Салықтар және олардың экономикадағы ролі мен қызметтері



6

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Экономика институты

 

« Экономикалық теория » кафедрасы

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Салықтар және олардың экономикадағы ролі мен қызметтері»

 

 

 

 

 

 

                       

 

                        Орындаған: УиА – 11 тобының студенті Абеева А.Н.

                                                             Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к.д. Ғабит Ж.Х.

 

 

 

Астана

2005

Мазмұны

Кіріспе....................................................................................................................3

1.Салықтың теорилық негіздері......................................................................4-16

1.1. Салықтың мәні, түрлері, қызметтері.......................................................4-10

1.2. Салықты қазіргі экономикада қарастыру ерекшеліктері:

кейнсиандық, неоклассикалық, « ұсыныс экономикасы ».........................11- 16

2.Қазақстандағы салық жүйесі, оның негізгі мәселелері және

шешу жолдары.................................................................................................17-32

2.1. Қазақстан Республикасының салық салу жүйесі..................................17-21

2.2. Салық салу мәселерін реттеу. Қазақстан Республикасындағы

салық ауыртпашылығы деңгейі, оны жеңілдету жолдары............... ..........22-26

2.3. Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру...............27-32

Қорытынды............................................................................................................33

Әдебиеттер тізімі.............................................................................................34-35

Қосымша материал А  Мемлекеттік бюджеттің салықтық кірістері...............36

Қосымша материал Б  Мемлекеттік бюджет кірістері ( болжам )..................37

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

              Мемлекеттердің дүниеге келуінен бастап олардың әрі қарай тіршілік етуіне қаржы қажет болды. Салық салу арқылы мемлекеттер өз қазынасын толтырып, дамуын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұның өзі салықтың ежелгі кездерден бастап мемлекеттер дамуына қосқан үлесі зорының көрсеткіші. Салықтың негізгі қызметі мемлекет қазынасын, қазіргі кездегі бюджетті толтырып қоюмен шектелмейді. Салық кәсіпкерлікті дамыту саласында да үлкен роль атқарады. Оны салық мөлшерлемесінің көлемі арқылы реттеп отырады. Осы және де бірқатар басқа себептермен байланысты мен өзімнің курстық жұмысымның тақырыбын  «Салықтар және олардың экономикадағы ролі мен қызметтері» деп таңдап, төмендегі мақсатқа жетуді көздедім: салық мәнін, оның қызметін, мемлекет өміріндегі ролін айқындап қарастырып, Қазақстандағы салық салу мәселелерін зерттеу. Мақсатыма жету үшін біріншіден салық түсінігін нақтылап қарастырып, салық түрлерін, салық салу объектісін зерттеп, қазіргі кездегі салық салу механизмдеріне тоқталдым.

Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін алдында қиын мәселе туды, ол – салық салу жүйесін ұйымдастыру. Қазақстанның салық салу жүйесін ұйымдастыру бірнеше сатыдан тұрды. Курстық жұмысымда осы сатыларды қарастырып, Қазақстанның салық салу ерекшеліктеріне көңіл аударып, салық салу мәселелерін, қиындықтарын, шешу жолдарын табуға тырысамын.

Кез – келген елдің егемендігінің бір нышаны – өзіндік салық салу жүйесінің болуы және де ол бірден – бір мемлекеттің қаржы саласындағы реттеу құралы болып табылады. Салықты қарастыру арқылы мен өз елімнің экономикасының дамуына үлес қоса аламын деймін. Осыған дәлел ретінде Қазақстан Республикасының Президенті                           Н.Ә. Назарбаевтың:  « Салық – мемлекет тұрақтылығының кепілі, » деген сөзін келтірейін.

І.Салықтың теориялық негіздері

1.1.Салықтың мәні, түрлері, қызметтері

    Қоғамның даму тарихында бір де бір мемлекет салықсыз дами алмаған.

   Жер бетінде мемлекеттер пайда болғаннан бастап олардың өзіндік салық жүйелері қалыптаса бастады.Уақыт өте бұл жүйе жетілдіріле түсті де мемлекет табысының негізгі көзі бола бастады.

