Саясаттану ғылымы
Саясаттану ғылымы
Саясаттану сөзі ("политология")
гректін, «политика" және "логос"
деген сөздерінен шыққан, саясат туралы
ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
дамзат саясаттың сиқырлы
сырын, құбылмалы кұбылысын
Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына
байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.
Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың
ортасында саясаты діни-
Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.
Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.
Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түйрудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін керсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды.
еодализмнің ыдырап, капиталистік
қатынастардың қалыптасу
Саясаттану XIX ғасырдың екінші
жартысында өз алдына жеке пән ретінде
калыптасты,.Оған бұл кезде бихевиористік,
тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің
кеңінен пайдаланыла бастауы
зор ықпалын тигізді 1857 жылы АҚШ-тың
Колумбия колледжінде (кейін Колумбия
университетіне айналды) профессор
Фрэнсис Либер "Тарих және саяси
ғылым" деген кафедра ашты. Соның
негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның
жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты
1872 жылыФранцияда мемлекеттік
XX ғасырдың басында саясаттану
бөлек академиялық пән ретінде
толық бөлініп шықты. Бұл
Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс
елдерінің барлық жоғары оқу орындарында
саясаттану жеке пән ретінде барлық
факультеттерде міндетті түрде оқытылады,
әлемнін ең ірі университеттері
оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та
саясаттанудың мамандандырылған 26
саласы бойынша білім береді. Шетелдерде,
әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі
кең өріс алған. Оны бітірген маман
саясатшылар маңызды саяси
Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытлаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде, саяси сауалы адамдарды даярлауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда тоталитарлық жүйе 70 жылдаи артық дәуренін құра алмаған да болар еді.
Бірақ бұдан ол кезде саяси
ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен
деген ой тумауға тиіс. Саясат мәселелері
қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар
ғылыми коммунизм, тарихи материализм,
Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік
идеологияға негізделген
Саясаттануға деген көзқарас
80 жылдардын екінші жартысында бұрынғы
Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға
қоғамнын демократиялануына, тоталитарлық
жүйенің күйреуі не байланысты өзгерді.
1989 жылдан Жоғары Аттестациялау Комиссиясында
саясаттанудан эксперттік кеңес
жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның
ғылым және техника бойынша мемлекеттік
комитеті "Саяси ғылымдар" деген
атпен саяси ғылым
Саяси билік пен қоғамның саяси жүйесі – саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі мен пәніне жатады. Осылар арқылы қоғамның саяси өмірін анықтауға болады. Сондықтан саясаттану қоғам өмірінің өте қажетті қызмет саласы туралы білімді, түсінікті қалыптастырады.. Оған жүктелген міндет әрі күрделі, әрі маңызды,.
Дегенмен, ғылыми әдебиеттерде ортақ қорытындыға келіп, оны пән ретінде мойындаған пікір әлі толық тиянақталған жоқ. Сондықтан бұл пән туралы түсініктер алуан түрлі бір біріне сай келмейтін зерттеулер, бағыттар, саяси мектептер баршылық.
1-ден . Саясаттануды пән
ретінде анықтағанда оның
2-ден. Бұл пәнге саяси
мәселелер мен саясат туралы
білімді ғана жатқызып қоймай,
онымен мәндес келетін табиғаты
жақын кейбір қоғамдық
Осыдан «саясаттану пәні» нені зерттейді деген заңды сұрақ өзінен-өзі туындайды. Оған жауап қайтару ұшін ең алдымен «саясаттану» деген сөздің түпкі мағынасын ашу қажет.
«Саясат» яғни «Политика»
деген сөз – гректің «Politike»
Саясаттану өз ерекшеліктерімен
сипатталатын дербес бір пән. Оны
басқалармен араластырмай-ақ жеке дара
оқып үйренуге болады. Мысалы, бұл ғылымда
саяси билік пен оның мәні, саяси
жүйе, жекелей және топтық түрде
билік жүргізу, көсемдік пен демократия,
биліктің шексіз феномені сияқты, күштеу
мен зорлық, авторитарлық модель түріндегі
билік пен құқықтық құндылықтар
және т.б. осындай мәселелер
Саясаттануда түрлі сипаттағы елдердің қоғамдық-саяси жүйесін даму ерекшеліктерін, олардың бір-біріне қабысып икемделуін, қоғамдардағы дау-жаңжалдар мен дағдарыстарды реттеу жолдарын зерттейтін ғылым деп та атауға болады. Саяси оқиғаларды талдап таразылап, шындықты объективті тұрғыда ұғындырып, осы арқылы дағдарыстарды қалыпқа келтіру бұл ғылымның басты мақсаты деп санауға болады.
