Сапа көрсеткіштерінің мәнін анықтау әдістері. Коньяк өніміндегі метил спиртінің массалық концентрациясын анықтау
Кіріспе
Бұл курстық жұмыста мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ҚР СТ 2104-2011 сүйне отырып Қазақстандық коньяк өнімі сапасын бағалау әдістемесінің элементтерін өңдеу жайлы жаздым.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті – Қазақстандық коньяк өнімі сапасын бағалау әдістемесінің элементтерін өңдеу. Сапаны бағалаудағы әдістеменің жеке, соның ішінде маңызды элементтерін өңдеудің тәжірибелік артықшылықтарын меңгеру болып табылады: ситуациялық аналыз, сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау, салмақтылық коэффициентін анықтау. Сонымен қатар тұтыфнушылардың талаптар анализіне анкеталық сұрақтар құрастыру, тұтынушылардың пікірін білу.
Коньяк (Франциядағы Коньяк қаласы атауымен аталған) – уытты спирттік ішімдік. Ол, негізінен, құрғақ
ақ жүзім шараптарын айдау арқылы алынады да, емен бөшкелер мен цистерналарда бабына келгенше сақталады.
Баптау кезінде 65 – 70% күші бар коньяк
спирті ашытқы заттармен қосылысқа түсіп,
Коньяк өзіне тән түске, дәмге, иіске ие
болады. Осы кезде ауадағы оттек әсерінен тотығу процесі басталады.
Коньяк дайындау барысында оның күштілігін
азайту үшін дистилденген немесе артезиан суы пайдаланылады. Коньяк спиртінің
бапталуына қарай 3 – 5 жылдық (сақталған
жылдары жұлдыз арқылы белгіленеді) Коньяктар
жасалады. Әлемде Коньяк шығару Францияның Шаранта департаментінде (орталығы – Коньяк қаласы)
жақсы дамыған. Жоғары сапалы Коньяк, сондай-ақ, Арменияда, Грузияда
Ең алғаш біздің елімізде 1724 жылы коньяк нарығын өндіруші, Француз шарап жасаушы Реми Мартен негізін қалаған. Оның бөтелкелерінің айырмашылығы «Fine Champage» белгісі қойылады. Ал Қазақстанда отандық коньяк өндірісі 1967 жылдан бері шығарылуда. Қазақстан Республикасында коньяк өнімдерін өндірудегі жалпы топтық ассортиментті өткізу үлесі 2004 жылы 2%-ды, 2005 жылы 6%-ды құраған.
Коньяк шарабы сапалы сусын ғана емес, ол сонымен қатар профилактикалық құрал болып саналады. Яғни, иммунитетті және адам ағзасының тонусын жоғарлатады, антибактериалды қасиеттері бар. Бірақ шарап бұндай пайда әкелу үшін оны қалай? және қандай? мөлшерде тұтыну керек екенін білу керек. Қазақстандық мамандар ұсынатын тұтыну нормаларына әлі жеткен жоқ.
Коньякты классикалық технология бойынша өндіру мынадай кезеңдерден тұрады: жүзімді коньякқа арналған құрғақ шарап шикізатына айналдыру (ақ әдісі арқылы), үздіксіз жұмыс істейтін құйынды аппаратта (ВАНД-01) коньяктық шарап шикізатын тазарту (ары-бері айдау), нәтижесінде күштілігі 62-70% болатын жас коньяк спирті жасалады. Жас коньяк спирті емен шегесі бар жылтыр цистерналарда сақталады. Ары қарай араластыру үрдісі жүреді.
