде әлі де өз шешімін таппаған құнды жаңалықтар бар. Романдағы сөз тіркестерінің қолданылу ерекшелігіне байланысты жазылған диплом жұмысымда ең алдымен сөз болатын жайт романдағы сөз тіркестерінің өзара іштей семантикалық бөлінуі. Екіншіден, жазушының тіл шеберлігіне тоқталу. Бұл шындығына келгенде күрделі мәселе, сөз құдіретін танудың жолы үнемі үздіксіз текске жүгінуге, талдаудың әдіс-тәсілдерін озық тәжірибелерге көшіруге жетелейді.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні. Қазақ тілінде тұрақты сөз тіркестерінің зерттелуі жөнінде біраз талас бола тұрса да соңғы кездері бұл мәселе өз шешімін тапқан тәрізді. Міне, осыған байланысты “Абай жолы” романындағы сөз тіркестерінің мәні де ерекше сөз болып отыр. Жалпы сөз тіркестерінің романдағы қызметі мен маңызы Мұхтар Әуезовтің сөз таңдауы, сөз қолданысы, сөз әрлеуі сияқты шеберлік сәттері болса, фразеологиялық бітімін талдағанда, алдымен суреткер шеберлігіне, даралық мәнеріне тән сипаттарға назар аударылды.
І. Кеңесбаевтың “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі” негізінде романдағы сөз тіркестерінің семантикалық топтарын бөліп қарастырамыз.
Жалпы алғанда жұмыстың басты сипаты фразеологизмдердің дайын күйінде қолданылуы және оны бөліп жаруға болмайтындығы туралы романдағы тұрақты сөз тіркестерінің семантикалық топтарын ажырату болып есептеледі.
М. Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясының құндылығы тілінде. Оны ішінде айрықша ерекшелендіретін – фразеологизмдер.
І ТАРАУ
Фразеологизмдердің жалпы тіл біліміндегі зерттелу тарихы
Тіліміздің даму барысында ұзақ уақыттан бері бір-бірімен бірігіп бірнеше сөзден құралған сөз тіркестері бар. Бұларды қазіргі тіл білімінде фразеологиялық сөз тіркестері немесе идиомалар делініп жүр. Бұл термин – сөйлеу (выражение) – ілім (учение) деген екі сөздің негізінде келіп шыққан.
Н. А. Баскаков өзінің “Типы атрибутивных словосочетания в каракалпакском языке” мақаласында (“Вопросы языкознания” № 3, 1956, 79-91 беттер) түркі тілдеріндегі сөз тіркестерін екі топқа бөліп қарайды. 1. Сөз тіркестері синтаксистік бірлік ретінде қаралады. Бұған сөздердің еркін тіркесі кіреді. 2. Сөз тіркесі лексикалық бірлік ретінде қаралады. Бұған тұрақты сөз тіркесі кіреді.
Міне осы мәселелерге байланысты күні бүгінге дейін тіл білімінде фразеологизмдерге байланысты бір ізге түсіп қалыптасқан жоқ. Сондықтан да фразеологизмдерді зерттеу тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
а) Жалпы тіл біліміндегі зерттелуі. Фразеологизмдер – тіл білімінің ең маңызды саласының бірі. Егер фразеологизмдердің құрамы мен құрылысына лингвистикалық талдау жасайтын болсақ, онда лексикология, морфологияның және синтаксистің көне элементтері мен формаларын көруге болады. Фразеологизмдерді анализдеп қарасақ, тілдің даму тарихы, оның басқа тілдермен туыстығы мен арақатынасы байқалады. Фразеологизмдер тек тілші ғалымдар үшін емес, көркем сөз шебері, жазушылар мен аудармашылар үшін де ауадай қажет. Бұл пікірімізді қазақ тіліндегі: “Сөздің көркі – мақал, жүздің көркі – сақал” деген мақал дәлелдей түседі.
Қазақ аса көрнекті сөз зергері, заманымыздың кемеңгер жазушысы – М. Әуезовтің әлемдік деңгейге көтерілуі де, Абай романындағы қолданған фразеологизмдердің арқасы деуге болады. Романда халықтың байырғы фразеологизмдері мен жазушының өзі жасаған қанатты сөздері, қазақ тілі фразеологизмдерін байыта түсті. Көркем шығармада фразеологизмдер көркемдеу құралы болып саналатынын профессор А. И. Ефимов өзінің “Стилистика художественной речи” деген еңбегінде былай деп көрсетеді: “…к фразеологическим средствам языка относятся не только идиомы, но и поговорки, половицы, афоризмы писателей, крылатые строки стихотворений, устойчевые формулы и обороты научно-термнологического характера, некоторые канцелярские штампы, производство-технические выражения и т.д.” [1. 279-280].
