Салықтық есепті ұйымдастыру



Мазмұны:

 

 

Кіріспе

 

I

Жалпы бөлім

 

1.1

Іс – тәжірибе базасымен танысу. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудитпен танысу

 

1.2

Қаржылық есептілікті экспресс талдау

 

II

Қаржылық есеп және аудит

 

2.1

Капитал есебі мен аудиті

 

2.2

Негізгі құралдар, материал емес активтердің есебі мен аудиті

 

2.3

Материалдық қорлар есебі мен аудиті

 

2.4

Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті

 

2.5

Дебиторлық қарыздың есебі мен аудиті

 

2.6

Міндеттемелердің есебі мен аудиті:

-    Еңбекақы бойынша жұмыскерлермен есепайырысу есебі мен аудиті;

-    Мердігерлер мен жеткізушілермен есепайырысу есебі мен аудиті;

-    Басқа да кредиторлық қарыздардың есебі мен аудиті

 

 

 

 

 

2.7

Қаржылық қорлардың есебі мен аудиті

 

III

Өнімді өндіру және өткізудің басқарушылық есебі мен аудиті

 

3.1

Өндірістік шығындар және өнімнің өіндік құнынның есебі мен аудиті

 

3.2

Дайын өнімді шығару және өткізу есебі мен аудиті

 

3.3

Кәсіпорындағы шығындарды бақылау және жоспарлау жүйесін ұйымдастыру

 

IV

Салықтық есепті ұйымдастыру

 

4.1

КТС салық есебі

 

4.2

ҚҚС салық есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Кіріспе

                            Диплом алды іс – тәжірибесі – мамандықтың оқыту жоспарының аса маңызды элементтерінің бірі, сондықтан да оқыту пәндері бойынша білімді бақылаудың аса маңызды түрі болып табылады. Ол студенттердің өз мамандығына қатысты білім алуына, білім деңгейін дамытуға өз үлесін қосады, сонымен қатар профессионалдық, ұйымдастырушылық жұмыс біліктілігін арттыруға, өндірістік практика пәні бойынша ақпаратты жалпылау мен рәсімдеу, жинақтау үрдістеріне байланысты сұрақтарды оқып – білуге үлкен септігін тигізеді.

                            Диплом алды іс – тәжірибесі  студентің жоғарғы оқу орнында алған білімін пысықтайды, кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру облысында практикалық білім алуға, өндірістегі ұйымдастырушылық, басқарушылық және экономикалық сұрақтар бойынша профессионалды компетенциялық білім алуға көмектеседі.

                            Диплом алды іс – тәжірибесі  бағдарламасында кәсіпорындарда өту үшін арнайы тапсырмалар мен түсіндірмелер (ұйымдастыру, мазмұны), сонымен қатар практика қорытындысы мен бағалау критерийлері беріледі.

                            «Есеп және аудит» мамандығының студенттері диплом алды іс – тәжірибесін  мемлекеттік ұйымдарда, барлық түрдегі мүліктік ұйымдарда, экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару ұйымдарында, нарықтық инфрақұрылым салаларында, ғылыми – зерттеулік ұйымдарында диплом алды іс – тәжірибесі  базасы ретінде өтуіне рұқсат етіледі.

                            Диплом алды іс – тәжірибесі оқу жоспарына сәйкес алтыншы тоқсаннан кейін өткізіледі, ұзақтығы сегіз апта.

                            Диплом алды іс – тәжірибесі мақсаты – болашақ мамандардың  қызметінде практика барысында алынған білімдерін теориялық түрде қалыптастыру болып табылады.

                            Диплом алды іс – тәжірибесі негізгі міндеттері:

- практика базасымен танысу, оның ұйымдастырушылық және өндірістік құрылымымен, менеджментімен танысу;

- қаржылық, экономикалық бөлімдер, бухгалтерлік бөлімшенің жұмысымен танысу және олардың өзара байланысын қарастыру;

- кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру шараларымен танысу;

- кәсіпорындағы қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерімен танысу;

- кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың өңделуі мен рәсімделуінің тәртібімен танысу;

- бухгалтерлік есептің жеке бөлімдерімен танысу;

- болашақ дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау үшін басты критерий болып табылатын ғылыми – практикалық қызығушылықты студенттің қабылдауы;

- ұйымда жұмыс атқару, шешім қабылдау үшін келіссөздер жүргізу бойынша практикалық жұмыстар атқару.

