Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі

Жоспар

 

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3

 

  1. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ........................5

1.1.     Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі.....................................5

1.2.     Сұраныс пен ұсыныс моделі (үлгісі)..................................................................5

1.3.     Нарықтың тепе-теңдігі.......................................................................................10

 

2.   СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ  МЕН САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ

2.1.     Баға бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі.........17

2.2.     Табыс бойынша сұраныстың және ұсыныстың икемділігі............................21

2.3.     Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі .........................................................................................................................................22

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан — 2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық  дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл — ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу мақсаттары көрсетілген.

Тауар өндірісі жағдайында рыноктық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Рыноктың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың  иелері де  т.б. кіреді.

Сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс төлем мүмкіндігі бар қажеттілік, яғни тұтынушылардың  керекті тауарларға төлей алатынг ақша солмасы. Ұсыныс дегеніміз  берілген  бағада  сатуға  арналған  тауардың  саны. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының өзгеруі бағаның құн  төңірегіндегі тербелуін тудырады. Осы  тербеулер арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе–теңдігін, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың теп–теңдігін қамтамасыз ететін деңгей қалыптасады.

Рыноктағы  тепе–теңдікті орнататын  экономикалық  құралдар  болады. Салыстырмалы бағалардың өзгеруі өндірушіге өндіріс көлемін өзгерту  қажеттігін анықтау технологиясын таңдауға әсерін тигізеді. Бағалар ақыр соңында табыстардың берілген бір деңгейінде өнімді кімдер тұтынатын да алдын ала анықтайды.

Әрбір кәсіпкердің  мақсаты  пайданы  барынша  ұлғайту, сондықтан  да, шаруашылық қызметінің  көлемін ұлғайту. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы  жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне  әкеліп соғады да, олар бір біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде  көрінеді. Егер  қандайда  бір тауардың  ұсыныс сұранысынан көп болса,  онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді. Олардың  әрқайсысы өз тауарын сату үшін бағасын  төмендетуге  жиі барады, ал ол  өз кезегінде осы  тауарды  өндіруді азайтады. Егер сұраныс ұсыныстан  көп болса, онда бір–бірімен бәсекеге сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды  алу мүмкіндігіне ие болу үшін,  әрбір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда  жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға өседі, ол осы тауарға ұсынысты  ұлғайтады.

Тақырыптың өзектілігі. Сұраныс пен ұсыныс заңдарының мәнін аша отырып,оларға әсер ететін факторларды талдау. Нарық моделінің көмегімен, экономикалық ортаның өзгерістері баға мен сатып алатын тауар санына әсер етеді деген болжауды әрі қарай дамыту. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негізінде нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы мен өзгеруінің себептерін түсіндіру.

Курстық жұмыстың мақсаты- бір-бірімен бәсекелес  көптеген сатушылар мен сатып алушылар болатын нарықтың қызмет істеу механизмін талдау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

-  Сұраныс пен ұсыныс ұғымдарына теориялық сипаттама беру;

- Нарықтық тепе-теңдікті, сұраныс  пен ұсыныстың өзара әрекетін  анықтау;

-  Ұсыныс пен сұраныстың нарықтық экономикадағы рөлін талдау.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні-сұраныс пен ұсыныстың белгілі бір факторлардың әсерінен өзгерісін,икемділігін анықтау,нарықтық тепе-теңдікке жету жолдарын талдау.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде микроэкономикалық теориядағы сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясы теориялық және практикалық  маңыздылығы алынған.

Мен «Нарықтық жүйе:сұраныс пен ұсыныс» атты курстық жұмысымда еліміздің экономикалық өсу барысындағы сұраныс пен ұсыныстың қажеттілігін, байланысын және пайдалылығын қарастырамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі

 

