Салықтың экономикалық мәні

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

  1. САЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 5
  2. Салықтың шығу тарихы жэне экономикалық мәні 5
  3. Салықтардың жіктелуі 7
  4. Салықтың атқаратын қызметтері 10
  5. Салық жүйесінің ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі .........................14

2. ҚР САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 17

  1. Қазақстандағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері 17
  2. ҚР салық жүйесі,салықтың түрлері 21
  3. Қазақстандағы салықтың мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы рөлі және оған талдау 30

 

3. САЛЫҚ БЮДЖЕТ КІРІСІНІҢ ЖӘНЕ ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ. САЛЫҚ  МУЛЬТИПЛИКАТОРЫ...................................................................................36

ҚОРЫТЫНДЫ .43

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45

ҚОСЫМШАЛАРЫ 46

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

2010 жылғы 30 маусымда № 209-11 Қазақыстан Республикасының -"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Осы салық Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатың салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Курстық жұмысты жазу барысында Салықтың экономикалық мәнің ашу мақсатыңда Салықтың Мемлекеттің бюджетті кірісін қалыптастыру барысында маңыздылығын сонымен қатар салық мултипликаторын қарастырдым. Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында салықтық әкімшілендіруді Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің болмысына сәйкес келтіру жөнінде міндет қойылған. Салық   Нарықтық қатынастардың даму жағдайында басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді. Сонымен қатар Салық саясатының  мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шараларды қарастыруды көзделген.

Зерттеудің деңгейі. Қазақстан  Республикасының салық заңдарының ережелері Кодексте белгіленген  салық салу принциптеріне қайшы  келмеуге тиіс.

Зерттеудің мақсаты  мен міндеттері. Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің теориялық аспектісін зерттеу органдарының тиімділігін жетілдіру

Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешеуді  көздейді:

    • салықтың теориялық негізін, салықтың жетілдіру жолдарын айқындау;
    • салық жүйесінің ұйымдастырудың  шетелдік тәжірибесін қарастыру
    • Салық жүйесінің құрылымын талдау және Салықтың мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы рөлі және оған талдау жүргізу
    • Бюджет кірісінің маңызды құрамдас болігі ретінде салықтың талдау динамикасын ұсыну
    • Салық мултипликаторының маңыздылығын көрсету

 

 

Курстық жұмыстың объектісі. ҚР Салық жүйесі.

        Курстық жұмыстың зерттеу пәні - мемлекетіміздің экономикалық жағ- дайын талдау, атап айтса, салықтың экономикалық мәнін ашу, салықтың түрлерін зерттеу және салықтық мәселелерді шешу жолдарын көрсету.

         Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасы- ның бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы, еліміздегі салықтың қазіргі жағдайы, отандық және шетелдік салық саясаты және салық жүйесі болып табылады.

        Курстық жұмысты жазу барысында  Қазақстан Республикасының заңдары, шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар, нормативті актілер қолданылды.

«Салық кодексі» Салық  және басқа да міндетті төлемдер туралы -Алматы, 2009ж

А.Д. Үмбетәлиев, Ғ.Е. Керімбек «Салық және салық салу» - Алматы,

www.minfin.kz

www.google.kz

www.stat.kz

 

 

 

1. САЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Салықтың шығу тарихы  және экономикалық мәні

Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан құбылыс. Ұйымдық - құқықтық жағынан, салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары  мен міндеттерін жүзеге асыру  үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.

Салықтар мемлекетпен  бірге пайда болып және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді.

Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде  олардың қоғамдық - экономикалық құрлысы саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізі көзі ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу- әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Жалпы салық салуға ғылыми көзқарас ХYП-ХІХ ғасырларда пайда бола басады. Атап айтқанда, теориялық экономия классикалық мектебінің ағылшындық өкілдері В.Петти (1623-1687ж.ж.) «Салық пен жиынтық трактаты», Д.Рикардо «Салық салу және саяси экономияның басталуы»(1817ж), А.Смит «Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу»-(1776ж.) деген еңбектерін жазды. А.Смит салықты ұтымды үйымдастырудың классикалық қағидаттарын ұсынған.

