Салықтар мен алымдар бойынша есептесудің есебі
Кіріспе
Нарықтық экономиканың қалыптасуы Республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесіне елеулі өзгерістер енгізді.
Нарықтық экономика жағдайында іс жүзінде ұйымның күрделі экономикалық механизмін басқару, негізгі бөлігін анық ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп жүйесі беретін қазіргі экономикалық ақпаратсыз мүмкін емес. Бухгалтерлік есептің мәліметтері ұйымның және оның құрылымдық бөлімдерінің жұмысына оперативтік жетекшілік жүргізу, экономикалық болжамдар және ағымдағы жоспарларды, олардың экономикасын дамыту заңдылықтарын оқып үйрену, зерттеу үшін пайдаланылады.
Қазіргі кезде жаңа экономиканы
адекватты индустриалды-
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша кеңесімен (ҚЕХСК) құрастырылған қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) бүкіл дүние жүзінде ұйымның қызметі туралы ашық және түсінікті ақпаратты ұсыну үшін тиімді құрал ретінде танылды. Тек басқару сапасы және қаржылық есеп берудің ашықтылығы инвесторлар мен кредиторлардың қаржы салу үшін объектілерді таңдай алатын белгілері болады.
Бүгінгі күні қазақстандық ұйымдардың бір қатары халықаралық стандарттар бойынша есеп беруді ұсынады. Бұл олар үшін қосымша болып табылады, өте ауыр, себебі олар қаржылық есеп беруді екі түрде - қазақстандық және халықаралық ережелер бойынша, сонымен қатар, арнайы салықтық есеп беруді дайындауға мәжбүр.
Шаруашылық ұйымдарды жаңа есептік жүйеге ҚЕХС көшуді аса сақтылықпен және жоспарлы жүргізу қажет, себебі оны тауарларды өндіру, қызмет көрсету, жұмыс орындау саласында тікелей пайдалану ұйымның капиталын сақтау қаупін төндіреді, ұйымға жетекшілік етуді және мәнісіндегі қаржы шаруашылық нәтижесіне бақылауды күрделілендіреді, сонымен қатар субъективтік салықтық жоспарлаудың үлкен мүмкіндіктерін болжайды.
ҚЕХС бойынша есеп беруге ақпараттың ашықтығы туралы өте үлкен талаптар қойылады. ҚЕХС бойынша толтырылған есеп беру кәсіпорынның қаржылық жағдайын шынайы көруге және өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Қазақстандық ұйымдардың
ҚЕХС көшуі - бұл қаржылық ақпаратты
сыртқы пайдаланушылардың мүддесін
және Қазақстанды әлемдік
Қаржылық есеп беру ақпараттың негізгі көзі болып табылады, яғни пайдаланушы да оның дұрыстығы мен толықтылығына сенімділік болуы қажет. Сондықтан барлық маңызды жағдайларда оны дайындауға, қаржылық есеп беруді және аудитті қалыптастыруға бекітілген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің толтырылғанын анықтауға мүмкіндік беретін қаржылық есеп берудің аудиті қажет.
Бүгінгі күні қолданыстағы
бухгалтерлік есептің қазақстандық
стандарттары қаржылық есеп берудің
халықаралық стандарттарының
Қазақстанда бухгалтерлік есепті реформалаудың негізгі мақсаты ұлттық жүйені нарықтық экономиканың және қаржылық есеп берудің халықаралық және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келтіру болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Салықтар мен алымдар бойынша есептесудің есебі».
Курстық жұмыстың мақсаты - елімізді интеграциялық жағдайында салықтар мен алымдар бойынша есептесудің есебін дамыту бойынша теориялық сұрақтар және ұсыныстар беру немесе құрастыру.
Қойылған сұрақтарға сәйкес мынадай міндеттер қойылады :
- бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайын қарастыру;
- бугінгі таңдағы Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру;
- бюджетпен есеп айырысудың есебін қарастыру.
Курстық жұмыстың объектісі болып Жамбыл облыстық филиалы «Фитосанитария» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының салық есебі табылады.
1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілетті жағдайындағы рөлі
1.1 Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту концепциясы
Американдық ғалымдардың әдебиетіне шолу жүргізгенде анықталғаны, принцип - бұл бухгалтерлік есеп ережелерінің бөлшектелген түрлері. Ұлыбританияда бөлшектелген ережелерді тәжірибе, саясат немесе негіздері дейді, ал одан кеңірек анықтамаларды әдетте концепция деп атайды (лат. Сonceptio - көзқарастар жүйесі, процестер, құбылыстарды түсіну, басты ой, бірыңғай анықтаушы ой).