     Ежелгі Грецияда өзінің салық жүйесі болған. Грециялық салық жүйесі бойынша табыс салығының мөлшері 10%-20% болатын. Афина қала – мемлекетінің еркін тұрғындары салықтан босатылған, олар тек өз еркімен мемлекетке сыйлықтар жасап отырған. Бірақ мемлекет үлкен қаржыны қажет еткен жағдайда (соғыс, үлкен құрылыс жағдайларында) халық жиналысында міндетті салық енгізілетін. Салық төлеушілердің ақшалары жалдамалы әскер ұстауға, қорғаныс салаларына, шіркеулерге, жолдар салуға  жұмсалған.

     Ежелгі Рим мемлекеттік құрылымы көптеген Еуропалық мемлекеттерге үлгі болатын. Тіпті римдік салық жүйесін де өздеріне үлгі етті. Дәлел ретінде, сол кезде Римде акциз, фискал, ценз сияқты экономикалық ұғымдар қалыптасқаны салық жүйесінің айтарлықтай жоғары дәрежеде дамығанының айғағы. Рим империяға айналмай қала – мемлекет болып тұрған кезде Римнің түрғындары салықтан босатылған. Ал егер елге үлкен шығындар қаупі төнсе,  салық жиналған. Оның өзі салық төлейтін адамның табысына қарай мөлшерленген. Біршама уақыт өте келе Рим көптеген жаулап алынған жерлері бар ірі империяға айналды. Осы кезден бастап провинциялар тұрақты түрде салық пен коммуналды төлемдер төлей бастады.Римде салықты «құн төлеушілер» жинайтын.Олардың жұмысын қадағалайтын органдар болмағандықтан коррупция кең етек жайды. Ол б.з.д.1 ғасырда экономикалық дағдарысқа әкеп соқты.

     Б.з.д. 27 - 14 жылдары Римді Октавиан Август басқарды. Ол билік еткен жылдары қаржы жүйесін реформалады. Октавиан Август салықтарды тура және жанама деп екіге бөлді. Айта кететін бір жайт, сол кездің өзінде – ақ Римде салық жинау фискалды қызмет атқарды, сонымен қатар шаруашылықтың дамуына негіз болды. Себебі, салық ақшалай төленетін.

     X – XIV ғасырларда Қарахан қағанатында өзіндік салық жүйесі жұмыс істеді. Ел билеуші мен оның жақын туыстарына қол астындағы халықтан салық салу құқығы берілді. Ол салықты халық «икта» деп атады, ал салық салушыны «иктарар» (парсы сөзі) немесе «мукта» (араб сөзі) деп атаған.                      Тек XV ғасырдың аяғында Еуропа елдерінде әкімшілдік мемлекеттік шенеуніктер аппараты, рационалды салық жүйесі құрыла бастады. Осы кезеңде жанама салық  акциз түрінде, тікелей салық жан басына және алым ретінде салынды.

     Бірақ салық салу теориясының болмауы ойланбастықтан істелінген іс - әрекеттерге әкелді, сәйкесінше, олардың қоғамда кері әсері болды.

     Салыққа ғылыми көзқарас XVII – XIX  ғасырларда пайда болды. Оған дәлелді теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В. Петти « Салық пен жиынтық трактаты » - 1662 жыл,

Д. Рикардо   « Салық салу және саяси экономияның басталуы » - 1817 жыл,

А. Смит « Халықтар байлығыныың себептері мен табиғатын зерттеу » -    1776 жыл.  