Профессор И. А. Ефимов ескі лингвистикалық мектептерден шыққан ғалымдардың фразеологизмдерге тек қана идиомаларды жатқызып, фразеологизмдердің басқа түрлерін назардан тыс қалып келе жатқанын ескертеді. Бұл айтылған пікірлерге қарағанда, тіл біліміндегі фразеологизмдердің аумағының кең екендігін аңғарамыз.
Фразеологизмдердің теориялық жағынан дамуына үлкен елеулі үлес қосқан ғалым – А.И. Ефимов. Оған ғалымның мына ғылыми еңбектері дәлел: “Об изучений языка художественных произведений”, “Стилистика художественной речи”, “О языке художественнных произведений” деген еңбектерінде фразеологизм мәселесі жан-жақты талданған. А.И. Ефимов фразеологиялық единицаларды функционалдық көзқарастан бес түрін атап өтеді.
Жалпы тіл білімінде фразеологиялық топтастырулардың ең алғаш негізін салған Ш. Балли. Ол фразеологиялық бірліктерді, компоненттерді мағыналық бірлігіне қарай синхрониялық топтастыру жасап, төмендегідей екі топқа бөліп қарайды.
- Фразеологиялық қатардағы сөздердің өзгертуге болатындығын;
- Фразеологиялық бірліктегі сөздердің ешқандай өзгертуге болмайтын
қатар деп екі топқа бөледі [2. 115].
Тіл білімінде фразеологизмдердің өз алдына сала болып қалыптасуына, екі негізгі бағыт болды.
Бірінші бағыт – (А.А. Шахматов, Б.А. Ларин, В.В. Виноградов) бұлар фразеологиялық единицаларды ішкі синтаксистік-семантикалық қатынастардың компоненттеріне байланысты қарады.
Академик А.А. Шахматов “Синтаксис русского языка” деген еңбегінде сиетаксистік көзқарастан сөз тіркесінің төрт түрін көрсетеді [3. 271].
А.А. Шахматов бұд еңбегінде фразеологизмдердің лексика үшін де, грамматика үшін де маңызды екенін айтады. Ол тіркестердің лексикалық және грамматикалық тұлғаларының ара қатынасы жөнінде, тіл білімінде бірінші болып құнды пікір айтқан ғалым.
Фразеологизмдердің лексикалық құрамына, құрылысына, функциясына және олардың экспрессивтік-стилистикалық т.б. қызметіне кеңінен талдау жасауды мақсат етіп қойды.
Фразеологияның орыс тіл білімінде өз алдына сала ретінде пайда болуы және қалыптасуы академик В.В.Виноградовтың атымен байланысты. В.В. Виноградов жалпы тіл біліміндегі фразеологизмдер туралы Ш. Баллидің идеяларын жалғастырушы әрі дамытушы. Оның “Об основных типах фразеологических единиц в русском языке”, “Русский язык”, (Грамматическое учение о слове) “Основные понятия русской фразеологий ка лингвистической дисциплины” деген еңбектері пікіріміздің дәлелі. Академик В.В.Виноградов фразеологиялық единицаларды семантикалық жағынан үштопқа бөліп қарайды.[4,345]
- Фразеологические сращения (фразеологиялық тұтастық).
- Фразеологические единство (фразеологиялық бірлік).
- Фразелогические сочетания (фразеологиялық тізбек).
Сонымен қоса академик В.В.Виноградов фразеологизмнің осы үш типтерінің характерлері белгілірін көрсетеді.
Орыс тіл біліміндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелері академик В.В.Виноградовтың атымен байланысты. Академик В.В.Виноградов фразеологизмдерді үш түрге бөліп, олардың әрқайсысына ғылыми анықтама беріп, фразеологизмдердің тіл біліміндегі алатын орнын анықтап берді. В.В.Виноградов еңбектері фразеологизмдерде тіркес тұрақтылығы, мағына бірлігі оның ең негізгі белгісі болып саналатынын көрсетеді. Мысалы: В.В.Виноградов фразеологиялық тұтастыққа мынандай бейнелі анықтама береді. Фразеологиялық тұтастық “…ерітіндіге айналған лексикалық бөлшектердің химиялық қосындысы” – деп көрсетеді.[4. 150]
Фразеологиялық бірлікті құрастырушы сөздердің потенциальды мағынасын түсінумен байланысты. Олардың бір бүтін мағынасы лексикалық мағыналарына бөлінбей тұтас күйінде танылады.