Экономикалық әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы (түрі). «Нарық экономика» түсінігі «нарық» түсінігінен кеңдеу: бұл экономикалық жүйеде ресурстарды (қорларды) басқару және оларды пайдалануын бақылау тек қана нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Нарық механизмі – оның негізгі элементтерінің (ұсыныс, сұраныс, баға, бәсекелестік) жиынтығы болып табылады. «Айырбас» пен «нарық» деген түсініктер синонимдер еместігін атап өткен жөн. «Айырбас» – еңбек пен маманданудың қоғамдық бөлінуінің барын жобалайды, ал «нарық» – игіліктерді айырбас арқылы үлестіру механизмі. Ресурстарға жеке меншік нарық айырбасының негізі және міндетті шарты болып табылады. Нарық белгіленген міндеттерді атқарады (үлестіру, делдалдық, ақпараттық, сауықтыру, реттеу), олардың арасында үлестіру міндеті негізгісі ретінде есептеліп, экономикалық игіліктерді үлестіру нарық механизмі негізінде іске асырылады. Тәжірибе көрсеткендей, экономикалық тұрғыдан алғанда, дәл осындай үлестіру ең нәтижелі болып келеді. Сонымен бірге, нарық механизмі көптеген мәселелердің, ең алдымен, әлеуметтік әділдік мәселелерінің шешімін қамтамасыз етпейді, сондықтан оның түзету қажеттілігін ұйғарады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі микроэкономиканың зерттеу пәні, енді тікелей нарық тепе-теңдігі моделін қарастырайық.

 

1.2. Сұраныс пен ұсыныс моделі (үлгісі)

 

Сұраныс – сатып алушы осы баға бойынша алуға дайын тауарлар саны. Сұраныс міндеті – тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын факторлар араларындағы тәуелділік. Оны мына түрде көрсетуге болады:

 

Qd = f (P, I, T, Ps, Pс, N), мұнда

Qd – тауарға сұраныс (guantity of demand)

P – тауар бағасы (price)

I – сатып алушының кірісі (табысы)

T – сатып алушылардың  ұнатулары

PS– субститут – тауарлар (substitutes) бағасы

PC – тауарлар – комплементарийлердің (комплементтер – complements) бағасы

N – нарықтағы сатып  алушылар саны (number).

Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуекелділік (оның шамасын анықтайтын негізгі факторы) сұраныс заңымен білініп, теріс ылдиі (еңкіші) бар сұраныс қисық сызығы түрінде көрсетіледі (бейнеленеді).

 

    Р


 

   

 

                                  D

                                             Q

 

                                      

1 сурет. Сұраныс қисық сызығы

 

 

Сұраныс қисық сызығының практикалық мәні: оның көмегімен өндірушілер тауарлардың осы санын сатып алғысы келетін ең жоғарғы баға – сұраныс бағасы туралы айта алады. Ол сатып алушының кіріс (табыс) шамасымен анықталады.

 

Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен түсіндіріледі:

  1. сатып алушының психологиясымен – сатып алушылар негізінде көптеу тауарларды төмен бағамен алғанды ұнатады.
  2. кемитін (азаятын) шекті пайдалылық заңымен – оған сәйкес, тауардың келесі даналары тұтынушы үшін азайған пайдалылыққа ие болады (керегі аздау қажеттілікті қанағаттандырады), демек, оларға баға кеміген (азайған) жағдайда алынады.
  3. кіріс (табыс) әсері және ауысу әсерімен. Кіріс (табыс) әсерінің мәні: тұтынушының тұрақты кірісі шартында (жағдайында) тауар бағасының төмендеуі оны сатып алу қабілетін жоғарылатады да көп тауарды сатып алуға мүмкіндігі болады және керісінше. Алмасу әсері: тауардың бағасын көтергеннен ол қымбат зат болып саналады да, тұтынушы арзандау ауыстырушы – тауарларды алуын ұнатады. Кіріс (табыс) және алмасу әсерлері келесі тақырыптарда тыңғылықты (толық) қаралады.

Бағалардан басқа, сұранысқа бағалық емес детерминаттар да әсер етеді, олар: сатып алушының табысы, оның ұнатымдары, нарықтағы сатып алушылар саны, солармен қатар, ұштасқан тауарлардың бағалары. Бағалық емес детерминаттардың өзгеруі сұраныс көлемін өзгертеді де графикте сұраныс қисық сызығының жылжытуымен бейнеленеді. (2 сурет) сұраныс көлемінің үлкеюі қисық сызықты жоғарыға және оңға жылжытады (Ддан – Д1 ге дейін), ал азаюы – төмен және солға (Ддан – Д2 ге дейін).

 

        


           P

 

                        

                                          D1

                                      D

                           

                                    D2

                                               Q

 

2 сурет. Сұраныс қисық сызығының жылжуы.

 

Кейбір жағдайларда сұраныс заңы әрекет жасамайды. Мұндай ахуалдар сұраныс заңының парадоксы (қайшылығы) деп аталады. Олар 4 жағдайда айқын білінеді, әр қайсысын бөлек қарастырайық.

