Сабақтас құқық
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ НЕГІЗГІ ИНСТИТУТТАРЫ
- Интеллектуалдық меншіктің негзігі ұғымы
- Интеллектуалдық меншік пен ерекше құқық ұғымдарының арақатынасы
- САБАҚТАС ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
2.1 Сабақтас құқық ұғымы
2.2 Сабақтас құқық субъектілері мен объектілері
2.3 Сабақ құқықтарды қорғау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
«Интеллектуалдық меншік» түсінігі кейбір құқықтық институттарға қатысты, соның ішінде аса маңызды коммерциялық құпия, патенттік құқық, авторлық құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипатқа ие.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 49 – тарау осы интеллектаулдық меншікке арналған.
Интеллектуалдық
меншiк құқығының
1)
интеллектуалдық шығармашылық
2)
азаматтық айналымға
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне:
1)
ғылым, әдебиет және өнер
2)
эфирлік және кәбілдік хабар
тарату ұйымдарының
3)
өнертабыс, пайдалы үлгiлер,
4) селекциялық жетiстiктер;
5) интегралдық микросызба топологиялары;
6) ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);
7) осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң басқа да нәтижелерi жатады [1, 505.].
Курстық жұмыстың тақырыбы сабақтас құқаққа арнлаған. Сабақтас құқық интеллектуалдық меншік құқығының объктілерінің бірі болып табылады.
Сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымының мүлiктiк құқықтары және орындаушының жеке мүлiктiк емес құқытары.
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетілу әдістері мен нысандарына қарамастан қолданылады.
Сабақтас құқықтың субьектісі болып, тікелей және кабельдік хабарлау ұйымдарының әуенжазба өндірушілері мен орындаушылары болып табылады.
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткiзiлу әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады.
Курстық жұмыс кіріспе, 2 – тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ
МЕНШІКТІҢ НЕГІЗГІ
ИНСТИТУТТАРЫ
1.1
Интеллектуалдық меншіктің
Интеллектуалдық шығармаларға және оларға теңестірілген объектілірге қатысты ерекше құқықтарға арналған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормалары өзінің жиынтығы бойынша қазақстандық азаматтық құқықтың ерекше саласын құрайды. Интеллектуалдық меншік объектілердің жиындық көлемі бойынша және қайнар көздерінің жүйесі бойынша қарастырып отырған азаматтық құқық саласы өзара тәуелсіз төрт институтқа бөлінеді. Өзара ұқсас ерекшеліқтеріне қарамастан, әрбір институттың құқықтық нормаларда көрініс тапқан өзіне тиесілі белгілері бар.
Ең
алдымен Авторлық құқық пен сабақтас
құқық ерекшеленеді. Бұл құқықпен
ғылым, әдебиет пен өнер, фонограмма,
қойылым, эфирлік хабарларды (сабақтас
құқық) шығару және қолданумен байланысты
қатынастар реттеледі. Кейінне авторлық
құқық деп аталатын екі құқықтық
институттың бірігуі сабақтас құқықтың
пайда болуы мен
«Интеллектуалдық меншік құқығы» саласына кіретін тағы бір институты болып патенттік құқық табылады. Ол шығармаларды және маңызды өндірістік үлгілерді қалыптастыру мен қолдануда пайда болатын мүліктік және олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Қазақстанда
тауар-ақша қатынастарының дамуына
байланысты нарықтық экономиканы дамыту
барысында оның элементтері болып
табылатын фирмалардың
Тауар
иеленушілері үшін шаруашылықтың теңдігін
орнату, олардың әрекеттеріне бәсекелік
бастау мен оның нәтижелері үшін жауапкершілікті
көбейтуді енгізу, тұтынушылардың қажеттіліктерін
қамтамасыз ету үшін нарықты тауармен
және қызметпен қамсыздандыру
Ғылым,
әдебиет пен өнердің өнімі
болып табылатын шығармалар, сонымен
бірге өндірістік үлгі мен модельдер
шығармалары шығрмашылық
Сонымен,
азаматтық құқықтың сала ішіндегі саласы
– интеллектуалдық меншік құқығы
– жоғарыда аталған төрт институт
көлемімен сипатталған, олар: авторлық
құқық, патенттік құқық, азаматтық
айналымдағы қатысушылар мен
олармен өндірілетін өнімнің (жұмыс,
қызмет) дербестік құрал институты
және интеллектуалдық меншіктің
дәстүрлі емес объектілерді қорғау институты.