Классикалық қағидаттары  келесідей:

  1. Салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты)
  2. Салықтың  мөлшері  мен  оны  төлеу  мерзімі  алдын  ала  және  дәл анықталуы тиіс (анықтылық қағидаты)
  3. Әрбір салық салық төлеуші үшін неғүрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты )
  4. Салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты)

 

 

Бүл қағидаттарды пайдалану  салық салудағы зорлық - зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттелмеуді енгізді және А. Смитке «салықтар оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. (5. 34-38 беттер)

Салық дегеніміз не? Экономикалық мазмұн түрғысынан салық дегеніміз, тұрғындар, кәсіпорын мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық салудың кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болмақ. Мемлекттің табыс көзі салық. Салық құрылған және анықталған заңмен белгіленген тәртіп бойынша мемлекет пайдасына алым алу, бұл алым шаруашылық субьект табысының бір бөлігі. Салық салу бұл табысты және қайнар көздерді мемлекеттік құралдарды толықтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет пайда болысы мен тарихи салықта пайда болды. Салық неше ғасыр бойы өмір сүреді, соншама экономикалық теория оптималды салық қағидасын іздеуді алғаш рет А. Смит қалыптастырған. Оның көзқарасы негізінде қазіргі уақытта салық салудың екі ірі пікірі пайда болды. Бірінің мәні мынада: салық, салық төлеушіге мемлекет тарапынан көрсетілген қызмет көрсетуімен түскен пайдаға пропорциональды болуы тиіс.

Екіншінің мәні: салық  табыс мөлшеріне байланысты. Қазіргі  заманғы салық жүйесі бірнеше қағиданы қолданады: жалпылай, яғни табыс табатын барлық экономикалық тұлғаларды қамту. Тұрақтылық яғни, уақытында салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы. Тең күшейту, яғни салықты салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек. Міндеттеме яғни салықтың мәжбүрлілігі, төлемнен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде түлғаның дербестігі. Салық салу жүйесі мемлекеттік заң актілерінде негізделеді, мұнда салық элементтері құралады. Бюджет салық сажаты (қазыналық саясат ) мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдігін және экономиканың өсуін қамтамсыз ету мақсатында жүргізіледі. Мемлекттің экономикаға әсер етуі салық салу құралдары арқылы жүргізілді. Мемлекттік шығындар мемлекеттік бюджеттің қаржыларын пайдалану нәтижесінде мүмкін болады, ал салық бюджетті қаржы мен қамтамасыз ететін бірден бір құрал. Ынталандырушы бюджет салық саясаты (қазыналы экспансия) бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикаға циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды.

 

 

1.2 Салықтардың жіктелуі

Салық, алым, баж және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес, төлеушілердің бюджетке, немесе, бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу факторы бола отырып, салықтар мына жағдайларды жүзеге асырады: бөлу жүйесінде пайда болатын қателіктерді жоюға мүмкіндік туғызады, адамдардың осы немесе басқа әрекеттердің дамуын ынталандырады.

Мемлекетке түсетін  салықтардың, алымдардың, баждардың  және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.

Салық жүйесі мемлекеттің  сәйкес заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтың элементтері белгіленеді:

  • салықтың субъектісі, немесе, салық төлеуші - арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы, басқа түлғаға жүктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы - салықты ақиқат төлейтін тұлға белгіленеді;
  • салықтың объектісі - салық есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер т.б.)
  • табыстың көзі - есебінен салық төленетін табыс;
  • салық ставкасы - салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).

Тұрақты, пропорционалдық, прогрессивтік, регрессивтік салық 
ставкалары болады. Тұрақты ставкалар - табыстар көлемінің мөлшеріне 
байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада

белгіленеді. Пропорционалдықтар - салық объектісіне, оның жіктелуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады. Прогрессивттік ставкалар - табыстың өсіп отыруына байланысты прогрессивтік салықтың орташа ставкасы өсіп отырады. Салық салудың прогрессивтік ставкасы бойынша, салық төлеуші табыстың үлкен абсолюттік көлемін төлеп қоймайды, ол оның үлкен үлесін төлейді. Прогрессивтік салықтардың зардабын үлкен табысы бар адамдар тартады. Регрессивттік ставкалар - табыстың өсіп отыруына сәйкес регрессивтік салықтың орташа ставкасы төмендейді. Регрессивтік салықтар үлкен табыстары барларға пайдалы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды түлғалар үшін өте ауыр келеді.

Төлем жасау қабілеттілігіне  байланысты салықтар тікелей және жанамаға бөлінеді.

Тікелей салықтарды салық  субъектілері тікелей төлейді. Олар заңды және физикалық түлғалардан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:

• азаматтарға салынатын табыс салығы жэне корпорациялардың 
(фирмалардың) пайдасына салынатын салық;

 

• мүлік салығы, осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке), 
әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік 
салықтар және әлеуметтік жарналар деп аталатындар) салынатын салықтар; 
пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар.

Тікелей салықтар өз кезегінде 2 түрге бөлінеді: нақты және жеке.

