Салықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

Тақырыбы: САЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  Қабылдаған: Алимжанова Шынар Баймуханқызы

  Орындаған:Маратқызы Айжан

  Оқу тобы:ДОТ-Қызылорда ,ЕжА-131-Д

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      

 

 

Жоспар

 

Кіріспе

I бөлім. Салық   оның түрлері және  түсінігі

    1. Салық туралы  жалпы түсінік

1.2. Салық түрлері

1.3. Лаффер қисығы

1.4. Салықтың  артықшылықтары  мен  кемшіліктері

II бөлім. Қазақстан  Республикасының салық жүйесі

  •      2.1. Қазақстанның салық  жүйесіндегі кейбір мәселелер
  •     
  •      2.2. Салық  кодексінің соңғы  өзгерістері
  •  

     

     

     Қорытынды

             

               Қолданылған әдебиеттер тізімі

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Кіріспе

    Салық -  бүгінгі күннің өте  өзекті мәселесі. Еліміздіңэкономиксының өркендеп , халық тұрмысының жақсару  негізінен салық  үлкен роль атқарады.

    Салық кодексін дайындап -  жасаушылар халықтың салық  мәдениеті  мен  кәсіборын  басшыларының кәсіби деңгейін көтеріп, салық Кодексін өмірге тиімді түрде енгізіп, жүзеге асуын  қадағаламайды.

    Жаңа салық есептемесінің  тәсілі бұрыңғы жүйеден  әлде қандай  тиімді. Ол салық саласы қызметкерлеріне  нақты, дәл есеп  жүргүзуге мүмкіндік  берсе,  салық  төлеушінң салықшымен тікелей байланыс   орнатуына  жол ашады. Тиімділігі – жолай  бұрмаланбай  электронды құралдар арқылы тура есепке  алынады.

    Сондықтанда  салық  төлеу  барысында  әр түрлі келеңсіз  жағдайларға ( тамыр – танысқа  арқа сүйеу,  салық көлемін жасырып  қалу т.б.) жол берілмейді.

    Салықтар шаруашылық  жүргізуші субьектілер мен  халық  табысының қалыптасуындағы  қаржылық  қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Мемлекет салықтарды экономиканы  дамыту және оны  тұрақтандыру барысында  экономикалық тетік ретінде пайданылады.

    Салық қоғам  өміріндегі орның айрықша  екенін  өз  жұмысымызда  сөз етпекпіз.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

                               I бөлім. Салық оның  түрлері және түсінігі.

    1.1. Салық туралы  жалпы түсінік.

    Салық  және басқа  төлемдер деп заң  актілерімен белгіленген  тәртіпен  шарттарға  сәкес  төлеушілердің  бюджетке  немесе  бюджеттік емес  қорларға  міндетті түрде  жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты  қайта бөлу фкторы бола  отыра  салықтар  мына  жағдайларда жүзеге асырады. Бөлу жүйесінде пайда  болатын  қатерлерді жоюға  мүмкіндік  туғызады. Адамдардың  осы немесе  басқа  әрекеттерінің дамуын ынталандырады (немесе  ынталандырмайды).

    Мемлекетке түсетін  салықтардың  алымдардың,  баждардың және басқа  төлемдердің ( бұдан кейін  салықтар)  жиынтығы  және  олардың  құрылуын  формалары  мен  әдістерінің жиынтығы  салық  жүйесін құрайды.

      Салық  жүйесі  мемлекеттің  сәйкес  келетін  заңдылық  актілеріне негізделеді. Оның арқасында  салықтың  құрылуының  және  жиналуының нақты   әдістері,  яғни  салықтар  элементтері белгіленеді.

    Салықтың субъктісі  немесе салық төлеуші – заң арқылы  салық төлеу міндеті артылған  адам.  Бірақ салықтың  ауыртпалығы бағалар механизмі арқылы  басқа тұлғаға жүктелуі   мүмкін.  Сондықтан арнайы  салық төлем қызметін атқарушы -  салықты ақиқат төлейтін тұлға, белгіленеді.

    Салықтың объектісі -  салық есептелетін табыс немесе мүлік

    (жалақы,  пайда,    құнды қағаздар,  жылжымайтын  мүліктер т.б.).

    Табыс көзі  - есебін салық төленетін табыс.

