Сақ мәдениеті
Кіріспе
Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.
Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.
Сақ мәдениеті
дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы
асқақ дүниетанымдық рухта бері
1 Сақ өнері – қазақ мәдениетінің түп тамыры
- Сақтардың бейнелеу өнері және аңдық стиль
Сақтардың бейнелеу өнері — сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылығының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті б. з. б. VII—VI ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және Оңтүстік Еуропаның тайпалары арасында тараған аң стилі деп аталатын өнер болды.
Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылган орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылыгы шартты түрде скифтік-сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы андарды, хайуандарды және аңыздагы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Мазмұны жағынан мифологиялық, түрі жағынан реалистік аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды. Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсақ, айбалта, жүген, айна секілді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланылды.
Ертедегі шеберлер көп
жағдайда заттардың пайдалылығын бейнелеуді
мазмұндылығымен жақсы
Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы кезеңге, өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады.
Б. з. б. УШ—VII ғасырлар үшін андарды бір орында тұрған калпында жеке немесе ішінара бейнелеу тән болып келеді. Таутекенің, арқардың мүсіндері, басын көтеріп жатқан кабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының ұшымен тұрған бүғылардың бедерлеп салынған суреттері көп кездеседі. Қос шенберлі тұғырда тұрған екі текенің құйма қола мүсіні назар аударарлық: текелер біршама схемалы түрде, бейне бір секіруге оңтайланған кейпінде, бастары тұқырта бейнеленген, ал бедерлі үлкен мүйіздері арқаларына тиіп тұр (Тасмола) [1].
Жетісудан (Талдықорған) табылған екі қола мүсінде мүйіздері айнытпай түсірілген текелердің басы реалистік тұрғыда керсетілген; мүсіндер ұзын конус тәріздес төлкелерге орнатылған. Алдыңғы қола қүю өнерінің тағы бір үлгісі — Солтүстік Қазақстаннан табылған, басын жоғары кетерген және мүйіздері бірнеше рет бұралған арқардың іші қуыс мүсіні, ол соғыс каруы — балғашотқа (Бурабай) салынған. Шілікті обасынан (Шығыс Қазақстан) табылган затгардың арасында үлкен мүйіздерін арқасына қайыра жатқан бұғы кейпінде шебер жасалған алтын бұйымдар, қабандардың ойып жасалған шағын мүсіндері ерекше көзге түседі. Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе тұтас мүсіндерін салып әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын немесе ат тұяғының таңбасын салып әшекейлеу сол кездегі көп тараған әдіс болган.
Алдыңғы кезеңнің өнеріне жануарлардың қимыл-қозғалысының болмауы тән, олар ең жақсы дегенде, мысалы, Шіліктіден табылған бүркіттің алтын мүсіндері сияқты, басы сәл бұрылып бейнеленеді. Бейне бір құрсақта жатқандай кейіпте орала бүктетіліп жатқан жануарлардың бейнесі кеңінен тараған сюжет болып табылады. Бұл кейіптес бейнелердің ең ертедегі үлгілері Еуразия далаларының шығыс аудандарынан: Солтүстік Тувадан (Аржан), Қазақстаннан (Майәмір, Шілікtі, Үйғарақ) табылған. Мысық тұкымдас жыртқыштардан басқа осындай бүктетіле оралған кейіпте касқыр, қабан мен киік бейнеленген.
