Салық саясатының мәні
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................... |
3 | |
1 |
САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ.................. |
5 |
1.1 |
Салық саясатының мәні.......................... |
5 |
1.2 |
Салық саясатының ықпалы мен
рөлі.......................... |
12 |
1.3 |
Салық саясатының негізгі
бағыттары..................... |
17 |
2 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ МЕН БЮДЖЕТКЕ
ӘСЕРІ......................... |
22 |
2.1 |
Салық саясатының бюджетті
толтырудағы рөлі.............. |
22 |
2.2 |
Қазақстан Республикасының
салық саясатының бюджеттің кіріс
бөлігін толтырудағы басқа |
32 |
3 |
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫН
ДАМЫТУ........................ |
40 |
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
45 | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................ |
47 |
КІРІСПЕ
Осы курстық жұмыс «Қазақстан Республикасының салық саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары» деген тақырыпта қазіргі мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатына талдау мақсатында жасалды. 1991 жылдың желтоқсанында өз тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясатында салық жүйесінің атқаратын рөлін жан – жақты қамтуға арналған жұмыс. Аталған жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатына шолу жасап, еліміздегі қолданып жүрген салықтар мен алымдардың мәні мен маңызын және де кемшілігін көрсетуге тырыстым.
Салық жүйесі өте күрделі
жүйе. Мемлекетіміздің әл – қуаты
мен қауіпсіздік саясатына
Мемлекеттің салық саясатын – салықтар саласындағы іс- шаралары жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңдегі әлеуметтік –экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.
Салық салу обьектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақты және жеке болып бөлінеді. Нақты салықтар – мүліктердің сыртқы белгісіне қарай, нақтылы табыстың түсуі есептелместен (жер салығы , мүлікке салынатын салық, құнды қағаздарға салынатын салық) салынады.
Жеке салықтар жеке адамдар мен заңды мекемелердің қаражат жағдайына байланысты (пайдаға салынатын салық, табыс салығы, мұра немесе сыйға тартуға ауысқан мүліктерге салынатын салық) салынады1.
Бұл курстық жұмыста мынадай мәселелерді ашуға тырыстым:
- салық саясатының мазмұны мен маңызы;
- салық саясатының мәні;
- салық саясатының ықпалы мен рөлі;
- салық саясатының негізгі бағыттары;
- Қазақстан Республикасының салық саясатының жүргізілуі мен бюджетке әсері;
- салық саясатының бюджетті толтырудағы рөлі;
- Қазақстан Республикасының салық саясатының бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі;
- Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық саясатын дамыту жетістіктері.
Қазіргі экономикалық дағдарыстан әлі де құтыла алмай отырған еліміз үшін салық жүйесін жетілдіру, дамыту тақырыбы өте өзекті, маңызды және де керекті деп ойлаймын.
Айта кету керек, 1995 жылы 24 сәуірде Президенттің Заң күші бар жарлығымен қабылданған «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Салық Кодексі біздің еліміздің экономикасы үшін үлкен қызмет атқарды. Жалпы ішкі табыстың бүгінгі күні барлық ТМД елдерімен салыстырғанда жоғары деңгейде тұруы – соның айғағы.
Шетел инвестициялары біздің экономикаға келтіру және бағыттау бағдарламалары салық заңдылығымен айтылып жатқанын айту керек. Жалпы қарап отырсақ, салық кодексінің әлемдік стандартқа сай болуы – шетелдік инвестицияның біздің елге келуіне көп әсер беруі.
Біздің салық жүйеміздің жоғары деңгейде көріне білгені елімізге көп пайда келтіреді.
І. САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ
- Салық саясатының мәні
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болады және оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті ұстау үшін оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың формалары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады. Олардың қызмет ауқымы кеңейіп,әлеуметтік – экономикалық процестердегі рөлі де өзгеріп отырады. Тауар-ақша қатынастары неғұрлым дамыған жүйелерде салықтар да жақсы дамып, оларға мүмкіндігіше әсер етеді.
Мемлекетке түсетін салық түсімдеріне тән ерікшелік – олар сан алуан қоғам қажеттеріне таратылып пайдаланады. Салықтардың мемлекет, басқа өкімет органдары белгілейтін сан алуан мақсатқа арналған жарналардан, аударымдардан, төлемдерден айырмашылығы осында. Бұған әлеуметтік сақтандыруға төленетін қатаң нысаналы аударымдар, жарналар, арнайы қорларға аударылатын жарналар мен аударымдар жатады. Нақты қатынастары түзілуі жағдайындағы салық саясатының негігі бағыты –халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін орталықтандырылған қоғамдық тұтыну қорлары арқылы қалыптастыру, приниптерінен бас тарту. Бұл халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің табыстарын еңбек белсенділігін арттыруға экономикалық мүдделігін арттыру арқылы көбейтуге мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік салық саясатын – салықтар саласындағы іс- шаралары жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңдегі әлеуметтік –экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.
Салық салу обьектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақты және жеке болып бөлінеді. Нақты салықтар – мүліктердің сыртқы белгісіне қарай, нақтылы табыстың түсуі есептелместен (жер салығы , мүлікке салынатын салық, құнды қағаздарға салынатын салық) салынады.
Жеке салықтар жеке адамдар мен заңды мекемелердің қаражат жағдайына байланысты (пайдаға салынатын салық, табыс салығы, мұра немесе сыйға тартуға ауысқан мүліктерге салынатын салық) салынады.
Салық салу обьектілерінің есепке алу және бағалату тәсілдеріне қарай кадастырлық төлеушінің жарияланымы бойынша салық алу сияқты 3 тәсілі бар.
Бірінші жағдайда салық салынатын обьектілердің тізімге негізінде, олардың табыс нормаларын көрсете отырып есептеу және салу(жер салығы, мүлік салығы нақтылы табыс есептелмей іске асырылады).
Екінші әдіс бойынша жарияланымында төлеуші табыстың мөлшерін, қажетті жеңілдіктерді және салық сомасын көрсетеді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін заңды мекеменің бухгалтериясында есептеліп, сол жерде төленеді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдар мен баж салықтарының үш тобын, салық қатынастарын реттеп отыратын құқықтық нормалар мен салық қызметі органдарын (Бас салық инспекциясы мен оның жергілікті органдарын) қамтиды.
Салық – шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы асырылатын, қаржы қатынастарының сипаттын көрсететін экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері бар: фискалдық, реттеушілік, қайта бөлу.
Ең негізгі қызметі фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады.
Ретеушілік қызметі - салықтың маңызды қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни реттеуі жүзеге асырылады.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субьектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизімінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды.
Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатын негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.
«Салық» термині құқықтық актілер тола әдебиетте болып жиі кездеседі. Оның мәні мен мағынасы жөніндегі талас пікірлер көп. Салықтың мәнінен тереңдеп түсіну үшін салық салу теориясының классигі Адам Смиттің еңбектерінің жалпы бұқаралық үлкен маңызы бар. Оның салықтар жөніндегі көзқарасы дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің салық жүйесін қалыптастыруға негіз болған. Салық салу принциптеріне анықтауға Адам Смиттің салықтарға қойылатын төмендегідей талаптарды ерекшелейді.
Салықтардың ашық түрде болуы
Адам Смиттің атауы бойынша салық
мемлекеттің құқық түрінде
Салықтардың бір мөлшерлігі немесе тең үлестілігі, яғни барлық тұлғалар өз табиғатының шамасына қарай мемлекетке қолдау көрсету керек. Өйткені олар мемлекеттің қамқорлығының, қорғауының арқасында сол табысқа ие болып отыр.
Салықтардың ашық түрде болуы, салық төлеушілерге төленетін төлемдердің уақыты, орны, көлемі және төлем әдістемелерінің белгілі бөлігін талап етеді.
Салық жинаудың арзандығы мемлекет қазынасына түсетін салықтарды жинау үшін шығатын шығындардың мүмкін болғанша аз мөлшерде болғанын көздейді.
Салықтар жинаудың көп ғасырларының тарихы болғанымен салықтардың толық экономикалық және анықтамасын беруде пікір - таластар әлі күнге аластаған емес.
Воронованың берген анықтамасы бойынша салықтар түсінігі мынадай:
Салықтар белгілі бір мөлшерлер мен мерзімдерде жайып мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің уәкілетті органдары актілерінің негізінде заңды және жеке тұлғалардың бюджетке өткізетін өтемсіз төлемдері.
Бұл кезінде заң салымның негізі категорияларының алтын қырына енген қысқа тұжырымды анықтама болғанымен, онда салықтың міндеттілік, қайтарымсыздылық және баламасыздың белгілері орын таппай қалған.
Бұл тұрғыдан қарасақ, салық құқығы теориясының мықты мамандарының бірі деп танылып жүрген С. Г. Пепеляевтің берген анықтамасы ерекше қызықтырарлықтай. Оның айтуынша «салықтар - үкімет субъектілерінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ететін, контрубуция немесе жазалау түріндегі емес мемлекеттік мәжбүрлерімен қамтамасыз етілген, міндеттілік, қайтарымсыздылық бастамасымен заңды және жеке тұлғалардың меншігін заңды нысанда иемдену.
Қалай дегенмен бұл анықтама да, тізіп айта берудің қажеті жоқ, басқа да маман қаржыгерлердің берген бағалары да салық белгілерінің толық, жан – жақты тұжырым деп баса алмай отыр. Сондықтан болар бүтінде көптеген авторлар салық анықтамасының мазмұның салыққа сипаттама бере келіп, негізгі белгілерін жеке – жеке айта отырып береді. Мысалы, салық кодексінде белгіленген « жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін » деген алым бар. Ол алымды төлегені үшін мемлекет жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат береді, яғни алымның бұл арада – салық төлеушіге нақты түрде не үшін алым төлегені түсінікті, айқын.
Ал төлеген салық оны төлеген салық төлеушіге нақты түрде келешекте қызмет ете ме жоқ па, бұл белгісіз. Міне, салық пен ғылымның айырмашылығы бар.
8 пункте көрсетілген төлемнің баламасыздығын да осы тұрғыдан түсіндіруге болады. Салық төлегені үшін салық төлеуші сол төлемге пара – пар келетін ешқандай балама міндетті мемлекет мойнына алмайды.
Салықтың тұрақты міндетті туындататынын төмендегідей мысалмен түсіндіруге болады. Егер жеке тұлға жеңіл машина көлігінің иегері болса онда ол сол көліктің меншік иесі болған күннен бастап, сол меншікке құқығы біткенше « көлік құралдары салығын » төлейтін салық төлеуші болып табылады және жыл сайын тұрақты түрде аталған салықты төлеп отыруға міндетті. Сол сияқты егер жеке тұлға үй не пәтер сатып алса онда ол меншік иесі болған күннен бастап, «мүлік салығы» мен «жер салығын» төлеу міндеті тұрақты түрде туындайды.
Салық кодексі бойынша Қазақстан Республикасы салық жүйесінде 9 салық, 13 алым және 9 төлем түрлері қарастырылған заңда аталған салықтар мен төлемдерден басқа да төлемдер түрлерін жасауды ешбір органының салық төлеушіден асып кетуге құқы жоқ. Себебі ол салық туралы заңда белгіленбеген, көрсетілмеген.
Сондықтан мемлекет өз қазынасының кіріс бөлігіне түсетін төлемдерді заң түрінде белгілейді және тек белгіленген төлемдерді, өз міндеттері туындағанда төлеп отыруды салық төлеушілерге міндеттейді. Жоғарыда айтылған салық белгілерін мемлекеттік төлемдердің (салық, алым, төлем т. б.)табиғатын дұрыс ашу үшін қолдана білу – азаматтардың құқықтарын сақтай отырып, әрбір төлемді тиімді түрде ұйымдастыру және мемлекеттік кіріс жүйесін ғылыми негізде нысандауға кепілдік берер еді.
Салық элементтері. Салық өз табиғатында белгілі бір элементтерден тұратын күрделі құрылым. Салықтар элементтері болып мыналар табылады:
- Салықтың құқықтық негізі – салықты төлеу міндеттемесінің некеге байланысты туындайтынын айқындайды.
- Салық субъектісі – салықты кім төлегенін айқындайды.
- Салық объектісі – салықты не үшін және қандай заттан төлейтінін айқындайды.
- Салық шамасы(нормасы) – салықты қандай мөлшерде төлейді, салық салу ставкасын қалай қолданатынын айқындайды.