Академик В.В.Виноградов “Фразеологиялық тұтастықтың беретін мағынасының оның құрамындағы компонеттер байланысы жоқ, құрамында элементтер бірдей болып дыбысталса да олар бір-бірмен тек қана таза омонимдік қатынаста” [4. 345] деген болатын.
Фразеологиялық бірліктің құрамындағы компонеттердің аз да болса семантикалық белгілері сақталатынын, олардың жалпы мағынасына аз да болса белгі, реңк беріп тұратыны айтылады. “По большой части, это выражения, состоящие из слов конкретного значения и имеющие заметную экспрессивную окраску”[4. 353]
Фразеологиялық единицалардың семантикалық жағынан топтастыру орыс тіл білімінде Р.А.Будаговтың атымен байланысты. Өзінің “Введение в науку о языке”-М, 1958. [5. 215] деген еңбегінде фразеологизмдерді екі топқа бөліп қарайды.
- Идиомаларды немесе фразеологиялық тұтастық.
- Фразеологиялық тізбек.
Ғалым бұл еңбегінде идиомаларды төрт түрлі характерлі белгісін көрсетеді.
Атап айтқанда, ол мынадай белгілер:
- Құрамының жеке бөліктерге бөлінбейтіндігі.
- Барлық бөліктерінің бір мағынаға ие болатыны.
- Мағыналарының бейнелі болатыны.
- Басқа тілге аударылмайтыны.
Шындығында да идиомалардың құрамындағы сөздерді алып тастауға не орындарын алмастыруға болмайды.
Жоғарыдағы ғалымдардың фразеологиялық жөніндегі айтқан пікірлерін қорытындылай келгенде, төмендегідей қорытынды шығаруға болады.
- Фразеологиялық единицалардың компонеттері бір мағыналы болады.
- Фразеологиялық единицалар тұрақты болады.
Жалпы тіл білімінде фразеологизмдер жөнінде көзқарастардың бір қатары профессор А.И.Смирницкийдің атымен де байланыстығы бар. Оның (Лексикология англиского языка.-М, 1956г.) [6.108] еңбегінде, фразеологизмдерді еркін тіркестермен салыстыра отырып, онығ ең басты ерекшелігі идиомалығында. Сондай-ақ, бейнелігінде, экспрессивтігінде, стилистикалық характерінде деген болатын.
А.И.Смирницкий осы еңбегінде фразеологиялық единицалардың структуралық типтері туралы мәселелерді күн тәртібінде қойды.
Сондай-ақ фразеологизм мәселесі Т.А.Бертагаевтың “Об устойчивых фразеологических выражениях (на материалах современного бурят-монгольского языка)” деген еңбегінде фразеологиялық единицалардың грамматикалық және семантикалық классификациясын береді. Т.А.Бертагаев жалпы тіл білімінде біріші рет фразеологиялық единицалардың күрделі сөздермен байланысын көрсеткен ғалым. Сонымен бірге еркін тіркестермен де байланысын көрсетеді [7. 210].
Жалпы тіл біліміндегі фразеологиялық единицаларды құрылысы жағынан талдаған ғалым С.И.Ожегов “О структуре фразеологий”- (Лексикографический сборник, вып.2.-М, 1957.) [8. 85] деген еңбегінде С.И.Ожегов тарапынан кең және тар мағынада фразеологиялық единицадағы тірек сөздер деген түсінік келтірілген. Мұнда ғалым қандай негізде фразеологиялық сөздіктерді жасау керектігін атап көрсетеді. Ғалымның осы еңбегінде айтылған дүниелерді кейінгі лексикографиялық еңбекпен айналысқан ғалымдардың басшылыққа алғаны байқалып жүр.