Б. з. б. VI—IV ғасырларда Еуразия далаларында аң стиліндегі өнер стилистикалық жағынан өзгерістерге ұшырады. Бір орында тұрған күйінде бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке толы сюжетгер шығады. Мүсіндік бейнелер азайып, козғалыс үстіндегі андардың бедерлі бейнелері, андардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шабуыл жасап жатқан көріністері бар композициялар көбірек кездеседі. Атыла ұмтылған қозғалыс мүсіндердің «бұратылуы» тәсілімен беріледі, бұл жағдайда аңның жарты денесі қарама-қарсы жағына бүктетіле салынады. Бейненің қозғалыста екендігін көрсетудің басқа да техникалық әдістері: қисық сызықтар жүйесі, жануарлардың дене мүшелерін бүрамалар, шырмауықтар, орамалар, үш бұрыштар, жақшалар және т.б. түріндегі арнайы белгілермен беру әдістері қолданылады. Кеп мүсінді композициялар арасынан Орталық Қазақстаннан табылған қола тоға-айылбас ерекше көзге түседі, онда үш жыртқыштың (барыстардыц) шалқасынан құлаған киікті жұлмалап жатқан көрінісі бейнеленген. Аңдар таласының тақырыбы Батыс Сібірден және оған іргелес жатқан Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарынан алынған I Петрдің Сібір коллекциясы деп аталатын мұрағатгардан ерекше айқын көрінеді. Осы бірегей мұраның көптеген алтын тоғаларында жыртқыш аңдар мен құстардың жылқыларға, текелерге, бұғылар мен бұландарға шабуылдары, жыртқыштардың өзара таласы, жыртқыштардың жыланмен, түйемен шайқастары бейнеленген. Қазақстан аумағынан табылған баска да археологиялык олжаларда да әлгіндей нышандар байқалады. Алайда бұл аумақтағы сақтар өнерінің оны Еуразияның аң стилі тараған басқа аймақтарынан айыратын ерекше сипаттары да бар. Мұнда қозғалмай тұрған хайуандар бейнесі біршама ұзак уақыт сақталады, ол кейбір жағдайларда көп мүсінді композиция түрінде көрінеді. Мәселен, Жетісудың кейбір кұрбандық ыдыстары мен қазандарындағы андар шеруі көріністері осындай. Есік обасынан табылған сақ қанжарының жұқа алтын қаптырмаларында жатқан күйінде бейнеленген андардың ширатылуы орындау шеберлігі жөнінен бірегей дүние. Ақинақ жүзінің екі жағына алтын қаптырмалар көмкерілген; олардың бірінде жұқа бедермен он екі, екіншісінде — тоғыз бейне бар. Олардың арасында жыланның, түлкінің, касқырдың, арқардың, киіктің, таутекенің, қоянның шағын мүсіндері кездеседі, олардың барлығы ерте кезең өнеріне тән кейіпте аяқтарын бүгіп жатқан күйінде берілген [1].
Б. з. б. Ill—II гасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп күлдырай бастай¬ды. Аң стилі ою-орнекке айналады. Онын орнына түрлі түсті тастармен көз салып безендіру техникасы және баска да әшекейлеу тәсілдері қолданылатын полихромдық деп аталатын стиль келеді, колданбалы өнер туындылары пайда болып, оларда жануарлар дүниесінің бейнелері схемага айналып, полихромдық бай өрнекпен араласып кетеді.
Бұл өнер дайын күйінде сырттан, бір жақтан әкелінген жоқ, ол сақ өнерінің қойнауынан шыққан. Ою-өрнектік полихромиянын кейбір әдістері б. з. б. УП—VI ғасырларда-ақ жетіле бастады. Мәселен, түрлі түсті тастан көз салу, бедерлеу (алтын түйіршіктерін дәнекерлеп бекіту), тоспа эмаль (жекелеген ұяларды арнайы құрамдағы заттармен толтырып құю) Шілікті (Шығыс Қазақстан), Жыланды (Орталық Қазакстан), Арасан (Жетісу) ескерткіштері мен басқа да ескерткіштерінде белгілі болган. Б. з. б. V—IV ғасырлардагы полихромдык өнер туындыларының Қазакстанның, Орта Азия мен Сібірдің бүкіл аумағынан ондаған үлгілері табылды. Бәлкім, нақ осы үш аймақта б. з. б. I мыңжылдықтың аяғында сақтар өнеріндегі аң стилін ығыстырған полихромдық өнердің қуатты ошагының негізі қалыптаскан да болуы мүмкін. Бірақ оның реалистік бейнелері із-түзсіз жоғалып кеткен жоқ.
«Аң стилі» – ежелгі өнер түрі, зерттеу ауқымы өте кең. Осыған орай аң стилінің зерттелмеген қырлары, айтылмаған сырларын зерттеу болашақ ұрпақтың, яғни біздің еншімізде.