- Салық бойынша жеңілдіктер – не себептен салық төлеуші салық төлеуден босатылады немесе аз мөлшерде салық төлеуге құқы бар екенін айқындайды.
Әрбір салықтың табиғатында,
құрылымында аталған элементтер
тобы кешенді түрде қатысты болу
керек. Аталған элементтердің біреуі
салықтың бойынан табылмаса, онда ол
салық белгіленбеген болып
Салықтар белгілері туралы жоғарыда айтқанымыздай салықтар тек заңдастырылған құқықтық нысанда ғана өмір сүре алады.
Салықтар элементтерінің кешенді тобы толық қатысты болған жағдайда ғана салық заңды түрде белгіленген, қалыптасқан болып табылады. Заң тұрғысынан қарағанда бұл құқықтық акт нормативтік акт қатарына жатқызылады.
Ал нормативтік актіні
жариялау нақты салық төлеуші
мен мемлекет арасында салық міндеттемесін
туындатады. Мөлшері, төлеу тәртібі
мен мерзімі салықты белгілеген
құқықтық актімен анықталған ақша сомасын
мемлекетке берудің салық төлеушіге
жүктелген міндеттемесі – салық
міндеттемесі деп аталады. Салық
салу объектісінің болуы – салық
міндеттемесінің туындауының
Мысалы, тауарлар өткізу, қызмет көрсету арқылы жеке немесе заңды міндетті түрде салық төлеуші болып табылады, яғни құқықтық нормативтік актілерге сәйкес олардың мемлекет алдында салық міндеттемесі тоқтатылады.
Жоғарыда айтылғандай салық міндеттемесі салық төлеуші мен мемлекет аралығындағы қарым – қатынасты білдіреді.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезеңде салықтардың құқықтық негізі болып «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» заң – Салық кодексі болып табылады2.
Салық міндеттемесінде көрсетілген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде салықты төлеу заңдылық міндеттемесі жүктелген тұлға – салық субъектісі деп аталады. Салық субъектілері заңды және жеке тұлға болып бөлінеді. Олардың салық төлеу режимдері әр-түрлі, ал кей жағдайларда тек өздеріне ғана тиісті төлейтін салық түрлері де әр-түрлі.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құқықтық меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе басқаруында оқшауланған мүлкі бар және сол мүлкімен алған міндеттемелері бойынша жауап бере алатын, сот алдында талапкер не жауапкер бола алатын ұйым – заңды тұлға болып табылады².
Заңды тұлғаның жеке өзіндік бухгалтерлік есептік тепе-теңдікті немесе сметасы болуы керек. Сонымен қатар өз аты жазылған мөрі болуы шарт.
Заңды тұлғаның статусы үшін оның ұйымдастыру – құқықтық шамасының (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектелген серіктестік, өңдірістік кооператив т. т.) еш маңызы жоқ.
Бірақ кейбір салықтар түрік төлеу үшін (мысалы, коорпорациялық табыс қосылған құнға салық) заңды тұлғаның коммерциялық, не коммерциялық емес екенінің белгілі маңызы бар.
Өз қызметінің негізгі
мақсаты тек пайда табу болып
табылатын ұйымдар –
Атап кеткендей салық субъектісінің тағы бір категориясы – жеке тұлғалар.
Салық заңдарына сәйкес салық төлеуші жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттері азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтарына азаматтығы бар фактісінің өзі салық міндеттемесіне заң бойынша орындауын жүктейді.
Ал шет ел азаматтарына келер болсақ, салық заңына сәйкес, олар кез келген 12 айлық кезең ішінде 183 күннен артық Қазақстанда болса резидент, болмаса резидент емес тұлға болып бөлінеді.
Салық субъектісі салықты алып жүруші ретінде де танылады. Салықты алып жүруші – салық салудың нақты ақырғы қорытындындысында барлық ауыртпалықты көтеруші тұлға. Әсіресе, бұл құбылысты жанама салықтармен (қосымша құн салығы, акциздер) байланыстыруға болады. Яғни салық субъектісі болып табылатын дүкен сатушысы салықты төлеуге тиісті. Бірақ салық сомасы тауар құнының қосылған нәтижесінде тауар тұтынушы тауар құнын да, салықты да төлейді, ал сатушы төленген салық сомасын тауар тұтынушыдан қайтарып алады. Қорыта айтқанда тауар сатып алушы тұтынушы салық субъектісі болмаса да, шын мәнісінде сол салықты төлеуші болып табылады. Бұл жағдайда жай ғана жеке тұлға, айтылған салыққа төлеуші ретінде еш қатысы болмаса да, сол салықтың ауыртпалығын көтеріп, салықты алып жүруші болып отыр.
Салық объектісі – субъект, яғни салық төлеуші салықты қандай заттан төлейтінін корпарациялық табыс салығы үшін заңды тұлғаның табысы, жер салығы үшін жердің аудан көлемі, мүлік салығы үшін мүліктің құны, т. б. болып табылады.
Субъектіде табыстың, жердің немесе мүліктің меншігінде болуы – мемлекеттің солардың негізінде салықты белгілеуіне негіз бола алу және сол салықты төлеу міндеттемесін туындалуы.
Мұндай салықты белгілеуге табыстың, мүліктің т.б. салық салу объектілерінің болуы негіз болып табылады» делінген. Дегенмен кейбір жағдайда салық салу объектісі бар болғанымен, ол салық алуға негіз бола алмайды. Мысалы, тұрғын үй бар, ал салық төлеуші – субъект жоқ. Бұл жағдайда салық есептеудің мәні жоқ. Өйткені төлейтін салық субъектісі жоқ.
Салық төлеушінің мөлшерін анықтайтын заңмен белгіленген салық салу шамасы салық нормасы деп аталады. Көп жағдайда ол салық салу ставкасы мен салық салу бірлігінің өзара қимыл байланысының нәтижесі болып табылады.
Салық салу бірлігі дегеніміз салық салу базасын анықтайтын салық объектісінің бірлігі.
Салық салу бірлігіне сәйкес мөлшері – салық салу ставкасы деп аталады.
Салық базасының өсуі немесе кемуіне байланысты салық ставкасының өзгеру тәртібі – салық салу әдістемесі деп аталады.
Салық салу әдістеменің төрт негізгі түрін бөліп атауға болады: теңдік, пропорционалдық, прогрессивтік ( үдемелі) және регрессивтік (кемімелі).
Салық мөлшері барлық салық төлеушілер үшін нақты белгіленетін сома мөлшеріне тең болып ( тепе–тең салық салу ) не салық салу ставкасын қолдану арқылы анықталуы мүмкін.
Тепе-тең салық салуда барлық салық төлеушілерден бірдей мөлшерде салық ұсталады. Мысалы, патент арқылы жұмыс істейтін, кәсіпкерлік қызметтерінің сипаттамасы бірдей, жеке тұлғалардан есептеліп, ұсталатын салық сомасы барлығы үшін бірдей.
Салық салу ставкасы бойынша салық бірлігінен нақты ақшалай сома арқылы салық ұстау әдісі. Проценттік ставкамен салық ұстау ставкасы пропорционалдық ставка деп аталады.
Мысалы, заңды тұлғалар А мен Б – ның тиімді салық салынатын табыстары 1 млн. және 2млн. теңге. А 300 мың теңге ( 1млн. х 30% ), ал Б 600 млн. теңге ( 2млн. х 30% ) салық төлеулері керек. Сол сомалары әр түрлі болғанымен, ставка екеуі үшін де бірдей, өзгеріссіз. Көріп отырғандай салық базасы өскен сайын салық сомасы да пропорционалды түрде өсіп отыр.
Прогрессивті ставка салық салу базасының көлемі өскен сайын, өзгермелі түрде өсіп отырады.
Яғни салық төлеушінің табысы ұлғайған сайын, одан ұсталатын салық ауыртпалығы да салық ставкасының үдемелеп өзгеріп өсуігне байланысты көбейе береді. Мысалы, жеке табыс салығын алайық. 15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке ( Ж Е К) дейінгі табыс сомасынан 5% ставкамен салық ұсталса, 15 ЖЕК мен 40 ЖЕК аралығындағы табыс сомасынан 10% ставкамен салық ұсталады. Бұл салық бойынша ең жоғары ставка 30% екенін ескерсек, табыс ұлғайған сайын, ұсталатын салық сомасы да ұлғайа беретіні түсінікті.
Салық ставкасының қандай деңгейі жанама салық дамуы үшін оптимальді болып келу қажет? Бұл экономистерді әрдайым толғантып жүрген сұрақ. Салық ставкасының жобасыз өсуі экономиканың дамуына керағар әсер етері сөзсіз.
Осы орайда салық ставкасын белгілеуде «азаматтардың төлеу мүмкіндігіне» сай келуі факторы еске салына отырып жасалған шаралар, Лоренц сияқты экономистердің атақты кесте – сызбаларын еске алуға болады. Бұлардың барлығына ортақ 3 ескертуге тиісті жағдайлар бар:
- Салық субъектісінің тұрғысынан алғанда, салық барлық азаматтарды қамту керек.
- Салық объектісінің тұрғысынан алғанда, салық салу объектісі барлық азаматтардың «төлем жасау мүмкіндігіне » байланысты анықталу қажет.
- Салық ставкасы тұрғысынана алғанда, салық ставкасы анықталғанда салық төлеушінің мүмкіндік жағдайына әсер ететін барлық факторлар ескерілуге тиісті: салық төлеушінің жеке басының жағдайы, салық салу объектісінің мөлшері және сипаты.
1.2 Салық саясатының ықпалы мен рөлі
Республиканың жеке кәсіпкерлері
екі жыл салық салудың
Салық патенті негізінде
жеке кәсіпкерлік қызметпен
Бірінші бөлімі тұтыну тауарлары өндірісіне арналған. Ол киімдер және басқа тігін бұйымдарын тігу, тоқыма бұйымдар дайындау, былғарыда бұйымдар тігу, табиғи былғарыдан бас киімдер тігу, аяқ киім тігу, галантерея бұйымдарын жасау т.б азық – түлік тауарларын өндіру сияқты қызмет түрлерін қамтиды.
Екінші бөлімінде жеке кәсіпкерлердің тұрмыстық қызмет саласындағы айналысатын кәсіптері айқындалған. Олар мыналар: металл бұйымдарын,қолшатырларды, тұрмыстық машиналар мен жабдықтарды жөндеу, радио – телеаппаратуралар мен компьютерлер жөндеу және т.б. жатады.
Жеке дәріс беру арқылы дайындық өткізу, дене шынықтыру және сауықтыру, жан –жануарларды емдеу , киім пішуге, тігу мен тоқуға үйрету – жеке тұлғалардың әлеуметтік – мәдени саладағы көрсететін қызметтерін айқындайтын үшінші бөлімге осылар жатады. Ал, төртінші бөлімде тізімге түскен қызметтің басқа түрлеріне мыналар жатады: тұрақты сауда орындары бар қоғамдық тамақтандыру, балмұздақ және салқын сусындар сату және т.б. жатады. Тізімдегі төрт бөлімде барлығы 54 түрлі қызмет көрсету қамтылған.
Салық патенттерін беру тәртібін Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына және Үкіметтің 1995 жылғы 16 тамыздағы «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға патенттер беру тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес салық қызметінің органдары белгілейді.
Зерттеудің, тексерудің, хронометраждың
және басқа да мәліметтердің нәтижелерін
пайдалану арқылы орташа айлық ықтимал
пайданы есептеу жолымен
Тек содан кейін органдары нақты алынған пайда мен жұмсалған шығынға байланысты салықтар төлеудің тәртібін айқындайды. Салық қызметінің ұжымдары, мемлекеттік ұйым бола отырып, Қазақстан мемлекетінің заңдарына сәйкес, әсіресе ең негізгі заң конституция бойынша, өзіне жүктелген қызметін атқарады. Салық қызметінің ұжымдары:
- Салық төлеушінің құқықтарымен мемлекет мүдделерін сақтауға және қорғауға, салықтың дұрыс есептелуіне, толымды болуына, әрі уақтылы төленуіне бақылауды жүзеге асырады;
- Салық төлеушілерімен салық салынатын объектілердің есебінде уақытылы алуға, бюджетке есептелген және төленген салықтың есебін жүргізеді;
- Есептелген салық сомасымен салыстырғанда артық төленген соманы салық төлеушілерге дұрыс қайтарып беруін жүргізеді;
- Салықтың құқық бұзушылық деректерін жинауға, талдауға, төлеуден жалтарудың өзге де түрлерін зерттейді.