    Салық ставкасы – салық салыну  бірлігіне келетін салықтың  көлемі (табыстардың ақша  түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).

    Тұрақты  прапорционалдық  прогрессивтік салық  ставкалары болды. Тұрақты  ставкалар табыстар  көлемінің  мөлшеріне  байланысыты  емес,  салым бірлігіне абсалюттік сомада белгіленеді.

    Прапорционалдықтар -  салық объектісіне, оның  жіктелінуіне байланысты  болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.

    Прогресивтік  ставкалар -  табыстың өсіп  отыруына байланыты прогресивттік салықтың орташа  ставкас өсіп отырады. Салық салуда  прогресивттік ставкасы бойынша салық төлеуші табысының үлкен үлесін төлейді. Прогресивтік салықтардың зардабының үлкен табысы  бар адамдар тартады.

    Регрессивтік -  табыстың өсіп  отыруына  сәйкес. Регрессивтік салықтардың үлкен табыстары барларға  пайданы, ал  табыстары көп емес  физикалық   және  заңды тұлғалар  үшін  өте ауыр  келеді.

     Салық  салу -  бұл табысты және қайнар  көздері мемлекеттік құралдарды  толтыру үшін  реттеуші  құрал. Мемлекет  пайда болысымен тарихи  салық та  пайда болды. Салық неше  ғасыр бойы өмір  сүреді,   соншама экономикалық теория оптималды салық салу  қағидасын іздеуді алғаш рет Адам Смит  қалыптастырған.

    Қазіргі заманғы  салық жүйесі бірнеше  қағиданы  қолданады:

    • Жалпылай, яғни  табыс табатын барлық  экономикалық тұлғаларды дамыту;
    • Тұрақтылық, яғни  уақытында  салық мөлшері мен  салық түрінің тұрақтылығы;
    • Тең күштеу, яғни  салықты  салу  барлық  салық  төлеуші үшін  бірдей болуы керек;
    • Міндеттеме, яғни  салықтың  мәжбүрлігі  төлеммен құтқармау,  салықты  төлеуде және есептеуде тұлғаның  дербестілігі;
    • Әлеуметтік-әділеттілік, яғни  салық мөлшері және салық  жеңілдігін  құру, бұл аз  табысты  кәсіпорынға,  халыққа  аяушылық ықпал жасау;

     

    Салық жүйесі мемлекеттің заң актілерінде негізделеді,  мұнда салық  элементтері  құралады.

    Бұған кіретіндер:

    1. Салық тұлғасы немесе  салық төлеуші, яғни  салық төлеу  міндетін артырған тұлға, ол  заңды және жеке тұлға бола алады.
    2. Салық нысан,  яғни  табыс және мүлік,  осылардың салық  есептеу ( жалақы, табыс, бағалы қағаз,  қозғалмайтын мүлік).

     

    Салық көзі – бұл қоғамның таза  табысты нысандарының тәуелдігін байланысыз салық салу.

     Салық мөлшері -  салықтың  маңызды элементті, бұл элемент салым бірлігіне байланысты салық шамасын анықтайды.

    Салық мәні, мазмұны және элементтері

     

    Салық мәні, мазмұны  және элементтері 
                Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. 
                Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.  
                «Салық»ұғымымен «салық жүйесі»ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. 
                1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты. 
                1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді. 
                Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. 
                Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. 
                Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін. 
    Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. 
                Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. 
                Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. 
                Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. 
                Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты. 
                Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар: 
    - реттеушілік; 
    - фискалдық; 
    - қайта бөлу. 
               Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады. 
                Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. 
            Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады: 
            а-егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады; 
            ә-егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50   проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі; 
            б-егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40   проценті мөлшері аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі. 
            Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. 
            Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 проценттен көбірек  болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы.  
            Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды. 
            Қазахстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған. 
            Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын функциалрда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фескалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы категориясының ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді. 
           Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 
                Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына қабылдаған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың нысандарын таңдау ставкаларының алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктерімен шегермелер пайдаланады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді. 
                Қайта болу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Соңғы жылдары Қазахстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу тенденциясы орын алып отыр. Егер 1997 жылы ішкі жалпы өнімдегі олардың үлесі 19,7пайыз болса, 1998 жылы ол 16,6 пайызға,2000 жылы-22,6 пайыз,2001 жылы - 22,2 пайыз болды  (салыстыру үшін: Украинада – 29 пайыз, Ресейде – 33,3 пайыз). 
                Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлык, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.  
            Мемлекеттік салық салу саясаты- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді. 
            Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. 
                Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. 
                Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай : қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор. 
            Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық. 
            Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады. 
            Салық салу элементтері мыналар: 
            Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары. 
            Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік. 
            Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар. 
            Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б. 
    *Салық көзі – салық салынатын табыс. 
    *Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. 
    *Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді. 
    *Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады. 
    *Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды. 
            Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады. 
    Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады. 
    Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады. 
    Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы. 
    Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады. 
    Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт. 
    Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді. 
    Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар: 
    - салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу; 
    - заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; 
    - салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру. 
    Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс: 
    1. уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға; 
    2. мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға; 
    3. белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру; 
    4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;  
    5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға; 

