Сақтандыру нарығы. 4

Жоспар

 

Кіріспе........................................................................................................3

 

1.  Сақтандырудың теориялық мәні. 

    1.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні. Сақтандыру нарығының қызметтері..........................................................................................5    

    1.2. Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасуы.........................8

 

2. Қазіргі кезеңдегі ҚР-ғы сақтандыру нарығы.

    2.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының дамуын талдау..... ...............................................................................................................13

    2.2. Қазақстан Республикасындағы  сақтандыру жолдарын толық жетілдіру......... ......................................................................................................16

    2.3. Әлеуметтік сақтандырудың қажеттілігі...........................................21

 

  3. Сақтандыру қызметтері   дүниежүзілік өрісінің даму үрдістері және қазақстандық сақтандыру нарығының болашағы  ......................................................................................................26

 

Қорытынды............................................................................................30

 

ПАйдаланған әдебиеттер тізімі................................................32

 

қосымша ...............................................................................................33

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Сақтандыру экономиканың маңызды, бірақ әлі аз зерделенген аясы болып табылады. Сақтандырудың пайда болғанына көп уақыт өтті, оның мақсаты: адамды кездейсоқ қауіптерден сақтау. Сақтандыруда материалдық заттардың өндірісі, айналысы, ауысуы мен тұтыну барысында адамдар арасында қалыптасатын белгіленген экономикалық қатынастар іске асырылады. Ол барлық шаруашылықтағы субъектілерге және қоғам мүшелеріне залалдың орнын толтыру кепілдігін береді.

Сақтандыру нарығы –  ол ерекше әлеуметтік экономикалық орта, экономикалық қатынастардың белгіленген  аясы, онда сату-сатып алу объектісі – сақтандыру қорғауы. Сақтандыру нарығының объективтік негізі – ол үздіксіз қайта өндіру процесін қамтамасыз ету қажеттілігі (қайта өндіру процесі (үдерісі) – ол материалдық игіліктердің, жұмыс күшінің және өндірістік қатынастарының үздіксіз өндірісі) сәтсіз оқиғалардан зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсету жолымен.

Бүгінгі күні ҚР-ның сақтандыру нарығының дамуы өзекті мәселе болып саналады. Қазақстанның сақтандыру нарығы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сақтандырылушы – клиенттердің төлем қабілеттілігі, сақтандыру заңнамасының жағдайы және ондағы мемлекеттік реттеудің тиімділігі сияқты тенденциялардың жиынтығымен сипатталады.

Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық нарығы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі  міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық нарығын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасында  әлеуметтік қамтамасыздандыру мен  әлеуметтік сақтандыруға үлкен көңіл  бөлінеді. Яғни, республикамызда бүгінгі күні дамып келе жатқан  сақтандыру түрлеріне және олардың даму жолдарына шамалы тоқталып өтсек, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің — жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен — еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

Республика экономикасының соңғы жылдардағы тұрақты өсуi және ұлттық сақтандыру индустриясын реформалау бойынша мемлекет қабылдаған шаралар  осы саланы жеделдетiп дамытуға мүмкiндiк  жасады. Сақтандыру рыногының негiзгi көрсеткіштерінің динамикасы бiрнеше жыл iшiнде оң түрде сипатталады

Сақтандыру тек басшыларды және жұмыскерлерді қаржылық қорғаумен  ғана қамтамасыз етпейді, сонымен бірге, олардың ынталарын (қызығушылықтарын) біріктіруге мүмкіндік береді. 

Сөйтіп, әртүрлі тәуекелдіктермен байланысты нарық шарттарында сақтандырудың рөлі жеке және заңды тұлғалардың қызығушылықтарын қорғауғаудың басты құралы болып саналады. Сақтандыру аумағына жаңа субъектілер кіреді, олар - сақтандыру қызметін ұсынатын жақтар мен бұл қызметтерді пайдаланатын тұтынушылар.  Олардың қызығушылықтарын ұйымдастыруда және де елдегі арнай сақтандыру ісі құқық базасыз іске асырылмайды. Сондықтан да оның негізін құрайтын Қазақстан Республикасының «Сақтандыру туралы» заңы болып табылады.

Курстық  жұмыстың мақсаты – сақтандыру нарығының теориялық, практикалық және оның қазіргі кездегі даму динамикасын зерттеу болып табылады.

Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді  қоямыз:

    • сақтандырудың теориялық мәнін анықтау;
    • Қазақстанда сақтандыру нарығының  қалыптасуын қарастыру;
    • Қазақстан Республикасындағы  сақтандыру нарығының дамуын және жетілдіру жолдарын талдау;
    • Әлеуметтік сақтандырудың қажеттілігі;
    • Сақтандыру нарығының болашағы. 

Жұмыстың әдістемелік  негізі болып, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, отандық ғалымдардың еңбектері, жыл сайынғы статистикалық жинақтар табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.  Сақтандырудың теориялық мәні.

 

    1.  Сақтандырудың тарихи,  әлеуметтік-экономикалық мәні, оның

қызмет ету салалары. Сақтандыру нарығының қызметтері.

 

 

Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша  сферасын бейнелейтін көне қатегорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әлауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде  қалыптасады.

[1. 356б]

Сақтандыру нарығы түрлі секторларының арақатынасы, сақтандыру қорының мөлшерлері бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларының саралау, коммерциялық қызметін әртараптандыру мәселелері бойынша және ұлттық сақтандыру нарығының құрылымдық тұрғызылуын және оның негізгі қосымша жүйешесін тұтас алғанда осы уақытқа дейін жалпы танылған белгілері жоқ.   Сақтандыру  нарығының ұтымды  құрылымдық ұйымдастырылуы туралы түрлі зерттеушілер түсініктері қағидалы тұрғыдан бөлінеді. Мысалы, К. Бернар, С. Левин және басқалары «сақтандыру нарығының жемісті қызмет атқаруы үшін бүкіл сақтандыру өрісі бойынша белсенді бәсекелесетін әмбебап түрдегі сақтандыру компаниясының салыстырмалы шағын мөлшері қажет» деп санайды. Р. Флинч бұл көзқарасты: «сақтандыру қызметтерінің сапасын арттыру сақтандырудың жеке түрлеріне шоғырландыру стратегиясын пайдаланумен қамтамасыз етіледі»  деп оны тікелей   бекерге   шығарады.   Мамандандырылған   және   әмбебап сақтандыру  бизнесінің  арақатынасы,   сақтандыру  қызметтерін ұйымдастырудың тағы да бір шешілмеген проблемаларының бірі сияқты көрінеді, олардың ішінде міндетті және ерікті сақтандыру арақатынасын анықтау да бар. Талдампаздардың көпшілігі міндетті сақтандырудың экономикалық мәні екі ұшты сипатта болады деп  санайды. Бір жағынан, сақтанушылар міндетті сақтандыру қызметтерін сатып алудан бас тарта алмайды, екінші жағынан нарықтық қатынас кезінде мәміле жасау үшін нақты сақтандыру компаниясын  тандап  алу  үдерісі   еркін  талап    етеді.   Міндетті сақтандыру кезіндегі бұл қарымқатынастың екі жақтылығы сақтандыру   қызметі   нарығыңың   елеулі   бөлігін   іс   жүзінде асимметриялық нарықтық қатынастар саласы ретінде жасайды. Бірінші жақ — сақтанушыларының, екінші жаққа қарағанда, еркін таңдап алу мүмкіндігі мүлдем аз, демек әрі сатып алушылар үшін, әрі сатушылар үшін тек сауда серіктесін таңдап алғанда ғана емес, сонымен бірге нақты мәмілені жасау немесе жасамаудың тең мүмкіндігін қамтамасыз ететін бәсекелес нарықтың маңызды талаптарының бірінің жоқтығы. Сақтандыру қызметтері нарығында міндетті сақтандыру кезінде сақтанушылар мәмілені жасамау мүмкіндігінен айырылған. Яғни ерікті сақтандыруға байланысты бөлігі, толық еркін, шынайы нарық ретінде қаралуға тиіс. Басқасы  жалған нарық сияқты, өйткені сақтанушьшар өз құқықтары бойынша шектелгендіктен, өз тілектеріне байланысыз мәмілеге мемлекеттік органдардың ұйғарымдары бойынша отырады. Сақтандыру дамуының алғашқы жолында таралған сақтандыру нарығының құрылымдық бөлшектеп байланыстыруы пайда болады. Нашар дамыған сақтандыру қызметтерінің ұлттық нарықтары міндетті сақтандыруға сүйенеді, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде ерікті сақтандырудың алуан түрлілігі басым. Сонымен, бір қалыпсыз қабылдауда міндетті және ерікті сақтандырудың арақатынасы сақтандыру қызметтері нарығының жетілу көрсеткіші болып табылады, дегенмен де оның жетілуіне нақты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты айтарлықтай әсер етеді. Экономикасы әлеуметтік бағдарланған жоғары дамыған елдерде сақтандырудың міндетті түрлерінің үлесі әжептәуір жоғары болып қалуда. Сондықтан міндетті және ерікті сақтандырудың арақатынасының белгілері сақтандыру нарығының құрылымдық ұйымын зерттеген кезде маңызды мәні болғанымен абсолюттік тұрғыдан таныла алмайды.[2, 144б]