1. Бай  сатып алушыларға көзделген тауарлар немесе әдемілік, салтанат заттары, олардың тартымдылығы – бағасында. Бұл тауарлар мәртебелі, қадірлі болып саналады да, бай, ауқатты сатып алушылардың «көпшілік алдында көрсету үшін», үлкен әсер ету үшін сатып алынады. (Веблен әсері). Сондықтан, оларға бағаның түсуі тартылымдылығын азайтып, сату көлемін кемітеді.

2. Бағасы  бойынша сапасы жөнінде айтылатын  тауарлар. Сатып алушыларда тауар туралы аз мәлімет болғанда (ақпараттың бейсимметриясы), олар бағаға қарап, тауарды сынайды. Тауардың төмен бағасы сәйкес сапасы туралы белгі беріп, сұраныс заңының әрекетіне қарама-қарсы (қайшы) әсер тудырады.

3. Гиффен  тауарлары. Ағылшын статисті әрі экономисті Р.Гиффеннің байқауы бойынша, ХІХ ғасырдағы Англияда «нан неғұрлым қымбат болса, соғұрлым көп сатып алынады», кейін бұл байқаулар «Гиффен парадоксы» (қайшылығы) деп аталатын болды. «Гиффен парадоксының» мәні мынада: табыстарының деңгейі өте төмен Англия халқының негізгі бөлігінің ең басты тамағы – нан. Нанға бағалардың өскен жағдайында нан жалғыз, қол жетерлік тамақ болып саналады, өйткені басқа тамақ өнімдеріне (ет, көкөністер, жемістер) бағалар одан да жоғары. Осы себептен нанға деген сұраныстың көлемі өсе береді. «Гиффен қайшылығы, парадоксы» тұтынушылар табыстарының өте төмен жағдайында ең қажетті тауарларға қатысты пайда болады да табыс әсері ауысу әсеріне қарағанда сұранысқа үлкен ықпал жасауымен түсіндіріледі. Сонымен, ол сұраныс заңының әрекетіне қайшы келмейді, өйткені салыстырмалы арзандаған тауарға (бағасы көтерілсе де), сұраныстың өсуі орын алады.

4. Инфляциялық  күтулер – инфляция кезінде бағалардың көтерілуі сұраныстың үлкеюіне әкелуі мүмкін, себебі тұтынушылар келешекте бағалардың одан да жоғарылауын күтеді.

Жеке сұраныс (бір тұтынушының сұранысы) пен нарықтық (салалық) сұранысты (осы нарықтағы немесе саладағы барлық тұтынушылардың сұранысы) айыру қажет. Нарықта сатушылар ұсыныс жасайды. Ол (ұсыныс) өндіріс нәтижесі және де сатушы осы баға бойынша сатуға дайын тауарлар саны болып келеді. Ұсыныс функциясының түрі:

QS = f (P, PS, PC,pres,  K,T,N), мұнда

QS – тауар ұсынысы (supply)

P – тауар бағасы

PS, PC – субститут – тауарлары мен комплементарий – тауарлардың бағалары

Pres – ресурстар (қорлар) және өндіріс факторларының (resources) бағасы

K – технология деңгейі 

Т – салықтар мен жәрдемақылар (taxes)

N – нарықтағы сатушылар  саны 

Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады да графикалық – ұсыныстың қисық сызығы түрінде бейнеленеді. Ұсыныс қисық сызығының оңды ылдиі, еңкіштігі бар. (3 сурет)

 

 

           P                            S


 

 

                                       

 

                                       Q

 

                                                         

3 сурет. Ұсыныс қисық сызығы

 

Ұсыныс көлемінің өзгеруі ұсыныстың бағалық емес детерминаттары ықпалымен болып жатады – өзара ауысатын және өзара бір-бірін толықтыратын тауарлардың бағасы, ресурстарға (қорлар) және өндіріс факторларына қойылған бағалар, технологиялар, салықтар мен жәрдемақылар, нарықтағы сатушылар саны, бұл графикта ұсыныс қисық сызығының жылжуымен бейнеленеді. (4 сурет).