 

              I Жалпы бөлім

1.1      Іс – тәжірибе базасымен танысу. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудитпен танысу.

              ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес  өзіндік балансы, банктік шоттары бар жеке тұлға болып саналады, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды жүзеге асыруға және сатып алуға, сонымен қатар міндеттемелерді орындауға, сотта жауапкер мен жәбірленуші болуға толық құқылы.

                            Диплом алды іс – тәжірибесінің бірінші күнінде мен ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШСқызметінің негізгі бағыттарымен және оның қызметінің құрылымдық бөлімдерімен жарғы негізінде таныстым. Кәсіпорын ҚР Конституциясына, ҚР Заңнамасы; ҚР Үкіметі мен Президентінің бұйрықтары мен уәкілетті органның және оның құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік актілеріне сәйкес жарғы негізінде қызмет етеді.

                            ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады. Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі болып мырыш және жез концентраттарын өндіру саналады, олар кейіннен басқа кәсіпорындарға өңделу үшін жіберіледі.

                            ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрам бөлшектері:

Абыз және Нурқазған карьерлері, Қарағайлы байыту фабрикасы, Нурқазған байыту фабрикасы, электростанция және көмір шахталары болып табылады.

                            ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС негізі 01.04.2000 жылы бұрынғы жылыту құрылғылары зауытының базасында қаланған, Қарағанды қаласынынң Октябрь ауданында орналасқан. Зауыттың негізгі цехтерінде құю жұмыстары, механикалық өндіру жұмыстары, т.б. атқарылады. Зауыттың негізгі өнімі – шойын шарлар болып табылады. Зауытта 150-ден астам мамандықтарда қызметкерлер жұмыс атқарады.

ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өз қызметін мемлекеттің араласуынсыз және өз құзіреті шегінде араласуы мүмкін болып өзіндік атқарады. Ол Қазақстан Республикасының заңнамасы, кәсіпорынның жарғысы және өз компеиенциясына сәйкес жүзеге асырылады.

                            Көмекші өндіріс цехтеріне:

1)                №1 құю цехі өз қоластындағы жөндеу және механикалық бөлімдерімен;

2)                Сапа және бақылау қызметі;

3)                Әкімшілік – шаруашылық қызметі;

4)                Күзет;

5)                Көлік бөлімі;

6)                Өрт қауіпсіздігі депосы жатады.

                            Цехте жетекшілікті цех басшысы жүзеге асырады. Ол өз қызметінде зауыт директорына бағынады. Цех басшысы жоспар көрсеткіштерінің толық орындалуына, өндірілетін өнім сапасына, еңбектің ұйымдастырылуының дұрыстығына, жұмыскерлердің жұмыс атқаруы үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайларының жасалуына, ішкі ережелердің орындалуына  жауапты.

                            Бөлімше жетекшілігін бөлімше басшысы, аға шебер, шебер атқарады. Егер жұмыс екі немесе үш ауысымда атқарылатын болса, онда жетекшілікті ауысым шебері атқарады.

                            Шебер – бөлімшедегі еңбектің және өндірістің тікелей ұйымдастырушысы болып табылады. Әр жұмыскер күн сайын шебердің қатысуы арқылы  тікелей жұмысын атқарады, сонымен қатар олар техникалық, ұйымдастырушылық және басқа да сұрақтар бойынша шебермен сұхбаттасып жұмыстарын атқарады. Шебердің міндетті атқару жұмысы болып ең алдымен номенклатурада және өндіріс көлемі бойынша жоспарлық тапсырмалардың бөлімшенің атқарылуы үшін жағдай жасау табылады. Сонымен қатар, еңбек өнімділігінің өсуі, өндірілетін өнімнің жоғары сапасын, материалдардың рационалды және үнемді пайдалануын, өнім бірлігіне шаққандағы өндірістік шығындардың төмендеуін қадағалау болып табылады.

                            Шебер бригадалар мен жеке жұмыскерлерге өндірістік тапсырмалар береді, жұмысшылардың атқаратын жұмыстары жөнінде таныстыру жұмыстарын өткізеді, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік шараларының орындалуын, еңбек ету тәртібін, жұмыс орындарындағы тазалық пен тәртіпті; жұмыскерлердің білім деңгейлері мен біліктілікті жоғарылату үшін өз үлесін қосуға міндетті.