     

     

    1.2. Салық түрлері.

    Төлем жасау,  қабілетіне  байланысты салықтар  тікелесі және жанама  болып  бөлінеді.

    Тікелей салықтар төлем қабілеттігіне  тікелей пропорционалды болады.  Осыған жататындар:

      • Азаматтарға  салынатын табыс салығы және корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына  салынатын салық;
      • Мүлік салығы осының ішінде меншікке  (жерге,  қозғалмайтын мүлікке) әлеуметтік  сақтандыруға,  жалақы қорына және  жұмысшы  күшіне (әлеуметтік  жарнамалар деп аталатындар) салынатын  салықтар пайданы  шетелге  аударған  үшін  салынатын салықтар;.

    Жанама  салықтар  - бұл белгілі тауарлар  мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама  салықтар  бағаға  үстем жасалып алынады ( мысалы  акциздар). Бұлар жарым -  жартылай немесе толық тауар қызметтер  бағасына адарылады.

    Жанама салқтардың негізгі  түрлері:

    • Үстеме  құнға  салынған салы  акциздер ( тауар немесе  қызметтердің   бағасына  қосылатын салықтар).
    • Мұрагерлік салық.
    • Жылжымайтын  мүліктермен  және  құнды қағаздармен  жасалатын  келісімдерге  салынатын  салық және  басқалар.

     

    Дамыған  елдердегі  салық  салу  тәжірбиесіне сүйенсек  салықтардың  жетекші  екі  түрі  болады. Мұның  негізінен  табыс салығы  адамдардың және  заңды  тұлғалар табыстарының  барлық көздерінен  түскен   жиынтық   түсімдерге прогресивтік  салық  салу  және  үстем  құнға  салынатын  салық құрайды.

    Табысқа  салынатын салықтар  физикалық  тұлғаларға  салынатын  табыс  деп және  заңды тұлғаларға салынатын табыс  салығы  деп  ажыратылады.

     Индивдуалдық табыс салығы  -  бұл жеке  табыстар салығы,  салық төлеуші физикалық тұлғаның  табыстарынан (әдетте  жылдық) алынатын  салым болып табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады. Бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалынады. Түпкі есеп салықтың  бір түрі  тікелей прогресивтік салыққа жатады. Әр елдің салық жүйелерінің орталық ұқсастықтары  болады, сонымен бірге салық жүйелерінің көбіне серіктестіктер салық салудың жеке объектісі деп саналмайды. Олар  арқылы пайда серіктестіктің мүшелеріне  түседі деп есептелетіндіктен табыс салығы  серіктестікке, оның  мүшелеріне салынады.

    Соңғы жылдары табыс салығының  ставкасының  төменде тенденциясы  байқалып отыр. Көп  экономистердің  тұжырымдауы бойынша «әділетті» салық жүйесі үшін  табыс салығының  ашық бейнеленген  прогресивтік ставкалары  қажет, яғни байлар кедейлермен  салыстырғанда  үлкен салық  төлеу керек.

    Заңды тұлғаларға  табыс салығы -  корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық.

    Көп елдерде бұл тікелей  прогресивтік салық болып табылады. Осы салық  копарация (фирма)  заңды  тұлға  болса   ғана алынады. 