Жалпы тіл біліміндегі фразеология мәселесіне байланысты шетелдік ғалымдардан Х.Касарес еңбегін атап өту орынды. Ол өзінің 1958 жылы орыс тіліне аударылып, бастырылып шыққан еңбегінде [9. 190]. Испан тілінің материалдарының негізінде фразеологиялық бірліктерде олардың мағынасына, құрылымына және функциясына қарай топтастырады. Х.Касарес фразеологизмдердегі сөз тіркестерін екі топқа бөліп қарайды. Біріншісі – фразеологиялық бірліктердің мағыналық тобы, екіншісі – фразелогиялық бірліктердің мағынасыз сөздер тобы. Екіншісін, топтағы сөз тіркесінің лексикалық мағыналыры жоқ, грамматикалық мағыналары бар, көмекші есімдер тобының функциясын атқаратындығын көрсетеді.
Х. Касарес фразеологиялық бірліктердің характері белгілері деп: 1) көпмүшелігін (многочленность), 2) құрамының тұрақтылығын, әрине барлық жағдайда емес, әдеттегі нормадан ауытқулығы, 3) грамматикалық аномолиясын, 4) мағыналырының идиомалығын, 5) троптығын (сөз не сөз тіркесінің тура не ауыспалы мағынада қолданылуы), 6) басқа тілге аударылмайтындығын көрсетеді.
Х. Касарес фразеологизмді грамматикалық көзқарастан 7 топқа бөліп көрсетеді:
- субъективтенген сөз тіркесі.
- субъктивтік (сын есімге) сөз тіркестері.
- етістікті сөз тіркестері.
- үстеулі сөз тіркестері.
- есімшелі сөз тіркестері.
- есімдікті сөз тіркестері.
- одағайлы сөз тіркестері.
Х.Касарестің фразеологизмдер туралы ой-пікірлері жалпы тіл біліміндегі кейінгі зерттеулерге себепші болды.
Орыс тіл білімінде фразеологизмдер жөнінде пікір айтқан ғалымдарлдың көп екендігіне көзіміз жетті. Олардың еңбектерінің бір сыпырасын мақаламызда атап өттік. Солардың ішінде айрықша атауға тұрарлық ғалым деп Н.М.Шанскийді атауға болады.
Н.М.Шанский атап өтуіміздің екі түрлі себебі бар.
- Н.М.Шанский академик В.В.Виноградовтан кейінгі фразеологизмдерді кең және терең зерттеген ғалым [10].
- Н.М.Шанский жалпы тіл білімінде фразеологизмдерді топтастыру мәселесіне, өзінен бұрынғы зерттеушілер Ш.Балли, В.Виноградов еңбектеріне жаңалық енгізіп, фразеологизмнің 4-ші түрін (Фразеологические выражения – фразелогиялық сөйлемше) түрін енгізген ғалым. Қазіргі жалпы тіл білімінде осы төрт түрі бойынша зерттеулер жүргізіліп, жан-жақты талданып, көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді.
Н.М.Шанский фразеологиялық оралымдағы лингвистикалық единица ретінде қарап, жалпы тіл білімінде фразеологиялық оралымдардың толық түсінігін берген ғалым.
Фразеологиялық оралымдардың еркін тіркестерден айырмашылығы және жеке сөзге жақындығы туралы мәселе Н.М.Шанскийдің еңбегінде кең орын алған. Н.М.Шанский фразеологиялық оралымдардың лингвистикалық единица екендігін, олардың құрамындағы екі немесе одан да көп копонеттердің айрықша екпінменен айтылуы, фразеологизмдерді жасауға негіз болатынын атайды [10. 160-180].
Н.М.Шанскийдің еңбектерінде фраазеологиялық оралымдардың құрылымы, мағынасы, құрамы және олардың сөз таптарына қатынасы фразеологиялық оралымдардың морфологиялық ерекшеліктері, фразеологиялық оралымдардың варианттары, фразеологиялық оралымдардың синонимдік характерін, т.б. барлығы фразеологиялық оралым-лингвистикалық единица деген таруында нақты материалдар негізінде талданады. Фразеологизмде мұндай талдаулар жалпы тіл білімінде, сондай-ақ түркі тіл білімінде жалғасын тауып, бірнеше ғылыми еңбектер дүниеге келді.
Н.М.Шанскийдің еңбектерінде фразеологизмдер семантикалық мағыналарына қарай, фразеологиялыұ тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек және фразеологиялық сөйлемше деп төрт түрлі тұрғыдан талданады.