Нақты салық мүліктің пайдалану тиімділігіне емес сыртқы сипатына байланысты салынады; нақты  тікелей салыктарға жер, мүлік, көлікке  салынатын салықтар жатады.

Жанама салықтар - бүл  белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Бұлар жарым-жартылай, немесе, толық тауар, немесе, қызметтер бағасына аударылады. Жанама салықтардың негізгі түрлері:

  • үстеме құнға салынатын салық, акциздер (тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар);
  • мұрагерлік салық;
  • жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.

Дамыған елдердегі салық  салу тәжірибесіне жүгінсек, салықтардың жетекші екі түрі болады. Мұның негізін табыс салығы - азаматтар және заңды түлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогрессивтік салық салу және үстеме құңға салынатын салық құрайды.

Табысқа салынатын салықтар физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы және заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы деп ажыратылады.

Индивидуалдық табыс  салығы - бұл жеке табыстар салығы, салық төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан (әдетте жылдық) алынатын алым болып табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады, бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалады. Салықтың бүл түрі тікелей прогресивтік салыққа жатады. Әр елдердің салық жүйелерінің ортақ ұқсастықтары болады, бірақ солардың әрқайсысында өздерінің ерекше салық ставкалары мен салық салуға жатпайтын, салық несиелері мен төлем даталары болады. Осымен қатар, салық жүйелерінің көбінде серіктестіктер салық салудың жеке объектісі деп саналмайды. Олар арқылы пайда серіктестіктің мүшелеріне салынады.

Соңғы жылдары табыс  салығының ставкасын төмендеу тенденциясы  байқалып отыр. Көп экономистердің тұжырымдауы бойынша, «әділетті» салық жүйесі үшін табыс салығының ашық бейнеленген прогрессивтік ставкалары қажет, яғни байлар кедейлермен салыстырғанда үлкен салық төлеу керек.

Заңды түлғаларға табыс  салығы - корпорациялардың пайдасына  салынатын салық. Көп елдерде бүл тікелей прогрессивтік салық болып табылады. Осы салық корпорация заңды тұлға болса ғана алынады.

Корпоративтік салық  фирмалардың салық төлемдердің  басым көбін құрайды. Салық фирманың таза пайдасына (жалпы түскен түсімнен барлық шығындар мен зияндары алып тастағанда қалғандар) салынады. Дивиденд

 

 

түрінде акционерлер  арасында бөлінуге тиісті таза пайданың бөлігіне салык салу әр елде эр түрде  жүреді. Алынған дивидендтер физикалық  тұлғаларға салынатын табыс салығы объектісіне жатады. Мұның нәтижесінде бір сомаға екі рет салық салынады - бастапқыда, фирманың пайдасының бөлігі деп осыдан кейін, салық салу жүйесінің көзқарасы бойынша, акционерлердің табысына айналан, бөлінетін пайда деп, оған жеке табыс салығы салынады.

Салықтың дамыған елдердің көбінде қолданылатын маңызы жағынан екінші түрі - қосылған құнға салынатын салық. Еңбек процесінде өздерінің қарамағына келіп түскен еңбек заттарына құн қосқан салық төлеушілеріне, олардың қосқан құнына салық салынады. Бірақ салық төлеушілердің әрқайсысы осы соманы түпкі тұтынушыға жылжып отыратын өзінің тауарының бағасына қосады. Қосымша құн салығы тауарлар мен қызметтер сататын фирмаларға сатылатын тауар құнының 5-тен 38% көлеміне салынады және осы салық көп қолданылатын тауарлар мен қызметтерге салынады. (2.  25-35 беттер)

Дамыған елдердің салық  жүйесі салықтарды кәсіпкерлікті қолдап ынталандыру үшін пайдаланады. Осы мақсатпен белгілі жеңілдіктер қолданылады. Олардың маңыздысына инвестициялық салық несиесі, тездетілген амортизация, жер қойнауының әлсіреуіне жеңілдік беру жатады. Мән жағынан инвестициялық несие жеке бизнесті мемлекеттің капиталдық салыммен қаржыландыруы болып табылады. Мазмұны жағынан инвестициялық салық несиесі салықтың жеңілдікке жатады. Ол ескірген жабдықтарды айырбастау және жаңа техника енгізуді талап етеді.

Жанама салықтың қатарында  кеден, баж алымдары жатады. Олар тауарларды мемлекеттік шекарадан әрі бері өткенде төленетін салықтар. Қазіргі  кезеңде, әсіресе шет елдер тауарлардан алынатын кеден салығының маңызы зор.

Пайдалану сипаты бойынша  салықтар жалпы - бүл салықтар мемлекетке түсіп, белгілі бір пайдалану барысында тұлғасыздандырады және арнайы салықтар - белгілі бір мақсатқа ие болып келеді (мысалы: әлеуметтік салық, зейнетақы төлемдері).

Салықты жинайтын және оны билейтін органына байланысты:

  • орталық (жалпымемлекеттік)
  • жергілікті салықтар болып бөлінеді. Объектінің экономикалық сипаты бойынша:
  • табысқа салықтар - салық төлеушінің кез келген объектіден алған табысына салық салу;
  • тұтынуға  салынатын   салықтар   -   бұл  тауарлар  мен  қызметтерді тұтынғанда  төленетін   шығындарға   салынатын салықтар.
  •  

1.3 Салықтың атқаратын  қызметтері

Салық төмендегідей қызметтерді атқарады:

  • фискалды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Осы қызметте мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыруды үшін салық жинайды;
  • бөлу қызметі,  яғни  мемлекет  қаржыны  қайта бөлуді  әртүрлі топтардың арасында, территория, облыс, аудандар бойынша жүргізеді;

- реттеуші қызметі, яғни мемлекет салықтың көмегімен тұтыну 
және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді;

  • ынталандыру қызметі, яғни мемлекет өндіріс пен техниканлық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталадыру шараларын жүзеге асырады;
  • шектеу қызметі, яғни мемлекет салық саясаты арқылы кейбір өндіріс түрлерінің дамуын тежейді немесе шектейді;
  • бақылап-есептеу   қызметі,   мұнда   кәсіпорын   мен   тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.

Салық өсімі - салық салу бірлігіне деген мөлшер. Әдетте салық  өсімі пайыз түрінде белгіленеді. Салық өсімі үш түрге бөлінеді:

Бірінші түрі - прогрессивтік  салық өсімі. Мұның мәнісі - табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі. Кең тараған түрі - Қазақстан Республикасы азаматтарының айлығынан алынатын салық;

Екінші түріне салық  өсімінің пропорционалды өсімі жатады;

Үшінші түріне - регрессивтік салық өсімі жатады. Регрессивтік салық өсімі біздің елдегі салық заңдылықтарында қолданылмайды. Бұл өсім кері прогрессивті және оның мәні салық өсімі мөлшерінің үлғаюын табыстың азаюымен түсіндіріледі.

Бүгінгі еліміздегі экономикалық саясат пен әлеуметтік жағдайды ескере отырып, салық салу тұжырымдамасы алдымен негізгі мынандай міндеттемелерді шешкен абзал:

    • мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығы мен таластылығы;
  • антиинфляциялық механизмді қалыптастыру және меншік пен валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету;
    • кең масштабты инвестицияны қалыптастыру;

-меншік  түріне  қарамай-ақ  барлық  шаруашылық субъектісінің  іскерлік белсенділігін барынша  ынталандыру.

Осы міндеттерді шешу Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына жеткізеді.

Мемлекет аралық екі  жақты экономикалық байланыстарда екі жақтан салық салудың (алудың) мәселелері жиі кездеседі. Осы мәселе алдымен заңды және жеке тұлғалар мүдделерін қамтиды. Себебі, олар табысты өз елінің территориясында ғана емес шет елден де табады. Нәтижесінде оларға салық салу өз елінде де және шет елде де жүргізіледі.

Сөйтіп, олар үшін салық  салу (алу) салмағын барынша кемітеді. Мысалы, АҚШ-та салық төлеушінің шет  елде төленген салығын салық алымы  сомасынан шегеруге рұқсат етілуі мүмкін жэне оны салық несиесі

 

 

ретінде ескеруге де болады. Сондай-ақ мемлекет аралық келісім бойынша заңды және жеке тұлғалардың АКДІ-тан тыс елде тапқан табысынан Америкада салық салудан босатылады. Керісінше, АҚШ-та табыс тапқан шет ел салық төлеушілері өз елінің салық салуынан босатылады.(1)

Қазақстан Республикасында экономиканы модернизациялау және реформалаудың қазіргі жағдайында шетел инвестициясы мен жетілген технологиясын тарту қажеттілігі туып отыр. Шетел компаниялары екі жақтан салық салудан қорқақтайды. Сондықтан да шетел инвесторының мүлкін және табысын екіжақты салық салудан босату үшін Қазақстан Республикасы кейбір елдермен келісім жасаган. Осы келісім бойынша шетел инвесторлары салықтан босатылады немесе Қазақстан Республикасында тапқан табысынан кемтілген түсім бойынша салық төлейді.

Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудагы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бүкіл экономикалық коньюктураны ынталандырудың ірі шараларына мысалы, 80-жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Рейган әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бүл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ экономисі А.Лаффердің есебі алынған. Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді (Лаффердің қисық сызығы). Лаффердің ойынша корпорациялар табысына шектен тыс салық ставкасын көтеру олардың күрделі қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми-техникалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.

  1. сурет - Лаффер қисығы.

Мемлекеттік бюджет пен  салық ставкасының арасындағы тәуелділікті көрсетеді.

Мұндағы R - салық ставкасын, Ү - мемлекеттік бюджетке түсетін табысты білдіреді. Салық ставкасы өскенде мемлекет табысы салық салудың нәтижесінде ұлғаяды. Салық ставкасының қолайлы мөлшері (К.1) мемлекеттік бюджетке жергілікті түсімдерді қамтамасыз етеді (Ү1).

 Салықты одан әрі көбейту еңбек пен кәсіпкерлік ынтасын төмендетіп, 100 %-дық салық салу мемлекеттік табысты нөлге теңейді, өйткені ешкім де тегін жұмыс істегісі келмейді. Басқаша айтқанда болашақта шектен тыс салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыспен қамтуды арттырып жиынтық табыстың көлемін үлғайтады.

Нәтижесінде салықтық түсімдердің нәтижелілігі өседі, тапшылық азаяды, инфляция бәсеңдейді. Әрине Лаффердің қисық сызығының тиімділігі тек еркін рынок механизмінің қалыпты жағдайында ғана мүмкін болады. Бұл теорияға мынаны айтып өтсе болады: талас жоқ, салық ставкаларын жоғарылату немесе төмендету күрделі қаржы динамикасын тежейді, өндірісті ынталандыруға эсер етеді. Жалпы рыноктық экономика жағдайында инвестицияға салық ставкасынан басқа да факторлар ықпал етеді. Бұлардың ішіндегі ең бастылары циклдық ерекшеліктер және компания тауарларына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, олардың пайдаларының өсуі.

Салықтар мемлекеттің  құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.(4. 251-375 беттер)

Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.

Мемлекет  салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.

Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Жоғарыда  айтылғандай салықтар 6 түрлі қызмет атқарады. Олардың ең негізгілерін (реттеушілік, фискалдық және қайта бөлу) толықтыра айтып өтсем.

Реттеушілік қызмет - салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтарды реттеу жүзеге асырылады. Салықты реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық салу әдістері салықты реттеудің тетіктері болып саналады. Бұл көрсетілген салықты реттеудің тетіктері тек өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кэсіпкерлікті дамыту жүмыстарын жүзеге асырады. Әрине  салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықты реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де келеңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:

  а) егер  төленетін  салық  мөлшері   салық  төлеуші  табысының 50 пайызынан асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;

ә)  егер  салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50  пайызы аралығында болса, онда жай ұдайы өндіріске әкеліп соғады;

б) егер салық мөлшері  салық төлеуші табысының 35-40 пайызы 
аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске экеледі.

Салықтардың екінші бір маңызды қызметі - фискалдық (жұмылдыру) немесе бюджеттік қызмет. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Бұл қызмет (функция) арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери - қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.

Салықтардың фискалдық  қызметі - мемлекеттің салық саясаты  тұтқаларының көмегімен нарық конъюнктурасының жағдайына әсер етуде, экономикалық өсуді тұрақтандыру және ынталандыруға тырысуында түр. Бір сезбен айтқанда, салық түсімі арқылы алына-тын қаражаттар, мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады. Салық қаражаттары ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру, прогрессивті технология мен өнім түрлерін игеру, экономикада құрылымдық өзгерістер жасау, табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, елеуметтік саланың объектілерін ұстау үшін белсенді түрде пайдаланылады.

Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 пайыздан көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы.

Салықтың қайта бөлу қызметі - салық механизмі арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің едәуір бөлігін жұмылдыруда тұр. Батыста және біздің елімізде мемлекеттік бюджет арқылы жалпы ұлттық өнімнің 30%-тен 50%-ке дейінгісі қайта белінеді. Салық түсімі есебінен мемлекет ескери бағдарламаларды қаржыландырады. Бұдан басқа, айтарлықтай қаржы ағарту саласына, денсаулық сақтауға, ғылымға, басқару аппаратын ұстауға, экологияға, зейнет ақымен қамтуға жұмсалады. Қаржының бұндай мақсаттарға жұмсалуы, әлеуметтік саладағы мезгіл-мезгіл шиеленісіп тұратын қайшылықтарды басуға, азаматтардың кедей топтарының мүддесін ескере отырып жеке табыстарды барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.(9)