Рыноктык бага
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1-ТАРАУ.
РЫНОК ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ..........
1.1. Рыноктің
пайда болу себептері және сипаттамасы...................
1.2. Рыноктің
атқаратын қызметтері. Рыноктік экономиканың
артықшылықтары мен кемшіліктері..................
1.3 Рыноктік
ифрақұрылым және оның
2-ТАРАУ.
МАРКЕТИНГТЕГІ БАҒАНЫ
2.1 Баға
нарықтық шаруашылық
2.2 Нарықтағы
бағаны қалыптастырудың
3-ТАРАУ.
БАҒА БЕЛГІЛЕУГЕ ӘСЕР ЕТУШІ
ФАКТОРЛАР.....................
3.1. Тауарға
бағаны қалыптастырудың негізгі тәсілдері.....................
3.2. Бағаны
тауардың құндылығын сезіну негізінде
белгілеу......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ГЛОССАРИЙ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
ТІРКЕМЕЛЕР
Нарықтық
механизмнің негізгі
Бағаның құрылуы пәні жоғары оқу орындарындағы көптеген мамандықтар бойынша оқу бағдарламасына еніп отыр. Бұл пәннің негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға – күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.
Жұмыстың негізгі мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы тауарларға баға қалыптастыру саласын дамытудың актуалды мәселелерін табуға ұмтылыс және мемлекеттік нарықтық саясатының мазмұнын талдау.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
маркетинг жүйесіндегі қызмет көрсету мен тауарлардың алға жылжуын қамтамасыз ету мәселелерін ашып көрсету;
маркетингтегі баға саясатының тауар мен қызмет көрсетудің дамуында кері әсер туғызатын факторларды көрсету;
маркетинг
жүйесіндегі тауар мен қызмет
көрсетудің қалыпты деңгейде дамуы
үшін баға саясатының мазмұнын талдау
және оны іске асыру;
1-ТАРАУ.
РЫНОК ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
1.1.
Рыноктің пайда болу себептері және сипаттамасы
Тарихи мәліметтерге сүйенсек, тауар алмасу үрдісі Вавилондықтарда (б.д.д. 4-6 мың жыл бұрын) болғандығын аңғарамыз. Әйгілі грек ойшылы Аристотель (б.д.д. IV ғасыр) алғаш рет «Тауар», «Ақша», «Құн», «Тұтыну бағасы», «Экономика» деген терминдерді күнделікті тұрмысқа ендірген. Қазақ жерінен өтетін «Жібек жолы» бойында (б.д.д. 2-3 мың жыл бұрын) көптеген сауда орындары, атақты жәрмеңкелер (Сайрам, Тараз, Қоянды, Қарқалы) болған. ХІV ғасырдан бастап тауар алмасу ақша арқылы жүзеге асырыла бастады. ХVIII ғасырда Ресейде 1,5 мыңнан астам жәрменкелер халықтың сұранысын өтеп тұрған. Келе-келе саудагерлер, сауда орындары, сауданың бартер мен биржа және көтерме сауда сияқты біте қайнасып, нарық халық пен мемлекеттің үйреншікті ісіне айналып кетті. Нағыз нарықтық қатынастар XVI-XVII ғасырда қалыптаса бастады, ал сауда жасау мәртебесі кәсіп болып саналды. 1880 жылы Француз экономисті Ж.Б. Сей «Кәсіпкер» деген экономикалық жаңа термин ендірген, содан бері кәсіпкерлік іс-әрекет, кәсіпкерлік, кәсіпорын дами түсті.
Рыноктік қатынастар мәнін анықтауда рынок түсінігінің екі жақты маңызы бар екенінен шығу керек. Біріншіден, рынок өз мағынасында айырбас, айналым сферасында іске асырылатын өткізуді білдіреді.Екіншіден, рынок – бұл өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерін қамтитын адамдар арсындағы экономикалық қатынас жүйесі.