- Интеллектуалдық меншік пен ерекше құқық ұғымдарының арақатынасы
Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексінің
115-бабында азаматтық құқық
Бұл бағыттардың алғашқысы заңи әдебиетте проприетарлық тұжырымдама (propriety – француз тілінен аударғанда меншік) деп аталады да, екіншісі ерекше құқықтар тұжырымдамасы деген атқа ие болған.
Проприетарлық
тұжырымдаманы жақтаушылар кез
келген қызмет барысында, соның ішінде
интеллектуалдық шығармашылық қызмет
барысында жасалатын
Мәселенің
бұлай шешілуіне және «интеллектуалдық
меншік» ұғымын құқықтық ұғымдар
аппаратына енгізуге қарсы шыққан «ерекше
құқықтар» теориясының
ХІХ
ғасырдың аяғында туындаған екі
тұжырымдаманы ұстаушылардың
Әлбетте, аталған құқықтардың жиынтығын «интеллектуалдық меншік» терминімен атау қазіргі уақытта шыртты түрде алынғаны түсінікті. Әйтсе де, бұл терминнен мүлдем бас тартып, тілге тиек болып отырған нәтижелерге қатысты тек «ерекше құқықтар» терминін пайдалануды немесе бұл терминдерді заң актілерінде, ең болмағанда, синоимдер ретінде қатар қолдануды ұсынушылар қатары әлі де аз емес.
Кеңес өкіметінің соңғы жылдарына дейін буржуазиялық институт ретінде пайдаланудан бас тартылып келген интеллектуалдық меншік ұғымы «қайта оралған атаулардың» бірі болып табылады. Ол КСРО-ның құқықтық кеңістігінде алғаш рет 1990 жылы 6 наурыздағы «КСРО-дағы меншік туралы» заңда қолданыла бастады.
Осы
саланы зертеушілердің еңбектерінде интеллектуалдық
меншікке материалдық емес объектілерге
жататын интеллектуалдық
Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексінің
125-бабында «интеллектуалдық меншік»
пен «ерекше құқықтар»
Бұлайша
теңестіруді себептерге байланысты
қателік деп қарастыруға
Осы
айтылғандардың негізінде АК-тің 125-бабы
2-тармағының редакциясынан «Ерекше
құқықтардың...» деген сөз
Бұл орайда, «интеллектуалдық меншік» және «ерекше меншік» ұғымдарын тең дәрежеде қарастырудың орынсыздығы Қазақстан Республикасы заңдарына ғана қатысты екенін айта кеткен жөн. Мәселен, ерекше құқық Ресей мен Өзбекстанның азаматтық заңдарында құрамына интеллектуалдық меншік объектісіне өзіндік мүліктік емес құқықтармен қатар, мүліктік құқықтар да енетін категория ретінде түсіндіріледі. Дәл осы секілді позиция ТМД елдерінде Модельдік Азаматтық Кодексінде де бекітілген. Ал, Қазақстан заңдары бойынша, жоғарыда айтылғандай, бұл категорияға тек мүліктік құқықтар енеді.