Егер экономиканың даму қарқынына сүйенетін болсақ, сенімді көзқарас сценарийді іске асыру біршама ықтимал және күтуге болады. Әрине, сақтандыру қызметтерінің отандық нарығы 10-15 жыл ішінде дүниежүзілік сақтандыру нарығында бәсекеге қабілетті болады дегенге сену күмәнді, алайда оған жақындай түсетін қадамдар жасалады. Мәселенің сенімді қойылуы ұлттық сақтандыру нарығының айтарлықтай жоғары қарқынмен өсуін жорамалайды, бұл мінсіз менеджменті, сақтандыру маркетингінің дәстүрлі емес нысандарын пайдалануды, жаңа сақтандыру қызметтері мен өнімдерді белсенді енгізуді талап етеді. Сақтандыру бизнесінде капиталдандыруды біртіндеп өсіру және отандық сақтанушьлардың бәсекеге артықшылығын кезең кезеңмен күшейту бағдарламалық міндеттерді шешпейді, стратегиялық қайта құруды талап етеді.

Сақтандырудың мақсаты  қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы  үшін мына белгілер оған тән болып  келеді:

1. қатынастардың ықтималдық сипаты;

2. қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда — мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
  • сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
  • оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
  • сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
  • ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болган кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.  

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді. 

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде керінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономиикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен — қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы  бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпы ұлттық сипаты бар төтенше оқиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда   тұрақты   жұмыс   істейтін   қорлардан   басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жүмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепетендікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.

Сақтық қорлары —  қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.

Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорларының басқа  қорлардан ерекшелігі: олар алдын  ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол  табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден бір бөлігі.[1, 356б]

Нарықтық экономикада  сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін рыногында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін керсетуге сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.

Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы  бірқатар факторлармен айқындалады.

Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.

Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі  саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.[1, 357 б]

Табиғаттың төтенше  күштері, кездейсоқ құбылыстар, өндірістік факторлар мен ақшалай кірістер есебінен қатерлердің орнын толтырумен байланысты экономикалық қатынастар дербес сақтандыру категориясын бөледі.

Сақтандырудың мақсаты  азаматтарды, мүлікті, қоғамды немесе үжымды қорғау және ұдайы өндірістің үздіксіздігің қамтамасыз ету үшін өндірістік процестерді қорғау болып табылады.[2, 366 б]

 

 

    1. Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасуы.

 

Марк Твеннен бақытсыздықты  болжайтын балгерлерден қорқасыз ба деп сұрағанда, жазушы «өзіне сенімді  екенін, өзінің өмірі сақтандырылғанын, әрі сақтандыру компаниялары маған . . . өлуге жол бермейді» деп жауап береді.

Бұл  әрине, ұлы адамның әзілі. Бірақ та шындығында, қаржы нарығында  заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша азаматтық құқықтық қатынастар жүйесіне, олардың өмірі мен денсаулығына, ақша қорланымдарына жай ғана емес, аса стратегиялық рөл беріледі.  Қазақстан дербестік алғаннан кейін бұл маңызды сегментті ақша қаржы кеңістігінде реформалауы табиғи нәрсе.

Ұлттық сақтандыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын талдау арқылы, оның негізгі  кезеңдерін анықтау керек. Нарық  жағдайында қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуекелдіктердің сан алуандығы және көптігі тән. Және де мүмкін болатын ысырап ықтималдығы артады, бірінші кезекте, жағымсыздықтарды ұлттық экономиканың түрлі сатылы деңгейлерінде, тәуекелдіктерді реттей отырып басқару арқылы, мейлінше азайту қажеттілігі туады. Алайда, мемлекеттік сақтандыру әлеуметтік, қоғамдық тәуекелдіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары зандық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Сондықтан тәуекелдіктерді басқару проблемасы  шаруашылық жүргізетін субъектілердің бірінші кезектегі міндеттері. Мұндай жағдайда кәсіпқой сақтандырушьлар арқылы сақтандырудың мәні арта түседі. Нарықтық реформалардың бастапқы кезендерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардың пайда болуына әкелді. Көптеген компаниялар сақтандыру қызметтің көп түрінің бірі ғана деп есептеді. 1994 жылдан 1998 ж. дейін олардың саны 22ден 71ге дейін өсті. Одан кейін бес жыл ішінде құлдырау жүрді. 2004 жылдың басында барлығы 34 компания жұмыс істеді. Сөйтіп, әлеуетті сақтандырушьшар тараптарынан мүдделілік танытқан кезде сақтандыру қызметтерінің нарығы Қазақстанда өзін өзі реттеді. 