     Сол жылдары салық туралы мынадай түсініктер қалыптасты:           Монкретьен салық салуда халықтан қанша мөлшерде және қалай алуға болатын анықтау үшін үлкен даналық керек деген.   А. Смит « Салықты төлеушілер үшін бұл құлдық емес,      еркіндіктің белгісі » десе,                        Ф. Аквинский (1226 – 1274 ж.ж)  « Салық рұқсат етілген тонау нысаны » деп тұжырымдаған.  К. Маркс « Салық – бұл меншік, жанұя, тәртіп және дінмен қатар жүретін бесінші құдай » деп анықтады. Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қайраткері мен ғалымы Б. Франклин « Өмірде салық пен өлімнен құтылатын ештеңе жоқ » деп айтты. Бекон « моралды және саяси жетекшілік пен тәжірибе » деген кітабында былай деп жазған: халықтың рұқсатымен алынған салық халықтық ерлікті әлсіздетпейді.[1]

     Қазақстан территориясында салық салу тарихында өзіндік ерекшеліктер бар. Ол сол кездегі айырбас, жеке меншік және ақша формаларының болуынан деп есептелінеді. Жазба деректерде жеке меншік иелігі мен міндеттіліктер туралы көп айтылмаған. Алайда, ең негізгі міндеттілік «хан салығы» болды.

    1923 жылы Қазақстанның салық салу жүйесіне айтарлықтай реформалар енгізіле бастады. Бірақ та КСРО құрамына кірген басқа республикадағыдай Қазақстанда да қаржы саясаты мешеу дамыды. Ақша құралдарының орталықтандырылуы өнеркәсіп иелеріне қаржылық сұрақтарды шешуге мүмкіндік бермеді.

     Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең бірінші болып Салық кодексін қабылдады. Ол кодекс бойынша салық төлеушілердің барлығы бюджеттің алдында тең болды.

     Салықтар – бұл жеке және заңды тұлғалардың бюджетке міндетті қайтарымсыз төлемдері. Салықтың, салықтық жүйелердің  пайда болуының алғышарттары -  мемлекет және нарықтық қатынастары бар өндіріс. Салық арқылы мемлекет өзінің іс - әрекетке қабілеттілігін, сонымен қоса елдің экономикалық жағдайына капиталды жинау, ұлттық экономикадағы протекционизмдік саясаты, қоғамдық өндіріс және де әлеуметтік мәселелерге әсер ете алатындай құралға ие болды.  

     Салықты негізінен үш категорияда қарастыруға болады: материалдық, экономикалық, заңгерлік. Материалдық тұрғыдан салық – бұл белгілі бір ақша сомасы, себебі жеке және заңды тұлғалар салықты ақшалай көлемде төлейді. Экономикалық жағынан қарастырғанда салық – мемлекеттік табыс, өйткені салық – мемлекеттік бюджеттің негізгі құрамдас бөлігі, мемлекеттік бюджетке кіріс көзі. Заңгерлік категориядан қарастырғанда салық – бұл заң. Салық төлеу Салық Кодексінің негізгі ережелері және салық заңының нормаларына сүйеніп төленеді.

    

 

     Салық мынадай төмендегі құрылымдардан тұрады:

      салық объектісі – бұл бөлек тауардың құны, табыс, қызметтің бөлек түрлері, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар, жеке және заңды тұлғалардың мүлігі мен заңмен бекітілген басқа объектілер;

      салық субъектісі – бұл салық төлеуші, яғни жеке және заңды тұлға;

      салық көзі – яғни тапқан табыстан алатын салық;

      салық мөлшері – салық объектісі бірлігінен салық мөлшері;

      салық жеңілдігі – салық төлеушінің толық және жартылай босатылуы.

     Салық жүйесі – мемлекетпен алдын – ала ескерілген салық жиынтығы мен міндеттемелердің төлемдері.

     А. Смит салық салудың төрт принципін айқындаған. Оның осы төрт принципі дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды.

1.Өзіне бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға қатысады. Мемлекеттің қорғауымен қамқорлығын пайдалана отырып, қаржыландыру үкіметтің табысына сай жүзеге асады.

Бұл ережені сақтау немесе сақтамау салық салудың тереңдігіне немесе тепе – теңсіздігіне ұрындырады.

2.Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салықтың төлеу мерзімі, төлем тәсілі сомасы – барлығы дерлік төлем төлеуші үшін анық әрі ашық болуы керек және кез – келген адамға да солай.

3.Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші үшін ыңғайлы кезде барлығын төлейді.

4.Әрбір салық ой елегінен өткізіліп, толғағына толық жеткізілгені дұрыс. Оның мемлекет қазынасына құйылуы, халық қалтасынан алғаны және ұстағаны мұмкіндігінше аздау болғаны жөн. Қазынаға құйылғаннан көрі, салықты халық қалтасынан алу мен ұстаудың көп болуы да мүмкін. Себебі, оны жинау шенеуніктердің көп болуын талап етсе, оларға төленетін айлық сомасы салықтың мол мөлшері арқылы жүзеге асады.

 

 

Салық төмендегідей қызметтерді атқарады:

      фискалды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Осы қызметте мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды;

      бөлу қызметі, мемлекет қаржыны қайта бөлуді әртүрлі топтардың арасында, территория, облыс, аудандар бойынша жүргізеді;

      реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді;

      ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады;

      шектеу қызметі, мемлекет салық саясаты арқылы кейбір өндіріс түрлерінің дамуын тежейді немесе шектейді;

      бақылап – есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.

     Бірінші орынға тарихи және мазмұны жағынан фискалды функцияны қою қажет. Мемлекеттің өз қызметтерін атқару үшін  қаржылық ресурстарын қалыптастыратын салықтың қызметі – фискалдық (бюджеттік) қызмет. Бұл саясат кәсіпкерлік пайданың бір бөлігін мемлекет бюджетіне алу арқылы мемлекеттік аппаратты, мемлекеттік қорғаныс, өзін - өзі толық қамтамасыз ете алмайтын материалды емес өндіріс салаларын қаржыландыруға бағытталған саясат.

     Біз байқағанымыздай, салықтың фискалды қызметінен салықтың бөлу қызметі ағып шығады. Осы қызмет арқылы заңды және жеке тұлғалардың пайдасын ірі халықшаруашылық, әлеуметтік, ғылыми – техникалық, экономикалық зерттеулерді әрі қарай жандандыру үшін пайдаланады. Салық жүйесінің әлеуметтік бағытталуы халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін, әлеуметтік көмекті қажет ететін халық бөлігін салықтан босатумен байланысты.  

     Нарықтық шаруашылық жағдайында ұлттық экономикаға әсері жағынан салықтың реттеу қызметі бірінші орында. Мемлекет реттемейтін экономиканы елестету өте қиын. Себебі, қоғамның барлық өндіріс нәтижелері  және әлеуметтік – гуманитарлық құрылымдар әсер етпейтін мемлекетті кездестіре алмаймыз. Үкіметтің экономикалық даму концепцияларына сүйене отырып, мемлекеттің нарықтық экономикаға арнайы іс - әрекеттер, яғни салық салу  арқылы  араласу шаралары салықтың реттеу қызметін құрайды.

     Салықтың тағы бір қызметі – ынталандыру. Негізінен бұл қызмет салық мөлшерлемесін өзгерту арқылы өндіріске түрлі кәсіпкерлерді тартып олардың іс - әрекеттеріне ынталандырушы қызметін атқарады.     

     Салық сипаты тұрғысынан тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.                               Тікелей салық мемлекет тарапынан кәсіпорын және тұрғындар табыстарынан  алынады. Осы салықтың түрлеріне – табыстан алынатын, пайдадан алынатын, жылжымайтын мүліктен алынатын т.б. салықтар жатады.

     Жанама салықты мемлекет тікелей емес, баға арқылы айландырып отырып алады. Оған акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады. Жанама салық мемлекеттік реттеудің бірден – бір тәсілі ретінде қолданылады.

     Акциздер жанама салықтың бірден бір түрі болып табылады, тауар бағасына енеді және сатып алушылар оны төлейді.

     Салықтан алынатын сома – салықтың негізі аталады. Мысал ретінде табыстан алынатын салықты қарастыруға болады. Табыстан алынатын салықты салық салудың басты көзі ретінде қараймыз.Табыстан (пайда) алынатын салық алынған табыс (пайда) көлемі мен салық жеңілдіктерінің өзара айырмасына тең.

    Салық өсімі – салық салу бірлігіне деген мөлшер. Әдетте салық өсімі пайыз түрінде белгіленеді.

    

 

Салық өсімі үш түрге бөлінеді.

1)       Прогрессивтік салық өсімі – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі. Кең тараған түрі – Қазақстан Республикасы азаматтарының айлығынан алынатын салық.

2)       Пропорционалды өсім.

3)       Регрессивті салық өсімі – біздің елдің салық заңдылықтарында қолданылмайды. Бұл өсім кері прогрессивті және оның мәні салық өсімі мөлшерінің ұлғаюын табыстың өсуімен түсіндіріледі.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Салықты қазіргі экономикада қарастырудың ерекшеліктері: кейнсиандық, неоклассикалық, « ұсыныс экономикасы »

     Салық мөлшерлемесінің ең оптималды деңгейі бар ма? Ол бар болса қанша? Ал егер бар болса, онда ол барлық елдерге өзара айырмашылығына қарамастан бірдей ме? Осы сұрақтардың жауабын іздей келе Лаффер қисығы деген қисықпен танысамыз. Лаффер қисығы салық мөлшерлемесі мен мемлекеттік бюджетке салық түсімінің арақатынасын зерттейді. Ұсыныс экономиксының белгілі өкілі, Америка Құрама Штаттарының экономисі Артур Лаффердің ілімі бойынша салықтың ауыртпалығын көбейту арқылы мемлекеттік бюджетке түсімді арттыру саясаты кері әсерін тигізуі мүмкін. Өзінің әйгілі қисығы арқылы белгілі ғалым бізге соны дәлелдеді.

 

                                  t                                                    

                                                                                   T                                                     

1-сурет . Лаффер қисығы

 

      Берілген сызбада Артур Лаффердің негізгі ойы тұжырымдалған. Графикте абцисса осінде мемлекеттік бюджетке түсімдер ( T ) белгіленген, ал ординат осінде шекті салық мөлшерлемесі ( t ). Осы кезде табыс салығының мөлшерлемесі туралы айтылып отыр. Салық мөлшерлемесінің 0% дан 100% дейін өскен кезде мемлекеттік бюджетке түсім басында 0 ден бір максималды мәнге ( М ) дейін өседі, одан кейік керісінше, 0 ге дейін кемиді. Біздің байқауымызша, салықтың 100% мөлшерлемесі мен 0% мөлшерлемесі кезінде мемлекеттік бюджетке түскен табыс көлемі өзара тең, яғни мүлде жоқ. Барлық табысты салық салу үшін жіберу салынған салық емес, конфискация болып табылады. Осы кезеңде салық төлеуші объект қызметін легальді түрден легальді емес түрге, яғни « көлеңкелі экономика » жағдайына ауысып кетеді. 

     Лаффердің ойы бойынша экономика К нүктесі жағдайында болса, онда салық мөлшерлемесін азайту мемлекеттік бюджетке түсім көлемін М максималды нүктесіне әкеледі. Лаффер  бойынша осындай нәтиже салық мөлшерлемесінің төменгі деңгейінде еңбекке, қор жинауға, инвестицияларға ынталандырып мемлекеттік бюджеттің көбеюіне әкеледі. Салық мөлшерлемесінің төмендеуі өндірісті ұлғайтуға, жұмысбастылықты көтеруге ынталандырып, трансферттік төлем, жұмыссыздық үшін төлемді азайтып, мемлекеттік бюджетке әлеуметтік ауыртпалықты төмендетеді. Осыдан экономика Лаффер қисығының М нүктесінен жоғары деңгейде болса, онда салық мөлшерлемесін азайту шаралары мемлекеттік бюджетті көбейтуге әкеледі. Ал салық мөлшерлемесін көбейту тек экономика Лаффер қисығының М нүктесінен төмен болған жағдайда нәтиже әкеле алады.

     Лаффердің ойымен келіспегендер көптеген қарсылық көрсетті. Біріншіден, салық мөлшерлемесінің төмендеуінде қызметке қатысуды арттыруға жұмыс күшінің ұсынысы соншалықты икемді ме? Эмпирикалық бақылаулар көрсеткендей салық мөлшерлемесінің төмендеуі мен жұмыс күшіне ұсыныс арасында еш байланыс жоқ. Кейбір адамдар топтары салық ауыртпалығы азайған жағдайда көбірек жұмыс атқаруға ынталанады, ал басқалары өзін бай деп санап дем алуға кіріседі. Екіншіден, салық ауыртпалығын түсіру сияқты шара ұзақ  мерзімде ғана нәтиже бере алады. Жалпы ұсыныс көлемінің көбеюі салық ауыртпалығын азайтқаннан бастап көрінбейді,  тек болашақта ғана мүмкін бола алады. Осыдан аз мерзім аралығында мемлекеттік бюджетке түсімдердің азайып кету мүмкіндігі бар. Үшіншіден, салық ауыртпалығының төмендеуі жалпы ұсыныс қисығының     ( AS ) оңға жылжуына емес, керісінше, жалпы сұраныс қисығының ( AD ) сол бағытты жылжуына әкеліп соғады.

 

                                             Р

                                                                                                Y

2-сурет. Лаффердің ұсынысы

 

 

                                             P

                                                                                                  Y

3-сурет. Лаффердің оппоненттерінің ұсынысы

 

     Экономиканың жалпы ұсыныс қисығының аралық немесе классикалық      ( вертикалды ) бөлігі кезеңінде болған жағдайда AD қисығының оңға қарай ығысуы жалпы бағаның өсуіне әкеледі. Төртіншіден, М нүктесінен жоғары аралықта Лаффер қисығының бір бөлігінде бола алатын салық жүйесінің бола алатынына кім жүз пайызды жауап бере алады?  Ал егер М нүктесінен төмен  болатын жағдайдағы салық жүйесі бар болса? Осы кезде салық мөлшерлемесінің төмендеуі мемлекеттік бджетке түсімнің азаюына әкеледі.

     Артур Лаффердің тұжырымдамалары Америка Құрама Штаттарындағы 1981 жылы және 1986 жылы болған реформаларда біршама жүзеге асты.        ( А.Лаффер  Р.Рейганның администрациясындағы кеңесші қызметін атқарған). Жалпы ұсыныс көлемін жоғарылату үшін салық мөлшерлемесін төмендету жайлы теория практида өз қолданысын тапқанда қандай нәтижеге әкелді? Нәтиже Лаффердің теориялық нәтижесімен сәйкес келмеді. Рейган администрациясы басқарған 6 жыл ішінде мемлекеттік қарыз мөлшері соңғы 200 жыл ішіндегі қарыз мөлшері мен екі дүниежүзілік соғысқа қатысқандағы жұмсалынған  қаржыны  қосып алғандағыдан артып түскен. ( 1987 жылы Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қарызы 2,4 трлн. долларды құрады ).       

     Салық мөлшерлемесінің төмендеуінің мемлекеттік бюджетке түскен табыс көлемімен байланысты арақатынасын қарастырған эмпирикалық зерттеулер 1980 жылдардағы Америка Құрама Штаттарының экономикалық жағдайы Лаффер қисығындағы М нүктесі салық мөлшерлемесінің 75% - 80% тең екендігін көрсетті. Ал американдық салық жүйесі қисықтағы салық мөлшерлемесінің 50% аз мөлшеріне сәйкес. Яғни осыдан салық ауыртпалығының төмендеуі мемлекеттік бюджеттегі табыс мөлшерінің төмендеуіне әкелді. Салық ауыртпалығының азаюы аз мерзімде пайда әкелмейді ( мемлекеттік бюджет толықпайды ), тек ұзақ мерзімді кезеңде ғана нәтижесі көрініс табуы мүмкін.

     Сонда Лаффердің тұжырымдамасы мүлдем дұрыс емес пе? Жоқ, мұндай қорытынды дұрыс болмас еді. Мемлекеттік табыс мөлшері тек оптималды салық мөлшерлемесі жағдайында ғана максималды бола алады.  Максималды салық мөлшерлемесі мемлекеттік бюджетке максималды табысты әрдайым әкелмейді.  Бұл сөзсіз дұрыс, Лаффер қисығы осы тұжырымдаманы толығымен дәлелдейді. Қиыншылығы мынада – экономиканың нақты жағдайын ( негізінен салық жүйесін ) анықтай отырып оптималды салық мөлшерлемесін белгілеу.

     Кейнсиандық және неоклассикалық теориялар салық – бюджет және ақша несие саясаттарын әр түрлі бағалайды. Экономикалық саясаттың әсерін жалпы табыс мөлшері арқылы анықтай аламыз.

     Салық – бюджет, ақша – несие саясаттарының нәтижелері әр мөлшерде мультипликаторға тікелей байланысты. Мультипликатор дегенімізде мемлекеттік шығындар мультипликаторы, проценттік мөлшерлеменің өзгерісіне инвестицияның сезімталдығы, проценттік мөлшерлеме өзгерісіне ақшаға сұраныс сезімталдығын қарастырамыз.

     Кейнсиандық теория бойынша салық – бюджет саясатының нәтижелігі жоғары. Кейнсиандықтардың салық – бюджет саясатына ден қоюы мынаған байланысты: проценттік мөлшерлеменің өзгеруіне инвестицияның сезімталдығының жоқтығы мен процент мөлшерлемесінің өзгеруіне ақшаға сұраныстың сезімталдығының жоғары болуы.

 

                                             r

                                                                                                Y

4-сурет. Ақша экспанциясы: кейнсиандық үлгі

 

     I, MD , IS, LM қисықтары арқылы былай көрсетілген. Осы кезде монетарлық саясаттың нәтижелігі аз. Ақшаның номиналды ұсыныс көлемінің артуы LM1 қисығының оңға – төмен жылжығанын көреміз, яғни LM1 қисығы LM2 қисығына ауысты және де Е2 нүктесіне тепе – теңдік ауысады. Е2 нүктесіне төменгі r2 мөлшерлеме мен көлемінің Y2  өсуі сәйкес келеді. [4-сурет]

     Неоклассикердің тұжырымы бойынша салық бюджет саясатының нәтижелігі аз, оны былай түсіндіреді:

 

                                          r

                                                                                                     Y

5-сурет. Салық – бюджет экспансиясы: неоклассикер үлгісі

 

     Осы суретте тік қисықты Ү* өндіру көлемін көрсетеді, бұл толық жұмысбастылық деңгейінде. Мемлекеттік шығындардың көбеюі немесе салықтардың азаюы IS1 қисығын оңға – жоғары жылжытады. Ол IS2  қисығына ауысады. Егер де фирмалар жалпы ұсынысиы арттыратын болса, онда тепе – теңдік Е* ауысады. Бірақ та толық жұмысбастылық деңгейінде жалпы ұсыныс фирмалар арасындағы бәсекелестікті арттырады, еңбекке ұсынысты, жалақы деңгейін өндіріс шығындарыг көбейтеді. Баға мөлшерінің жоғарылауы ақшаның әрдайым ұсыныс кезінде нақты ақша қорының азаюына әкеледі. Нәтижесінде жаңа тепе – теңдік Е2 нүктесінде қалыптасады.

 

2.Қазақстандағы салық жүйесі, оның негізгі мәселелері және шешу жолдары

2.1. Қазақстан Республикасының салық салу жүйесі

     Мемлекеттің нарықтық экономикаға әсер ететін саяси, экономикалық тұтқаларының ішіндегі басты орынды салық саясаты иеленеді. Нарықтың жағдайында, әсіресе, ауыспалы кезеңде салық жүйесі -  әлеуметтік – экономикалық тұрақтандырушы, мемлекеттің қаржы – несие саясатын іске асырушы ролінде маңызды. Салық саясаты мен салық жүйесінің қаншалықты жақсы ұйымдастырылуы мемлекеттік экономикалық саясаттың соншалықты жақсы іске асырылуына тікелей байланысты. Мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық процестерді реттеу кезінде салық саясаты қоғамның тұрақтануының, экономикалық өсудің, Қазақстан экономикалық біртұтастығын қалыптастырудың бірден – бір шарты.

     Экономиканы реформалау, оны нарықтық жағдайға бейімдеу Қазақстанның өз салық жүйесін құруға әкелді. Сонымен қатар өзіндік салық саясатының қалыптасуы мемлекеттің еркіндігінің көрінісі. Салық саясатын өзгерту, салық механизмдарын қозғалысқа келтіру мемлекеттің экономикалық дамуына немесе тежеуіне әкеп соғады. Салық саясатын мемлекеттің салық жүйесіндегі іс - әрекеттері деп қарастыру керек. [2] Бұл өте көп уақыт алатын болғандықтан Қазақстан Республикасының салық жүйесін ұйымдастыру мынадай кезеңдерден тұрды.

     І кезеңде Қазақстанның салық заңдарын құру іске асырылды. Бұл саты 1991 жылдан 1994 жылға дейін іске асырылды. ІІ кезең салық жүйесін реформалауда негізгі кезең болып табылады. ІІ кезеңнің негізгі мақсаты Салық Кодексін құру болды. ІІІ кезеңде реформаның басты мазмұны мен мақсаты салық администрациясының іс - әрекеттерін жетілдіру мен нығайту болды.

     І кезеңде салық жүйесінің негізгі бағыттары қарастырылды. І кезең 1991 жылдың аяғында салық сұрақтары бойынша құжаттардың қабылдануымен басталды. Алғашқы құжатта 14 заң болды. Осылардың ішінде  « Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы » заңы басты болды. 1991 жылғы      « Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы » заңында                        16 мемлекеттік, 10 міндетті жергіліктік, 19 жергілікті салықтар мен жинаулар болды. Содан басқа бюджеттік емес фондтарға жинаулар іске асырылды.

     Салық саясатының қызметіне біріне – бірі қарсы шығатын заңдар мен жарғылардың болуы кедергі жасады.

     Сол кезде жұмыс істеген салық құжаттарында өнеркәсіптік табысқа салық мөлшерлемесінің 11 түрі, табыс салығына 37 жағдайда жеңілдік берілді. Нәтижесінде Салық заңдарына түзетулер енгізуді қажет етті. 1992 - 1994 жылдар аралығында салық жүйесіне өзгертулер мен түзетулер енгізілді.

     Көптеген қажетсіз, заңсыз жеңілдіктер мемлекеттің экономикасына көптеген кертартпалықтарды әкелді. Жеңілдіктер көбейген сайын оған параллельді түрде салық түрлері өсіп отырды. Осы жылдардағы шығындарды есептей де алмайсың. Мөлшерлеменің көбеюі шектен шығып кетті. Мысалы, материалды өндіріс саласында табыс салығының мөлшерлемесі 45% ға жетті. Ал бұл материалды өндіріс саласында кері әсер етті, ынталандыру болмады.

     Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасу тарихында 1994 жылдың орны ерекше. Сол жылы салық жүйесін реформалаудың басты алғышарттары қалыптасты.

     1994 жылдың салық жүйесінегі өзгертулер салық саясатының фискалды бағытталғанын көрсетеді. Қатаң салық саясаты « салық қапқанына » әкелді, салық мөлшерлемелерінің жоғары болуына қарамастан бюджет табысы азайып кетті. Бұл кәсіпкерлердің, өндірістің көлеңкелі экономика жағдайына ауысуына, табыстарды дұрыс көрсетпеуіне әкелді.

     Осы тәжірибеге сүйене отырыпкелесі кезеңде Қазақстан Республикасының салық жүйесіне төмендегідей өзгертулер енгізу мақсатталды:

1.      Нарықтық қатынастарға ынталандыру:

-         кәсіпкерлікті сүйемелдеу;

-         мемлекеттік бюджет жүйесінің ақылмен шектелген қажеттіліктерін ғана қанағаттандыру;

-         жеке салық төлеушілерді өз табыстарын кәсіпкерлікті дамыту үшін салуға ынталандыру;