Өрт сөндіру

Жоспар

І. Кіріспе...........................................................................................................2

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Алматы  қорығының географиялық орны, шекаралары................3

2.2. Жер  бедері мен климаты..................................................................4

2.3. Өсімдіктер  әлемі...............................................................................5

2.4. Жануарлар  дүниесі...........................................................................10

2.5. Өзендері  мен көлдері.......................................................................18

ІІІ. Қорытынды................................................................................................20

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................21

Ұсыныстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Алматы  қорғы Іле Алатауымен төрінен  орын тепкен Алматы мемлекеттік қорығын  Оңтүстік астанамыздан небары 25 км. қашықтықта жатыр. Бұл қорық 1931 жылы 6 мамырда құрылған.

Жер көлемі 89,5 мың гектар. Қорық жерінде табиғаттың барлық белдеулері анық байқалады. Мұнда  аптабы ыстығы шөп даланы да, тынық  орманды белдеуді де және мәңгілік мұз болған туындраны да  кездестіруге болады. Осыған байланысты қорық жеріндегі  өсетін өсімдіктер мен мекендейтін  хайуанаттар дүниесі түр жағынан  бай келеді. Мәселен, қорық аймағында  жоғары сатыдағы өсімдіктердің 590 түрі, мүктердің 107 түрі, (өседі) қынаның 77 түрі және саңырауқұлақтардың  190-ға жуық түрі өседі. Ал, құстардың 170 түрі, сүтқорекілердің, бауырмен жорғалаушылардың 20-ға жуық түрі қорықтық хайуанаттар дүниесін құрайды. Олардың қоры да әркелкі. Кәсіптік маңызы бар аңдардың қорықта: еліктің 500 басы, 300 қабан,  мыңға жуық арқар, 60 мың марал, 40 аю және санаулы қасқыр тіршілік етеді. Қоры тым аз болғандықтан сиреп кеткен аң мен құс түрлері де аз емес. Алматы қорығында халықаралық табиғат одағының «Қызыл кітабында» жойылып кету қапі бар аң ретінде тіркелген барыс, қарақұйрық мекендейді. ТМД және республикасының «Қызыл кітапқа» тіркелгендерден –ақ тырнақты аю, арқар, сілеусін, сабаншы, шұбар күзен, бүркіт сияқты хайуанаттар қорық жерін қоныстанса, осы аймақта өсімдіктер дүниесінің-Мушкетов түйесіңірі, Сиверс .............ашинасы, Остравский қызғалдағы сияқты өкілдері өте сирек кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы  қорығының географиялық орны, шекаралары.

Алматы  мемлекеттік қорығы алып тұлғаны..... Алатау қойнауында орналасқан. Бұл қорық 1931 жылы құрылған. Бұдан кейінгі жылдары қорықтық жер көлемі бірнеше рет өзгерді. 1935 жылы қорық территориясында үлкен Алматы, Талғар, Есіл, Түрген, Шелек, Таушелек, тарбанқорағай, Орман алқаптары қосылады. Ал 1936 жылы оған тағы да сөгеті данасы. Бұғыты..... тауы және Іле өзені жағасындағы Сарышаған мен Қракүлтек жер енеді. Бастапқыда қорық ұйымдастырғн жердің көлемі 15 мың ғана гектар алқапты қамтыса, кейіннен оған көптеген жерлерді қосуға байланысты 40-шы жылдардың басында Алматы қорығының жалпы аймағы 857 мың гектарға жетіп, ол ерекше маңызы бар қорықтар қатарына енді. Алайда соғыстан кейінгі жылдары түрліше себептерге байланысты қорықтың көлемі бірнеше рет өзгеріп, тітпті кейіннен жабылып қалды. Содан Алматы қорығы 1960 жылдың 11 қңтарында Іле Алатауының орталық бөлігіндегі таулы аймақта қйта құрылды.  Қорықтық таулы бөлігінің алып жатқан жер көлемі 71681 гектар. Оның ең төменгі нүктесі 1000 метрлік биіктен басталып 5017 метрлік Талғар шыңына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл негізгі бөліктің басты шекарасы сол жағы Талғар өзеннің арасымен өтсе, Солтүстіктегі оң жағы Талғар өзенінің арасымен және Есік көлі қазан шұңқырымен шектеледі. Ал Шығысында Есік өзен мен бойлай барып, Шелек өзенінің бастауына, Қырғыз елінің шекарасына барып тіреледі.

Сонымен қатар Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы шөл далада жатқан Үлкен және Кіші Қалқан таулары да кіреді. Қорықтың бұл бөлігінің аймағы 17850 гектар. Аталған екі тау аралығында  орналасқан, оны әлемге әйгілі еткен «Әнші құм» да  қорықтың осы бөлігінде.

 

 

 

 

 

Жер бедері мен климаты.

Алматы  қорығы Іле Алатауының теріскей беткейінен орын тепкен. Биік шыңдарын мәңгі  мұз  бен қар басқан  сұлу шыршаны  ормандарына қараса көз  тоймайтын  әсем тау  кімді болса да қызықтырмай  қоймайды.