    Копаративтік салық  фирмалардың  салық төлемдерінің басым көбін  құрайды.Салық фирманың  таза  пайдасына (жалпы түскен түсімнен  барлық шығындар мен зияндарды алып тастағанда қалғандар) салынады. Дивидент  түрінде акционерлер арасында бөлінуге  тиісті таза  пайданың  бөлігіне салық салу  әр елдер әр түрлі жүреді.Алынған дивиденттер физикалық  тұлғаларға салынатын  табыс салығы  объектісіне жатады. Мұның  нәтижесінде бір  сомаға екі рет салық  салынады.   Бастапқыда,  фирманың пайдасының бөлігі деп  осыдан кейін,    салық салу жүйесінің  көзқарасы  бойынша  акционерлердің табысына айналған бөлінетін пайда  деп  оған жеке табыс салығы салынады.

     Салықтың дамыған елдерінің   көбінде қолданылатын маңызы  жағынан екінші  түрі  қосылған  құнға  салынатын салық Еңбек  процесінде өздерінің  қарамағына  келіп түскен еңбек  заттарына  құн  салық  төлеушілеріне  олардың қосқан құнына салық  салынады. Бірақ  салық  төлеушілердің  әрқайсысы осы  соманы түпкі   тұтынушыларға   жылжып отыратын  тауарлардың бағасына қосады.

    Қосымша құн  салығы  тауарлармен  қызметтер сататын фирмаларға салынатын  тауар  құнының    5%-дан  38%  көлемінде салынады және осы  салық  көп  қолданылатын тауарлар мен  қызметтерге салынады.

    Дамыған елдердің салық  жүйесі  салықтарды және кәсіпкерлікті  қолда  ынталандыру үшін  пайдаланады. Осы  мақсатпен белгілі  жеңілдіктер  қолданылады,  олардың маңыздысына  инвистициялық салық несиесі,  тездетілген амортизация, жер  қойнауының әлсіреуіне  жеңілдік беру жатады.

    Мән жағынан    инвистициялық  несие жеке бизнесті мемлекеттің  капиталдық салыммен қаржыландыруы  болып табылады. Мазмұны жағынан  инвистициялық салық немесе  салық  енгізуді талап етеді.

    Ол ескірген жабдықтарды  айырбастау және  жаңа  техника  енгізуді талап етеді.

    Жеңілдетілген амортизацияның мәніне келсек, ол  мынада. Негізгі  капиталдың  нарықты тозуынан елеулі артық  масштабқа   амортизация  жасауға   үкімет рұқсат береді.

    Мән жағынан  қарағанда  бұл  кәсәпкерлерге берлген салық  салынатын пайданың сомасын  азайтады. Негізгі капиталдың  айналымын  жеделдетеді.

    Қазақстанда салық  республикалық және  жергілікті деп  екі топқа  бөлінеді:

    • Республикалық - бұл міндетті. Төлем сомасы тең үлесі республикалық бюджетке және салық төлеуші қала  немесе аудан бюджетіне түседі.
    • Жергілікті -  салықтың мөлшері жергілікті үкіметтің шешімінен анықталады.

     

    1.3. Лаффер қисығы.

    Салық реттеудің селективтік  тарамдарымен қатар, мемлекет салық  механизмін  шаруашылық конъюктурасына  жалпылама  ықпал  ету  үшін кең  қолданылады. Мысал ретінде 80-і жылдардың  басында  өкіметке   Р.Рейганның  әкімшілігі келісімінен кейін жалпы  экономикалық конъюктураны  ынталандыру  мақсатымен  салықтарды елеулі  төлемдену  үшін  жүзеге асырған ірі  масштабты  шараларды атап өтуге болады. Американдық  экономист Лаффердің есептеулері  осы  бағдарламаның  теориялық  негізін  құраған      Лаффердің  дәлелдеуі бойынша салықтың  төмендеуінің   нәтижесінде  экономикалық өсу және  мемлекет  табыстарының  өсуі орын алады  (Лаффердің қисық сызығы). Корпорациялардың  табыстарына  салық  статистикаларының тым  көп  өсуі олардың  капиталдық  салымдар  жасауға  ынтасын  жоққа  шығарады. Ғылыми  технткалық  прогресті  тежейді, экономикалық өсуді төмендетеді. Осының нәтижесінде  мемлекет  бюджетінің  түсімі азаяды. Профессор Лаффер  бастаған  Американдық экономистердің теориясы  дәлелі  бойынша  табыс  салығы  ставкасы  50%  асқанда  фирмалар мен  адамдардың өскерлік  белсенділігі  күрт  төмендейді.

