Салық

                                                   Ж О С П А Р 

      Кіріспе ....................................................................................................3 

      1 Ел экономикадағы салықтың теориялық негіздері                   

      1.1 Салықтың экономикалық анықтамасы және салық

      жүйесінің дамуы .....................................................................................5

      1.2 Салықтың мәні және қағидаттары  ..................................................7

      1.3 Салықтың басқа міндетті төлемдерден айырмашылығы .............10 

      2 Салықтың мазмұнын, белгілерін және оның атқаратын

      қызметтерін талдау

      2.1 Ақмола облысының 2007-2008 ж салықтық түсімін талдау….....13

      2.2 Салықтың мазмұны және оны экономикалық категория

      ретінде талдау .........................................................................................20

      2.3 Салықтың атқаратын қызметтері мен белгілері.............................24 

      Қорытынды ...........................................................................................29 

      Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................31 

      Қосымша 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе 

     Кез келген мемлекет өмір сүру үшін қаржы-қаражат  қажет. Бұл қажетті қаражат мемлекеттің  бюджетінде шоғырланып, оның мұқтаждықтарына жұмсалып, сыртқы және ішкі саясатты жүзеге асыру үшін жұмсалады. Ал мемлекеттің сыртқы және ішкі саысаты жүзеге асу үшін мемлекет салық саясатын жүргізеді.

     Мемлекеттін материалдык мүддесі мен қоғам  өмірінің айырықша экономикалык аясының  тоғысатын жері, көбінесе объективтi қаржылық-құқықтық құбылыс ретінде жарқын көрініс табатын салық салу саласы әрқашанда мемлекетпен салықтық құқығының реттеуші ыкпалының ауқымы ретінде көрініс табады.

     Нарықтық  экономика жағдайындағы Қазақстан  Республикасында қоғамдағы қандай болмасын процестерге мемлекеттік әкімшілік жүргізу арқылы тікелей ықпал ету мүмкіндігінің тарыла бастағаны бүгінде барынша аян. Бұл орайда халықаралык өркениеті стандарттар мен нарык талаптарына сай келетін, сондай-ак коғамдық және мемлекеттік мүдделерге қол жеткізуге жол ашатын әлуметтік-экономикалық жанама ықпал етудің елеулі кұралы салықтар, салық салу жүйесі және мемлекеттік салықтық құқығы пайдаланылады.

     Салықтарға  тән барлық функциялар мемлекеттік  бюджеттің ақшалай қаражаттарын негізінен корпоративтік шаруашылық аясы субъектілеренің табыстары есебінен қалыптастыруға нысаналанған тұрақты байланыстың мемлекет пен салық төлеушілер арасында туындауы мен дамуы барысында icкe асырылады. Өндіріс пен салык салу және мемлекеттік бюджет кipicтepiн қалыптастыру арасындағы теуелділік ұтымды салық жүйесін құрудың, сондай-ақ тиімді салықтық заң актілерін қабылдаудың теориялық және практикалық нeгізін құрайды. Сонымен салық объективті субъективті қаржылық-экономикалық және құқықтық құбылысты, ал салық салу мемлекеттік бюджеттің (салықтық кірісін) кipic базасын қалыптастыруға байланысты қарқынды салықтық қатынастарды көрсетеді.

      Мемлекетке    түсетін   салық    түсiмдерiнiң  сипатты  ерекшелiгі олардың сан  алуан қоғамдық қажеттерге кейiн  иесiз пайдаланылуы болып табылады. Осымен салықтардың  мемлекет, сондай-ақ басқа жергiлiктi opгaндap белгiлейтiн   түрлi    мiндеттi  мақсатты   жарналардан,  төлем   аударымдарынан айырмашылығы болады. Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық  қызметтерін  қаржыландырудың  негізгі көзі болып табылады. Салықтар-мемлекет біржақты  тәртіппен  заң жүзінде белгіленген,  белгілі бір  мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз  және өтеусіз  сипатта  болатын  бюджетке төленетін  міндетті ақшалай  төлемдер.

      Тақырыптың  өзектілігі (актуальдығы) - мемлекеттік қаржының негізгі көзі – салық, салықтық түсімдер арқылы бюджеттің табыстары қалыптасады, әрі қарай бұл табыстар әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау және басқа шараларды жүргізу мақсатында жұмсалады. Сондықтан салық – мемлекеттің белгісі, оның қызмет етуінің қаржылық негізі. 

      Курстық жұмыстың мақсаты – салық салу саласы әрқашанда мемлекеттің салықтың құқығын реттеудегі ықпалында ауқымды  көрініс табуы осы орайда салықты  қаржының бір тұтқасы ретінде  талдау.           

      Жұмыстың міндеті – Қазақстан Республикасының егеменді, оның әлеуметтік бағдарлы нарықтық қатынастарға бағытталған даму жолына көшуді, мемлекет және қоғам мүддесіне қажетті қаржы-қаражаттардың мемлекет құзырында орталықтандырылуды, сондай-ақ өтпелі кезеңдегі экономиканы реттеу барысында пайдаланылатын салық құқығын экономика және құқық аяларынан өзіне тиесілі орнын алуынын басты себебіне айналдыру.Бұл тақырып өзінің өзектілігіне байланысты көп зерттелген. Теориялық және заңнамалық материал жеткілікті.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      1 Ел экономикадағы салықтың теориялық негіздері  

                        

      1.1 Салықтың экономикалық анықтамасы және салық жүйесінің дамуы 

      Салықтар  – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттік  пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады [1, 5].

      Салықтың  экономикалық мәні - шараушылық субьектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін  алу жөніндегі өндірістік  қатынастардың  бір бөлігі болып табылатындығында, басқаша айтқанда, олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын  ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

      Салықтар  қаржының  бастапқы категориясы  болып табылады [2, 208].

      Салықтар  мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының  бүкіл тарихы  бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері  мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар – ақша қатынастарының  ахуалына  әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

      Салықтар  барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси  іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ  Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың  қасиеті  борышы деген еді.

      Қазақстан Республикасында  салық жүйесі  реформалаудың үш кезеңінен өтті:

      Бірінші кезең-1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «Қаз КСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен Қаз КСР-дің басты  мемлекеттік салық инспекциясы  құрылды. 16 жалпы  мемлекеттік  және 27 жергілікті  салық түрін  қарастыратын  салық жөніндегі  заң актілері  пакеті қабылданды.

      Екінші  кезең-1995 жылғы 24 сәуіріндегі  «Бюджетке  төленетін салық және басқа да міндетті  төлемдер туралы» Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығы өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11- ге дейін қысқартылды. Қосылған құн салығы енгізілді.

      Үшінші  кезең-2001 жылы 12 маусымда Қазақстан  Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың  1  қаңтарынан қолданысқа енгізілді.

      Салық кодексі қабылданғаннан бері бірнеше  толықтырулар мен өзгерістер жасалды.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексін қабылдаудағы ең негізгі ерекшеліктері және қол  жеткізген жетістіктеріміз ретінде салықтарды бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдерден ажырата отырып, оны «ерекше тауар» түрінде қарастырылғанын атап өтеуге болады. 

      2006 жылдың 13 наурызында Асатанада Конгресс-хол  ғимаратында ҚР Қаржы министрлігі  Салық комитеті басшылық құрамының Астана қаласының салық төлеушілермен кездесу болып өтті. Кездесуге Қазақстан кәсіпкерлерге ассоциациясының  мүшелері, Салық комитетінің қызметкерлері де қатысты.

Кездесу салық заңдарымен салықтық әкімшіліктендірудің  нормаларын қолдануға байланысты мәселелерді салық төлеушілерге түсіндіру, салық төлеушілер мен салық қызметкерлерінің арасында дұрыс түсінік қалыптастыру, салық мәдениетін арттыру мақсатында  өткізілді.

      Салық комитетінің басшылары кездесуге  қатысушыларды  Елбасының  Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында атқарып жатқан істермен таныстыра келе, соған сәйкес салық  заңдарына төмендегідей өзгерістер енгізудің  ұсынылатындығы туралы хабардар етті, оның ішінде:

  • 2007 жылдан бастап қосылған құн салығының ставкасын 1 пайызға, ал 2008-2009 жылдарда тағы да 1-2 пайызға төмендету;
  • 2007 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10 пайыздық бекітілген ставкасын енгізу;
  • 2007 жылдың 1 қаңтарынан шағын бизнес субьектілері үшін салық салудың кемітілген біріңғай салық ставкасын енгізу;
  • 2008 жылдан бастап әлеуметтік салықты орта есеппен 30 пайызға төмендету және тағы басқалар.

      Жиында  сөз алған Қаржы министрлігі  Салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов жыл сайын салық заңнамасына  өзгертулер енгізу және жыл басына салық төлеушілермен кездесу өткізіп, бухгалтерлер мен қаржы қызметі басшылары, кәсіпкерлерге сол өзгерістер жайында түсінік беріп отыру-Салық комитетінің жақсы дәстүріне айналғандығын атап өтті.

      Мемлекет  басшысы салық қызметі органдарына  өзара байланысты үш міндетті , атап айтқанда:

  • салықтардың  жиналуын арттыру және салық тәртібін күшейту;
  • салықтық әкімшіліктендіруді жеңілдету;
  • салық органдарындағы сыбайластық деңгейін төмендету міндеттерін қойып отыр.
  • 2006 жылы мынадай қызметтер көрсетулер жоспараланып отыр:
  • салық есептемелерін камералық бақылау нәтижелері туралы, салық төлеуші салық заңнамасын  бұзған  жағдайда  салық  төлеушінің дербес   шоттарына қоса есептелген
  • соммаларды жүргізгені туралы хабарламаны салық төлеушіге ара қашықтан  жіберу;
  • қосылған құн салығын төлеушілерді жеке кәсіпкерлерді қашықтықтан тіркеу;
  • банкоматтар мен Web- киоскілер арқылы салықтарды төлеу;
  • электрондық  инкассалық өкімдерді, банктік шоттар бойынша ақпаратты қалыптастыру және басқалар.

      Ал  салық бақылауына барлық салық есептемелерінің электрондық түрде ала отырып (қазір есептемелердің 43 пайызы электрондық түрде тапсырады), барлық салық төлеушілердің салық есептемелеріне аралық электрондық-камералық бақылауды  жүргізе аламыз. Егер бұл камералық бақылау (салық қызметкерлерінің кәсіпорындарға бармай-ақ) теріс нәтиже бермейтін болса, онда біз ондай салық төлеушілерге тексеруге  шықпауды жоспарлап отырмыз. Демек, тек электрондық- камералық бақылау  салық декларациясында  сұрақ тудыратын  салық төлеушілер ғана салық тексеруіне  жататын болады.

      Сондай-ақ комитет төрағасы қазіргі  күні камералық  бақылау тек қосылған құн салығы  бойынша іске асырылып отырғандығын және соның өзінде  елеулі нәтиже бере бастағандығын, мәселен, бюджетке түсетін түсімдер 2006 жылы 2007 жылмен салыстырғанда – 140 пайызға, ал 2008 жылдың 2 айында  өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 170 пайызға орындалғандығын атап өтті.

      Салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәні мен мазмұны  олар атқаратын функцияларда толық  ашыла түседi. Жалпы қаржы категориясы  тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың  функцияларын қаржыньң  бөлгiштiк функциясының құрамдас қосалқы  функциясы peтiндe қарастырған жөн [3, 258].

      Ұйымдық  - құқықтық жағынан салықтар – бұл  мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.  
 

     1.2 Салықтың мәні және қағидаттары 

      Салықтың  мәні мемлекет өз пайдасына жалпы  ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін  нақтылы жарна ретінде алып қалады.

      Салықтар  мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлкетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық  формада тұрақты түрде төлейтін жараналары қажет болады. Адамзаттың  даму тарихында  салықтың нысандары мен әдістері мемлкеттің сұранымдары мен қажеттеріне  қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.

      Салықтар  тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері  мен түрі нақты жергілікті  жағдайларға  бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі  немесе 10 тұз және т.б. алынған.Тауар – ақша  қатынастарының  нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды. (1993 жылға дейін жүн, жұмыртқа, сүт, май өткізген).

      Егер  екі мемлекет бір-бірімен соғыс  жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлкеттің барлық байлығын  тонап алады, болмаса  белгілі бір  мөлшерде салық салып  отырған.      Салық ауыртпалығы  – салық жиналуының жалпы мөлшерінің бірлескен ұлттық өнімге қатынас  ретінде анықталатын көрсеткіш.

     Салық ауыртпалығы – салық жиналуының жалпы мөлшерінің бірлескен ұлттық өнімге қатынас ретінде анықталатын  көрсеткіш.

      Салықтарда  ежелден салық жүктемесін (салық  ауыртпалығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:

      1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты;

      2) қайыр көрсету (төлем қабілеттілігі) қағидаты.

      Бірінші жағдайда әр түрлі субьектілер пропорционалдық  салықпен салықтануы керек, үкімет ұсынған  қоғамдық тауарлар мен қызмет көрсетулерге көп мөлшерде ие болғандар осы  тауарлар мен қызметтерді қаржыландыру үшін қажетті салықтарды төлеулері керек. Мысалы,автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымы, жол салығы және басқа да төлемдер,бұрынғы Жол қорын қалыптастырғандар, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүруі үшін алым. Бұл қағиданы пайдалану мынандай салалары: қорғаныс, қоғамдық қауыпсыздық, білім беру жүйесі, және басқа да мемлекеттік қызметтер түрлері үшін қиынға соғады. Бұл қағиданы кедейлер, жұмыссыздар үшін қайырымдылық жәрдемақыларды қаржыландыру жағдайларында пайдалану мүмкін емес.

      Екінші  қағидаға сәйкес, субьектілерге мынадай  түрде салық салынуы керек: нақты  табысқа байланысты салық ауыртпалылығы  қойылуы керек. Осы қағида былай  дейді: жеке тұлғалар, кәсіпкерлер және ең жоғары табысты кәсіпорындар аз табысты ұйымдарға ең жоғары салықтарды төлейді – абсолюттік жағынан да, салыстырмалы түрде алғанда да. Бұл қағиданың мәні ұсыныстан шығады, яғни табыстың әрбір қосымша бөлігі қанағаттандырудың барлық аз үстелуіне әкеледі. Бұлай болатын себебі, шаруашылықтандыру субьектілерінің ақша қаражатын жұмсауы бірдей емес: алынған табыстың бірінші бөліктері уақыттың кез келген кезенінде бірінші кезектегі қажеттіліктің тауарлары мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын болады, яғни аз ғана мөлшердегі пайда немесе қанағаттандырушылық әкелетін тауарлар мен қызмет көрсетулерге қолданылады. Табыстың соңғы бөліктері аз мөлшерде қажет болатын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалады. Бұл кедейлерге салық салу жолымен алынған ақшалар байлардан алынғанға қарағанда үлкен құрбандықты құрайды дегенді білдіреді. Осылайша, салық төлеуге әкелетін табыстарды алу кезінде шығынды теңгерімділеу үшін олардан алынатын табыстар шамалылығына сәйкес бөліп таратулы мүмкіндігі қарастырылады.

      Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне  салық салудың қағидаттарын  пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге  және табыстың  өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.[18;14]

        Салықты  ұтымды  ұйымдастырудың  классикалық  қағидаттарын  бұрын  А.Смит ұсынған еді. Олар мынаған  саяды:

  1. салық салық төлеушінің әрқайсысының  табысына сәйкес  алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
  2. салықтың мөлшері  мен оны төлеу  мерзімі  алдын ала  және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты);
  3. әрбір салық салық төлеуші  үшін неғұрлым қолайлы  уақытта  және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
  4. салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).

      Бұл қағидаттарды  пайдалану  салық  салуда  зорлық – зомбылықты  жоқ етті, бұл процесске реттемелеуді  енгізді және А.Смитке «салықтар-оны  төлейтіндерге  құлшылықтың  нышаны емес, бостандықтың  нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың  кейінгі  даму барысында  қағидаттардың  тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды [4, 5].

      Салық салудың қазіргі  қағидаттары  мыналарға саяды:

      1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде  қарастырылады:

      а) «деңгейлес теңдікке» жету-салық төлеушілердің  табыстарына  тең жағдайда  біркелкі салынады;

      ә)  «сатылас теңдікті» сақтау-жеке тұлғалардың  табыстарына  салық салу табыстардың  бір бөлігін қайта бөлу  үшін прогрессивті  шәкіл бойынша  сараланған  мөлшерлемелерді  қолдана отырып жүргізілуі тиіс.

       2. Қарапайымдылық қағидаты. Салық механизмі салық төлеушіге  түсінікті болуы  тиіс, ол абайсыз әрі күрделі болмауы тиіс.

        3. Салықтардың анықтылығы, алдын ала  белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық  аумағында  және барлық шаруашылық  жүргізуші  субьектілер  үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.

      4. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді  бұрмалайды және салық салу  субьектілерін  тең емес жағдайларға  әдейі қояды.

      5. Салық салудың  экономикалық бейтараптылығы. Салықтар экономиканың  жұмыс істеуін  жақсартуға  және инвестициялардың  өсуіне кедергі  жасамауы тиіс.

      6. Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтарды негiзгi түрлерi бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.

      Салықтарға  экономикалық әдебиеттерде әр түрлі  анықтама  мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде  «салықтар  – мемлекет бір жақты тәртіппен  заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта  болатын бюджетке төленетін  міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.

      Салық – белгілі бір обьектілерден  төленетін  төлем.

      Салық – заңды актілерге сәйкес салық  төлеушілермен жүзеге  асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлемдер.

      Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде  алынатын, заң бойынша  қарастырылған міндетті төлемдер.

        Қорыта айтқанда, барлық анықтамалар  бір негізді  құраушы жүйе  екендігін байқауға болады.

      Салықты басқа  да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір обьектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі  болады (салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық,тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде  (салық ставкасы ) алынады [5, 11].

        Қазақстан Республикасының мемлкеттік  бюджетінде  салықтардың меншікті  салмағы 70 пайызын құрайды.

        Салықты материалдық тұрғыдан  алғанда – бұл, салық төлеушінің  белгілі бір  мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлкетке  беретін  белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық натуралдық тұрғыдан  материалдық құндылық болып саналады).

      Салықтың  материалдық белгісі – салық  төлеуші белгілі бір соманы  мемлекетке  міндетті  түрде беруі болып келеді.

      Материалдық  салықтық қатынастар – ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық  төлеушіден мемлкеттік ақша қорларына  жылжуы дегенді білдіреді.

      Экономикалық  категория тұрғысынан қарағанда  салық – салық төлеушілерден  мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде  және белгіленген тәртіпте  бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады.

      Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл  мемлкеттік  бекітілім, яғни тұлғалардың  мемлекетке белгілі бір ақша сомасын  беруін көздейтін міндеттеме.

      Салық құқығы – мемлкеттің салықтық әрекеті  процесінде пайда болатын қоғамдық  қатынастарды  реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. 
 

     1.3 Салықтың басқа міндетті төлемдерден айырмашылығы 

      Салықтардың алымнан айырмашылығы. Алымдар салық төлеушілерге  белгілі бір құқықтық мәртебе берілгенде немесе белгілі бір қызмет түрін бастар алдында төленеді.

      2002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап «елтаңбалық алым»  алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға   өзгерістер енгізілді, яғни: «жылжымалы  мүлік кепілін мемлкеттік тіркегені үшін алым» және «кеменің  немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін» және «туындылар мен сабақтас құқықтар обьектілеріне құқықтарды,  туындылар мен сабақтас құқықтар обьетілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін» алымдарды қосады. [6, 201].

      Алым  да төлем болып табылады. Ал, енді алымдардың салықтардан біренеше айырмашылықтары  бар, атап айтқанда:

  • біріншіден, алым мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни мемлекет заңды іс-әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды. Ал салықтар мемлекетті толығымен қаржыландыруға  жұмсалады;й
  • екіншіден, салықтың өтеусіз және баламсыз белгілері болады. Ал, алым баламалы төлем болып саналады, яғни алымды төлеу арқылы мемелкеттен белгілі бір құқық, мәртебе немесе рұқсат алынады. Мысалы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алымды алсақ, салық төлеуші осы алымды төлеу арқылы өзіне белгілі бір қызмет түрін ашуға рұқсат алады немесе лицензиялық алым белгілі бір қызметпен айналысу үшін алынатын рұқсат қағаз, яғни салық төлеушіге белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық беріледі. Сонымен салық жай ғана төлем ретінде төленеді, одан салық төлеуші төлеуіне айырбасқа ешнәрсе ала алмайды, ал алымда салық төлеуші мемлекеттік органмен байланысты жетілдіре  отырып, өзіне басқа да заңды іс-әрекеттер  жасайды;
  • үшіншіден, алым бір жолғы төлем болып табылады, яғни бір рет қана төленеді. Ал,  салық    ұзақ   мерзімді   және  тұрақты  түрде  төленіп   отырады,   қашан   салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді;
  • төртіншіден, салықты төлеуде күштеу әдісі қолданылады, яғни салық төлеуші салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп алу іс-шаралары қолданылады. Салық төлеуші алымды ерікті түрде төлеп отырады Мысалы:бір тұлға мемлекеттік органға келіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға  өтініш береді. Берілген рұқсат негізінде  кез келген қызмет  түрімен айналысуға құқылы.Бұл жерде тұлға алымды өз еркімен төлейді.

      Салықтың  төлемақыдан айырмашылығы. Төлемақы дегініміз – мемлекет меншігіндегі обьектілерді пайдаланған кезде төленетін төлем. Төлемақының  9 түрі бар. 2005 жылы төлемақыға  өзгеріс енгізілді. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақыға  қосымша ретінде «қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы» төлейді.

      Салық  пен төлемақының бірнеше айырмашылықтары  бар. Мәселен:

  • біріншіден, төлемақы өтеулі және баламалы төлем, яғни төлемақыны  белгілі бір обьектілерді пайдаланаған кезде төлейді;
  • екіншіден, төлемақы мемлекеттің азаматтық құқыққа  сәйкес азаматтық – құқықтық қатынастары кезінде туындайды;
  • үшіншіден, тұлғалар төлемақы төлеу арқылы баламалы түрде осы және басқа да обьектілерді пайдалануға   құқық алады.

      Салықтың  мемлекеттік баждан айырмашылығы. Мемлекеттік  баж – уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың, немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем [7, 325].

      Мемлекеттік баждың салықтан айырмашылығы мынада:

  • мемлекет тарапынан берілетін қызметке байланысты болады, сондықтан бұл баламалы төлем болып саналады,
  • мемлекеттік бажды мемлекет қызметіне төлем ретінде емес, мемлекеттің қызметіне байланысты  төлем ретінде қарау керек. Айта кету керек, бажды төлеген кезде тауар- ақша қатынастары жүзеге асады.

      Салықтық  жараналар арқылы да мемлекеттік  қаржы қорлары құрылады. Олар мемлекеттің  бюджеттік және бюджеттен тыс  қорларында (әлеуметтік сақтандыру қорлары, зейнетақы қорлары, жұмыспен қамту  қоры, жол жөндеу қоры ) жиналады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2 Салықтың мазмұнын, белгілерін және оның атқаратын қызметтерін талдау 
 

      2.1 Ақмола облысының 2007-2008 ж салықтық түсімін талдау

         

     Ақмола  облысындағы Салық Комитетінің 2007 – 2008 жылдар аралығындағы қызметінің нәтижесін келесі кестеден көруге болады.