Алматы  қорығына Іле Алатауының  орталық  бөлігі –теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктік арлығында орналасқан Талғар тау жоталары енеді. Жер бедері күшті тілімделген. Жерінің 25 мың гектарын тасты құздар  алып жатыр. Топырағына  эрозия зор әсер еткендігі көзге ұрып тұрады. Оның үстіне қорық территориясында «ән салатын» құмды таулар кіреді. Шағын ғана жері бар осы қоныста табиғаттың әр алуан көріністерінің  ұштасуы ғажап-ақ.

Шөлді аймақтың тау  етегіне жақын орналасуы  оның ауа  райына үлкен әсерін тигізеді. Соған сәйкес  таудан төмен түскен сайын  жылына болатын жуын-шашын  мөлшері де азая береді. Мәселен, теңіз  деңгейінен 1000 м биіктікте 500 мм, ал 2400-3000 м биіктікте 780-870 мм  жауын-шашын жауады. Жазда тауға әрбір 100 м көтерілгенсайын ауа температурасы 0,710 төмендейді. Тауда самал жел соғып, жаздың салқындау болуы да жасыл  шабындықтың  жайқалып өсуіне жағдай жасайды. Қыс айлары онша суық болмайды. Бұл қорықта  паналайтын  хайуанттардың қыстан күйлі  шығуына  көмектеседі.

Қорық территориясы арқылы бөлінетін бірнеше  тау  қыраттарынан тұрады. Ондағы  суы  мол  саналатын негізгі өзендер-Талғар мен Есік. Жаз айларында  су деңгейінің  тәуліктік ауысуы кейде 40-50 сантиметрге  дейін жетеді. Ара-тұра тауда  нөсерлеп жауған  жабдықтрдың арты селге  айналатын жағдайлар да кездеседі.

Тау  беткейлерінде  эрозиялық  процестің  күшті болуы, микроклиматтың әр алуандығы  топырағының ала-құла  әсерін тигізеді. Төменгі тау  жоталарының  теріскей  беткейінде  сұрғылт топырақ  басым да,  ал одан  жоғарырақ  қара топырақта  бұталы ағаштар мен  шабындық шөптер өседі.

 

 

 

Өсімдіктер әлемі.

Алматы  қорығының бір артықшылығы –тау беткейлерінде орманды-дала субальпі және альпі өсімдік белдеулерінің ұштасып жатуы. Шөлді аймақ «»әнші тау төңірегін қамтиды.

Орманды-дала  белдеуі қорық  жерінде 1300-2600 м биіктік аралығында өтеді. Оның төменгі етегінде жапырқты ағаштар мен бұталар өседі. Олардың  көпшілігі  жабайы жеміс ағаштары. Бұл  белдеудегі  ормандағы негізгі ағаш түрлері-алма, өрік, долана, көктерек, тал. Бұталармен топтаса  қарақат, итмұрын және ұшқат ұшырасады.

Қорықта  жапырақты орман тұтасып жатпай, ойдыш-ойдыш болып, өзен  аңғарларында, тау жоталарында кездеседі. Мәселен, Жабайы алма бағы 1700 м биіктікке дейінгі тау қыраттарының етегіндегі жазық ойпаттарда көбірек өссе, сол биіктікте таудың күнгей беткейін ала орналасқан. Көктерек  жоталарының солтүстік және шығыс  беткейлерінде көбірек болады. Жалпы жабайы жеміс  ағаштарының алып  жатқан  аумағы 157 гектардай. Жеміс  бақтары негізінен Талғар өзендерінің бойын алып жатыр. Алма ағаштарының биіктігі 7-8 м, ал өрік 5-7 метрдей келеді. Көгерік, жапырақ жайған кәрі ағаштар арасынан жаңа өсіп келе жатқан жас өркендерін де жиі көз шалады.

Алматыға  сән беріп тұрған қылқан жапырақты  ормандар 1400-2800 м биіктікте орналасқан. Ормандағы ежелгі ағаш түрі Тянь-Шань немесе Шренк...... шыршасы. Тянь-Шаньнің жасыл қылқанды шыршасы –көне дәуірден біздің  заманымызға дейін жеткен асыл қазына. Оны тек америка .......сенвойястмен ғана  салыстыруға болады. Ағаштың бұл түрі де ұзақ тіршілік етеді, әрі биік болады. Тянь-Шань  шыршасының ғұмыры-жаршы мың жыл, биіктігі 48 метр. Діңінің диаметрі екі метрге жетеді. Шыршалы орманда мұндай алыптар аз емес. Оның қоры тек қана Қырғыстан мен Қазақстан тауларында  сақталған. Шырма орманның  жалпы көлемі 500 мың гектар болады деп шамаланса, оның 300 мың гектары біздің  республиканың, 200 мың гектары Қырғызстанның тау беткейлерінде Алматы қорығында орман көлемі  6084 гектардай жерді алып жатыр. Әдетте, шырша ағашы тудың солтүстік беткейінде өседі. Таудың шығыс  және батыс  беткейлерінде  ол сиректей түсіп, оңтүстік жағында кездеспейді деуге болады.