                            Өндірістік бөлімнің ұйымы бригадалардан тұрады және оларды бригадирлер басқарады. Бригада мүшелері еңбек заңнамасын, зауыттағы еңбекті ұйымдастыру нұсқаулары мен талаптарын және технология өнімділігін, машина және құрылғылар эксплуатациясы және қауіпсіздік техникасын сақтау міндетті. Бригадир ретінде білікті, бригада жұмыскерлерінің арасында құрметке бөленген және ұйымдастырушылық қабілеті бар адам тағайындалады.

                            Бригадир  бригада жұмыскерлеріне тікелей қатысты, міндетті өндіру жұмыстарына сәйкес нұсқаулар айтуға құқылы. Бригадалар кешенді және мамандандырылған болуы мүмкін.

                            Мамандандырылған бригада – бірегей технологиялық үрдістерде қатысатын бірдей мамандықтағы жұмыскерлер.

Кешенді бригада – әр түрлі мамандықтағы жұмыскерлер, олар өнім өндірудің толық циклына қатысты өзара байланысты, сонымен қатар әр түрлі технологиялық жұмыстарды атқарады. Кешенді бригада жұмыскерлері өзінің негізгі мамандығымен қатар қосымша бір немесе бірнеше мамандықтармен таныс болуы тиіс (1).

                            Кәсіпорынның жеке және заңды мекен – жайы 100004 Қараганда қ., Орлов к. 103 – әкімшілік және негізгі цехтер.

              Октябрь ауданы, 20-шы кеніш ауданы – құю цехі.

              Объектінің реквизиттері (СТН, банктік реквизиттер, телефондар, E-mail).

СТН  302000210834

КҚМЗ  Қарағанды қ. екі банкте шоттары бар:

КОФ  АО «Қазақстан Халық Банкі»           БИК  191801625

                                                               ИИК  10467265  -  тенге

                                                               ИИК  21070133  -  $  USD

                                                               ИИК 258160133 -  RUB  

КОФ АО «Тұран Алем Банкі»                    БИК  191801708

                                                               ИИК  023467325  -  тенге

                                                               ИИК  023070025  -  USD/EUR

                                                              ИИК  023160025 -  RUB  

КОФ  АО «Қазақстан Халық Банкі» - корпоративті пластиктік карта

                                                                        4402 5755 0002 7468

 

Телефондар:8-321-2  44-05-63   Директор  Левков  Виктор  Илларионович

44-05-63   Қабылдау бөлімі  

44-06-33  Бас инженер  Тян Алексей Борисович

                            44-07-08  қаржы және экономика бойынша

                    директор орынбасары Омарханов 

                      Габит  Тельманович

44-07-83   ( 345 )  бас бухгалтер  Жаркова  Галина  Львовна

44-07-83  ( 235 )  Юристконсульт  Сергазин  Арслан

                                        44-06-93    факс

                                     [email protected]           [email protected]/

 

                            Зауыт 2000 жылдың қазан айынан бастап корпорация құрамына  кірді, барлық құрылғылар жаңартылып бұрынғы уақыттан бері тұрып қалған цехтер жұмысқа қосылды. Корпорацияның  құрылымдық бөлімшелерінің тапсырыстары бойынша үш мыңнан астам өнім түрлері шығарылады.

                            Гидравликалық жүйелер мен өзіндік жүретін тау – кен құрылғыларына арналған косымша бөлшектер және жерасты кеніштерінің жоғары көтеруге  арналған  уникалды қымбат құрылғылар шығару реттелді.  

        Қазіргі уақытта кеніштердің тапсырысы бойынша  шпурларды зарядтау машиналары жасалады.

                            Пневматикалық бурильді құрылғылар және үлкен көлемді жерасты автосамосвалдарға арнайы дисктерді өндіру; жезбалқыту зауыты мен байыту фабрикаларына төзімді арнайы құрылғылар, стандартқа сай емес құрылғылар,  «Жаман – Айбат», Артем, Балхаш қ. мырыш зауыты және Балхаш жезбалқыту зауытындағы құрғақ фильтрлер зауытының корпусына, № 67 Южный кенішіне  арнайы  металл конструкциялары дайындалады.

                            ҚҚМЗ «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мемелекеттік жеңілдіктер мен преференцияларға ие емес, бюджеттік бағдарламаларға қатыспайды.

              ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметінің жетекшісі директор болып табылады. Ол кәсіпорындағы жүргізілетін жұмыстарға тікелей жауапты болып табылады. Ал есептің уақытылы және дұрыс жүргізілуін бас бухгалтер қадағалап отырады. Ол қаржылық құжаттардағы екінші қол қоюға құқылы. Кәсіпорынның басты элементі ретінде бухгалтерлік бөлім қарастырылады. Себебі, онда кәсіпорындағы есеп объектілері мен шаруашылық құралдар есебі жүргізіліп отырады.

                            Бухгалтерлік бөлім құрылымына келесілер кіреді:

1) Бас бухгалтер – кәсіпорындағы бухгалтерлік және қаржылық есепті жүргізеді, салық және статистика ұйымдарына есеп тапсырумен айналысады;

2) құралдар бойынша бухгалтер – келіп түскен құжаттар барысында кәсіпорынға келіп түскен материал емес активтер, негізгі құралдар, материалды құндылықтар бойынша есеп жүргізеді;

3) кассир – ақша және қолма – қол ақша құралдарымен жұмыс жүргізеді.

                            Сонымен қатар, бухгалтерлік бөлімнің атқаратын қызметтеріне кәсіпорынның қаржылық жағдайын сараптамадан өткізу жатады. Осы сараптама барысында қандай бағыт бойынша жұмыс істеу тиімді және жасалған қорытындыны жақсарту үшін қандай жұмыстар атқарылуы тиіс екендігі қарастырылады. Бухгалтерлік бөлім кәсіпорынның қаржылық міндеттемелері мен салықтарды дәл және мерзіміне сәйкес төленіп отыруын қадағалауы тиіс; кәсіпорынның қызметі бойынша дәлме – дәл құжаттық есеп жүргізілуі тиіс, кейіннен ол тексеру ұйымдарына есеп беру үшін тапсырылады.

                            Кәсіпорынның есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу талаптарына сәйкес құрылады. Кәсіпорын бухгалтерлік есепті екіншілік жазу тәсілімен типтік шоттар жоспарына сәйкес жүргізеді. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің міндеттері келесі есеп саясаты арқылы анықталады:

-    Кәсіпорынның қызметі туралы оперативті жетекшілер мен басқарушылар  және инвесторлар, делдалдар мен басқа да қызығушылығын танытқан тұлғаларға қажетті шаруашылық процесстер мен қорытындылар туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету;

-    Мүлік қозғалысы мен қаржылық, еңбек және материалды ресурстардың рационалды қолданылуына бекітілген нормалар, нормативтер мен сметаларға сәйкес бақылауды жүзеге асыру;

-    Ішкі резервтерді қадағалау мен бақылау, қаржылық – шаруашылық қызметтегі кері әрекеттерді мерзіміне сәйкес болжау, бақылау.

                            Кәсіпорында синтетикалық, аналитикалық регистрлар мен қаржылық есептілікті жүргізу үшін есептік ақпаратты автоматты тәсіл арқылы жазу («1С:Кәсіпорын» бағдарламалық қамтамасыз ету базасы негізінде дербес компъютерлерді қолдану тәсілі) және автоматтандырылмаған (қолжазба) тәсіл – шаруашылық операциялардың орындалу сәтінде біріншілік құжаттарды рәсімдеу үшін қолданылады. Жұмыскерлер өз қызметіне байланысты құжаттарды орнатылған график бойынша толтырып тапсырады. Осы құжаттардың мерзіміне сәйкес тапсырылуын бас бухгалтер қадағалап отырады.

                            ҚҚМЗ жерасты суларын қолданғаны үшін ай сайын 10% қойылымы бойынша роялти аударады, ол алынған судың өзіндік құны мен көлеміне байланысты өтеледі. ҚҚМЗ роялтиді өзі төлемейді, тек орталықтанған бухгалтерлік бөлімге декларация тапсырады. Стационарлы және ауыспалы ластау көздеріне (көлік) байланысты зауыи әр квартал сайын Қарағанды қ. Салық коммитетіне есеп тапсырып оны төлейді. Зауыттың қоршаған ортаны ластау бойынша өтеомеген қарызы жоқ; корпорация салықтар мен төлемдер бойынша орталықтанған қаржыландыруды өткізеді. 2005-2010 ж.ж. қоршаған ортаны қорғау мен роялти  төлеу бойынша аударымдар салық коммитетіне тапсырылды; ҚҚМЗ тарихи шығындар мен бонустарға ие емес.

                            ҚҚМЗ «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС – ның құрылымдық бөлімі болып табылады және келесі өнімдерді шығарады:

-                     Корпорация кеніштеріне арналған скиптер мен клеттер;

-                     Кеніштік ұйымдарға арналған жылжымалы құрылғылар;

-                     Су айдауға арналған насостар;

-                     Цилиндрлер мен бөлектеуіштер;

-                     Конвейрлер;

-                     Құрылыс конструкциялары;

-                     Өзіндік басқарылатын техниканы жөндеуден өткізу;

-                     ҚҚМЗ «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС таукен – байыту құрылғыларының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін стандартқа сай емес құрылғылар мен басқа да қосымша бөлшектер дайындау.

                            Нарықтың ішкі және сыртқы түрлерінде бәсекеге қабілеттілік байқалады. Өндірілетін өнімнің сапасы тапсырыс берушілердің қойған талаптарына сәйкес келеді.

Автоматтық есеп түрлері(жүйешелер):

-                     Бухгалтерлік есеп;

-                     Өнімді өткізу басқармасы;

-                     Материалды – техникалық қамтамасыз ету басқармасы;

-                     Еңбек және жалақы төлеу есебі;

-                     Электрондық банк (Халық Банк, БТА)

                            Өндірісті оңтайландыру мақсатында ҚҚМЗ – на 110807$ қаражат келесі құрылғыларды сатып алуға бөлінді [9]:

 

№

     Атауы

       Жоспар бойынша

     Нақты сатып алынды

Саны, дана

Құны, дана

Сомасы,$

Саны, дана

Құны, дана

Сомасы,$

1

Полуавтомат сварочный ПДГ-50с ВДУ506

6

2 021,00

12 126,00

6

2 021,00

12 126,00

2

Сварочный выпрямитель ВДУ-505Р

1

1 692,00

1 692,00

1

1 692,00

1 692,00

3

Горелка ГДПГ-301

6

179,00

1 074,00

6

179,00

1 074,00

4

Горелка А1231-5-Г-2

6

158,00

948,00

6

158,00

948,00

5

Резаки пропановые

Р2-01П

 

3

189,00

567,00

3

189,00

567,00

6

Машина листогибочная четырехвалковая мод.ИБ2424А6

1

60 000,00

60 000,00

1

60 000,00

60 000,00

7

 

Трансформатор сварочный ТДМ-403У4

2

460,00

920,00

2

460,00

920,00

8

Кантователи приводные

6

3 080,00

18 480,00

6

3 080,00

18 480,00

9

Ультразвуковой толщиномер мод.УТ-93П/1

2

1 500,00

3 000,00

2

1 500,00

3 000,00

10

Ультразвуковой дефектоскоп УД2-70

1

12 000,00

12 000,00

1

12 000,00

12 000,00

 

БАРЛЫҒЫ

 

 

110 807

 

 

110 807

 

                            ҚҚМЗ жұмыс істеу тәртібі мен құрам бөлшектері:

                            №1 цех – қосымша бөлшектер, тау – кен өндірісіне арналған құрылғыларды дайындау мен оларды жөндеуден өткізу.

Металл бөлшектерді механикалық өңдеу әр түрлі металкесуші станоктарда орындалады. Цехтегі станоктардың жалпы саны 89 дана, оның ішінде тазартудан өткізу тобына жататындары 20 дана, токарлық топ 29 дана, дәнекерлеу станоктары 13 дана, т.б.

                            №2 цех – металл конструкцияларын, жеке дара құрылғыларды шығарады. Станоктардың жалпы саны 30 дана.

                            №3 цех – шойын қосалқы бөлшектерді шығаруға арналған. Станоктардың жалпы саны 49 дана, балқыту агрегаттары, формаларды дайындайтын құрылғылар, құю және тазартудан өткізу құрылғылары.

                            Гидравлика цехы – гидроқұрылғылар мен қосалқы бөлшектерді шығарады. У – 653 (1 дана) балқыту құрылғысы мен СВ08Г2С дәнекерлеу сым түрінің флюстік қабатының астында балқыту жұмыстары гидравлика цехінде жүзеге асырылады.

                            Осы аталып кеткен негізгі цехтерден басқа №7, құрылыстық – жөндеу бөлімі, жөндеуден өткізу бөлімі, құрал – жабдықтар бөлімі, жаңа техника мен метиздер бөлімі, ұсталық – пресстік бөлім, көмір қоймасы жұмыс істейді.

                            Еңбекақы төлеу жүйесі – сыйақылық мерзімдік. Сыйақы бір айдағы зауыт бойынша тауарлық өнімдерді өндіру көлеміне байланысты беріледі.

                            ҚҚМЗ – да персоналды оқыту және біліктілігін жоғарылату және дайындау жүйесі келесідей:

-                     Кадрларды дайындайтын өз орталығы;

-                     Корпорация есебінен төлеу арқылы ЖОО – да, арнайы орта оқыту ұйымдарында;

-                     Шет ел мамандарын шақыру.

                            Жыл сайын зауыт жұмыскерлері демалыс орындарына льготалық жолдамалар алады.

 

 

 

Әлеуметтік сала бойынша нақты шығындар:

 

Шығын түрлері

Барлығы:

 

Спорткешен

 

Материалдар

27052,00

27052,00

Электрэнергиясы

76198,00

76198,00

Еңбекақы

355408,00

355408,00

Еңбекақыдан аударымдар

56891,00

56891,00

Амортизация

4472,00

4472,00

Цехтер  қызметі

267107,00

267107,00

Өзге де ұйымдардың қызмет көрсетуі

213250,00

213250,00

Барлығы:

1000378,00

1000378,00

 

                            Еңбекақы төлеу жүйесі – сыйақылық мерзімдік[7]. Сыйақы бір айдағы зауыт бойынша тауарлық өнімдерді өндіру көлеміне байланысты беріледі.

                            Зауыт құрамында үлкен асхана, денсаулық пункті, спорт кешені бар. Асхана құрамында 10 адам жұмыс істейді, жылдық кірісі шамамен 2 млн тенге, денсаулық пунктінде 6 адам қызмет етеді. Физиокабинет, пройедуралық бөлімше, терапевт қызметтері көрсетіледі. Спорт кешенінің ауданы 650 кв м, онда жаттығу залы, бильярд, монша, душ және демалу бөлмелері жұмыскерлерге қызмет көрсетеді.

                            Жоғарыда айтылып кеткен мәліметтерді түйіндей келе ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – дегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен  жүргізу шаралары қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп қағидаларына, сонымен қатар бухгалтерлік қызметтің методологиялық негізі ретінде бухгалтерлік есеп стандарттарына негізделетінді деген қорытындыға келуге болады.

Бухгалтерлік қызметтің дәл, жинақы және реттеліп  жоғары деңгейде орындалатындығы қаржылық – шаруашылық қызметтің ағымдағы сараптамасын жасауға, сонымен қатар өндірістік қызметтегі жоспарлау үрдісіне қатысты стратегиялық және дұрыс шешімдердің қабылдануы үшін дұрыс және мерзіміне сай ақпаратпен  ішкі және сыртқы қолданушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2      Қаржылық есептілікті экспресс талдау

 

Есептілік – бұл кәсіпорынның қаржы – шаруашылық  қызметін кешенді түрде сипаттайтын көрсеткіштердің жиынтығы. Оның көрсеткіштері мерзімдімәліметтер мен солар үшін белгіленген кестелердегі есепті мәліметтерді қорыту жолдарымен қалыптастырылады.

Жеке балансы бар және заңды тұлға болатын барлық кәсіпорындар, сондай – ақ шаруашылық қызметтен кіріс алатын басқа шаруашылық субъектілер қаржылық есептілік түзуі тиіс.

Қаржылық есептілік бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығыстар туралы есеп, ақшалар қозғалысы туралы есеп, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп, есеп саясаты туралы ақпарат пен түсіндіру қағазынан тұрады. Есептіліктің негізгі нысаны бухгалтерлік баланс болып табылады. Баланстың мазмұны БҚЕС №30 «Қаржылық есептілікті тапсыру» стандартымен ретке келтіріледі.