АО ««Бахус» АҚ кемінде үш жыл сақталған жай Қазақстан коньяктарын шығарады. Коньяктар мынадай топтарға бөлінеді:
- Кемінде үш жыл сақталған коньяк спирттерінен жасалған «Үш жұлдызды»*** Қазақстан коньягы: «Үш жұлдыз», «Бахус», «БАХУС ҚАЗАҚСТАН», ***«Export»
- Кемінде бес жыл сақталған коньяк спирттерінен жасалған «Бес жұлдызды»***** «Асанали» коньягы
АО «Бахус» АҚ емен бөшкелерде кемінде алты жыл сақталған коньяк спирттерінен маркалы коньяктар өндіреді. Маркалы коньяктарды жасау кезінде пайдаланылатын спирттің орташа жасы сол өнімнің коньягы үшін белгіленген жылдан кем болмауы тиіс. «Бахус» АҚ өндірісінің маркалы коньяктары тек өзінің коньяк спиртінен жасалады:
- «СК» сақталған «Жеңіс» коньягы – орташа алғанда алты жыл сақталған коньяк спирттерінен жасалған
- Жоғары сапалы «ЖССК» сақталған «Қаhарман» коньягы – орташа алғанда сегіз жылдық коньяк спирттерінен жасалған
- Жоғары сапалы «ЖССК» сақталған «Батыр» коньягы – орташа алғанда он жылдық коньяк спирттерінен жасалған
- Ескі «Бәйтерек» коньягы – кемінде 14 жыл сақталған коньяк спирттерінен жасалған.
Бренди өндірісі коньякты жасаудың барлық кезеңдерінен тұрады және кемінде алты ай сақталған, жұмсартылған өңделген су, қант шәрбаты мен қант колері қосылған арнайы сұрыпталған коньяк спирттерінің араласуына негізделген. «Бахус» АҚ «Дәрмен» (38%) және «Ұлар» (40%) атты брендилер өндіреді.
- Анкеталық – сұрақ кітапшасы
Анкеталық – сұрақ кітапшасы – «Қазақстандық коньяк» өнімдерінің сапасын бағалау үшін, тұтынушылардың талаптарын түсіну үшін құрылды. Берілген жұмыс бойынша анкетада тұтынушыларды жазбаша түрде сұрауға тағайындалған және кесте түрінде 15 сұрақтан тұрады.
№ |
Сұрақтар |
жауаптар |
1 |
Жасыңыз: |
|
2 |
Жынысыңыз: (ер, әйел) |
|
3 |
Ұлтыңыз: |
|
4 |
Сіз Қазақстанда өндірілетін коньяк ішімдігінің қанша түрін білесіз? |
|
5 |
Сіз коньяк ішімдігін жиі тұтынасыз ба? |
|
6 |
Егер тұтынатын болсаңыз қандай кездерде тұтынасыз? (мерекелер мен тойларда, күнде, әр айда, әр жылда) |
|
7 |
Кімдермен бірге ішесіз? (Қызметтік кездесу, отбасымен, достармен) |
|
8 |
Өз есебіңізше ішімдікке ақшаңыздың қанша пайызын жұмсайсыз бір жылда? |
|
9 |
Сіздің ойыңызша аталмыш ішімдікті кімдер көп тұтынады? (жасөспірімдер мен жастар, орта жастағы ер немесе әйел адам, қарттар) |
|
10 |
Сіз тұратын мекен: ауыл немесе қала? |
|
11 |
Сіздің ойыңызша қала мен ауылдағы коньяк ішімдігінің бағасында айырмашылық барма? |
|
12 |
Шет мемлекеттегі коньяктармен салыстырғанда елдегі коньяк бағасы арзан ба? |
|
13 |
Сіз қанша ақша көлеміндегі коньякты сатып аласыз? |
|
14 |
Қазіргі ең көп ішілетін коньяктың қай түрі деп ойлайсыз? |
|
15 |
Коньяк ішімдігінің сапасын қалай және неге бойланысты бағалайсыз? (бағасына, құрамына, сыртқы түріне, өндірушісіне) |
Коньяктың ең маңызды тұтынушыларының бірі болып орта жастағы ер адамдар. Сирек жағдайларда әйел адамдар мен қарттар. Бірақ коньякты барлығына да бірдей тұтына беруге болмайды. Мысалға алатын болсақ, жасөспірімдер мен кәмелетке толмаған балалар.
Алынған сауалнамаларға байланысты статистикалық диаграммалар (жынысына, ұлтына, жас ерекшелігіне байланысты)
Жынысы бойынша коньяк өнімдерін әйел адамдарға (15%) қарағанда ер адамдар (85%) көбірек тұтынады. Себебі, коньяк өнімінде спирттің мөлшері (60-70%) көп.