Рынок меншіктің тауар-ақша байланыстары мен қаржы несие жүйесінің түрлі түсті нысандарын пайдалануға негізделген эканомиканың әрекет етуінің күрделі механизмі ретінде жүреді. Айналымнан басқа рыноктік қатынастарға жатады:
-
екі субъект арасындағы өзара
байланыс рыноктік негізде
-
шетелдік фирмарлармен
- еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процестері;
- белгілі бір процентпен несиелерді беру кезінде несиелік қатынастар;
-
тауар, қор, валюта биржалары
мен басқа элементтерді
Егер
рынокта бiрнеше монополия
Кесте 1.
| Сипаттамалары | Рыноктың үлгiлерi | |||
| Жетiлген бәсеке | Мемлекеттiк бәсеке | Олигополия | Таза монополия | |
| Фирмалардың саны | Көптеген | Көп | Бiрнеше | Бiр ғана |
| Өнiмнiң типi | стандартталған | Жеке бөлектендiрiлген | Стандартталған немесе дифференцияланған | Өте сирек кездесетiн, болмаса жоқ |
| Бағаға бақылау жасау | Жоқ | Шамалы, белгiлi бiр шекке дейiн ғана | Өзара тәуелдiлiктен шектелгенi, астыртын келiсiммен едәуiр | Әжептеуiр, бағаға тiкелей үстемдiк |
| Салаға кiру жағдайлары | Өте жеңiл, тосқауылдар жоқ | Жеңiлдеу, бiрақ кейбiр шектеулер бар | Кейбiр шектеулер бар, қиындау | Мүмкiн емес |
| Бағадан тысқары бәсеке | Жоқ | Жарнамаға, сауда белгiсiне, сауда маркасына және т.б. елеулi көңiл аудару | Басым, әсiресе
өнiм дифференцияланған |
Негiзiнде жарнама, қоғмдық ұйымдармен фирманың байлынысы |
| Мысалы | Ауыл шаруашылығы | Бөлшек сауда, киiм, аяқ киiм өндiрiсi | Болат, автомобиль, ауыл шаруашылығы жабдықтарын, тұрмыстық электр құралдарын өндiру | Көпшiлiкке қызмет жасайтын жергiлiктi кәсiпорындар |
| Ақпаратқа қол жетiмдiлiк | Бәрiне бiрдей жеңiл | Кейбiр шектеулер бар | Елеулi шектеулер бар | Елеулi шектеулер бар |
Жоғарыдағы кестеде теориялық деңгейде бәсекенің типтері көрсетілген. Экономикалық теорияның өкілдері ұзақ жылдар бойы І дүниежүзілік соғысқа дейін рыноктық экономиканы жетілген бәсеке күресі тарапынан зерттеп келді. Монополияны олар рынокқа әсер ете алмайтын кездейсоқ құбылыс деп санады. Тіпті монополиялық бағаның теориясын жасаған А.Курноның өзі де монополияны кездейсоқ нәрсе деп есептеген.
Қазіргі
таңда нақты рыноктардың басым
көпшілігінде монополиялық құрылымдар
үстемдік жасайды. Әрбір рыноктағы
(саладағы) олардың саны онша көп
емес, сондықтан қазіргі рынок
олигополиялық рынок деп
Бәсекенің типтерін оның түрлерімен шатыстырмау керек. Егер бәсекенің типтері рыноктық жағдайға байланысты жіктелетін болса, оның түрлері бәсекелесудің тәсілдері арқылы жіктеледі. Осы айтылғандарды төмендегі схемамен түсіндіруге болады.
Бәсекенің түрлерін оған кімдер қатысатыны арқылы да жіктеуге болады:
еркін бәсеке, яғни «жалпылама соғыс», «бәрінің бәрімен соғыысы»;
монополиялардың өзара бәсекесі;
монополиялар мен аутсайдерлер арасындағы бәсеке;
аутсайдерлер (монополия емес кәсіпорындар) арасындағы бәсеке;
трансұлттық корпорациялар арасындағы бәсеке;
салалық бәсеке (сала ішіндегі фирмалар арасындағы);
салааралық;
экономикалық блоктар арасындағы;
әлемдік, мемлекеттер арысындағы бәсеке.
«Еркін бәсеке заманы» деп аталатын қоғамдық дамудың сатысында бәсеке шектелместен қызмет атқарды. Оған белгісіз рынокқа тауар өндіріп отырған көп санымен сипатталатын оқшауланған ұсақ және орташа қуатты фирмалар қатысып отырды. Олардың бірде біреуінің экономикалық жағдайы (қуатты) өнімнің басым бөлігін өндіруге немесе бағаға ықпал жасауға мүмкіншілік алып бере алмады. Осы кезеңде бәсекенің негізгі түрлері ретінде ішкі салалық бәсеке айқын байқалып тұрды.
Рыноктық
қатынастардың эволюциялық
Мұндай
рыноктық жағдай біртектес өнімнің
әртүрін шамалы фирмалардың саны
өндіру мен таңба (марка) болуымен сипатталады.
Мысалы, Қазақстан Республикасының
ұн өнімдері рыногында «Цесна Астық»,
«Султан», «Корона», «Ақ бидай», «Ел ырысы»
сияқты монополист фирмалардың бәсекесі
қалыптасты. Өнімдерін фирмалық таңбамен
белгілеп, диверсификациялаған. Әлемдік
рынокта спорт тауарларын өндіріп, оларды
сатуда Nike, Puma, Adidas, Reebok сияқты фирмалардың
арасында бәсеке өнімдерді дифференцияциялау
арқылы жүріп жатыр.
1.2.
Рыноктің атқаратын қызметтері.
Рыноктік экономиканың
Рыноктың атқаратын қызметтерін ашу үшін алдымен келесі мәселені түсініп алу керек. Жоғарыда айтқандай «рынок» деген ұғым экономикалық категория ретінде екі түрлі мағынада түсінілетін ұғым. Біріншіден – ол қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың формасы, екіншіден - ол эквивалентті түрдегі айырбас сферасы Демек, рыноктық экономика үлкен жүйе ретінде біршама егеменді 2 кіші жүйелерді қамтиды: 1) тауарлы өндіріс; 2) рынок (айырбас сферасы ретінде).
1. Рынок өндірісшілер мен тұтынушыларды өзара байланыстырады. Яғни рынок өндіріс пен тұтыну сферасын интеграциялайды. Рынок болмаса тауарлы өндіріс те жоқ, тұтыну сферасы да қажеттіліктерді өтейтін игіліктерсіз қалады. Мұндай байланыстар неғұрлым жетілген сайын соғұрлым рыноктық тұтқалар тиімді қызмет атқарады және керісінше.
2. Рынок ұдайы өндіріс процесстерінің толассыз және үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз етеді.
3. Реттеушілік ќызмет. А.Смит «көрінбейтін қол» деп атаған рыноктық тұтқалардың экономиканы өздігінен реттей алу, жетілдіре алу қабілеті бар. Тауарлардың көлемі мен ассортименттік құрамы бойынша өндіріс пен тұтынудың, сұраным мен ұсынымның арасында үйлесімділік пен баланстылық орнайды. Рынок арқылы өндірістік ресурстар ұлттық экономика көлемінде тиімді үлестіріліп, орнастырылады.
4. Ынталандырушы (экономикалық мәжбүрлеу) және селективті қызмет. Рыноктық механизмдер кәсіпкерлерді тиіміді шаруашылық жүргізуге, еңбек өнімділігін арттыруға, өнімділікке, пайданы максимилизациялауға, жаңа технологияны ендіруге ынталандырып отырады. Сонымен қатар рынок «табиғи сұрыптауды» да жүргізіп, экономиканы өміршең емес, әлсіз буындардан тазартып отырады.
5. Ақпараттық қызмет. Рыноктың субъектілері кәсіпкерлік пен бизнеске қажетті тауарлар мен қызметтерді бағалары, түрлері, несиенің шарттары, проценттік ставкалардың деңгейі жєне т.б. туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Рынок арқылы кәсіпкерлер мен қарапайым тұтынушылар бүкіл экономика туралы, оның даму зањдылықтары мен тенденциялары туралы ќажетті мєліметтер алады.
6. Шаруашылық өмірді демократияландыру.Әсер етудің рыноктік тетіктері көмегімен қоғамдық өндірісті оның экономикалық өмірлік қабілеті жоқ элементтерінен босату жүргізіледі және осының есебінентауар өндірушілердің дифференциясы іске асырылады.
Рыноктік
экономика төмендегілерден
1. Ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;
2.
Өндірістің өзгеруші
3. Тұтынушылар мен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді.
4. ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары, әдістерін енгізу үшін жағдай жасауға көмектеседі;
5. Өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер саласын арттыруға бағытталады.
Рыноктік экономикаға мынадай белгілі бір кемшіліктер тән:
1. Табыс алуға кепілдік бермейді;
2. Толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;
3. Қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;
4. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;
5.
Ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен
қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды
қамтамасыз етпейді.
1.3.
Рыноктік инфрақұрылым және оның элементтері
Рыноктік инфрақұрылым – бұл ерекше рыноктар негізінде әрекет етіп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысының жиынтығы, рыноктік экономика объектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен олардың белгілі бір нақты рыноктік кеңістіктегі бірлігін қамтамасыз ететін қызметтер түрлерінің жиынтығы.
Рыноктік инфрақұрылым элементтері:
Тауар және қор биржалары; сауда үйлері; көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары; жәрменкелер мен көрмелер; аукциондар; делдалдық құрылымдар; сауда-өнеркәсіптік палаталар; кедендік мекемелер; түрлі қызмет көрсететін ұйымдар мен мекемелер.
Рыноктық
экономика тез бой көтерiп, толыққанды
қызмет атқаруы үшiн алдымен рыноктық
инфрақұрылымның элементтерiн
Кесте
2.
| Рыноктық инфрақұрылымның элементтерi | |
| Биржалар
(тауарлар, қорлар, еңбек)
Банктер Бизнес (коммерциялық) орталықтармен компаниялар Брокерлiк кеңселер Аукциондар Жәрмеңкелер Лизингтiк компаниялар Жарнамалық-ақпараттық агенттiктер Салық жүйесi Бизнестi ынталандырудың және қолдаудың қоғамдық және мемлекеттiк қорлары |
Инспекциялар (құнды
қағаздарды бақылау, салық, кеден, баға
мен стандартты бағылау)
Сауда үйлерi Консультациялық-делдалдық фирмалар Аудиторлық компаниялар Маркетингтiк зерттеулер жүргiзу орталықтары Бизнес инкубаторлар Кәсiпкерлердiң әртүрлi ассоцияциялары Сақтандыру компаниялары Несие жүйесi Сауда палаталары еркiн кәсiпкерлiктiң арнайы аймақтары (зоналары) |
Жоғарыда аталған рыноктық инфрақұрылымның элементтерi еріккеннiң ермегi үшiн емес, рыноктық қатынастардан объективтi туындайды. Олар рынокқа қатысушылардың қызметiне өркениеттi сипат беру үшiн қалыптасады.
Рыноктық инфрақұрылым келесi функцияларды (қызметтердi) атқарады:
а. рыноктық қатынастарға ұйымдастырылған – жүйелiк сипат беру;
б.
рынокқа қатысушылардың мүдделерiнің
жүзеге асырылуын, тауарлары мен
қызметтерiн өткiзуiн
в. кәсiпкерлердiң экономикалық қызметiн жеңiлдету және жеделдету;
г. бизнес iсiне экономикалық және құқықтық бақылау жасауды, мемлекеттiк және қоғамдық реттеудi жеңiлдету;
д. жалпы рыноктық экономиканың тиiмдiлiгiн арттыру.
Рыноктық экономиканың бiрқалыпты тиiмдi қызмет атқаруы құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық кеңiстiкпен қамтамасыз етумен қатар рыноктық инфрақұрылымның болуына да байланысты. Неғұрлым рыноктық инфрақұрылымның элементтерi толық қалыптасып, олар еш кедергiсiз қызмет атқарса, соғұрлым рынок ырғақты және тиiмдi қызмет атқарады.
«Инфрақұрылым» ұғымы экономикалық талдауда алғашқыда әскери күштердi қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етiп отыратын объекттер мен ғимараттарды атау үшiн қолданылған едi.
Экономикалық теория өкiлдерi қазiргi таңда инфрақұрылымның үш түрiн ажыратады: әлеуметтiк, өндiрiстiк және рыноктық.
Әлеуметтiк инфрақұрылым бүкiл қоғам өмiрiнiң бiрқалыпты жүріп отыруын қамтамасыз ететiн буындарды қамтиды. Оларға денсаулық сақтау, бiлiм беру, әскери қорғаныс, тәртiп сақтау, өрттен сақтау және тағы басқа салалар жатады.
Өндiрiстiк инфрақұрылым өндiрiстiң тоқтаусыз, толассыз жүрiп отыруына жағдай жасап беретiн буындарды қамтиды (сауда, көлiк, байланыс, ирригациялық құрылыстар, қамбалар жүйесi және тағы басқа). Жоғарыда аталған буындардың бiразы толық күйiнде өндiрiстiк инфрақұрылымға жатпайды. Мысалы, сауданың, көлiк пен байланыстың бiр бөлiгi халыққа қызмет атқарады. Сондықтан сол бөлiктерi өндiрiстiк инфрақұрылымға кiрмейдi.
Рыноктық инфрақұрылым дегенiмiз рынокқа қызмет атқаратын, оның ырғақты жұмыс iстеуiне жағдай жасайтын институттардың жиынтығы. Басқаша айтқанда, рыноктық инфрақұрылым дегенiмiз сауда-саттық операцияларына, тауарлар мен қызметтердiң қозғалыс жасауына қажеттi жағдайлар жасайтын ұйымдастыру-құқықтық буындардың жиынтығы. Ол буындар (институттар) әртүрлi ұйымдарды, фирмаларды және мекемелердi қамтиды. Рыноктық инфрақұрылым рыноктың эволюциялық дамуы барысында объективтi өмiрге келдi. Оның мiндетi – тауарлар мен қызметтердiң қозғалыс жасауына қолайлы жағдайлар жасау, сауда-саттық операцияларын мүмкiндiгiнше жеңiлдету және жеделдету, кәсiпкерлiктiң тосқауылдарын жойып, оған қолайлы жағдайлар жасау.
Рыноктық инфрақұрылымға кіретiн әрбiр элементтiң ролi өте маңызды. Сондықтан рыноктық экономикаға өту үшiн рыноктық инфрақұрылымның барлық элементтерi қалыптастырылуы тиiстi. Оның кем дегенде бiр элементi қалыптаспаса рыноктық экономика тежелiп, рынок бұрмалана бастайды да, өзiнiң негiзгi қасиеттерiнен айырылады. Ақыр соңында рынок мүмкiн болмай қалады. Шындығында, рыноктық экономика қалай қызмет атқарар едi, егер қорлар биржасы болмаса? Немесе еңбек биржасы болмаса?
Рыноктық
экономика тез бой көтерiп, толыққанды
қызмет атқаруы үшiн алдымен рыноктық
инфрақұрылымның элементтерiн
Рыноктық
инфрақұрылымды төмендегi схема түрiнде
көрсетуге болады:
Схема 1.
2-ТАРАУ.
МАРКЕТИНГТЕГІ БАҒАНЫ
2.1.
Баға нарықтық шаруашылық категориясы
ретінде
Нарықтық экономика жағдайында бағаны қалыптастыру өте күрделi процесс. Өнiмге қойылған баға табыстың дұрыс түсуiн қамтамасыз етуi керек және ол кәсіпорынның шығындарын жауып, пайда әкелуге тиiстi.
Өз еркiмен бағаны көтерiп, нарықтан тыс қалған фирмалар, ал керiсiнше бағаны төмендету арқылы көптеген қолайсыз жағдайға кездескен фирмалар iс-жүзiнде көптеп кездеседi.
Баға
- өндiрушiлер мен сатушылар
Бiрiншiден, баға, оған енген қоғамдық қажеттi еңбек шығындарымен емес тауардың тұтыну бағасымен байланысты.
Екiншiден, баға тұтынушылар мен емес, өндiрушiлер мен немесе тауар сатушылардың ұсынуы жєне бағалауымен байланысты. Тұтынушы шешім қабылдағанда тауардың тұтыну құнының бағасын ескереді және ол факторлардың әсерімен анықталатын максималдық шекарадан аспауы тиісті.
Үшiншiден, бағаның мөлшерi тауардың немесе оларды ұсынушылардың тұтынушыларға қаншалықты жақындағанына байланысты. Сондықтан, өндiрушiлер мен тұтынушылардың арасындағы кез-келген аралық өткiзу арналары құнды ұлғайтады.
Компания өзінің тауары үшін сұрайтын бағаның төменгі деңгейін өндірістік шығындар бойынша анықтайды. Компания өндіріс шығындарын, таратуға кететін шығындарын және тауарды сатуға кететін шығындарын орнына келтіретін ғана емес, тәуекелділік пен күш-жігері үшін жеткілікті пайда әкелетін баға белгілеуге тырысады. Баға қалыптастыру стратегиясында шығындар маңызды элемент ретінде қарастырылады. Көптеген компаниялар өз салаларында өте төменгі шығынға жетуге талпынады, себебі онда ол тµменгі баға белгілей алады да, соның нєтижесінде сату мен пайданың деңгейін арттырады.
Шығындардың екі түрі болады – тұрақты жєне өзгермелі.
Тұрақты шығындар - өндіріс көлемімен өткізуге тәуелсіз шығындар.
Мысалы, ай сайын төленетін жалгерлік және жылжыту үшін төлемдер, несие үшін пайыз төлемдері және қызметкерлердің төлем ақылары өндіріс көлемімен байланысты емес.
Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Өндірістің белгілі деңгейіндегі тұрақты жєне өзгермелі шығындардың сомасы балдық шығындарды құрайды.
Баға
белгілеу проблемасына фирмалар әртүрлі
жолдармен келеді. Шағын фирмаларда бағаны
басшылар тағайындайды. Ірі компанияларда
баға белгілеу проблемасымен бөлімше
басқарушылары және тауар ассортиментінің
басқарушылары айналысады. Бірақ бұл жағдайларда
да жоғарғы басшылар баға саясатының жалпы
бағытын және мақсатын анықтаумен қатар,
көпшілік жағдайда төменгі эшелон басшыларының
ұсынған бағаларын бекітеді. Баға факторы
шешуші роль атқаратын салаларда (темір
өндіру компаниялары, аэрокосмос өндірісі,
мұнай компаниялары т.б.) фирмалар көбіне
баға қалыптастырушы бөлімдерді қарайды
және олар тиімді бағаларды белгілейді,
немесе басқа бөлімшелерге осы сұрақ бойынша
көмек көрсетеді.
2.2.
Нарықтағы бағаны қалыптастырудың түрлері
Нарық типтеріне байланысты сатушы баға қалыптастырғанда әртүрлі деңгейдегі еркіндікте болады. Экономистер нарықтың төрт түрін бөліп көрсетеді және әрқайсысы баға қалыптастыру бойынша өз шарттарын ұсынады.
1.
Таза бәсекелестік нарығы
2.
Монополиялық бәсекелестік