Сонымен
бірге, ерекше құқық деп тек мүліктік
құқықтың танылатындығы туралы Азаматтық
Кодексте бекітілген ережемен Қазақстан
Ғалымдарының бірдей келісе бермейтіндігін
айта кету керек. Бұл орайда, біз Т.Қаудыровтың:
«... мәселен, мүліктік емес авторлық құқығының
ерекшелік сипаты бар (осы туындыға немесе
өнертабысқа басқа бір тұлғаның осы тәрізді
құқығы жоққа шығарылады). Кейбір субъективті
құқықтардың кешені ретіндегі ерекше
құқық конструкциясының болуы бұл конструкцияға
енбеген өзіндік мүліктік емес құқықтардың
ерекшелік қасиетінің болуына бөгет болмайды»
деген пікірімен келісе отырып, терминологиялық
тепе-теңдікті сақтау мақсатында республикамыздың
азаматтық заңдарына «интеллектуалдық
меншік» және «ерекше құқықтар» терминдерін
тең мағыналы ұғымдар ретінде қолданбауды
ұсынамыз.
- САБАҚТАС ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
2.1 Сабақтас
құқық ұғымы
Сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымының мүлiктiк құқықтары және орындаушының жеке мүлiктiк емес құқытары.
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетілу әдістері мен нысандарына қарамастан қолданылады.
Орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары сабақтас құқық субъектілері болып табылады.
ҚР аумағында алғаш рет орын алған орындаушының орындауға құқығы ҚР аумағында қолданылады. Бұл жағдайда орындаушының және оның мұрагерлерінің, сондай-ақ азаматтығына қарамастан орындаушының құқықтық мирасқорларының құқықтары танылады [4, 58 б.].
Орындаушыға қатысты сабақтас құқықтар алғаш рет орындалғаннан кейін немесе қойылғаннан кейін елу жыл бойы күшінде болады. Орындаушының өз аты-жөніне және орындауды немесе қойылымды бұрмалаудан қорғауға құқықтары мерзімсіз қорғалады.
Орындаушының құқықтары ҚР заңдарына сәйкес мынадай жағдайларда танылады:
- орындаушы Қазақстан Республикасының азаматы болса;
- орындаушылық, қойылым алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса;
- орындаушылық, қойылым қорғалатын фонограммаға жазылса;
- фонограммаға жазылмаған орындаушылық, қорғалатын эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарына енгiзiлген болса. танылады.
Шетелдiк
жеке және заңды тұлғалардың сабақтас
құқықтары, егер тиiстi орындаушылық, фонограмма,
эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар
тарату ұйымының хабары Қазақстан Республикасы
бекiткен тиiстi халықаралық шарттың
ережелерi бойынша айқындалатын олардың
шыққан елiнде, сабақтас құқықтардың
сол елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң
өтуi салдарынан қоғам игiлiгіне айналмаған
болса және сабақтас құқықтардың
қолданылу мерзiмiнiң өтуiне байланысты
Қазақстан Республикасында
Орындаушының құқықтары:
- орындаушылықты немесе қойылымды орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiре алатын кез келген бұрмалаудан немесе өзге де қолсұғушылықтан қорғалу құқығы (беделiн қорғау құқығы);
- орындаушылықты немесе қойылымды пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу құқығын қоса, кез-келген түрде пайдалану құқығы берiледi.
- Сабақтас құқық субъектілері мен объектілері
Сабақтас құқықтың субьектісі болып, тікелей және кабельдік хабарлау ұйымдарының әуенжазба өндірушілері мен орындаушылары болып табылады:
- әуенжазбаны өндіруші хабарлама ұйымдары, әуенжазбаға жазылған автордың шығармаларын эфирге және кабельге беру құқығын жүзеге асырады.
- орындаушы орындайтын шығармасының автордың құқығын сақтай отырып, жүзеге асырады.
Орындаушы құқығы
- атына;
- орындауды немесе қойылымды әртүрлі бұрмалаудан қорғау;
- сый ақы алуға;
- қойылымды әртүрлі үлгіде немесе орындауды жазып, жаңадан өндіру;
- эфирге жіберу пракатқа беру;
- орындауды, қойылымды әуенжазбаға жазу;
- әуенжазбаға жазылмаған орындаулар мен қойылымдар эфирлік және кабельдік хабар мен жіберуге қосылады.