1.1-сурет
Жасы бойынша 25-35 жас аралығындағылардан сауалнама алғанда олардың үлестік пайызы 45%, ал 35-50 жастағылардікі 30%, 50-60 жастағылардікі 15% болды. Коньяк өнімдерін балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге қолдануға, тұтынуға болмайды және дүкен сөрелерінде сатуға тыйым салынған. Ал 18-ге толған және 25ке дейінгі жастар коньяк өнімін емес басқа да спирттілік мөлшері аз алкогольді ішімдіктерді (мысалы, сыра, жүзім шарабы, коктейль т.б.) тұтынады.
1.2-сурет
Отандық өнімімізді ұлтықа байланысты тұтынатын көбінде өзіміздің қазақ ұлты - 47%, одан кейін орыс ұлты - 38% және өзге де ұлттар 15%.
1.3-сурет
Сонымен қатар, статистикалық соңғы мәліметтер бойынша біздің отандастарымыздың әлеуметтік жағдайы бойынша жоғарғы топ өкілдері шетелдік коньяк өнімін көбірек тұтынады, оның себебі, біріншіден, біздің елімізде салық мөлшері 12%, ал шетелдегі салық мөлшері 40%-ды құрауда, яғни бізде зкспортталатын коньяк өнімі төмен, ал импортталып келген коньяк өнімдері көбірек болуында; екіншіден шетелдің әлемге танымал коньяк маркалары. Сондай-ақ, елімізде қала тұрғындары мен ауыл тұрғындарын салыстыратын болсақ, қала тұрғындары 75%, ауыл тұрғындары 25% коньяк өнімін тұтынады екен. Оның себебі де біріншіден әлеуметтік жағдайға; екіншіден тұтыну ортасына да байланысты.
- Квалиметрияның негізгі кестесі
Негізгі сапа көрсеткіштерінің өнімдері классы және топтары бойынша анықталады.
Өнімнің сапа көрсеткіші |
3, 4, 5 жылдық коньяк |
Бабына келтірумен сақталған коньяк |
Ескі және тым ескі коньяк |
Тағайындалуы |
+ |
+ |
+ |
Тиімділігі |
+ |
+ |
+ |
Сенімділігі: - тоқтаусыздығы - ұзақ мерзімділігі - жөндеуге жарамдылығы - сақталғыштығы |
- +
-
+ |
- +
-
+ |
- +
-
+ |
Эргономикалық |
+ |
+ |
+ |
Эстетикалық |
+ |
+ |
+ |
Технологиялық |
+ |
+ |
+ |
Тасымалдау |
+ |
+ |
+ |
Стандарттау және унификация |
- |
- |
- |
Патенттік-құқықтық |
+ |
+ |
+ |
Экологиялық |
+ |
+ |
+ |
Қауіпсіздік |
+ |
+ |
+ |
Коньяктар органолептикалық көрсеткіштері бойынша 1 – кестеде көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.
1 – кесте
Көрсеткіштің атауы |
Сипаттамасы |
Мөлдірлігі |
Мөлдір, жылтыр, бөгде ендірмелері мен шөгіндісі жоқ |
Түсі |
Ақшыл – алтын түстен бастап алтын реңі бар қою – сары түске дейін |
Дәмі мен хош иісі |
Осы атаулықтағы коньяктарға тән, бөгде дәмі мен иісі жоқ |
Коньяктар физика – химиялық көрсеткіштері бойынша 2 – кестеде көрсетілген талаптарға сай болып отыруы тиіс.
