Сатып алу-сату
Кіріспе…......................
І.Сатып алу-сату шартының жалпы ұғымы
1.1 Сатып алу шартының ұғымы және элементтері........
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен
1.3 Сатып алу – сату туралы жалпы ережелер.........
ІІ.Сатып алу сату шартының жекелеген түрлері.
2.1 Тауар жеткізілімі шарты.......
2.2 Келісімшарт жасасу шарты.........................
2.3 Қозғалмайтын мүлік сату шарты....................
2.2 Тұрғын үйді сату шарты.........................
2.3 Сатып алу-сату шартын бұзу
және өзгерту .................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
К
Қазақстан Республикасының қалыптасуы, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді.
Тауарлық, ақшалық, мүліктік және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түсті.
Сатып алу-сату шарты институты қазақтың шарттық құқығының құқықтық жүйе ретінде қалыптасуына үлкен әсер берді.
Кейінен азаматтық құқықта міндеттемелік құқық деген бір саланы қалыптастырды.
Қазіргі таңда сатып алу-сату шарты шарттық құқықтың ең көп тараған бір түрі болып табылады.
Сатып алу-сату шарты біздің мемлекетіміздегі өндіріс процесін және тұтынуды қамтамасыз етеді, тауар ақша қатынасының міндеттемелерін шешеді.Ол ұйымдар арасындағы экономикалық байланысты жүзеге асырудың құралы болып табылады..
Курстық жұмысының мақсаты ретінде сатып алу-сату шартының ұғымына, белгілеріне және элементтеріне түсінік беру табылады.
Осы мақсатқа жету үшін алдымызға келесі мынандай міндеттер қоямыз:
· сатып алу-сату шартының ұғымы мен белгілерін қарастыру;
· сатып алу-сату шартының
жекелеген түрлеріне толық
· сатып алу-сату бойынша жауапкершілік сұрақтарын қарастыру.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І. Сатып алу-сату шартының жалпы ұғымы
1.1 Сатып алу
шартының ұғымы және
Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелгі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі колданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егср біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсак, ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережедері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты кезқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкінішлігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде өкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген занды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық катынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қөзғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.
1.2 Сатушының және сатып
алушының құқықтары мен
Сатып алу-сату шарты азаматтық – құқықтық шарттардың кең таралған түрлерінің бірі болып саналды. Қазақстан Республикасы Азамматтық кодексінің ерекше бөлімінде шарттың дәстүрлі анықтамасы сақталған: сатушы тауарды сатып алушының меншігіне өткізуге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл тауарды қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндеттенеді. Азамматтық кодекстің ерекше бөлімі сатушы мен сатып алушының әрбір қадамын реттеп отырмайды. Жалпы ереже бойынша шарт талаптарын тараптар өздері анықтай алады. Бір жағынан, шарттардың көпшілігі, әдетте, стандарт ережелер шеңберінде жасалды. Бұл ережелер шарт жасар кезінде тараптар өзгеше талаптар қоймаған жағдайлар үшін қарастырылған. Сатып алу-сату шартының тараптарына қойылатын бірден-бір талап: барлық жағдайда да шарт нысанасын өздері анықтаулары қажет. Сатып алу-сату шартының талаптары онда тауардың атауы мен саны көрсетілгенде ғана келісілген болып есептеледі. Сатып алу-сатудың жекелеген түрлері үшін талаптардың кең көлемін міндетті түрде қамтуға қойылатын талаптар бекіту қажеттілігі қарастырылған. Мұндай талаптар, негізінен энергиямен қамтамасыз ету, қозғалмайтын мүлік және кәсіпорындар сату шарттарында талап етіледі. Сатушының негізгі мақсаты сатып алу-сатудың нысаны болып саналатын тауарды шартта көрсетілген мерзім ішінде сатып алушыға өткізу болып есептеледі, ал шартта мерзім белгіленбеген жағдайда , мерзімсіз міндеттемелердің орындалуы туралы ережелерге сай шешілуі керек. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды берумен бірге сатып алушыға оның керек жарақтарын, сондай-ақ құқықтық актілерде немесе шартта көзделген, соған қатысты құжаттарды беруге міндетті. Сатып алу-сату шарты оны қатаң белгіленген мерзімде орындалу талабымен жасауы мүмкін. Бұл тек мерзімі бұзылған кезде сатып алушының шартты орындауға мүдделігі жоғалатындығы шарттан айқын туындаған жағдайда ғана мүмкін. Сатушының мұндай шартты ондай белгіленген мерзім басталғанға дейін немесе біткеннен кейін сатып алушының келісуісіз және егер сатып алушы шарттың орындалуынан бас тарту құқығын пайдаланбаған жағдайда орындауға құқығы жоқ.
Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде көзделеді. Тауарлардың саны туралы оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін сатып алу – сату шартында берілетін тауардың айқында мүмкін болса, мұндай шарт заңды деп есептелмейді. Сатып алу сату шартында берілуге тиіс тауарлар түрі, модельді түсі және басқада белгілеріне қарай белгіленгендігі көзделеді. Сатушының мұндай шарт бойынша тауарды сатып алуға тараптан келіскен түр түрі бойынша беруге тиіс. Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінде сапа кепілдігі және тауар сапасынан қойлатын талаптардың бұзылуына сатушының жауапкершілігі қатаң көзделеді. Сатып алынған тауардың сапасы талапқа сай келмеген жағдайда сатып алушы шығымды өтеуді талап етуге құқылы. Сонымен қатар әрі бір сатып алушы өз таңдауы бойынша сатып алу бағасын төмендетуді немесе тауар кемшіліктерін тегін жоюды немесе тауарды кемшіліктерін жоюға жұмсаған өз шығымдарын өтуді талап етуге құқылы. Сапасы лайықты емес тауар алған сатып алушы, сондай ақ, мұндай тауарды шартқа сәйкес келетін тауар алмастыруды талап етуге құқылы. Мұндай тауарды алмастыру немесе жиындықтау тек сатып алушы тауар кемшілігі туралы дер кезінде хабарлағанда мүмкін болады. Сөйтіп, халықаралық сауда тәжірибесіне қалыптасқан тауар кемшіліктерін хабарлау тәртібі және бұл тәртіпті бұзу салдары ескерілген. Сатып алу сату шарты бойынша сатушы сатып алуға жиынтылығы туралы шарттың талаптарына сәйкес тауар беруге міндетті, шартта ол болмаған жағдайда жиынтықлығы айналымы дағдылармен немесе әдетте қойлатын өзге де талаптармен белгіленеді Сатып алушы тауарды алғанға дейін немесе кейін оның толық бағасы мөлшеріндегі сонымен төлеу тиістілігі көзделген. Сатып алушы тауар ақысын төлеу міндетін орындамаған жағдай сатушы тауар бағасын ғана емес, бөтен адамның ақшасын қолдану пайызын талап етуге құқылы. Негізінен тауарлардың көтерме айналымы, кәсіпкер сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қарым қатынас тауар жеткізілімі ретінде белгіленген. Мұндай комерциялық қарым- қатынастар талаптарын, ең алдымен, оған қатысушылар анықтайды.
Сонымен қатар коммерциялық айналымның заңда көзделуді және тараптардың басқаша келісімі болмаған жағдайда қолдануды қажет ететін танымал стандаттары бар. Бұл бөлімде халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы Вена конвенциясында бекітілген, сонымен қатар біздің елімізде қалыптасқан тауар жеткізілімнің кезеңдері, тәртібі, жетіспеген тауардың орнын толтыру, оларды таңдау, жеткізілген тауар үшін есеп айырысу, жеткізілім талаптарыңың бұзылу салдарлары туралы ережелер ескерілген.
Жеткізілім түрлері ретінде әдеттегі сатып алушымен салыстырғанда дайындаушыға бірқатар қосымша міндеттер жүктейтін ауылшаруашылық өнімдерінде келісім шарт жасасу қатынастары реттелген. Тұнғыш рет заң деңгейінде энергиямен жабдықтаудың арнайы ережелерін бекіту қарастырылған.
Тұтынушы – азамат үшін энергиямен жабдықтау шарты қатынастары, оны нақты желіге қосқан сәтте пайда болады. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау тұрақтылығы шарт мерзімі аяқталғаннан кейін шарты тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың біреуінің өтініші болмаған жағдайда шарттың әрі қарай өзінен- өзі ұзартылуымен қамтамасыз етіледі. Энергиямен жабдықтайтын ұйымның, қандай да болмасын сатушы сияқты, энергия сапасы туралы талаптардың бұзылуына толық жауаптылығы көзделген. Басқа да талаптар бұзылған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым осыдан келтірілген нақты залалды өтеуге міндетті.
1.3 Сатып алу – сату туралы жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: «Сатып алу-сату шарты бойынша мүлікті бір тарап (сатып алушының) меншігіне шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті тауарды( қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті». Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталған заттарды беретін шарт ретінде бағалау мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты – ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларға сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтардан қорғау үшін де қажет. Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін. Аталған мәмілілер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілілер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа.
Бір- біріне қарсы бағытталған екі тараптың субьективтік құқықтары мен міндеттері береді. Әңгіме шарттың мәнін құрайтын құқықтары мен міндеттері туралы б олады. Құқықтар мен міндеттердің көмекші мөлшер екі жақтан ауытқу болуы да мүмкін.
Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субьектілеріне және заңдылық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының АК-нің 152-бабына бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымда болып келеді. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары мемлекеттік тіркеуге жатады. АК-нің 495-бабы кәсіпорынның бір құжатты құру жолымен, екі жақтың қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған инвентаризация актісін, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құны мен құрамы туралы тәуелсіз аудитор қорытындысының міндетті тіркелуін қарастырады. Олар басқа да жылжымайтын мүлікті сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттік тіркеуге жатады, және де мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бастап жасалған деп есептелінеді.
Сатып алу – сату шартының субьектілері, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық Сатып алу-сату мүлік иесінің өзгеруіне әкеледі. Көрсетілген белгілер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлік жалдау (аренда), мердігерлік, сыйға тарту және басқа да шарттардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар жалпы мәнді де делінеді. Мысалы, олар мердігірлік қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдармен жұмысты орындай мердігер сатушы рөлінде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберінде сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болу мүмкін.
Басқа да құқықтық қатынастардағы сияқты, сатып алу-сату шартының элементтері болып біздің көзқарасымыз бойынша субъект, объект және мазмұн болып табылады. Шарттар элементінде «оның тараптары, нысанасы, бағасы, мерзімі, мазмұны, яғни екі жақтың құқықтары мен міндеттері жатады» деген И.В.Елисеев және басқа да авторлардың пікіріне өзіміздің келіспеушілігімізді білдіреміз. Мұндай көзқарас азаматтық құқықтың неғұрлым тұрақты теориялық ережесіне теріс ықпал етеді, түсініктің шынайы мәнін жоғалтуға әкеледі. Сатып алу-сату қатынасын үш мәнде белгілеуге болады. Біріншіден, бұл адамдардың ой елегінен өткен. Жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жасалатын мәмілелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда, жазбаша нысанда жасалуы қажет. Қазақстан Республика Президентінің «бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Сатып алу – с атудың кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшектеп сатып алу – сату шарты не мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін жекешелендіру ұқығында мүлкі бар мемлекеттік кәсіпорын, оның негізгі құралдарына жататын мұлікті, сонымен бірге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік ережелері бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне кейбір қосымшалар енгізу туралы Заңының редакциясындағы АК-ің 200-бабының 2-ші тармағы) Егер мемлекеттік келісім шартқа отыруына қысқаша тоқталсақ, мыналарды атауға болады. Заңды түрде мемлекеттің құқық қабілеттігі шектелмеген, бірақ олармен жасалатын шарттардың мінезі, мазмұны мемлекет атқаратын экономикалық және басқа да функциялармен анықталады.
Жеке тұлғалардың сатып алу-сату шарттарын жасасу мүмкіншілігіне олардың құқық-әрекет қабілеттерінің көлемі әсер етеді. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алады, ал басқа мәмілелерді жасауға олар өзінің қамқоршысының келісімі болғанда ғана құқылы (Қазақстан Республикасының АК-сі 27-бап 1-тармақ).
Егер жүйелі түрде жүзеге асырылатын сауда-саттық қызметі туралы айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кәсіпкер мәртебесіне иемденгеннен соң ғана оны жүргізе алатынын ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық заңды тұлғамен жүргізілуі мүмкін. Негізінен: Құқықтық қатынас субьектілері болып, жеке басымен және мүлкімен оқшауланған, құқықтарға ие болатын және міндеттерді көтеретін тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердің азамматтық құқығы сияқты жеке тұлғалар қауымдастықтарының (жәй серіктестіктердің) қатысуын да қарастырады, дегенмен бұл келтірілген аңықтаманың дұрыстығына әсерін тигізбейді.
Сатып алу-сату шарты өзінің ерекше нысанасының (затына), заңды және идеологиялық обьектілеріне иемденеді.
Қазіргі жағдайда олардың әрқайсысының мәні бірдей. Дегенмен, қазіргі өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және олардың пайдалану мақсатарының кеңюі, сатып алынатын тауардың сатып алу-сату затына талаптардың жоғарлауына әкеледі, әсірсе, егер тауар кейбір ерекше мақсаттарға арналса. Келісімшарт нормалары да олардың барынша анық бекітілмеуі жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнімнің сапасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып жағдайына барынша әрекет етеді.
