Рынок: мәні, құрылымы, постсоциалистік экономикада қалыптасу механизмі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» жоғарғы мектебі
«Экономика және менеджмент» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: Рынок: мәні, құрылымы, постсоциалистік экономикада қалыптасу механизмі
Орындаған: КУиА-102 тобының студенті
Оспанова З.Ж.
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы
Керімқұлова Д.Т.
Астана, 2011ж
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ..............................
І. Нарықтық экономиканың мәні
1.1. Нарық түсінігі
және нарықтық механизмнің қалыптасуы........
1.2. Нарықтың түрлері,
құрылымы......................
1.3. Нарықтық жүйенің
мәні және принциптері.........
ІІ. Қазақстан Республикасындағы постсоциалистік нарықтың қызметтері мен құрылымы, негізгі мәселелері
2.1. Қазақстанда нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы
мен дамуының мәселелері....................
2.2. Нарықтық экономикалық қалыптасуы және Қазақстандық үлгісі.......20-23
2.3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіру
жолдары.......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Қосымша материалдар...................
Кіріспе
1991 жылы тәуелсіздік алған кезінде Республиканың әлеуметтік экономикалық тұжырымдамасы болған жоқ, оның экономикасы жай дамыды, соның салдарынан Қазақстан терең дағдарыста болып отыр деген сөздер жиі айтылған.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» жолдауында былай деп атап көрсеткен: «Біз нені орнатқымыз келетінін, таңдап алынған мақсатқа қалай жететінімізді өзіміз білуге және түсінуге тиіспіз. Өзіміздің басты мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларды таңдап, осы жолмен ілгері басу кезінде ерік пен шыдамдылық көрсетіп, біз өзімізді жат бұрулардан, күш-қуатты, уақытты және ресурстарды өнімсіз жұмсаудан сақтандырамыз. Күшті стратегияға және нысаналылыққа ие бола отырып, біз өз жолымызда тұрған кез келген үлкен бөгеттерден ойдағыдай өте аламыз».
Еліміздің байлығын ұқыпты пайдалану әрбір кәсіпорынның, жалпы өндірістің басты мүддесі болуға тиісті. Осы мүддеге жету жолына жалпы халықтың ынтасы болуы керек. Кәсіпорындарды, жеке еңбек ұжымдарын және адамдарды осы мақсатқа ынталандыру, экономикалық тәсілдерді кеңінен қолданып, баға тетігін пайдалану, салық мөлшерін қысқарту, жеңілдетілген несие, қаржы беру арқылы жүзеге асырылады.
Нарық – өте күрделі, көптеген құрылымы бар ұғым. Бұл жағдай нарық жүйесін құрылымдық жағынан шектеудің көптеген белгілері бар екенін анықтайды және нарықты құраушы әлеуметтердің өзара байланысы мен қатынасын көрсетеді. Ең алдымен әртүрлі тауар топтарының (тұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлар, шикізат және дайын заттар) нарығы.
Нарық механизмі – бағаны және өндірісті анықтайды; мемлекет – салық салуды, шығындарды реттеп отыру арқылы нарықты үйлесімді пайдалану жолдарын іздестіреді.
Нарықтық әлеуметтік қарым-қатынастардың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкіндігі олардың қажеттілігіне қарағанда, табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілеті бар адамдар тек белгілі салада ғана жұмыс істеп, белгілі затты ғана өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған атауы бар әр түрлі тұтыну игіліктері мен қызметтерін қамтиды.
Жұмыстың негізгі мақсаты – экономикада және өндірісте нарықтық теория негіздерін зерттей келе, рыноктың, яғни нарықтың мәні мен құрылымын, постсоциалистік экономикада құрылу механизмін зерттеу.
Қазақстанда нарықтың қалыптасуын талдау арқылы нарық және оның алғы шарттары мен құрылымын ұсыну, олардың нарық экономикасы жағдайындағы жолдарын ғылыми түрде негіздеу.