    Сызба түрінде  осы  жағдай  мына  түрде   көрініс  табады.

     

     

     

     

    Теория  бағытынан  салық  салу және  табыстар  шкаласын  дәлелдеп,  оны  жасау  мүмкіндігі  ешталай екендігі ақақат.

     Бұл мәселе  ұлттық  психологиялық  мәдени  факторлар   аз  әсер  етпейді. Мысалы,  американдардың  айтуы бойынша,  Швецарияға   табысқа салық салу  шкаласының  мөлшерінде (72%) АҚШ-та  бір  адамды  жұмыс  істемеген болар еді.



     

     

     

     

     


     

     

     

    1.4. Салықтың  артықшылықтары  мен кемшіліктері.

    Экономикалық  іс шаралардың барысына  ықпал  ету,  мемлекеттік   қажеттілік  тұрғысынан  реттеп  отыруды мемлекет  салық  жеңілдіктері арқылы жүзеге асыруды. Оның тікелей  сипаты  жартылай немесе толықтай салықтан  босату. Мұндай жүйе  біздің  елімізде де бар.

    Кіріс пен таза пайданы  экономикалық  жаңа  бір  саясатына  немесе  бүтін  өндіріс  түрінің  дамуына  жұмсау   инвистиция  тарту сияқты   мақсаттарда  салықтың кей түрінен  бүтіндей босату қолданылады. Іскерлік  табыстың белгілі  бір түлеріне  жеңілдетілген салық  жүйесін  пайдалану -  экономиканы  мемлекеттік реттеуде  сараланып  қолданылатын және өте  ыңғайлы  әдіс. Мысалы: мерзімді амортизацияны  жеңілдетілген немесе дифференциялды салық  мөлшері  салық төлеу  мерзімін  созу немесе кейінге қалдыру  салықтардан  еркін  резервтік, инвистициялық  әрі басқадай  қорлар құру және  нақты салық  жеңілдікері мен  преференциялар сияқты түрлі  экономикалық және  салық  тегершіліктері  жетерлік. Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңінде  салық  төлеу  мерзімін созу немеск кейінге қаодыру, салықтардың  еркін  резервтік, инвистициялық әрі басқадай  қорлар құру және  нақты салық  жеңілдікері мен преференциялар сияқты түрлі  экономикалық және  салық  тегершіліктері  жетерлік. Қазақстан экономикасының  өтпелі  кезеңінде салық  жеңілдіктері  жаппай іскерлікті буырқандырып экономиканың  басым салаларына  ірі инвистициялар  әкелуге себебін  тигізеді. Алайда,  қазір отандық  экономика  өзінің   өрлеу  белесіне  көтеруге  бастағанда мұндай  салық  жеңілдктерінің  сақталып  қалуы мемлекетпен инвистициялар арасындағы  мүдделік  қарым – қатынасқа  өз  салықпен тигізеді.

    Нәтижесінде  бюджетке  өндіріс көлемінің  ұлғаюына  қатысты салықтар  бюджетке  түсетін  түсімдер  елеусіз,  салық  салмағының  коэффициенті әсерсіз қалуда.  Кейінгі  кезде  салық  жеңілдікьерінен  салық  -  кеңістігінде елеулі  қарама  қайшылықтар туып,  салықтың  әмір жүргізуіне  кесірін  тигізуде.

    Ең бастысы  өндіріс  саласына   қарамай  салық  төлеушілердің  барлығы  заң  алдында   тең  деген   талапқа  салықтың   жеңілдікті  реттеу қайшы келіп  экономиканың  түрлі  салаларындағы  кәсіпорындарды алалауда,

     Нақты салаға  салық  жеңілдігін  орнату   тәжірибе  көрсетіп отырғандай қамқорлық  пен  қолдаудың  керемет  бір  тиімді  әдісі  кездессе,  тиімді  деуге келмейді. Жеңілдік  беріліп  отырған кәсіпорындар  мен жеке  тұлғалар, ( жеңілдік  беріліп отырған) жеңілдік жүмейтін  экономикалық  қызмет  салық   әмірін пәрменді қолдануда   қиыншылық  тудырады. Оның үстіне  салық  төлнеден  бұлтарту үшін  арсыз пайдаланатындар да  аз  емес. Преференция  түріне  жататын  салық каникулының ұлттық  қорды   қолдануда берекесіздік  тудырып,  түбірде кірістің  жоғалуына соқтықтыратынын   халықаралық  тәжірбие көрсетіп  отыр.

