Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ...............
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және
қағидалары....................
1.2 Авторлық құқықтың объектілері және
туындылар.....................
1.3 Авторлық құқықтың
2 Сабақтас құқық туралы
жалпы түсінік.................
2.1 Сабақтас құқық ұғымы ........................
2.2 Сабақтас құқық субъектілері
мен объектілері ..............
2.3 Сабақтас құқықтарды қорғау....
Қорытынды.....................
Пайданылған әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен
айналысуға толықтай кепілдік берілген.
Ол Қазақстан Республикасының
Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын шығару және пайдалану саласында соңғы үш жыл ішінде біздің қоғамымыздың құқықтық өмірінде елеулі өзгерістер болды. 1996 жылы 10 маусымда ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның қабылдануымен, авторлық құқықтарды қорғаудың өзіндік әлемдік эталоны болып табылатын, әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн Конвенциясының талаптарына толықтай сәйкес келетін, авторларының құқықтарын қорғаудың өте жоғарғы сапасын көздейтін нормалардың жүйесі ретінде авторлық құқықтың қазақстандық жүйесінің қалыптасуы аяқталды. Себебі, жоғарғы құндылық болып табылған адам, оның құқықтары мен бостандықтарына қатысты мемлекет саясатының өзгеруіне байланысты, «мықты» заңды қабылдау туралы сұрақ бұрыннан қойылған болатын.
Берн Конвенциясының қағидаларының бірі болып қорғаудың ең төменгі көлемі приципі болып табылады. Ол, Конвенцияның өзі оған қатысушы елдерде міндетті қолдануға жататын авторлық-құқықтық қорғаудың кейбір нормаларын бекітуді білдіреді [2;]. Көптеген уақыт бойы КСРО, одан кейін Қазақстан да Берн Конвенциясына қосыла алмады, себебі, ұлттық заңнама авторлық құқықты қорғаудың мұндай деңгейін қамтамасыз ете алмады. Тек қазір ғана қазақстандық заңнамамен ұсынылатын қорғау деңгейі Берн Конвенциясының деңгейіне қол жеткізгенде ғана, Берн Конвенциясына қосылуға нақты мүмкіндік пайда болды. Яғни, Қазақстан 1998 жылдың 10 қарашасында оның толық құқылы қатысушысы бола отырып жүзеге асырылды. Осындай құқықтық шешімдердің маңыздылығын тани отырып тәжірибе үшін анағұрлым маңызды болып келетін мынадай сұрақты анықтау қажет, яғни Конвенция заңының нормалары қолданыла ма? Олар қандай жағдайлар мен фактілерге қолданылады, қандай туындыларды шығаруда және пайдалануда олар күшіне ие болады, заң немесе халықаралық шарт өз күшіне енген уақыттан кейін шығарылған туындылар ғана қорғау объектісі болып табыла ма? Құқықтық жалпы теориясы заңның өз күшіне енгенге дейін орын алған жағдайларға немесе фактілерге таралуы ретінде, заңның кері күшін анықтай отырып жалпы ереже бойынша «заң кері күшіне ие бола алмайды» деген принцип жүзеге асырылатынын көрсетеді.
Жалпы қағиданы құрастырып құқық теориясы, оны нақтыландыруды құқықтың жеке салаларына қалдырылды.
Бұл оларды реттеу әдісі мен және
пәнінің ерекшеліктеріне
Батыс елдерінде авторлық құқық немесе ИМ (интеллектуалдық меншік) кеңістігі мемлекет тарапынан өте көп көңіл бөлінетін аймақ болып табылады. Бұл өнеркәсіптік өнімдерді өндіруде дамыған елдерге әлемдік көшбасшы болуға мүмкіндік береді.
ИМ (интеллектуалдық меншік) ұлттық байлықты жинақтаушы және экономикалық дамудың маңызды құралы ретінде көп мағынаға ие болып келеді. Мысалы, интеллектуалдық меншіктің бүкіләлемдік ұйымының зерттеуі бойынша Америка Құрама Штатында авторлық құқыққа негізделген ұлттық интеллектуалдық индустрияның үлесі 12%-ға жетеді. Ақшалай баламаға аударғанда 500млрд. долларды құрайды, бұл американдық киімдерді, көлік құралдарын, компьютерлерді және ұшақтарды экспорттаудың жалпы көлемінен де асады.