Сонымен, рынок дегеніміз – тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экономикалық қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері – құн, баға, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экономикалық қарым-қатынас, олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған. Сұраныс пен ұсыныс заңы осыны жүзеге асыру нысаны ретінде әрекет етеді, оның іс-әрекеті айырбастың баламалылығын, ақша және тауар ағынының, төлем қабілеті ағынының, төлем қабілеті бар сұраныс пен ұсынылатын тауарлардың (қызметтердің) ара салмағын айқындайды. Нарық қатысушылардың бәрін, бір жағынан, бәсекеден, банкроттықтан, т.б. туындайтын экономикалық мәжбүрлеу арқылы, екінші жағынан, материалдық ынталандыру (пайданы молайту, т.б.) жолымен тауарлар мен қызметтердің жоғары сапада болуына, өндіріс шығынын азайтуға, тұтынушыларды ойдағыдай қанағаттандыруға бағдарлайды. Нарыққа тауар өндірушілердің тәуелсіздігі, олардың толық дербестігі, тауарлардың бағасын еркін белгілеуі, тұтынушылар мен жеткізушілерді еркін таңдауы, тауар өндірушілердің, сатушылардың өткізу бәсекелестігі тән.
Сонымен курстық жұмыстың өзектілігі ретінде Қазақстан Республикасындағы постсоциалистік нарықтың қызметтері мен құрылымы, негізгі мәселелерін қарастыра отырып тақырыпты жазу.
Рынок дегеніміз – ол сатып алу-сату қатынастарының бірден-бір жүйесі, оның құрылымдық элементтері болып: тауарлардың, капиталдардың, жұмысшы күшінің, құнды қағаздардың, идеялардың, ақпараттардың және т.б. рыноктары саналады. Рынок — нарықтық экономиканың негізі.
Курстық жұмыс екі бөлімге бөліп қарастырылды:
І бөлімінде рыноктың мәні, ұғымы, қағидаттары мен мақсат-міндеттері анықтылды.
ІІ бөлімде Қазақстан Республикасындағы постсоциалистік нарықтың қызметтері мен құрылымы, негізгі мәселелері, оның ішінде Қазақстанда нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының мәселелері қозғалды.
І. Нарықтық экономиканың мәні
1.1. Нарық түсінігі және нарықтық механизмнің қалыптасуы
Демократиялық қоғам тарихи жағынан нарықтық қатынастардың енуімен жалпылама сипатқа ие бола бастады. Мәдениеттің, демократияның, нарықтың арақатынастарын қарастырайық. Мәдениет пен нарықтың арақатынасы туралы әртүрлі, кейде бір-біріне қарама-қарсы көзқарастар бар. Алайда бір нәрсені анық айта аламыз: адамзат әлі күнге дейін адамдық әрекетті ынталандыру мен қоғамдық байлықты бөлудің нарықтан жетілген тәсілін ойлап тапқан жоқ. Нарықтық шаруашылыққа негізделген үлгілердің бір артықшылығын қоғамдағы экономикалық әрекеттерді, бір жағынан, тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес бағыттап, екінші жағынан, тауар дефицитін барған сайын өрістететін бәсекелестік пен еңбек өнімділігін арттыру арқылы жүзеге тиімді және рационалды шаруашылық процестері нәтижесінде қысқарту деп пайымдауға болады. «Әлеуметтік нарық экономикасы» атты кітабында X. Ламперт нарықтың төмендегідей приоритеттерін атап өтеді:
— еркін баға жүйесі ең төмен шығындарға негізделген және осы арқылы өндіріс құралдарын тиімді түрде қолданатын осыған дейін белгілі өндірістік қатынастардың арасындағы нағыз ұтымдысы болып табылады;
— өз шешімін қабылдауда автономды және ерікті болып табылатын кәсіпкерлер шығынды аз жұмсайтын өндіріс тәсілдерін қолданып, өзгермелі сұраныс жағдайында жылдам әрекет ете алады және өз әрекеттерінің тиімділігін қашан да естен шығармайды, керісінше, мемлекеттік экономикалық басқаруды жүзеге асыратын құрылымдар көптеген жағдайда динамикасыз, бюрократиялық машиналардың тетігіне айналып, дұрыс әрі тиімді шешімдер қабылдай алмайды және олар өндірістің жағдайымен кәсіпкерлерге қарағанда формалды түрде ғана таныс болып келеді;
— әкімшілік экономикасының үлгісіне қарағанда нарықтық шаруашылық моделі жеке белсенділік пен іскерліктің толыққанды, шығармашыл және еркін жүзеге асуына көбірек мүмкіндік береді;
— нарықтық шаруашылықта өндірушілер шектелген, қатал, міндетті жалпышаруашылық жоспарларымен тоқталынбайды, шаруашылық субъектілері өндіріс құралдарын өз мақсаттарында еркін қолданады және осы себептен нарықтық жүйеге және ондағы өзгерістерге жылдам бейімделе алады.