Шырша –Тянь-Шаньның  құнды ағаштарының бірі. Ол өзінің бейімділік қасиеті мен  таңқалдырады. Ауаның құрғақтығына ыстық, суық топырақтағы ылғалдық құнарлылығының  жетіспеушілігіне,  жарықтың аздығына өте төзімді.

Шыршаны орманның орта және биік  белдеудегі  жерлерінде жалпақ жапырақты ағаштар  мүлдем кездеспейді.  Шырша орманы етегінде сирек те  болса алатау ........................ талы шетен карелше  ұшқаты, қара жидекті қызыл тал  өседі.

Жоғарылай түскен сайын (теңіз деңгейінен 2600-3000 метр биіктікте) тау алыптары түркстан аршасына орын бсатады. Жемісі хош иісті, тікен жапырақты аршаның биіктігі кейде бір, көбіне бір метрден аспайды. Ол қар көшкінін тоқтатып, тосқауылдық міндетін........... атқарады. Сонымен бірге арша нуы жас шыршаларға  қажет микроклиматты тамаша .........сақтайды. 

Орманды-дала белдеуінің ашық алаңдарында шабындық-көкмайса шөптер өседі. Таудың салқын  .......салманды қыраттарында боз, бетеге, қарабасшалғын бетеге, жусан сияқты  өсімдіктер  жайқалып, жақсы өседі. Сондай-ақ  бұталы ағаштар арасында тау таспасы,  қозы құлақ, тянь-шань еркек шөбі, шираылған қоңыраубас, шабынды қоңырбас, аюбалдырған, т.б.  балауса шөптер көктемде қаулап шығып, тау беткейін көкорай шалғынға  айналдырады.

Шыршалы орманнан жоғары теңіз деңгейінен 2800-3000 –нан 3200-3400 метр биіктікте субальпі шалғыны, дала  шалғынды-дала, орталық субальпі белдеуі жатыр. Олардың ені 400 метрдей. Солтүстік беткейлерінде субальпі шалғынында түркістандық жатаған аршалар мен қисық дінді шырша ағаштары кездеседі. Шоғырлана өскен арша түптері өте тығыз, олардан жеке-жеке  бұтақтар  тарбиып шығып тұрады. Бұл өсімдік 700 жылға дейін тіршілік етеді. Арша діңінің жылдық қабатына қарап ғалымдар биік таулы аймақтық климат жағдайының ғасырлық  өзгерістерін  анықтай алады.

Субальпі  шөптері-тау  флемисінен .......қазташақ  гүлдерінен, қияқ қысқа  жүйіткі  құртқа шаш, әсем ..грлең, түлкі құйрық, ботакөз, т.б. өсімдіктердеен  кілемдей құлпырып жатады. Олардың  арасында биік тауда өсетін пияз түрлері,, қырғыз бозы, боз бетеге, шөл сұлыбасы, азия  сұлыбасы, шемс сұлыбасы.... алдаш қазтабан жүйкелі қазтабан кездеседі. Бұл жерде эдельвейс те өседі. Бұлардың бәрі жерге жабысып қалғандай жатаған өседі. Белуардан келетін тау шалғыны сонау төменде қалған.

Субальпі  белдеуінде біріңғай  қазташақ гүл  немесе ............, шлюр гүлдері өскен  алақтарды жиі көруге болады. Субальпі топырағы қара  топырақ тәрізді  келеді, оның құрамында 10-14 процент  қарашірік болады.

Таудың  осы биіктіктегі оңтүстік беткейінде субальпілік  біртегіс шалғынды жазық  төсіліп жатыр. Бұл жерде  жылу мол, күн көзі жиі түседі. Бұл арада  Крылов бетегесі, шым түзетін сұлыбас, доңызсырт, бетеге  шықты шым түзеді. Мұнда  топырақ Солтүстік беткейге  қарағанда құрғақтау, дегенмен  құнарлығы  одан кем емес.

Тағы  да теңіз  деңгейінен 3200-3400-ден 4000 метрге дейін көтерілсеңіз аршалар мен  тал-шіріктердің орнына  альпілік аласа шөпті шалғынды көресің. Бұл  жердегі  шөптердің биіктігі 20-25 снтиметрден аспайды. Бұлар –жіңішке  доңызсырын, аласа доңызсырын, жіңішке  жемісті  доңызсырын, суық наурызгүл, альпі  қашқарагүлі, суық көкгүл, тянь-шань қоғажйы. Олардың  арасында қына мен  мүк те кездеседі.