2 – кесте
|
Көрсеткіштің атауы |
Коньяктарға арналған көрсеткіштердің мәні | ||||||
үш жылдық
|
төрт жылдық |
бес жылдық |
БК
|
БСК
|
ЕК
|
ТЕ
| |
Этил спиртінің көлемдік үлесі, % |
40,0 |
40,0 |
40,0- 42,0 |
40,0- 42,0 |
40,0-45,0 |
40,0-45,0 |
40,0-45,0 |
Инверттік қантқа қатысты қайта есептегендегі қанттардың массалық концентрациясы, г/дм3 |
7,0- 15,0 |
7,0- 15,0 |
7,0- 15,0 |
7,0- 12,0 |
7,0- 20,0 |
7,0- 20,0 |
7,0- 20,0 |
Темірдің массалық концентрациясы, мг/дм3, ары кеткенде |
1,5 | ||||||
Изоамил спиртіне қатысты қайта есептегендегі жоғары спирттердің массалық концентрациясы, мг/100 см3 сусыз спирт |
170,0-500,0 | ||||||
Сірке альдегидіне қатысты қайта есептегендегі альдегидтердің массалық концентрациясы, мг/100 см3 сусыз спирт |
5,0-50,0 | ||||||
Сірке – этил эфиріне қатысты қайта есептегендегі орташа эфирлердің массалық конценртациясы, мг/100 см3 сусыз спирт |
50,0-270,0 | ||||||
Сірке қышқылына қатысты қайта есептегендегі ұшқыш қышқылдардың массалық концентрациясы, мг/100 см3 сусыз спирт, ары кеткенде |
200,0 | ||||||
ЕСКЕРТПЕ Коньяктың нақты атауығына арнап бекітілген нормалардан жарамды ауытқу шектері:
- қанттардың массалық
- ыдыстарға бөліп құйылмаған
түрінде өзге кәсіпорындарға
тиеп жіберілетін | |||||||
Коньяктағы метил спиртінің массалық концентрациясы 2,0 г/дм3 аспауы тиім.
Коньяктың құрамындағы уытты элементтер мен радионуклиттердің мөлшері «Тағам өнімдеріне қатысты санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» мен «Кедендік Одақтың санитарлық – эпидемиологиялық қадағалауына (бақылауына) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлық – эпидемиологиялық және гигиеналық талаптары» санитарлық ережелерімен бекітілген нормалардан аспауы тиіс.
- Бағалау сипаттамасын құрастыру. Шешімін анықтау
Бағалау жағдайы – тұтынушылық қасиеті туындайтын объектінің болу кезеңі. Бағалау жағдайын сипаттауға кіретін негізгі критерийлердің бірі тұтынушылардың біртекті топтарын анықтау болып табылады.
Тұтынушылардың біртекті топтарын анықтау – бағаланатын өнімге бірдей талаптар қоятын тұлғалар. Тұтынушылар болып тағайындауға негізделген объектіні ғана пайдаланылатын емес, объектінің өмірлік циклінің жұмысы болғандар да болып саналады. Мысалы, коньяк тұтынушылар – тек қана коньякты ішетіндер ғана емес, сатушы да, сол коньякты жасап шығарушы да және т.б. тұлғалар.
Сапаны бағалауда ең алдымен негізгі тұтынушылардың талаптары шығады. Әртүрлі жағдайда негізгі тұтынушыар талаптары өзгеруі мүмкін және түсінігі де өзгереді. Мысалы, ауылдағы дүкендерде коньякты тұтынушыллардың талаптары, қаладағы дүкендермен салыстырғанда басқаша, яғни контагенті деп саналады. Сондықтан мүмкін тұтынушылардың контигентін қарау маңызды міндеттердің бірі болып саналады.
Қазақстанда ең жақсы отандық коньяк өнімдерінің бірі «Бахус» АҚ болып табылады.
«Бахус» АҚ кемінде үш жыл сақталған жай Қазақстан коньяктарын шығарады. Коньяктар мынадай топтарға бөлінеді:
- Кемінде үш жыл сақталған коньяк спирттерінен жасалған «Үш жұлдызды»*** Қазақстан коньягы: «Үш жұлдыз», «Бахус», «БАХУС ҚАЗАҚСТАН», ***«Export»
- Кемінде бес жыл сақталған коньяк спирттерінен жасалған «Бес жұлдызды»***** «Асанали» коньягы
АО «Бахус» АҚ емен бөшкелерде кемінде алты жыл сақталған коньяк спирттерінен маркалы коньяктар өндіреді. Маркалы коньяктарды жасау кезінде пайдаланылатын спирттің орташа жасы сол өнімнің коньягы үшін белгіленген жылдан кем болмауы тиіс. «Бахус» АҚ өндірісінің маркалы коньяктары тек өзінің коньяк спиртінен жасалады:
- «СК» сақталған «Жеңіс» коньягы – орташа алғанда алты жыл сақталған коньяк спирттерінен жасалған
- Жоғары сапалы «ЖССК» сақталған «Қаhарман» коньягы – орташа алғанда сегіз жылдық коньяк спирттерінен жасалған
- Жоғары сапалы «ЖССК» сақталған «Батыр» коньягы – орташа алғанда он жылдық коньяк спирттерінен жасалған
- Ескі «Бәйтерек» коньягы – кемінде 14 жыл сақталған коньяк спирттерінен жасалған.
Коньяк өндірісі коньякті араластыру учаскесінен, коньяк құю учаскесінен және кәдесый цехынан тұрады. Бөшке және сұйық сақтайтын қойма бөлімшелері болып бөлінетін коньякті араластыру учаскесіндегі емен бөшкелерде маркалы коньяктарға және жай коньяктарға арналған кемінде 90 жыл сақталған коньяк спирттері құйылған, коньяк спирттері тиісті сапаға ие болғаннан кейін коньякті араластыру жүзеге асады. Бөтелкеге құю учаскесінде жай коньяктар мен брендилер құйылады және олар автоматты түрде безендендіріледі. Кәдесый цехында маркалы коньяктар құйылып, безендіріледі.
Коньякты классикалық технология бойынша өндіру мынадай кезеңдерден тұрады: жүзімді коньякқа арналған құрғақ шарап шикізатына айналдыру (ақ әдісі арқылы), үздіксіз жұмыс істейтін құйынды аппаратта (ВАНД-01) коньяктық шарап шикізатын тазарту (ары-бері айдау), нәтижесінде күштілігі 62-70% болатын жас коньяк спирті жасалады. Жас коньяк спирті емен шегесі бар жылтыр цистерналарда сақталады. Ары қарай араластыру үрдісі жүреді.
- Сапа көрсеткіштерінің номенкластурасын таңдау. Қасиеттерді түзу
Азық – түлік тауарларының сапасының көрсеткіштерінің типтік номенклатурасы
Топтық көрсеткіштер |
Бірлік көрсеткіштер | ||||||||
тағайындалу |
Сапасы, бабына келтіріп сақтау мерзімі мен әдістеріне қарай коньяк келесі түрдегі категорияларға бөлінеді: - үш жылдық коньяк –
3 жылдан кем болмайтын мерзім
бойы бабына келтірумен - төрт жылдық коньяк – 4 жылдан кем болмайтын мерзімі бойы бабына келтірумен сақталған коньяк дистилляттарынан өндірілген; - бес жылдық коньяк – 5 жылдан кем болмайтын мерзімі бойы бабына келтірумен сақталған коньяк дистилляттарынан өндірілген; - бабына келтірумен сақталған
коньяк (БК) – 6 жылдан кем болмайтын
мерзім бойы бабына келтірумен
сақталғаг орта мерзімдегі - жоғары сапалы бабына
келтірумен сақталған коньяк (ЖСБК)
– 8 жылдан кем болмайтын мерзім
бойы бабына келтірумен | ||||||||
сенімділік |
Коньяктар ГОСТ 10117.1, ГОСТ 10117,2, ГОСТ 26586 бойынша жаңа шөлмектерге, пішімі мен өлшемі нормативтік құжатқа сәйкес келетін сувенирлік шыны, хрусталь және қыш ыдыстарға бөліп құйылады. Коньяктар шөлмектерге көлемі мен деңгейі бойынша бөліп құйылады. Уызданудың толықтығын ГОСТ 23943 бойынша анықтайды. Өнімнің бір бөліп құю бірлігіндегі көлемі жарамды ауытқулардың есебімен тұтынушылық ыдысқа басылған өнімнің таңбасында көрсетілген номиналдық көлемге сай болып отыруы тиіс. Бір бөліп құю бірлігіндегі өнімнің номиналдық көлемнен жарамды теріс таңбалы ауытқуларының шегі ҚР СТ 8.156 бойынша белгіленеді. Көлемі мен деңгейі бойынша бөліп құйған кезде құю толықтығын анықтауға арнап таңдап алынған 25 шөлмектің ішіндегі өнімнің нақты көлемінің орташа мәні өнімнің (20 ± 0,5) °С температура жағдайындағы номиналды көлемінен кем болмауы тиіс. Коньяк құйылған шөлмектердің аузын осы өнім түрімен жанасу үшін бекітілген тәртіппен рұқсат етілген және ыдыстың аузының мықтап жабылуын қамтамасыз ететін тығындау құралдарымен жабады. Коньяк құйылған шөлмектерді өнім сапасының сақталуын қамтамасыз ететін тасымалдау ыдысына салады. Қиыр Солтүстік аудандары мен соған теңелген жерлерге арнап бренди