Нарық — бұл демократиялық құрал , онда әрбір тұтынушының дауыс құқығы бар.Мемлекеттік артықшылықтар, жеңілдіктер, коррупция және тыйымдармен шектелмеген нарық жүйесінде байлыққа жетудің бірден-бір жолы бар. Ол — тұтынушылардың талап-мұқтаждарын дер кезінде аңғарып, оларды өтеу мақсатында тынбай еңбек ету. Мәдениет нарықтық қоғамда оның әрекеттік принциптерінен тыс тұра алмайды, тіпті мәдениеттің өзі тауарға айналып кетуі мүмкін. Құндылықтың нарықтық ұғымы, айырбас құндылығының тұтынушы құндылықтан жоғары болуы, құндылықтың осыған ұқсас адамға қатысты, айталық адамның өзін өзі бағалауына байланысты ұғымының пайда болуына әкеліп соқты. Өзін-өзі тауар, ал өзіндік құндылық айырбасқа қатысты есептейтін мінез-құлық бағдарын нарықтық адам бағдары деп сараптайды. Соңғы жылдары «тұлғалық базар» деп аталатын әлеуметтік құбылыс қалыптасқан. Ондағы бағалау жүйесі мен принциптері тауар базарымен бірдей: біріншісінде — сатылуға тұлғалар ұсынылады, екіншісінде — тауарлар, табыс негізінен, адам өзін-өзі базарда сата білгеніне байланысты; қаншама оның сыртқы түрі жарасымды, қаншама ол тартымды? Белсенді? Керек адамдармен байланысқа түсе ала ма? Отбасылық жағдайы қалай? Қолынан не келеді, қаражаты қалай? Адам өзінің беделі мен құндылығынан гөрі, өтімді тауар болғанды көбірек қалайды. Элиталық тауар сияқты, адам модалы болуы керек, ал осылай болу үшін, тұлғалар бәсекесі қажет. Осы тұстан жарнама, бұқаралық ақпарат құралдары, неше түрлі «имидж» қалыптастырушылар іске кірісіп кетеді. Нарықтың бағасын ойлайтын адам өзін әрі сатушы, әрі тұтынушы ретінде қарастырады және оның көңіл-күйі тұлғаның өзінен гөрі, оған бағынбайтын сыртқы жағдайларға көбірек тәуелді болып шығады. Егер ол табыстан табысқа жетсе, онда құнды, ал сәтсіздіктерге жиі ұшыраса — құндылығынан айырылған. Ол өзінің ішкі мәнді күштерімен тұтас әрі үйлесімді емес, себебі ол үшін өзін-өзі жүзеге асырудан гөрі, нарық базарында табысты сатылғаны мәнді. Осында ділдік тип қазіргі мәдени ет жүйесіне де үлкен ықпалын тигізеді. Мәдениет бұл жағдайда шығармашылық пен жасампаздықтан, нарық мүдделеріне сай мол ақпарат жинақтауға көбірек бағытталады. Мәдени қайраткерлер өз туындыларының құндылығына қарағанда, олардың нарықтағы бағасына көп көңіл бөледі, басқаны ойлауға оның мұршасы да жоқ. Нарықтық бағдарды мәдени жасампаздықтан бөліп қарастыру салыстырмалы түрде жүргізіледі. Нарықтық бағдарға сынның абсолюттік мораль тұрғысынан берілетіндігін есте тұту керек. Нарықтық бағдар шынайы адамдық құндылықтарға әкелуі үшін, нарықтық қатынастар субъектілері белгілі бір қылық ережелерін сақтауға міндетті. Тек