Есептің концепциялары туралы айтқанда, ол есеп жүйені құрудың негізі екенін ескеру керек, солар арқылы түрлі салалардың, қызмет түрлерінің және ұйымдастыру - құқықтық формадағы субъектілер есеп жүргізудің ережелерін немесе ұсынымдарын анықтайды. Басқа сөзбен айтқанда, концепция - бұл есеп принциптерін құрастырудың логикалық алдыңғы кезеңі. Белгілі бір өзара байланысты түсіндіргенде концепциялардың түзетуге ұшырауы мүмкін, ол экономикалық нақтылықтар өзгеруімен байланысты, сондықтан мәңгілік берілген болып саналмайды. Тағы да қайта түзету бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесі туралы жалпы түсінікке, яғни негізінде жатқан концепцияларға сүйенеді.
Бухгалтерлік есеп методологиясы үшін бухгалтерлік табыстың шамасы мен оның салық салынатын базамен қандай байланысы бар екендігін түсіну және оны түсіндіру маңызды мәселе болып табылады.
Есеп теориясында бухгалтерлік табыс пен салық салынатын табыс сомаларының өзара байланысының шын мәнінде бір-біріне тең екі концепциясы өріс алған.
Ресей ғалымдары Я.В. Соколов пен В.В.Петровтың зерттеулеріне сүйенсек, бірінші және екінші концепция өткен ғасырдың басында Пруссияда пайда болған. Яғни, бұл елде сол кезде байланыстық пайданың сомасы салық салынатын шамаға тең болуға тиісті деген ереже енгізілген болатын. Салық концепциясы деген атқа ие болған бұл концепция осы уақытқа дейін әр түрлі модификациялары Еуропада үстемдік етеді. Оның басты ерекшелігі: кез-келген қаржылық қорытынды есеп мемлекеттік салық органдарының мүддесі үшін құруға тиісті.
Бұл концепцияның негізгі құндылығы оның қисындылығы мен қарапайымдылығында екенін мойындау керек. Ол жалғыз ғана тиянақты және беделді көз заңға сүйенеді.
Бухгалтер ағымдағы есепті жүргізеді, салық салу базасы болып табылатын қаржылық нәтижені анықтайды және әрине, бюджет алдындағы міндеттемені көрсетеді. Бухгалтер үшін есеп бөліктерге бөлуге болмайтын біртұтас жүйе.
Салықтық концепцияға сәйкес қаржылық қорытынды есеп бәрінен бұрын мемлекеттің мүддесін көрсетеді, ал шаруашылық процестің басқадай қатысушыларының мүддесі оған бағынышты көрінеді.
Әр түрлі кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебінде берілген мәліметтердің салыстырылуына жағдай жасалады.
Қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылар өздері пайдаланатын кез келген қаржылық қорытынды есептің бірегей ережелері бойынша құрылғандығын түсінеді.
Бұның бәрі, әрине, жеткілікті түрде сендірерлік дәлелдер, бірақ, ғылыми логика қандайда бір концепцияның пайда болуы ең кем дегенде тағы да біреуінің шықпай қоймайтындығын көрсетеді.
Екінші қарама-қарсы концепция Ұлыбританияда пайда болды. Бұл концепцияны «меншіктік» деп атауға болады және ол ағылшын тілінде сөйлеуші елдерде үстемдік етеді. Соңғы уақытта бұл коцепция Еуропа котинентіне үлкен әсер етіп отыр. Оның басты ерекшелігі: кез-келген қаржылық қорытынды есеп меншік иесінің мүддесі үшін құрылуға тиісті. Концепцияның құндылығы оның шыншылдығында. Ол заңның өлі әріптерінен емес, мағынасы шаруашылық өмірдің фактілерін дұрыс және дәл көрсету талаптарынан туындайтын, нақты өмірдің ситуацияларынан бастау алады.
Шаруашылық процестеріне әртүрлі адамдар қатысады, және олардың топтық мүдделері бірдей емес. Кәсіпорындар нақты адамдарға тиісті болғандықтан, есепте қандай да бір басқа тұлғалардың мүддесі үшін емес, міндетті түрде меншік иелерінің мүддесі үшін ұйымдастырылуға тиісті.