құылған шөлмектерді буып – түю ГОСТ 15846 талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бөліп құю үшін өзге кәсіпорындарға ыдыстарға құйылмаған түрінде тиеп жіберілетін коньяктар осы өнім түрімен жанасу үшін бекітілген тәртіппен рұқсат етілген ыыстарға құйылады. Ішіне ыдыстарға бөліп құйылмаған бренди құйылған тасымалдауға арналған бөшкелерде бөшкенің жалпы сыйымдылық көлемінің 1 % - 2 %-ын құрайтындай бос кеңістік болуы тиіс. Емен бөшкелер көлденең тығындармен жабылады, олардың түбіне таза кенеп төселеді. Тығынның үстінен жез тілімше қағылады. Титан бөшкенің саңылауын арнайы металды тоттанбайтын тығынмен жауып пломбы салады. Коньяк құю үшін қолданылатын ыдыстар мен материалдар «Буып – түюге, таңба басу, затбелгі салуға және оларды дұрыс түсіруге қатысты талаптар», «Арақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты талаптар» техникалық регламенттерінің, заңнамалық актілердің, оларды тағам өнімдерімен жанасуға арнап қолдану мүмкіндігі бекітілген нормативтік және техникалық құжаттардың талаптарына сай болып, тасымалдау мен сақтау кезінде өнімнің сақталуы мен тауарлық түрін қамтамасыз етіп отыруы тиіс. | ||||||||
эргономикалық |
Коньяктар ҚР «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңы мен ҚР «Арақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің және осы технологиялық нұсқаулықтар жөніндегі стандарттың талаптарына (ҚР СТ 1081 қар.) сәйкес, Қазақстан Республикасының санитарлық нормалар мен ережелерін және Кедендік Одақтың санитарлық – эпидемиологиялық қадағалауына (бақылауына) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлық – эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарын ұстанумен өндіріледі. Коньяктар өздерінде коньяктардың құрамы мен сипаттамалары, нақты атауының органолептикалық және физика – химиялық көрсеткіштері нақтылап көрсетілген технологиялық нұсқаулықтар бойынша әзірленеді. Коньяктарды өндіру кезінде бабына келтірумен сақталған бір не әр түрлі жастағы коньяк дистиляттары дайын коньяктың бекітілген органолептикалық және физика – химиялық көрсеткіштерін қамтамасыз ету мақсатында купаждайды. | ||||||||
эстетикалық |
Ыдыстың әр бірлігіне мемлекеттік және орыс тілдеріндегі төмендегідей ақпаратты көрсетумен «Буып – түюге, таңба басу, затбелгі салуға және оларды дұрыс түсіруге қатысты талаптар», «Арақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты тааптар» техникалық регламенттеріне сай келетін таңба басылуы тиіс, сондай – ақ мәтіндер өзге тілде қайталанып отыруы мүмкін: - коньяктың атауы; - коньякты ыдыстарға бөліп құйған кәсіпорынның атау мен орналасқан жері (өндіруші өзіне Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардың шағымдарын қабылдап отыру құзырлығын берген кәсіпорынның не ұйымның заңды мекенжайы, сонымен бірге елі, және заңды мекенжайымен сәйкес болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасындағы мекенжайы) (болған жағдайда); - этил спиртінің көлемдік үлесі, %; - көлемі, л; - шөлмектерге бөліп құйылған күн; - сақтау жағдайлары; - шарап дистилятының орташа жасы (6 жылдан ұзақ мерзім бойы бабына келтірумен сақталған коньяктардың тобы үшін); - осы станарттың белгісі; - штрихкоды (болған жағдайда); - сәйкестігін растау туралы ақпарат (сәйкестік белгісі болған жағдайда); - өнімнің Кедендік Одақ