Өз елімізге келсек, Интеллектуалдық меншік біртіндеп бағалы және толықтырылатын қор ретінде өзінің шынайы мағынасына ие болып келеді, болашақта бұл біздің республикамыздың азаматтарының әл-ауқат деңгейін анықтайтын болады. Осыған байланысты елбасымыз Н.Ә.Назарбаев интеллектуалдық меншік құқықтары мен қорғаулы саудалық маркалы тауарларды өндіруге қолайлы жағдайлар жасау еліміздің экономикалық дамуын қысқартуға басымдылықтың бірі болып табылады деп әлденеше рет жариялаған.
Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.
ЕО (Еуропалық Одақ) саудасының
бас директораты өз өкілдерімен,
жеке компаниялармен және Қазақстанда
жұмыс істейтін авторлық құқық қорғау
жөніндегі қоғамдастықтармен
Халықаралық тәжірибенің көрсетуінше әр мемлекеттің міндеті бұл – авторлардың құқықтарын бұзуға қарсы тиімді құқық қолдану жүйесін енгізу болып табылады. Бұл құқық иеленушілерге өз құқықтарын кесіп өтуге және шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әкімшілік және сот органдары иелердің ерекше құқықтарының заңды талаптарының кез – келген уақытта қостау керек [3;87б.].
Қазақстанда Интеллектуалдық
меншік құқығын қорғау келесі заңды
актілермен: Азаматтық кодекспен, “Авторлық
және сабақтас құқықтар туралы” заңмен,
“Тауарлық белгілер, қызмет көрсету
белгілері және тауарларды шығару орнының
аты”, “ Селекциондық табыстарды қорғау
туралы”, “Интегралдық микросұлбалардың
топологиясын құқықтық қорғау туралы”,
сонымен қатар Қазақстан
Интеллектуалдық меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етуде сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексті қабылдау маңызды кезең болып табылады. Олар Интеллектуалдық меншік құқықтарымен байланысты қылмыстар және құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікті қарастырады.
Сонымен қатар, республикамызда “ҚР-ның ұлттық инновациялық жүйені дамыту және құрастыру жөніндегі 2005-2015 ж.ж. программа” қабылданды.
Әлемдік сарапшылардың көпшілігі
Еліміздің де жағдайы осындай, әлемдік мұхитқа тура шыға алмайтын елде әрине пираттар көп болады. Ғаламтор желісін пайдаланатын әр отандық қолданушы еш қиындықсыз тек қазақстандық желі сигментінде кедергісіз ресми емес аудио көз мөлшерілік континентімен өлшеп табуға болады.
Бұл жұмыс авторлық және сабақтас құқық мәселелеріне арналған. Оның мақсаты-авторлық және сабақтас құқықтың сұрақтары халықаралық құқықтың деңгейінде және әртүрлі елдердің ұлттық заңнамаларында қалай шешілетінін көрсету, авторлық және сабақтас құқықтың түсінігін беру және қағидаларын қарастыру, авторлық қатынастардың құқықтық тұрғыда реттелуін, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтың объектілері мен субъектілерін қарастыру болып табылады.
1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары
Авторлық құқық - азаматтық құқық институттарының бірі болып табылады. Онымен реттелетін мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығарумен және пайдаланумен байланысты. Дербес жеке институт ретінде авторлық құқық нақты міндеттерді атқарады. Бұл міндеттерге автордың мүліктік, жеке мүліктік емес құқықтары мен заңды мүдделерін жан-жақты қорғау, ғылыми және көркем туындыларын шығару үшін анағұрлым қолайлы жағдайларды құқықтық әдіс - тәсілдер арқылы қамтамасыз ету, оларды қоғамның кеңінен пайдалану жатады. Объективтік мағынада авторлық құқық, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын бұл шығару және пайдалану бойынша қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Субъективтік мағынадағы авторлық құқық - бұл әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығарған тұлғаларға тиесілі жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар.
Авторлық құқықтың қағидалары. Біздің авторлық құқыққа нақты бір жалпы қағидалар тән. Шығармашылық еркіндігі қағидасы, авторға шығаратын туындының, өзіне қызықты тақырыбын, нысанын, оны шығару әдісін таңдап алуға, өзінің туындысын барлық заңмен рұқсат етілген әдіс-тәсілдер бойынша пайдалануға мүмкіндік береді. Конституциялық заңнама ғылыми техникалық және көркем шығармашылық еркіндігін, ғылыми, зерттеу, ойлап құрастыру және рационизаторлық қызметтің анағұрлым кең ауқымда қолдану, әдебиет пен өнерді дамыту жолы арқылы кепілдік береді.