    Кіріс министірлігінің  аймақтық огандарының  деректері бойынша  мемлекеттің  бюджеттің  жалпы  түсімінің  48 пайызына, немесе  ішкі жаппай  өнімнің 9,9 пайызына пара-пар  салық  жеңілдіктері мен  проференциялар 1999 жылы 188,9  миллиард  теңге  тұрған. Оның 66,2 пайыздың қошақты бөлігі ішкі тауарлар өндірісінің  қосымша құн  салығына  жасалған  жеңілдік. Ал  осы жасалған жеңілдіктің 42,9 пайызы                     

    (салық  өндірістік  ставкасымен алынатын)  экспортталатын  тауарлар  түріне 42,4 пайызы  айналымға  жеңілдік үлей 22,7 пайыз.

    2000 жылдың алғашқы   жартысында мемлекет кірісінің  48,1 пайызы немесе жаппай ішкі  өнімнің 11,8 пайыз  көлемінде  124,7 милиард теңге тұратындай  жеңілдік берілген. Үлес  салмағы   бойынша ең  көбі 74,8  пайызы  ішкі тауарлар  өнімнің  қосымша   құн  салығына жасалған жеңілдік.

    Экспорттар тауарлардың  қосымша құн  салығын  ( нөлдік ставкасы) 1999 жылғы 31 пайыздың көсеткіші 2000 жылдың алты  айының ішінде өткен  жылына  қарағанда 43,8  пайызға  өскен  байқалады.  Жеке құрылыс жүргізу және  техникалық жабдықтарға деген  шығындарды бір  маусымдық шығындар есебінде «салықтар және  бюджетке басқадай міндеттік төлемдер туралы»  заңының 2010 бабына сәйкес жеңілдіктерге  жатқызу осы  жақын күндерге дейін күнінде болады. Айтылып отырған жеңілдік те   салық тлеушілердің  теңсіздігін туғызады. Мемлекеттік кірім  министірлігінің деректеріне сүйенсек  технологиялық жабдықтар бойынша берілген  жеңілдіктер 40,8 миллиард теңге  шығын әкелген. 2000  жылдың қаңтарынан  бұл  бап   өзгертілді.

    Салықтар заңының 138 бабына сәйкес  өндіріс  үшін  жер  ең  басты  қажеттілігі  болып  табылатын ауыл еңбеккерлеріне патент негізіндегі салықтың қарапайым  бір  түрлі қолданулуда.

    Патенттің құны мен бюджетке төленуі керек  салықтардың  айырмашылығы 80 пайыз екен.

    Салық комитеттрі  жер  басты өндіріс  көзі болып  табылытын  ауыл  шаруашылығы  тауарларын өндірушілер  мен  заңды тұлғаларға 1999 жылы 1335 потент берілді. Жаңағы 80 пайызға келген салықтың және  басқа төлемдер бойынша 1769,8 миллион теңге  көлемінде  алым түссе, оның  ішінде  қосымша  құн  салынған 223,5  миллион теңге  жиналған. Бұл жеңілдетуге кеткен салықтың 12,6 пайызы. Ал  төленген салық 113,5 миллион теңге. Оның 143 миллионы  ауыл  шаруашылығына жасалған жеңілдіктер.

    Тікелей «инвистицияны»  мемлекеттің қолдау туралы заңына сәйкес ҚР Инвистиция жөніндегі  агенттігіне  өкілетті орган ретінде салық  пен  төлемдердң кейбір түрінен босату арқылы инвистициялармен келісімдерді  бекіту құқығы  берілген. МНМ  ақпараттар негізіне сүйенсек 1997 жылдан 2000 жылдың бірінші  жартысына дейін  124 кәсіпорынға 1,9 миллиард теңге жеңілдік  жасалған. Салымдар салық  ауыртпалығының жартысынан астамынан  босатылуы кәсіпорындардың  қаржылық жағдайын жақсартып жіберген түрі көрінбейді. Жаңадан кәсіпорындардың  ішіндегі 25  жеңілдікті 1998  жылдан бері пайдаланып келеді. Олардың қаржылай жағдайына қарап көрсеңіз 11 ғана халі  жақсы. Ал  қалғандарының 1998 жылға қарағанда 1999 жылы 51,1 миллион орнына 349,0  миллион теңге шығынға батуы еш сын көтермейтін айғақтар.