Ерекше назар алтын бұйымдардан жасалған мысық тектес жануарлардың элементтерін терең зерттеуге, құстың немесе аңның кейбір дене мүшелерін үлкейтіп бейнелеуге, мысалы, үлкен мүйіз, үлкен тұмсық, өткір тырнақ пен тістерді ерекше суреттеуге бағытталды. Осының негізінде аңдар мен құстардың бүтін денесінің орнына олардың кейбір мүшелері ғана көрсетілді. Басқаша айтқанда дене мен оның мүшелері шеңбер, эллипсис тәрізді қисық сызықтармен көрсетілді. Соның өзінде автордың айтайын деп отырған ойы мен жануарын бірден біле қоясың [3].
Біздің дәуірімізге дейінгі VП-Ш ғасырлардағы сақ, савромат және скиф одақтастығының саяси ымыралылығы скиф-сібірлік «Аң стилінің» гүлденуіне себепші болды. Ежелгі сақ суретшілері сүйенген хайуанат образдарының триадасы (құс – тұяқты жануар – жыртқыш) бейбітшілік қоғам құрылысының салтанатты идеясын паш етті.
Сақ өнері осылай бірте-бірте әлем сырын аша берді, дүние сұлулығын жырлай білді. Жануарлар әлемінің ерекше әспеттік көрінісін мейілінше кең, жан-жақты бейнеленген шынайы көрінісін сақ өнеріндегі аң стилінен көруге болады. Табиғатты қоршаған ортаны көркемдік тұрғыдан танудың, игерудің ірі сабақтастығын сақ өнерінің мұралар рухынан айқынырақ аңғаратын тәріздіміз. Бұл кезең шеберлері табиғатқа қатынастың байырға көне замандық мұратын қайта жандандырып, әмбебап сұлулық жарасымын ту қылды. Суретші жанын әсіресе жануардың саналы ішкі үйлесімі, тап-тұйнақтай, мұнтаздай мінсіз әдемілік, ақылдылық, байыптылық қатты тебірентті. Әсем жер көркі, жаратылыс бедерінде нақты, шынайы шындықтан гөрі қиялы арман, сезімнен гөрі ақыл-ой жоғары бағаланды.
«Аң стилі» табиғат
пен адамның түбегейлі
Шын суреткер – бір қалыптан шыққандай өз тегі, өз заманының ортақ ұлы ғана емес, ол қайталанбас дарынды дара тұлғасымен, шеберлігімен, ерекше қатынас көзқарасымен, өзі жасаған сом суретке өз қолданбасын қалдыра алатын адам. Әрбір бірегей, сақтың өнер туындысын бағалағанда біз бұл ерекшелікті ескермей кете алмаймыз.
Өнердің дүниетанушылық үлгісінің философиялық мәні дегеніміз – ең алдымен сақ пендесінің еркінен тыс, жаратылысынан оған мүлдем тәуелсіз ақиқат дүние болмысынан адам санасында бейнеленуі. Ал жан иесі табиғатты тек жалаң, самарқау қабылдап қана қоймай, оның жасырын, жұмбақ тылсым тұңғиығына бойлап, мән-мағынасын ашады, суреткерлік әрекет дарытады. Бұл құбылыс сырын жете ұғынып, шынайы бейнелеу арқылы көрінетін рухани белсенді қатынас. Өнер мұраларының үздік үлгілері жаратылысты жан-жақты танудың жаңа бір қадамы ретінде қабылданатыны осыдан [1].