Альпі  шалғындарының  арасынан мұз қозғалысынан пайда болған тау  жыныстарының сынықтары, көкше мұздар, тасты қорымдар ерекше көзге  шалынады. Олар шөп арасынан «көгілдір жартастар көрінісі» ретінде  назар аударады. Мәңгі қар мен мұз жамылған  құздарға  жаяу жерде сарғалдау, жалынгүл, қоғажай, теңге жапырақ, қазтамақ гүл-тағы басқа  өсімдіктерден тұратын ойдым-ойдым альпі шалғыны көгеріп жатыр. Тастар көгілдір барқытпен .............. Ұсақ тастар арасында әйгілі эдельвейсте өседі. Бұл айқын реңді емес ашық-күміс түсті гүлдердің  жапырақтары мен сабақтарының беті шашық түсті келеді. Олардың қайсар гүл деп текке  атамайды; эдельвейс биік таулы  аймақтық қандай бір қатал  жағдайына  болмасын төтеп бере алады.

Жартастар қына мен мүк  жамылғысын жамылған, бұл оған әсем көрік беріп тұр.

Шөл мен  тоғайлардың  оңтүстік ала солтүстік  Тянь-Шань тауының ...............Іле Алатауының орталық жотасы мен мұндалайды.

Алматы  қорығының  тауларында ....аих деп  атауға болады: оның етегінен бастап шыңына дейін әр түрлі  рең мен ландшафтар көз тартады. Етегінде  шөптесін өсімдіктер мен бұта нуы өскен, ал теңіз деңгейінен мың метр  биіктікте орман өседі. Солтүстік беткейінде  жабайы алма, өрік, таққурай, қара жеміс-долан, зерек, ұшқат, үйреңкі, атжүзім, көкжерек, шойын өседі. Осы жалпақ жапырақты ағаш арасынан атақты Тянь-Шань немесе Шренк шыршасы деп аталатын прирамида  тәрізді биік ағаштар  кездесіп қалады.

Әсіресе көктем кезінде ағаш арасына өскен  эфемероидтар түрлі түске боянған кілемді есіңе салады. Қоғажай, айдарша шөп, қазжуа, алтай торсындағы,  жабайы жаушымылдық, тағы басқа өсімдіктер көктемнің  уылжыған күндерінде  гүл ашады.

Егер  таудың солтүстік  беткейлерінде  орман  тұтасып жатса, оңтүстік, батыс  пен шығыс  беткейлерінің біраз  бөлігі  дала мен  шалғынға айналады. Бұл жерлерге күн ұзақ  түседі және  күштірек  қыздырады. Міне, сондықтан да  оңтүстік  беткейінде далалық  микроклимат бйқалады және дала  өсімдігі  таралған. Бұнд  қылқан селеу...............Ганимин құмбетегесі, брешер атқонағы, әр  түрлі жусандар өседі.

Батыс және шығыс  беткейлерінде  шалғындық  шөптерден таспа, шалғындық  қозықұлақ. Тянь-Шань ерекше шөбі өседі.

Алатауда  дәрі-дәрмек  алынтын өсімдіктердің  көптеген  түрлері кездеседі.Олардың  бастылар –долана, итмұрын жемістері  және кәділат ...................(чабф) Осындай  адам денсаулығына  қажетті шикізат  беретін  өсімдіктер қоын, олардың  биологиялық ерекшеліктерін терең  зерттеу де қорық  қызметтерінің  абыройлы міндеті.

Көрікті де әсем Алатаудың  қыраттары теріскей  бетте аласары келіп Іле өзенінің жағасындағы шөлді жазира даламен  ұласады. Өзен арнасы  алыстаған  сайын тіршілік те  сезілмейді,  шөлдің аты шөл, жасыл өсімдіктерге нәр беретін ыза суы ұзаған сайын сирек, тереңге тартылып, жер  бететін ақ  таңдақ сор басады; жапырағы жарылған жалақ  тақырларда көктем қысқа мерзімде өте шығады.

Жанды құмдарда  тіршілік белгісі  жоқ сияқты. Кей  жерлерде сирек өскен Лессинг  жусаны, баялыш, ебелек,  кәдімгі сораңғ бұйырығын көгеріп көрінеді.

Шағым құм  төбелері  арасындағы тақырлар мен  сорда қара  сексеуіл, ал  жанды  құм  дөңестерінде ақ сексеуіл өседі. Бұлардың сырт  пішіні өте ұқсас: екеуінің де бұтақтарға  жабысып  тұрған қабыршақ –жапырақтары көзге әрең көрінеді, қара  сексеуілдің  биіктігі көбінесе 10 метрден, ал ақ  сексеуілдің биіктігі 5 метрден аспайды. Сексеуіл –тіршілік ағашы. Оның тамырын  сусымалы құмдар  бекітеді, ағаш көлеңкесінде шөл  шөптері өседі, ал бұтақтары құстар мен  насекомдардың  баспанасы.

Шөл өсімдіктердің  барлығы да ылғал  үнемдеуге бейім. Олардың жіңішке, әрі кішкене  жапырақтары суды  буландырмайды, тереңге кететін ұзын  тамырлары  өте  әріден ылғал тартады.