Сонымен саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттер, жеке адамның саяси – құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәселдері, саяси өзгерістердің тұрлері, саяси мәлениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні. Қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекеттіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол бір жағынан жиналған, деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардан өзара ұқсастығы бойынша болжам жасайды.
Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуінің түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Саясаттағы рационалдық
және иррационалдық секілді
Саясаттану құбылыстарға баға бергенде, ұйғарым жасағанда идеологиядан, идеялардан тыс тұрады және асыра сілтеуден алуақ болады. Қайта мұндай нәрселердің саяси процестерге, саяси институттарға тигізетін кері ықпалдарын зертейді.
Мемлекеттердің бәрінде өзге ғылымдарға қарағанда саясаттанудың ұлттық ерекшеліктерге бір табаң жақындығы бар. Себебі оның бақылау байламдары, жасаған қортындылары, алға тартатын ұсыныстары сол мемлекеттің өзіне ғана тән болып келеді. Ал оның басқа мемлекеттерде қолданылуы логикалық сараптау, әлеуметтік эксперименттер, интуиция арқылы тексеріледі. Сондықтан әрбір елде плюралистік түрдегі өзінің саясаттану мектебі болуы мүмкін.
Жеке ғылым ретінде
саясаттанудың өзіне тән
Адамзат тарихында саясат негізгі роль атқарады. Себебі кез келген адам бір мемлекеттің шеңберінде өмір сүрген жағдайда сол елдің саясатынан тыс болатын адам жоқ. Сондықтан, саясат қазіргі адамның қажеттілігі, талап – тілегі болады деген пікірмен келісеміз. Ол адамның тұрған жерінен, жұмысшылардың алғашқы ұжымынан басталып, мемлекетте, мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарда саяси тұрғыдан басшылық етумен аяқталады.
Қазіргі саяси ғылымда саясаттың табиғаттын түсіну өте күрделі ұғым болып отыр.Саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуымен мәні жөнінде ғалымдар арасында әртүрлі көзқарастар бар. Соның бірнеше бағыттарын көрсеткен жөн:
-
Теологиялық бағыт – мұнда
саясаттың пайда болуы,
-
Географиялық бағыт- Жан Боден,
-
Биологиялық бағыт - Н. Макиавелли,
Т. Гоббс зерттеулері бойынша
саясаттың көзі адамдардың
-
Психологиялық бағыт – адамның
психологиялық қасиеттерінің
-
Конфликтік бағыт- Шмидтің
Саясаттың сонау ертеде пайда болғанынан бастап, қазіргі күнге дейін оның түсінігі жөнінде бірнеше көзқарастар мен аңықтамалар кездеседі.
Мысалы зерттеушілердің бір тобы саясатты – адамдардың өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған, саяси билікті басып алуға, қолында ұстап тұруға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекттің, ұлттың, үлкен әлеуметтік топтың, не жеке адамның қызметі деп түсіндіреді.
Ал, екіншілер, саясат - ол мемлекеттің басқарушылық істеріне қатысу, оның қызметінің мақсаты мен мазмұнын анықтау дегенді білдіреді.
Үшіншілер, саясатты – ол басшылар мен бағынушылар арасындағы қарым қатынастардың бір түрі.
Бірақ бәрі саясаттың негізгі маңызды мәселесі - билікке қатысты жағдайдан көрінетіндігін байқайды.
Саяси сала мен оны анықтайтын
факторларды талдампаздық модель ретінде
түсіндіруге болады. Ол модель әлеуметтік
ықпалдар мен қатынастар саласын, саясат
өрісі саяси құбылыстың үлкен
жиынтығын қамтиды. Сондықтан, қоғамның
саяси өмірі осылардың
Саясаттың негізгі мәселесі билік болып табылады. Өйткені, саясат топтар мен басқа да әлеуметтік бірлестіктер арасындағы өзара қатынастардың ерекше түрі ретінде мемлекеттік билікті қолға алып, ұйымдастыруымен байланысты. Сондықтан, саясат деген ұғымның мағынасы ең кең тараған мемлекеттік билік, халықаралық қатынастар ұғымымен байланысты. Саясат - ол қызмет болса, екіншіден ол - өнер, «мемлекетті басқару өнері» болып табылады /Аристотель/.
Сонымен, саясат дегеніміз – адамдардың өздерінің қоғамдық мәні бар мүдде мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін пайда болған әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы билікке байланысты іс - әрекет болып табылады.
Саясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы.
Ішкі саясат мемелекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың, қоғам ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі.