Н.М.Шанский фразеологизмнің терминдік характер екендігін, железная дорога, белый гриб, слепая кишка, вопросительный знак т.б. терминдік құрамға кіретіндігін дәлелдеген. Ғалымның айрықша көңіл бөлген мәселесі фразеологиялық оралымдардың лексикалық құрамы. Фразеологиялық оралымдардың құрамында күнделікті қолданып жүрген, түсінікті сөздермен қатар, түсініксіз көнерген сөздер, диалектілік сөздердің де болатынын атап көрсетеді.
Профессор Н.М.шанскийдің айрықша талдағаны – фразелогиялық оралымдарлдың структуралық типтері.
Ғалым бұл мәселелерді фразеологиялық оралымдардың сын есім + зат есім. Зат есім және зат – ілік септігі арқылы жасалатыны, етістік және зат есім (предлог және предлогсыз). Фразеологизмнің көркем поэтикалық характерлі деген модульдерін көрсетеді.
Н.М. Шанскийдің фразеологизмдер жөнінде айрықша көңіл бөлген мәселесі, шығу тегі – этимология жөніндегі құнды-құнды пікірлері. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді басқа тілден енген фразеологиялық оралымдар, ескі славян тілдерінен енген фразеологиялық оралымдар, Батыс Европа тілдерінен енген фразеологиялық оралымдар деп топтастырады.
Орыс тіл білімінде калькалану арқылы енген фразеологизмдердің өзін де ғалым бірнеше түрге бөліп көрстеді. Мысалы, анық және анық емес (точные, неточные) фразеологиялық калькалар (полукальки) деген тәрізді терминдерді орыс тіл біліміне Н.М. Шанский кіргізген болатын. Шанскийдің айрықша көңіл бөлудегі мәселесі фразеологизм саласында, фразеологизмдердің экспрессивтік-стилистикалық қасиеті. Бұл мәселеде ғалым фразеологиялық оралымдардың сөйлеу тіліндегі, кітаби тілдегі фразеологизмдердің архаизм, историзм түрлеріне және олардың көркем шығармалары мен публицистикасына көп көңіл бөледі.
Орыс тілінде фразеологияның Кеңес дәуіріндегі дамуына, даму мәселесі және оның проблемалары ғалымның еңбектерінен тыс қалмаған.
Қорыта айтқанда, Н.М. Шанский жалпы тіл біліміндегі фразеологизмдер жөніндегі ілімді дамытуға елеулі үлес қосқан ғалым.
Жалпы тіл біліміндегі фразеология туралы зерттеулер бұл көрсетілген авторлармен шектелмейді. Жалпы тіл біліміндегі фразеология ғылымының өз алдына жеке сала болып дамуына үлес қосқандар деп: Н.Н Амосова, В.Л. Архангельский, М.И. Исаев, А.В. Кунин, А.Н. Кожина, В.Ф. Рудов, Л.И. Ройзензон, А.П. Хазанович, В.Н. Телия, А.М. Бабкин, М.М. Копыленко, Л.И. Бущуй, Е.А. Малиновский, А.Д. Хаютин т.б. атауға болады. Тіл білімінің бұл саласына байланысты зерттеулер М.М. Копыленконың көрсетуінше, жалпы тіл білімінде мыңға жуық еңбектің барлығы айтылады.
Біздіңше, фразеологияның айрықша кең, әрі терең жан-жақты зерттелген дәуірі кешегі Кеңес Одағы тұсы. Соңғы екі-үш жылда бір рет фразеология туралы одақ көлеміндегі өткеріліп тұрған конференция болды. Мысалы, фразеологиға арналған конференциялар Ленинград, Баку, Самарқанд қалаларында болып, фразеологияның қол жеткен табыстары, алдағы уақыттағы міндеттері т.б. ұсыныстар болып тұруы.
Тіл білімінде фразеологизмдердің зерттеуге тиісті мәселелері әлі баршылығы көрініп түр. Осындай шаралардың шарапаты түркі тілдеріне де тиді деуге болады. Соның ароқасында түркі тілдерінде фразеологизмдер туралы қыруар еңбектер дүниеге келді.