мемлекеттерінің нарығындағы Ақпарат біржақты түрде түсінілетін, толық және шүбәсіз болып, кез келген жазылған, басып шығарылған не графикалық материал түрінде, оқуға ыңғайлы болатын жерінде және ұсынылған өнімнің сапалық қасиеттерін сәйкестендіруді қамтамасыз ететін қаріппен берілуі тиіс. Бажсыз сауддадағы дүкендерде сатуға арналған коньяктарға арнап таңбасында «Бажсыз саудадағы дүкендерде ғана сатуға арналған» деп көрсетіледі. Өнімді, өндіруші мен тұтынушы сипаттайтын қосымша өзге ақпаратты көрсетуге жол беріледі. «Шашылғыш. Абайлаңыз», «Жоғарғы жағы», «Ылғалдан сақталсын» айлашарғылау белгілері салынған, ГОСТ 14192 бойынша гофраланған қатырмақағаздан жасалған жәшіктердің тасымалдау таңбасы. Жәшіктерге мынадай қосымша белгілер салынады: - өндіруші – кәсіпорынның атауы мен мекенжайы; - коньяктың атауы; - шөлмектердің саны; - шөлмектердің көлемі, л. Бөшкелер мен өзге түрдегі ыдыстарды төмендегідей мәліметтерді көрсетумен ГОСТ 14192 бойынша таңбалайды: - өндіруші – кәсіпорынның атауы мен мекенжайы; - өнімнің атауы; - өнімнің брутто, таза садмақтары, кг не көлемі, л; - бөшке не өзге түрдегі ыдыстың нөмірлері. | ||||||||
тасымалдау және сақтау |
Шөлмектерге бөліп құйылған коньяктар жабық тасымалдау құралдарына салынған күйінде барлық көлік түрлерімен сол көлік түрі үшін жарамды болып келетін жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес, 6.4 - тармақта көрсетілген температуралық жағдайларды ұстанумен тасымалданады. Өзге кәсіпорындарға тиеп жіберілетін коньяк бөшкелерге құйылып, жабық тасымалдау құралдарына салынған күйінде теміржол көлігімен, сондай-ақ су, автомобиль көлігімен не ГОСТ 9218 бойынша теміржол цистерналарында құйылған түрінде сол көлік түрі үшін жарамды болып келетін жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес тасымалданады. Цистерналар осы өнім түрімен жанасу үшін бекітілген тәртіппен рұқсат етілген болаттан, эмаль жалатылған болып не тоттанбайтын болаттан жасалған болып, не өзге де қорғағыш жабындарға ие болып не осы өнім түрімен жанасу үшін бекітілген тәртіппен рұқсат етілген өзге материалдардан жасалған болуы тиіс. Өздерінде бөліп құю не өнекәсіптік өңдеу үшін өзге кәсіпорындарға ыдыстарға құйфлмаған түрінде тиеп жіберілетін коньяктар осы өнім түрімен жанасу үшін бекітілген тәртіппен рұқсат етілген ыдыста сақталады. Коньяктар желдетілетін, бөгде иістер жоқ үй-жайларда 5 °С-дан төмен болмайтын температура жағдайында сақталуы тиіс. Коньяк құйылған шөлмектер тікелей күн өзінің әсеріне түспеуі тиіс. | ||||||||
экологиялық |
Коньяктың құрамындағы уытты элементтер мен радионуклиттердің мөлшері «Тағам өнімдеріне қатысты санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» мен «Кедендік Одақтың санитарлық – эпидемиологиялық қадағалауына (бақылауына) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлық – эпидемиологиялық және гигиеналық талаптары» санитарлық ережелерімен бекітілген нормалардан аспауы тиіс.