Ішкі саясаттың негізгі бағыты билік қатынастарын қалыптастыру, билік жүргізу, биліктің қолданыстарын ұйымдастыру, біріктіру, жетілдіру болып табылады. Ол қоғамның нақтылы кезеңіндегі даму мүмкіншіліктерін әлеуметтік күштердің ара салмағын ескере отырып жақын арадағы, келешектегі мақсаттарын белгілейді. Оларға мыналар жатады:
- саяси мақсаттарға жету
үшін ұйымдардың, әлеуметтік күштерді
ұйымдастырудағы тиімді әдіс–
- сол мақсаттарды шешуге
қолынан келетін мамандарды
Сонымен, ішкі саясат – мемелекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады.
Сыртқы саясат - мемлекеттің
жалпы саяси жүйесін
Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- достық қарым – қатынас орнату.
- сауда қарым – қатынастарын орнату.
- экономикалық қарым – қатынастарды орнату.
- әскери қарым – қатынас орнату.
Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат, дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бір – бірінсіз болмайды.
Қорытындылай келсек, саясат қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру, реттеу үшін қажет.
Саясаттың негізгі мәселесі – билікті қолға алу, ұстап тұру, пайдалана білу. Қазіргі жағдайларда мемлекеттік саясаттың негізгі мақсатты міндетті түрде адамдардың аса маңызды мұқтаждықтарын анықтап, оларды әртүрлі жолдармен қадағалап шешуі болып табылады.
Жалпы алғанда саясат қоғамдағы құбылыс деп айтуымыздың өзінде де үлкен мән жатыр. Адам саясатпен араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге болып, қабаттаса жүріп араласады.
Адам – саяси жануар, жәнтік. Аристотель көрсеткендей қандай болмасын қоғамда адаммен саясат қатар жүрген. Саясат ешқашан тұрақты болған жоқ, ол әр кез өзіндік уақытта өзгеріп отырады. Қоғамның, заманың өзгеруіне сай, адам баласының сол ортаға қалыптасуының өзі осы саясат тұрғысынан жекелеген немесе қоғамдық жағынан көріп, ғылымды оқу барысында білеміз.
Міне, бұл саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде алып қараудағы бірден бір кепіл. Қоғамсыз адамзат баласы болмайды, ал адамзатсыз қоғам, орта болмайды. Ендіше, саясатсыз қоғам болады деу болмас. Әрине, қоғам – саясат, саясат барлық қоршаған орта, халықаралық тұтастық болып саналады.
Саясаттанудың пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдін ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның аукымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы кере деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайдық. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелер мен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды, Себебі, ол солармен қатар жалпы, саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұнда көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады.
Ғалымдардың екінші тобы саясаттануды ғылымға қатаң негізделген, әсіресе тәжірибелік (эмпирикалық) әдіс-тәсілге сүйенеген, нәтижесін тексеріп білуге болатын ілім ретінде түсінеді. Оны жақтаушыларды. бихевиористер дейді (олар туралы кейінірек сөз балады). Олар бұл ғылымды математика, кибернетика және т.с.с нақтылы ғылымдарға теңиді.
Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде, саясаттануды теориялық және практикалық жаққа бөліп, екіншісін басшылықка алып отыр. Бұлай білімнің екі түрін бір-біріне қарсы қоюшылықпен келісуге болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп, карау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тірелткен. Әрине, аталған тәсіл сайлаудын. дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т.с.с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ, "еркіндік", "теңдік", "әділеттік", "егемендік", "демократия" және т. б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.
Саясаттануды зерттейтін
ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ)
бұл ғылымды саясат туралы жалпы,
оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке
келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым
деп санайды. Бұл пікірді Біріккен
Үлттар Ұйымының Білім беру, ғылым
және мәдениет мәселелері жөніндегі
ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде
өткен саясаттанушылардың Халықаралық
коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан
дүние жүзінің белгілі
Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.
Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Саясаттану саяси құбылыстар
мен өзгерістердің мән-
Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің маңызы.
Саясаттану басқа қоғамдық
ғылымдармен тығыз байланыста
дамиды. Себебі олардың бәрінің
зерттеу объектісі ортақ—
Саясаттану ең алдымен
фәлсафамен (философиямен)тығыз
Саясаттану экономикалықикалық теориямен өзара байланысты. Сая-си экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми түрде негіздейді.
Саясаттану құқықтық ғылыммен
тығыз байланысты. Құқық адамдардың
қоғамдағы қатынастары мен
Саясаттану күкықтануға жалпы теория, оның теориялық-
әдістемелік негізі іспеттес. Саяси екімет жүйесінсіз әлеуметтік,
оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға
міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтык
тұрғыда қалыптаспай саяси екімет те әдеттегі қызметін атқара
алмайды.
Саясаттануға жақын
Тарих болса жүйелі, дәйекті
түрде оқиғаның болған уақытына байланысты
саяси институттар мен
Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану баска да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.