- Сақтардың қолөнері
Сақтардың қолөнері — сақтардың тұрмысында үйдегі өндірістің үлкен мәні болды. Еңбек құралдарын, киімдер, қару-жарақтар, тұрғын үйлер, түрлі аспаптар жасауға керекті шикізаттардың көпшілігін ертедегі мал өсірушілер жергілікті жерде өндіріп, өңдеді. Өнерлі шеберлер өз қауымы мүшелерінің қажет заттарын жасап беріп, оған айырбасқа ауыл шаруашылық өнімдерін алды. Қауым ішіндегі айырбасқа қоса руаралық және тайпа- аралық айырбас та кеңінен тарады. Кең-руда шикізаты, бірқатар шаруашылық бұйымдары, әшекейлер кейде шалғай жерлерден тасып әкелінді. Бірақ неғұрлым кейінгі уақыттағы қолөнер өндірісінен айырмашылығы — сақ қолөнері түрлерінің дамымағандығымен және мал шаруашылығына тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді, үй кәсібі де жақын болып, бөлініп кете қойған жоқ.
Б. з. б. I мыңжылдықтың басы бұрынғы КСРО аумағының оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарын мекендеген тайпалар мен халықтар үшін адамға темір қызмет көрсете бастаған заман болды.
Қазақстан, Орта Азия және Сібір аумағының ертедегі халықтары өздерінің батыстағы көршілері — скиф-сармат тайпаларына қарағанда темірмен неғұрлым кейінірек танысты деп топшыланатын еді. Мәселен, Геродот массагеттер тайпаларын суреттей келіп, «темір және күміс олардың күнделікті тұрмысында мүлде жоқ, өйткені бұл елде ол металдарды атымен кездестірмейсін. Мұнын есесіне онда алтын мен мыс мол» деп тура айтады. Алайда зерттеудің көрсеткеніндей, мұндай пікір тым асырып айтылған пікір болып шықты. Б. з. б. 1 мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағының ертедегі тайпалары қызыл және қоңыр темір тасы, магнитті темір жылтыры сияқты тез балқитын кен түрлерімен таныс болған. Мұны Қарқаралы қаласына жақын Суықбұлақ қоныс-жұртын қазу кезінде Тоғай-1 кенішінен табылған жақсы сұрыпталған темір кенінің үйіндісіне қарап білуге болады. Б. з. б. VII—VI ғасырларда темірден соғылған бұйымдардың Орталық Қазақстан мен Жетісу обаларынан табылған едәуір жиынтығы (темір қанжарлар, пышақтар, жүген әшекейлері), сондай-ақ Аралдың шығыс өңірінің ертедегі сақтар тұрақтарындағы тікелей рудадан алынған темір балқымасының (кесектер мен қоқыстар) көптеген іздері де осыны дәлелдейді.
Қазақстанның бірқатар аудандарында, негізінен орталық бөлігінде (Шығыс Қарқаралы аймағы) темір өндірілген ескі орындар сақталған, олардың біразы сол кезде пайдаланылған.
Дегенмен, ежелгі Қазақстанда мыс пен қалайы өндіру неғұрлым басым болды. Саяқ пен Жезказғандағы, Қалба мен Нарымды ірі-ірі түсті металлургия орталықтарынан алынған құрамында күшала және қалайы бар қоладан жасалған жоғары сапалы қола бұйымдары темір бұйымдарынан кем түскен жоқ, сондықтан адамдар темірден көміртегі мол болат қорытуды үйренген кезде барып қана қоланың орнына темір қолданылатын болды.