Автордың жеке мүддесін барлық қоғамның мүддесімен сәйкес келу қағидасы, автордың туындыларын жеке мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында пайдалануға жол береді. Яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделіп отырғандай, автордың келісімінсіз және оған авторлық сыйақыны төлемей шығарылған туындыны жаңа, шығармашылық жеке туындыны шығару үшін пайдалануға болады.
Туындыны шығаруға және пайдалануға автордың моральдық және материалдық қызығушылығы қағидасы тәжірибеде моральдық көтермелеудің әртүрлі нысандары бар: құрметті атақ беру (еңбек сіңірген артист және т.б.), халықтың марапаттауына ие болған туындыны қайта шығару. Моральдық және материалдық көтермелеу болып ғылыми, әдебиет және өнер туындыларының авторларына әртүрлі мемлекеттік және атаулық сыйақы беру табылады. Әртүрлі туындылар үшін ауысымды ставка түріндегі авторлық сыйқыны белгілеу де материалдық ынталандырудың әдісі болып табылады.
Автордың құқықтары мен заңды мүдделерін жан-жақты қорғау қағидасы тек авторлық құқық қатынастарының қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін белгілейтін субъективтік құқықтарды жүзеге асыру кепілін бекітетін және мемлекеттік органдардың құзіретін анықтайтын құқық нормаларында ғана көрініс таппаған, сонымен қатар, ол бұзылған авторлық құқықтардың қорғауын қамтамасыз ететін құқық нормаларында да орын алған [4; 120-216 б.б.].
Қазақстан егемендік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншікті қорғау. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік Ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке мүліктік және мүліктік құқығы, немесе оның жеке меншігі.
Жалпы автор ол шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық құқық – автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болып табылады. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет туындыларына қолданылады. Авторлық құқық жазбаша, ауызша, үнжазба немесе бейнежазба, бейнелеу, көлемді-кеңістікті сипатта жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне қолданылмайды. Жалпы авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындысына, оның жасалу дерегіне қарай туындайды[ 5;56 б.].
Авторлық құқық туралы заңнама.
Ғылыми және көркем туындылар аясындағы
қарым –қатынастар жиынтығы авторлық
құқық туралы заңнаманы құрайтын әртүрлі нормативтік
Авторлық құқықтың нормалары республикалық маңызы бар әртүрлі заңды және нормативті актілерде көрініс табады. Азаматтық заңнаманың негізі барлық республикаларда біркелкі шешімді талап ететін сұрақтар бойынша қағидалық ережелерді бекітеді. «Авторлық құқық» негіздері бөлімі авторлық құқықтың объектілері ретінде туындылардың қорғау қабілеттілігінің критерийлеріне ғылыми және көркем шығармашылығы субъектілерінің құқықтарын, ғылыми және көркем шығармашылықтың нәтижесін пайдаланудың құқықтық сұрақтарын, авторлық құқықтың әрекет ету мерзімін жатқызады. Мұндай бірлік авторлық құқықты қорғау бойынша халықаралық конвенцияларға қатысу қажеттілігімен анықталған. Авторлық істер бойынша дауларды шешу кезінде 1986 жылы 18 сәуірде қабылданған КСРО Жоғарғы Сот Пленумының «Авторлық құқық қатынастардан туындайтын дауларды шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдану» басшылық етуші қаулысы қолданылады.
Бұрынғы КСРО-ң басқа да субъектілері секілді Қазақстан Республикасы да авторлық құқықтарды қорғаудың халықаралық жүйесіне қатысады. Бұл КСРО-ң 1973 жылы Авторлық құқық туралы жалпы әлемдік (Женева) конвенциясына қосылумен байланысты болды. Жалпы әлемдік конвенция ұлттық режим қағидасынан бастау алады. Осы қағиданың арқасында әрбір қатысушы елде шетел авторларының туындылары, өз азаматтарының туындылары секілді бірдей қорғалады, яғни авторлық құқық туралы ұлттық заңнаманың ережелері қолданылады. Конвенция қорғалатын туындылардың болжамды тізімін береді. Бірқатар елдің заңнамасы осы жолмен келеді.
Әлемдік конвенцияда қорғалуға құқығы бар тұлғалар туралы мәселе тиянақты түрде шешілген. Оның ережелеріне сәйкес, Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің авторлық құқығы, олардың туындыларының алғаш рет жарық көрген орнына қарамастан қорғалады.