Көктемде  шөл  танымастай өзгереді. Көктем  жаңбырынан нәр алған құммен саз  қысқа  мерзім өсетін  баданалы қоңырбас, раң, шөл шатыры гүлімен безене түседі. Бұл өсімдіктер  қысқа мерзім ішінде  тіршілік энергиясын  жинап  алуға асығады, бірақ  апрельдің  аяғына дейін гүлдеп бітеді.

Көктемнің  ұмытылмас реңін сирек  кездесетін бұлақтар  маңындағы өзіндік келбеті  бар  кішкентай көгалдар  ғана еске түсіреді. Бұларды жынғыл,  шеңгел нуы қоршап жтады, ал суларында қамыс  өседі. Шөлді өңір құмды –«әнші тау»  төңірегін алып жатыр. Ол –сексеуіл  өскен  құмды  төбелер. Онда  шөлге  тән сорақ,  бұйырғын және жусан  өседі.    

 

 

 

Жануарлар дүниесі

Қорықтың  жер бедерінің күрделілігі, ауа  райының  әр белдеудегі  ала-құлалығы, соған сәйкес өсімдік жүйелерінің  көптігі жан-жануарлар түрлерінің кең  таралуына әсерін тигізеді. Мұнда құстардың 200-ден аса, сүт  қоректі жануарлардан -60, бауырмен жорғалаушылардың -25, насекомдардың 700-ден астам түрі бар.

Алматы  қорығын көруге  бара қалған  табиғат  әуесқойларының көзіне  бірден құстардың  түсері сөзсіз. Әсіресе, орман іші  осы  қанаттылардың неше  құбылтып салған әніне бөленген. Адамға кешкілік құйқылжыған бұлбұл әні, көктемдегі  шырылдан ұшқан торғай үндері үлкен әсер қалдырады.

Әдетте  бұлбұлдарды көктем әншісі деп атайды. Шөлде көктем апрель айларында-ақ гүлдермен  бірге ғайып болады. Бұлбұлдар  тоғайға май айында,  тікендіжиде  хош иісті гүл жарған кезде  ұшып келеді.

Тоғайды бұлбұлдар ғана  мекендемейді. Күндіз  титімдей оңтүстік  кептерлерінің  құлаққа жағымды үндері  торғайлардың әнімен және  қырғауылдардың «таңдай  қаққандай» дауысымен астасады.

Таңертеңгін қаиық бұта, шөп, ну қамыс арасынан  қырғауылдардың «таңдай  қаққан»  тәрізді  дауысы алысқа  естіліп  жатады. Бұл әсем құс  біздің әсеріміздің  жабайы тауықтардың бірі деп саналады. Бірақ, оның  тек қораздары  ғана көркем реңді. Ал мекеннің қауырсыны сұр түсті, сондықтан да ол бұта арасында отырған кезде көзге  байқала қоймайды.

Қорғасындар негізгі  жемін тоғайдан табады. Тікен жиде, зерек  жемістер қырғауылдардың сүйсіне жейтін жемі.

Тоғайда Іле сары шымшығы, Қаршыға тәрізді  мақтан торғайы, сары құйрықты тағанақ, сұр тағанақ,  жабайы кептер,  тағы басқа да ұсақ құстар көп кездеседі.

Өзеннің кейбір саз жерлерінде қарайып ірі  құстар көрінеді. Кейде таяз судан  әрең көрініп тұрған құм саязға  қонып отырады. Ол қазір өте  сирек  кездесетін су бүркіті. Ол Іле  жағалауында  ұя салып, тұрақты тіршілік етеді. Бұл  қуатты жыртқыш құс өзенге жақын  ағаш  басына ұя  салады. Бірақ  су  бүркітінің өзен алқабындағы кіші-гірім жануарлар шек құстарға зияны жоқ, тек  балықпен  қоректенеді.

Су бүркіті- маңғаз құс. Су бүркіті жұп құрып  тіршілік етеді. Әрбір жұптың алма-кезек  пайдаланатын бірнеше ұясы бар  ұялайтын мекені болады. Мекені 1-2 ғана  жұмыртқа табады. Одан бір  айда балапан шығады.

Қорықтың  шырша орманда  самырсын құсы, шырша  торғайы, шиқылдақ торғай, қызылқұрық торғай, тоқылдақтар мекендесе, орманды-дала  белдеуінде кәдімгі мысық торғай, қара  шымшық, бұлбұл, маңбас жапалақ,  қара қарға, үкі кептер,  құр және басқа да  алуан түрлі құстар  тіршілік етеді. Таудың биік құздарында ұлар мен қозықұмай ұшырасады.

Шырша  орманында қаршыға тәрізді жапалақ  ұялайды. Ол әдетте  қураған  ағаштың  басына қонып алып, жемін аңдиды. Тышқанды не құсты көзі  шалса-ақ болды, қаршығаша  шүйіле түседі. Мұның  бәрі күндіз  байқалады. Дегенмен жапалақ  түн құсы ғой. Бірақ, қаршыға тәрізді  жапалақ өзінің барлық  қандастары сияқты емес күндіз де жемін жақсы  аулайды.

Алматы  қорығында  тіршілік ететін құстардың  ерекше  түрі-сусйыл қара торғай. Ол негізінен ағыны қатты  таудан аққан өзендер бойын  мекендейді. Тіршілігінің бәрі  сумен  байланысты. Негізгі қорегі су  насекомдар және олардың ............... болып табылады. Көктемде барлығы  бірлесе  жұптасып, өз  территорияларын  жақсы қорғайды. Ерте көбейеді. Мартта бұлар ұя сала  бастайды. Осы кезде  қоразы көп  сайрап, «күй салтанатын» өткізеді. Сушыл қара торғай ұясын судағы  тастар қуысына немесе  өзен жарқабағына салады.

Алматы  қорығынағы әсем құстардың бірі мысықторғай  немесе сарғалдақ. Әсіресе оның көктемгі көрінісі сұлу. Қорызының түсі айқын  дақ  раласқан қара келеді. Көбею  кезінде мекендерінің арқасы, басы мен мойны жасыл  сары реңді  болады. Олар көбіне  жапырақты  орманды  ұнатады. Сарғалдақ торғайлар ұясын  қайың, тал, алма ағаштарының  бұталарына  аспалы тор  сияқты іліп қяды. Осында көктемде 3-5 жұмыртқа  салып, балапан  шығарады. Мысықторғай  орман мен  бақ ағаштарына зиян  келтіретін насекомдармен қоректеріп, біраз  пайда келтіреді.

Қара  шымшық жапырақты, қылқан жапырақты  ормандарда кездесе береді. Әдетте суға жақын өскен бұтаны  тоғайды  мекендеуді ұнатады. Іле  Алатауында 600-2600м биіктікте  тіршілік етеді. Жаз айларында  жауын құрты,  қоңыздар,  моллюскалармен, ал күз  бен қыс айларында  долана, итмұрын, ұшқат, арша  жемістерімен қоректенеді. Қара шымшық та  орман үшін  пайдалы  құс. Сондай-ақ оның кейбір бұтаны  ағаштардың  жемісін бір жерден екінші жерге  тартуға  септігі бар.

Бұл құста  ұясын ағаш бұтағына, ағаш қуысына  салады. Онда 3-7 жұмыртқа салып көбейеді.

Алматы  қорығында бау-бақша, орман зиянкестерімен  күресте сары  шымшықтың маңызы зор. Олар көбіне ұсақ жәндіктермен  қоректенеді. Бір сары  шымшық тәулігіне  алты  мыңдай ұсақ жәндіктерді ұстап, қорек етеді екен.

Басының екі жағында  ақ дақтары, ал төбесінде  қара «тақиясы» бар бұл құс  ұшқыр қимылдайды,  республикамыздың солтүстік жжағындағы орманды  алқаптарда  мекендейді. Орман  шаруашылығына  және бау-бақшаға өте  пайдалылығын ескере отырып, 1965 жылы Алматы қорығына  үлкен  сары шымшықтың  145 –тейі  жіберілген. Онда ол жақсы  жерсініп, жасыл орман алқабын зиянды  насекомдардан қорғауға үлкен  септігін тигізеді.

Қорық территориясындағы  шырша орманында  тіршілік ететін құстардың бірі бұл-құр. Әдетте құр  Тянь-Шань  тауларында шырша мен  арша өскен  белдеуді  паналайды. Тіршілігінің көбін жерде өткізеді, тек қыста қорегін ағаш  бұтақтарынан теріп жейді.

Құр тіршілігіндегі  тамашалауға тұратын  кезең-оның «күй салтанатын» өткізу уақыты. Қорықтағы  тау жоталарында  көктемнің алғашқы  белгісі сізіле бастасымен-ақ  құр  тобында ерекше  қимыл, абыржу пайда  болады. Апрельдің аяғы-майдың  басында  құрдың қораздары шырша  бұтағында  отырып,  судың бүлкілдеп аққанындай дыбыс  шығарады. Бұл олардың «күй салтанаты» көп ұзамай  басталады  деген хабары. Оған 10-15 құс жиналып, өздерінің «күй салтанатын» өткізеді. Олар ұяға 16-ға дейін ғана  жұмыртқалайды. Қорық территориясында құр біркелкі таралғанымен, қры әлі көбейе қойған жоқ. Сондықтан да бұл ала бағалы құстың санын көбейту үшін қолдан келген  мүмкіндіктердің бәрін  жасауымыз керек.

Іле Алатауы  қойнауындағы шырша орманын мекен  еткен құстың бірі- самырсын құсы. Ол-ұзақтан  сәл кішірек, ақшыл жолақтары  бар, қоңыр қызыл келген құс. Ағаштың  басына шығып отыруды ұнатады. Ұя басар кезде  қалың орман ішінде кетіп, адам көзіне түспеуге  тырысады. Қорықтың қылқан жапырақты  орманында  самырсын құсы көктем мен  жазда  шырша зиянкестері сүрген, бізтұмсық  қоңыздар және ағаш қандласымен  қоректеніп, едәуір пайдасын тигізеді. Күз бен  қыста негізінен, шырша  жаңғағымен  қоректенеді. Самырсын құсының  биологиялық  бір ерекшелігі-қысқа азық қорын  жинады. Самырсын құсы да қорықта жақсы  қорғауға алынған.

Шырша орманына және  құстардан тағы да орман  шымшығын атауға болады. Ол ағаш құстарында 4-6 жұмытқа салып, балапан ұшырады.  Көктем мен жазда самырсын құсы сияқты, ол да  ағашты көп зақымдайтын  насекомдармен қоректенеді, ол орман  үшін пайдалы құс.

Еліміздің  ұлан-байтақ жеріне  көрік беріп, адамдардың  денсаулығын жақсартуына,  тынығуына, ел иелігіне пайда  келтіріп отырған орман шаруашылығының  қанатты достары туралы әңгіме болып  отырғанда осы сұлу  қонысты  мекендейтін тоқылдақ туралы  айтпай кетуге болмайды. Бұл құс ағашта  өрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Тұмсығы  қашау сияқты, табандары  қысқа, тырнақтары ішіне қарай иіліп, ал сыртқы  саусағы арт жағына  қарай қайрылып тұрады. Орманшылар  тоқылдақты «орман санитары» деп  айтады. Өйткені, олардың біреуі тәулігіне 700-ге жуық зиянкестерді құртады екен. Сонымен қатар тоқылдақтар тек зиянкес  жәндіктері бар  ағаштардың діңін ғана ойып-сонда  ұя салады. Мұның өзі  орманшыға  қандай ағаштың зақымданғанымен және оларды сақтап қалуға дереу шара  қолдану керектігін дер кезінде ескертеді. Алматы қорығында бұл құстың саны жылдан-жылға артып келеді. Табиғат байлықтарын қорғауға  алудың нәтижесі деп осыны айтуға болады.

Шырша орманында  тау  өзенінің бойын мекендейтін  құстың бірі шырша қайшы ауызының орны ерекше. Бұл құстың бір ерекшелігі-оның көктемде  жұмыртқаламай, қақаған  қыс айларында өсіп-өнуі. Шырша  қайшыауызы қаңар айында жұмыртқадан  балапандарын шығарып өрбітеді. Тағы бір қызығы қыста ұяда жұмыртқасын басып жататын құсқа қоректі үнемі қоразы жеткізіп отырады. Ол қашан  балапандарын  ұшырғанша ұядан шықпайды.

Кәсіптік  маңызы бар  қанаттылардан қорық  территориясында кекілік мекендейді. Сондағы 550-600 граммдай шағын келген бұл құс тас арасынд  өмір сүруге  бейімделген. Кекіліктің негізгі қорегі-тау  өсімдіктерінің жемісі мен  тамырлары. Соғатын кезеңі –қыс айлары. Осы  кезде  кекілік  көбіне таудың күнегей  беткейлерінде болып арнабас, қоңырбас сияқты шөптердің  тұқымын теріп жейді. Міне, осы уақытта қорық  қызметкерлері оларға  үстеме азық беріп, олардың қыстан аман шығуына  жағдай жасайды. Ол әр ұяға 7-ден 20-ға  дейін жұмыртқа салып,  балапан  ұшырады.

Алатау  қойнауындағы  қорықтың субальпі және альпі  белдеуіне көтерілгенде, тек  соларға ғана тән құстар көзге  шалынады. Суальпі белдеуінде арша  бұтақтары төңірегінде ұшып жүрген, арша ементұмсығын сұлулығын қызыға  қарайсың. Бұл қара ала  торғай  үлкендігіндей құс. Негізгі қорегі-тауда  өскен ағаш жемістері мен ұсақ насекомдар. Ұясын арша бұтақтарына  салып, 3-4 балапан шығарады.  Субальпі  белдеуіне тән бұл  сәнді құсты  қорғау керек.

Биік  тау шыңдарында  тіршілік ететін құстың ерекше түрі ұлар. Саслмағы 3 килогорамға  дейін жететін бұл құс көбіне таудың биік тасты  құздарында өмір сүруге  бейімделген. Жылдың көп  уақыттарында ұлар 5-10 нан  топтасып жүреді де, тек  көктемде ғана  жұптасады. Өте сақ құс.

Қорықтың  Іле өзені  бойындағы шөлді  бөлімшесінде қорғауға алынған құстың  бірі қырғуыл. Жетісу қырғауылы біздің елдегі таудың  тұқымдас құстардың  ең ерісі де сұлуы. Шөлді өңірде, сонымен қатар  жылқышы, бұлдырық құстар  тіршілік етеді. Жылқышы-түн  құсы. Қауіпті  сезсе, жерге бұға  қалады. Түсі де мекендеген  ортасына сәкес келеді.  Қорғауғ алынған  учаскеде саны өсіп келеді.