гуманистік, этикалық ережелерді бұлжытпай орындау нарықты қазіргі әлем мәдениетімен үйлесімді қоса біледі. Адамдық ынтымақтастықтың спонтандық тәртібі қалыптасқан жерде өз әрекеттерін жалпы мәдениеттілікке бағыттаған әлеуметтік топтардың нарықтық табыстары адамзаттық жоғары әдеп жүйесін нығайтады. Бұл процесс тура бағытты болып келмейді және адамдық топтар өз әрекеттерінде тек ылғи рационалды есепшілдікті басшылыққа ала бермей, көп жағдайларда жіберілген қателіктерінен сабақ алу арқылы коррекцияларға (түзетулерге) барып отырады және бұл түзетулер бәсекелік қалпында өтеді. Түбінде ынтымақтастық деңгейі жоғары топтар тарихта үтып отырады. Ф. Хайектің жазғанындай, «іс-әрекеттер ережелерінің эволюциясы ылғи даңғыл жолмен жүріп отырмады, өйткені қалыптасып қалған дәстүрлі көзқарастар эгоизмді қорғаштап, өзінікін дұрыс және әділетті деп есептеп келеді». Егер өркениет мәдениеттің арнаулы емес өзгерістерінің нәтижесінде біртіндеп қалыптасты десек, онда өркениетте моральды критерийлердің болмауы нарықты оның коррупциялық және криминалдық түріне айналдырады деген пайымдаудың көп негізі бар. Әрине, бүкіл тұлғалар нарығы мен өмірді қастерлеуге негізделген жоғары ізгілік этикасының арасында белгілі бір алшақтық бар. Алайда мынадай сұрақ туады: қандай моральға нарықтық бағдар сәйкес келмейді? Әрине, жоғары адамгершілік құндылықтары бүкіл моральдың мазмұнын тауыспайды. Мұрат — нормадан басқа күнделікті мақсаттарға сай нормаларда жеткілікті. Сонымен, нарықтық бағдар қандай моральды күнделікті өмірде негізге алады? Оны жеке мүдделерді үйлесімді ететін әлеуметтік әріптестік әдебі деп атауға болады және оның басты құндылықтарына әділеттілік (жеке басының жетістіктері бойынша), теңдік (құқық), тұлға дербестілігі және адам абыройлығы жатады. Тұлға орталықтық көзқарас маңызды болғанымен қоғам байлықтың бір қолда жинақталып, басқалардың кедейленуін қолдамауы керек. Әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықтың тереңдеуіне әртүрлі әлеуметтік әрекеттер қарсы бағытталуы тиіс. Қазіргі кезде мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық және мәдени реттеу функциялары артып келеді. Осыдан келіп қоғамдағы әділетсіздік пен теңсіздіктің жалғыз кінәлісі деп нарықты айта беруге жөн жоқ. С. Темірбековтың атап өткеніндей, дәстүрлі тарихи дамудың жемісі ретіндегі ұлттық мәдениеттің басты құндылықтарын таза нарықтық бағамен өлшеуге келмейді. Сол себепті шектеусіз нарықтық қатынастар жағдайында ұлттық құндылықтардың кейбіреулері нарыққа икемделе алмай, қолданыстан шығып, мұражайлық, этнографиялық құндылықтарға айналып кетеді/8-56 б./.