Ұлттық нарықтағы құрылымдық атқарымдық сақтандыру қызметтері әлеуметтік - экономикалық қатынастардың даму деңгейіне және нарықтағы өзара қатынасушыларға бейімделген зандық сақтандыру негізінің жағдайына тікелей байланысты. Сақтандыру нарығының ауқымдарына байланысты, оны қосалқы жүйе мен сегменттерге бөлуде қатысушылар қызметін реттеуде түрлі тәсілдер қолданылады. Нарықта сақтандыру қызметтері дамыған елдерде, әдеттегідей, әрбір қатысушының әрекетіне айқын анықтама беріледі. Сақтандыру жүйесі азырақ дамыған мемлекеттердің зандарында сақтандыру қызметтері нарығын кұру және негізгі қатысушылар әрекеті туралы түсіндірілулер беріледі. Бұл Қазақстанға да қатысты: «Сақтандыру қызметі туралы» заңда сақтандыру нарығы құрылымдықатқарымдық өзара байланыстары айқын көрсетіліп толық анықтамасы келтірілмейді. Тек қана сақтандыру қызметіне қатысты занды және жеке тұлғалардың құрылымдалмаған тізімі ұсынылады. 2003 жылғы 10-шілдедегі «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 10 бабына сәйкес сақтандыру нарығына қатынасушыларға мыналар жатады:

•      сақтандыру (қайтасақтандырушы) ұйымдары;

•      сақтандыру қоры; 

•      сақтандыру агенті;

сақтанушы, сақтандырудан пайда  алушы;

•      актуарий (сақтандыру жарнасын есептеуші маман);

•      уәкілетті  аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);               

 өзара сақтандыру  қоғамы;

•      сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы өзге жеке және заңды тұлғалар.

Бұл институттардың өзара  іс-қимыл нысандары сақтандыру нарығы қосалқы жүйесінің ауқымын, мазмұнын және негізгі міндеттерін баламалы түрде көрсетуі тиіс: сақтандыру саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сақтанушылар мен сақтандырушыларды, сақтандыру қызметтері инфрақұрылым нарығының объектілерін, бірақ өкінішке қарай, бұлар заңда жоқ. Біздің пікірімізше, сақтандыру ісінде мемлекеттің қатысуы мемлекеттік сақтандыруды дамыту мен сақтандыру бизнесін реттеу сияқты бағыттарда көрінуі тиіс.

«Қазақстан Республикасындағы  сақтандыру жөніндегі» Қазақстан Республикасы заңын қабылдауға байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» 1993 жылғы қайта құру заңында қазір ешқандай да ерекше мемлекеттік сақтандырудың жоқ екендігі ескертілген. Ол барлық жағдайларда кәсіпқойлық қызмет түрі ретінде қарастырылуы керек делінген. Айтылған занды пайдалану тәжірибесі, бұл жақсы шешім болмағанын көрсетті және 1995 ж. 30 қазандағы (және келесілерінде) «Сақтандыру туралы» заңында сақтандыру қызметіндегі мемлекет рөліне қатысты баптар қарастырылды. Мемлекеттік сақтандыруды қадағалау мекемесі құрылып, оның құдықтары мен міндеттері анықталды, лицензиялау тәртібі нақтыланды. Яғни ішкі нарықты мемлекеттік бақылау мен біркелкі протекционистік (тамыртаныстық) қорғау кезінде сақтандыру қатынасында өркениетті реттеудің жаңаруы басталды.