Конвенцияға қатысушы мемлекеттің
аумағында туындылары алғаш рет жарық көрген,
Конвенцияға қатыспайтын
Сондай-ақ мынаны атап өту қажет: әдеби және шығармашылық туындыларды қорғау туралы Халықаралық конвенцияның (Берн Конвенциясы) және орындаушы әдістердің, фонограмма дайындаушылардың және хабар таратушы ұйымдарының мүдделерін қорғау туралы конвенцияның анағұрлым көптеген қатаң ережелерін ескере отырып, (Рим конвенциясы) 1991 жылғы азаматтық заңнама негіздерінің нормалары, авторлық құқықтарды қорғауды кеңейту жолы бойынша одан әрі дамыды.
Авторлық құқық өзіндік ерекшелігі бар сала ретінде шығармашылық, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адамдардың мүддесін қозғайды. «Авторлық құқық материалдық зат ретінде әдеби жазба мен бейнені қорғамайды, керісінше ол оның ішіндегі рухани өнімді, яғни шығарманы қорғайды» [7; 40 б.].
Барлық интеллектуалдық әрекеттің
Шығармашылық барлық ғылым саласында, әдебиетте және өнерде қоғамның ілгері жылжу күші болып табылады. Ғылымның, әдебиеттің және өнердің дамуы халықаралық өзіндік түсінушілікке жақсы ықпал етеді. Сондықтан авторлық құқық саласы мемлекеттер арасында жаңа қатынастардың пайда болуына негіз болады.
Авторлық құқық әдебиет, өнер, ғылыми туындылардың авторлары мен қоғам арасындағы қатынастарды реттейді. В.А.Дозорцев айтқандай: «Шығарма жасауға байланысты әрекеттер идеологияны қалыптастыруға, адамды тәрбиелеуге бағытталған» [8; 28б.].
Рыноктың экономикаға өтуі авторлық құқыққа да өз әсерін тигізді. Егер марксистік теория барлық ғылым негізінде соның ішінде азаматтық құқық негізінде болып «құқықтың проприетарлы құрылымын шығармашылық нәтижеге бөлуге болмайтын болса, рыноктық экономикадағы заңдар интеллектуалдық меншікті қорғайды.
Авторлық құқық авторлар және аудио, видео, кітап өнімдерін шығарушылар, бұқаралық ақпарат құралдары, туындыларды орындаушылар, автор шығармасының өнімдерін таратушылар арасындағы қатынастарды реттейді. Осыған орай авторлық құқық кітап, аудио, видео өнімдерін шығарушылар, өсы өнімдерді таратушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының да мүдделерін қорғайды. Қазақтан өз тәуелсіздігін алғанға байланысты оның құқықтық өмірінде түрлі өзгерістер болды. Шығармашылық жұмыспен айналысуға жағдай жасалып жатыр. Республиканың әдебиет және бейнелеу өнімдерін қорғау туралы 1986 жылғы Берн конвенциясына фонограмма өнімдерін шығарушыларды осы өнімдерді заңсыз қайта шығарушылардан қорғау конвенциясына қосылу, оның шығармашылық қауымдастықтан өзіне лайықты орнын алуға ұмтылуын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы және интеллектуалдық меншіктің халықаралық ұйымы арасында шартқа қол қойылды. Негізгі халықаралық конвенцияларға қосылу және интелектуалдық меншіктің халықаралық ұйымымен шартқа қол қою, біздің мемлекетімізге халықаралық қауымдастықтағы авторлық құқық саласында үлкен мүмкіндіктер туғызады. Мемлекетіміз өз авторларымызды олардың туындыларын шет елдерде қолданған уақытта қорғау мүмкіндігін алды. Осыған қоса Қазақстан шет ел авторларының туындылары елімізде қолданылғанда, оларды қорғау міндетін өз мойнына алды. Жуық арада республикамыздың дүниежүзілік сауда ұйымы құрамына енуі Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының басты бағыты.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі басты талаптардың бірі авторлық құқықты қорғау және тиісінше бұзылған авторлық құқықты қорғау. Осы экономикалық саяси және құқықтық жағдайда дүниежүзілік сауда ұйымы ережесіне сай 140-қа жуық мемлекет сауда-саттық қарым-қатынастарына түсіп отырғандықтан, Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымы бекіткен талаптарды бұлжытпай орындауы міндет.
Қазіргі таңда Республика Парламентінің жоғарғы палатасында Үкімет ұсынған «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам интелектуальной собственности» заң жобасы талқылануда.