ә) Түркі тілдеріндегі фразеологиялық зерттеулер. Түркі фразеологиясы облысында алғашқы жұмыстардың бірі – І. Кеңесбаевтың “Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері (қос сөздер, идиомалар мен фразалар)” тақырыбындағы диссертациясы болып табылады. Түркі тілдеріндегі фразеологияға қызығушылықтың басым болуы академик В.В. Виноградовтың орыс тіліндегі фразеология туралы атақты жұмысының шығуына байланысты болды. Расында, түркі-орыс сөздігі және ондағы фразеологиялық материалдардың бөлігі бола тұра, түркі тілдеріндегі фразеологияның теориялық мәселелері 50-жылдардың басынан бастап дами бастады. Лексикология оқу құралдарында фразеологияға арналған бөлімдер, сондай-ақ бөлек түркі тілдерінің фразеологиясынан кандидаттық диссертациялар жарық көре бастады. Түсіндірме және екі тілдегі түркі-орыс тілдеріндегі сөздіктерде ұлттық тілдердің фразеологиялық материалдары жарық көріп, жеке түркі тілдері бойынша фразеологиялық сөздіктердің құрылымы туралы, фразеологиялық байлықтарды жүйелеу және жинау жұмыстары бастау алды.
Түркі фразеологиясымен жұмыс жасау барысында және зерттеушілер орыс тілінде өңделген материалдарды түркі тілдеріне аудару фактілерін бақылауға болады. Мысалы, түркі тілдеріндегі фразеологияларды зерттеу барысында рыс тіліндегідей тұтастық, бірлік және тізбек (тіркес) сияқты фразеологияның үш семантикалық түрі табылған.
Түркологтар фразеологияны оқыту барысында әр түрлі әдістемені басшылыққа алатындығын атап айтуға болады.
Кейбір зерттеушілер фразеологияны сол немесе басқа түркі тілдеріндегі тұрақты сөз тіркесі туралы жалпы мәселенің бір бөлігі ретінде қарастырады. Оны мына түркологтардың зерттеулерінен көруге болады: І. Кеңесбаев, С. Мұратов, Р. Юсипова, Ч. Сайфуллин және т.б. жоғарыда аталған авторлар фразеологиялық бірліктердің тұрақты сөз тіркестерінің басқа түрлерімен байланысын қарастырады. Олар: қос сөз тіркестерімен, мақал-мәтелдермен, күрделі сөздермен т.б. Әдетте бұл авторлардың жұмыстарында тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің белгілеріне қарай бөлінеді: тұрақты лексикалық құрам, туынды, семантикалық бірлік және т.б.
Басқа түркологтарға фразеологияның өзін ғана қарастыру тән. Олар өз жұмыстарында фразеологиялық бірлік пен тұрақты сөз тіркестерінің басқа түрлеріндегі ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл әдіс К. Бабаев, А. Байрамов, Л.Н. Долганов, М. Мұхамадиев, Ш. Рахматуллаевтардың жұмыстарына тән.
Түркі фразеологиясын алғаш зерттеушілердің бірі І. Кеңесбаев болып табылады.
Ол өзінің “Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері (қос сөздер, идиомалар және фразалар)” тақырыбындағы диссертациясында идиомаларды мына белгілермен сипаттайды.
1) идиомалардың жалып мағынасы,
құрамындағы компоненттердің
2) идиомалардың компоненттеріне бекітілген орын болады;
- идиомалар басқа тілдерге сөзбе-сөз аударылмайды;
Идиомалар бір компонентті болуы мүмкін, мысалы, сұғанақ, тістену, аластау.
С.Н. Мұратов “Устойчивые словосочетания в тюрских языках” деген жұмысында фразеологиялық бірлікиерді тұрақты сөз тіркестері сияқты анықтаған [11. 36].
Олар идиоматизация толық және толық емес болады деп айтады.
С. Н. Мұратов идиоматикалық, әдетте образдылық, меиафоралық сөз тіркестері болады деп санайды.
Құрамда сөздерді С.Н. Мұратов сөз тіркестерінің лексиколизацияланған жолмен жасалған деп тауып, қорытындысында синтаксистік қатынасқа түскен сөз соңғы жоспарға қойылып және сөз тіркесі біріккен мағына сияқты қабылданады [11. 38].
С.Н. Мұратов тұрақты сөз тіркестері грамматикаланған тұрақты сөз тіркесіне барлық атау және етістік тіркестерін жатқызады.
Р.Р. Юсипов “Устойчивые глагольные сочетания в турецком языке” еңбегінде [12.118] тұрақты сөз тіркестері мен еркін тіркестердің компоненттерінің арасындағы синтаксистік қатынастың негізгі құрылымдық белгісі “Тұйықтық” деп санайды. Р.Р. Юсипов тұрақты етістікті сөз тіркесінің атау компоненті ережесіне сәйкес фраземалар құрамына қатаң айқындалған нұсқасында атқарады. оның грамматикалық нұсқасын атау компоненттерімен ауыстыру және жаңа грамматикалық нұсқасын ендіру көп жағдайда мазмұнын жоғалтуға әкеліп соғады.