Нарықтық либералдану дәстүрлі құндылықтарды, нормаларды, институттарды, әлеуметтік-қызметтік стереотиптерді, өткен ұрпақтардың тәжірибесін өмірлік табыстарға жетудің стратегиясы ретінде жарамсыз және адекватты емес қылып, бұрын-соңғы болмаған қысымға алды. Осының нәтижесінде бұқаралық, азаматтық, әдептік және ұлттық өзіндік сананың деформацияға ұшыраған құрылымдары пайда бодцы. Оларда дәстүрлі құндылық-мағыналық иерархиялар мен басымдылықтар қиратылып не маргиналданып, қазіргі өмір ырғақтарына сай рухани-адамгершілік ұстанымдар әлі қалыптаса алмады. Осы жағдайларда дәстүрлі ұлттық құндылықтар арзандатылып және ескі раритеттер түрінде қалды, ал оларға иек артатын тұлғалар экономикалық прагматизмнің либералдық демократиялық принциптерін қабылдай алмады және өздерінің күнделікті әрекеттерінде бойкүйездік, селқостыққа немесе агрессияшыл тынымсыз девияцияға бұрыла бастады, кейбір тұлғалар ескі әлемнің құндылықтарының ауысуын бүкіл адамдық ынтымақтастық, руханилық жоғалуы деп жариялады. Нарықтық қатынастарға тежеусіз ерік бере отырып, мемлекет те өз әрекетінде осы стихияның ықпалында кетеді. Ол болашаққа бағытталған бағдарларды күнделікті өмір талаптарына құрбан ете салады. Болашақты бағдарламау адамның өзіне теріс әсерін тигізеді. Мысалы, «адамдық капиталды» инвестицияландыру мәселесін алайық. Қазақстан сияқты ТМД елдерінде стихиялық нарық табысты кейінірек түсіретін ғылым, білім, мөдениет салаларын қаржыландыру қиындықтарын туғызды. Тікелей пайда әкелмейтін бұл салалар құлдырай бастады. Мысалы, орта білімді қаржыландырудың пайдасын он жылдан артық күту қажет. Бірақ білімсіз халықтың болашағы солғын. Сол себепті таза прагматикалық ұстанымды шектеп, болашақты да ойлаған жөн. Мемлекеттің азаматтық қоғам салаларынан мүлдем кетуі, стихиялық нарық жағдайыңда мәдени еттің, ғылымның, білімнің толық коммерциализациясына әкеледі. ТМД елдеріндегі нарықтық экономика мен жеке меншіктік қатынастарға өтуінің кейбір тәсілдерін В. Эрн ұсынған «катастрофалық прогресс» терминімен де атауға болады. Нарықтық экономика тетіктерінің еркін қалыптасу принциптерін ұлттық игілікті бұрын болып көрмеген тойымсыз және тоқтаусыз талан-таражға салумен жиі алмастыру да ТМД елдерінің кейбір көріністеріне жатады. Осындай «тәжірибеге» талдау бере келе, белгілі бір сарапшылар мен ғалымдар классикалық либерализмнің нарықтық экономика, демократия, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет идеяларының ішкі қиындылығына күмән келтіре бастады: «Адам құқықтарын, демократия мен еркін нарықты бір-бірімен байланыстыру концептуалдық немесе эмпирикалық пайымдаудан гөрі құндылық пікіріне жақын... Нарыққа өту мен демократиялық биліктің арасында ішкі байланыс жоқ. Осындай байланыстың мүлдем болмауы да мүмкін». Нарықтың мәдени негіздерін сынау тек белгілі бір шекке дейін ақылға сыйымды. Одан тыс болса, ол адамзаттың артқа қалдырған кезеңдерін қайтадан қалпына келтіруді көздеуі мүмкін. Оның ішінде кертартпа үлгілерді мұратқа айналдыру қоғамға зиянын тигізбей қоймайды. Тағы бір ескеретін жай: адамзат заман талабына сай осы мәселе бойынша жауап таба білді. Қазіргі постиндустриялық өркениет үшін мәдени шынайы гумандық бастауларын жаңғырта алды. Дамыған елдерде мәдениет өзінің тартымдылығымен, көп функционалдығымен, адамгершілігімен, ыңғайлығымен және оптималдығымен көзге түседі. Бизнестің әр түрлі құрылымдары мен филантропиялық ұжымдар мен тұлғалар жоғары мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әрекеттерге барады, фирмалар мен корпорациялар қызметкерлерінің мәдени деңгейі артып келеді, мұның өзі нарықтық субъектілердің табысын көбейтеді, мәдениетті қолдау қоғамның рухани байлығын молайтады және әлеуметтік қақтығыстардың алдын алады, іскерлік және әлеуметтік белсенділікті жоғары деңгейге көтереді, осының бәрі қуатты мәдениет индустриясын қалыптастыруға мүмкіндік береді, Қазақстан жағдайында да осындай өркениеттілік бағдарларына бетбұрыс жасау қажеттігі бар.
Нарыққа бірнеше анықтама
беруге болады. Нарық – тауар
өндірісі және пайдалану заңдарына
сай ұйымдастарылған тауар
Нарықтық әлеуметтік қарым – қатынастардың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкіндігі олардың қажеттілігіне қарағанда, табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілет-қарымы бар адамдар тек белгілі салада ғана жұмыс істеп, белгілі затты ғана өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған атауы бар әр түрлі тұтыну игіліктері мен қызметтерін қамтиды.
Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат және т.б. тән нәрсе – олардың сиректігі немесе шектеулігі. Экономикалық-әлеуметтік теорияда бұл құбылыс шамалы «ресурстар заңы» деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлдекімнің даналығы немесе ақылдылығының нәтижесі емес, ол – еңбек бөлінісі мен нарыққа байланысты көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр түрлі ресурстар алу үшін өз еңбек өнімдерін бір-бірімен айырбастауға деген табиғи қажеттілігінен және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған байланысты А. Смиттің зерттеген «көрінбейтін қол» деген теориясына назар аударайық. Бұл теория бойынша, адамдардың экономикалық, шаруашылық субъектісі ретіндегі біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық түсіндіріледі. Әдетте ол саналы түрде қоғамға пайда келтіруді ойламайды, тіпті, оған қанша пайда келтіріп отырғанын сезбейді де. Ол тек өз мүддесін ойлайды және оның басты мақсаты - өзіне ғана пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір «көрінбейтін қол» оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа қарай бағыттап отырады. Сөйтіп ол жеке мүддесін көздей отырып, көп жағдайда әдеуметтік мүддеге де пайдалы әрекет жасайды.
Одақтың тек саяси және территориялық ыдырап қоймай, экономикалық байланыстарының күрт үзілуі, тәуелсіз елдің әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын қалыптастырудың түбірлі бетбұрысты реформалаумен қатар келуі, бұрынғы ведомствалық дамыту тәртібінің біржола бұзылуы.
Сонымен, әлеуметтік функциялар адам мен қоғамның сұраныстарынан туындайды. Экономикалық қатынастар, әлеуметтік құрылымдар тарихи өзгереді, жаңа сапаға енеді, әлеуметтік қатынастарға өз таңбасын басады.
Бүгінгі таңда құрал – жабдықтарға мемлекеттік монополиядан бас тарту; меншіктің әртүрлі формаларын енгізу; мемлекеттік кәсіпорындарды тауар өндірушіге айналдыру – экономикалық реформаға толық жол ашып отыр. Осы арқылы әртүрлі бір-біріне тәуелсіз өндіріс бөлімдері пайда болуда. Олар тауар-ақша қатынастарының жаңа сапасына көшуді, яғни нарықтық экономиканың әлеуметтендірілуін тездете түседі. Шындығында, қазіргі жағдайда нарыққа көшуден басқа балама жоқ. Нарықтық экономиканың өміршеңдігі мен тиімділігін бүкіл дүниежүзілік тәжірибе қуаттап берді. Біздің қоғамымызда нарықтық экономикаға көшу ең алдымен адамдардың мүдделерін қолдау ниетінен туындап отыр, ал оның түпкі мақсаты –әлеуметтік жағынан бағдарланған экономика құру; өндірісті тұтынушылардың талап-тілектеріне қарай бұру; тапшылықты және кезекке тұру сияқты қолайсыздықтардан құтылу; азаматтардың бостандығын іс жүзінде қамтамасыз ету; жоғары өнімділікі қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға деген талпыныстан туады.
1.2. Нарықтың түрлері, құрылымы
Нарық – өте күрделі, көптеген құрылымы бар әлеуметтік ұғым. Бұл жағдай нарық жүйесін құрылымдық жағынан шектеудің көптеген белгілері бар екенін анықтайды. Ең алдымен, әр түрлі тауар топтарының (тұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлар, шикізат және дайын заттар) нарығы.
Сонымен қатар, нарықты әлеумет
Нақты экономика жағдайында
нарық түрлері айырбасқа
түсетін субъектілердің
Нарықтың жеке түрлерін
1. Әлеуметтік өндіріс құрал-жабдықтарының нарығы. Нарықтың ішкі әлеуметтік құрылымы өте күрделі, оның маңызды бөлімі – өндіріс құрал-жабдықтарының нарығы. Бізде ұзақ уақыт өндіріс құрал-жабдықтары қозғалысының формасы материалдық-техникалық жабдықтау болып келді.
Материалдық-техникалық жабдықт
Көтерме сауда өнім өндіруші кәсіпорындар мен тұтынушы кәсіпорындар арасындағы тікелей сауда-саттыққа коммерциялық байланысты да, сондай-ақ олардың арасындағы шаруашылықты есептегі делдал ретіндегі көтерме сауда базасы арқылы болатын байланысты да қамтиды.
2. Капитал қорлар нарығы. Біздің әлеуметтік қоғамда, көпке дейін нарық қатынастары сферасына: жер, кәсіпорындар, ғылыми-техникалық, жетістіктер, жұмысшы күші, яғни өндірістің негізгі шарттары тартылмайды деген көзқарас болғаны рас. Ол бойынша мемлекеттелген экономиканың шын көрінісі бейнеленеді. Сонымен қатар, ресурстардың көлденең кәсіпорындар арасында қозғалысына жол берілмей, әрбір кәсіпорындар мемлекет бюджетінің қаржысы арқылы ресурстармен қамтамасыз етіліп отырды.
Қазіргі әлеуметтік жағдай бұдан өзгеше және бұл меншіктің әр түрлі формаларына көшуге тікелей байланысты. Әрине, мұның бәрі бір күннің ісі емес. Бүгінгі таңда меншіктің әр түрлі формаларының пайда болуына байланысты инвестициялық саясатша өзгеруде. Олардың көлденең кәсіпорындар арасында ауысуына жағдай туа бастады. Осындай ауысудың бір формасы – бағалы қағаз нарығы.
Қазір көптеген коммерциялық банктер ашылды, ал келешекте кәсіпорындардың әрқайсысына өз банктерін ашуға жағдай жасау белгіленген. Қоғамдық меншіктегі өндірістік объектілерді аукционда сату кең өріс алуда. Оларды кооперативтіге, жеке адамдарға сату басталады.
3. Әлеуметтік тұтыну тауарлары мен қызмет түрлерінің нарығы. Біздің бұрынғы Одақта бөлшек сауда яғни тұтыну тауарлары мен қызмет түрлері нарығының қажеттілігі 30-жылдардың өзінде-ақ мойындалған. Бірақ практика жүзінде бұл сауданың мазмұны бұрмаланды. Бөлшек сауданың нарықтың қатысуынсыз бөлуге кең жол ашылды, тіпті қазірдің өзінде де мемлекеттендірудің әр түрлі формалары варианттары сақталып отыр.
Бүгінгі таңда тұтыну
Сонымен қатар, кейінгі жылдары жүзеге асырылып жатқан шаралар нарыққа жол ашуда. Ол неге байланысты?
Біріншіден, мемлекеттік сауда монополиясынан бас тарту. Қазіргі кооператорлар мен жеке сауда-саттықпен айналысушылар – сатушылар мен сатып алушылардың жаңа категорияларының пайда болуына себін тигізуде және нақты нарықтың әлеуметтік тұғырда қалыптасуына жол ашуда.
Екіншіден, бұл өзгерістер жеңіл тамақ өндірісі кәсіпорындарын нарық әдістерімен реттеуге көшуге және бөлшек сауданы қайта құруға байланысты. Әкімшілдік-әміршілдік басқару кезінде: қоғамдық тамақтандыру орындары, дүкендері, кәсіпорындар өздерінің белсенділігін көрсете алмайды. Бұдан шығатын бірден-бір жол-өндірушілер мен тұтынушылардың тікелей байланысы.
4. Әлеуметтік ғылыми-техникалық шешімдер нарығы. Нарық қандай бір қоғамда болсын, олардың даму процесінің барлық кезеңдерінде орын ала бермегені белгілі. Міне, осыдан келіп ғылыми-өндіргіш күштердің маңызды факторына айналануына байланысты екендігі көрінеді. Бірақ бұл қажеттілік көпке дейін жүзеге асырылмай келді. Ғылыми-техникалық шешімдер бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылып, тұтынушыларға сатылған жоқ. Ол жағдайда кәсіпорындарға бір орталықтан бөлініп, тағы да сол орталықпен бөлінген қаржыларға сатылып алынды.
Сол себептен көп жағдайда өнім өндірушілер үстемдік етіп отырды. Бұл, бір жағынан, ғылыми-техникалық шешімдерді өндіріске тек күштеп «енгізуді» талап етсе, ал екінші жағынан, тапсырыс берушілердің осы шешімдердің тиімділігіне деген талабын кемітіп отырды/10-71 б./.
Соның нәтижесінде жаңа техниканың бағасы және оны игеру мерзімі 20-40 жыл әрдайым өсе түсіп, қор қайтарымын кемітуге мәжбүр етті. Сондықтан жалпы ҒТП экономика жағынан тиімді болмай, күрт баяулап, техника-технологиялық бағытта капиталистік мемлекеттерден артта қалуымызды жеделдетті. Бұның өзі әлеуметтік нарық анализінің проблемаларын ашып көрсетеді.
Елімізде әлеуметтік жұмыс
Нарық жағдайында ғылыми-техникалық шешімдерді кәсіпорындарға зорлап беру жойылып, әрбір кәсіпорын оны алу-алмауды өздері шешеді, ал тұтынушылар өндірушілерге тәуелді болмайды.
5. Бағалы қағаздар нарығы. Бұлардың негізгі түрлері: акциялар, бағалы қағаз, дивиденттер, олардан түсетін пайда кәсіпорындар әрекетінің нәтижесіне байланысты және облигациялар, бұлардың белгілі бір мезгілге сәйкес нақты проценті көрсетіліп шығарылады.
Бірінші жағдайда – акция
Екінші жағдайда – облигация қожасы тек несие беруші ғана, ол яғни несиеге ақша беруші рөлін атқарады.
Акцияға жұмсалған қаржыны
қайтадан қайтарып алу үшін
сол акцияны валюта нарығында
Бағалы қағаздар нарығын құру,
басқа да әлеуметтік
6. Әлеуметтік еңбек нарығы. Жалдау формасы біздің елге тән құбылыс екеніне күмән жоқ, бірақ ол іс жүзінде қалай болса, солай жүргізілді.
Ал қазіргі әлеуметтік жағдай аз да болса өзгеріп келеді. Меншіктің әр түрлі формаларына көшуге байланысты қоғамның әрбір мүшесіне жұмыс орнын ерікті түрде таңдауына ғана емес, сонымен қатар, өзінің жұмыс күшін өз еркімен пайдалануына да кең жол ашуда. Олардың әлеуметтендірілген өндірісте мемлекеттік немесе ұжымдық жұмыс істеуі, жеке еңбек әрекеті, жалдамалы еңбекпен айналысу құқықтары кеңейтілуде. Сонымен қатар, келешекте әрбір адамның өз еліндегі орнын анықтануына, тіпті басқа елге кетуіне мүмкіндік туды.
Нарықтық экономикаға көшуге орай, жұмысшы күшінің жұмыс орнынан босану процесі өрістеуде. Болашақта жұмыс орны кепілдік түрде анықталмайды, яғни еңбекке жалдау нақты түрде жүзеге асырылатын болады. Бұл жағдай, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбеккерлердің табысының өсуіне, ғылыми-техникалық прогресті біршама тежейтін формаларды жоюға жол ашады.
1.3. Нарықтық жүйенің мәні және принциптері
Рынок — тауарларды сатып алу-сату формасындағы өнім өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы жанама, тікелей екі-жақты байланыс; тауар-ақша қатынастарын іске асыру саласы, сонымен бірге құралдардың, әдістердің, жабдықтардың, ұйымдық-құқықтық нормалардың, құрылымдардың және т.б. сондай қатынастардың орнығуларын қамтамасыз ететін барша жиынтық. Рынок — ол сатып алу-сату қатынастарының бірден-бір жүйесі, оның құрылымдық элементтері болып: тауарлардың, капиталдардың, жұмысшы күшінің, құнды қағаздардың, идеялардың, ақпараттардың және т.б. рыноктары саналады. Рынок — нарықтық экономиканың негізі.
Рынок — ол жеке тауарлар мен қызметтерді көрсетіп, сатып алушылар (сұраным ұсынушылар) мен сатушыларды (дайындап жеткізушілерді) ұштастыратын құрал немесе тетік. Кейбір рыноктар жергілікті ауқымда, ал кейбіреулері халықаралық немесе ұлттық сипатта болады. Олардың кейбіреулерінде сұраным ұсынушылар мен дайындап берушілер арасында тікелей байланыс болады. Ал кейбіреулерінде сатушы мен сатып алушы өзара тікелей байланыста болмайды, олар бірін-бірі ешуақта көрмейді және білмейді.