Қаржылық қорытынды есеп меншік иелері, акционерлер үшін құрылады және олар қалай болуға тиісті деп есептелсе, солай жасалынады.
Қаржылық қорытынды
есепті пайдаланушылар өздері пайдаланатын
кез келген қаржылық қорытынды есептің
әр түрлі ережелері бойынша
Екінші концепция уақыт өте «ағылшын Америкалық» деген атқа ие болды. Қазір халықаралық қауымдастықта ағылшын-америкалық концепцияның ықпалы жоғары. Ағылшын америкалық модельдің негізін қалаушы принциптер Ұлыбританияда және АҚШ та жасалынады. Оның дамуына үлкен үлес қосқан Голландия мемлекеті. Бұл модельдің негізгі идеясы есепті инвесторлар мен кредиторлардың ақпараттық сұранымына бейімдеу.
Қазақстанда бухгалтерлік есептің республика үшін тиімдірек концепциясын анықтау мақсатында әлемдегі экономикалық жағынан дамыған елдердегі бухгалтерлік есеп жүйесі зерттелді. Сөйтіп, Республикамызда бухгалтерлік есепті реформалау үшін ағылшын-америкалық модель таңдалды.
Біздің ойымызша, бұл дұрыс таңдау. Себебі, салық салу базасы ретінде тек қаржылық нәтиже саналмайды, басқа да көптеген салық салу базалары бар. Бұдан біз салық концепциясы өзінің негізінде бірегейлікті көздеген болса, шын мәнінде қазір одан айырылғандығын көреміз. Одан басқа, егер мемлекеттік бюджетте жиынтық табысқа салынатын салықтың маңызы елеулі болса, онда активтерді қайта бағалауға жол бермеу керек, себебі олардың құндарының өсуі автоматты түрде амортизациялық аударымдардың өсуіне және тиісінше, жылдық жиынтық табыстың және салық сомасының азаюына әкеліп соқтырады. Басқа жағынан, егер бюджеттің табыс бөлігінде мүлікке салынатын салық маңызды рөл атқаратын болса, онда қайта бағалаудың болмауы, тарихи баға принципін қолдау - өзіндік құны бойынша бағалау, инфляция жағдайына бюджет тапшылығының өсуіне әкеп соқтырады.
Қазақстанда қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі, кәсіпорынды ашығырақ көрсетуге, ішкі және сыртқы инвесторлардың назарын көбірек бұруға мүмкіндік береді.
Ағылшын-америкалық концепцияға көшуге мүмкіндік берген жағдай бухгалтерлік табыстың бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес есептелуі, ал салық салынатын табыстың – салық кодексіне сай есептелуі.
Концепция - бухгалтерлік есеп принциптерін жасаудың қисынды жол салушысы. Белгілі бір құбылысты түсіндіре отырып, концепциялар экономикалық өмір шындықтарының өзгеруіне байланысты түзетулерге ұшырауы мүмкін, сондықтан олар бір рет мәңгілікке берілген ақиқат болып табылмайды және де әртүрлі түзетулер бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп беру жүйесі туралы жалпы түсініктерге, яғни оған негіз болған концепцияларға сүйенеді.
Бухгалтерлік есептің концепцияларын кейбір ғалымдар үш топқа бөледі:
- есептік ақпараттың сапалы сипаттамасы;
- осы ақпаратты есепке алу принциптері;
- қаржылық есеп берудің элементтері.
Есеп ақпарттарына қойылатын негізгі талаптар, оларды пайдаланушылардың қандайда болмасын шешім қабылдау үшін пайдалылығымен байланысты. Жалпы, есеп ақпараттарының сапалық сипаттамасы қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің пайдаланушылар үшін пайдалылығын алдын ала болжайды. Әрбір нақты жағдайда ол немесе басқа бір сипаттама маңыздырақ болатындықтан, бухгалтердің кәсіби шеберлігі барлық сипаттамалардың қолайлы үйлесім табуынан көрінеді.
Ақпаратты есепке алу принциптері қаржылық есеп жүйесінде ашылатын ақпаратқа сәйкес ережелерді анықтайды. Қаржылық есеп беруді дайындау және ұсынудың концептуалды негіздері деген құжатта қарастырылған. Бұл құжат стандарт болып саналмайды, бірақ халықаралық стандарттарды құрастыру процесінде және қаржылық есеп беруді қалыптастыру жолдарын үйлестіруде маңызды рөль атқарады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды экономикалық шешім қабылдау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері, қаржылық жағдайының өзгеруі туралы пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін қаржылық есеп беру белгілі жорамал негізінде құрастырылады, сапалы сипаттамаларға ие болады және белгілі элементтер жөнінде ақпарат болуы тиіс, олар танылу белгілерін қанағаттандырады, тиісті жолмен бағаланылады.
1.2 Бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі принциптері
Әрбір ғылым негіз құраушы принциптерге (қағидаларға) сүйенуі тиіс. «Принцип» латын тілінен алынған principium деген сөз және оны аударғанда қандай да болмасын бір теорияның, ілімнің, ғылымның негізі немесе бастауы деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есептің принципі – сол ғылымның негізі, яғни бастауы. Кез-келген ғылым сол ғылымның өзінің мағынасынан туындайтын принциптерге негізделеді.
Алғашқы рет кәсіпорындағы есептің принциптерін қалыптастыруға әрекетті өткен ғасырдың 40-шы жылдарында АҚШ жасады, онда Американдақ бухгалтерлер ассоциациясы есеп стандарттарын құрастыруды бастады. Солардың бірінші авторлары белгілі американдық ғалым В. Патон (1889-1981) есеп принциптерінің түсіндірмелерін жариялайтын топтың жетекшісі еді. Бірінші басылым 1936 жылы шығып «Есептік принциптер туралы эксперименталды нұсқау» деп аталды. Онда теориялық түрде келесі принциптердің негізі қалыптасқан: екі жақтылық, өлшемдік, үздіксіздік, өзіндік құн, консерватизм, маңыздылық, өткізу, сәйкестік және т.б. Келесі басылым В.Патон мен А.Литлтонның біріккен жұмысы «Бухгалтерлік есеп стандарттарына кіріспе» болды, онда принцип деген сөз стандартқа әдейі алмастырылды, себебі, принцип деген сөз әмбебеп болса да бухгалтерлік мамандықта онша үйлеспейді. Сол кезден бері бұл жұмыс көптеген мемлекеттерде жалғасты және есепті бастайтын кейбір жұмыс көптеген мемлекеттерде жалғасты және есепті бастайтын кейбір принциптерді әрі қарай дамытуды білдірді. Сонымен қатар, әр автор өзінің принциптер жүйесін қалыптастыруға тырысады, оның маңыздысын және екінші кезектегісін ажыратады. [1]
Есеп принциптері барлық есеп процесін жүргізу мен қорытынды есепті құрудың негізін құрайды. Олар әділ болуға, тек бухгалтерлік есепке тән болуға тиісті, яғни басқа ғылымдардың негізімен ауыстыруға болмайды. Сондай-ақ, есеп принциптері бірдей және көпшілік қабылдаған болуға тиісті. Осы туралы айта отыратын, америкалық ғалым Р.Энтонидің көзқарасымен келіспеуге болмайды. Ол былай деген: «Есеп принциптерін жалпы көпшіліктің мойындауы, әдетте олардың мынадай үш талапқа қаншалықты жауап беретіндігіне байланысты-әділдік, жүзеге асырылуы және орындылық. Принцип орынды, егер ақпараттың мәні (мағынасы) болса және белгілі бір кәсіпорын туралы бір нәрсе білу қажет болған адамдарға пайдалы болса. Принцип әділ, егер ақпаратқа оны жасаған адамдардың жеке көзқарасы, бағалауы ықпал етпеген болса. Принцип жүзеге асырылады, егер оның шектен тыс қиындықсыз немесе шығынсыз орындалуы мүмкін болса».
Бухгалтерлік есеп процесін жүргізу мен қорытынды есепті құруға негіз болатын принциптер ретінде төмендегі принциптерді атауға болады:
- Есептеу
- Үздіксіз қызмет ету
- Бөлектенген (оңашаланған) кәсіпорын
- Екі жақтылық
- Ақшалай өлшем
- Ақпараттардың құпиялығын сақтау.
Қаржылық қорытынды есеп үшін пайдаланылатын бухгартерлік есеп принциптерін унификациялауға (бір ізгі салуға) қол жеткізу үшін қаржылық қорытынды есеп берудің халықаралық стандарттары жасалынды. Бұл құжатта бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп берудің төмендегі принциптері қарастырылған:
- Есептеу
- Үздіксіздік
- Түсініктілік
- Орындылық
- Мәнділік (маңыздылық)
- Сенімділік
- Әділетті (бұрмалаусыз) көрсету
- Мәнділіктің (маңыздылықтың) нысанның артық болуы
- Бейтараптық
- Сақтық
- Толықтық
- Салыстырмалылық
- Өз уақытында дайындап беру.
Қаржылық қорытынды есептің сапалық сипаттамалары қорытынды есепте берілген ақпарттарды оларды пайдаланушылар үшін пайдалы ететін атрибуттар болып табылады. Сапалық сипаттамалардың 4 принципіне: түсініктілік, орындылық, мәнділік (маңыздылық), сенімділік жатады.
Түсініктілік принципі. Бұл принципке сәйкес қаржылық қорытынды есепте көрсетілген ақпарттардың негізгі сапасы-пайдаланушылардың түсінуі үшін олардың қолайлығында. Ол үшін ақпарттарды пайдаланушылардың субъектінің экономикалық және іскерлік қызметі, бухгартерлік есеп салалары бойынша жеткілікті білімдері болуға тиісті деп пайымдалады. Алайда, пайдаланушылардың шешім қабылдауы үшін маңыздылығына байланысты қаржылық қорытынды есепте көрсетілуге тиісті күрделі мәселелер туралы ақпарттар тек белгілі бір пайдаланушылардың түсінігі үшін күрделірек болып көрінуі үшін ғана алынып тасталмауға тиісті.
Орындылық принципі. Пайдалы болу үшін ақпарттар, шешім қабылдаушы пайдаланушылар үшін орынды болуға тиісті. Ақпарат орынды болып табылады, егер пайдаланушыларға өткен, қазіргі және болашақтағы оқиғаларды бағалауға, дәлелдеуге немесе олардың бұрынғы бағаларын жөндеуге көмектесе отырып, пайдаланушылардың экономикалық шешім қабылдауына әсер ететін болса.
Ақпарттардың болжаушы және дәлелдеуші фунциялары өзара байланысты. Мысалы, кәсіпорында бар активтердің қазіргі деңгейі мен құрылымы жөніндегі ақпараттар пайдаланушылар үшін, олар кәсіпорынның қолайлы мүмкіншіліктерді пайдаланып қалу қабілетін және оның келеңсіз жағдайлармен күресе алу қабілетін алдын ала болжауға тырысқан кезде құнды болып табылады. Осы ақпарттар өткен болжамдар жайында, мысалы, кәсіпорынның болуы мүмкін құрылымдық ұйымдастырылуына немесе жоспарланған операциялардың нәтижесіне қатысты, растаушы (дәлелдеуші) рөль атқарады.
Мәнділік (маңыздылық) принципі. Ақпарттардың орындылығына олардың сипаты мен мәнділігі (маңыздылығы) үлкен әсер етеді. Кейбір жағдайларда ақпарттың орындылығын анықтау үшін оның сипаты да жеткілікті. Мысалы, жаңа сегмент жөніндегі хабарлар есепті кезеңде сол жаңа сегменттің арқасында қол жеткізілген нәтижелердің мәнділігіне (маңыздылығына) қарамастан, кәсіпорында бар тәуекелмен мүмкіндіктерді бағалауға әсер етуі мүмкін.
Ақпарт мәнді (маңызды) болып табылады, егер оның қалдырылып кетуі, бұрмалануы қаржылық қорытынды есептің негізінде қабылданған пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсер ету мүмкін болса. Мәнділік (маңыздылық) тастап кету немесе бұрмалаудың нақты жағдайында бағаланушы баптар немесе қателердің шамасына байланысты. Демек, мәнділік (маңыздылық), бәрінен де бұрын, есептеудің басын немесе нүктесін көрсетеді, және де пайдалы болу үшін ақпарттарда болуға тиісті негізгі сапалық сипаттама болып табылады.
Сенімділік принципі. Пайдалы болу үшін ақпарттар сенімді болуға тиісті. Ақпарттар оларда елеуші қателер және алдын ала болжанған бұрмалаушылық болмаған кезде және не ол көрсетуге тиісті шындықты, немесе ол көрсетеді деп негізді түрде күтілетін шындықты көрсетуші ретінде пайдаланушылар оған сенуге болатын кезде сенімді болып саналады.
Ақпарттар орынды болуы мүмкін, бірақ оны мойындау (есепке алу) келешекте адасушылыққа әкеліп соқтыратын өзінің сипаты немесе көрсетуі бойынша соншалықты сенімсіз болуы мүмкін. Мысалы, сотта қаралатын зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптың көлемі мен оның негізгілері дауға (таласқа) түседі, кәсіпорын үшін баланста талаптың толық сомасын есепке алу орынды болуы мүмкін.
Әділетті (бұрмалаусыз) көрсету принципі. Сенімді болу үшін ақпарттар олар көрсетуге тиісті, немесе олар оны көрсетеді деп негізді түрде күтілетін операцияларды және басқа оқиғаларды шындықпен көрсетуге тиісті. Сөйтіп, мысалы, баланс есепті кезеңге нәтижесі мойындау критерилеріне жауап беретін кәсіпорынның активтері, міндеттемелері және капиталы болып табылатын, операцияларды және басқадай оқиғаларды шындықпен көрсетуге тиісті.
Мәнділіктің (маңыздылықтың) нысанынан артық болуы принципі. Егер ақпарат операцияларды және басқа оқиғаларды шындылықпен көрсетуге тиісті болса, онда оларды тек заңдылық нысанында емес, өздерінің маңызы мен экономикалық нақтылығына сәйкес есепке алу және көрсету қажет.
Бейтараптық принципі. Сенімді болу үшін қаржылық қорытынды есеп ақпарттары бейтарап болуға, яғни күні бұрын кесіп-пішілмеген болуға тиісті. Егер ақпарттар өздерінің іріктелуімен немесе тапсырылуымен ол жоспарланған нәтижеге қол жеткізу мақсатында шешім қабылдауға немесе пікірлердің қалыптасуына әсер ететін болса, онда қаржылық қорытынды есеп бейтарап болмайды.
Сақтылық принципі. Сақтық деген – белгісіздік жағдайында активтерді немесе табыстарды көбейтіп жібермеу, ал міндеттемелерді немесе шығындарды азайтып қоймау талап етілетін есептеулерді жүзеге асыруда қажет болатын пікірлерді қалыптастыру процесіне белгілі бір деңгейде сақтық енгізу. Бірақ, сақтық принципінің сақталуы, мысалы үшін, жоспарын резервтерді және шектен тыс босалқыларды жасауға, активтерді немесе табыстарды саналы түрде төмендетуге, не болмаса міндеттемелер немесе шығындарды қасақана көтеріп жіберуге мүмкіндік бермейді. Әрине, мұндай жағдайда қаржылық қорытынды есеп бейтарап болмас еді және сенімділік сапасын жоғалтар еді.
Толықтық принципі. Сенімді болу үшін қаржылық қорытынды есептің ақпарттары оған шығарылатын шығындардың маңыздылығын есепке ала отырып, толық болуға тиісті. Қалдырып кету – ақпарттарды өтірік немесе шатастырушы, ал содан барып сенімсіз және оның орындылығы тұрғысынан қарағанда жетілмеген етіп қоюы мүмкін.
Салыстырмалық принципі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы және қызметінің нәтижесіндегі тенденцияларды анықтау үшін ақпарттарды пайдаланушылардың кәсіпорынның әр түрлі кезеңдегі қаржылық қорытынды есебін салыстыра алу мүмкіндігі болуға тиісті. Сондай-ақ, пайдаланушылардың әр түрлі кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебін, олардың салыстырмалы түрде қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижесін және қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалау үшін салыстыра алу мүмкіндігі болуға тиісті. Сөйтіп, ұқсас операциялардың және басқа оқиғалардан болған қаржылық нәтижелердің өлшенуі және көрсетілген барлық кәсіпорындар үшін бірегей методологиялық бойынша жүзеге асырылуға тиісті.
Ақпарттарды өз уақытында дайындап беру принципі. Ақпараттарды беру кезінде кешігулер болған жағдайда олар өздерінің орындылық сипатын жоғалтады. Кәсіпорын басшыларына ақпараттарды өз уақытында берудің салыстырмалы құндылығын сенімді ақпарттар берумен теңестіру қажет болуы мүмкін. Ақпарттарды өз уақытында тапсыру үшін операциялардың немесе басқа оқиғалардың барлық аспектілерін айқындағанға дейін есеп беру жиі қажет болады. Ол ақпарттардың сенімділігін төмендетеді. Және керісінше, егер қорытынды есеп барлық аспектілерді анықтағанға дейін кешігуге ұшыраса, ақпарат төтенше сенімді, бірақ бұрын шешім қабылдауға тиіс болған пайдаланушылар үшін пайдасы аз болып қалады.
1.3 Қаржылық есеп берудің
халықаралық стандарттарын
Әлемдік жаһандандыру жағдайында
Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлік стандарттары есептік жүйені реттеудің екінші деңгейі, олар қаржылық есеп беруді өткізетін барлық субъектілердің міндетті түрде орындайтын нормативті құқықтық құжаттар болып саналады. Басқаша айтқанда, стандарттар негізінде есептің түрлі бөлімдер, шаруашылық субъектілердің салалық және басқадан ажыратушы ерекшеліктері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің базалық ережелері белгіленеді.
Бухгалтерлік есеп стандарттары – шаруашылық жүргізуші субъектілер бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру үшін пайдаланатын ережелер мен процедуралардың жиынтығы.
Стандарттар бухгалтерлік есептің әртүрлі аспектілерін қамтиды. Олардың кейбіреулері бағалау мен танудың альтернативтік әдістерін ұсынады. Бұл әрбір басшы өз бизнес ерекшеліктеріне байланысты стандартта ұсынылған әдістердің ішінен өзінің кәсіпорыны үшін тиімдісін және кәсіпорын қызметінің нәтижесімен оның қаржылық жағдайын нақты көрсетуге мүмкіндік беретіндерін таңдап алуға тиісті екенін көрсетеді.
Халықаралық стандарттар - бұл қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша комитет құрамына кіретін мемлекеттер қолдануға ұсынылған ережелер, олар көбінесе ҚЕХС қолдану кезінде есептің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының халықаралық есеп жүйесіне өту аясында 1997 жылы бухгалтерлік есептің 20 стандарты енгізілді, олар қазіргі кезде пайдалануға әдістемелік ұсынымдармен толықтырылуда. Мысалы 2005 жылы Қазақстанда 33 стандарт қолданылды.
Халықаралық тәжірибедегідей Қазақстандағы есеп стандарттары мынадай болып бөлінеді:
- жалпы әдістемелік;
- әлеуметтік сясат мәселелрі бойынша стандарттар;
- жеке мүлік және құралдар түрлері бойынша стандарттар.
Қаржылық есеп берудің
халықаралық стандарттарының
- халықаралық капитал нарығына икемдеу үшін мүмкіндіктерді кеңейту;
- пайдаланушыға негізделген шешім қабылдауға көмектесетін ақпарат көлемінің нақты, пайдалы және толық ашылуы;
- ұлттық стандарттарды құрастыру үшін уақыт, шығындарды қысқарту;
- бухгалтердің жауаптылығын жоғарылату және білімін, тәжірибесімен құзіретін кеңейту, олар республика экономикасын тұрақты ұлғайту үшін есептің нақтылығын, маңыздылығын өсіреді;
- ашық ақпарат, тәуекелді төмендету және сенімділікті жоғарылату арқылы басқа мемлекеттермен байланысты дамыту;
- сапалы салыстырмалы қаржылық ақпаратты қалыптастыру негізінде түрлі мемлекеттердің экономикасын біріктіру;
- есеп пен есеп беруді экономикалық интеграциялау және икемдеп жақындату.
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының кемшіліктері мыналар жатады:
- стандарттардың жалпылаған тәрізі;
- есеп әдістері түрлерінің көптігі;
- кейбір мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық жүйенің сәйкес еместігі;
- нақты бір жағдайларға түсіндірмелердің жоқтығы;
- түрлі мемлекеттердің даму деңгейлерінің айырмашылығы;
- дұрыс аудару болмағандықтан кейбір терминдерді түсіну күнделілігі;
- экономиканың ұлттық ерекшеліктерін ескеретін тәртіп пен ережелердің болмауы;
- ұлттық есептік жүйеге ҚЕХС икемдеу қажеттілігі және жеке жағдайларда жұмыстың қомақтылығы;
- бухгалтердің білімі мен тәжірибесінің жеткіліксіздігі, сонымен қатар жүйелі оқытудың қажеттілігі.
Қазақстан Республикасында
халықаралық стандарттарды