Етістікті компонент сөз түрлердіру қасиетін жоғалтпай еркін сөз тіркестеріндегі етістіктей бейімділік, түрлендіру қасиеті болмайды және көп жағдайларда аталған осы үйлесімге нақты бір нұсқада қолданылады.
Р.Р. Юсипов фразеологиялық бірліктердің классификациясын беріп және компоненттердің біріккен сатысы туралы, онда фразеологиялық кірігу грамматикалық және семантиалық синтездерді атқарады, оның компоненттерін синонимдермен ауыстыру мүмкін емес.
Фразеологиялық бірлік бөлінбейтін біртұтас единица бола алмайды. Олар біртұтас образды мағына ретінде оқылады.
Фразеологиялық сөз тіркесі семантикалық бірлік бола алмайды.
Ч.Т. Сайфуллин “Қазіргі ұйғыр тіліндегі тұрақты сөз тіркесі” тақырыбындағы диссертациялық жұмысында [13. 27] фразеологиялық бірлікті мақал, мәтел, жұмбақ, қанатты сөздер, қос және күрделі сөздермен бір дәрежеде қарастырады.
Ч.Т. Сайфуллин семантика көзқарасына қарай тұрақты сөз тіркестерін екі негізгі топтарға бөліп қарастырады:
- Фразеологиялық бірлік – бөлек бір сөзге тең компоненті семантикалық
суммадағы тұрақты сөз тіркесі.
- Фразеологиялық сөйлемше – сөйлемге тең компоненті семантикалық
суммадағы тұрақты сөз тіркесі, оған мақалдар және мәтелдер, жұмбақтар мен қанатты сөздердің кейбір бөліктері жатады.
Ч.Т. Сайфуллин ұйғыр тілінің фразеологиялық бірлігіне семантикалық және морфологиялық классификация жасайды.
Ч.Т. Сайфуллин компоненттердің семантикалық байланысу деңгейіне қарай фразеологиялық бірліктің үш тұрін шығарады:
- мүлдем сәйкес келмейтін және үйлеспейтін фразеологиялық тұтастық;
- сәйкес келмейтін, бірақ дәлелденбеген – фразеологиялық тұтастық;
- бостандығына шек қойылған – фразеологиялық тұтастық;
Ұйғыр тіліндегі фразеологиялық бірліктерді былай бөледі:
- субстантивтенген фразеологиялық бірлік;
- адъективтенген фразеологиялық бірлік;
- етістікті фразеологиялық бірлік;
- адвербиалды фразеологиялық бірлік.
Ч.Т. Сайфуллин сонымен қатар фразеологиялық тілдік талдау жасаған. Ол мақал-мәтелдің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, олардың синтаксистік құрылысын қарастырып, ұйғыр тіліндегі қос сөздер мен олардың семантиа-грамматикалық классификациясына аса көңіл бөлген.
Сол себептен, жоғарыда аталған түркологтардың зерттеу объектілеріне әр түрлі типологиялық материалдар (қос сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, қанатты сөздер, фразеологиялық бірліктер) алу себебі олардың тұрақтылығы мен бірізділігіне байланысты.
Семантика мен грамматикалық жүйеде бұл тұрақты сөз тіркестерінің түрлері бір-бірінен тез ерекшеленеді.
Оларға семантикалық классификациялаудың біркелкі белгілері анықталмаған. Фразеологиялық бірліктер компоненттердің біріккен семанткалық деңгейінде топтасады, ал қос сөз тіркесі компоентінің мағынасына қарай; шыншыл немесе нақты емес, синонимикалық немесе антонимикалық және т.б. болып бөлінеді.
Басқа түркологтар фразеологияны кең мағынада қарастырмайды.
Л.Н. Долганов “Қазіргі түркі тіліндегі идиоматиканы дамыту жолдары” тақырыбындағы диссертациялық жұмысында фразеологиялық бірліктердің жасалу жолын қарастыра отырып, олардың екі семантикалық түрлері: тұтастық және бірлік деп көрсетеді. Ол фразеологизмдер шығу тегіне қарай біркелкі еместігін, идиоманың мағынасының шығу тегі әр түрлі себептері барлығын атап айтады.