Сақтандырудың экономикалық мәні

                              Жоспар: 

     

Кіріспе.............................................................................................................3  

І тарау. Сақтандырудың  экономикалық мәні және рөльдері...............6 

1.1.Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері ...............................6

1.2.  Сақтандырудың  жіктелуі......................................................................15

1.3.  Сақтандыру  нарығы..............................................................................17 

ІІ  тарау. Қазақстан  Республикасындағы  сақтандыру..........................22 

2.1.  Қазақстан  Республикасындағы сақтандыру компаниялары.............22

2.2.  Allianz Кazakhstan сақтандыру комапаниясы.....................................23

2.3 . Allianz Кazakhstan компаниясының қаржы жағдайы..........................24 

III тарау. Қазақстандағы сақтандыру нарығы.......................................28 

3.1.  Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары мен міндеттері......................................................................................................28 

Қорытынды.................................................................................................37 

Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................39

                            

             
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                     Кіріспе 

    Менің курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстандағы сақтандыру нарығын толықтай ашу. Біздің елімізде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаларға байланысты сақтандыру мәселесіне маңызды көңіл бөлмеу мүмкін емес. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторының бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне олардың мүліктері жойылып кеткенде немесе зақымдалғанда және табысты жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға кепіл беретіндіктен қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандырудың рөлі-ең алдымен экономиканы микро деңгейінде көрінеді. Сақтандырудың нақты келісім-шарттары өздерінің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатындағы жеке және заңды тұлғалармен жасалынады. Ірі аймақтарды қамтитын жүздеген кәсіпорынның мүдделерін бұзатын мыңдаған халықтың өміріне қауіп төндіретін ірі табиғи техногендік сипаттар пайда болуына сәйкес зардаптарды сақтандыру жүйесі арқылы өтеудің микроэкономикалық салдары болады.

    Менің мұндай тақырыпты алған себебім: сақтандыру әсіресе соңғы жылдары  Қазақстанда ерекше қарқынды, үдемелі  түрде дамуда, сөйтіп оның экономикалық өмірдегі маңызы біршама артып отыр. Ал, негізгі мақсатым-сақтандыру туралы білімімді тереңдете, жетілдіре түсу болып табылады. Курстық жұмыстың тақырыбы-“Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары” деп аталады. Бұл тақырыптың өзектілігі-халық өздерінің материалдық құндылықтарын жоғалтпауына мүмкіндіктің бар болуы, сонымен бірге өмірін, денсаулығын сақтандыруына да болады. Сақтанушылар көлемі жылдан-жылға өсіп келеді.

    Бұл курстық жұмыстың міндеті:  теория жүзінде қаралатын тақырыптар:

  1. Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері;
  2. Сақтандырудың жіктелуі
  3. Сақтандыру нарығы;

Ал, зертханада:

  1. Қазақстандағы сақтандыру компаниялары туралы;
  2. Allianz Kazakhstan сақтандыру компаниясы туралы жалпы мәлімет ;
  3. Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары мен міндеттері

    Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективаларын талдау.

Әр қайсысына  қысқаша тоқталып өтсек:

    Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша  сферасын бейнелейтін көне категориялардың  бірі. Мақсаты-қоғамның, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау. Сақтандыру функциялары:

  1. бөлу;
  2. өтемдік;
  3. жинақтық;
  4. бақылау.

Ең маңыздылары: бөлу және бақылау.

    Бөлу  функциясы: қайта бөлу ретінде көрінеді. Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдырып, сақтық қорын қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз етеді.

    Сақтандыру түрлері:

Міндеттілік дәрежесі бойынша:

  1. ерікті;
  2. міндетті

Сақтандыру  объектісі бойынша:

  1. жеке;
  2. мүліктік.

Сақтандыру  өтемін жүзеге асыру негіздері бойынша:

  1. жинақтаушы;
  2. жинақтаушы емес.

Сақтанушы-белгілі  бір қажеттіліктерді қажет ететін тұлға.

    Сақтандырушы-сол  қажеттіліктерді қанағаттандырушы тұлға немесе ұйым. Сақтанушы мен  сақтандырушы арасында жасалатын келісім-шарт деп аталады. Шартта: сақтандыру түрі, объектісі, төлем мерзімі, сомасы, тәртібі және т.б. белгіленеді.

    Сақтық  нарығы дегеніміз-ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі  “ерекше тауар” сақтық қызмет болып  табылады және оған деген ұсыным мен  сұраным қалыптасады. Қазақстан Республикасының сақтық нарығына қатысушылары:

  1. сақтық ұйымы;
  2. сақтық брокері;
  3. сақтық агенті;
  4. сақтанушы,
  5. сақтандырушы;
  6. пайда алушы;
  7. актуарий;
  8. уәкілетті аудиторлық ұйым;
  9. өзара сақтандыру қоғамы

 жатады.

      Сақтандыру нарығының масштабы 3-ке бөлінеді:

  1. ұлттық;
  2. аймақтық;
  3. халықаралық.

    Міндетті  әлеуметтік сақтандыру-азаматтарды  еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы.

    Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңінде  сақтандыру заңнамасының негізі бар, ол толығымен реттеу мен қадағалаудың халықаралық стандарттарын ескеріп  құрылған, міндетті сақтандыру түрлерін оңтайландыру бойынша шаралар қолданылды, сақтандыру ұйымдарының қызметіне талаптардың жаңа сапалық деңгейі көтерілген, оның ішінде олардың тұрақтылығы мен айқындылығына талаптар, сақтандыру қызметін пайдаланушылардың заңды мүдделерін қорғау жүйесін құру жөнінде, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын орнату мен дамытуда алғашқы шаралар жүргізілді. Сонымен қатар, Ұлттық сақтандыру индустриясы алдында мемлекет ішінде де, әлемдік деңгейде де экономиканы дамыту тенденцияларына негізделген жаңа мақсаттар мен міндеттер пайда болуда. Сондықтан республиканың сақтандыру нарығының дамуының тиімді бағыттарын және оларды жүзеге асыру жолдарын бегілеу маңызды.

     Қазақстанның сақтандыру нарығы қазіргі кезде көптеген мәселелерді бастан кешуде, оларды келесілерді қатыстыруға болады, өмірді сақтандыру мен жеке сақтандырудың өзге түрлері нарығын дамытудың кемшіліктері, сақтандыру ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін енгізу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі туралы статистикалық база мен өзге де мәліметтердің жариялылығын құру және қамтамасыз ету, сақтандыру компанияарының қызметін автоматизациялау. Сақтандыру секторының мәселелерінде тағы атап өтуге болатындары, ерікті сақтандыру бойынша ұсынылатын қызметтердің шектеулілігі, оған қоса ұзақ мерзімді және жинақтаушы өмірді сақтандыруда сақтандыру өнімдерінің қымбаттылығы (міндетті сақтандыру түрлерін қоспағанда, онда құн шарттары заңмен бекітілген) мен сұраныстың жоқтығы, нарықта жеке сақтандыру ұйымдарының пассивтілігі мен сақтандыруға, потенциалды сақтанушылардың қызығушылығының төменділігі, негізінен өмірді сақтандыру, сақтандыру ұйымдары өздерінің тәуекелін басқару сапасының төмендігі, жинақтаушы өмірді сақтандыру ұйымдары сақтанушыларға займдарды ұсыну жүйесінің дамымағандығы, халықтың сақтандыру нарығына сенімінің жетіспеуі, сақтандыру компанияларында қызмет көрсету сапасының төмендігі, сақтандыру бизнесі саласындағы алаяқтық. 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                     

                 І. Сақтандырудың экономикалық мәні және рөльдері. 

    1.1.Сақтандыру  ұғымы, объектілері  мен субъектілері 

    Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық  қызметінің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп-бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтың жекелеген сипаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушінің, олардың топтарының натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

    Сақтандыру  дегеніміз-сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты кешені. Сақтандыру қызметі-сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына    сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметтері. Сақтандыру ісі  және   сақтандыру  қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, оның ішінде өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей пайдаланады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана Қазақстан Республикасының резиденті-уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру ұйымы жүзеге асыра алады. Сақтық қорлар қоғамның ұлттық шаруашылығы әр түрлі алдын-ала болжауы мүмкін емес, оқиғаны сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорларының жүйесі-қажетті құрамды бөлігі. Мүліктік мүдделерді қорғауды материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын таптыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қоры нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады. Сақтандыру қорларының басқа қорлардан ерекшелігі, олар тұтынушының қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі. Сақтандырудың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір тікелей арналымда сақтық төлемді төлеу үшін

пайдаланылмауы  мүмкін. Мұндай жағдайда сақтық қорлардың  қаражаттары қосымша табыс алу  үшін коммерциялық айналымға жіберуі  мүмкін. Бұл табыстың бір бөлігін  табыскерлерді тарту үшін, сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық жүйе Республикада экономикалық сенімді әрі орнықты дамуына халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға азаматтар мен шаруашылық субъектілердің мүлкін сақтандыруға ықпал етуі тиіс.

Сақтандырудың жалпы жүйесі 3 бөлімнен тұрады:

  1. қоғамдық қорғаудың жүйесі;
  2. әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру;
  3. жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.

    Сақтандырудың жалпы жүйесінің дербес бөлігі-медициналық сақтандыру. Сақтандыру-сақтандырудың төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке және заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатарлар кешені. Ерекше сақтық қатарлар сақтық қызметінің нарығын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғаныс. Сақтандырудың қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы мен сақтандыру мәселелері жөніндегі үкімет қаулысымен және Ұлттық Банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады. Сақтандыру процесі-сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.

    Сақтандыру  кезінде-сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың  екі негізгі әдісі  бар:

  1. бюджеттік әдіс;
  2. сақтық әдісі.

    Қорларды  қалыптастырудың бюджеттік әдісі  бюджеттің қаржысын, яғни бүкіл қоғам қаражаттарын пайдалануды болжайды. Сақтық әдісі-қорларды шаруашылық жүргізуші субъектісімен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын-ала қарастырады.     

    Сақтандырудың мақсаты-қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

    Сақтандыру  категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

  1. қатынастардың ықтималдық сипаты;
  2. қатынастардың төтенше сипаты (кез-келген ауқымда-мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

    Сақтандыру  категориясының қаржы  категориясымен ортақ  өзгеше белгілері  бар:

    • сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;
    • сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
    • оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен, қосарланып отырады;
    • сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
    • ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді.

    Сақтандыру  шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады. Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушының төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру-қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы. Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді. Сақтандыру-сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

    Бөлу  функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын  алу функциясына, мысалы, алдын алу  шараларын қаржыландыру жолымен  сақтық жағдайының болу мүмкіндігін  жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

    Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдыруды  және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты. 

                                 Сақтанушы мен сақтандырушы. 

    Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі  бойынша мыналар сақтандырудың  нысандары болып табылады:

    • міндеттілік дәрежесі бойынша: ерікті және міндетті;
    • сақтандыру объектісі бойынша: жеке және мүліктік;
    • сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша: жинақтаушы және жинақтаушы емес.

    Міндетті  сақтандыру-заңнамалық актілер талаптарына  орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілерімен белгіленеді.

    Ерікті  сақтандыру-тараптың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

       Аннуитет ( неміс тілінде-кенже, латын тілінде-жыл сайынғы төлем) сақтандыру ісінде рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемнің шамасын көрсетеді. Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қаупі, жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.

    Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру-сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың  салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада, не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде  сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

       Медициналық сақтандыру-сақтандырылушының  медицина мекемесіне медициналық  сақтандыру  бағдарламасына енгізілген  медициналық қызмет көрсетулерді  сұраған жолдамаларынан туындаған  шығыстарын ішінара намнсе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

       Көлік құралдарын сақтандыру-көлік  құралын иеленуге, пайдалануға, оған  билік етуге байланысты адамның  мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап және ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

      Жүктерді сақтандыру-жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы және жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

      Мүліктік сақтандыру-мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге  байланысты адамдардың мүліктік  мүдделеріне(автомобиль, темір жол,  әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

       Азаматтық-құқықтық жауаптылықты  сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлігіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын  міндеттемелер бойынша жауапты болу(келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелін сақтандыру. Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады. Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі. Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық  жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан пайда алушы ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.

       Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру  кезінде кәсіпкердің сақтанушы  ретінде іс-қимыл жасайтын келісім-шарт жасаушы агенттерінің  өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметінің залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала-алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін. Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғалардың пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.

     2005 жылдың  басынан бастап “Сақтық  төлемақыларына кепілдік беру қоры”  өзінің тікелей қызметін бастады. Қор “Сақтандырудың кепілдік беру қоры туралы” заңға сәйкес жарғылық капиталында Ұлттық Банктің 100%-дық қатысуы болатын акционерлік қоғам  нысанында құрылған. Қордың қатысушылары сақтандырудың тек міндетті түрлерін жүзеге асыратын сақтық компаниялары болады. Бүгінде сақтандырудың мұндай 10-шақты түрі бар: әлеуметтік сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы, жекеше нотариустар мен турагенттер,туроперациялар еңбек міндеттіліктерін атқару кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауаптылығын сақтандыру, үшінші тұлғаға (зауыттар, заправкалар, скважиналар) зиян келтіру қаупі бар  объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын, экологиялық және медициналық сақтандыру. Сақтандырылған мүліктің түріне  немесе тобына қарай  сақтандырудың мынадай түрлерін ажыратуға болады: ауыл шаруашылық дақылдарын, малдарды, құрылыстарды,  мемлекеттік, жекеменшік, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді, жүктерді, мұнай операцияларын және т.б сақтандыру.

     1996 жылдан бастап ауыл шаруашылығы  өндірісін: көп жылдық екпелілерді,  ауыл шаруашылығы малдарын, жылжитын  және жылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат жағдайларынан және өзге де дүлей апаттардан міндетті сақтандыруды қайта қалпына келтіру көзделді.

     Өмірді сақтандыру-азаматтардың  өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттігін  және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты  және әлеуметтік сақтандыру  қызметінің көмегімен жүзеге асады. Өмірді сақтандыру- сақтандырылушы қайтыс болған немесе сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

    Аннуитеттік сақтандыру- сақтандырылушы белгілі  бір жасқа жеткен, еңбек қабілетін  жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайда  немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына  әкеліп соққан өзге де жағдайда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың қызметтерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с. Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы  ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығы, әскери қызметшінің жеке құрамы, І І органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы қымметшілері сақтандырылады.

       Сақтандырудың экологиялық тәрізді  түрі жіктемеде аралық жағдайда  болады: ол жеке басты және  мүліктік, міндетті және ерікті  болуы мүмкін. Сақтық қатынастарының бұл бөлігінің баяндалған ерекшелігі мүлікті және жеке басты сақтандыру өзіндік өзгешелігі бар дербес экономикалық категория ретінде болып танылады деп түйін жасауға болады.

       Сақтанушы:

    1.сақтандыру  мүддесін көздеген және сақтандырушымен  заң күшімен немесе екі жақты келісім-шарт жөнінде азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа түскен жеке адам, әлде заңды құқы  бар мекеме;

     2.сақтандыру  куәлігін иеленуші

       Сақтандырушы:

    1.кез-келген  лицензиясы бар ұйым,тұлға

    2.сақтанушының  қажеттілігін қанағаттандырушы ұйым, тұлға

    3.тиісті  тәртіппен тіркеуден өткен, сақтандырудың  өз қызметтерінің  түрі ретінде  жүзеге асырушы заңды ұйым (шетел  азаматтары да қосылады)

    Сақтандырумен айналысатын мекемені мемлекеттік  тіркеуді сақтандыру қадағалауы жүргізіп, сақтандыруды жүргізуге құқық, яғни лицензия беріледі. Сақтанушы шартта көрсетілген соманы  уақытында төлеуі тиіс. Егер ол сома уақытында төленбесе, пенья ,яғни өсім өседі. Сақтанушы мен сақтандырушы бір-бірімен тығыз байланысты.

    Қазақстан Республикасы аумағындағы мемлекеттік сақтандыру қызметтерін реттеуді арнайы құрылған Үкіметтік ұйым-Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің сақтандыру Департаменті жүзеге асыруға тиіс. Қаржы Министрлігі сақтандыру Департаментіне сақтандырудың қызметін реттеу мақсатымен мынадай құқықтар беріледі:

    -сақтандыру  қызметін жүргізуге лицензия  беру;

    -сақтандырудың  бірыңғай мемлекеттік тізімін,  сақтандыру брокерлерінің тізімін  кіргізу; 

    -сақтандыру  мәселелері бойынша нормативтік  әрі әдістемелік құжаттарды жете  ойластырып, дайындау;

    -сақтандырудың Қазақстан  Республикасының  сақтандыру туралы заң шығарушыларының сақталуын және де олардың беріп отырған есептерінің растығына тексеру жүргізу;

     және  т.б.

    Сақтандырушы-сақтандырумен  айналысып, сақтандыру қорын құрып  және де оны жұмсайтын жеке адам немесе заңда құқы бар мекеме. Ұйымдастыру нысаны бойынша сақтандырушылар акционерлік сақтандыру қоғамы, өзара сақтандыру қоғамы, мемлекеттік сақтандыру ұйымдары  ретінде танылады. Нарықтық үлгінің экономикасында акционерлік сақтандыру қоғамы негізгі сақтандырушылар болып табылады.