Заттар сатып алу-сату шарты
нысанасының барынша кең
Тектік заттарға келсек олар қалған тауарлық масадан жекеленуі қажет екенін айта аламыз, сөйтіп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестіріледі және осындай түрінде сатып алады. Егер әңгіме жүйеленбеген тектік тауарды сату жөнінде болса, онда сатып алу-сату шартының нысанасы болып зат емес, мүліктік құқық келеді. Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы болашақ заттар болып келгенде де орын алады.
Тауар әлі өндірілмеген немесе табиғатта мүлдем жоқ. Еуропа елдерінің сауда құқығы жүйесіндегі бұған қатысты үш түрлі көзқарасы бар: біріншіден, кез келген сатушы шартта көрсетілген нысананы табыс етуді қамтамасыз етеуге міндетті, егер шартының орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, ол шартты бұзушы болып саналады; екінші көзқарас бойынша, егер тауар сатушының әрекетіне байланыссыз себептер бойынша өз талаптасуына иемденбесе, шарт нысананың болмауы салдарынан тоқтатылады, ең соңында егер сатып алушы өзіне белгілі себептермен тауардың қалай болса да жеткізілгеніне үміттенетін болса онда шарт нысанасы тауар емес (сатып алушының үміті) болып табылады.
Жоғарыдағы мысалдар нысанына ерекшеленуінің негізгі мәнін көрсету үшін келтіріліп отыр: шарт нысанасының сипаттамалары ең алдымен, шарт орындалмауының, сатып алу – сату шарттары тиісті орындалмауының тәуекелі үйлесуіне, екі жақтық құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Нысана ерекшелігі сонымен бірге сатып алу – сатуды жүзеге асыру тәртібіне де әсер етеді, мысалы, шетелдік сатып алу – сату Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңына және оның орындалуы үшін қабылданған заңға тәуелді нормативтік актілерге сәйкес жүргізілетін болады.
Егер шарт тауар бағасы оны негіздейтін көрсеткішке байланысты өзгертілуге жататынын қарастырсақ, бірақ бағаны қайта қарау тәсілі анықталмаса, баға шартты жасасу кезеңіндегі және тауарды беру бойынша міндетті орындау уақытындағы көрсеткіштердің өзара қатысуымен анықталады. Яғни тауарды оны өткізу кезеңіндегі өз құны көтерілуі не төмендеуіне қарай шарт бойынша оның бағасы тиісті дәрежеде көтерілуі немесе төмендеуі қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша осы, АК-ің 438- бабының 3-тармағында бекітілген ережелерде анықсыздық бар. Тауар бағасы шартты жасасқан кезде көрсеткіштердің және шарт бойынша ұсынылған тауарларды сақтандыру, тиеу, буып-түю, сатып алу, өндіру кезінде қалыптасатын олардың өзіндік құны қатысуының кезінде қалыптасуы керек.
Дегенмен, сатып алу – сату шарттарында экономикалық мазмұнмен жанама байланысты иемденетін қатысушылардың айрықша заңды жүріс-тұрысын мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына оферта мен акцепті, келіспеушілікті реттеуді, жедел шараларды қолдануды және басқа да әрекеттерді жатқызу керек.
ІІІ.САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТТАРЫНЫҢ
2.1 Тауар жеткізілімі шарты
Тауар жеткізілім
шарты дегеніміз – жеткізіп
беруші ұйым сатып алушы
Сатып алу- сату шартындағы
сияқты жеткізіп беру шарты бойынша
да тауарлар сатып алушының меншігіне
немесе жедел басқаруына жүргізуіне
өтеді. Алайда сатып алу – сату
шартына қарағанда тауар
Сөйтіп, тауар жеткізілім шартындағы тараптар мемлекеттік, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болып табылады. Жеткізіп беру жөніндегі шарттық қатынастың құрылымы негізінде 2 тәсілмен сипатталады. Бұлар тура шарттық қатынастар және делдалды шарттық қатынастар.
Тауар жеткізілімі шартының жасау кезінде тараптар арасында шырттың жекелеген тараптары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасасуды ұсынған және басқа тараптан осы талаптарды келісу туралы ұсыныс алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн ішінде, егер өзге мерзім тараптармен келісілмеген болса, шарттың тиісті талаптарын келісу жөнінде шаралар қолдануға не басқа тараптан оны жасаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиіс.