Әуенжазба өндірушілердің құқығы:
- әуенжазбаны тікелей немесе жанамалық тәртіппен кез келген үлгіде өндіру;
- әуенжазбаның түп нұсқасын және көшірмесін тарату, оның ішінде импортқа;
- әуенжазбаны жалға (прокатқа) жазу, оның таратылуынан кейінде, фәуенжазбаны өндірушінің рұқсатымен жалға беру;
- әуенжазбаны қайта жасауға немесе басқа әдіспен өңдеуге, әуенжазбаны барлық жалпы мәліметтерге жеткізу.
Автор өзінің айрықша меншіктік құқығын таразылау үшін, өзінің авторлық құқық белгісін пайдалануға болады, ол латынның «Р» әрпінің шеңберінде әр данада белгіленіп, міндетті түрде үш данадан тұрады,ол шығарманың бірінші жарияланған жылымен белгіленіп,автордың араласқан құқығының атын(атауын)көрсетуі керек.
Фонограмма жасаушы, эфир және кәбіл бойынша хабар таратушы ұйымдар осы тарауда көзделген құқықтарын орындаушымен және фонограммаға жазылған не эфирде немесе кабель бойынша берiлетiн туындыны орындаушымен, сондай-ақ оның авторымен жасалған шарт бойынша алған құқықтары шегiнде жүзеге асырады.
Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, олар:
1) қоршауға алынған латынша Р әрпi: Р
2)
айрықша сабақтас құқықтар
3)
фонограмманың алғаш
Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есімі немесе атауы көрсетілген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады [5,25 б.].
Авторлық
және сабақтас құқық Қазақстан
- әдеби шығармалар;
- драмалық және музыкалы шығармалар;
- сахналық шығармалар;
- хореографиялық және пантомималық шығармалар;
- мәтінмен және мәтінсіз музыкалық шығармалар;
- аудиовизуалдық шығармалар;
- сурет, скульптура, графика, басқа да бейнелеу өнерінің шығармалары;
- құрастырмалы өнер шығармалар;
- сәулет, қаласалу және бақшалы – саябақтық өнер шығармалары;
- фотографиялық шығарма және оған ұқсас әдіспен алынған фотографиялық шығарма;
- карталар, жоспарлар, искиздер, иллюстрациялар,топография;
- ЭЕМ үшін бағдарлама;
- Басқа да шығармалар;
- Туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеме, шолулар, қойылымдар, музыкалы өңдеулер және басқа ғылыми, әдеби және өнер шығармаларының өңдеулері;
- Жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базасы, құрастырмалы шығармалар, шығармашылық еңбек нәтижесінің материалдарының орналасуына, олардың таңдауымен көрсетілетін шығармалар;
- Обьектілердің сабақтас құқығы (тұрақты орындау, әуенжазба, ұйымдардың хабарларын олардың мәніне, мазмұнына, мүмкіншілігіне қарамай эфирлік және кабелдік хабарлау).
Обьектінің зияткерлік меншігін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімісіз және шығарманың авторы немесе құқылығын басқа тұлға иеленбейінше, сот тәртібі көрсетпегенше жұмыс істейді [6, 89б.].
Әдеби, драмалық, сахналық шығармаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:
- өтініш;
- шығарманың тұп нұсқасы мен көшірмесі;
- өтініш берушіні куәландыратын жеке куәлік, құжаттың көшірмесі;
Музыкалы
және музыкалы-драммалық
- өтініш;
- шығарма жазылған аудиокассеталар, мәтіндер, ноталар және партитуралар;
- шығарманың тұп нұсқасы мен көшірмесі;
- өтініш берушіні куәландыратын жеке куәлік, құжаттың көшірмесі;
Музыкалы шығармалар, авторлардың бірігуі арқылы бөлек құрастырылған, бөлек тіркелуі және бірге тіркелуі де мүмкін болады.
Хореграфиялық, пантомималық, аудиовизуалдық шығармаларды тіркеу кезінде (кино, теле, видеофильмдер, диафильмдер, және басқа да кино-телешығармалар) мына құжаттар ұсынылады:
- өтініш;
- шығарма жазылған видиокассеталар;
- шығармаға сипаттама (атауы, құрастырылған күні);
- өтініш берушіні куәландыратын жеке куәліктің көшірмесі.
Сәулет, қаласалу, мүсіндеу, көркем сурет, графикалық, сол сияқты басқа бейнелеу, бақшалы-саябақтық және декоративті-құрастырмалы өнерді тіркеу кезінде мына құжаттарұсынылады:
- өтініш;
- эскиздер,сызбалар,суреттер,
иллюстрациялар, шығарманың бейнелегене фотосурет түріндегі сұлбасы; - шығармаға сипаттама ,(атауы,құрастырылған күні);
- өтініш берушіні куәландыратын жеке куәлік,құжаттың көшірмесі.
Фотосуреттік шығармалар мен фотосуретке ұқсас әдістерімен жасалған шығармалар, сол сияқты карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар, географияға, топографияға, басқа да ғылымға жататын үш еселік шығармаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:
- өтініш;
- шығарманың тұпнұсқасы;
- өтініш берушіні куәландыратын жеке куәлік, құжаттың көшірмесі.
Деректер қорын электрондық-есептеу машинасы үшін бағдарламаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:
- өтініш;
- ЭЕМ-сы үшін бағдарламамен дерек қор әкелуші, дискета және т.б.
- ЭЕМ-сы үшін реферат бағдарламасы немесе дерек қоры, өтініш берушінің (аты, фамилиясы, әкесінің аты,)атауы,құрылған күні, пайдалану саласы, белгілері, функцияланған мүмкіндігі, негізгі техникалық ерекшеліктері,бағдарлау тілі ,ЭЕМ-сын тарату түрі және т.б.;
- өтініш берушіні куәландыратын жеке куәлік,құжаттың көшірмесі.
ЭЕМ-сының
бағдарламалары (бағдарламалық кешендер),
Фонограмманы тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:
- өтініш;
- авторлық келісім-шарттың көшірмесі;
- аудио-видиокасетталар немесе фонограмма жазылған компакт-диск ;
- фонограмманы сипаттау (атауы, құрылған күні, ойналу уақыты, фонограмма мазмұны және т.б);
- жеке тұлғалар үшін куәліктің көшірмесі, заңды тұлғалар үшін, мемлекеттік тіркеуден өткен куәліктің көшірмесі;
Эфирлік және кабелді хабарлар таратуұйымын тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:
- өтініш;
- шығарманың сценарийі;
- шығарманы пайдалануда, шығарманың авторымен бекітілген айрықша құқықтарды арзандату туралы шарттың көшірмесі;
- жеке тұлғалар үшін куәліктің көшірмесі,
- заңды тұлғалар үшін –мемлекеттік тіркеуден өткен куәліктің көшірмесі.
Қызметтік міндеттер мен қызметтік тапсырмаларды орындау барысында құрылған қызметтік шығармаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады:
- өтініш;
- шығарманың түпнұсқасы мен көшірмесі;
- өтініш берушіні куәландыратын жеке куәліктің көшірмесі;
- автор мен жұмыс берушінің арасындағы, қызметтік шығармаларды пайдаланудағы меншіктік құқықты иемдену шартының көшірмесі;
Егер құжаттарды сенімді тұлғамен ұсынсаңыз тағы да қосымша мына құжаттарды ұсыну қажет:
- автордың қолын куәландарған, заңдылық тәртіптерімен қарастырғандай сенімхат;
- жеке куәліктің, құжаттың көшірмесі.