    1999 жылы осы кәсіпорындардың  арасында 10303 жұмыс  орны  ашылса, оның 63 пайызы «Тексуна Кеншлз  МНК» ( 4878 жұмыс орны)  үлестеріне  тисе,  қалғаны 147 кәсіпорын еншісінде,  яғни 3822 жұмыс орны оларың  әрқайсысына  26 жұмыс орны айналған.Бір жұмыс  орны бюджет есебінен қаржыланып  отырған деп  батыл тұжырым  жасауға болады. Бәсекелестігі жақсы  жаппай  қойылған секторлар мен   кәсіпорындар араларында жеңілдіктер  өндірісшілерді ялауды  сияқты  көрінері сөзсіз.

    Өндірі технологисы ескірген немесе  өнімге  кетер шығының  ақталуы қиын  ұн, нан,  кеспе,  кодитерлік бұйымдар  өндіруге  сүт  өнімдері мен  балмұздақ  шығанушы кәсіпорындарға -  ұялы телефон байланыстарын  орнатушы  екі  компанияға  шарап  өнімдерін өндіруге  орай жеті  жобаға сыра  өндіріске  қатысты  алты  жобаға  не үшін «қамқорлық» қажет екенін  білмейді.

     Бұндағы  шығар   қортындыға келсек,  жеңілдіктер  мен  префенцияларды пайдаланушы   кәсіпорын  инвистициялар қарқынсыз  және  тиімсіз  жұмыс  істеуде  – бұл  бір  жеңілдіктер  жұмыс  орнына  қарай  берілмейді  -  екі жеңілдік  берілген  инвестор  кәсіпорындар  экономиканың салаларындағы  бәсекелестік  шарттарына кесірін  тигізуде – үш  қазіргі айтылып  жүрген пікірлерге тоқталсақ:  жаңа салық кодексін енгізу  жайында ұсынылып жатқан бұрынғы  жеңілдік  тәртібін инвистициялық  салық  преференциясы ретінде   қолданған жөн.

    Инвистициялық салықтың преференциясы,  сол  құжат жобасында  айтылғандау  салық  төлеушілер өз  ықтиярымен жылдық  кіріс  көлеміне  қарай  үй  құрылыстарын  пайдалануға  дайындап беру немесе  өндірісті  ұлғайтар мақсаттағы құрылыс -  монтаж жұмыстарын  жүргізу керек.

    Осыған орай кәсіпорындарды жекешелендірудің бастапқы  келісім  шарттардың  талабына  сай жұмыс  жасаушылармен арадағы қарым  –қатынасты,  біртіндеп салық  міндеттерінің жалпыға бірдей тәуелді  қалпына  түсіру керек. Ал  қосымша  инвистиция әкелге шетнлдік пен отандық  инвистицияларға  тепе-тең жағдай туғызған жөн.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    II бөлім. Қазақстан   Республикасындағы  салық жүйесі.

    2.1. Қазақстан салық  жүйесіндегі кейбір мәселелер.

    Мемлекеттің  қандай да  болмасын  салық  жүйесі негізінен  екі қызметті  атқарады.

    Біріншісі – фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызмет. Фискалды қызмет ешкімді де  алаңдата  ой»майды,  себебі кез келген  мемелекеттің өмір сүруі үшін  қаражаттың қажеттілігі  өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет  әркімнің  мейлін мелекеттің  немесе  кәсіпкердің болсын, аса  қызықтыратын мәселесі болып табылады. Бәрімізге  белгілі таразының екі жағы  бар,  біріншісі мемлекеттің  қажеттілігінен  туындаса,  ал екіншісі еркін кәсіпкерлікті  ұстағандардың  мүдделерінен шығады.

    Қазақстандағы салықтардың  атқаратын реттеуші  қызметіне  кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты  өз атына  сәйкес келе  бермейтінің  жақтарын байқауға  болады. Негізінен  салықтардың реттеушілік  ролі  мынандай шарттарға  жауап беру  қажет: мемлекеттің бюджетіне  түсетін  кіріс мөлшерінің белгілі бір  деңгейінде  ұстап отыру  және  кәсіпорындар мен жеке тұлғалар  салынатын салықтардың  ауыртпалығын реттестіру.