Тауар жеткізілім шарты консесуалды және қайтарымдыболып табылады. Бұл шарт жария шарттар санына жатпайды. Бірақ заңда көрсетілген жағдайларда жеткізіп Шарттың тиісті талаптары бойынша ұсыныс алған, бірақ тьауар беру шартының талаптарын келісу жөнінде шара қолданбаған мерзімде шарт жасасудан бас тарту туралы екінші тарапқа хабарламаған тарап шарт талаптарын келісуден жалтару туғызған залалдарды өтеуге міндетті.
Шартта тауар жеткізілімі кезеңдерін айқындаумен қатар, тауарлар жеткізілім (онкүндік, тәуліктік, сакғаттық және т.б) кестесі белгіленуі мүмкін.
Тауар жеткізілім шарты
негізінен сатып алушыға
Егер шартта өзгеше көзделмесе, онда сатып алушы тауар берушіге заң актілерінде белгіленген тәртіппен мерзімде тауар келіп түскен көп айналымы ыдысты және буып – тию құралдарын құралдарын қайтаруға міндетті басқада ыдыспен буып, -түю заттары тауар берушіге шартта көзделген жағдайларда ғана қайтарылуға тиіс сатып алушының тауар жеткізілім шарты бойынша негізгі міндет тауарды қабылдап, және оның ақшасын төлеу сатып алушы тауар жеткізілімі шартына сәйкес берілген тауарды қабылдауды қамтамасыз ететін барлық қажетті іс -әрекетті жасауға міндетті .
Сатып алушы қабылдаған тауар заң актілерінде, тауар жеткізілімі шартында немесе іскерлік айналым дағдыларында белгіленген мерзімде қаралуға тиіс.
Сатып алушының тауар жеткізілім шарты бойынша негізгі міндеті қабылдап және оның ақшасын төлеу сатып алушы тауар жеткізілімі шартына сәйкес берілген тауарды қабылдауды қамтамасыз ететін барлық қажетті іс - әрекетті жасауға міндетті сатып алушы қабылдаған тауар заң актілерінде, тауар жеткізілімі шартында немесе іскерлік айналым дағдыларында белгіленген мерзімде қаралуға тиіс.
Сатып алушы сол мерзімде заң актілерінде, шартты немесе іскерлік айналым дағдыларында белгіленген тәртіппен қабылданған тауардың саны мен сапасын тексеруге және тауарын байқалған сәйсіздіктері немесе кемшіліктері туралы тауар баға берушіге жазбаша түрде дереу хабарлауға міндетті.
Сатып алушы осы заң актілерінде және шартта көрсетілген мерзім ішінде сәйкессіздіктерді және кемшіліктерді байқағаны туралы хабарламаса онда сатушы жауапты болмайды.
Сатып алу- сатудың жалпы
ережелеріне қарағанда, тауарды
қабылдау міндеті азаматтық кодекстің
466 бабында кең көрсетілген
Егерде тауарлар сатып алушыға жеткізіп берушінің жеке өзі бермей, транмпорттық мекеме берсе, онда сатып алушы сол тауарларды транспорттық мекемеден белгіленген тәртіп бойынша қабылдап алуға міндетті.
Сатып алушының тауарды таңдау жағдайына, ол жалпы ереже бойынша беріліп жатқан жерде тексетуге міндетті.
Жеткіліксіз беріліп, орны толтыруға тиісті тауарлардың түр-түрін тараптардың келісімі бойынша айқындалады. Келісім болмаған жағдайда тауар беруші жетіспеушілікке жол берілген кезіңге арнап, белгіленген түр-түрі бойынша жеткілікзіз берілген тауарлар санының орнын толтыруға міндетті.
2.2 Келісімшарт жасасу шарты
Келісім – шарт жасасу шарты –сатып алу –сатудың бір түрі болып табылады. Сонымен қатар келісім –шарт жасау шарты жеткізіп берудің бір түрі болып табылады. Оның себебі –келісім –шарт жасасу шартының мазмұны тауар жеткізілім шартының жалпы түсінігімен қарастырылады. Келісім – шартжасасу шартының мұндай екеулі мінезді болуы , оның құқықтық реттелуін ерекше мінезде болатынын көрсетеді. Келісім –шарт жасасу шартын реттеуде тауар жеткізілім шартының нормалары қолданылады. Ал, реттелмей қалған сұрықтарды сатып алу – сатудың жалпы ережелерімен шешеді
Сатып алу- сату сияқты келісім – шарт жасасу шарты да қайтарымды.консесуалды және өз ара болып табылады .
Келісім- шарт жасасу шартын сатып алу – сатудың басқады түрлерінен субьектілік құрамы және пәні арқылы айыруға болады.