Ұсыныстың бағалық емес факторларының кез келген өзгерістері (соңғыны санамағанда), экономикалық мағынада өндіріс шығындарының өзгеруінін білдіреді, яғни тауар өндірісінің арзандауын немесе қымбаттауын. Сонымен, нарықтық ұсынысының қисық сызығы ұсыныс бағасының қисық сызығы болып келеді – сатушылар тауардың осы санын сатуға дайын ең төмен бағасы. Ұсыныс бағасы тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан, неғұрлым ол төмен болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше.

P                           S2                   


                                          S

                                   S1

 

 

 

 

                                              Q

4 сурет. Ұсыныс қисық сызығының жылжуы.

Ұсыныс қисық сызығы нарық сұранысының сипатына байланысты өз кескінін, пішінін өзгертеді. Қисық сызықтың ең көп таралған түрі 5 суретте көрсетілген: алдында ұсыныс шамасы өседі, бірақ белгіленген шектен кейін ұсыныс қисық сызығы тік болып кетеді. Бұл өндірістік ресурстар (қорлар) таусылып, өндірістің өсуіне мүмкіндіктің жоқ екендігін білдіреді.

 

            P                                  S


 

 

 

 

 

                                                            Q 

5 сурет. Ұсыныс қисық сызығының кескіні (пішіні) – (конфигурация).

Кей жағдайларда ұсыныс қисық сызығы кері еңкішті болуы мүмкін: бағаның өсуіне қарай ұсыныс белгіленген деңгейге дейін өседі, ал оған жеткенде – қысқарады. (6 сурет). Қисық сызықтың мұндай пішіні ауысу әсерімен (А1 нүктесінен В нүктесіне дейінгі аралықтағы) және де табыс әсерінің кейінгі әрекетімен (А1 нүктесіне дейінгі аралықтағы) түсіндіріледі.

 

P         А1


 

                                 В 

              А

           S                                        

                                                     Q 6 сурет.Ұсыныс қисық сызығының пішіні

Мысал ретінде еңбек нарығындағы ахуалды (жағдайды) келтіруге болады: күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті еңбекақының деңгейіне жеткеннен кейін, жалдамалы жұмысшы жалақының өсіруін талап етеді. Ауысу әсерінің әрекеті бос уақыттың баламалы құны – жалақының өсу жағдайында бос уақытты жұмыспен ауыстыруда тұрады. Табыс әсерінің әрекеті табыс өскен сайын жұмысшы көбірек бос уақытқа ие болуға тырысады. Бұл ахуалды біз келесі тақырыптарда толық және тыңғылықты қарастырамыз. 6 сурет. – ұсыныс қисық сызығының кері еңкіштігі (ылдиі). Ұсыныс қисық сызығы сонымен бірге уақытша аралықпен де себептелуі мүмкін. Ағымдағы кезеңде (IR – immediate run) өндіріс факторларының бәрі тұрақты, өзгеріссіз тұрғанда, ұсыныс қисық сызығы тік болады.

Қысқа мерзімді кезеңде (SR – short run), кейбір факторлардың өзгермелі (құбылмалы) жағдайында сұраныстың қисық сызығы жайпақтау болып келеді. Ұзақ мерзімді кезеңде (LR – long run) өндіріс факторлары құбылмалы, айнымалы жағдайында ұсыныс қисық сызығы одан сайын жайпақ болады. (7 сурет)

 

P                 S                       P                       S           P


 

                                                                                                                             

                                                                                                                   S

 

 

                                    Q                                       Q                                    Q 

 

7 сурет. Ағымдағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі ұсыныстың қисық сызығы.

 

1.3. Нарықтың тепе-теңдігі

 

Нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) А.Маршаллдың неоклассикалық синтез деп аталатын теорясында ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрсетілген. Нарықтық баға белгілеудің мәні мен табиғаты жөніндегі мәселе көп уақыт бойы экономика теориясының негізгі мәселесі болған. Саяси экономия классикалық мектебінің өкілдері осы мәселені тек қана (ұсыныс) өндіруші тұрғысынан зерттеген, олардың пікірі бойынша – баға белгілеуінде негізгі рөл өндіріс шығындарына берілуі керек. Маржиналистер, керісінше, өз назарын игіліктің пайдалылығына аудара, оны нарық бағасын белгілейтін негізгі фактор ретінде санап, яғни сұраныс (тұтынушы) тұрғысынан ойлаған.