    Қазақстанның 2030  жылға  дейінгі даму  стратегиясында болашақтағы  мелекетіміздің негізгі байлық көзі  шикізатты,  соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Екнші жағынан,  салық салынатын  базаның кемуінен экспорттаушы емес экономиканың басқа  саласындағы  қызмет  атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық  ауыртпалығы арта түсуде. Аталған  кемшіліктерді жою  үшін, ең  алдымен салық  заңына  жаңадан өзгертулер қажет.Салық  төлеушілер үшін  салық  жүйесінің  ең болмағанда үш-бес жылға  дейін  тұрақты болып  дамуды аса  маңызды  шарт болып  табылады. Ал  артық  табыс мөлшері қазіргі салық  заңында кәсіпорындарың  ішкі пайда  нормаларына сәйкес үстеме пайда  салығы арқылы алынып  отыр. Бұл  аталған салықтың кемшілігі мынада: біріншіден,  ішкі пайда нормасын  анықтау кезінде оның мөлшеріне  әр  түрлі себептер мен  субъективті  жағдайлар әсер етуі мүмкін, екіншіден,  пайда нормасын  қайта-қайта  қарастырып отыру қажет, өйткені шикізаттың  әлемдік бағасы  күн сайын  өзгерістерге ұшырау мүмкін. Сонымен  шикізатты экспорттаушыларға  қолданылып келген үстеме пайдаға салынатын  салықты алып  тастап бір ғана прогресситі  табыс салығын  қолданған  дұрыс болар еді.

    Қазіргі таңда  кәсіпорындарда  қызмет атқаратын жеке тұлғалардың  жалақыларына әр түрлі: табыс салығы және  әлеуметтік салық  салынады. Мәселені заңды тұлғалар жалақыны  төлейтін  жайын қарайтын болсақ, онда жалақы үлестіру барысында  кәсіпорындардың  қосымша  қаржыға шығындалуын  байқаймыз. Жалақы қоры  неғұрлым көбейген сайын кәсіпорындар  әлеуметтік салықты соғұрлым көп  төлейді. Қазақстан  салық  жүйесінде орын  алып  отырған әлеуметтік салық  компания  қожайындарының өз  қызметткерлерінің жалақы  мөлшерін көбейтуін  ынталандыру тұрмақ,  керісінше бұл  салықтан  қалай  құтылуды ойлап,  бастарын қатыруға  итеріп отыр. Тек әлеуметтік ставкасының жоғарлығында ғана болған жоқ,  сонымен қатар  бұл  салық  салынатын  базада да  болып тұрады.

    Қазақстанның жалақы алушы  азаматтары әлеуметтік  салықтың ауыртпалығынан құтылғанымен,  жалақы төлеуші  компанияларға  үлкен  ауыртпалық  жүктеліп  отыр. Себебі жылдың жалпы  жалаұқы қоры  орташа есеппен алғанда   компаниялар  пайдасының 40-70  пайызын  құрайды, ал  осы уақытқа дейін әлеуметтік салық  ставкасы 26 пайызды құраған  болса,  кәсіпорындар

     

     

    Компания қызметкелері

    Төленетін жалақы мөлшері (теңге)

    45 000-нан астам мөлшер

    1. қызметкер
    2. қызметкер
    3. қызметкер
    4. қызметкер
    5. қызметкер
    6. қызметкер

    50 000

    40 000

    60 000

    20 000

    10 000

    30 000

    5000

     

    15 000

     

    55 000

    Барлығы

    300 000

    75 000


     

    Таблицадағы көрсетілгендегі  компанияның тек үш қызметкері ғана 45 000 тг  артық жалақы  алады, ал жалақы қоры  бойынша компания 

    75 000 тг әлеуметтік  салық төлемейді. Әлеуметтік  салықтың  салынатын жалақы  қоры  мөлшерін азайту қажет. Қазіргі таңда республика Президентінің басшылығымен әлеуметтік  салық   бойынша аталған өзгерістердің нәтижесінде мемлекетке компанияларға,  әсіресе еліміздің азаматтарына  келер пайда айтарлықтай болар еді.

    Осындай объективті және  субъективті  жақтарды ескере отырып,  келесі  ұсыныстарды  қозғауға болады.