| ||||||||
қауіпсіздік |
Қабылдау ережелері – ГОСТ 14137 бойынша. Құрамындағы уытты заттар мен радионуклидтердің мөлшері өнімді өндірушінің келісілген түрде бекітілген тәртіппен белгіленген мерзімі бойынша бақыланып отырады. |
- Сапа көрсеткіштерінің мәнін анықтау әдістері. Коньяк өніміндегі метил спиртінің массалық концентрациясын анықтау
Негізгі метил спиртінің ерітіндісін дайындау
Метил спиртінің 1,000г массасын бюксте өлшеп, оны сыйымдылығы 100 см3 колбаға алмастырады және көлемін этил спиртінің ерітіндісі 40%-ға жеткенге дейінгі көлемде өлшейді.
Сынауды жүргізу
Коньякқа немесе коньяк спиртіне сынаужүргізудің алдында этил спиртінің ерітіндісін 40% көлемінде болғанша дистилденген су қосады. Алынған сұйықтықты сыйымдылығы 50 см3 нақты белгіге дейін колбаға құяды да, ажырататын (айыратын) колбаға (дөңгелекті немесе жайпақ су түбіндегі) алмастырады және ажыратуды бастайды. Қабылдауды жаңағы өлшеуіш колба атқарады. Өлшегіш колба, мәселен 80%-ға толғанда ажыратуды аяқтайды, содан соң колба ішіндегісі дистилденген су дәлдігіне жеткізеді. 0,25см3 алынған дистилді тығыздалған тығынды түтікте (пробиркада) өлшейді және метил спиртінің үлесін анықтайды. Бақылау ерітіндісін дайындау кезінде этил спиртінің 0,25см3 ерітіндісінің орнына дәл сол мөлшердегі дистилденген суды алады.
Нәтижелерді өңдеу
Метил спиртінің массалық концентрациясы, Х, сусыз спирттің г/дм3 көрсетіледі және келесі формула бойынша есептеледі
мұндағы: 100 – метил спиртін анықтау нәтижелерін сусыз спирттің дм3 қатысты қайта есептеу коэффициенті;
А – ГОСТ 13194 бойынша анықталған метил спиртінің массалық концентрациясы, г/дм3;
С – коньяктағы этил спиртінің көлемдік үлесі, %.
Қорытынды
Сонымен қорытындылай келсек, коньяк спирттілігі өте жоғары алкогольді ішімдік. Коньяктың пайдасы: егер оның өзінің белгіленген мөлшерінде тұтынатын болса ол адамның иммунитетін және ағзаның тонусын жоғарылатып, қан айналымын жақсартады. Оның антибактериялық қасиеті бар. Ал коньяктың зиянына келетін болсақ, егер коньякты шамадан тыс көп тұтынса, онда адам ағзасының жұмыс істеуін нашарлатады, әсіресе ми жүйесі тоқтап, адам өзінің не істегенін білмеуі де мүмкін.
Тұтынушыдардығ анализі бойынша бұл өнімді ер адамдар көп тұтынады. Жастар мен қарттар үшін пайдасынан қарағанда зияны көп. Отандық коньяк өнімі біз үшін өте тиімді әрі бағасыда қолайлы.
2011жылғы мәлімет бойынша қаңтар -ақпанда 933,2 мың литр коньяк шығарылды, бұл 2010 жылдың сол мерзімдегі көрсеткішінен 72,1% артық болған.
Бұл курстық жұмысты орындай отырып мен көптеген мағұлматтармен қатар коньяктың түрлі сапа көрсеткіштері бар екенін және олардың салмақтылық коэффициентін есептеуді, ұтынушылардың талаптар анализін жасап, статистикалық мәліметтер сызбасын құрастыруды үйрендім.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- ҚР СТ 2104 – 2011
- ГОСТ 13194-74
- К. Күзембаева, Т. Құлажанов, Г. Күзембаева «Азық – түлік өнімдерін тану», Алматы 2006 жыл
- Рэй Фоли. Глава 9. Коньяки и арманьяки // Рецепты коктейлей для «чайников» = Bartending For Dummies. — М.: «Диалектика», 2007. — С. 416.
- Nicholas Faith. Cognac. — 2004. — 280 с.
- bacchus.kz/kz/about/bacchus/
history.html
~ ~