Мемлекеттің қатысуы оның орындайтын міндеттерінен айқындалады: қазыналық, экономикалық, кепілдік, бақылау мониторингілік және т.б. Бірте-бірте бұл міндеттердің мәні өзгереді. Қоғамдықэкономикалық міңдетті іске асыру үшін, мемлекет бюджет қорын қалыптастыруы тиіс. Оған, ең алдымен қаржы ресурстарын толықтыру үшін қазынашылық міндет тән. Мемлекет, өзара ережелерін заңда белгілеп, сақтандыру үдерісінің тәртібін реттей отырып, сақтандыру қатынастарына жанама түрде араласады. Ол мемлекеттік бюджетке, өзінің сақтандыру қорлары мен резервтеріне аударымдарды белгілейді. Яғни, сақтандыру саясатын жүргізу, сақтандыру жүйесін кұру және сақтандыру қызметін біртұтас нормативтіәдістемелікпен қамтамасыз ету, сақтандыру зандарының орындалуына   бақылау,   қазынашылықпен   тығыз   байланысты басқа да міндеттерді және белгілі бір әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізудегі реттеулер мемлекет құзырына жатады. Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен оның шығыс бөлігін қалыптастыратын қазір заңдық және атқарушы билік органдарының қарамағындағы халықтың  еңбекпен  қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын әлеуметтік  сақтандыру  енуі  тиіс.   Халықтың  бұл  тобына  түсетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың бұл санатының тек мұқтаждық және еңбекке   жарамсыздық   дәрежесімен   анықталады.   Сақтандыру төлемдерін   қоғамның   барлық   жұмысқа   жарамды   мүшелері мен жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан жиналған каражаттан төлеу қажет. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс. Оның әлеуметтік қорғанысын арттыру мақсатында міндетті  сақтандыру тізбесіне әлеуметтік және медициналық сақтандыруды енгізу ұсынылады. Жарналар әлеуметтік салыққа енетін түсім бөлігінің есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттің міндетті ісі  кепілділік. Сақтандандыру төлемдеріне кепілдік беру Қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылардың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары  сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары. Сақтанушыларға (сақтандырылған) мәжбүр болған кепілдікгі төлемдер Қор арқылы тек, сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге асырылады.

Жеке сақтандырудың  мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан  айырмашылығы — жеке адамның сақтандыру қорын өз жарналары ссебінен оның материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған  әрі ол ерікті сипатта болады. Сақтанушы  тәуекелдікгі тандауға да, сақтандыру компаниясын тандауға да ерікті.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың міндеттілігі — әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енгізілген адамдарды  сақтандыру арқылы қорғауын күшейту; кепілдік; сақтандыру жарналарын жинау және қорларды қалыптастыру есебінен әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру үшін ресурстарды шоғырландыруға бағдарланған экономикалық; инвестициялық  уақытша еркін ақша қаражаттарын мемлекеттік қағаздар, кәсіпорындар акцияларына, банкінің бағалы қағаздарына және басқа қаржы құралдарына жұмсаудан пайда алу есебінен сақтандыру қорларыи арттыруға бағыттау; реттеу — сақтандыру тәуекелдіктерін бөлу міндеттерін орындау қажеттілігінен туындаған. .[3, 36 б]

Бүгінгі күні сақтандыру компаниялардың дамуы шетел сақтандыру компаниялармен  бірдей бәсекелестікте болмайды. Біздің шағын дамыған сақтық нарығымыз шетелдің сақтандыру компаниялардың үлкен көлемін сиғыздыра алады. Өнеркәсіп өнім көлемінің қысқаруына және ЖІӨ төмедеуіне байланысты Қазақстан Республикасында сақтық нарығы даму жолында жатыр. Сақтандыру төлемдерінің өсу қарқыны 1992 жылдан басталады. Мысалы, 1996  жылы ол 130% құраса, 1997жылы 129% құрайды. Бірақ осы берілгендерді  инфляция қарқынымен салыстырсақ, сақтандыру сыйақылары  1997 жылдан бастап дамыды  (117%), өйткені, ең бірінші рет өсу қарқынының  инфляция деңгейінен  өсуі байқалды. Нақты сақтандыру сыйақылардың көлемі  93% деңгейінде орналасты, яғни  1995 жылмен салыстырғанда  7% төмендеді. Міндетті түрде мынаны белгілейміз ЖІӨ ге сақтандыру сыйақылардың салыстырмалы өлшемі соңғы жылдар  1% құрап, өзгеріссіз қалды.

1997 жылы сақтандыру  төлемдері төмендеді, негізінен  ол өзін сақтандыру, жауапкершлігін  сақтандыру және мемлекеттік  емес міндетті сақтандыру есебімен  байланысты.

Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық нарығы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық нарығын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы

 

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының дамуын талдау.

 

 Қазақстанда сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру делдалдарының қызметіне бақылауды мемлекеттік уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкілік және сақтандыруды қадағалау департаменті жүзеге асырады.

Бұл үдерістердің алуан түрлігі басқару мен реттеу арасындағы ортақтық пен айырмашылықты анықтауды талап етеді. Олар ортақтығы бірдей жүйеде қызмет атқарады: реттеу мен басқару көмегімен жүйенің тұрақтануы қамтамасыз етіледі, серпінділік тепетендікке қол жеткізіледі, бағдарламалық мақсаттар іске асырылады. Алайда басқарудың реттеуге қарағанда өрісі кең, өйткені соңғысы біріншінің негізгі атқарымдық қатарына жатады. Басқару оның мазмұнын сипаттайтын қосалқы жүйелер: ақпараттық қамтамасыз ету, кері байланыс қағидасы, нысаналылық, кадрлық элеует (менеджмент) басқару тетіктерінен тұрады. Бұл ерекшеліктер тек өзінезі басқаратын кеңістік жүйелеріне тән, оларға әлеуметтік, оның ішінде сақтандыру да жатады.

Қазақстанда біршама  басқа көрініс қалыптасты. Қазіргі  уақытта мұлда «Сақтандыру қызметі  туралы» төртінші заң еңгізілген, ол ұйымның қызметін қатаң реттеуге, сақтандыру үдерісін ретке келтіретін, әлементтерді енгізуге мүмкіидік береді. Алайда, оңтайлы сэттерден басқа теріс сэттер де болады. Кейде, мемлекеттік екілеттік органды сақтандыру және қайта сақтандыру Ұйымдарының қызметтеріне бақылау міндеттерін беру, істәжірибеде сақтандыру бизнесінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдаумен де ауыстырыи алады. Сонымен, Ұлттық банк істәжірибеде дербес мөлшерлі шығармашылықпен шұғылдана отырып, өзі заң шығарушы орган  ҚР Парламенті қызметін де орындайды. Сондықтан уәкілетті мемлекеттік органның қабылдайтын нормативтік құқықтық актілері әрқашанда қолданыстағы зандарға, ҚР Конституциясына, Азаматтық кодекске, «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға т.б. сәйкес келе бермейді. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы банкілер мен банк қызметі туралы» зандық күші бар, ҚР Президентінің Жарлығы (8бап) банкі қызметіне жатпайтын операцияларды банкілерге жүзеге асыруға тыйым салады, бірақ оларға сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталына қатысуға жол береді. Сондықтан банк саласы басшыларының шындығында нарықты монополиялаңдырып, шағын және орташа сақтандыру компанияларын ығыстырып шығару үшін еншілес сақтандыру компанияларының капиталын пайдалануға мүмкіндіктері бар. Қазір жұмыс істейтін 41 сақтандыру компаниясы сақтандыру нарығының 60%нан астамына ие.

Бұған 1999 жылғы 15 желтоксандағы ҚР Ұлттық банк Басқармасының Қаулысы мүмкіндік туғызды, ол бойынша 2000 жылғы 1қаңтардан бастап жұмыс істеп жатқан сақтандыру ұйымдары үшін, кейін «Сақтандыру қызметі туралы» соңғы заңмен қуатталған, меншікті капиталдың ең аз мөлшері 100 млн теңге мөлшерінде белгіленді. Ресейде де, сондайақ сақтандыру компанияларын капиталдандыруға қатысты талаптар күшейтілді. Мұнда өмірді сақтандыру және сақтандырудың басқа түрлерімен айналысатын ұйымдар үшін ең аз жарғылық қор, ұлттық валютамен есептегенде 14,5 млн теңгені құрайды. Мұндай құбылысты болдырмау үшін мемлекет сыйақылар, тарифтер мөлшерлерін анықтамай, басқа талаптарды қоймай, клиенттерді сақтандыру арқылы қорғауды, сатып алу міндетін реттеуі тиіс. Міндетті сақтандыру туралы кейбір зандардың сақтандыру компаниялары үшін тартымдылығы аздау. Экономиканың кез келген секгорындағы залалдар мен тэуекелдіктер туралы дерекгерін иеленіп, сақтандыру нарығының жемісті қызмет етуі үшін тиімсіз керсеткіштерді көрсетпей, тарифтер мен шарттарын дербес есептей алады.