Қорық өңірінде  жартқыш құстардан қаршыға, жағалтай, үкі жаналық кездеседі. Олар ұясын ағашқ  салып,  балапанын сонда басып шығарады. Негізгі  қорегі-ұсақ кемірушілер мен торғайлар. Таудың биік құзырында  өлекселермен  қоректенетін  құмай да тіршілік етеді.

Міне, бұл  айтылған мәліметтер Алматы қорығында  қанатты  достардың көп  екендігін  сипаттайды. Олардың  көбейе түсуі  әдемі орманды оның  зиянкестерінен қорған қалуға әбден  көмектеседі. Оған мысал ретінде  шыныны келтіруге  болады. Кәдімгі қара ала торғай өзінің  балапандарын  қоректендірген кезде  8 мыңдай зауза қоқызын  және оның личинкалармен  құртады  екен.

Қорықт  елік, тауешкі, арқар, марал, қоңыр аю, барыс, сусар сияқты аңдар да бар. Әсіресе,  орманды дала  белдеуінде (2000 м биіктікке дейін) мін көбірек ездеседі. Бұл тұяқты жануар жүзге жуық өсімдік түрімен қоректенеді. Қыс аймақтарында тау етектерінде  тебіндеп жайылды. Тауда қар қалың түсіп, қыс аса суық болған  жылдары  елікті  қорық  қызметкерлері әр жерге шөп тастап,  үстеме  қоректендіреді. Елікпен бірге тау биігін  жайлаған  хайуанаттың бірі-таутеке. Ол қорықта альпі және  субальпі  белдеулерін қоныыс еткен. Жазда Алатау  қойнауында  мәңгі  мұзғ жақын жүреді де, қысқ қарай  шырша  орманына жақындап жайылады. Бұрын бұл өңірде оның саны өте аз еді, енді міне, қорғауға алудың нәтижесі көрініп-ақ тұр.

Елік  пен таутекеге қарағанда  мұнда  шарам сирек  кездеседі. Ол жапырақты  және қылқан жапрыақты орманды  мекен  етеді. Саны әлі де  шаманы 30- шы жылдары  Іле Алатауында арқар да едәуір кең  таралған болатын. Арқар қорықтық таулы  бөлігінде, тек адамның баруы  қиын кейбір  жоталарда  мекендейді. Қазіргі уақытта  қорықтық шөлді  бөлімшелерінде арқр Кіші және Үлкен  Қалқан  тауларында кездеседі. Бұл  шаңда олар  қоныстанатын 10 мың  гектардай жер болғанымен жазда  су көзінің тапшылығынан әрі азық қорының  жетіспеуінен олар  көршілер-Алтынемен. Матай жоталарына кетіп қалады. Қыстың суық күндері осы аңдар  мекендеген  жерлерге шөп  шашылып, үстеме қоректендіреді.

Биік  тау  құздарын мекен еткен аңның  бірі-барыс. Кейде тау  тұрғындары оны «ілбіс» деп те атайды. Бұл  –бүкіл таулы аймақта  сирек кездесетін және бірте-бірте  жойылып бара жатқан аң. Барыстың саны бүкіл дүние жүзінде  күрт азайып  кеткендіктен ол  қорғауға алынып,  табиғат қорғаудың  халықаралық  «Қызыл кітабына» енгізілген. Тұрғылықты  халық тарихынан да  қамқорлыққа  алынған.

Барыс - ерекше сымбатты, күшті және етті аң. Сондай-ақ мұнда  орман ішінде қорек іздеп  сілеусін де шарлап жүреді.  Соңғы жылдары Алатау  өңірінде  сілеусіннің саны өсіп келе  жатқаны  байқалады.

Шырша орманында, әсіресе, тау  жотасының теріскей беткейінде, т молайып келе жатқан бізді қуантады. Іле Алатауында бағалы тері беретін  бұлғын тіршілік етеді. Ақкіс пен аққалақ та Алатау етегінде көбірек кездесетін жыртқыш аңдар. Олардың мекендері-орман, ал қысқа  қарай іздеп, тау етектеріне қарай  түседі. Қорық жерінде  жыртқыш  аңдардың ірісі-қоңыр аю да  баршылық. Мұнда аюлар қыста тау үңгірлерінде аз  уақытқа  ұйқыға кетеді. Әсіресе, аюды күзде  жабайы-алма мен өрік өскен  бақтарда жиі  ұшырастыруға болады. Оқта-текте бұл шақда қысқыр да кездесіп қалады.

196-1964 жылдары  Іле Алатауының шырша орманына  шиін  жерсіндіреді. Қазіргі уақытта  ол бұл жерге жақсы  көндігін, саны өсіп келеді. Оның негізгі  қоректері-шырша  жаңғағы мен  бүрі.

Өрт сөндіру