Заң жобасын талқылау интелектуалдық меншікке байланысты заң шегіндегі авторлық құқық заңы дүниежүзілік конвенцияға сәйкескендірілгелі жатқандығын көрсетеді.
Бірақ, менің ойымша Қазақстанның
Дүниежүзілік сауда ұйымы құрамына кіруіне
байланысты мәселе шешіліп жатқанда,
Жекелей келгенде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде интеллектуалдық меншік аясында құқық бұзушылық жасауға байланысты қарастырылатын жаза нормаларын бөлек бөлімге біріктіру. Себебі интеллектуалдық меншік шығарма авторының меншігі.
Бұл бөлімге мемлекет
Тауарлық белгі интеллектуалдық меншіктің объектісі болғандықтан Қылмыстық Кодекстің 199-бабына өзгерістер енгізіп, оны Қылмыстық Кодекстің 184-бабына сәйкестендіру керек.
Тәжірибеде ірі залал болғандығын дәлелдеу қиын болғандықтан ірі залал орнына ірі мөлшерде деп көрсету керек.
Залал мөлшеріне байланысты сұрақты шешу өте қиын. Себебі интеллектуалдық меншік объектілері материалдық негізбен қоса материалдық емес негізде де болады.
1.2 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар
Авторлық құқық объектілері - туындылардың
топтамасы. Қазақстан Республикасының
ЭЕМ үшін бағдарламаларды авторлық құқықтың объектілерінің қатарына қосуға, осы объектілердің мәні және олардың интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелерінің арасындағы орны туралы әлемнің бірнеше елдерінің қатарында әдебиеттегі ұзақ пікірталас себепші болды. Әртүрлі елдердегі тәжірибе әртүрлі жолдардан өтті, кейбір елдерде бағдарламалар патенттік заңнамада қорғалды, ал екінші бір елдерде - аралас жүйе бойынша сараптама мен тіркеудің элементтерімен қорғалды. Бағдарламалардың иеленушілерін құқықтық қорғау және ұйымдастыру бойынша мамандар, заңнаманы қолдану тәжірибесін талқылау және анализ жасау нәтижесінде, авторлық құқық бұл объектілерді анағұрлым жедел және арзан тәсілмен қорғайды деген пікірге тоқталды [18; 60-61 б.б.].
Түсініктеме беріп отырған бөлім олардың сыртқы көрінісінің барлық элементтерін - мұндай бағдарламалардың мәтінін және олардың жазылу тілін, операциялық жүйені құрайтын бағдарламалардың үйлесімін, объектілік кодты қорғайды. Қорғаудың мұндай әдісінің осал жағының көрініс табуы, әрине орын алады - оның көмегімен, бағдарлама жазылған алгоритмдерді қорғау мүмкін.
Объектілердің тізімін кеңейтуден басқа, заң шығарушы оларды нақты бір жүйе бойынша тәртіппен орналастырған. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексініңнің 971, 972 -баптарында, істің мән-жайы бойынша, құқықтардың көрініс табу әдіс-тәсілдерінің және алдын ала келісіп алудың дәрежесінің белгілері бойынша объектілердің топтамасы берілген.
Яғни, Қазақстан Республикасының
1. Авторлық құқық шығармашылық
қызмет нәтижесi болып
2. Авторлық құқық халыққа
1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);
2) ауызша (көпшiлiк алдында айту,
көпшiлiк алдында орындау және т.б.);
3) дыбыс немесе бейне
жазу (механикалық, цифрлық,
4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.);
5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель,
пакет, құрылыс және т.б.);
6) өзге де нысандарда қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағында
аталған белгiлерi бар және
дербес пайдаланылуы мүмкiн
4. Авторлық құқық идеялардың,
тұжырымдамалардың,
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «
Авторлық құқық мақсатына,
мазмұны мен маңызына, сондай-ақ
берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан,
шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып
табылатын ғылым, әдебиет және өнер
туындыларына қолданылады.
1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған,
нотаға жазылған және сол
2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық,
3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);
4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет,
5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты); 6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.
3. Заңның осы бабының 1-
Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.
Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектiнi меншiктену құқығымен байланысты емес.
Қандай да болсын материалдық объектiге меншiк құқығын немесе иелену құқығын беру, осы Заңда көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, осы объектiде көрсетiлген туындыға авторлық құқықтың берiлуiне әкеп соқпайды» делінген.