Неоклассикалық мектебінің негізін қалаушысы ағылшын экономисті А.Маршаллдың бейнелі, нақысты сөзі (сөйлемшесі) бойынша сұраныс пен ұсыныс «бір қайшының екі жүзі» болып, нарықтық бағаның белгілеуінде бірдей қатысатынын дәлелдеді. Бір тауардың сұраныс қисық сызығы графигін осы тауардың ұсыныс қисық сызығына жатқызып, біз жартылай нарықтық тепе-теңдік моделін (үлгісін) – бір тауар нарығындағы тепе-теңдікті аламыз. (8 сурет)

Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының нүктесі – нарық тепе-теңдігі нүктесі, ол теңсалмақты баға мен тауардың теңсалмақты санына сәйкес келеді, яғни сатушы мен сатып алушыны қанағаттандыратын баға мен санға.

P


S

 

 

 

D

 

                                       Q

8 сурет. Жартылай нарық тепе-теңдік моделі (үлгісі).

Егер тепе-теңдік бағадан немесе саннан ауытқу байқалса, нарық тепе-теңдік жайынан (күйінен) шығады. Тепе-теңдікке жетудің 2 балама жолдары – Вальрас бойынша тепе-теңдік және Маршалл бойынша тепе-теңдік деп аталады. Швейцар экономисті Л.Вальрас әзірлеген моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу нақты нарық бағасының тепе-тең бағасынан ауытқу нәтижесінде болады (9 сурет). Нақты нарық бағасы (Р1) теңсалмақты баға (РЕ) деңгейінен төмен белгіленді дейік. Бұл жағдайда сұраныс ұсыныстан асып (QD > QS), сұраныс артылып қалады, ол сатып алушылар арасында бәсекелестік туғызып, нарық бағасын теңсалмақты баға деңгейіне дейін жоғары итермелейді. Егер нарық бағасы (Р2) теңсалмақтыдан (РЕ) жоғары болса, ұсыныс молшылығы (артылып қалуы) орын алып, сатушылардың бәсекелестігі нарық бағасын теңсалмақты деңгейге дейін төмендетеді. Вальрас бойынша сұраныс пен ұсыныс функцияларының түрі:

QD = f (P); QS = f (P); тепе-теңдік шарты QD =  QS

                                                                           


                                                                   

  P2                                       P2

 

                             E                             PE                             E      

  PE                                                                                                        

              

                                                             P1    

  P1           QS     QE       QS'                                     QS       QE       QS'    

        

9 сурет. Вальрас бойынша тепе-теңдік   10 сурет. Маршалл бойынша тепе-теңдік

Маршалл моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу ұсыныс нақты шамасының тепе-тең шамасынан ауытқуынан болады (10 сурет). Егер ұсыныс нақты шамасы тепе-тең деңгейінен төмен болса, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан жоғарылап кетеді (Р2 > Р1). Жоғары баға ұсыныстың өсуіне әкеледі. Маршалл бойынша, сұраныс пен ұсыныс функциялары мен тепе-теңдік шарты мынадай болады:

PD =f (Q); PS = f (Q); PD= PS

Нарық тепе-теңдігінің модельдері (үлгілері) статикалық болып келеді, өйткені олар уақыт факторын есептемейді. Тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) мысалы – «өрмекші тәрізді» модель. Оны көрсету үшін сұраныс ағымдағы кезеңнен (t), ал ұсыныс – өткен кезеңнің бағасынан тәуелді дейік (t-1).

 

        P                                                                   P                                      S  


 

                          S

 Pt


 

                        P*

P* 

 

Pt-1                                           

                                                      D                                                   D

 а)           Qt-1               Q*          Qt                       б)                      Q*

                                              

     P                                         

 

                                         Pt                                        S

 

 

                                         Pt-1

 

                                                                                        

                                             в)            Qt-1            Qt       D 

 

11 сурет. Нарық тепе-теңдігінің «өрмекші тәрізді» моделі (үлгісі)

 

Нарық бағасының тепе-теңдік бағасымен сәйкес келмеу динамикасының 3 ахуалы мүмкін:

а) тепе-теңдіктен ауытқу қысқарады (сурет 11-а)

б) тепе-теңдіктен ауытқу өсуде (сурет 11-б)

в) нарық тепе-теңдік нүктесінің айналасында, оған жетпей, құбылып тұр (сурет 11-в)

Сонымен, тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) талдауы бойынша, нарықта оның жоқ болатын ахуалдары мүмкін (тепе-теңдік емес). Олар көбінесе пайда болады:

1.Егер сұраныс  пен ұсыныс қисық сызықтары  бірдей еңкіштігінен қиылыспайды. Бұл жағдайда тұрақты тепе-теңдікке  жетпей:

а) нарық D мен S қисық сызықтар арасында тұрақсыз түрде қалыптасады. (сурет 12-а)

б) нарық мүлде қалыптаспайды, өйткені не сатушылар, не сатып алушылар оған ешқандай қызығушылық білдірмейді. (сурет 12-б, 12-в)


                                               S

                              D                                                                  S   

                                  S                                          D              D

                                                                    

 

                                                                                                                                                                            

 

 

  a)                                б)                                          в)

12 сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары қиылыспайды.

 

2.Әр түрлі еңкіштігі (наклон) болса да, сұраныс пен  ұсыныс қисық сызықтарының ортақ  нүктелері жоқ:

а) қандай баға болса да, ұсыныс сұраныстан асып түседі (сурет 13-а)

б) кез келген (оң) көлемде ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан жоғары – мұндай жағдайда сұраныс қисық сызығы төмен болса да, нарық пайда болуы мүмкін (сурет 13-б) – мысалы сән-салтанат, әдемілік заттар нарығы.

           


                D                  S                                             S                                                                           

 

 

 

 

                                                                                    D    

 

 а)                                                          б) 

13 сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының ортақ нүктелері жоқ

Нарық тепе-теңдігі тұтынушыға да, өндірушіге де пайдалы (олжалы). Микроэкономикада мұндай пайдалар тұтынушылар мен өндірушілердің артықтары деп аталады. Тұтынушы мен өндіруші артықтарының сомасы қоғамдық пайданы құрайды. Тұтынушының артығы – нақты тұтынушының тауарға сұраныс бағасы мен тауар үшін төлеген баға арасындағы айырма. Мысалда түсіндіріп көрейік1. 14-ші суретте белгіленген тауарға нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) көрсетілген, тепе-теңдік бағасы – 100 доллар, ал сұраныстың тепе-теңдік мөлшері – тауардың 5 данасы. 180 доллар тұратын тауарға сұраныс 1 құрайды (график бойынша), яғни бір тұтынушы осы тауарды 180 долларға алуға дайын, бірақ, іс жүзінде ол тауарды тепе-теңдік бағамен (100$) сатып алады. 180$ – сұраныс сомасы, ал сұраныс бағасы мен тепе-теңдік баға араларындағы айырым тұтынушының артығын (немесе оның ұтымын) құрайды.

Осы тәсілмен басқа тұтынушылардың артықтары анықталады, ал сомалық артық (180 – 100) + (160 – 100) + (140 – 100) + (120 – 100) = 200 құрайды. Артық шамасы АРЕ Е үшбұрыш көлемімен бірдей, (дәл келеді).

        200 A                                                                 S


        180

        160

        140

        120

        100 PE                      E

 

 

                                                               D

    1      2      3   4     5

14 сурет. Тұтынушы артығы

Өндірушінің сомалық артығы – оның тауар үшін алынған нарық бағасы мен ұсыныс бағалары, яғни тауар сатуға дайын бағалар араларындағы айырма. Оны сәйкес мысалмен көрсетуге болады. (15 сурет); өндірушінің сомалық артығы құрайды (100 – 20 + (100 – 40) + (100 – 60) + (100 – 80) = 200. Графикте өндіруші артықтарының шамасы ВРЕЕ үшбұрыштың көлемімен белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

 

                                                                               S


 

 

                                            

        100   PE                            E

          80

          60

         40                                                              D

          20

            B    1     2     3     4     5

15 сурет. Өндірушінің артығы

 

Тұтынушы мен өндіруші артықтарының талдауы парето – нәтижелілік түсінігіне келтіреді. Жоғарыда қаралған модель (үлгі) көрсеткендей, нарық тепе-теңдігі механизмнің арқасында тұтынушылар төмен баға бойынша тауардың шамалағаннан көбіректеу даналарын сатып алады, сол уақытта өндірушілер алдында келісілгеннен тауардың көбірек даналарын жоғарылау баға бойынша сатады. Мұндай жағдай экономикада парето – нәтижелілік деп аталады (итальяндық экономист В. Паретоның атымен). Нарық баға белгілеуіне ықпал келесі түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін: