Рудеральды өсімдіктер
Кіріспе
Семей өңірі қарқынды шаруашылық қолданыстағы аудандардың біріне жатады. Табиғи экожүйелердің түгелгедерлігі антропогенді факторлардың теріс әсеріне әртүрлі деңгейлерде ұшыраған. Семей қаласының орталық бөлігі рудеральды өсімдік жамылғыларының және оларды құрайтын элемент-фитоценоздарының жағымсыз трансформациясына әкеледі. Ірі қала табиғи ортаның барлық кешендерін айтарлықтай өзгертеді.
Рудеральды бірлестіктер,
әдетте табиғатқа қарқынды антропогендік
процестің нәтижесінде
Өсімдіктердің классификациясы қазіргі фитоценологияның маңызды бөлігі. Классификацияның даму деңгейі ғылымның жалпы теориялық жағдайын көрсетеді.
Топтардың флористикалық құрылысы мен ықшамды құрылымын есепке ала отырып рудеральды өсімдікдіктер оларды қалыптастыруға қабілетті, сонымен қатар доминант бола алатын түрлердің санына байланысты Браун-Бланке әдісін қолдануға болады.
Рудеральды өсімдіктер- (лат. Rudus- түр, ruderis- қиыршық тас, қоқыс ) сыпырынды, екінші рет пайда болған өсімдіктер. Рудеральды өсімдіктер құрылыс орындарының маңында, жол жиектерінде, бос қалған жерлерде өсіп шығады. Көбінесе нитрофил өсімдіктер болып есептеледі.
Бұзылған топырақтарда бірінші өсіп шығатын өсімдіктердің түрі- рудеральды өсімдіктер. Топырақтың бұзылуы табиғи (орман өрттері, көшкіндер), немесе адамның әсері ̵ конструкциялық (жол құрылыстары, құрылыста немесе кен орындарында) және ауылшаруашылық (мысалы, қараусыз қалған ауылщаруашылық жерлер). Рудеральды өсімдіктер әдетте, бірнеше жыл көлемінде басқа түрлер бәсекелестік қасиетін біртіндеп жоғалта бастағанда, бұзылған аудандарда олар үстем болады.
Рудеральды өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері:
- Тез өсетін тамырлары
- Микоризаға тәуелсіздігі
- Модест көшетінің қоректендіргіш талабы
- Көп мөлшерде тұқым беруі
- Тұқымның көп уақыт өнімділігін сақтауы
- Бір маусымда екі немесе үш рет тұқымнан өсіп, жаңа тұқымның беруі
Курстық жұмыстың өзектілігі: Синантропты флора мен өсімдіктердің қалыптасу процесі ерте кезден бастап қазіргі күнге дейін адамның даму кезеңдерімен бірге қалыптасып келеді. Бұл процесстердің негізгі тәсілдерінің бірі флористикалық құрам негізіндегі бірлестіктердің синантропты классификациясы болып табылады.
Өсімдіктерді
Қазіргі таңда табиғи ортада болып жатқан антропогендік процестер қызығушылық тудыруда. Адамның әрекеті әсіресе, өсімдік жамылғысына ерекше байқалып отыр. Батыс елдерінде өсімдіктердің антропогенді өзгеру процестері көптеген елдерінде зерттеліп жатыр, мысалы: Германияда, Чехия, Польша, Украина және т.б. елдерде. Қазақстанда рудеральды өсімдіктерді зерттеуге деген қызығушылық 1980 жылдардың ортасына қарай арта бастады, оның ең негізгі себебі Қазақстанның ірі қалаларында өндіріс қалдықтары үйілген, тастанды жерлер пайда болды. Оларда екінші кезеңдегі өсімдік түрлері өсе бастадды, яғни рудеральды өсімдік бірлестіктер. Бұл өсімдіктердің кейбір түрлерін пайдалана отырып, келешекте ірі массивті тастанды жерлерді көгалдандыруға болады.
Курс жұмысының мақсаты: Семей өңірінің өсімдік жамылғысын зерттеу және рудеральды өсімдіктер түрлеріне систематикалық сипаттама беру.
Курс жұмысының міндеттері: Курстық жұмыстың мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
- Семей өңірінің рудеральды өсімдіктеріне геоботаникалық зерттеу жүргізу;
- Зерттелген синтаксонды флораға анализ беру;
- Семей өңірінде кездесетін өсімдіктеріне салыстырмалы сипаттама беру;
Практикалық маңыздылығы: Курстық жұмыс флористикалық бірлестіктердің классификациясының практикалық маңызы мен жоғарғы ақпараттық құндылығымен ерекшеленеді. Семей өңірінің рудеральды өсімдіктері, сонымен қатар өсімдік жамылғысы мен бірлестіктері жаңа теориялық және практикалық ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Зерттеу материалдары қаланың өсімдік жамылғысының деградациясын, экологиялық бақылаулардың практикалық міндеттерді шешу үшін қажет. Зерттеу жұмысының матеиалдары геоботаника курсында, сонымен қатар жазғы далалық іс- тәжірибеде қолданылуы мүмкін.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Жұмыс 41 беттен, 1кестеден 42суреттен және 10 әдебиет тізімінен құралған.
- Рудеральды өсімдіктер туралы ғылыми еңбектерге шолу.
Қазіргі таңда табиғи ортада болып жатқан антропогендік процестер ғылымда қызығушылық тудыруда. Адамның әрекеті әсіресе, өсімдік жамылғысына ерекше байқалып отыр. Батыс елдерінде өсімдіктердің антропогенді өзгеру процестері көптеген елдерінде зерттеліп жатыр, мысалы: Германияда, Чехия, Польша, Украина және т.б. елдерде. Қазақстан мен Ресейде рудеральды өсімдіктерді зерттеуге деген қызығушылық 1980 жылдардың ортасына қарай арта бастады. Рудеральды өсімдіктерді зерттеу Браун-Бланке классификациясына сүйене отырып зерттеле бастады. Сонымен қатар бұл жұмыстар қалалар флорасының зерттелуіне арналған (Kunik, 1987; Montag, 1995; Brandes, 1982b), өсімдіктерге (Brandes, 1982a; Bornkamm, 1974; Pysek, 1977; Костылаев 1990a, Папуча, 1991). Ресейде осындай жұмыстармен Башқұртстан университенің ғалымдары айналысқан: А.Р. Ишбирдин. Б.М. Миркин (1988), А.Р. Ишбирдин және т.б. (1988), А.Р. Ишбирдин (2001), Миркин және т.б. (1985), Миркин және т.б. (1986). Қала флорасын зерттеумен сонымен қатар 1994 жылы Ильминских, Шмидт айналысқан.
Сібірде ботаник-ғалымдар өсімдік жамылғысының антропогенді өзгеру процестерін зерттеген. Олар: В.П. Седельников (1992), Т.А. Терехина (2000), Г.Г. Соколова (2003), Т.В. Антюфеева (2004). Қала территориясын зерттеуге де көңіл бөлінген: Т.А. Терехина (2000а, б), А.И. Пяк, И.Е. Мерзлякова (2000) және т.б. Дегенмен бұл зерттеулердің көбі қала флорасына арналған: .Е. Мерзлякова (1997); А.В. Суткин(2002); М.Г. Буданова (2003); Т.А. Терехина (1995); Т.М. Копытина, Т.А. Терехина (1995); Т.А. Терехина, Т.М. Копытина (1996а, б); Т.М. Копытина, Т.В. Астахова (2001); Т.М. Копытина (2003).
И.И. Полянскийдің «Ботаникалық экскурсия» 1968 жылы жарық көрген оқулығында рудеральды өсімдіктерге, оның ішінде арамшөптерге толығымен анықтама берген.
1.2. Зерттеу нысандары мен әдістері
Ғылыми жұмысты орындауда бірнеше ботаникалық зерттеу әдістері қолданылады. Солардың ішінде өсімдіктерді жинау, анықтау, кеппешөптер даярлау әдістерін пайдаландық. Өсімдіктерді жинау, зерттеу жұмыстары жауын – шашынсыз, жылы, ашық күндері жүргізіледі.
Кеппешөп – кепкен өсімдіктер коллекциясы – систематикалық, флористикалық және ботанико – географиялық зерттеулерге таптырмайтын ең маңызды негіз болып табылады. Ғылым үшін жер бетінің үлгілерін, табиғаттың құнды құжаттарын сақтап қалуға және өсімдіктерді жылдың кез – келген мезгілінде оқып зерттеуге, анықтауға мүмкіндік береді.
Жоғары оқу орындағы кеппешөп оқушылардың, студенттердің және асперанттардың ғылыми жұмыстарын оқу және жүргізу базасы, кең білім алудың міндетті элементі.
Семей өңірінде зерттеу жұмыстары келесі әдістермен жүргізіледі:
Өсімдіктерді жинау әдісі, яғни осы өңірдің өсімдіктерінен коллекция жасау үшін өсімдіктерді жинаудың арнайы техникасын қолдандық. Кеппешөп үшін өсімдіктерді жинауды ерте көктемнен қоңыр күзге дейін жүргізуге болады. Өсімдіктердің гүлдеп тұрған немесе тұқым беріп тұрған үлгісін жинау керек. Өсімдіктерді жинауды ашық ауа райында жүргіздік. Ол үшін таңғы сағат 10 – 11 аралығы ең қолайлы уақыт болып табылады.
Коллекцияға жиналатын өсімдіктер
міндетті түрде құрғақ болу керек. Егер
де ол дымқыл немесе ылғалды болса,
онда өсімдік көгеріп, шіріп, тез
бұзылып кетеді. Қағазға үлкен
өсімдіктерден 1 – 2, ал пішіні кішілеу
өсімдіктерден 10 – 12 үлгіні толтырып салдық.
Ал, сирек кездесетін немесе қорғауға
алынған өсімдіктерден
1. Папка мөлшері 35*50 см болатын ені бет картон немесе фанер. Әрбір бетте жылжитын төрт кесінді болу керек.
2. Қағаз мөлшері 45*60 см болатын екіге бүктелген. Кез – келген қағаз түрі (газет, фильтрлі қағаз т.б.) өте нәзік шөптесін өсімдіктер үшін, сонымен қатар ағаштар мен бұталардың бұтақтары үшін папкада қалың қағаздың болғаны тиімді. Олардың мөлшері стандартты кеппешөп қағазына сәйкес келу керек.
3. Өсімдікті қазып алатын құрал – жабдықтар. Шөптесін өсімдіктерді бүкіл жер асты бөлімдерімен бірге міндетті түрде қазғыш,кетпен, бақша күрекшесі немесе пышақтың көмегімен қазып алады, одан кейін топырағын ақырын сілкіп алған соң ғана оны қағазға жазады. Ағашты немесе бұталы өсімдіктердің бұтақшаларын бақша пышағымен, қайшымен немесе кәдімгі өткір пышақпен кесіп алады. Жағадан алыс орналасқан су өсімдіктерін ілгекпен немесе қармақпен алады.
4. Компас – дұрыс бағыт табу үшін;
5. 7 – 10 дәрежелі қол лупасы;
6. Этикеткалар. Онда: а) жердің географиялық орналасуын (облыс, аудан, жақын жерде орналасқан жергілікті пунктің атын және оған дейіңгі қашықтықты); кейде мекен ету ортасының (орман, шалғын, батпақ, қырат, жота т.б.) географиялық атауын қолданған қолайлы; тауларда теңіз деңгейінен жоғары орналасқанын көрсеткен жөн және топырақ типін анықтап алу керек; б) берілген түрдің таралу сипатын (бір – бірден, топтасып, сирек және т.б.); в) жинау уақытын (күні, айы, жылы); г) коллектордың тегі мен инициалын көрсетеді. Осы мағлұматтармен толтырылып көрсетілген этикетка ғылыми құжат болып табылады.
7. Дала күнделігі;
8. Қарындаш;
Осы өңірдегі өсімдіктерді жинауда олардың жеке топтарына көңіл бөледі. Өйткені әрбір өсімдік тобының өзінің жинау ерекшелігі бар. Мысалы, астық тұқымдастарын әдетте гүлдеп тұрған немесе тұқым беріп тұрған кезінде жинайды, өйткені олардың аналық гүлдерінің құрылысының, гүлшоғырларының орналасуының, қапшықтарының құрылысының маңызы зор. Ал, пиязшықтыларды асықпай еш жерін бүлдірмей, сыртқы қабыршағын сақтап пиязшығын қазып алады және сол арқылы анықтайды. Үлкен пиязшықтардың ортасынан бөледі. Итмұрындарды гүлдеудің әр түрлі кезеңдерінде және жемістері жетілгенде жинайды, өйткені жетілмеген жемістердің өзіндік маңызы бар. Сонымен қатар біржылдық өркенін алған жөн, өйткені итмұрынның пішіні өскен сайын өзгеріп отырады.
Өсімдіктерді салу және кептіру әдісі, яғни өсімдіктерді жинап алғаннан кейін оны бірден папкадан алып, кептіруге байланысты, сондықтан өсімдіктерді дұрыс салу мен кептіруге үлкен назар аударады.
Кеппешөп қағаздарына өсімдіктерді сабақтары мен бұтақтарындағы жапырақтары, бүршіктері, гүлдері, жемістері, сонымен қатар жапырақтарының теріс жағы көрсетіліп салынады.
Үлкен өсімдіктерді қағазға сиятындай және шетіне шығып кетпейтіндей етіп бұрыштап ақырын бүктейді де бүктелген жеріне ұзындығы 1 – 2 см болатын қағаз кигізеді.
Өте қалың сабақты немесе тамырсабақты өсімдіктерді ортасынан қақ бөліп салады. Қалың жапырақты немесе қалың бұтақталған өсімдіктердің жапырағының, бұтағының, гүлдерінің біраз бөлігін плып тастайды. Гүлдердің астына өте жұқа мақта салса және үстін қайта мақтамен жапса, онда гүлдері бүлінбей, қараймай жақсы өседі.
Жоғары сапалы кеппешөп жасау үшін төмендегідей жабдықтар қажет:
1. Кептіруге арналған пресс. Пресс – торлар ағашты немесе металды. Қағазға салынған өсімдіктерді осындай торлар арасына салып қалың арқан жіппен, белбеумен немесе мықты металды шынжырмен мықтап қысып байлайды. Пресс тордың мөлшері кеппешөп қағазының мөлшерінен біраз үлкен болуы тиіс. Пресс тор болмаған жағдайда фанер, қатты қағаз, тақташалар қолданып, араларына кептірілген өсімдіктер салып үстін ауыр заттармен бастырып кептіруге болады.
2. Қағаз кез – келген, мысалы, фильтрлі, ылғалды жақсы сіңіретін қағаздар. Бұл қағаздарды осы өсімдіктер арасына салады.
3. Мақталы матрастар – екі жұқа немесе фильтрлі қағаздың ортасына мақта (5 – 7мм) салынады. Мұндай кептірудің маңызы өсімдіктердің бөлімдерін жекелеп бөліп көрсетеді.
4. Гигроскопиялық мақталарды мақталы матрастар тәрізді қолдануға болады, әсіресе, оларды гүлдерді кептіруде қолданады.
5. Қатты қағаз – өсімдіктердің арасына салуға және өсімдіктердің будасын байлап қоюға қолданады. Өсімдіктерді ашық ауа – райында пресс торларды күн көзіне іліп қойып кептіреді. Осы өсімдіктерді құрғату және желдету әдісі барысында кептірілуге қойылған өсімдіктерді ең алғашқы күндері жиі бақылап, ішіндегі сорғыш қағаздарын әрбір 10 – 12 сағат сайын ауыстырып отыру қажет.
Осылайша уақыт өткен сайын 18 – 20 сағатта бір рет өсімдіктердің сорғыш қағаздарын ауыстырып, оларды жаңа сорғыш қағаздар арасына салып отырдық. Өсімдіктер толық кепкеннен кейін систематикалық бір жүйеге келтіріп, анықтап, анықталған өсімдіктерден кеппешөп дайындадық. Кеппешөп жасау үшін өсімдік мүшелері бүлінбей қағазға тігіледі де қағаздың төменгі жағына ұзындығы 13 см, ені 9 см болатын этикетка жапсырылады.
Жиналған өсімдіктерді анықтау үшін «Флора Казахстана» атты тоғыз томды кітапты пайдаландық. Өсімдіктерді кептіру мен кеппешөп жасауды А.К. Скворцовтың «Гербарий» атты және В.В. Полевик, Н.Ш. Карипбаева, Б.М. Силыбаеваның «Ботаникадан оқу – далалық практикасына арналған әдістемелігі» (2005) бойынша жүргіздік.
1.3. Семей өңірінің физико - географиялық сипаттасы
Семей Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр.
Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан батысқа қарай 40 км. Дегелең тауында Евразия супер -құрылығының Географиялық орталығы анықталған.
Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.
Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалдырған. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -450 – қа, жазда +450 –қа дейін жетеді.
Қала халқы 300 мың адамнан астам. Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.
Климаты. Шығыс Қазақстан облысының климаты шұғыл континентті. Территориясының солтүстігінде қоңыржай суық, ал қалған бөлігі қоңыржай- жылы болып келеді. Климаттың континенттілігі температураның тез өзгеруімен, ауаның құрғақтығымен, жауын- шашын мөлшерімен анықталады. Климаттың осылайша ерекше болуы территорияның Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасып, теңіз, мұхит суларынан алыста болуынан, территориясының солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылып жатуына байланысты.
Облыс территориясы дала мен шөлейт және биік таулы климат зоналарын қамтитындықтан, бір жылда күннен келетін сәуле 2500 сағат, жиынтық радиясы 120 ккал/ см болады. Жылдың орташа температурасы -3, -2,8̊ С дейн ауытқиды. Талтүстегі күннің көкжиек үстіндегі биіктігі ( Семей қаласы) 22 маусымда 65̊ С. Ең жылы ай- шілде, ең суық ай- қаңтар. Территориясының көп бөлігінде шілденің орташа температурасы +12, +20̊ С аралығында өзгеріп отырады. Суықта аязды қыс айы кей жылдары -50̊ С жетіп, тұрақты қар жамылғысы 5айға созылады(қараша- наурыз).
Көктемгі суықтар мамырдың аяғында болып, күзгі суық қыркүйектің басында болса, бұл облыс үшін қалыпты жағдай. Одан кейін күзгі жылы күндер басталады да, ашық, құрғақ, жылы ауа райы қарашаның басына дейін созылады.
Атмосфералық жауын- шашынның жыл бойғы таралуы әркелкі: оның көпшілік бөлігі, 70% - ы сәуірден қазанға дейінгі жылы мерзімге сәйкес келеді. Ол өсімдіктердің өсіп өнуіне қолайлы жағдай туғызады. Жыл бойғы жауын- шашынның жартысынан көбі шілде мен тамызда түседі.
Ішкі сулары. Шығыс Қазақстанның облысының жазық және аласа жерлерінде өзен торы аз кездеседі. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын Ертіс өзені облыстағы негізгі су магистралі. Ал қалған өзендердің суы аз болғандықтан Балқаш, Алакөл сияқты тұйықталған ішкі су ағынын құрайды. Жер бетіндегі сулар ағыс сипатына қарай тұрақты, суы тартылатын және маусымдық болып бөлінеді.
Ертіс. Облыстың өзен сулары ішіндегі ең көлемдісі Зайсан ойпатын бойлай ағып өтетін Ертіс өзені. Басын Моңғол Алтайынан алатын Ертіс Ақкезеңойпатының Бала Ертіс, Сібеті, Қу- Ертіс сияқты бұлақтарынан құрылып, Зайсан көліне дейін Қара Ертіс деп аталады. Өзен көлден ағып шыққанда Ақ Ертіс деген атау алады.
Ертіс өзенінің ұзындығы 4422 км, Қазақстан территориясында 1800км, облыс көлемінде 950км- ге созылады. Өскемен мен Семей аймағында өзеннің ені 120- 150м, қайрандардағы тереңдігі 9- 8м, иірімдеріндегі тереңдігі 5- 8м- ге дейін жетеді. Өзен суының тасуы сәуірдің орта тұсынан басталады. Жаз айларында су деңгейі төмендейді. Ертіс желтоқсанның ортасында қатып, мұз қалыңдығы 110- 115см- ге дейін жетеді де, наурызда ериді. Өзен тасыған кезде су- лайланып түрі өзгеріп кетеді. Ертіс суы гидрокарбонатты топқа жатады да, оның минералдылығы 150 - 200мг/л.
Топырақ және жер ресурсы. Облыс жерінде еңдік зоналылық анық байқалғандықтан топырақ жамылғысы сан- алуан. Солтүстіктен оңтүстікке (құрғақ дала), ашық қоңыр(шөлейт) және қоңыр топырақ зоналары бірін- бірі алмастырады. Шығыстау, Қалба жотасы, Алтай, Тарбағатай тауларының биік бөктерінде ендік зоналық биіктік белдеуге ауысып, сұр топырақ, субальпілік тау шалғындарында өзгереді.
Қара қоңырақ топырақ - Ертістің оң жағалауын алып жатыр. Қара қоңыр топырақтың үлесіне облыс ауданының 9- 10% тиеді. Белағаш даласы мен Тарбағатай жотасындағы орман топырақтарының таралған аудандарында сортаңсыз қара қоңыр топырақ кең алқапты алып жатыр. Қалбаның батыс бөлігімен Коростелев- Солонов далаларында сортаңды қара топырақ басым болады. Олар құрамына байланысты саздақты, құрылысына қарай кесек боп келеді. Бұндай топырақтар гумусқа өте бай, мелиорациялауды қажет етеді.
Ертістің оң жағалауындағы қара қоңыр топырақ шығыстағы Алтай бөктеріндегі қара топырақпен алмасады. Ал Бородулиха ауданының көпшілік бөлігін қара топырақ кешеніне жататын карбонатқа бай қара қоңыр топырақ алып жатыр. Алып жатқан жері небәрі 1% бола тұра, облыстың ең құнарлы топырағы осында. Сонымен бірге Белағаш даласының орталық бөлігімен Тарбағатай жоталарының оңтүстік беткейінде қара топырақ кең таралған. Ертістің оң жағалауын бойлай кең алқапты құм алып жатыр. Ол батысында құмдақты далаға ауысады. Бұл өлкенің топырағы эрозияға тез ұшырайды.
Ашық қоңыр топырақ - облыстың ұсақ шоқылы бөліктеріне таралып, Ертістен Алакөл қазан шұңқыры мен Балқаш бойы үстіртіне дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ашық қоңыр топырақ қабаты жұқа, құрамында гумусы аз, ұсақ тасты болады. Бұл топырақ облыстың 1/3 бөлігін алып жатыр.
Облыс топырағының өзіне тән тағы бір ерекшелігі, оның құрамындағы тұздың көп болуы.
Өсімдігі. Облыс территориясында солтүстіктен оңтүстікке қарай дала, шөлейт, шөл зоналары алмасып отырады. Таулы аудандарда зоналардың ауысуы жер бедеріне байланысты (биіктік белдеулікке байланысты). Облыстың өсімдік жамылғысына жер бедерінің әсері өте мол. Далалы жерлердің сан алуан болуына байланысты аңғарларда, сай салаларда, теріскей беткейлерде өсімдік жамылғысы сирек кездеседі.
Сортаңды жазық пен
сусымалы құмды жерлерге қарағанда,
облыстың ұсақ шоқылы үстіртті аудандарында,
таудың жартасты бөлігі мен оңтүстік
беткейлерінде өсімдік
Дала. Облыс жерінің солтүстігі мен Ертістің оң жағалауын құрғақ дала зонасы алып жатыр. Даласы шөптесін өсімдіктерге бай. Шөптесін өсімдіктерден атқонақ, ұйқы шөп, бидайық, бетеге, жусанның әр түрлері және тобылғы өседі. Шабындық өсімдіктері: жалбыз, бидайық, қоға, қияқ, қамыс өзен аңғарларында және ылғалды аласа жерлерде көптеп кездеседі.
Қарағайлы бор. Ертісті қуалай жіңішке алап болып 300 км жерге дейін созылып жатыр. Оны өте сирек кездесетін реликтілер қатарына жатқызуға болады. Аңызақ желдің өтіне тұрған қарағайлар сусымалы құмды бекітіп, ылғалды ұстап, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартады. Орман шеттерінде итмұрын, долана, қар жидек өседі.
Ертіс аңғары. Ылғалдың жеткілігіне орай аңғардың өсімдік жамылғысы өзінің сан алуандылығымен, молдығымен ерекшеленеді. Өзен жамылғыларында шалғын шөптер, ылғал сүйгіш жапырақты ормандармен алмасады.
Ағаш тұқымдастардан қара терек, ақ терек, тал, қайың, көк терек; бұталарадан: ырғай, тобылғы, итмұрын, долана, мойыл, қара жидек, жоңғар розасы өседі.
Семейтау, Делбегетей тауларының территориясында бұршақ тұқымдастары басқа шөптесін өсімдіктермен бірлестіктерді құрайды.
2.1. Семей аймағындағы рудеральды өсімдіктердің түрлері.
Адам әрекетінің нәтижесінде
қалыптасатын шөпті рудеральды өсімдіктер
жыртылған жерлер, кен орындары,
бос қалған жерлердің өсімдіктерімен
жақын, жанасып өседі. Бұл жерлердің
көптеген өсімдіктері емдік қасиетке
ие, кейде олар армашөпті өсімдіктер
түрінде де кездеседі. Бұрынғы құрылыс
орындары, мал шаруашылық фермаларындағы
құнарлы топырақтарда қос үйлі қалақай
мен сасықшөп таралады. Мұндай дәрілік
өсімдіктердің шикізат қоры айтарлықтай
мол. Құрғақ сасықшөптер қара меңдуана
және кәдімгі сасық меңдуанамен
қатар мекендейді. Сазды құрғақ топырақтарда
өсетін сасықшөптермен бірге ащы
жусан мен кәдімгі
Ι. Қалақайлар тұқымдасы - Urticaceae
Қалақай туысы - Urtica
Күйдіргіш қалақай - Urtica urens бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, ұзындығы 15—35 см. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама- қарсы орналасқан, кішкене, ұзындығы 2-5см, жұмыртқа пішінді. Қосалқы жапырақтары бар. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш безді түктер жапқан. Безді түктер денеге тисе түктің ұшы морт сынып, түбіндегі (ішіндегі) сұйықтық дереу денеге жайылып күйдіреді. Халық аузындағы «қалақай шақты» деген осы. Ұсақ және реңсіз гүлдері көбінесе дара жынысты. Аталықтарының саны 4, аналықтары екі жеміс жапырақшаларынан түзілген. Гүлшоғыры сырға, масақ түрінде. Жемісі өте ұсақ келген жаңғақ немесе сүйекті жемістер. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі, жиі кездесетін арамшөптер қатарына жатады. Қазақстанда кездесетін барлық түрінің құрамында белок көп болады. Көктемнің аяғынан бастап, жаз бойы гүлдейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында белок, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.
ΙΙ. Крестгүлділер тұқымдасы - Brassicaeae.
Сарбасқурай туысы - Sisimbrium
Дәрілік сарбасқурай – S.officinale көп жылдық шөптесін өсімдік. Шалғынды жерлер мен таудың тастақты беткейлерінде, өзен бойларында, жол жиектерінде, тұрғын үйлердің маңында, егістіктерде өседі. Оның биіктігі 20- 100см. Сабағы тік, жапырақтары қауырсын салалы, шеті иректелген, сырты түкті. Сары түсті, ұсақ гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым, шілде айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі бұршаққын. Сарбасқурайдың кейбір түрлері (мысалы, Лезелиев сарбасқурайы, өзгергіш сарбасқурай, биік сарбасқурай)- жақсы мал азықтық шөптер, олардан сүрлем дайындалады. Кейбір түрлері улы. Ал шалатікенді сарбасқурай (S.subspinescens)- эндемик түр деп саналады. Сарбасқурайдың арамшөптік түрлерінің өте көп ұсақ тұқымының құрамында 30%- ға дейін май болады.
Жұмыршақ туысы - Capsella
Кәдімгі жұмыршақ - Capsella bursa-pastoris бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде өседі. Оның биіктігі 50 см- дей. Сабағы жалаң немесе бұтақты болады. Ұзынша жапырақтары сабақ түбіне шоғырлана өседі. Ұсақ гүлдері ақ түсті шашақ гүлшоғырына топталған. Жұмыршақ айқас (мысалы, қоңыз, шыбын, т.б. ұсақ жәндіктер арқылы), өздігінен тозаңданады.сәуірден қара күзге дейін гүлдеп, жемістенеді. Жемісі- үш бұрышты бұршақ. Жылына 2- 3рет өнім береді (бір өсімдік 30мыңға дейін жеміс бере алады). Кәдімгі жұмыршақ арамшөптер сияқ, бір жылда екі рет тұқым шаша алады. Жұмыршақтың құрамында витаминдер, калий тұзы, гликозидтер, илік заттар, органикалық қышқылдар және эфир майы бар. Халық медицинасында жұмыршақты несеп ауруларын, жараны емдегенде және қан тазартатын дәрі ретінде, ал жазғытұрым оның көк шөбін тағамға пайдаланады.
ΙΙΙ. Бақажапырақтылар тұқымдасы - Plantaginaceae
Бақажапырақ туысы - Plantago
Үлкен бақажапырақ - Plantago major Қазақстанның барлық аймақтарында таралған тамырсабақты екі жылдық шөптесін өсімдік. Өзендер мен көлдердің жағалауларында, ылғалды шалғындарда, батпақты жерлерде өседі. Сонымен қатар, сирек те болса да үй маңайында және жол жиектерінде кездесетін арамшөптер ретінде де белгілі. Бүтін жиекті, розеткалы жапырақтары 3-7 жүйкелі. Гүл жапырақтарының қойнауындағы гүлдері жапырақсыз сабақтарда масақ гүлшоғырына жинақталған. Күлтесі қабыршақ тәрізді. Жапырағы халық медицинасында асқазан- ішек ауруларына және әр түрлі жарақаттарды емдеуде қолданылады.
Кең таралған өкілдеріне орташа (P.media), қандауыр (P.lanceolata) және үлкен бақажапырақты атауға болады. Бұл тұқымдас өкілдері жәндіктер және жел арқылы тозаңданады.
ΙV. Ерінгүлділер тұқымдасы - Labiatea
Сасықшөп туысы – Leonurus L
Қабықшалы сасықшөп - L.panzerioides екі не көп жылдық шөптесін өсімдік. Бұл тау баурайларында, өзен жағалауларында, жол жиегінде, бұталардың арасында өседі. Биіктігі 50- 200 см аралығында, тамырсабақты өсімдік. 4қырлы сабағы түзу өседі және түкті боп келеді. Жапырақтары қалақ тәрізді, саусақ салалы. Тостағанша жапырақшалары жіңішке конус пішіндес. Күлтелері алқызыл, жоғары еріні ақ түсті. Көп гүлді гүлшоғыры жапырақ қолтығына орналасқан. Маусым- шілде айларында гүлдеп, тамыз- қыркүйекте айларында жеміс салады. Жемісі- көп жаңғақша. Сасықшөптің құрамында алкалоид 0,009- 1,97%, эфир майы 0,04-0,15%, илік заттар 2,3-8,2%, С витамині бар. Халық медицинасында сасықшөпті шемен, ревматизм, асқазан ауруларын, созылмалы ішек аураларын емдеуге пайдаланады.
Шалфей туысы - Salvia
Дала шалфейі - S.stepposa сабақтары 30- 40 см, жай, тік болып келеді,сабағының негізі жалаңаш. Жапырағы сопақша- жұмыртқалы, қысқа сағақты, отырмалы жасыл түсті. Гүлшоғыры қарапайым, көбінесе сыпыртқы гүлшоғырына жинақталған. Тостағаншасының ұзындығы 0,6- 0,8 см, түтік немесе түтікті қоңыраулы, жоғарғы еріні жартылай дөңгелек, кішкене тісшелерімен, иректелген, аздап ойысталған. төменгі еріні жұмыртқа пішінді. Күлтесі көк түсті, тостағаншадан 2-3 есе үлкен, ұзындығы 1,5-1,8 см. Аталығы 2еу, тұқымы қара қоңыр түсті. Далалы өңірде тастанды жерлерде, жол жиектерінде кездеседі.
Жебір туысы - Thymus
Кәдімгі жебір - Thymus vulgaris хош иісті шала бұта. Қазақстанның далалы, жол жиегінде, жазық жерлерінде, қиыршық тасты тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 1-25см. Сабағы түп жағынан сүректеніп қатайып кеткен. Жапырағы бүтін жиекті, сағақты, кейде сағақсыз. Ұсақ, қызғылт, күлгін кейде ақ түсті гүлдері шоғырбас гүлшоғырын құрайды. Гүлдері қос жынысты, аталығы – 4, аналығы – біреу, тостағанша жапырағы да, күлте жапырақшасы да – бесеу. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі–жаңғақша. Жебірдің құрамында эфир майы көп. Одан алынатын тимол медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.