Сақ заманында кен ісі мен руда шикізатын алғашқы өңдеу техникасы андронов дәуірімен салыстырғанда едәуір ілгеріледі. Сақ тайпалары әсіресе қола күю ісі мен басқа металдарды өндеу техникасында елеулі табыстарға жетті. Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға арнап алуан түрлі бұйымдар жасалды. Құйма қалыптар ретінде қыш, металл, кейде тас пайдаланылды. Жебенің құйма ұштары мен қанжарлар жасау үшін олар екі немесе үш ұялы жармалардан тұратын қарапайым құйма қалыптарды қолданды, сақ металлургтері металл бұйымдарын жасаудың «жойылатын үлгі» тәсілімен құю сияқты күрделі әдістерін де білген. Оның мәні балауыздан немесе тон майдан үлгі жасап алып, оның сыртың балшықпен қаптау болатын. Балшық кепкеннен кейін қалып тұтас қыздырылып, еріп кеткен балауыздың немесе майдың орнына металл құйылады. Нақ осындай тәсілмен ірі бұйымдар: үлкен мыс қазандар, құрбан шалатын үлкен үстелдер, үлкен қоңыраулар құйылды. Құйма қалыптарда олардың салмақты жармаларын бөлетін тіректер ретінде құбырлар деп аталатын арнайы істелген кішкентай цилиндрлер қолданылды. Жануарлардың қуыс мүсіндерін жасау үшін мәнерлі біліктер мен кұйма жалғамалар пайдаланылды. Құйып жасалған заттардың көбі кейін қырналып, тегістелді, қажетжерлері бұрғымен тесілді. Қалайымен аптау техникасын меңгеру ертедегі құюшылардың елеулі жетістігі болды. Қалайымен апталған бұйымдар оншататтанбайды әрі көпке шыдайды. Сақ металы арасында қола және мыс қазандар, құрбан шалғыштар мен шырағдандар жиынтығы ерекше көп орын алады, олар Жетісу сақтарының өнері мен керкем құймаларының жалпы жұрттаныған ескерткішіне айналды. Металл өндеудің жоғары деңгейі мен көркем құйма өнері сақ заманы қола индустриясы гүлденген кезең болғанын дәлелдейді. Шаруашылықтың жаңа түрлері, мәдениеттің біршама биік деңгейге жетіп дамуы, тұрмыстың қиындауы келе-келе еңбек құралдарының, қару мен тұрмыс және табыну заттарының алуан түрлі болуын талап етті. Алайда қола дәуірінің шой шүйделі балталары, пальстав сияқты шоттары, қырлы және ұшты қашаулары, жетісулык үлгідегі деп аталатын орақтары сияқты қола бұйымдарының ең мінсіз түрлері сақталып қалды.
Ертедегі құймашылар ат-тұрманын, қару-жарак пен тұрмыстық керек- жарақтар жасауға ерекше назар аударды. Көне сақ заманының жүгендері ебедейсіз әрі күрделі болатын. Оның қола ауыздықтары екі ұшы кішкентай үзеңгі тәріздес етіліп жасалды. Үзеңгі тәріздес ауыздықтар жүген жақтауларьша айшықтармен жалғастырылды; үш тесігі немесе ілгегі бар бұл айшықтар қоладан, сүйектен, мүйізден жасалды [3].
- Сақ-скиф үштігі: ат әбзелдері, қару-жарақ және "аң стилі"
Біздің заманызға дейін I мыңжылдықта Еуразия далаларында ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасып, олардың жекелеген орталықтары ерекшеленді. Олар: Қара теңіз жағалаулары, Солтүстік Кавказ, Арал маңы (Түгіскен; Үйғарақ), Орталық Қазақстан (Тасмола), Жетісу, Шығыс Қазақстан, Минусинск шұңқыры, Тува, Монғолия және Ордос. Аталған аумақтарда материалдық және рухани мәдениеті ұқсас бірлестіктер қалыптасты.
Олардың ортақ белгілері ат әбзелдерінде, қару-жарақта және "аң стилінде" болмаған. XX ғасырдың басында зерттеушілер мұны скиф үштігі (ұштағаны) деп атады.
Еуразия далаларындағы скиф-сақ-сібір әлемі мынадай факторларымен ерекшеленді: аталған облыстардың, аумақтардың жақындасуымен; әлеуметтік-экономикалық негізгі нышандарымен; даладағы тұрақты сауда, мәдени және саяси байланыстарымен; ортақ мәдени дүниетанымдарымен;
ежелгі Грекия, Ахманид парсылары Қытай әлеміне қарсы далалық аумаққа айналуымен.
Скиф стиліндегі сырғалары
Далалық өркениеттің экономикалық негізі — дала мен тау аңғарларындағы әр түрлі формадағы мал шаруашылығы болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жылқы шаруашылығы дамудың жоғары деңгейіне жетті. Жылқы көшпелілердің өмірінде үлкен рөл атқарды.Тіпті энеолит дәуірінен бастап-ақ мініс аттарын өсіру дәстүрі дамыған. Сақ-скифтердің жерлеу дәстүрінің бір сипатты белгісі — молаға ат әбзелдерін бірге көму. Ат жүгендерінің қалдықтары — ауыздық, жүгеннің әр түрлі айылбастары — ерте темір дәуірінің көптеген молаларынан табылған.
Ат жүгені елеулі өзгерістерге ұшырады. Ерте кезеңде қола ауыздықтың төрт түрі кең тараған: қосымша тесігі бар және тесігі жоқ, ұштары тік бұрышты және шығыршықты, үзеңгі тәріздес. Біздің заманызға дейін V ғасырда жүгендердің құрылысы да өзгерді. Ауыздықтың бір шығыршықты түрі пайда болды. Бірақ олардың Еуразия аумағында кең таралуы біздің заманызға дейін V—III ғасырларға тура келеді. Шығыршықты ауыздықтар көбіне темірден жасалды.
Ат әбзелдерінің жақсы сақталған түрлері Алтай тауының қазіргі ресейлік бөлігінде зерттелген Пазырық үйінділерінен көптеп табылған. Олар осы заманғы жүгендерге ұқсас болған. Жүгеннің кеңсіріктің үстін басатын қайысы, тамақбауы, ауыздығы болған. Ауыздықтар көбінесе қоладан жасалған. Кейінгі заманғы ауыздықтардан бұл ауыздықтардың ерекшелігі — олардың екі жағындағы тізгін байланатын шығыршықтарының тұсында екі сулық болатын. Ауыздыққа бекіген сулық аттың екі езуінің екі жағында тұрады. Ол қоладан, сүйектен, темірден өрнектеліп жасалады. Сақ-скифтердің жүгенінде тізгін, шылбыр болады. Жүген екі қабатталып тігілген қайыстан жасалады. Қайыстардың қосылған жерлеріне металдан, сүйектен әр түрлі әшекейлер, қапсырмалар, шытыралар орнатылады. Жүгеннің аттың дәл маңдайына келетін жеріне дөңгелек әйкел орнатады.
Қазақ жерімен көршілес аймақтарды мекендеген сақтарда ертоқым болған. Қазіргі ертоқымға қарағанда олардың ерінің айырмашылығы сол, оның ұстынында ағаш болмайды. Кейбірінде ғана ердің алдыңғы қасы тұсында кішкене ағаш болатын. Ал ертоқым ішіне шөп, жүн-жұрқа толтырылған тері көпшік сияқты болатын. Есесіне, тоқым киізден сырылып, неше түрлі ою-өрнектермен әшекейленген. Ертоқымда бір айыл, өмілдірік, құйысқан болған.
Қару-жарақ. Көшпелі мал шаруашылығы өндірістік еңбектен көптеген ер адамдарды босатуға мүмкіндік берді. Ер адамдар күшінің босатылуы әскери ұйымдардың өзіне тән көптеген түрлерінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілердің әскери ұйымдары отырықшы егіншіліктегі әскери ұйымдардың алдында өзінің артықшылығын әлденеше рет дәлелдеді.
Сақтардың қару-жарағы садақ пен жебе, қанжар, қылыштан тұрды. Обаларды қазған кезде көп мөлшерде жебе ұштары табылған. Ерте кезеңде (біздің заманызға дейін VII—VI ғасырларда) Қазақстанның барлық аумағында жебелердің қола ұштарының екі түрі таралған: төлке пішіндегі және шие тәріздес. Жебе ұштарының көлемі өзгеріп тұрды. Бұл адырнасы үлкен күшпен керіліп тартылатын күрделі садақты ойлап табуға байланысты болды, мұндай садақ жебенің ұшу қашықтығын, қиратқыш күшін ұлғайтты. Сондай-ақ ұшы кішкентай жебелер анағұрлым қорамсаққа көп сыятын болды.
Сақ қару-жарақтарының құрамына қанжарлар да кірді. Ерте кезеңде қырлы сапты, жүрекке ұқсас және көбелек тәрізді айқаспалы бір типті қола және темір қанжарлар таралды. Біздің заманызға дейін V—III ғасырларда қанжарлардың пішіндері жаппай өзгере бастады. Олар қарапайым қылыш қанжардан сабының ұзындығымен ерекшеленді. Қару-жарақтың басқа түрлері бірлі-жарым болды. Мәселен, шоқпар, айбалта.
"Аң стилі". Сақ заманында "аң стилі" деп аталынған бейнелеу өнері кең тарады. Еуразияның далалық тұрғындарының ат әбзелдерінде, қару-жарақтарында, тұрмыстық және табыну заттарында зооморфтық аң бейнесі көрініс тапты. "Аң стилі" — мазмұны жағынан мифологиялық, өнер, яғни діни-наным сипатында болды. Жануарлар мен құстардың бейнелері, көбінесе жыртқыштар мен тұяқты жануарлар олардың тұрмыста қолданған заттарында бейнеленді. "Аң стилі" сәндік сипатта да қолданылды.
Өнер туындыларының келесі бір тобында — жолбарыс, арыстан, барыс, т. б. аңдардың тұтас бейнелері, жабайы жануарлардан — бұғы, таутеке, бұлан, қабан, үй жануарларынан — ат пен түйе бейнеленген.
"Аң стилін" 3 кезеңге бөлуге болады: Біздің заманызға дейін VIII—VII ғасырларда — архаикалық кезең: жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтамай, қозғалмайтын бейнеде кескінделуі; біздің заманызға дейін VI—IV ғасырларда — классикалық кезең: жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтап, қозғалыста, реалистік түрде бейнеленуі; біздің заманызға дейін III—I ғасырларда — біртіндеп құлдырау кезеңі: жануарлардың сұлбасын бейнелеу, жекелеген элементтердің өрнекке ауысуы (құстың тұмсығы, мүйізі және т.б.).
"Аң стилі"
белгілі бір діни наным-
- Жалпы өнері мен мифологиясы
Сақ өнерінің зерттеушілері, бірінші жағынан, оның Иранның Ахеменид және Бактрияның көркем өнерімен, екінші жағынан, Қытайдың Чжоу мен Хань дәуірлері өнерімен тығыз байланысты болған деп есептейді.
Ғылымда сақтың «аң стиліндегі» өнерінің қай жерде, қай заманда пайда болып қалыптасқаны жөнінде алуан түрлі болжамдар бар.
Бабажан мекені мен Сурх-Дум ғибадатханасында соңғы жылдары жүргізілген қазбалар Луристан қоласының жаңа нұсқаларынан: жер бауырлап жатқан қабылан, қойдың басы тәрізді тұтқасы бар егеутас, бүркіттердің стильдендірілген бастары, жыртқыштар мен «заулап бара жатқан» бұғылар, аттар, мен түйелер бейнесін тауып берді. Алайда зерттеушілер сақ көркем өнерін тек луристан стиліне жатқызып қоюға болмайды, олар бір-біріне тәуелсіз стиль дес есептейді.
Бәрінен де бұрын б.з. дейінгі І-мыңжылдықтың бас кезінде қазіргі Иран территориясына ирантілді тайпалар келіп кіре бастаған, солардың ықпалымен елге бірқатар соны әдет-ғұрыптар, қару – жарақ пен ер-тұрманның жаңа түрлері тарай бастайды.
Сонымен бірге ирандар Ассирияның, Элам мен Урарту мәдениетімен танысып, олардың өркениет табыстарын қабылдайды. Ирандықтар олардан композиция мен стильдің біраз белгілерін үйреніп алады. Ахеменид Иранының көркем өнері осылай туып қалыптасады да, ол сақтар өнеріне қатты ықпал жасайды. Осынау мемлекеттер өнерімен сақтар алдыңғы Азияға жортуыл-жорықтар жасаған сапарында танысады. Олардың патшалықтарынан Мидия патшасы Киаксар талқандағанна кейін, олар бейнелеу өнерінің көптеген үлгілерін алып, үйлеріне артынып-тартынып қайтып келеді [3].
Тувадағы Аржан обасын қазған кезде – оның диаметрі 120 м, биіктігі 3 м орасан зор құрылыс – оба үйіндісінің астынан археологтар аса күрделі ағаш конструкциясын тапты: оның дәл ортасында жуан бөренелерден қиылған көлемі 8 * 8 м үлкен там, ал оның ішінде көлемі көлемі 4,4х3,7 м тағы бір там бар екен. Сол тамда ағаш табытқа салынып көсем жерленіпті, оның жанында тағы тағы бірнеше еркектің – көсемнің туыстары мен серіктернің мәйіттері жатыр, тегі олар өз еріктерімен көсемі соңынан о дүниеге аттанса керек. Айналаға радиус бойынша орнатылған тамдар ішіне жорық ер – тұрмандарымен 160 ат қойылыпты.
Тағы да толып жатқан аттар қалдықтары оба сыртындағы шеңберлі қабырлардан табылды. Барлық аттар құла және жирен түсті яғни патшалар мен абыздар түстеріне сәйкес келеді екен.
Оба бағы заманда тоналыпты, бірақ археологтар үлесіне де көп-көп олжа қалыпты: түрі бүрісіп жатқан ілбісінге немесе барысқа келетін әлемдегі ең үлкен қола қаптырма, арқарлардың бейнелері, сабы қабан бейнесіндегі қанжар, алтын өңіржиек, жебелер табылды. Оба б.з. дейінгі VIII ғ. тұрғызылған, сақ өнерінің одан кездескен заттары ең ескі дүниеліктер болып табылады. Соған қарап сақтың «аң стилі» Азия даласында туған деп болжам жасауға болады. Оған дәйекті негіз бар, осы арада оның бастаулары да бар. Тіпті қола дәуірінің өзінде жергілікті ісмерлер жануарлар бейнелерін жасаған. Бұғылады, бұқаларды бейнелейтін тасқа салынған суреттер кеңінен мәлім. Сол сияқты б.з. дейінгі ІІ-мыңжылдық соңы мен І-мыңжылдықтың басы кезінде ерекше бір көркем өнер туып қалыптасқан, бірақ ол әлі «аң стилі» емес еді.
«Аң стилі» өнері сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезде танысқан оңтүстік дәстүрлері әсерімен пайда болған. Дәп сол кездері осы арада сақтар өнеріне арыстан, арыстан-самұрық, «өмір дарағы» образдары ауысып келеді. Бұл образдар бұғы, қошқар, түйе, барыс, жолбарыс, бүркіт сияқты жергілікті жануарлар бейнелірмен сіңісіп кетеді. Осы бір аталған образдар тек әсемдік әшекейлері ғана болмаған, сақтар олардың әрқайсысына белгілі мән берген.
Сақтар арасында зергерлік өнер мейлінше жетіліп, биік деңгейге көтерілген. Зергер-шеберлер алтын, күмісті балқытып құю, штампылап, өңдеу ісімен таныс болған, олар алтын мен күмістен, феруздан әсемдігі мен композициялық түзілімі кісіні таң қалдыратын бұйымдар жасаған, олары адам мен оның киім-кешегін, аттың ер-тұрманы мен тұрмыстық мүліктерді әшекейлеп, безендіру үшін пайдаланылған. Мұндай бұйымдар қатарында жануарлар басымен әсемдеоген өңіржиектер, сақиналар, лағыл мен феруза тізілген алқалар, алтын тоғалы белдіктер, киім-кешектің сәнін кіргізетін қаптырмалар болған.
Сақтардың
зергерлік өнері Есік обасы
бұйымдарынан бәрінен де
Зергерлік өнерде олар ағаштан жасалған әртүрлі бейнелер мен әшекейлерді қақ алтынмен аптау әдісін кеңінен қолданған. Сақтар арасында ағашты өңдеп, оюлап бедерлеу ісі қатты дамығанын ағаштан істелген ыдыс-аяқтардан, аңдар мен жануарлар бейнелерінен, әралуан қапсырмалардан көруге болады. Ағаш ою-өрнектеумен бірге сүйекті өңдеу және одан әртүрлі бұйымдар – қапсырма, тоға, түйме жасау кәсібі де дамиды [1].